Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №10 (47) 30 қараша, 2013 ж. Газет 2005 жылдың



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.03.2017
өлшемі5,37 Mb.
#10066
  1   2   3   4

Cана

Мүдде


Салауат

ЖАСТАР ГАЗЕТІ

Жастар – болашақтың кепілі



10

 (47)

30 қараша, 2013 ж.

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН 

БАСТАП ШЫҒАДЫ

МҰСТАФА КІМНІҢ 

ҚОЛЫНАН ҚАЗА 

ТАПТЫ?


ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ – 

ТӘУЕЛСІЗ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АЙШЫҒЫ


5

-бет

7

-бет

4

-бет

3

-бет

Мәшһүр Жүсіп – 

           Әлемдік 

Ғаламат


Алтынбек 

Мақсатхан:

АДАМ БОП КЕЛДІМ 

ӨМІРГЕ, АДАМ БОП 

ӨТУ МІНДЕТІМ

Ғұламаның  кесенесіне  кіріп,  Мәшһүр  аруағына 

сыйынған  пенденің  жолы  болады  деседі  халық. 

Тірлігінде  жақсылық  пен  ізгіліктің  нұрын  шашып, 

маңайына жарық сыйлайтын жанның сәулесі жылдар 

өтіп, ғасырлар жылжыса да өзінен кейінгі ұрпағына 

жететіні сөзсіз. Оның ақындығы, ғалымдығы, еліне 

деген  сүйіспеншілігінен  бөлек,  оның  әулиелілігі 

турасындағы әңгіме әлі күнге дейін ел ауызында. 


2

SMS-ақпарат



Астанада XI халықаралық 

«ХХІ ғасырдағы білім және 

ғылым» көрмесі өтті

20-22  қарашада  Астанада  XI  халықаралық 

«XXI  ғасырдағы  білім  жəне  ғылым»  көрмесі 

өтті, онда аталған саладағы жетістіктер ұсы-

нылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты 

хабарлады.

Көрме мектепке дейінгі, орта, орта арнайы, жо-

ғары жəне қосымша кəсіби білім, ғылыми-зерттеу 

институттары мен ұйымдары, шетелде білім алу, 

шетелдегі жеке меншікті мектеп-пансиондар, ше-

телдік ЖОО-ларда оқуға стипендиялар мен грант-

тар туралы ақпарат, халықаралық емтихандарға 

(TOEFL, IELTS, GMAT, GRE) дайындалу, шетелде 

сынақ ісінен өту секілді бөлімдер қамтылды. Мұ-

нымен қоса онда шет тілдері, білімдегі ақпарат-

тық технологиялар, бұқаралық жəне электронды 

кітапханалар,  оқу  орындарына  арналған  жиһаз, 

кеңсе  тауарлары,  сондай-ақ  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға  арналған  арнайы  қондырғылар  мен 

жиһаз сынды негізгі бөлімдер бойынша өтеді.

Іс-шараның  басты  міндеті  мен  мақсаты  – 

еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік өсуі үшін 

қажетті мамандықтар мен кəсіптерді насихаттау, 

білім  жəне  ғылым  саласында  мемлекетаралық 

ынтымақтастықты  кеңейту  болып  табылады. 

Еске сала кетейік, бұған дейінгі көрмеге Қазақс-

тан, Ресей Федерациясы, Венгрия, Германия, Қы-

тай,  Малайзия,  Сингапур,  Корея  Республикасы, 

Түркия,  Чехия,  Швейцария  елдерінің  білім  жəне 

ғылым  саласындағы  70-ден  астам  жетекші  ұйы-

мы мен мекемесі қатысты.



ҚазАқпарат

Тілдер туралы заңнаманың 

нормаларын бұзған БАҚ ли-

цензиядан айырылады

Қазақстанның  мəдениет  министрі  Мұхтар 

Құл-Мұхаммед  Мемлекеттік  тілдегі  тараты-

лымға қатысты қағидатын сақтамаған бұқара-

лық ақпарат құралдары лицензиядан айыры-

лады деп ескертті.

«Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құ-

ралдарына қазақ тілді контенттің көлемі 50 пайыз 

болуы шарт. Алайда бұл қағидатты ұстанбайтын 

БАҚ-тар бар. Осы мəселеге қатысты біз бұқара-

лық ақпарат құралдарының жетекшілерін жинап, 

бірнеше кездесу өткізген болатынбыз. Соңғы рет 

21 қазан күні жүздестік. Сол кезде олар желтоқ-

санға дейін бəрін реттеп қоямыз деп уəде беріп, 

ант суын ішкен», – дейді М.Құл-Мұхаммед. Осы-

ған  орай,  министр  заңнаманы  сақтамайтын  те-

леарна  мен  басқа  да  бұқаралық  ақпарат  құрал-

дарына қатысты тиісті жазалар қолданылатынын, 

тіпті лицензиялары қайтарылатынын жеткізді.



Қазақстан жаңалықтары

Жыр жауһары – 

Қабдікәрім Ыдырсов

2013 жылдың қараша айының 6 күні Павло-

дар  қаласындағы  «Шаңырақ»  халық  шығар-

машылығы  орталығында  Қ.Ыдырысовтың 

«Айналдым,  Ақ  Ертісім,  анам  менің…»  атты 

мерейтойлық кеші болып өтті.

Осы кешті Павлодар қаласының əкімі Оразгелді 

Қайыргелдинов арнау сөзімен бастады. Сондай-

ақ,  мерейтойға  Алматы  қаласынан  Қазақстан 

Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ға-

лым Жайлыбай, ақын-сатирик Ғаббас Қабышұлы, 

ақынның ұлы – Нұрлан Ыдырысов арнайы келді. 

Сөз барысында Ғалым Жайлыбай Қабдікəрімнің 

лирикасына  тоқталып:  «Үлкенді-кішілі  отыздан 

астам  кітабы  жарық  көрген.Тұңғыш  өлеңдері 

1947  жылдан  жариялана  бастады.  «Өмір  гүлі», 

«Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», «Үйелмелі-

сүйелмелі», «Жасырынбақ», «Əр қашан күн сөн-

бесін»,  «Аршында  балақай»  поэзиялық  жинақ-

тары  жас  жеткіншектерге  арналды.  «Əке  жолы» 

поэмасы,  «Шуақты  күндер»,  «Жарқын  жағалау» 

т.б. жыр кітаптары туған жерге деген пəк сезімді, 

совет адамдарының асыл мұратын толғаса, «Ар-

мысың,  Арабстан»  жинағы  халықтар  достығын 

жырлайды. «Ойлайық та ойнайық» пьесасы, «Ел 

жатса да, енекем жатпайды» əңгімелер жинақта-

ры жарық көрді», – деді өз сөзінде.

Сондай-ақ,  кеш  барысында  Қабдыкəрім  Ыды-

рысовтың  сөзіне  жазылған  əндер  орындалды. 

Атап  айтатын  болсақ,  «Баянауыл  вальсі»,  «Ой,-

жеңеше-ай», «Келші,келші, балаша» т.б. Жоғарғы 

оқу  орнының  студенттері  мен  жас  бүлдіршіндер 

ақынның  өлеңдерін  оқыды.  Мерейтойға  келген 

көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Дайындаған 

Амангүл ТИЛЕЙ

 



ДҮРБІ



ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ 

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2013  жылдың  13-14  қараша-

сында  С.  Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситетінде  Еуропа  Одағына  мүше 

елдерінің  білім  беру  саласы  ма-

мандарының  қатысуымен  де-

мократия  мәдениеті  және  адам 

құқықтарын  алға  бастырудағы 

жоғары білім берудің маңыздылы-

ғы  туралы  халықаралық  семинар 

өтті.


Семинар  мақсаты  –  «Қазақстан-

дағы  демократия  мəдениетін  жəне 

адам  құқықтарын  алға  бастырудағы 

жоғарғы  білім  берудің  рөлі  туралы» 

атты  Еуропалық  Одақ  Кеңесінің  бір-

лескен  бағдарламасын  талқылау. 

Аталмыш  бағдарлама  Қазақстанның 

Еуропа Одағына мүше елдердің білім 

беру жүйесіндегі демократиялық аза-

маттылықты  тəрбиелеу  жəне  адам 

құқықтары  салаларында  білім  беру 

шараларының  нəтижелерін  Қазақс-

танда таратып қана қоймай, сонымен 

қатар еліміздің білім беру саласында-

ғы  ынтымақтастықтың  жоғары  дең-

гейін көтеру, Қазақстанның білім беру 

саласының  Еуропа  Одағына  кіретін 

мемлекеттермен  бірлесуі  мен  ықпал-

дасуын қамтамасыз етуді көздейді.

Пленарлық  отырыста  С.Торайғы-

ров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінің  ректоры,  экономика 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор  Серік  Өмірбаев  жəне  құрметті 

қонақтар:  Павлодар  облысы  əкімі 

экономика  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Ерлан  Арын,  Қазақстан 

Республикасындағы  Еуропа  Одағы 

өкілдігінің техникалық ынтымақтастық 

бөлімінің  бастығы  Елена  Левченко, 

Еуропа  Кеңесі  Білім  беру  департа-

менті  екіжақтық  жəне  аймақтық  ын-

тымақтастық  бөлімінің  бастығы  Ека-

терина  Долгова-Дрейер,  Еуропалық 

Студенттік  Одақтың  өкілі  Габриела 

Берган,  Еуропа  Кеңесінің  жоғарғы 

білім  бойынша  сарапшысы  Бастиан 

Бауманн сөз сөйледі.

 Сонымен қатар, сессия жұмысына 

Еуропа  кеңесінің  сарапшысы,  əлеу-

меттік  жəне  азаматтық  компетенция-

ларды  дамыту  жөніндегі  департа-

менті,  білім  беруді  дамыту  жөніндегі 

орталық  (Польша)  Олена  Стиславка, 

өндіріс  технологиясы  факультетінің 

деканы, Варшава технологиялық уни-

верситеті  (Польша),  кəсіби  білім  бе-

рудің жоғарғы мемлекеттік мектебінің 

бұрынғы ректоры Андрей Колаза бел-

сене атсалысты.

Конференция  шеңберінде  Еуро-

палық  жəне  Қазақстандық  студенттік 

өзін-өзі  басқару  тəжірибесін  демок-

ратиялық қағида негізінде іске асыру, 

тұрақты демократиялық мəдениеттегі 

жоғары  білім  берудің  рөлі,  адам  құ-

қықтары  жəне  демократиялық  аза-

маттықты  оқытудың  əдістері,  жоға-

ры  оқу  орындары  арасындағы  жəне 

мектептер мен жергілікті бірлестіктер 

арасындағы  қатынастар  туралы  қа-

растырды.



Швеция Корольдігі мен 

Павлодарлық ғалымдардың 

бірлескен жобалары

Швеция Корольдігінің төтенше жəне 

өкілетті  елшісі  Манне  Венгборгтың 

Павлодар  облысына  келуі  қазақстан-

дық-шведтік екіжақты ынтымақтастық 

пен  бірлескен  ғылыми  жобаларды 

жүзеге асыру болып табылады. Мəр-

тебелі мейман екіжақты ғалымдардың 

бірлескен  ғылыми  жобаларының  ая-

сында  болашақта  атқарылатын  жұ-

мыстардың  жемісті  болатынына  зор 

сенім білдіріп отыр.

Кездесу  барысында  швециялық 

жəне  қазақстандық  ғалымдар  екі  ел 

арасындағы ынтымақтастықтың келе-

шегі əрі бірлесе іске асыратын зерттеу 

жұмыстары  туралы  мағлұмат  беріп, 

пікір алмасты.

Павлодар облысы əкімі Ерлан Арын 

екі  ел  ғалымдарының  бірлесе  жасап 

жатқан  жобалары  жақын  арада  өз 

жемісін береді деген сенімін білдірді. 

Ол өз сөзінде: «Өңіріміздегі су ресурс-

тарын  есепке  ала  отырып,  суды  қол-

дану, суды тазарту, суды жіберу, ауыз 

су,  су  экологиясы  сынды  мəселелер 

туындайтыны белгілі. Сондықтан, қос 

мемлекеттің ғалымдары бірлесе зерт-

теуге алған жобасы осы сияқты мəсе-

лелерді шешуге септігін тигізеді деген 

сенімім бар», – деді.

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінің  «Ертіс» 

технологиялық  ғылыми  орталығының 

атқарушы  директоры  Жұмабек  Ома-

ров  кездесу  барысындағы  сөзінде: 

«Жаһандағы көптеген экологиялық мə-

селелердің  шешімі  –  инновация  екені 

даусыз.  Табиғатты  тазарту,  адам  тұр-

мысының қажеттілігін жеңілдету, өмірді 

жетілдіру  үшін  инновациялық  жоба-

ларды іске асырумыз қажет-ақ», – дей 

келе,  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ 

мен  швециялық  ғаламдармен  бірлес-

кен жұмыстарына жоғары баға берді.

Кездесуде  Павлодар  облысында 

швед  компаниясының  құралдарымен 

жабдықталған  ғылыми  орталықтар, 

кəсіпкерлік  мектеп  ашу  мəселелері 

қарастырылды.  Меморандум  шең-

берінде  атқарылатын  жұмыстарды 

ұйымдастыру  жəне  жабдықтау  мəсе-

лелері  жоспарланды.  Сонымен бірге, 

ынтымақтастық шведтік-қазақстандық 

инновациялар  жəне  технологиялар 

орталығын дамытуға үлкен үлесін қо-

сатыны да сөзсіз.

Жанар ЕЛЕШОВА

Швеция  Корольдігінің  Төтенше 

және өкілетті елшісі Манне Венг-

боргтың  Павлодар  облысына  ар-

найы  іс  сапарының  аясында  2013 

жылдың 1 қарашасы күні Швеция 

Корольдігінің  Төтенше  және  өкі-

летті  елшісі  Манне  Венгборг  пен 

Павлодар облысы әкімі Ерлан Арын 

халықаралық  және  аймақаралық 

сауда-экономикалық, екі жақтың 

әлеуметтік, ғылыми-техникалық 

және  мәдени  қарым-қатынасты 

дамытуды  көздейтін  ынтымақ-

тастық  жөніндегі  мемарандумға 

қол  қойды.  Екі  елдің  ғалымдары 

бірлесе  іске  асыратын  ғылыми 

инновациялық жобалардың жүзеге 

асуын қамтамасыз ететін атал-

мыш  келісім  Павлодар  өңірінің 

индустриялық  және  білім-ғылым 

саласының  дамуына  зор  үлес  қо-

сады деп күтілуде.


3

Ақша 

туралы 

қызықты 

деректер

*Көне  ақша  түрлері  –  табиғи  асыл  металлдар,  аң 

терілері, тұз.

*Ең таң қалдырарлық ақша түрлері ретінде Ислан-

дияның  тастан  жасалған,  Фиджи  аралындағы  піл 

сүйегін  жасалған  ақшалар  мен  Сібірдегі  шай  бри-

кеттерін, Ежелгі Ресейдің ақ тиін, түлкі, бұғынның аң 

терілерін атауға болады.

*Ежелгі славяндарда ақшаның рөлін кендір матасы 

жəне содан жасалған мата – полотно атқарған. «По-

лотно» сөзінен – «платить» – «төлеу» деген сөз пай-

да болған.

*Ежелгі  Римде  жауынгерлердің  жалақысы  қаптал-

ған тұзбен төленген, («жалование» – «жалақы» сөзі 

осыдан  пайда  болған),  себебі,  тұз  аз  болып,  тамақ 

сақтау үшін өте қажет еді.

*Еуропада XII ғ. имбирьдің бір фунтына кеме алуға 

болар еді.

*Шамамен,  біздің  дəуірімізге  дейін  2500  ж.  бұрын 

Мысырда  жəне  Кіші  Азия  аймақтарында  тауарлар 

мен  көрсетілген  қызметтер  үшін  төлем  ретінде  əр 

түрлі  металдарды  –  алтын,  күміс  жəне  мысты  пай-

далана бастаған. Басында, оларды «құйма» ретінде 

пайдаланған, кейін «құймаларды» таңбалап, монета-

лар жасаған.

*«Монета»  –  деген  сөз  ежелгі  Римде  пайда  бол-

ған,  монеталарға  бедер  салу  шеберханасы  ретінде 

Джуно  Монета  ханшайымның  храмын  пайдаланған. 

Кейін, монеталар жасайтын орындардың бəрін «мо-

нета» деп атап кеткен.

*Монетаның  ағылшынша  нұсқауы  «минт»,  фран-

цузша  –  «моне»;  осыдан  ағылшын  сөзі  «mоnеy»  – 

«ақша» сөзі пайда болған.

*Монеталар біздің заманымызға дейінгі VIII–VII ғғ. 

Лидия жəне Ежелгі Грецияда пайда болған. Дамыған 

мемлекеттерде  пайда  болып,  монеталар  көрші  тай-

паларда да тез тарап кетті.

*Ең ежелгі қағаз ақшалары деп біздің заманымыз-

дан 2500 ж. бұрын пайда болған вавилондықтардың 

қолхаттары танылғанына қарамастан, ең ежелгі банк-

ноттар,  тарихшылардың  айтуынша,  Қытайда  жаса-

лынған.


*Бірінші  еуропалық  банк  жазбасы  банкнотта  1661 

жылы Швецияда басып шығарылды.

*Бірінші  қағаз  ақша  Британ  империясында  1690 

жылы  Квебек  қаласын  сəтсіз  қоршауға  алумен  бай-

ланысты төлеуге трофейлер болмаған кезде масса-

чусетс  жауынгерлеріне  берілген  уəделік  жазбалары 

түрінде пайда болды.

*1696  жылы  Ұлыбританияның  күміс  стандарты-

нан алтын стандартына ауысты. Осыған орай алтын 

негізгі  халықаралық  қатынас  құралы  ретінде  орны-

ғуына себепші болды.

Кез  келген  егемен  елдің  Елтаңбасы,  Әнұраны,  Туы  бо-

латын  секілді  өз  валютасының  болуы  да  заңды.  Өйт-

кені,  ұлттық  валютаны  жариялап,  оны  айналымға  түсіру 

тәуелсіздіктің  басты  қадамдарының  бірі  еді.  Ал,  теңгенің 

айналымға  түсуі  Егеменді  Қазақстанның  қаржылай  да 

тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.

Қай елдің болмасын валютасы мемлекеттің тарихын 

тікелей баяндайды, заманауи саяси-экономикалық жағ-

дайын  жəне  жаһандық  дəрежесін  сипаттайды.  Бүгінде 

ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды рөлін 

атқарады. Оларсыз мемлекетаралық қатынастарды ор-

нықтыру мүмкін емес, мемлекет ішіндегі қаржы опера-

цияларының  бірін  де  орындай  алмайды.  Ұлттық  банк-

нотта  мемлекеттің  тарихи  оқиғалары,  елдің  мəдениеті 

мен  тарихына  елеулі  үлес  қосқан  саяси-тарихи  тұлға-

лардың бейнесі əрі мемлекеттің басты мəдени жетістік-

тері бейнеленеді. Сонымен бірге, бүгінде ұлттық валюта 

барша  мемлекеттер  мен  халықтар  үшін  өте  ыңғайлы 

жəне экономикалық негізі бар қаржы құралы.



Теңге тарихынан

Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналым-

ға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Респуб-

ликасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  алғаш 

теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» 

деп жариялады өз Жарлығында. Елдің егемендігін жаңа 

жар  салған  аумалы-төкпелі  уақытта  төл  теңгемізді  дү-

ниеге  əкелу  тəукелді  қадам  болатын.  Мемлекеттегі 

экономикалық  қиындыққа  қарамастан,  қазақ  ұлтының 

тұңғыш валютасы жарық көрді, тəуелсіз елдің айналы-

мына түсті. Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары 

Əл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқан-

дарды  бейнелеген  алғашқы  Қазақстан  Республикасы-

ның теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын 

тəуелсіздіктің көрінісі болды.

Тарихи  мəліметтерге  сүйенсек,  бүгінгі  қазақ  елінің 

аумағында  алғашқы  күміс  монета  XV  ғасырда  пайда 

болған.  Отырар  қаласында  «таньга»  деген  атпен  құ-

йылған монета заманауи теңге атауының шығуына се-

бепкер болды. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы, төл 

теңгеміздің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Алғаш-

қы қағаз ақша Ұлыбританияда басылды. Ұлттық валю-

таның  бекуі  ел  экономикасының  аяғынан  нық  тұруына 

да  септігін  тигізді.  Сол  кезде  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Əбішұлы құпия түрде арнайы топты жинады да, ақша-

ның дизайнын жасатуға Англияға жібереді. 1993 жылы 

қарашада кеңес ақшаларын теңгеге ауыстыру жөнiнде 

шешiм қабылданды. 15 қараша күні таңертеңнен бастап 

құрамында қауiпсiздiк қызметi мен iшкi iстер органдары-

нан, облыс əкiмдiгiнен, Ұлттық банк өкiлдерi бар арнайы 

комиссия жаңа ақшаны жан-жаққа бөлуге кiрiстi.

Теңге бейнесінің жаңаруы

2006  жылы  15  қараша  күні  ұлттық  валютамыздың 

жаңа  дизайнмен  əрленген  200,  500,  1000,  2000,  5000 

жəне  10000  теңгелік  банкноттары  айналымға  шықты. 

Дизайн мемлекеттік рəміздерді, еліміздің сəулет нысан-

дары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қа-

зақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық 

үшін номиналдарды сандық жəне жазбаша белгілеулер 

ірі қаріптермен басылды. Нашар көретін адамдар үшін 

банкноттарда  əр  жеке  номиналға  тəн  жоғары  бедерлі 

арнаулы элементтер пайдаланылған. 2007 жылдың ма-

мыр айында Тайландта өткен валюта конференциясын-

да 10 мыңдық теңгеміз «Үздік жаңа банкнот» аталымы 

бойынша бірінші орынға ие болды.

2006 жылдың қарашасында Ұлттық банк теңгенің сим-

волын жасауға бəйге жариялады. 30 мыңнан астам су-

рет келіп түскен бұл бəйге 2007 жылдың 29 наурызы күні 

өз мəресіне жетті. Солардың арасынан Вадим Давиден-

ко мен Санжар Əмірхановтардың жасаған жобасы ерек-

ше деп танылды. Кейіннен бұл символдың Жапонияның 

пошта қызметінің символына ұқсайтындығы анықталды. 

Бірақ қазір теңгеміздің бұл белгісі шартарапқа белгілі бо-

лып үлгерді.

Қазақ жеріндегі алғашқы ақшалар

Қазіргі  Қазақстан  аумағындағы  бірінші  монеталар  V 

ғасырда  пайда  болған.  Бірақ  олардың  барлығы  шетел 

валютасы  болған:  қытай,  византиялық,  сонымен  қатар 

шетел саудагерлері мен мəсіхші-

лер  арқылы  келген  Сасанидтік 

ақшалар.  Ең  ыңғайлы  жəне  кең 

тараған  ақшалардың  бірі  «ушу» 

деген  қытай  монеталары  болған, 

олардың бауға іліп жүретін төрт бұ-

рышты  тесігі  бар  болған.  Сонымен 

қатар,  Римнен,  Византиядан,  Араб 

халифатынан,  Үндістаннан  жəне 

Монғолиядан  келген  алтын, 

күміс  жəне  платина 

монеталары  жиі  пай-

даланылатын  болған. 

Олар Тараз, Баласағұн, 

Отырар  жəне  Сауран 

аймақтарында  ақша  жа-

сау  басталған  кезде  үлгі 

ретінде  қолданған.  Мо-

неталарда  əр  тайпаның 

белгісі – таңбаны бейнеле-

ген.  Мысалы,  аңның  неме-

се  құстың  суреті,  балықтың 

суреті,  бұлардың  бəрі  жер, 

аспан жəне суды бейнелеген. 

VII–VIII ғасырлары Орта Азия 

мен Оңтүстік Қазақстанды арабтар жаулап алған кезден 

бастап монеталарда араб тілінде жазулар пайда болды. 

Кейінірек  Қазақстанның  солтүстігін  Ресей  саудагерлері 

белсенді түрде игере бастады, нəтижесінде бұнда рево-

люцияға дейінгі Ресей ақшалары қолданылды.



Валюта тарихы

Жалпы валютаның тарихы алғаш қағаз ақша енгізіл-

ген сонау орта ғасыр кезеңінен бастау алады. Бұл ва-

люта  саудагерлер  арасындағы  қарыздарын  өтейтін 

сенімхат  секілді  жүрді.  Əртүрлі  мемлекет,  қалалар  би-

леушілері алтын, күміс жəне басқа да құнды материал-

дарды сақтап, олардың орнына векселдерді шығарумен 

айналысты. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюта 

нарығы  сенімсіз  əрі  əлсіз  болды.  Соғыс  аяқталғаннан 

кейін  нарықтағы  валютаның  тұрақсыздығынан  валюта 

курсының  айырмашылығынан  жеңіл  табыс  көргісі  кел-

ген инвесторлар көбейді. Алайда, тəуекелге бас тіккен-

дердің бəрі жетістікке жетті деуге болмайды. Валюталар 

нарығының  құлдырауы  Ұлы  депрессияға  əкеліп  соқты. 

Міне,  осы  кезден  бері  қарапайым  халықтан  бастап, 

саясаткерлерге дейін валюта нарығының тұрақтылығы 

əлемдік қаржы жүйесінде қандай маңызды рөл атқара-

тынын түсінді.



Алғашқы банк қызметі

Заманауи ақшалар пайда болмай тұрған көне дəуір-

лерде  тауарлардың  тең  айырбастау  құралы  ретінде 

қандай да бір қоғамдағы тұтыну заттары қолданылды. 

Мəселен, үй жануары, метал тілімдері, жануарлар тері-

лері, құнды жəне жартылай құнды тастар т.с.с. Жинаған 

байлықтарын  сақтайтын  əлемдегі  алғашқы  банк  толық 

құнды  ақшалар  пайда  болмай  тұрып  болған  көрінеді. 

Алғашқы  банктердің  қызметін  жергілікті  сарайлар  мен 

бас  ғибадатханалар  атқарған.  Бұл  жаңалықты  тұңғыш 

рет месопатамиялықтар ойлап тауыпты. Ал, бүгінгі қар-

жы  операцияларын  орындайтын  банктердің  прототипі 

б.ғ.д.V ғасырда Көне Греция аумағындағы – Тифия банкі 

екен.


Түйін.  Міне,  ұлттық  валютамыз  «теңгенің»  20 

жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Тəуелсіздік Қа-

зақстан тарихында мемлекет мəртебесін өсіру мен 

экономикасының нығаюы жолында теңгенің орыны 

ерек болды. 20 жылдық ғұмырында теңге Тəуелсіз 

елдің маңызды рəмізі екенін дəлелдеп шықты. Тең-

генің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.

Жанар ЕЛЕШОВА

ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ – 

ТӘУЕЛСІЗ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АЙШЫҒЫ

Тәуелсіздік тұғыры 



4

Ұлы тұлға

Сондай  шаралардың  бірі,  2013 

жылдың  21  қарашасында  С.То-

райғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінде  қа-

зақтың  ғұламасы,  ағартушымыз, 

шығыстанушы, 

фольклоршы, 

дарынды  ақын  Мəшһүр  Жүсіптің 

155  жылдығына  орай  «Мəшһүр 

Жүсіп  –  əлемдік  Ғаламат»  атты 

Халықаралық  ғылыми-практика-

лық  конференция  өз  жұмысын 

бастады.

Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  тура-

лы айтқанда, оны ақын, тарихшы, 

этнограф, əдебиеттанушы, публи-

цист  деп  тізе  беруге  болады.  Ол 

жан-жақты білімді  жəне  əрдайым 

ізденістегі адам болғаны бəрімізге 

мəлім.  Мəшһүр-Жүсіп  Көпейұлы 

бабамыз  араб,  парсы  шағатай, 

түркі, өзбек, тəжік, сияқты тілдерді 

жетік меңгергені де белгілі.

Мəшһүр  Жүсіптің  қазақ  халық 

əдебиетін  өз  замандастарына 

қарағанда,  анағұрлым  мол  жи-

нап,  ол  туралы  кеңірек  зерттеу 

жүргізді.  Мəшһүр  Жүсіп  Бұхара, 

Ташкент,  Түркістан,  т.б.  шаһар-

ларға  бірнеше  рет  сапарға  шы-

ғып,  білімін  толықтырады.  Тіл-

дерді игерді, əдет-ғұрпын түсінеді, 

ғалымдармен кездеседі, көптеген 

ғылыми  еңбектермен  танысады. 

Сонымен  бірге,  ол  күллі  ғұмы-

рын қазақ халқын сауаттандыруға 

жұмсады. 

Мəшһүр Жүсіп халық арасында 

ең алдымен ақын-жазушы ретінде 

танылды.  Оның  жүрегінен  төгіл-

ген жырлар бүгінгі күнге дейін ма-

ғынасынан айырылмаған.

Конференцияға еліміздің түкпір-

түкпірінен,  тіпті  жаһанның  жан-

жағынан  Мəшһүр  атамыздың 

ілімін  зерттеушілер  мен  өнеріне 

табынушылар  жиналды.  Шара 

жұмысына  ф.ғ.д.,  С.Торайғыров 

атындағы ПМУ профессоры Қуан-

дық  Жүсіп,  ақынның  шөбересі, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ Қа-

зақ  филологиясы  кафедрасының 

меңгерушісі,  ф.ғ.д.,  профессор 

Нартай  Жүсіп,  Республикалық 

Тарихи  материалдарды  зерттеу 

ақпараттық  орталығының  дирек-

торы,  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мү-

шесі,  т.ғ.д.,  профессор  Меруерт 

Əбусейітова  (Алматы  қ.),  Р.  Сү-

лейменов  атындағы  Шығыстану 

институтының  бас  ғылыми  қыз-

меткері, ф.ғ.д., профессор Нағима 

Сағандықова (Алматы қ.), Анкара 

Университетінің 

профессоры, 

доктор Абдулхақ Малкож (Анкара 

қ., Түркия), Түркі тілдес елдердің 

əлеуметтанушылары  Қауымдас-

тығының  Президенті  Стамбул 

университетінің профессоры, док-

тор Хаяти Тюфекчиоглу (Стамбул 

қ., Түркия), «Нұр-Мүбарак» Ислам 

мəдениеті  университетінің  про-

ректоры, ф.ғ.д., профессор Керім 

Шамшидин  (Алматы  қ.),  С.  То-

райғыров  атындағы  ПМУ  «Мəш-

һүртану» 

ғылыми-практикалық 

орталығының  директоры,  ф.ғ.д., 

профессор  Айтмұхамет  Тұры-

шев,  «Лингва»  ғылым-білім  беру 

орталығының  директоры,  ф.ғ.д., 

Тюмень  мемлекеттік  мұнай-газ 

университетінің  профессоры  Ха-

биба  Шағбанова  Хабиба  (Ресей), 

Өзбекстан мемлекеттік халықара-

лық  тілдер  университетінің  про-

фессоры, ф.ғ.д. Маханбет Джусу-

пов (Ташкент қ., Өзбекстан), Югра 

мемлекеттік  университеті,  ф.ғ.д., 

профессор  Равиль  Вафеев  (Ре-

сей), С. Демирел атындағы қазақ-

түрік  университет  ректорының 

кеңесшісі, ф.ғ.д., профессор Дан-

дай Ысқақұлы өз баяндамаларын 

ұсынды.


Биылғы  жылы  ҚР  Тұңғыш  Пре-

зиденті  Н.Ə.  Назарбаевтың  бас-

тамасымен  жол  тартқан  «Тарих 

толқынындағы  халық»  атты  бағ-

дарлама аясындағы тың деректер 

мен  атқарылып  жатқан  шаруалар 

туралы  сөз  қозғаған  Республика-

лық  Тарихи  материалдарды  зерт-

теу  ақпараттық  орталығының  ди-

ректоры,  ҚР  ҰҒА  корреспондент 

мүшесі, т.ғ.д., профессор Меруерт 

Қуатқызының  баяндамасы  жиыл-

ған  көпшіліктің  көңіліне  дөп  түсіп, 

назарларына  ілікті.  Қазақ  мемле-

кеттілігінің  тарихы  терең  екеніне 

дəлел  болатын  бағалы  құжаттар, 

қолжазбалар,  хаттар  мен  тың 

деректермен  таныстырды.  Үнді, 

Қытай,  Ресей,  Иран,  Еуропа  ел-

деріндегі  қайнар  көздер  арқылы 

қазақ  мемлекетінің  тарихы  өте 

ертеректе  жатқанын  білуге  бола-

ды. Қытай мемлекетінен əкелінген 

нисториандық  хаттар,  үнді  елінде 

Алтын  орда  хандығы  дəуіріндегі 

əр алуан суреттер, Иран мен Үнді 

елінен  жеткен  сол  кездегі  мемле-

кеттік  қолжазбалар  мен  хаттар, 

жер жаһаннан жиылған тарихи де-

ректемелердің барлығы да Қазақс-

танның  тəуелсіз  мемлекеттігі  жо-

лындағы қазыналы тарих беттерін 

толықтыратына сеніміміз мол.

Шара  шеңберінде  С.Торайғы-

ров атындағы ПМУ-дың шығарған 

туындысы  «Халыққа  дарытылған 

даналық» атты Мəшһүр Жүсіп ту-

ралы  деректі  фильм  көрсетілді. 

Сонымен қоса, Жүсіптің өмірлік іс-

əрекетіне  арналған  көркем  сурет 

байқауына қатысқан студенттерді 

марапаттады.  Шара  Мəшһүр 

Жүсіптің мəдени мұрасын зерттеу 

жəне  насихаттауға  зор  үлес  қос-

қан үшін Мəшһүр Жүсіп атындағы 

Алтын  медалімен  белгілі  ғалым-

дар мен қоғам қайраткерлерін ма-

рапаттау рəсімімен жалғасты.

С.Торайғыров атындағы Павло-

дар мемлекеттік университеті ау-

диторияларының бірінде Мəшһүр 

Жүсіп атындағы мұражай кабинеті 

салтанатты түрде ашылды. Жəне 

де  концерттік  залдың  фойесінде 

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың 

С.Бейсембаев  атындағы  ғылыми 

кітапхананың сирек кездесетін кі-

таптар  қорынан  ғұламаның  тари-

хи мұралары көрмесі ұйымдасты-

рылды.


Ертеңгі  күні  конференцияға  қа-

тысушылар  ақынның  туған  жері 

Баянауыл  ауданындағы  Жаңа 

жол  ауылына  жол  тартты.  Мəш-

һүр Жүсіп əруағын кейінгі ұрпағы 

еске  алысып,  құрбан  шалынып, 

ел жұртына ас берілді.

Бүгінгі  ғалымдар  оның  еңбек-

терінің  өзектілігі  мен  даралығын 

зерттеп,  тың  дүниелерді  ақтарып 

жар салуда. Ал, туған халқы оның 

өн  бойындағы  өрлік  мінезі  мен 

текті  қасиетін  жадында  да  жү-

регінің түкпірінде де сақтап келді. 

Кеңес  дəуірі  патшалық  құрып 

тұрған  кезде  ғалым  аты  тарих-

тан, əдебиеттен баспа беттерінен 

алынып тасталғанымен, елі бүгінгі 

күнге дейін оны қадір тұтып, есімін 

биік қойды. Оның дара еңбектері, 

тəрбиелік  мағыналы  сөздері  мен 

жырларының құдіретті күші сола-

қай  саясат  идеялогиясынан  да 

басым  еді.  Ақын  жүрегінен  туын-

даған дүниелердің өміршеңдігінің 

себебі осы болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет