11 қазан 2014 жыл
5
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Алланың жолы
– ақ жол
«Ислам діні әлемге шуақ ша-
шып, нұр тарата бастағаннан бері
татулыққа,
достыққа,
әділдікке
шақырумен келеді. Ислам өмірді
ұлықтайды,
адамдарды
оны
қадірлеуге үндейді. Ата-бабаларымыз
ғасырлар бойы ұстанып келген ислам
дінінен, Алланың хақ жолынан айны-
май имандылыққа бет бұру керек.
Алла Тағала – мейірімді, шапағатты
әрі кешірімшіл. Тіпті 50 жыл күпірлік
жасап, ауыр күнә арқалаған адам да
тәубеге келіп, шын көңілмен Жара-
тушы иемізге мінәжәт етсе, шапағаты
мол Алла Тағала күнәсін кешіреді.
Тәубаға келудің ешқашан да кештігі
жоқ».
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасында бірнеше жыл төраға,
бас мүфти болған, белгілі дін және
қоғам қайраткері, көрнекті ғалым
Әбсаттар қажы Дербісәлінің айшықты
ойлары мен ғибратты сөздері
жинақталған «Дінбасы» (Алматы,
«Білім» баспасы, 2006) кітабында
осылай делінген.
Жаратқанның
бар
екеніне
мойынсұнып,
Аллаға
жақындай
түсудің бір жолы құрбан шалу
екені белгілі. Адам баласы Құрбан
айтта құрбан шалу арқылы Ұлы
Жаратушысының өзіне берген сан-
сыз нығметтерінің шүкірін өтеп,
күнәларына кешірім тілейді. Шы-
найы ықылас-ниетпен орындаған
амал қабыл болып, Раббысының
ризашылығына бөленері, мол сау-
ап иеленері хақ. Еліміз тәуелсіздік
алғалы бөкейліктердің де ислам
дініне деген көзқарастары түзеліп,
имандылыққа бетбұра бастағандай.
Аудандық мешіттегі Құрбан айт на-
мазына сайқындықтар былтырғыдан
да көп жиналды.
Аудан
имамы
Назымбек
Иманғалиев жиналған жамағатты
Құрбан айтпен құттықтап, оның
маңызына тоқталып, рәсімнің оз-
дырылу шарттарымен, оқылатын
дұға мен айтылуға тиіс сөздерді
түсіндірді. Одан кейін сөз алған
аудан әкімі Нұрлан Рахымжа-
нов та ұлық мерекенің халық бір-
лігі мен ынтымақтастығын, ізгілік
пен қайырылымдықты ту ететінін
дәріптеп, «Қайырлы айттарың бол-
сын, ниеттерің қабыл болсын!» айт-
ты. Мешітке діни кітаптарды сыйға
тартты.
Тұрғындар айт намазынан соң
мешіт ауласының ішіндегі мал сою
алаңына
құрбандыққа
шалына-
тын қойларын әкеліп, иманға дұға
оқыттырып,
қасапшыға
сойды-
рып жатты. Раббымыз үшін құрбан
шалғандар
қатарында
Нұрлан
Сағынтайұлы, Нұртай Елібайұлы,
Нұрхат Шәріпқалиұлы, Асылхан
Тельманұлы, Мереке Бисенбайұлы,
Әділгерей
Уәлиұлы,
Сәкен
Тұлағанұлы, Салиха Үмбетқалиева,
Бибігүл
Жұмағұлова,
Ризагүл
Мұхамбетқалиқызы, тағы басқалар
болды. Медет Сикенов сиыр шал-
ды. Көбісі құрбандықтарының етін
толықтай мешітте қалдырып, аз
қамтылған отбасыларын қамтуға
үлес қосса, кейбірі жартылай
қалдырып жатты. Биылғы Құрбан
айтта Сайқын мешітінде 40 қой, бір
сиыр құрбандыққа шалынды. Діни
мерекеге арналып, спорттық шара-
лар да оздырылды.
Имам Назымбек ініміз талапқа
сай мал сою алаңын тұрғызып бер-
ген кәсіпкер Нұртай Сүйінішев пен
айт күндері онда қызмет жасаған
Жұмабек Рамашев, Жексенғали
Еслямғалиұлы, Абат Молдағалиев,
Сайлау Насимоллин сынды жігіт-
термен қатар Сымбат Қабделова,
Гүлсара Сертекова, Орынғаным
Құрымбаева,
Анар
Қабасова,
Сәндігүл Рахматоллина және басқа
да қыз-келіншектерге алғыс жаудыр-
ды.
Алла Тағала шынайы ниеттеріңізді,
ізгілікті
істеріңізді,
шалған
құрбандықтарыңызды қабыл етіп,
баршамызға екі дүниенің бақытын
нәсіп қылғай.
Каримолла ҒАЙСИН.
Суреттерді түсірген
М.ИРАНОВ.
Раббы үшін құрбан шалынды
Имам Әбу Ханифа ғалымдығынан
бөлек саудамен де айналысқан
үлкен саудагер адам болған еді.
Бір күні шәкірттеріне сабақ беріп
отырған кезде, өзінің тауарын
тасыған кеменің суға батқан хабары
келеді. Мұны естіген Әбу Ханифа:
«Әлхамдулиллаһ» дейді де сабағын
жалғастыра береді. Көп өтпей әлгі
хабарды әкелген кісі қайта келеді де,
«Мырза, кешіріңіз, әлгінде әкелген
хабарым тура емес екен. Малыңызды
тасыған кеме аман-есен келді. Қазір
жүк түсіріліп жатыр» дейді. Әбу Ха-
нифа тағы да «Әлхамдулиллаһ»
дейді. Қасындағылар әрі шығынға,
әрі табысқа неліктен ұқсас сөзді
қолданғанын сұрағанда, ол кісі:
«Біздің барлық күніміз Аллаға
шүкірлік ішінде болғаны жөн. Дүние
сынақ орны. Алла құлдарын кей-
де беріп, кейде алып сынайды.
Алдыңғы хабармен Алланың мені
алып, зиянға ұшыратып сынағанын
ойладым. Сондықтан шүкіршілік ет-
тім. Кейінгі хабармен Алланың мені
сыйлап, табысқа жеткізіп сынағанын
ойладым және шүкіршілік еттім» де-
ген екен.
Алла Тағала Құран Кәрімнің Фәжір
сүресі 15-16-шы аяттарында: «Ал
енді адамзат қашан Раббы оны сы-
най сыйлап, игілікке бөлесе: «Раб-
бым мені сыйлады» дейді. Қашан
оны сынап, несібесін тарылтса:
«Раббым мені қорлады» дейді» -
деген. Яғни адам барлық жағдайда
тіпті қиындыққа ұшырап сыналса
да, сабыр мен төзімділік танытып,
өзінің жағдайы одан да төмен болуы
мүмкін екендігін есіне алып шүкір
етуі керек екен.
Тиісінше мұсылман өзінің Аллаға
деген
шүкіршілігін
келесі
үш
жағдаймен білдіре алады.
Біріншісі: Адам өзіндегі бар
нығметті Алладан екенін мойындап,
соған иман келтіруі тиіс.
Екіншісі:
Сол
нығметтердің
бәрін сізге нәсіп еткен Алла
Тағалаға тіліңізбен мадақ айтып
(әлхамдулиллаһ), құлшылығыңызбен
білдіруіңіз керек.
Үшіншісі: Пенде ол нығметтерді
тек Алла бұйырған орындарға ғана
жұмсауы шарт.
Демек Аллаға шүкіршілігін біл-
діргісі келген адам жай «шүкір» деп
қоймай, осы үш тіректі жүзеге асы-
руы тиіс. Намаздың тірегі болған
әрі Құран Кәрімнің алғашқы сүресі
Фатиха: «Барлық мақтау бүкіл
әлемнің Раббысы Аллаға тән» деген
сөздерден басталады. Адам күніге
ең кемінде намазда бұл аятты 30
мәрте қайталайды екен. Осыдан-ақ
шүкірлік етіп, Аллаға мадақ айтудың
қаншалықты маңызы бар екенін
түсінуге болады.
Барлық нәрсенің иесі – Алла. Біз
оның біз үшін бекіткен уақытында
бұл дүниеден және оның несебе-
лерінен пайдаланамыз. Қысқаша
айтқанда, көршімізден қарызға алған
бір зат үшін өзімізді борышты сезін-
геніміз сияқты, біздегі бар нығметтің
Жаратушысы және иесі Алланың ал-
дында өзімізді қарыздар сезініп, оған
мадақ айтпасақ кім болғанымыз.
Кейде адам баласы қолында
жоқ нәрселерге көз тіккендіктен,
қолындағының құнын түсінбейді.
Кейде тіпті балаларға өзгелердің
ойыншығы құнды көрінетіні сияқты
сиық
танытамыз.
Сондықтан,
шүкіршілік ету үнемі есте сақталуға
тиісті бір әрекет. Ол үшін адам өмірге
шариғат призмасы арқылы қарау
керек. Яғни, Құран ақиқаттарының
құндылықтарын жүрекке сіңіріп,
оны өмірге, қолданысқа енгізуі тиіс.
Сонда ғана қараңғыда қалған адам
түнде көруге арналған көзілдірік ки-
ген тәрізді, барлық нығметтің құны
мен маңызы алдынан жарқырап
шыға келеді.
Алғыс дегеннің не екенін жұрт
жақсы біледі. Көбіне оны тек
басқа адамға айтылатын ізгі тілек
деп қана қабылдайды. Ал адам
алғысты әрбір күнге, өзі үшін
жағымды қалыптасқан нәрсеге
де айта білуі керек. Бұл адамның
жолы ашыла түсуіне де әсер
етеді. Мынадай жайлар есіңізде
болсын:
Әрбір күнге деген алғыс адамның
қуаты тазаруына әсер етеді, күнделікті
болып жатқан жақсылықтарды көре
білуге үйретеді. Ал бұл өз кезегін-
де адамға жақсылық атаулының
үйірсектеуіне жол ашады. Яғни,
түсініктірек тілмен айтқанда, тек қана
жақсылықты айтқан, одан үміт күткен,
оған ұмтылған адамның жақсылыққа
жетер жолы жеңілдейді.
Адамдар көбіне өз қателіктері мен
кемшіліктері жөнінде ойлайды. Өткен
- өтті, оны ойлаудың енді түкке қажеті
жоқ. Жақсы үмітпен алға ұмтылу ке-
рек.
Бүгінгі күнге, қазіргі сәтке алғыс айта
отырып, адам өзін алдағыға, ертеңге
дайындайды. Өз арман тілектеріңізді
де алғыс түрінде қалыптастырыңыз,
одан тек жақсылық күтіңіз. Бұл қандай
да бір нәрсені алдын-ала жоспарлап,
көзге елестеткен сияқты, ол кейін
материалдық түрде іске асады.
Жақсы жетістіктер үшін үнемі
өмірге алғыс айтыңыз. Өзіңізді биік-
тен көрсеткен жақсылықтар жөнінде
ұмытпаңыз, қуанышты, шат-шадыман
болған сәттеріңізді жиі еске алыңыз.
Қиындықтарды қалай жеңгеніңізді
ұмытпаңыз. Жетістіктеріңіз үшін
мақтана біліңіз (іштей, әрине). Өз
санаңызда
жеңімпаз
бейнеңізді
жасаңыз. Өткен жетістіктер сіздің
жаңа биікке шығуыңызға жол ашады,
өзіңізге деген сеніміңізді ұштайды.
Ризалық, алғыс сезіммен еске
алынған жетістіктер өміріңізге тек
жақсылықтар әкеледі.
Қысқасы, санамызда сақталған,
үнемі есте тұратын жайлар өмірімізге
тек қана сондай жайлардың енуі-
не ғана жол ашады. Сондықтан тек
жақсыны ғана ойлап, жақсыға алғыс
айтып, жақсылық күтіп отыруды
әдетке айналдыру қажет.
Қандай да бір нәрседе жолы бол-
май, үнемі жолым ауыр деп, бар
нәрсені аңғармай, үнемі «жылап»
жүретін адамдар өзіне осы арқылы
жаңа ауыртпалықтар шақырады.
Осыдан сақтану керек.
Алға ұмтыла отырып, жет-
кен биіктеріңіз үшін өмірге алғыс
айтыңыз. Барға тағы да жетістіктер
келеді, ал жоқтан арылғысы келмей-
тін адамның жолы өмірі ашылмайды.
Бір дәптер арнап, оған өмірге не
үшін алғыс айтатыныңызды тізіп
көріңіз. Жақсы әйел, жақсы бала,
әдемі үй, жайлы жұмыс, көлік, тағы
басқа игіліктері үшін өмірге алғыс
айтыңыз.
Осы
жазылғандарды,
күнделікті бір оқып қойыңыз.
Осы айтылғандарды әдет етсеңіз,
сіздің эмоциялық аураңыз тазарады,
көңіл-күйіңіз көтеріледі, өкініш атаулы
сізден аулақ жүреді. Осы арқылы сіз-
ге жақсылық, жақсы адамдар, жақсы
орта, жақсы көңіл-күй үйірсектейді.
Осыны әрдайым есте ұстаңыз.
(Өзге басылымдардан).
Әшенов Темірхан осыдан он жыл бұрын о дүниелік болған әкесі марқұм
Әшенов Сәрсенбайдың рухына бағыштап, ас беріп, еске алу рәсімін өткізді.
«Жасмина» кафесінде оздырылған рәсімге марқұмның жұбайы Зәуреш
апай, Орал қаласынан келген қыз-күйеуі Айман-Марат, тума-туыста-
ры мен құда-құдағайлары, кезінде жұмыстас болған жора-жолдастары,
шақырулы ауыл ақсақалдары қатысты. Кеште Н.Қадымов, Қ.Қарағойшин,
Е.Кенжеғалиев, Е.Мауытов, Н.Жұманалиева, Б.Теміров Сәрсенбайдың ор-
нына имам болып Сайқын мешітін басқарған, қазіргі күні көршілес Жаңақала
аудандық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жақатов, басқа да сөйлегендер
марқұмның Сайқында алғаш мешіт ашып, оның ауданымыздың алғашқы има-
мы болғанын, дін жолындағы еңбегін, жоғарғы адами қасиеттерін еске алды.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген марқұмның рухы разы болған
болар. Кеш соңында марқұмның жұбайы Зәуреш және ұл-қызы тума-туыста-
ры атынан еске алу рәсіміне қатысқандарға рахмет айтып, ризашылықтарын
білдірді.
А.ЖҮНІСОВ.
Шүкіршілік – мұсылманды өмірдің өткелдерінен
алып өтетін ең маңызды құлшылық. Тағдырға
шынайы иман келтірген адам өмірде өзіне
берілген немесе берілмеген барлық несібелері
үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Мұны бұрынғылар
«Аллаға қанағат ету» және «Аллаға шүкір ету»
деп екіге айырған. Қанағат ету – адам өзінің
қолындағы, әрі қолы жетпеген несібелері үшін
разы болуы болса, ал «Шүкір ету» - кісінің
қолындағы несібелері үшін Аллаға алғыс білді-
ру болып табылады.
Шүкіршілік – ең
маңызды құлшылық
Ас берілді
Алғыс адамның жолын жеңілдетеді
11 қазан 2014 жыл
6
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Аудан
әкімдігінің қаулысы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындар белгілеу туралы
Сайқын ауылы №150 10 қыркүйек 2014 жыл
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сай-
лау туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөкей ордасы аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидат-
тар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын-
дарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға
жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Рахымжанов.
Тіркеу № 3639
24 қыркүйек, 2014 жыл.
Постановление районного акимата
Об определении мест для размещения агитационных
печатных материалов
Село Сайхин №150 10 сентябрь 2014 год
Руководствуясь Конституционным законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О
выборах в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О мес-
тном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат района
ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Совместно с Бокейординской районной избирательной комиссией (по согласованию) опреде-
лить места для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов согласно
приложению к настоящему постановлению.
2. Акимам аульных округов оснастить определенные места для размещения агитационных пе-
чатных материалов стендами, щитами, тумбами.
3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района
Кайргалиеву Л.Т.
4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликова-
ния.
Аким района Н.Рахимжанов.
Регистр.№3639
24 сентябрь 2014 г.
Құқық бұзушылыққа төзбеу керек
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стра-
тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекеттің тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануы тиістілігі ерекше атап көрсетілді.
Аталмыш Жолдауда: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъез-
ден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық
бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі
қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді»,- делінген.
«Мүлдем төзбеушілік» термині – бұл кез-келген ұсақ құқық бұзушылық жасаған адам заңдарда
көзделген жазаны алуы қажет дегенді білдіреді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі
бұқара арасында құқықтық сана-сезім қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер
ететін баптар белгіледі. Бұл бағытта аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері Нарын өңірінде де
құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жолында жұмыстануда. Құқық
бұзушылықтарға ұсақ бұзақылық жасау (оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды,
гүлбақтарды ластау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару), қоғамдық
орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу (оның ішінде сыра), аумақты абаттандыру ережелерін бұзу,
кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болуы,
тыныштықты бұзу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін
бұзу да жатады.
Ағымдағы жылдың 9 айында ауданымыздың тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда адамның
қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мас күйінде жүрген 264 адамды ұстап, хаттама толтырды.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарда темекі шеккен 93 адамға да әкімшілік жаза қолданылды. Заңды
өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуының 57 дере-
гі анықталды. Ортақ пайдалану орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, белгіленбеген орынға
коммуналдық қалдықтарды шығару құқық бұзушылықтары бойынша, елді мекендердің аумақтарын
көріктендіру, аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзу деректері бойынша да шаралар алынды.
Бұл фактілер тұрғындарымыздың әлі де болса мәдениетінің төмендігін көрсеткендей.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – міндет болып саналады. Ендеше өз айналамызда болып жатқан
келеңсіз істерге бей-жай қарамайық! Ауылдастарымыздың тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілігін оя-
тып, орын алған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке шақырайық. Көп болып қолға алғанда
ғана ісіміз нәтижелі болатынын ескерейік.
Е.ЖОРАЛИЕВ,
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары,
полиция майоры.
Бережақ болсаң құқығың шектеледі
Бережақтары мен айыппұлдарын төлемейтіндердің көбеюіне орай, ел Президенті 2014 жылғы
қаңтар айының 15-інде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика
және арнайы есепке алу Комитеті ұсынған міндеттерін орындамаған бережақтылардың атқару
құжаттары және ерікті түрде әкімшілік қаулылар бойынша айыппұлдарын төлемеген тұлғалардың
есебін жүргізу туралы Заңға қол қойды. Осы заң шеңберінде бережақ иелері мен айыппұлдарын
төлемеген тұлғалар туралы мәліметті жинақтайтын «Шектеу» атты банкі жұмыс жасауда.
Белгілі бір рұқсатнамалық құжат немесе лицензия алу, кәсіпорын кұру, шекара асу, мемлекеттік
сатып алу конкурстарына қатысу, т.б. іс-әрекет кезінде бережағын өтеуші тұлғаға шектеу қойылады.
Қазірдің өзінде мемлекеттік қызмет үшін ХҚКО-на жүгінген жеке және заңды тұлғалар бойынша
төленбеген айыппұлдарының бар екендігі туралы ақпарат берілді.
Дәл осы ақпаратты Комитеттің pravstat.кz сайтының «Ақпараттық сервис» атты бөлімнен өзіңіздің
электронды қолтаңбаңыз арқылы ала аласыз. Бережақ туралы мәліметпен қоса осы бөлімнен-ақ
әкімшілік айыппұлды төлеу үшін түбіртекті шығартып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, бұл жүйе бережақ тұлғаларды іздеу бағытындағы мемлекеттік органдардың
жұмысын жеңілдетеді. Комитеттің сайтында мемлекеттік органдарға арналған арнайы портал бар.
Бағдат ДӘУЛЕТОВ,
ҚР БП ҚСжАЕА БҚО басқармасының
Бөкей ордасы ауданы бойынша бас маманы.
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Ауылдық
округ
атауы
Елді мекен
атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Бисен
Бисен
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
2.
Жиекқұм
Ауылдық
клуб ғимаратының алды
3.
Көктерек
Ауылдық клуб ғимаратының алды
4.
Жамбыл
Ауылдық клуб ғимаратының алды
5.
Мұратсай
Мұратсай
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
6.
Тайғара
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Тайғара бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
7.
Әжен
Ауылдық клуб ғимаратының алды
8.
Орда
Хан Ордасы
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
9.
Қарасу
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Қарасу бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
10.
Үштерек
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Үштерек бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
11.
Сейітқали
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Алғашық бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
12.
Макар
Ауылдық кітапхана ғимаратының алды
13.
1.
1.
Сайқын
Сайқын
«Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
«Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
«Бөкейордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-
демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ғимаратының алды
14.
Жәрмеңке
Ауылдық клуб ғимаратының алды
15.
Мәмбет
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Мәмбет бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
16.
Шоңай
Ауылдық клуб ғимаратының алды
17.
Саралжын
Саралжын
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
18.
Бескөл
Ауылдық кітапхана ғимаратының алды
19.
Темір
Масин
Бөрлі
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
20.
Тереңқұдық
Бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының алды
21.
Ұялы
Ұялы
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
22.
Кеңой
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің «Кеңой бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
Достарыңызбен бөлісу: