11 қазан 2014 жыл
7
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Меншік иесі:
«Жайық Пресс» ЖШС
Бас директор
Жантас Сафуллин
«Жайық Пресс» ЖШС
Бөкей ордасы филиалы
«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы
аудандық қоғамдық-саяси газетінің
директор-редакторы үшін
Каримолла Ғайсин
Газет БҚО Әділет департа-
менті, Бөкей ордасы аудандық
Әділет
басқармасында
09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу
№7-1926-15-ф-л.
Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның
түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман
хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің
дәлдігі үшін автор жауапты.
Мекен-жайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ор-
дасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. Теле-
фондар: Редактор: 21-5-30 (факс). Тілшілер: 21-8-42
Біздің электронды поштамыз: too-orda@bk.ru
ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп-
телінеді.
Газет Бөкей ордасы аудандық «Орда
жұлдызы» газеті редакциясында ком-
пьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.
«Жайық Пресс» ЖШС баспаханасын-
да басылды.
Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1
Газет аптасына 1 рет шығады
Көлемі 2 баспа табақ
Тапсырыс: 41
Таралымы: 1743 дана
Газетті
есепке
қою
тура-
лы №12259-Г куәлікті 2012
жылғы 19 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Байланыс және
ақпарат министрлігінің Ақпарат
және мұрағат комитеті берген.
Мектеп
– кеме, білім – теңіз
Ұстаз бейнесі күн нұрына парапар.
Шәкірттерін білім нәрімен сусында-
тып, үлкен өмірге қанат қаққанша,
тәрбиелейді. Жүрегі ізгілік пен мей-
ірімге толы мұғалімді баланың екінші
анасы десек те артық болмас. Мек-
теп бітіргеніме 20 жылдан асып кетсе
де, қай кезде де көңілімде жүретін
ең ардақты, ұлағатты ұстазым ол
– марқұм Серікқали Сейітов. Ол
үнемі жымиып жүретін, жүрегі кең,
адамгершілігі зор, мінезі жайсаң,
көңілі дархан азамат еді. Сырбаз мі-
незімен, сәнді жүрісімен өзгелерден
ерек болатын. Киген киімі, мойыннан
тастамайтын галстугі де оны дара-
лап тұратын. Әр сабағына мұқият
дайындалып, сөзге шешендігімен
бізді баурайтын.
1951 жылы 3-ші қаңтарда Са-
ралжын ауылында дүниеге келген
Серікқали Бақанбайұлы 1967 жылы
орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек
жолын тракторшылықтан бастап-
ты. Екі жылдан кейін А.С.Пушкин
атындағы
Орал
педагогикалық
институтының тарих факультеті-
не түсіп, оны бітірген жас өзі түлеп
ұшқан алтын ұясы – мектеп-интер-
натта мұғалім болып, ұстаздық жо-
лын бастады. 1979 жылы Ф.Энгельс
атындағы орта мектепке директор
болып тағайындалды. Небары 5
жылдық педагогикалық өтілі бар 28
жастағы жігітке аудан басшылары
сенім артып, үлкен ұжымды тапсыр-
ды. Ол басшылық еткен 15 жыл ішін-
де мектеп көркейді, түрлі жетістік-
терге жетті. Іскерлігі бағаланып,
1994 жылы Құрманғазы ауылының
әкімдігіне тағайындалып, ел тізгінін
ұстады. Денсаулығына байланысты
1997 жылы қара шаңырағына қайта
оралды. 1998 жылы инсульт соғып ІІ-
топ мүгедегі атанды. Бірақ та ауруға
мойынсұнбай 2002 жылы шілде
айында өмірден өткенінше өз орта-
сынан қол үзбеді.
Жұбайым Нұрболатпен туған
ауылыма барғанымда арнайы кіріп
ұстазымның қатерін сұрадым. Өңі
қуарып кеткен, аты жаман аурумен
алысып отырса да «сапты аяқтың
сыры кетсе де, сыны кетпейді» де-
мекші, сол баяғы қоңыр даусымен
самбырлап, әңгімесін айтып, ақ ба-
тасын беріп, таяққа сүйеніп жүрсе
де, қақпаға дейін шығарып салып
еді. Ұстазыммен қимай қоштастым.
Сол соңғы көруім екен. 24 жыл еңбек
жолында еліне елеулі, халқына
қалаулы болған ол кісімен дастар-
хандас болмаған адам сирек шығар.
С.Сейітов білім саласының аудандық,
облыстық басшылары грамотала-
рымен марапатталған, «Оқу ісінің
үздігі» белгісінің иегері еді. Асыл
азаматтың аяулы жары Люба апай
да мектепке 40 жыл ұстаздық еткен,
бүгінде еңбегінің зейнетін көріп, 2
немере, 2 жиеннің қызығына бөленіп
отырған ақылшы ана, мейірімді әже.
Тұңғыштары –Ақтөбе медицина ака-
демиясын бітірген Ақмарал 17 жыл-
дан бері туған ауылында дәрігер.
Бір кездегі аудандық мәслихаттың
депутат болған Ақмаралды аудан
жұртшылығы жақсы таниды. Қара
шаңыраққа ие болған ұлдары
Қуаныштың жеке қожалығы бар.
Кенжесі Қанат – Атырау қаласында
еңбек етеді.
Тірі болса Серікқали ағай биыл
63-ке толып, зейнеткерлікке шығады
екен-ау. Өмірден өткеніне 12 жыл
болса-дағы ұстазға деген сағыныш
еріксіз қолыма қалам алғызды.
Ұстаз жолын айтып жүрдік
ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар
жанды ұғып.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
Екатерина
ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.
Бисен ауылы.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы
Жуырда
облыс
орталығында
оздырылған орта мектептердегі инфор-
матика пәні кабинеттерінің байқауында
аудан намысын қорғаған М-С.Бабажанов
атындағы орта мектептің мұғалімі Сәуле
Омарованы сөзге тарттық.
- Байқау аудандар мен қаладан
үздік деп танылған 13 мектеп арасын-
да өрбіді, - деді Сәуле Биболатқызы.
– Яғни, 12 ауданнан және қаладан №34
мектеп-гимназияның
ұстаздары
өз
біліктіліктерін көрсетті. Байқаудың аты
байқау демекші, онда 3 негізгі бағыт
бойынша, яғни, алдымен, мұғалімнің
оқу-әдістемелік дайындығы сараланса,
екіншісінде, кабинеттің көрнекілігі сарап-
талды, ең соңғы турында әр ұстаздың өзі
дайындаған презентациясы қорғалды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
демекші,
тұғырға
көтерілмегенмен
С.Омарова облыста «Кабинеттің үздік
оқу әдістемелік қамсыздандырылуы»
номинациясын иемденіп қайтты. Жер-
лесімізді табысымен құттықтай отырып,
алда да жетістікке жете бер дейміз біз оған.
Р.БАҚЫТОВА.
Жылыжай тәжірибесін насихаттау, өскелең ұрпақты экологиялық
мәдениеттілікке тәрбиелеу, еңбекке тарту, үздік ұжымдық-шығармашылық
істер тәжірибесін жетілдіру мақсатында өткен «Күзгі өнімдер» байқауының
облыстық кезеңіне ауданымыздан Дамир Рахметкалиевтің жетекшілігімен
М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушылары Айзат Үмбеталиева, Әсемгүл
Қонақбаева, Әйгерім Нұрмұханбетова, Жазира Шамшенова қатысып қайтты.
Төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынған бөкейліктер «Үздік үгіт брига-
дасы» номинациясынан ІІІ орынға ие болды. Әрине, жасыл желекті, бау-
бақшасында дақылдары төгіліп тұрған қала мектептерімен шалғайдағы
біздің мектептің өнімін салыстыруға болмас. Десек те өз орталарынан үздік
шығып, байқаудан шет қалмай әзірленген мектеп ұжымының еңбегі айтуға
тұрарлық.
Назгүл ТІЛЕПОВА,
аудандық әдістемелік кабинет әдіскері.
Мектептегі
шығармашыл,
та-
лантты және кәсіби деңгейі жоғары
педагог-психологтарды
анықтау,
оларға қолдау көрсетіп, ынталан-
дыру мақсатында аудандық білім
беру бөлімі әдістемелік кабинетінің
ұйымдастыруымен «Жылдың үздік
психологі» байқауы өтті. «Танысты-
ру» бөлімінде қатысушылар өлеңмен
еңбек жолы жайында ой өрбітті.
Әсіресе, Бибігүл Сихованың визит
карточкасы ретінде көрсеткен бей-
небаяны сәтті шықты. «Авторлық
бағдарлама,
зерттеу
жұмысы»
бөлімінде Айгүл Сидекова өзінің
әдістемелік жұмысымен, ал, Тоғжан
Хайырова салауатты өмір салтын
қалыптастыру бағытында жүргізген
зерттеу
жұмысымен
таныстыр-
са, Гүлдана Саламатова педагог-
тар білімін жетілдіру курсынан
үйренгенін пайдаланып, бала мен
ата-ана қарым-қатынасын байла-
ныстыру бағытында жүргізген зерт-
теу жұмысын жүйелі көрсете білді.
«Жағдаяттарды шешу» бөлімінде де
қатысушылар өздерінің нағыз пси-
холог екендіктерін аңғартты. «Эссе»
бөлімінде таңдау бойынша «Мен
және менің мамандығым», «Психо-
лог – болашақтың мамандығы» атты
туындыларын оқыды. Соңғы бөлімде
қатысушылардың жинақ портфолио-
сы қаралды.
Байқау қорытындысын да Гүлдана
Саламатова (А.Құсайынов атындағы
орта мектеп)-бас жүлде, Тоғжан Хайы-
рова (М-С.Бабажанов) – І, Айгүл Сиде-
кова (Жәңгір хан) – ІІ, Бибігүл Сихова
(Ш.Жексенбаев) ІІІ орынға ие болды.
Бас жүлдеге ие болған Гүлдана Сала-
матова байқаудың облыстық кезеңіне
жолдама алды.
Айта кету керек, байқау барысын-
да құжаттарды жинау, материал-
дарды дайындау кезінде бірқатар
олқылықтар орын алды. Осы кем-
шіліктерді жою бағытында комиссия
мүшесі, бұрын екі мәрте облыстық
байқауға қатысқан Б.Жәнекешев
атындағы орта мектептің жоғары са-
натты психологі Нұргүл Дүйсенова өз
тәжірибесімен бөлісіп, кеңестер бер-
ді. Үйретері мол осындай байқауда
бақ сынап, тәжірибе жинақтауды
қай психолог та өзіне парыз санаса,
қатысушылар бүгінгідей санаулы бол-
мас еді.
Н.БАҚТЫГЕРЕЙҚЫЗЫ.
Бисендегі «Толағай»
Көпке көгілдір экраннан жақсы таныс «Толағай» отбасылық сайысы
ауылымыздағы орта мектептің 2 «а» және 2 «ә» сыныптары арасында озды-
рылды. Оған Манарбек Өтебаевтың, Тимур Шакіровтің, Нұрболат Мөкешев пен
Жанболат Бияшевтың отбасылары қатысты.
Ұйымдастырушы әрі жүргізуші бастауыш сынып мұғалімі Ақтоты Меңдешева
алдымен сайыстың шарттарын түсіндірсе, әр отбасының балалары топтың
атын, құрамын, ұранын таныстырды. Айта кету керек, барлық топтар сайысқа
жақсы дайындалған. Онысы киім үлгілерінен, ойын шарттарын тез әрі дұрыс
орындағандықтарынан байқалып тұрды. «Кім жүйрік», «Шар айдау» «Кім
жылдам», «Балық аулау», «Алманы кім жылдам жейді?», «Кім тез жүгіреді?»,
«Секіртпемен секіру» сынды жыдамдықты, ептілікті, ұқыптылықты, дәлдікті
талап ететін ойындарда үлкендер де, бүлдіршіндер де белсенділік танытты.
Осылайша, Бисен ауылында өткен «Толағай» жанұялық спорттық сайысы
да өз мәресіне жетті. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лиза Ша-
лина бастаған әділ қазылар алқасы әр отбасының ерекшелігін атап көрсетіп,
алғысын айтып, қатысқан жанұяларды дипломмен, естелік сыйлықтармен ма-
рапаттады.
Е.БИСЕНОВА.
Сәуленің еңбегі бағаланды
«Үздік үгіт бригадасы»
Жыл психологі – 2014
11 қазан 2014 жыл
8
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Шалғайдағы ауылдан хат
ЕСКЕ Алу
Сайқын ауылының тұрғыны болған,
Хайроллин
Нұрғалым Жексенбайұлы арамызда болса 13
қазан күні 60 жасқа толар еді. Біз бүгін осынау ая-
улы жанды еске ала отырып, жатқан жері жайлы,
топырағы торқа, иманы жолдас болғай дейміз.
Еске алып, өзіңізді сағынамыз,
Ортада жоқтығыңа жабығамыз.
Пендеміз қолдан келер не шара бар?
Тағдырдың жазғанына бағынамыз.
Еске алушылар: зайыбы Қарақат,
ұл-келіні Алмас-Фарида, қыз-күйеуі
Мира-Бауыржан, немересі Нұрәли, жиендері Диас, Ілияс.
* * *
Сайқын ауылының тұрғыны болған, ардақты апа,
нағашы әже
Төлегенова Ағилаш Жексенбайқызы
ортамызда болса 17 қазан күні 60 жасқа толар еді. Біз
бүгін осынау асыл жанды сағына еске ала отырып,
оның рухына төмендегі өлең жолдарын арнаймыз.
Үн қатпайсың қабіріңе сан келем,
Көз жасыммен жүректегі сырды өрем.
Сыз топырақ жатырсаң да жастанып,
Рухың мәңгі жеберіне бек сенем,
Тіл қатпайсың қабіріңе сан келем.
Еске алушылар: күйеу бала-сіңілісі
Тілекқабыл-Самиға, жиендері Әсемгүл-
Рустам, Мейрамгүл-Алтынбек, Тілекжан, Алтынгүл-Айбек
және жиеншарлары.
* * *
М.Мәметова атындағы орта мектепте бірге
оқыған, Орал қаласының тұрғыны болған досымыз
С
үлейменов Бейбіт Хамитұлы арамызда жүрсе 10
қазанда 55 жасқа толар еді. Сұм ажал оны 60 күн
бұрын арамыздан алып кетті. Марқұмға топырағың
торқа, иманың жолдас, жаның жәннатта болсын деп
дұғамызды бағыштаймыз.
Екі ай болды сен өмірден өткелі,
Мұңайтып көңіл көшін жүдеткелі.
Иманың жолдас, қабірің нұрға толсын,
Өшпейді сенің бейнең жүректегі.
Еске алушылар сайқындық достары:
Нұрболат-Әлия, Бауыржан-Сәуле.
* * *
Сайқын ауылының тұрғыны болған, бірімізге
асыл жар, бірімізге сүйікті әке
Әбдірешев Талғат
Мұқашұлының бақилық болғанына 10 жыл тол-
ды. Жатқан жерің жарық, топырағың торқа, жаның
жәннатта болғай, ардақты жан!
Асқақ едің, қайратты едің, нар едің,
Абзал едің, қолың ашық жан едің.
Жарқырап шығып, қуанышты қалыппен,
Бәрінен бұрын қарсы алатын сен едің.
Еске алушылар: жолдасы Ұлдай, ұл-
келіндері Ардақ-Жанна, Қосболат-Айзада,
қыз-күйеулері Эльвира-Тілек, Жұлдыз-Бе-
гім, Сандуғаш-Абзал, немерелері Арина,
Мұхамедияр, Сұлу, жиендері Арманбек,
Руфина, Алпамыс, Темірлан, Аңсар.
* * *
Орда ауылының тұрғыны болған, асыл әке, адал жар, немере-жиендерінің
ардақты атасы, бауырларына қамқор аға, дос-жаранға
сыйлы жан
Оразов Сержан Қосжанұлының өмірден
өткеніне 11 қазан күні 1 жыл толады.
Желеп-жебеп жатқайсың ұрпағыңды,
Есіркеп, жан-жарыңды, гүл бағыңды.
Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер,
Ардақтап өтер әркез тұлғаңызды.
Сағына еске алушылар: жұбайы
Нұрсұлу, ұл-келіні Мәдениет-Шынар,
немересі Әли, қыз-күйеулері Жазира-
Мерхат, Нәзира-Асыланбек, Динара,
қарындас-күйеу баласы Айман-Тыныс,
іні-келіні Қайрат-Фарида, жиендері Дина-Нұрлыбек, Медет-
Сәния, Мейірбол-Балзия.
* * *
Бөрлі ауылының тұрғыны болған, сүйікті ұл, қимас бауыр, адал жар, ая-
улы әке
Қайырқұлұлы Ізбасқанды 17 қарашада о дүниелік болғанына
жүз күн толуына орай сағынышпен еске аламыз.
Сұм ажал оны жалындаған жас шағында арамыздан
алып кетті. Тағдырға не шара...!?
Өмір неткен алдамшы едің өтпелі,
Жүз күн толды сен өмірден өткелі.
Әркез сені сағынышпен еске алып,
Жанардан жас, көңілден мұң кетпеді.
Еске алушылар: ата-анасы Қайырқұл-
Ұштап, апа-жезделері Құралай-Есентай,
Фарида-Тұрарбек, Гүлминұр, Бақытгүл,
Жаңылғаным-Бауыржан, Мейрамгүл-
Жасбатыр, жолдасы Райгүл,
қызы Томирис, ұлы Жақсылық.
Сайқындық Онаева Айгерім Саматқызына М.Мәметова атындағы жалпы
орта білім беретін мектепті 2008 жылы бітіргендігі туралы берілген (сериясы
А-0135831) аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
Алғыс айту
Шаңырағымыздың басшысы, әулетіміздің ақылшысы, арқа сүйер қамқоршы
анамыз Айтқалиева Ұлғаным дүниеден өткенде отбасымызға түскен қайғыны
бөлісіп, басымызды сүйеп, қолтығымыздан демеп, көмектерін көрсеткен ағайын
тума-туыстарға, көрші-көлем, қызметтес, әріптес жолдастарға әулетіміздің
атынан шынайы ризашылығымызды білдіріп, бастарына амандық, дендеріне
саулық, отбасыларына бақыт тілейміз.
Ұл-келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиендері.
Қазанның бірі қарттар күні екені,
осы ай бойы қайырымдылық шара-
лары өтетіні баршаға белгілі. Біздің
шалғайдағы мекенімізде де ешбір да-
талы күн атаусыз қалмайды. Көктерек
ауылдық клубы мен бастауыш мектеп
ұжымдары бірлесіп, бұл жорықта да
үлкендердің басын қосып, құрмет
көрсетті. Өкінішке қарай, оған келу-
ге ақсақалдардан Есқайрат ата мен
ақ жаулықты әжелерден Мұқсина,
Дәршін, Сапия апайлардан өзгелердің
қолы тимей қалыпты.
Кітапханашы Жадыра Жұмағұлова
мен клуб меңгерушісі Құралай
Досқалиева жүргізген бұл мерекелік
кеште бастауыш сынып оқушылары
тым жақсы концерт қойды. Кеш
Ұлмекен
Мұқанбетшинаның
орындауындағы «Қарттарым аман,
сау жүрші» әнімен аяқталды.
Кеш соңында Есқайрат ата,
балаларға,
ұйымдастырушыларға
үлкендер атынан алғысын айтып,
бата берді.
Бәтес ОҢАЕВА,
зейнеткер.
Бисен ауылдық округі.
Аяқ астынан қызымыз Әнесова Күнсұлудың жүрегі ауы-
рып, дәрігерлер шұғыл түрде Астана қаласына барып, ота
жасату қажеттігін айтты. Тосыннан естілген хабар бәрімізді
абдыратып тастады. Осындай қиын шақта қаржылай
демеушілік көрсетіп, Астана қаласындағы Болатбек
Құсайынов есімді танысына хабарласып, пәтер мәселесін
шешіп берген М.Мәметова атындағы орта мектептің ди-
ректоры Асылхан Тельманұлы мен ол басқарып отырған
ұжымға, Шоңай ауылындағы бастауыш мектеп ұжымына
және Орынғаным Ақмурзина, Абай Дүйсемәлиев, Қанат
Дүйсемәлиев, Жанаргүл Сапарғалиева, Гүлбаршын
Мақсотова, Бибігүл Жұмағұлова, Айболат Дүйсенғалиев,
Рустам Өтеев, Ермұрат Есімов сынды жеке кәсіпкерлерге
алғыс айтамыз. Солардың арқасында оқушы қызымыз
Күнсұлуға жасалған ота сәтті өтіп, аман-есен ортамызға
оралды.
Қысылғанда қол ұшын бергендердің баршасына де-
ндеріне саулық, отбасыларына амандық тілей отырып,
шаңырақтарыңыздан ешқашан шаттық кетпесін, бала-
шағаларыңның қызығын көріңіздер дейміз.
Ата-анасы Қайнеден-
Нұржамал Әнесовтер.
Менің
туып
өскен
жерім
– Құрманғазы ауылы (қазіргі Са-
ралжын). Бисен аулына іргесі тиіп
тұрса да, балалығым өткен ауылға
көп жолым түсе бермейтін-ді. Ауылға
бармағаныма да бірнеше жылдың
жүзі болыпты. Қазекем «Ағайынды
той мен бата қосады» деп тегін
айтпаған екен, бауырым Ержанның
қазасына көңіл айту үшін ауылға кел-
дім. Сағыммен бұлдыраған аулымның
төбесін көргенде, көзіме жас үйірілді.
Ой-шұңқыры, шоқалағы көп жолдар-
ды да қатты сағыныппын. 10 жыл
білім алған еңселі мектебім көзіме от-
тай басылды. Өзім оқыған сыныптың
терезелеріне дейін ыстық көрінді.
Шаңын көтеріп, ойнаған көшелер,
үйлер сәл-пәл өзгерген, жаңарған.
Ойнап-күліп, құлын-тайдай тебісіп
өскен сыныптастарым салиқалы,
салмақты, бір-бір үйдің егесі, анасы.
Біздер тұрған үйдің орны қалыпты.
Әкем марқұм өз қолымен отырғызған
теректер ғана жайқалып өсіп тұр.
«Мен сені танимын» дегендей олар
да ырғалып қояды. Туған жерге деген
сағыныш жүрегімді сыздатып, көз жа-
сымды тия алмадым.
Ағайын-туыс та, ауыл адамдары да
мені құшақ жая қарсы алды. Үлкендер
жағы «Жолайдың кенже қызы Катя»
ғой десе, жеңгелерім: «ақамның
аппақ қызы», «еркежан», «сары қыз»
деп, келін боп түскен кездегі қойған
аттарымен атап жатыр. Аналар жағы
«өзіміздің қыз ғой» деп құшақтап,
төрге отырғызды. Мұндай атаулар-
ды көптен естімегесін бе, көңілім
босады. Әкемнің немере ағалары
Қойшыекен, Сатыпалды аталар, ба-
уырлары Абат, Бақытжан ағалар әкем
туралы әңгімелер айтты. «Әкең өлсе
де, әкеңді көрген өлмесін» деген осы
да. Аңқылдап отырып ауылдың хал-
жағдайын да жеткізді.
Кезінде болашағы жоқ деген ауыл
осы дегенге сенбеп едім. Осындай
сүреңсіз әңгімені естіп, оқығанда ау-
лымды жамандыққа қимай, іштей
алаңдаушы едім. Бүгінгі көрінісі ол
ойымды өзгертті. Аулым күннен-күнге
көркейіп келеді. Қазіргі заманға сай
қызылды-жасылды шатырлы, дуал-
ды үйлер көбейген. Типтік жобадағы
Мәдениет үйі, мектеп көрік, зама-
науи үлгідегі дүкен-дүңгіршектер,
жол жиегіндегі тойханалар сән беріп
тұр. Адамдарын айтсаңшы. Сол
баяғы аңқылдан ағайын, жайраңдап,
жарқылдаған жұрт, еміренген ел.
Еті асулы, дастарханы жаюлы. «Ақ
бұлақ» бағдарламасымен үй-үйге
таза су келіп тұр. Енді газ келсе,
қаладан еш айырмашылығы болмай-
ды. Жайсаң мінез жандар тұратын
аулымды мақтан етемін. «Біздің қыз»
деп еркелететін ағайын туыстың
ортасында, әкем жайлы естеліктер
естіп, балалығымның куәгерлері сы-
ныптастарыммен,
көршілеріммен
кездесіп, мауқымды басып, бір жа-
сап қалдым. Қазақтың қыз баланы
қалай құрмет тұтып, сыйлайтынына,
қадірлеп, құрметтейтіне тағы бір мәрте
куә болдым. Аулым жеткен жетістік-
тер ауыл әкімінің, ауыл азаматтары
мен атқамінер, жанашырларының
арқасы. Сондықтан сол азаматтарға
сүйікті газетім арқылы алғыс айта-
мын. «Қыз тілекші» дейді ғой, тілегім
қабыл болып, өсіп, өркендеп, көркейе
беріңіздер, ауылдың аңқылдаған
адамдары.
Екатерина
ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.
Бисен ауылы.
Ең алғашқы гүл
Ең алғаш қолдан өсірілген гүл – раушан гүлі. Оның
нақты қай уақытта өсірілгені белгісіз болғанымен,
Крит аралдарынан біздің дәуірімізге дейін шама-
мен 3000 жыл бұрын раушан гүлінің салынған суреті
табылған көрінеді.
Алайда қытайлықтар, Жер бетіндегі ең ежелгі гүл –
өздерінде өсетін пион гүлі деп біледі. Ал, ежелгі Мысырда
фикус гүлінің, финик пальмасының, өзге де өсімдіктердің
жапырақтары табылған. Соломон патша Иерусалимнің ас-
тында үлкен алқапқа раушан гүлін өсірген деген сөз бар.
* * *
Құстың жүрегі қалай
соғады?
Құстың жүрегі әдетте минутына 400 рет соғады екен.
Ал ұшқанда жүрек соғысы арта түседі. Көк төсінде
қанат қаққанда кейбір құстардың жүрегі минутына
1000 рет соғуы мүмкін.
Жаңа Гвинеяда жер бетіндегі жалғыз улы құс тіршілік
етеді. Ол – екітүсті шыбыншы торғай. Бұл құстың улы
болатын жөні де бар екен. Себебі, шыбыншы тек улы
жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан өте улы. У оның
терісінде, жүнінде болады. Егер алда-жалда адамның
қолы тисе, күйік шалғандай күлдіреп қалады. Ал ұсақ
жәндіктер шыбыншыға тиіп кетсе, сеспей қатады екен.
* * *
Қағаздан мүсін
жасаған...
Оригами – жапон елінің ұлттық өнері болып табыла-
ды. Жапон тілінен аударғанда оригами «күрделі қағаз»
деген мағынаны білдіреді.
Оригами – ежелден келе жатқан қағаздан әртүрлі мүсін
жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы ота-
ны – Қытай мемлекетінен бастау алады. Алғашқы кезде
оригамиге тек жоғарғы мансапты бай-ауқаттылар ғана
қол жеткізген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оригами
Шығыстан Еуропа мен Америкаға дейін тарала бастады.
Оригамидің ең қарапайым түрі шаршы пішінді қағаздан жа-
салады. Өнердің бұл түрімен шеберлерден бөлек, әуесқой
адамдар да айналыса береді. Оригамидің техникалық
үлгілерін дизайндық өнеркәсіп те кеңінен қолдануда.
(Өзге басылымдардан).
Үлкендерге құрмет көрсетілді
Қайырымдылық – қазақы қасиет
Ізгі жандарға рахмет
Қаз-қалпында
Айналайын, ауылдың адамдары-ай!
Оқыңыз, қызық