Таралымы 7398
Тапсырыс №1377
№91 (879) Сейсенбі, 15 қараша 2016 жыл.
Бас редактор
Дәурен ОМАРОВ
ы
аймыз!
Ақ
халатты
кірлетпеген арындай
Айтарым бар
ҚАЗАЛЫ: КЕШЕ
және
БҮГІН
Өзгергенді көз көрген
Қазыналы Қазалы тарихында өзіндік орны бар Қазалы көлік-
техникалық колледжі 1929 жылдың 1 қазанында Қазалы паровоз
депосының жанынан ФЗУ болып ашылды. 1939 жылы училищеге
арналған 210 орындық оқу үйі салынды.
1964 жылдары қалалық кәсіптік-техникалық училищесі
(ГПТУ-70) болып қайта құрылған тұста оқу орнына Ресей, Украи-
на, Белоруссия, Башқұртстан елдерінің жастары келіп, мамандық
алды. Себебі, Қазалы теміржол училищесі сол тұстары Одақтағы
теміржол мамандарын даярлайтын санаулы оқу орындарының
бірінен саналатын.
Нарықтық қоғамның зор сұранысына ие ұжым кәсіби
құзіретті, бәсекеге қабілетті білікті мамандар әзірлеуде аян-
бай еңбек етуінің арқасында 2013 жылдың қаңтарынан бастап
Қазалы көлік-техникалық колледжі статусын иеленді. Қазіргі
таңда бұл оқу орны еңбек қоғамына аса қажетті халыққа қызмет
ететін 11 мамандық бойынша жан-жақты, білімді, білікті кәсіпқой
жұмысшы мамандарды оқытып, дайындауда. Ұжымда 120
инженер-педагог еңбек етеді.
Дайындаған:
Г.АЛПЫСБАЙҚЫЗЫ.
Қазалы көлік-техникалық колледжі
Тарихқа көз жүгіртсек, жоғалтқанымыз жетерлік. Алай-
да, еліміз егемендік алып, оң-солымызды танығалы бері
бүгінгі күнді баян ды етудің қамында жүрміз. Ұлттық са-
намыз оянды, мәдени һәм рухани жауһарларымыз қайта
жаңғырды. Әлеумет әл-ауқатын арттырды. Мемлекетіміз
әлемнің саяси сахнасынан ойып орын алды. Осылайша,
жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан өз шежіресін жазып жа-
тыр. Сондықтан, біз газетімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
қарсаңында оқырман назарына кешегі мен бүгінгі күніміздің
айғағындай болған фотобаяндарды ұсынып отырамыз.
Биылғы
оқу
жылындағы
бір
ерекшелік,
Қазақстан
Республикасы
Білім ғылым министрінің бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында
міндетті мектеп формасына қойылатын
талаптар» туралы ереже қабылданып,
міндетті мектеп формасының енуі бол-
ды. Бұл бағытта мектептердегі ата-аналар
мен оқушыларды, ұстаздар қауымын ха-
бардар ету мақсатында аудандық білім
бөлімі тарапынан арнайы хат жол-
данды. Нақтыласақ, бөлім басшысы
А.Қасымованың ұйымдастыруымен өткен
Кеңесте мектеп басшыларына орта білім
беру ұйымдарында міндетті мектеп фор-
масына қойылатын бірыңғай талаптарды
орындау жөнінде тапсырма берілді.
Ер балалардың мектеп формасы: пид-
жак, жилет, еркін тігілген және ұзындығы
бойынша тобықты жауып тұратын шал-
бар болса, қыздардың киетіні: пиджак,
жилет, юбка, классикалық жейде, сара-
фан. Түстері қаракөк мектеп формасы-
на классикалық пішіндегі негізгі түсіне
сәйкес немесе кереғар келетін галстук
тігіледі. Ал ер балалар мен қыздарға
арналған спорттық форма, спорттық топ-
тама (спорттық шалбар, куртка, футбол-
ка), аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
Мектеп формасына қойылатын талап-
тар климаттық жағдай, оқу сабақтарының
өткізілу орны және оқу ғимаратындағы
температуралық режим ескеріліп жүзеге
асырылуда.
Өткен
жылдың
мамыр
айын-
да аудандағы барлық білім беру
ұйымдарында мектеп әкімшілігі, қоғамдық
кеңес мүшелері және білім бөлімінің
әдіскері Т.Әбжәлелдің қатысуымен жалпы
мектепшілік ата-аналар жиналыстары өтті.
Онда мектеп формасының түсі, үлгі сін
таңдау талқыланып, хаттамамен бекітілді.
Қазіргі таңда ата-аналардың сұранысына
сәйкес 2-3 жыл көлемінде аудандағы
№249 мектеп-лицей, №17 және №234 орта
мектептердің оқушыларына арнап мектеп
киімін тігіп келген жеке кәсіпкер Сәулеш
Сейтова Әйтеке би кентіндегі «Айгүл» сау-
да үйінің 2-қабатында тапсырыс қабылдап,
жұмыс істеді.
2016-2017 оқу жылының алғашқы
тоқсанында сабаққа барарда бір үйдің
баласындай форма киген оқушыларды
көріп сүйсініп те қалдық. Орта білім беру
ұйымдарындағы міндетті мектеп фор-
масына қойылатын талаптар бөлімінің
13-ші пунктінде «Мектеп формасына
түрлі діни конфессияларға қатысты киім
үлгілерін қосуға болмайды» деген. Соған
қарамастан, кейбір ата-аналар бастауыш
сынып оқушыларына ұзын көйлек кигізіп,
басын тұмшалап қояды. Салтымызға
сүйенсек, қыз бала құтты қонысына ба-
рып, беті ашылғанға дейін басына ора-
мал салмаған. Қазақ әйелі еш уақытта
бетін пәренжемен жауып, қара киім ки-
меген. Қара жамылуды қазақ жақсылыққа
телімеген.
Халқымыз
қашан
да
дәстүрлі
дінді ұстанған, бірақ ешқашан әсіре
жанкүйерлікке жол бермеген. Мұсылман
болу үшін араб болудың ешқандай
қажеті жоқ. Ежелгі заманнан бері
қазақтың барлық салты мен дәстүрі,
ырым-тиымдарына дейін имандылыққа
шақырады. Ешқайсысы шариғатқа қайшы
келмейді. Жөнсіз еліктеу, арғы жағына
терең бойламай шала сауаттылықпен
өзгенің иіріміне ұмтылу опа бермейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жасың бол,
кәрің бол, киімдерің жарасымды, таза
болсын» деген. Айналаңа менің шапа-
ным бар, сәлдем бар, мен мұсылманмын
деме, адамдар сенің сәлдеңе, шапаныңа
қарап, әйелдердің қара киімін емес,
жүріс-тұрысыңа,
сөзіңе,
іс-әрекетіңе
қарап қандай мұсылман екеніңді білген.
Ал зайырлы сипаттағы мектептерде дінді
тікелей немесе жанама насихаттауға жол
берілмейді. Қыздарға, ерлерге арналған
киім үлгісін ұсына отырып, діни атри-
буттарды киім және бас киім үлгісін мек-
тепте киюге жол берілмейтіндігі заңда
баса көрсетілген. Бауыржан Момышұлы:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» деп
айтқанындай, ұл-қызының ертеңіне үміт
артқан ата-аналар түрлі киім үлгісін емес,
ұрпағының білім-білігін ойласа екен.
Заңға сәйкес келмейтін киімдер жас ұрпақ
арасында етек жая берсе, білімге құштар
ұрпақтың санасы улануы ғажап емес. Ен-
деше білім берумен дін саласындағы
азаматтар, ата-аналар және ұстаздар
жұмылып, ой-санасы әлі орныға қоймаған
ұрпақты жолдан тайдырып алмауға күш
салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз
тиіс.
Құрметті ата-аналар, барлығын ақылға
жеңдіріп, заң аясында шешу қажеттігін
қай-қайсымыз да мықтап ескеріп, білім
ұйымдарында біркелкі мектеп формасын
енгізуге атсалысайық!
Қ.БЕКЕТОВ,
ардагер ұстаз.
МЕКТЕПТЕГІ КИІМ ҮЛГІСІ ТАЛАПҚА САЙ МА?
Спорт
Жерлестеріміз алдымен ел Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасы мен облыстық футбол
федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген
аймақ біріншілігінде топ жарды. Дархан
Ысқақов жаттықтыратын аудан құрамасы үздік
ойын өрнегін көрсетіп, чемпион атанды. Осы-
мен төртінші рет өткізіліп отырған аталмыш
жарыс екі кезеңге бөлініп, футболшылар төрт
ай бойы өзара кім мықтыны анықтады.
Облыс чемпионы атану үшін негізгі тартыс
Жаңақорған мен Қазалы аудандарының ара-
сында өтті. Екінші кезеңнің 11-ші турына дейін
Жаңақорған ауданы жерлестерімізді бір ұпай
басымдықпен жеңіп келсе, қалған үш ойын-
да аудан аяқдопшылары ешкімге есе жібермей,
облыс чемпионы атанды. Өз кезегінде
Жаңақорған ауданы Жалағаш ауданымен 4-4
есебімен тең түсіп, ұпай жоғалтты. Жеңімпаз
атанған жерлестеріміз екінші айналым ойында-
рында он мәрте жеңіске жетсе, қарсыластарына
47 доп салып, өз қақпаларына 18 гол жіберіп
алды. Аудан аяқдопшылары турнир барысында
қарсыластар қақпасына ең көп доп соғып, ең аз
гол жіберген команда ретінде есте қалады.
Қазалы құрама командасының сапын-
да қақпашылар Б.Саламатов, Н.Төребек,
Ғ.Ахмет, А.Жәлеке, жартылай қорғаушылар
Ж.Байниязов,
Н.Құлтанов,
И.Көкшоев,
Ғ.Ешмаханов,
М.Нағымет,
С.Ерғалиев,
Н.Төрежан,
Қ.Орынбасаров,
жартылай
қорғаушылар
О.Орынбеков,
Ж.Нәбиев,
М.Сансызбаев,
Ж.Қартбай,
Р.Қырықбай,
А.Исабай, Ж.Смағұлов, Ғ.Өтеулі, А.Бекжанов,
Н.Жанарыстан
және
шабуылшылар
Б.Ерназаров, Е.Қалмаханов, Ж.Әлмұраттегі,
А.Жұмахметов,
Қ.Кежденбек,
А.Тарғын,
Ж.Жәрмедет бар. Құрама сапындағы әрбір
ойыншы бапкер берген тапсырманы жіті орын-
дап, үздік ойын өрнегін көрсетті. Осы арада
біздің қақпашымыз Н.Төребек биыл бірінші
лигада топжарған Қызылорда қаласының
«Қайсар» командасында доп теуіп жүргенін
мақтанышпен айта кеткен орынды. Біріншілік
қорытындысы бойынша қарсыластар қақпасына
10 гол соққан О.Орынбеков «Үздік ойыншы»
атанды. Ал, капитан Ж.Нәбиев 9, Ж.Қартбай 7
гол салып, құраманың жеңіске жетуіне ерекше
үлестерін қосты.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар-
ды облыстық футбол федерациясының вице-
президенті Б.Көшербаев марапаттап, чемпион
атанғандарға жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, ауданымыздың намысын тағы
да бір дүбірлі додада қорғаған жерлестеріміз
үздік нәтижеге қол жеткізді. Олар Қазалы ауда-
нында өткізілген ауыл спортшыларының ХХХ
«Алтын күз – 2016» облыстық спартакиадасын-
да да жеңімпаз атанды.
Қазалы ауданында миллиондардың ойыны
атанған осы спорт түріне жастарды қызықтыру
мақсатында дәстүрлі түрде аудан әкімінің ку-
богы үшін турнир, аула клубтары арасын-
да кіші футболдан жарыс тұрақты түрде
ұйымдастырылып тұрады. Одан бөлек, мек-
теп оқушылары арасында да түрлі жарыстар
өткізіледі.
Қазіргі таңда аудан футболын дамытуға,
жасөспірімдер мен жастарды футболға кеңінен
тарту үшін аудандық футбол федерациясы
қайта құрылды. Федерация президенті болып
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы, футбол жанашыры
Ф.Қожабергенов тағайындалса, О.Орынбеков
атқарушы директор болып сайланды.
«Өткенсіз бүгін жоқ». Осы арада әр жылда-
ры аудан құрамасында доп теуіп, үздік ойын-
дарымен көзге түскен азаматтарды айтпай кет-
песек болмайды. Олар уақытысында аудан на-
мысын абыроймен қорғап, бүгінде еліміздің әр
түкпірінде еңбек етіп жүр. Ардагер аяқдопшылар
Т.Қарабалаев,
Д.Тұяқбаев,
Н.Байсақалов,
Ә.Ахметов, Ж.Айғара, Т.Жүсіпов, С.Айқожаев,
Ә.Әбішов, Т.Есбосынов, Т.Әзіров, Қ.Бекбалаев,
Ж.Қуанғалиев, орта буын өкілдері С.Өтегенов,
М.Имандосов, Б.Олжекешов, Н.Қозыбаев,
С.Тобабергенов, Ә.Жәлімбетов, Н.Ержанов,
Р.Түймебаев,
Ғ.Мұсаұлы,
Ж.Өтегенов,
А.Лепесов,
Д.Сұлтамұратов,
Б.Төлебаев,
Р.Төлепов,
Қ.Кемалов,
Ә.Өткелбаев,
А.Тілеумбетов, Н.Имандосов, Н.Қазыбеков,
Е.Құрманов,
А.Айқожаев,
А.Алтынбаев,
Н.Аралбаев, Қ.Медетбаев, С.Жұбаниязов,
Ғ.Кадиров, Н.Сисеновтің есімдері бізге жақсы
таныс. Бұл күнде алдыңғы буынның жасы
алпысқа таяп қалса да, әлі күнге дейін бір мезгіл
доп тепкенді жақсы көреді. Мүмкіндік болса
еліміздің әр түкпірінде жүрген жерлестеріміз
туған жер төсінде бас қосып, жолдастық кезде-
сулер ұйымдастырып тұрады.
С.Сансызбаев, Б.Жетесов, Н.Орынбеков,
Б.Құлмамбетов, Д.Жұмағазиевтер бүгінде ара-
мызда жоқ. Бірақ олардың есімі мәңгі өлмек
емес. Олай дейтін себебіміз, ала допты өмір
бойы серік еткен азаматтардың балаларының
бірі аудан намысын қорғап жүрген футбол-
шы болса, бірі шәкірттер дайындап, жақсы
нәтижеге қол жеткізіп жүр.
Жерлестеріміздің арасында елімізге та-
нымал футболшы да жоқ емес. Ол алғашында
Қызылорданың «Қайсары» сапында жасын-
дай жарқылдаған, кейін Шымкенттің «Ор-
дабасы», Қарағандының «Шахтер», Астана
қаласының «Астана» футбол клубында ойын
өрнегін көрсеткен Дәуренбек Тәжімбетов. Ел
чемпионатында өзінің үздік ойынымен көзге
түсіп жүрген Д.Тәжімбетов ұлттық құрама
сапына да шақырту алып, Қырғызстанмен
өткен жолдастық кездесуде хет-трик авто-
ры атанғаны әлі күнге есімізде. Қазіргі таңда
Жамбыл облысының «Тараз» командасында
доп теуіп жүрген жерлесіміздің алар асуы алда
екеніне сенеміз. Әлі де футболдан Қазақстан
ұлттық құрама командасына шақырту алып,
қарсыластар қақпасына талай гол салады деп
үміттенеміз.
Алдағы уақытта да қос бірдей дүбірлі до-
дада топ жарған аяқдопшылар арасынан
Дәуренбектің ізін басып, ұлттық құрама са-
пында ширақ та шебер өнер көрсететін жігіттер
шығарына біз сенеміз. Лайым, жерлестеріміз
бағындырар белес бұдан да биік болып, үлкен
жетістіктерге жете берсін!
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
Абырой биігіне көтерілген аяқдопшылар
Биылғы жыл аудан аяқдопшылары үшін жеңісті де, жемісті жыл.
Олай деуімізге толық негіз бар. Аудан құрамасы облыстық деңгейде
ұйымдастырылған екі бірдей үлкен турнирде жеңімпаз атанып, туған
жердің мерейін үстем етті.