Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржа ны» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата24.03.2017
өлшемі9,75 Mb.
#10146
  1   2   3   4

Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржа-

ны» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің 

500  басқа  арнал ған  мал  бордақылау 

алаңының  жұмысын  бастағанына  да 

біршама  уақыт  болды.  Жалпы  Қазақстанда 

өндірілетін барлық еттің жартысына жуығын 

ірі қара еті құрайды. Өндірілетін осы еттің 

үштен бірі ет бағытындағы малдан алынады. 

Осы орайда ауданымыздағы «Сыр маржаны» 

мал бордақылау кешені ауыл шаруашылығы 

құрылымдары  мен  жеке  тұрғындардан  ірі 

қара  малын  сатып  алып,  семіртіп,  табиғи 

таза  ет  өнімдерін  сатуда.  Бұндағы  бағымға 

қойылған  қажетті  азықпен  қамтылған  мал 

тәулігіне  1100-1200  грамға  дейін  салмақ 

қосады. Жасы мен тұқымына байланысты 3 

ай көлемінде бағылады. Болашақта алаңның 

қуатын 3000 басқа ұлғайту жоспарланған. 

Семинарға  арнайы  келген  Жәңгір  хан 

атындағы  Батыс  Қазақстан  аграрлық-

техникалық 

университеті 

ректорының 

кеңес шісі  Қазыбай  Бозымов  ««Сыр  мар-

жаны»  ЖШС  жағдайындағы  сиыр  етін 

өндіру  технологиясына  инновациялық 

әдіс терді  енгізу»  атты  баяндамасында  мал 

шаруашылығын  қарқынды  дамытудың 

қолайлы жолдарын  айтты. 

Оның  айтуынша,  ет  өндірісін  арттыру-

да малдарды бордақылау ерекше орын ала-

ды.  Іс  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда 

еттің  өзіндік  құны  төмендемей,  етті  мал 

шаруашылығы  ең  пайдалы  салаға  айнала-

ды. Бордақылаудың сәтті жүзеге асуы, оның 

деңгейіне, түріне және азықтандыру сапасы-

на, тұқымдық ерекшеліктеріне, жасына, тез 

жетілгіштігіне  байланысты.  Айта  кетерлік 

бір жайт, жастай дамып келе жатқан малдар-

ды бордақылағанда бұлшық ет ұлпасы май 

ұлпасына қарағанда тезірек өседі екен. 

Сондай-ақ,  аналық  төлдің  бедеу-

лігі,  қысыр  қалуы  және  акушерлік-

гинекологиялық 

ауруларға 

ұшырауы 


–  мал  шаруашылығын  дамытуға  ора-

сан  зор  кедергі  әкеледі.  Осы  орайда  мал-

да  кездесетін  жыныстық  ауруларды 

анықтап,  алдын  алу  оларды  емдеу  үшін 

ультрадыбыстық  диагностикалық  аппарат-

ты  қолдану  тәсілдері  өндірістік  тәжіри бе 

жүзінде  көрсетілді.  Бұл  –  инно вациялық 

технологияның  бір  түрі.  Аппараттың 

көмегімен  аналық  сиырдың  буаздығы, 

қысырлы ғы және қандай аурумен ауыратын-

дығы  анықталады.  Тіпті,  буаз  сиырдың 

ішіндегі төлдің неше айлық екендігі де экран 

арқылы көрініп тұрады. Гинекологиялық ау-

руларды  ерте  байқап,  алдын  алу 

сиырлардың  ұдайы  өсіп,  дені  сау 

төл төлдеуіне себеп бо лады.

 

№91

(879) 

Сейсенбі,

15 қараша

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

Тамыры – терең, тарихы – кенен 

Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94

www.qazaly.kz

@qazaly.kz

E-mail: kazaly@bk.ru

 

Семинар 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ТАБЫС ТЕТІГІ

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын-

да  ет  өндірісі  мен  өңдеуді  дамытуды  міндеттеді.  Бұл  еліміздегі 

агроөнеркәсіптік кешеннің дамуындағы бірегей бағыттардың бірі 

– экоспортқа ет пен ет өнімдерін шығаруға мол мүмкіндік береді. 

Малдың өсіп-жетілуі және одан сапалы өнім алу үшін құнарлы 

азықпен  қажетті  мөлшерде  қамтамасыз  ету  тиімді.  Сондықтан 

мал  шаруашылығын  дамыту  үшін  берік  жем-шөп  қорын  жа-

сау,  азықтандыру  мәселелерін  ғылыми  негізде  ұйымдастырған 

жөн.  Бұл  туралы  «Сыр  маржаны»  серіктестігінде  өткен  «Мал 

шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық технологиялар» 

тақырыбындағы семинарда жан-жақты айтылды.

Облыстағы  барлық  май  құю  бекеттерінде  жанар-

жағармайдың бағасы өсуіне Шымкенттегі мұнай өнімдерін 

өңдеу зауытының күрделі жөндеуден өтуі себеп болған. Бұл 

туралы  «Сыр  медиа»  ЖШС  жанындағы  коммуникациялар 

орталығында  өткен  брифингте  облыстық  кәсіпкерлік  және 

туризм  басқармасы  басшысының  орынбасары  Ғалымжан 

Мұстафаев мәлімдеді.

Оның  айтуынша,  жүргізушілер  арасында  сұранысқа 

ие  АИ-92,  АИ-95  маркалы  бензин  және  дизельдің  бағасы 

айтарлықтай қымбаттаған.

«Қазіргі  таңда  Шымкенттегі  зауыттың  күрделі  жөндеу 

жұмыстары аяқталып, қараша айының 20-нан бастап жанар-

жағар  май  таратуды  бастайды.  Осыған  орай  жанар-жағар 

майдың бағасы төмендейді деп күтілуде», – дейді Ғалымжан 

Мұстафаев.



Ресми ақпарат көздерінен. 

Жанар-жағармай бағасы бақылауда

БАСПАСӨЗ – 2017

«Қазалы» газетіне 

жазылуға асығыңыздар

Өздеріңіз  әр  санын  әр дайым  асыға  күтіп  отыратын 

«Қазалы» газетіне 2017 жылға жазылу басталды.

Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.

Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге, 1 жылға 

– 4000 теңге (индекс 65032).

Мекеме,  кәсіпорындар  мен  басқа  да  ұжымдар  үшін                   

6 айға – 3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).

Біздің есепшотымыз:

«Сыр Медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645 

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу

есебіне қою 17.08.2012 жыл

сериясы 33001 №0003930

ИИК KZ349260701180488005

АО «Казкоммерцбанк» 

БИК KZOKZKX

«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.

Бақыт ҚҰРМАНОВА, 

Әйтеке би кенті әкімі аппараты ұйымдастыру 

бөлімінің жетекші маманы.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен 

құттықтаймын!

Осыдан 23 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен 

ұлттық  валюта  –  теңге  қаржы  айналы-

мына  енгізілді.  Тәуелсіз  еліміздің  міндетті 

нышандарының  бірі  ретінде  ұлттық  валютаны 

енгізу  қоғам  өмірінде  елеулі  оқиға  болғаны  сөзсіз. 

Бұл  Қазақстанның  дербес  даму  жолына  түскенін 

айғақтаған іс еді.

Егемендікке  қол  жеткізген  ширек  ғасырда 

мемлекеттік  қаржы  саясаты  отандық  эконо-

миканы  дамытудың  теңдессіз  құралына  айнал-

ды. Ол бізге әлеуметтік және саяси мәселелерді 

оңтайлы  шешіп,  мемлекетіміздің  халықаралық 

аренадағы беделін арттыра түсуге мүмкіндік бе-

руде.  Сондықтан  қаржы  жүйесі  қызметкерлерінің 

басты міндеті экономикалық өсім мен әлеуметтік 

тұрақтылықты 

қамтамасыз 

ету 

болып                         

табылады. 

Қымбатты  қаржыгерлер!  Жауапты  міндет 

жүктелген  мамандықты  меңгеріп,  ел  дамуы  жо-

лында  талмай  еңбек  етіп  келе  жатқан  Сіздерге 

шын ризашылығымды білдіремін. 

Мерейлі  мереке  күні  Өздеріңізге  мықты 

денсаулық,  еңбектеріңізге  толағай  табыс, 

отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Қазалы ауданының әкімі 

Нажмадин ШАМҰРАТОВ.

Аудан әкімінің 

құттықтауы

 Тікелей эфир

Жақында  «Қазақстан-Қызылорда»  теле-

арнасының  тікелей  эфирдегі  «Өзек жарды» 

бағдарлама сында  Қазалы  ауданының  әкімі 

Наж мадин Шамұратов сұхбат берді. 

Бағдарлама жүргізушісі Алтынай Молжа-

нова ә дегеннен сөздің басын жыл көлемінде 

атқарылған аудандағы ауқымды істердің легін 

атаудан бастады. 

  –  Биыл  Тәуелсіздігімізге  –  25  жыл. 

Тарихқа  көз  жүгіртсек,  бұл  өте  ұзақ  уақыт 

емес.  Дегенмен  егемен  еліміз  еселі  еңбектің 

арқасында  қарыштап  дамып  келеді.  Бұған 

қазалылықтардың  да  қосқан  үлесі  жоғары,  – 

деді аудан басшысы.  

Иә, расында да ауданда ауыз толтырып ай-

тар жағымды жаңалықтар жетерлік. Мәселен, 

ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, өндіріс, көлік-

энергетика,  кәсіпкерлік  жалпы  қай  салада  да 

алға ілгерілеушілік басым. Аудан халқы үшін 

ең  бір  қуанышты  жағдай  –  биылғы  жылы 

бой  көтеретін  аудандық  аурухана  ғимараты. 

Көптен  бері  күрмеуі  шешілмей  келе  жатқан 

бұл  мәселе  енді  оң  өзгеріс  табатын  болды. 

Облыс  басшысы  Қырымбек  Көшербаевтың 

тікелей  араласуымен  әбден  ескірген  ауруха-

на  заманауи  үлгіде  жаңадан  бой  көтермек. 

Бүгінде тиісті қаражат бөлініп, жұмыстары ба-

сталып та кетті. 

Сонымен  қатар,  аудан  басшысы  апаттық 

жағдайда  тұрған  бес  білім  ошағының  да 

құрылыс  жұмыстары  басталып,  келер  жылы 

пайдалануға  берілетінін  жеткізді.  Ауыз  су 

мәселесі Арал, Қазалы аудандарында шешілген. 

Десек те, тұйық көшелер мен жаңадан салынған 

көшелерге  су  жүргізу  мақсатында  бөлінген 

2  млрд  415  млн  теңгенің  2  миллиарды  кент 

орталығына, 415 млн теңгесі Қазалы қаласына 

пайдаланылады. 

Қазалы  кәсіпкерлікке  ерекше  бет  бұрған 

аудан.  Өзінің  конфеті,  сүті,  күріші,  еті, 

балығымен  танылған  ауданда  жыл  санап 

кәсіпкерлер  саны  артып  келеді.  Биылдың 

өзінде  4928  жаңа  субъекті  тіркелді.  Қазалы 

конфеті қазір тәулігіне 500 келі өнім өндіретін 

болса, келешекте бұны 1 тоннаға жеткізу жо-

спарда бар. Өнімге өзге облыстардан сұраныс 

өте  жоғары.  Фатима  Қазбергенованың  цехын 

кеңейту  кәсіпкерге  мол  табыс  әкелері  сөзсіз. 

Жеке кәсіпкерлердің бірі – «СПК Қызылорда 

Балық» ЖШС басшысы Аманбай Ерхатов Ре-

сейде  үлкен  зауыт  ашып,  кәсібін  көркейтіп 

отыр. Жеке кәсіпкер Игіліков күніне 5-7 тон-

на  балық  сүбесін  экспортқа  шығаруды  қолға 

алған. 

Қазалы – жері сор, көктем кеш түсіп, қыс 



ерте  кіретін  өңір.  Осындай  қиыншылықтарға 

қарамастан егін шаруашылығы кең дамыған.

Баспана  мәселесі  –  бүгінгі  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Бұл  орайда  18  пәтерлік  6 

үйдің құжаттарын дайындап, қаржы мәселесін 

шешуге  жұмыстар  жүргізілілуде.  Қазір  жер 

берсеңіз  үй  салып  аламыз  деп  отырған  5600-

ден  аса  тұрғын  бар.  Өткен  жылы  210  гектар 

жерге инфрақұрылымдық құжаттар дайындап, 

оны да тиісті мекемелерге өткіздік. Болашақта 

Қазалы  қаласы  мен  Әйтеке  би  кентінің  ара-

сын  қосып,  орталыққа  айналдыру  жоспары-

мызда.  Бұл  келешектің  еншісіндегі  жұмыс. 

Екі  аралықтан  кәсіпкерлік  мақсатта  ғимарат 

салуға ниетті кәсіпкерлер де бар, - деді аудан 

әкімі Н.Шамұратов. 

Көрермендердің көкейіндегі: «Көгілдір от-

ынмен аудан толығымен қай кезде қамтамасыз 

етіледі?»,  «Сырдариядағы  «Әлсейіт»  көпірі 

қашан  салынады?»,  «Қазалы  қаласының  150 

жылдығы қарсаңында нақты қандай жұмыстар 

жүргізіледі?» деген сауалдарға нақты  жауап-

тар қайтарылды. 

Атап  өтсек,  бүгінгі  таңда  Әйтеке  би 

кентіндегі  1337  үй  көгілдір  отынның  игі-

лігін  көріп  отыр.  Үйлеріне  газ  кіргізем 

індеуші  тұрғындар  өте  көп.  Құжаттары  тегін 

рәсімделеді.  Елдің  бәрінің  қалтасы  көтере 

бермейтіні  де  жасырын  емес.  Бұл  орай-

да  «Хоум  банк»  арқылы  несие  алып  газ-

бен  қамтылып  отырғандар  аз  емес.  Келешек-

те тұрмысы өте төмен отбасылар үшін қолдан 

келетін қандай мүмкіндіктер бары жан-жақты 

қаралып,  тиімді  жолы  іздестірілуде.  Жыл 

аяғына дейін газ пайдаланушылар санын 2000-

ға жеткізу жоспарланып отыр. 

Ал,  қалқымалы  көпірге  келсек,  дарияның 

арғы  бетінде  тұратын  14  мың  халықтың  халі 

шынымен  де  алаңдатарлық.  Көктем,  күз  ай-

ларында  жол  қатынасы  болмай,  арғы  беттегі 

ағайын әбігерге түседі. Бірнеше жылдан бергі 

түйінді  мәселе  биылғы  жылы  шешімін  тап-

ты. Республикалық бюджеттен 500, облыстық  

бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Келер жылы 

көпір құрылысы басталады. 

Аудан  әкімінің  айтуынша,  келер  жылы 

атқарылатын  ауқымды  істер  Қазалы  қаласы 

атауының  150  жылдығы  аясында  жасалады. 

Жиырма  бес  көше  асфальтталып,  «Шағала» 

лагері кеңейтіледі. Ғимараттар жөнделіп, 6000 

адамға жер беріледі деген жоспар бар. 

Жұмыссыздық 

деңгейіне 

тоқталсақ, 

биылдың  өзінде  797  жұмыс  көзі  ашылған. 

Жұмыссыздық  жаппай  жойылып  кетуі 

мүмкін  емес,  бірақ  азайту  үшін  нақты 

жұмыстар  атқарылған.  Кәсіпкерліктің  ар-

туы  жұмыссыздықтың  азаюына  бірден-бір 

себепші.  Осы  тұста  айта  кету  керек,  күре 

жолдың  бойында  кәсіпкерлік  нысан  салуға 

бес  азамат  өтініш  білдірген.  Барлығының  да 

қаржысы қаралып, жұмыстарын бастап кеткен. 

Соның бірі «Сыр маржаны» серіктестігінің жо-

лаушылар мен автокөліктерге қызмет көрсету 

мақсатында  салынған  кәсіпкерлік  ғимараты 

осы жылдың қараша айында іске қосылмақ. 

Жастар жайы тасада қалған емес. Олармен 

жұмыс  жүргізу,  түрлі  шаралар  ұйымдастыру 

үшін  биылғы  жылы  10  млн  700  мың  теңге 

бөлінді. 

Сонымен бірге, «Өзекжарды» телебағдар-

ламасында  аудан  басшысы  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығы қарсаңында жарық көретін энцикло-

педия  туралы  да  айтып  өтті.  Энциклопедия-

да ежелгі, Кеңес дәуіріндегі және Тәуелсіздік 

жылдарындағы  Қазалы  туралы  толық 

мағлұматтар жарық көретін болады. 

Сұхбат  соңында  жуырда  ғана  Қазалыда 

дүркіреп  өткен  торқалы  той  сөз  бол-

ды.  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  деген. 

Облыстық,  аудандық  бюджеттен  бөлінген 

қаржы  мен  халықтың  ауызбіршілігінің 

арқасында абыройлы атқарылған істі ел көріп, 

халық  тамашалады.  Бұл    қазалылықтардың 

Тәуелсіздікке  арналған  тартуы.  Биылғы  жыл 

ауданымызда жемісті қорытындыланбақ.

ТОҒЫЗ АЙДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.


Аппараттың  қолдану  барысын  көрсеткен 

Жәңгір  хан  атындағы  Батыс  Қазақстан 

аграрлық-техникалық  университетінің  био-

технолгиялық  зертхана  директоры  Әсел 

Құттыбайқызы:  «Аппарат  арқылы  буаз-

дықты  дәл  уақытында  анықтағанда  ірі  қара 

табынының  өсуі  жақсарады.  Буаздықты 

диагностикалаудың  ультрадыбыстық  сканер-

ленуін  қолдану  арқылы  қашыру  нәтижесін 

бір айға ерте анықтауға болады. Нәтиже оңды 

болмаған  жағдайда  қайта  қашыруға  немесе 

малды  жарамсыздыққа  шығаруға  мүмкіндік 

береді», – деді.

Бұдан  кейін,  «Мал  шаруашылығын 

дамытудағы  отандық  биологиялық  пре-

параттардың  рөлі»  туралы  «Микробиоло-

гия  және  вирусология  институты»  РМК 

«Қолданбалы  микробиология»  филиалының 

директоры Ерік Шорабаев айтып берді. 

Қызылорда  облыстық  «Инновациялық 

тәжірибені  тарату  және  енгізу  жөніндегі 

іс-шараларды  жүргізу»  019  бюджеттік 

бағдарламасы  аясында  2011  жылғы  22 

желтоқсанда  Қызылорда  қаласында  –  осы 

өңірде  ғылыми  жобаларды  орындаумен 

қатар,  экология  және  ауыл  шаруашылығына 

қажетті  отандық  биотыңайтқыштар  мен  био-

препараттарды  өндіріске  ендіру  бағытында 

«Қолданбалы  микробиология»  филиалы 

ашылды.  Аталған  бюджеттік  бағдарлама 

негізіндегі  атқарылған  ауқымды  істер 

жетерлік.  Бүгін  солардың  бір  парасы  – 

биологиялық  препараттар  таныстырылды. 

Қызылорда  облысы  жағдайында  отандық 

«Бентобак»  биологиялық  препаратының 

көмегімен мал бордақылаудың тиімділігі және 

ет сапасын арттыру жағдайы ортаға салынды. 

Бұл малазықтық қоспа – ірі азықтардың жақсы 

сіңірілуіне,  малдарда  кетоза  және  ацидоза 

ауруларының  қаупін  төмендетуге  мүмкіндік 

беретін  бентонитте  адсорбирленген,  пропи-

он  қышқылды  және  целлюлолитикалық  бак-

териялар  негізінде  жасалған.  Оны  улы  хи-

микаттардан  бөлек  0-градус  8  температура 

аралығында  сақтайды.  Құрғақ  препараттың 

сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 12 

ай.  Артықшылығы  қойлардың  тірі  салмағын 

тәулігіне қосымша 120 грамм арттырады, яғни 

100  күн  азықтандырылғанда  бір  бас  малдың 

салмағы 12 келіге, құстардың тірі салмағы 12 

пайызға артады. Мал азығының шығыны 2,5-

4  пайызға  кемиді.  Таза  экологиялық  өнім  ірі 

азықтардың  қорытылу  үрдісін  жақсартады. 

Бентобак  мал  азығына  малдың  бір  келі 

салмағына 1,5 грамм есеппен қосылады. Мы-

салы,  ірі  қараның  салмағы  200  келі  болса, 

оның  жеміне  300  грамм  бентобак  араласты-

рылып  беріледі.  Бұл  преапартты 

«Сыр маржаны» қолданып отыр. 

Филиал  директоры  бұдан 

өзге,  ауылшаруашылық  малдары  мен 

құстардың  жас  төлдерінде  кездесетін  аралас 

ішек ауруларының алдын алу және емдеу ша-

раларына арналған полилактовит, қиын және 

жеңіл  сүрленетін,  сүрленбейтін  дақылдарды 

сүрлеуге  арналған  казбиосил  биологиялық 

препараттары  туралы  да  толық  мағлұмат 

берді. 


Оңтүстік  Қазақстан  өсімдік  шаруа-

шылығы  және  мал  шаруашылығы  ғылыми 

институтының 

Атырау 


филиалының 

бөлім  меңгерушісі,  ауыл  шаруашылығы 

ғылымдарының докторы Болат Мұхамбетовтің 

айтуынша, «Қызылорда облысының тұзданған 

топырағын  түйежоңышқа  дақылы  көмегімен 

қайта қалпына келтіру және құнарлығын арт-

тыру» жобасын өндіріске ендіру нәтижесінде 

шаруалар  жоғары  сапалы  кумарині  өте 

төмен  көк  балаусадан  мол  өнім  алуға  қол 

жеткізген.  Түйежоңышқа  дақылы  күріш  ау-

ыспалы  егістігінің  айналымында  екі  жыл 

егіледі.  Сонымен  қатар,  фитомелиоранттық 

қызмет  атқарады  және  топырақты  өсімдікке 

сіңімді  биологиялық  азотпен  байытады.  Ақ 

түйежоңышқаның «Аркас» және «Сарайшық» 

деген  сорттары  бар.  Бүгінге  дейін  облыстың 

Жаңақорған  ауданындағы  «Қожахан  ата» 

шаруа  қожалығында  және  Қазалыдағы 

«РЗА-Агро»,  Сырдариядағы  «Мағжан  и  К» 

серіктестіктерінде түйежоңышқаның «Аркас» 

сорты егіліп, мол өнім алынған. 

Семинар барысында сөз алған «Сыр мар-

жаны»  серіктестігінің  директоры  Мнажадин 

Өтеев  кәсіпкерлік  саласына  қалай  келгендігі 

мен  мал  бордақылау  алаңын  кеңейту  және 

консервіленген  өнімдер  шығару  жобасымен 

бөлісті.  Көршілес  аудандардан  келген  ша-

руа  қожалық  иелері  де  жоғарыда  айтылған 

баяндамаларға  қатысты  ұсыныс-пікірлерін 

білдіріп, тәжірибе алмасты. 

Мал  шаруашылығымен  айналысып,  кәсіп 

көкжиегін кеңейтсем деген Арал ауданындағы 

«Берекет»  шаруа  қожалығының  зоотехнигі, 

жас маман Нартай Жайназаровтың тындырым-

ды істері мен алға қойған мақсатына көпшілік 

сүйсініп, елдің келешегі жалынды жастардың 

қарымды істері арқасында кемелденетіндігіне 

сенім білдірді. 

Жалпы  инновациялық  технологиялар-

ды пайдалану арқылы халықаралық деңгейде 

экспортқа  ет  және  ет  өнімдерін  шығару 

мақсатында  өткен  семинарда  келелі  ой-

лар,  тың  мәліметтер  айтылды.  Семинарға 

жиналғандардың  көкейінде  «Кәсіпкерге  мол 

табыс,  серіктестікке  танымалдылық  әкелетін 

экспорттау  жұмысы  жанданса,  келешекте 

Қызылорданың етін Қытай, Жапония, Түркия 

елдері тамсанып жейтін халге жетеміз» деген 

арман-ниет тұрды. 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

№91 (879) Сейсенбі, 15 қараша 2016 жыл.

Жалаңтөс баһадүр – 440 жыл

Ақпарат

15 қараша – Қаржыгерлер күні

Қазақстан Республикасында 

міндетті әлеуметтік 

медициналық сақтандыруды 

енгізу бойынша

 

100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП

–  Медициналық  сақтандыру  дәрігер 

жазып  берген  дәрілерге  жұмсалған 

шығынның  орнын  толтырады  ма  және 

қандай аурулар 100 пайыз өтеледі?

–  Мемлекет  қазіргі  кезде  халыққа 

ұсынылатын  тегін  дәрілік  заттардың  тізімін 

анықтады.  МӘлМС  пакеті  шеңберінде  осы 

тізбе  тек  сақталып  қана  қоймай,  сондай-ақ 

бірқатар  позициялар  бойынша  кеңейтіледі 

және жақсартылады. 

–  ММС  жүйесінде  сақтандырылған 

адам республикадан тыс жерде тегін емде-

ле алады ма? 

–  Жоқ.  Медициналық  сақтандыру  қоры 

тек  Қазақ стан  Республикасында  көрсетілген 

медициналық қыз меттерге ғана төлейді.  



–  Жұмыс  беруші  ӘлМСҚ-қа  мен  үшін 

салым  төлейтіні  туралы  өз  бетінше  қалай 

білуіме болады?

–  Егер  ғаламторға  кіруге  мүмкіндігіңіз 

болса,  онда  Сіз  Медициналық  сақтандыру 

қорынан сақтандыру салымдарының аудары-

луы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке 

электрондық  поштаңызға  ала  аласыз  немесе 

жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға 

ресми түрде сұрау жібере аласыз.  

Егер  ғаламторға  кіруге  мүмкіндігіңіз 

болмаса,  онда  Медициналық  сақтандыру 

қорындағы  салымдар  туралы  Сіз  бекітілген 

емханаға, МЗТО, ХҚКО, аумақтық жұмыспен 

қамту  орталықтарына  хабарласып  білуге  бо-

лады.


– Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен 

қамтығандарға  жатсам,  менде  уақытша 

табыстар  болса  және  жұмыссыз  ретінде 

тіркелмеген  болсам,  онда  ӘлМСҚ-қа  са-

лымдар  аударуға  тиіспін  бе?  Егер  болса, 

онда қайдан және қанша пайыз аудару ке-

рек?

– Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 

санатына  жатсаңыз,  онда  2020  жылға  дейін 

Сізге 


жоспарлық 

госпитализациялаудан 

басқа  медициналық  көмектің  барлық  пакеті 

ұсынылады. 

Біз  Сізге  жеке  кәсіпкер  ретінде  тіркелуді 

және  мәлімдеген  табыстан  аударымдар 

жасауға,  немесе  жұмысқа  орналасу  неме-

се жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен 

қамту  органдарына  жүгінуді,  сондай-ақ  өз 

бетінше  екінші  деңгейдегі  банктер  арқылы 

ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 2 пайызы көлемінде ау-

дарымдар жасауды ұсынамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет