5
Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл
Kazakh National Agrarian University - 85 years
«Құқық» кафедрасының «Студенттерге құ
қық тық тәрбие беру» орталығының жетек
шісі, аға оқытушы Ж.М.Нұрмаханова мен
«Ги дро техника, мелиорация және бизнес» фа
культетінің студенті Б.Нағымованың ұйым дас
тыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы
және оқу ордамыздың 85 жылдығына орай
«Қазақ хандығына 550 жыл. Мәңгілік ел та
рихы!» атты мерекелік ісшара болып өтті.
Шараның мақсаты – Қазақ хандығының құрылу
тарихымен таныстыру, Керей мен Жәнібек
ханның билік жүргізу саясатына түсінік беру,
тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам
қайраткерлерінің еңбегіне, адал ұлдарына деген
құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекетіміздің
тарихын бағалай білуге үйрету.
«Өткенсіз болашақ жоқ» дегендей, Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген
сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының
арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан
кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін
Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге
ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп
тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жас
та рымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда
болған халық емеспіз» деп ой толғап, көне
тарихымызға жаңаша баға бергені баршамызға
аян. Ел Президентінің тарих жөніндегі ой
толғамдары көпшіліктің қолдауына ие болды.
Зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен та
рих шылар, журналистер, жалпы, барлық
қазақстандықтар қазақ мемлекетінің тамыры
тереңде жатқанына аса мән беруде, тарихтан
та ғылым алуда. Бүгінде көптеген зерттеу ең
бек тері мен ғылыми материалдар жарық кө
руде. Тәуелсіз еліміздің түп тамыры Қазақ
хан дығымен тығыз байланыста екендігіне дә
лел ретінде Елбасы Қазақ хандығының 550
жыл дығын атап өту жөнінде бастама көтеріп,
қазіргі уақытта Республика көлемінде осыған
байланысты ізгі шаралар жүзеге асуда. Мұндай
айтулы мереке біздің студенттеріміздің де
на зарынан тыс қалмады. Тарихты ұлық тау,
ұрпаққа ой салу мақсатында біздің бел сен
ді жастарымыз сахналық қойылым ұй ым
дастырды. Қойылымда «Гидротехника, ме ли
орация және бизнес факультетінің студенттері
Абайкенов Бахыт, Канибай Ержан, Нұржігіт
Бақдәулет, Шамшар Абылайхан белсенділік
та нытып, қазақ хандарының кейпіне енді.
Жұмабай Альбина мен Қадірханұлы Азиз «Бал
бырауын» күйін асқан шеберлікпен шертіп
берсе, факультетіміздің «Гүлбану» би тобы
мың бұрала «Қазақ» биін орындады. Сапарбек
Сымбат, Қуатбек Мадина, Айдарханқызы Ақ
ниет, Жұмабек Жансая, Мауленова Жадыра
«Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау»
мамандығының 2 курс студенттері жас ақын
Сқақ Мөлдірдің шығармашылығынан «Тарихқа
тағзым» атты өлеңін мәнерлеп, нақышына кел
тіріп оқып берді.
Мерекелік ісшараға арнайы келген П. Чай
ковский атындағы Алматы музыкалық кол
леджінің 2 курс студенттері «Адай» күйімен
көпшілікті баурап алды.
Тәуелсіздікке қол жеткізуде атабаба ла ры
мыз дың талай ғасырлар бойы ұрпаққа қал дыр
ған аманаты жатыр. «Су ресурстары және суды
пайдалану» мамандығының 2 курс студенттері
Шамшар Абылайхан, Мырзабаев Еламан, Бо
ран баев Ерхат, Сайкенов Нурсултан, Булатова
Жазира, Жексенбаева Мерей, Жанат Алуа, Нур
жигит Бақдәулет «Желтоқсан жаңғырығы» атты
көріністе мұны сомдай білді.
Мерекелік ісшара факультет студенттерінің
хорының орындауында «Көк тудың желбірегені»
әнімен аяқталды. Қазақ хандығының құ ры
луынан қысқаша мәлімет бере отырып өт
кізілген мерекелік ісшараға «Құқық» кафе
дра сының меңгерушісі з.ғ.к., қауымдасқан
проф. Б.Ж. Қуандықов және «Гидротехника,
ме лиорация және бизнес факультетінің» тәр
бие ісі жөніндегі деканының орынбасары
Д.Мукамеден өз алғыстарын білдірді. Шара
соңында орталық жетекшісі Ж.М.Нұрмаханова
белсене атсалысқан студенттерге алғыс хат пен
естелік сыйлықтар ұсынды.
Жанар НҰРМАХАНОВА,
аға оқытушы, «Студенттерге құқықтық
тәрбие беру» орталығының жетекшісі
МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ!
•
Қазақ хандығына 550 жыл
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН
ЕЛ АРДАҚТЫ
Кәрілік – дауасыз дерт. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы
қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді
сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кез де елі, халқы,
келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын ала ды. Қазіргі кезде қарттарға үлкен
мән бе ріп, көңіл аударып,
жанжақты қам қор лық
жа салуда.
Қазақстанның
өсіпөркендеуіне, еліміздің
бей бітшілік ты ныш өмір ке
ш уіне өз үлестерін қосқан
осы ардақты да аяулы қарт
та рымыздың ар қасы.
Біз де тәуелсіз елдің
еркін, білімді азаматы ре
тінде қараша айының 13
жұл дызында алматы қа ла
сындағы ардагерлер үйі не
барып, Қазақ ұлттық аг
рарлық университетінің сту
денттік кәсіподақ төрағасы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлының бастауымен оқу ордамыздың
белсенді жастары бірігіп, қарттарымызға шағын мереке сыйлап, «Қарттарын қадірлеген
ел ардақты» атты концерттік
бағдарлама қойып қайтқан
болатынбыз.
Шараның басты мақсаты
– қарттарға әлеуметтік қол
дау көрсету, ұрпақтар сабақ
тастығы қамтамасыз ету,
қоғамда ынтымақ, пат рио
тизм, қарт адамдарға және
дәстүрге деген құрметті кү
шейту.
Қарттарымыздың көңі лін
көтеру мақсатында әр түрлі
ойындар өткізіп, қария ла
рымызды әсем әуенге би
лет кіздік. Сонымен қатар, рухани азықтан бөлек, студенттік кәсіподақ ұйымы атынан
шағын ғана сыйлық табыс етілді. Концерт соңында, залда отырған қарияларымызға сөз
беріп, ол кісілердің жылы лебіздері мен ақ батасын алдық.
Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әке
летінін кім болса да жақсы түсінеді. Үлкендерімізге көңіл бөліп, халжағдайларын сұ
рап тұрғаннан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық. «Әлемді өзгерткін келсе – өзіңнен
баста» дегендей, әрқашан игі істердің бастамасы болуға тырысып, әр кез жақсылықтың
жаршысы болайық, құрметті жастар!
Әшірәлі СМАНОВ,
Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы
+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
++++++++++++++++++++++++++
++++++++++++++++++++++++++
«Аққайың» студенттер үйінде «Орман, жер
ресурстары және жеміс көкөніс шаруашылығы»
факультеті әйелдер кеңесі ұйымының және
«Жеміскөкөніс шаруашылығы» мамандығының
1 курс студенттері мен тәлімгерлерінің ұйым
дастыруымен «Отан от басынан басталады»
тақырыбында ісшара өткізілді.
Шын мәнінде, әр отбасы өзінше бір Отан.
Кеше ғана осындай бірбір отбасынан келген
1курс студенттері өздерінің жанұяларына де
ген сағыныштарын, махаббаттарын бар жү
ректерімен осы бір шағын ісшарада өлең
де рімен, тақпақтарымен, әнжырларымен,
би ле рімен және шағын қойылымдарымен көр
сете білді.
Кеште деканат тарапынан, Университет
Әйел дер кеңесінен шақыртылған арнайы қо
нақтар да болды. Кеш басталысыменақ жүр
гі зушілер Бактыгулова Айша мен Мұсабек
Ме руерт тақырыпқа сай өлеңдерін оқып елді
бірден баурап алды. Одан кейін топ жетекшісі
Шотарбай Жанерке отбасы туралы көркемсөз
оқып, Ұ.Жолдасовтың «Сәби бақыты» атты әнін
тамылжыта орындағанда көзіне жас алмаған
адам қалмады. «Қара жорға» биіне мың бұрала
билеген Баянды Аяулымның өнеріне көпшілік
тәнті болды.
Кеш барысында отбасындағы қарымқатынас,
сыйластық т.б көптеген тақырыптар төңірегінде
пікірталастар болды. Оны 1курс тәлімгерлері
Жумагулова Жангуль, Тойчибекова Ұлболсын
және 1курс студенттері Әбдінәсір Еркебұлан,
Бәкірәлі Сәуле, Аман Ақеркелердің қатысуымен
құрылған «Қазіргі кездегі отбасы жағдайы»
жөніндегі сахналық көрініс одан әрі жандандыра
түсті.
Кеш соңында Университет Әйелдер кеңесінің
орынбасары Жұмакүл Сейітқадырқызы же ке
адам болып қалыптасудағы отбасының ма ңызы
зор екендігін айта отырып, кешті ұйым дас ты
рушыларға шексіз алғысын білдірді. Сондай
ақ факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Мая Викторовна және аға тә лім
гер Роза Сәбитқызы да кештің өте жоғары дә
режеде өткенін атап өтті және осындай үлкен
тәрбиелік мәні бар тақырыптағы кештер, ашық
тәрбие сағаттары жиірек өткізіліп тұрса деген
тілектерін білдірді.
Роза МАЖИТОВА,
а.ш.ғ.м., аға оқытушы
ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
20 қараша күні университетіміздің 85 жылдық мерейтойына орай «Технология және биоресурстар»
факультетінің мәжіліс залында «Дәмді, арзан және тез» атты студенттерге арналған тағам мәзірлері
кітапшасының тұсаукесері болып өтті.
Айтулы іс шара «Биотехнология және дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Азық
түлік өнімдерінің технологиясы» 105, 115 топ және «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы
202 топ студенттерінің атсалысуымен жүзеге асты.
Тағам мәзірлерінің кітапшасына студенттер өздері жатақханада дайындай алатын әртүрлі дәмді
тағам түрлері, оларға қажет шикізаттар, жасалу жолдары мен бағасы туралы, ұлағатты сөздер, пай
далы кеңестер, үстел басындағы этикет туралы ақпараттар енгізілді.
Іс шараға университетіміздің тәрбие басқармасының бастығы Г.С. Хасиетова, С.Ж. Асфендияров
атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н., «Технология
және биоресурстар» факультетінің деканы Буралхиев Б.Ә., «Биотехнология және дене тәрбиесі»
кафедрасының меңгерушісі Серикбаева А.Д., доцент Мырзабек К.А., қауымдастырылған про фес
сорлар Қозықан С., Жамурова В. С., Сүлейменова Ж. М., аға оқытушы Алмағанбетова А.Т., ассис
тент Мырзабекова М.Ө., «Тағам инженериясы» кафедрасының ассистенті Киябаева А.Т., факультет
сту денттері қатысты.
Мерекелік кеш факультет деканы Буралхиев Б.Ә., кафедра меңгерушісі Серикбаева А.Д. және
ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының аға оқытушысы А. Н. Қожахметовалардың құттықтау сө
зімен, сондайақ студенттердің университетіміздің 85 жылдық тойына арнап жасаған ерекше үлкен
тортты кесу рәсімімен басталды. Шара барысында қатысушылар студенттер дайындаған түрлі та
ғамдардан дәм тата отырып, студенттердің дұрыс тамақтануы қажеттілігі, кітапшаның мазмұны
туралы жасаған баяндамалары тыңдады.
Кеш соңында іс шараға белсене атсалысқан кураторлар мен студенттерге мақтау қағаздары берілді.
Студенттерді осындай шараларды өткізуге ұйымдастыру арқылы оларды еңбектенуге, іздене білуге,
денсаулықты сақтауға, өзінөзі тексеруге, жеке және ұйымдаса жұмыс жасай білуге, тапсырманы
тиянақты орындауға және өз күшіне сенімді болуға үйретуге мүмкіндік береді.
С. ҚОЗЫҚАН,
«Биотехнология және дене тәрбиесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
ДӘМДІ, АРЗАН ЖӘНЕ ТЕЗ
•
Тұсаукесер
6
Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл
Kazakh National Agrarian University - 85 years
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫ
Мен тәуелсіз елімнің ұланымын!
Қияға ұшар, қалықтар қыранымын!
Өзімді теңестірем ұлы адамға,
Өйткені азаттықтың шынарымын!
Ойым ұшқыр, ақылды, қырағымын,
Тете өскем, бейбіт күн сыңарымын!
Санамды сарқылмастай толтырамын,
Өйткені бейбітшілік ұланымын!
Жанарым жадырайды қуаныштан,
Ұрпақпыз қамсыз өскен қиналыстан!
Елбасым бар саралы жол көрсеткен,
Бағдарлар саясатты тым алыстан!
Туым бар, елтаңбам бар мәртебелі,
Қазақтың дарқан, байтақ өлкелері.
Ұлылар, батырларым қанын төккен,
Қасиетті санаймыз әр төбені!!
Егемен елім бар деп мақтанамын!
Келелі болашаққа аттанамын,
Туыммен көтерілем заңғар көкке,
Тәуелсіз ел ғой менің, нақ тұрағым!
(Жұмақ мекен, қонысым бақ тұрағым!)
Марфуға ӘНІБЕКҚЫЗЫ,
Инженерлік факультетінің студенті
БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАСТАРЫ!
Мен жастарға сенемін,
Көзінде алау, нұр тұнған.
Мағжан атам айтқандай,
«Қырандай қанат ұмтылған».
Жас шебінде мен де бар,
Елім үшін жан құрбан!
Ары асқар тауындай,
Тасқыны өзен суындай.
Лаулаған алау жалындай,
Біз – қазақтың жастары!
Гүлденіп, өсіп, көгерген,
Жанарда жалын көрінген,
Ниеті сүттей төгілген,
Біз – қазақтың жастары!
Көңілінде сенім бар,
Жүрегінде
иман бар,
Жігер, намыс қайрат бар,
Біз қазақтың жастары!
Сөзіңді жерге тастамас,
Атыңды ұятқа қалдырмас,
Абыройсыз істі бастамас
Біз қазақтың жастары!
Абыройлы істі бастаса,
Табылар жайсаң тілеулес.
Қазақтан қазақ асса да,
Өзгеге есе жібермес!
Абыройлы қазақ жастары
Тамырын алып тектіден,
Үлкенге ізет көрсетіп,
Кішіге міндет деп білген.
Жаманға арын сатпады,
Жақсыны ойға сақтады,
Бойынан «сенім» тапқаны,
Біз қазақтың жастары!
Қонақжай көңіл қалмайтын,
Салты да ұмыт болмайтын.
Даналық тілде сайрайтын,
Біз қазақтың жастары!
Сенімді алға жалғайтын,
Қырандай биік самғайтын.
Тереңнен ақыл толғайтын,
Біз қазақтың жастары!
Мөлдір ЫСҚАҚ.
«Гидротехника,мелиорация және
бизнес» факультетінің 2 курс студенті
ЖАС ҚАЛАМГЕР
++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
Мен студентпін. Еліміздегі
аг рарлық ғылымбілімнің қара
шаңырағы – Қазақ ұлттық аг
рар лық университетінде «Ве те
ринарлық медицина» ма мандығы
бойынша білім алудамын. Менің
мемлекетті гүлдендіруге қосар
үлесім қандай болмақ?
Ең бірінші қосар үлесім –
оқу ымды жақсы оқу, болашақ
ма мандығымның
қырсырына
тео риялық және практикалық
тұр ғыдан қанығып, қоғамдық жұ
мыс тарға барынша ат салысу.
Менің болашақ мамандығым
қоғамға тікелей ықпал ететін
кәсіп саласы. Президентіміз:
«Ау ыл шаруашылығы Қазақстан
эко номикасының негізі болып
табылады. Ауыл шаруашылығын
көтермей біз басқа саладан
шыға алмаймыз», деп, ел эко но
микасының негізгі кепілі ретінде
ауыл шаруашылық саласын ай
рықша атап өткен болатын. Оның
үстіне халқымыздың 47%ы аг
рарлық саламен айналысады.
Сол себепті игеріп жатқан ма
мандығымды жетік меңгеру,
тәжірбиесі мен білімі ұштасқан
маман болу, кіндік қаным тамған
киелі жер, алтын бесік туған ауы
лымды көркейту – менің болашақ
міндетім болып табылады.
Осы ұлы мақсат жолында іргелі оқу ордамның ұлағатты ұстаздарының
жетекшілігімен «Сүттен лактозаны алу әдісін жетілдіру» тақырыбында
ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудеміз. Осы тақырыптағы ғылыми
жобамды үш жылдан бері зерттеп келемін. Сүт – мал баққан қазақ
жанұясының негізгі тағамы. Төрт түлік жануарлардан қымыз, шұбат,
айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін,
сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. Ықылым замандардан келе
жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір
шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт – азықтық құнары
жағынан кез келген тағамды алмастыра алатын тағам. ХХ ғасырдың басын
да ұлы орыс микробиологы И.И.Мечников айран ішкен кезде ішектердегі
шіріткіш микробтардың ығыстырылып шығатындығын анықтаған. Оның
үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, тәбетті ашып,
астың қорытылуына жәрдем болады. Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сүт
қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін
түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді.
Мысалы, сүт пен сүт өнімдері семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек
дертін емдеуде медицинада кеңінен қолданылуда.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының
мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңілкүйі де
көтеріңкі болады, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені
саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі
– салауатты өмір салтын ұстанатын жалындаған жастар, яғни біздің
қолымызда. Денсаулықты күтуде салауатты өмір салтын ұстанумен қатар,
дұрыс тамақтану жүйесін де ескерген жөн.
Дамыған елдердің (мысалы, Жапония) функционалды тамақтану
туралы бағдарламасы 25 функционалды қоспалардан тұрады, оның 19ы
тікелей микрофлорамен байланысты, тек біреуі пробиотик – лактобацилла
штамы «LGG», ал қалғаны пребиотиктер болып табылады, соның ішінде
ең тиімдісі – сүттегі лактоза.
Сүт – денсаулыққа пайдалы екі жүзден астам органикалық және
минералды заттардан құралған биологиялық сұйықтық.
Төрт түлік жануарлар сүтінің ішінен лактоза көп мөлшерде жылқыда
кездеседі. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз», деп Жамбыл атамыз
айтқандай, қымыз – қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең
құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Сары
қымыз – дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, жан
сарайыңды ашып, адамның зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді
сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануарының өзіне ғана тән асыл
қасиетінен болса керек. Адымы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақтар қазақ
даласының кең байтақ жайлауын еркін жайлап, дәмдідендәмдіні, коректі
мен құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп
кең даланың сан алуан гүлбәйшешектері мен мың түрлі дәрідәрмектік
шөптерінен жылқы жарықтық адамға шипалы, жағымды тамақтық зат
тар әзірлейтін болса керек. Енді, бір сәтке ой тереңіне барлап, болашаққа
сапар жасап көріңізші. Бірекі жылдан соң университеттен қолымызға
дипломымызды алып, түрлі қызметтерге орналасамыз. Сол кезде, алған
білімімізді кәдеге жаратып, өз кәсібімізді дөңгелетіп әкетсек, яғни Қазақ
елінің бренді болған – қымыздың ашылмаған сырларын зерттеп, осы
арқылы Қазақ елін бүкіл әлемге танытсақ... Бұл міндетті түрде біздің
елді әлемнің әлеуетті елдерінің қатарына қосады. «ХХІ ғасыр – білім мен
ғылымның ғасыры болады», деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,
қоғамымыз, жастарымыз дәстүрден, өткеннен үлгіөнеге ала отырып
заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет
бұрса, нұр үстіне нұр емес пе?!
Мен елімнің гүлденуі үшін әуелі сапалы білімге қол жеткізуім керек.
Сол алған білімімді болашақта тиімді пайдалана біліп, өз мамандығымның
білгірі болуға ұмтыламын. Өз салама байланысты жаңалықтарды үнемі
назарда ұстап, жаңа технологияларды игеріп, өзімді жетілдіріп отыруға
міндеттімін. Бұл тек мен ғана емес, ел ертеңін ойлаған әр жастың алға
қойған мақсаты болуы керек. Әрбір жас «Ел мен үшін не істей алады
деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын?» деген қағиданы ұстанса
Қазақстанымыз гүлдене бермек. Әбу Нәсір әлФараби бабамыздың
даналық сөздерімен ойымды қорытындылағым келеді: «Өз ісіңнің білгірі
һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да игілігін көріп, рахатына
бөленуді мақсат тұтқан жөн».
Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі
мен баянды болашағы жастық жігері мен күшқуатын ел игілігі үшін
жұмсауға дайын жалынды жастардың қолында екені сөзсіз. Оған сіз бен
біздің қосар үлесіміз қандай болмақ? Ойланайық..! Отаншыл жастарсыз
еліміздiң болашағы да қараңғы болатынын естен шығармайық!
МЕН ЕЛІМНІҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫН?
Бектөре МАНСҰРОВ,
Ветеринария факультетінің 4 курс
студенті
ҚАҢТАРДА КҮН
ҚАТТЫ СУЫТУЫ
МҮМКІН
«Қысқы кезең жағдайында төтенше жағ дай
лардың алдын алу және оларды жою бойынша
ісқимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік
жүйесінің басқару органдары мен күштерін
даярлау» тақырыбы бойынша «Қыс2015»
республикалық командалықштабтық оқу
жат тығу өткізілді. Оқужаттығу азаматтық
қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы
кезеңдегі төтенше жағдайларға әзірлігін арт
тыру мен ден қою деңгейін тексеру мақ са
тында болды. «Қыс2015» оқужаттығу бары
сында еліміздің барлық аумағында төтенше
жағдайларды жою және зардап шеккендерге
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде
тактикалықарнайы жаттығулар орындалды.
ҚазГидрометтің айтуынша, 2016 жылдың
қаңтар айының орта тұсында Қазақстан ау
мағында күннің қатты суытуына қатысты ауыр
метереологиялық жағдай күтілуде. Со ның
салдарынан орын алуы ықтимал электр сым
дарының, байланыстың үзілуі, сумен, газбен
және жылу қуатымен қамтамасыз ететін ны
сандардың техногендік апаттан бұзылуы,
жол дардың тайғақтануы мен басты көлік
магистральдарын қар басып қалу жағдайларына
дайын болуымыз керек. Осы айда алыс жолға
шығып, таулы аймақтарға бармаған жөн. Жи
налғандар төтенше жағдайларды алдын алу
бойынша өткізілген аталмыш оқужаттығуларға
үлкен мән берді.
Достарыңызбен бөлісу: