Педагогикалық практиканың бағдарламасы
«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы»
К
Ү
Н
І
Жұмыстың мазмұны
Ұйым
дасты
рылған
жұмыс
Бірлес
кен
жұмыс
Жауап
тылар
1.Мектеппен, сыныппен, сынып
жетекшісімен танысу.
2. Сынып жетекшісінің
жоспарын оқу. Күнтізбелік
жоспардың құрылуымен,
педагогикалық практиканың
өтілуімен танысу.
3. Оқушылармен,
оқытушының тәрбие
жұмысының жоспары
жөнініде әңгіме жүргізу.
Педагогикалық практиканың
күнтізбелік жоспарының құрылуы.
4. Балаларды оқыту әдісі.
5. Үзіліс
6. Мұғалімнің тәжірибесі мен сабаққа
қатысуы.
7.Жеке оқушымен танысу
8.Тәрбие бөлімі
Күнделік мазмұны
9.Бірлесіп және топтасып жасалған
жұмыс.
10.Сынып бұрышының әзірленуімен
жұмыс.
11.Ата–аналарға арналған анкетаға
дайындық және оны өткізу.
Сыныптан тыс кештерге дайындалу бойынша
нұсқаулар
1.
Аты
2.
Мақсат, міндеттері
3.
Құралдар
4.
Өткізу формасы
5.
Барысы
Атында сыныптан тыс кешінің тақырыбы шығады. Ол формасы бойынша
ықшамдалған, тартымды болу керек және мазмұнын нақты айқындау керек.
Мақсат: жұмыстың жалпы бағыты ретінде қалыптасады.
Міндеттері: нақты сапаларды дамытуға бағытталуы керек, сыныпқа қатынасы
және кештің мазмұнын ашу керек.
Құралдар:
түрлі
көрнекіліктер,
ойыншықтар,
сызбалар,
әдебиет,
декорациялар, аудио-видео жазбалар.
Формасы: викторина, конкурстар, сачхаттар, сайыстар және т.б.
Мазмұны: кеш тәрбие әдістерінің мазмұнын бейнелейді.
19
Сабақтың барысы негізгі төрт кезеңнен тұрады:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1-3 минут).
Мақсаты: балаларды жұмыстың басқа түріне ауыстыру, қызығушылықтарын
ояту және жағымды эмоцияларын ояту.
2. Енгізу бөлімі (9-15 минут).
Мақсаты: балаларды белсендіру, оларды шығармашылық істерге қатыстыру
түрлі әдістерді қолдануға болады:
ребус, кроссворд, шараду, басауыртқыштар, мәселелі әңгімелер және т.б.
3. Негізгі бөлім (20-25 минут), уақыты бойынша ең ұзағы.
Мақсаты: кештің негізгі идеяларын іске асыру ерекше эмоционалдық
атмосфераны қажет етеді.
4. Қорытынды бөлім (9-11 минут). Рефлексия.
Мақсаты: алған тәжірибелерді балалармен жүйелеу.
Нақты тапсырмаларды қолдану: кроссвордтар, кіші-викториналар, ойын
жағдайлары формасында және т.б.
Балаларды бақылауға күнделік жүргізу
Бақылау күнделігіне қалың дәптер арнаған дұрыс. Әр балаға 3 - 4 беттен
арнау керек.
1 бетіне келесі мағлұматтарды енгізуге болады:
Баланың аты-жөні;
Туған күні, айы, жылы;
Ата - анасы туралы мәліметтер: аты-жөні, жұмыс орындары;
Тұратын жері;
Отбасы құрамы;
Тұрмыс жағдайлары;
Баланың денсаулығы.
Күнделік жүргізу барысында баланың әр жағдайда өзін әр түрлі көрсетуі
туралы үнемі жазып отыру.
Балаларды бақылауға, зерттеуге болатын негізгі бағыттар:
І. Жақсы көрсетулер:
1. Жақсы сапалары;
2. Баланың қызығушылығын дамыту, тереңдету, тұрақтату;
3. Бастама, өз бетімен.
ІІ. Ұжымға қатынасы:
Бала өзін ұжымда қалай сезінеді;
Жолдастарына қалай қарайды;
Кіммен ойнауды ұнатады;
Кіммен достасады;
Басқа балалардың оған қатынасы.
ІІІ Еңбекке қатынасы:
•
Еңбек машығының дәрежесі;
•
Еңбектің қандай түрімен қызығады;
•
Жұмыс барысындағы тәртібі;
•
Бастаған ісін аяқтай ма;
ІҮ. Ойлау қабілетінің ерекшеліктері:
•
Қандай білімі бар?
•
Көңілі, қабылдау, есте сақтау ерекшеліктері;
•
Сөйлеу, сөздік құрамды дамыту.
Күнделікте балаларды күнделікті өмірде бақылау нәтижесі болуы
қажет. Күнделік практиканттың жұмыс тәжірибесін өзіндік жалпылау болып
табылады.
20
Сынып оқушыларының ұжымын зерттеу
сызбасының үлгісі
1.
Оқушылар ұжымы туралы жалпы мәліметтер
(сынып қашан қалыптасты; ондағы оқушылар саны; олардың ішіндегі ұлдар
және қыздар; оқушыларды үлгерімі бойынша бөліп тастау және т.б.).
2.
Сынып ұжымының іскер (формальдық) құрылымына мінездеме:
- сынып оқушыларының ұйымшылдық және ұйымдастырушылық қабілеттері
(кіші сынып оқушыларының педагогикалық талаптарға қатынасы; ұжымдағы
қоғамдық ойлардың барлығы, өзара талап ету және өзара көмек беруді
көрсету; белсенділердің өзіне және ұжымның басқа мүшелеріне талап қоя
білуі, бірігіп жұмыс жасауды және өзара бақылауды ұйымдастыра білу).
3. Сынып ұжымының дербес құрылымының мінездемесі:
- сыныптағы қалыптаспаған лидерлердің барлығы, олардың сыныпқа және
бөлек оқушыларға ықпалы;
- қалыптаспаған топтардың барлығы, оның себебі, олардың істерінің
бағыттылығы, оқушылардың топқа бірігу негіздері, олардың сынып
жұмыстарына қызығушылық деңгейлері;
- қыздар және ұлдар арасындағы өзара қатынасының ерекшеліктері; сынып
оқушыларының арасында жолдастық , достық қатынас және т.б.
4. Сынып ұжымы жұмыстарының мазмұны:
- оқушылардың оқу-танымдық жұмыстары (бөлек пәндер бойынша оқушылар
үлгерімінің жалпы мінездемесі, оқу жұмыстарына өзара көмек беретін
ұйымдар, сабақтағы тәртіп, үй тапсырмасын өзіндік орындау дәрежесі және
т.б.).
- оқушылардың оқудан тыс жұмыстары (бірлескен жұмыстар түрлері және
оларға кіші сыныптардың қатысуы; оқудан тыс жұмыста оқушылардың
белсенділік және дербестік көрсетуі; оқушылардың үйірмелерге, спорттық
секцияларға, шығармашылық ұжымдарға қатысуы; сынып оқушыларының
қосымша білім мекемелеріне баруы және т.б.).
5. Жалпы тұжырымдар:
-
сынып ұжымының даму деңгейінің мінездемесі;
-
сынып ұжымының тәрбиелік деңгейінің мінездемесі;
-
оқушылар ұжымын алдағы қалыптастыруға ұсыныстар.
Машықкер міндеттенеді:
мектептің жұмыс кестесі мен ішкі ережелерін сақтауға;
өз сыныбындағы сабақтарға сабақ басталарда келіп, біткен соң кетуге;
мұғалімдер мен машықкер-студенттерді аты-жөнімен атауға;
мектеп оқушыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен, оқытушылармен
сыпайы, мұқият, жақсы қарым-қатынас жасауға;
практиканың барлық міндеттерін орындауға. Есептері мен мінездемелерін
12.03.2010ж. дейін колледжге 104 кабинетке тапсыруға.
этикет талаптарын сақтауға, мұғалім мамандығына сәйкес киінуге;
практиканы босатқан жағдайда (ауырған немесе басқа да себепті
жағдайларда), кешіккенде, мектепке телефонмен хабарласу; мектепке
келген бетте бірден оқу ісінің меңгерушісіне жолығып, практикадан
кешіккен, босатқан себептерін түсіндіріп, қажетті құжаттарды тапсыруға;
мұғалімдерді өзінің сабаққа келгендігі жөнінде хабарландыруға.
21
Студент тиісті емес:
-
мектепте сырт киіммен және бас киіммен жүруге;
-
сыныпқа қоңыраудан кейін кіруге;
-
сабақ үстінде кіруге;
-
мектепте немесе мектеп маңында шылым шегуге;
-
жағымсыз қылықтар көрсетуге немесе
тәртіпсіздік көрсетуге.
Студент мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, әдіскерлердің,
директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасарының көмегіне
жүгіне алады.
«__________________» пәні бойынша
«Сыныптан тыс жұмыс технология» практиканың қорытындысының есебі
_______________ (Аты – жөні), топ студенті
1.
Практика қай мектепте және сыныпта өткізілді. Оқытушымен, әдіскер.
2.
Практика бағдарламасы, оның тапсырмасы және барлық жұмыс түрі.
3.
Сынып сағатына дайындықпен, өтілуіне талдау жасау.
4.
Қай мұғалім сіздің қолданған әдістеріңізді қолдап, өз сынып сағаттарында
қолданды?
5.
Тәрбие жұмысының әдістерінде жаңадан нені білдің және үйрендің?
6.
Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдану әдісі.
7.
Сынып сағатына дайындық пен өткізілу кезінде қандай қиындықтарды
сездің және әдіскер мен педагогикалық практика мұғалімі қандай көмек
көрсетті?
8.
Тәрбие жұмысының әдісі қандай дәрежеде?
-
теориялық білімнің педагогикадағы, психологиядағы және әдістемедегі
сапасы;
-
оларды практикада қолдана білуі;
-
Сіздің тәрбие жұмысыңыз мақсат пен тапсырмаға сәйкес келді ме?
-
Практикалық әдіске дайындық пен өткізу кезінде ұйымдық шығармашылық
жұмыс пен оқушылардың танымдылығын ұйымдастыру;
-
Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыс кезінде балаларды ұйымдастыра білу;
9.
Практика әдіскері мен педагогика - психология мұғалімінің атына тілек;
10.
Сынып жетекшісінің жұмыс әдісін қандай дәрежеде қолдандыңыз:
23
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ПРАКТИКА
Барлық мамандықтар бойынша
студенттер және колледж әдіскерлерге арналған
әдістемелік нұсқаулар
24
Құрметті оқушылар!
Жазғы практика балалар мен жеткіншектер өміріне, психикасын және
денсаулықтарын, сапалы демалыстары мен дамуын толық жауапкершілікке алатын
өзіндік педагогикалық жұмыс болып табылады.
Бұл жұмыстың уақыты мен өтетін орны да ерекше. Демалыс уақыттары балалар
өздерін, қоршаған ортаны мүлдем басқаша қабылдайды және өздерін күтпеген
жақтардан көрсетеді. Сондықтан да лагердегі дене тәрбиесі-спорттық жұмыс
мұғалімдерінің қызметі көпфункционалды және түрлі білім мен икемділікті талап
етеді. Балалар сауықтыру лагері сіздер үшін тек педагогикалық практикадан өту
орны ғана емес, сонымен қатар тәрбие факторы әрі кәсіби қалыптасу болып
табылады.
Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің міндеттері – денсаулықты орнықтыру , қозғалыс
икемділіктерін дамыту, балалардың дене тәрбиесі және спортқа деген
қызығушылықтарын ояту.
Негізгі талаптар:
1)
балалар жасына сәйкес келу (7-9,10-11,12-13,14-18 жас), олардың денсаулық
жағдайларын, дене тәрбиесін дамыту және дайындық;
2)
лагерь режимінің бір бөлігі болу;
3)
балалар қызығушылығына жауап беру;
4)
дене тәрбиесі сабақтарын өзіндік, жүйелікке тәрбиелеу;
5)
әртүрлі болу.
Дене тәрбиесі жұмысының формалары
1)
күнделікті таңертеңгілік гигиеналық гимнастика;
2)
дене тәрбиесіне дайындықпен айналысу;
3)
тұрғылықты жерлерде жорық ойындары;
4)
үйірмелер;
5)
жүзуді үйрену;
6)
спорттық жұмыстар;
7)
дене тәрбиесі және спорттық кештер
8)
нұсқаулар.
Сауықтыру лагеріндегі міндеттер
Лагерь меңгерушісі және топ жетекшісі:
1)
жалпы басшылық етеді, лагерьдегі дене тәрбиесі ойындарына жауап береді;
2)
сабақ өткізу жағдайын жасайды;
3)
дене тәрбиесі жұмыстарын бақылайды.
Дене тәрбиесінің жетекшісі
1)
лагерь топ жетекшілерімен бірігіп спорттық-массалық жұмыстардың жалпы
жоспарын құрады;
2)
тәрбиешілермен, топ жетекшілерімен, дене тәрбиесі белсенділерімен нұсқау
өткізу;
3)
топтардың үйірме сабақтарын ұйымдастырады;
4)
таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканы, тұрғылықты жерлерде серуендер,
ойындар өткізеді;
5)
жүзу жөніндегі жетекшіге көмек береді.
Жүзу жөніндегі нұсқаушы
1)
дене тәрбиесі жетекшісімен бірігіп спорттық жарыстар өткізеді;
2)
жүзуге үйретеді;
3)
жүзу құралдарын дайындайды.
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика
Жаттығу күн сайын 15 минут аралығында өтеді. Ауа райы жақсы күндері
жаттығу алаңда немесе стадионда барлық топпен бірге өтеді. Жауынды-шашынды
күндері жаттығу жақсы желдетілген жайларда өткізіледі. Жаттығудағы киім қалпы.
25
Ауа райы жылы күндері балалар жаттығуға жеңіл спорттық киімдерін киеді (майка,
шолақ дамбал); суық күндері жаттығуға арналған қалың киімдерін киеді. Жаттығу
жүргізу барысында балаларды топтық колонналар линиясына сапқа тұрғызады.
Жетекші жалпы қатардың ортасында бірінші саптан 10-15 м қашықтықта тұруы
керек.
Тәрбиешілер және топ жетекшілері өз жасақтарының қатарына қарап ертеңгі
гигиеналық гимнастиканы орындайды. Бір мезгілде олардың тәртіптері мен
жаттығуды дұрыс орындауларын қадағалайды. Жаттығуға дәрігер қатысуы қажет
(медбике). Ертеңгілік гигиеналық гимнастика жетекшінің «Қайырлы таң, балалар!»
деген амандасуымен басталады. Ертеңгілік гигиеналық гимнастика 8-12
жаттығудан тұрады. Комплекс ортасында жүктеме бірте-бірте көтеріледі, ал соңғы
2-3 жаттығуда қайта төмендейді. Жаттығу орындау барысында демалу мүшелерін,
сымбаттылықты сақтау, жаттығуларды қажырлы, айқын істеу қажет. Әрбір
комплекстік жаттығулар 6-10 рет орындалады. Комплекс жүру, бір орында тұрып
жүгіру немесе дистанцияны ұстап тартылу және демалу жаттығуларын жасаудан
басталады; қолға, денеге, аяққа жаттығулар жасау, құрама жаттығулар, комплекс
соңында демалу жаттығуларына сәйкес секіру және орында жүру (1минут)
жаттығулары.
Бірінші мезгілге ертеңгілік гигиеналық гимнастиканың 2-3 комплексін үйреніп
алулары керек, топтар арасында ертеңгілік гигиеналық гимнастиканың үздік
орындаушысы жарысын өткізу. Кішкентай сынып жасындағы балалармен жаттығу
жұмысын бөлек 12 минут аралығында дене тәрбиесі жетекшісінің нұсқауымен жүзу
жөніндегі нұсқаушы, тәрбиеші, топ жетекшілері өткізеді.
Шынығу
Табиғат күштерінің көмегімен шынығу (ауа, күн, су) денсаулықты орнықтыруға,
пайдалы гигиеналық дағдыға ие болуына септігін тигізеді.
Шынығу процедураларын бірте-бірте, жүйелеп және балалардың жеке
ерекшеліктерін есепке ала отырып өткізеді. Шынығуға ауа, күн, су процедуралары
кіреді – сүртіну, ақтарып құю және шомылу. Процедураларды әртүрлі денені
шынықтыратын жаттығулармен өткізу керек.
Ауамен шынығу (ауа ванналары) процедурасын 18 ден 20 градус цельсия ауа
температурасында қолданады. Ауа ванналарын шолақ дамбалда (қыздар шомылғы
киімдерінде) қабылдайды. 14-17 градус температурасында балалар қалың шынығу
космтюмдерінде болулары керек. Ауа ванналарын таңертең және кешқұрым 10-15
минут ұзақтығында қабылдайды, ал мезгіл ортасында 2 және одан да көп сағатқа
созуға болады.
Күнмен шынығу ( күн ванналары) процедураларын жабдықтандырылған
қалқалармен, саңырауқұлақтармен су қоймасы жағасында өткізу. Ең жақсы уақыт
10-нан 12 ге дейін және тамақтанып алғаннан кейін бір жарым сағаттан ерте емес.
Бірінші сеанс ұзақтығы – 5-10 минуттан ұзақ емес. Денені тегіс күнмен
әшкерелейді: ең алдымен кеуде, сосын іш, кейін арқаның оң, сол жақтарын. Барлық
балаларда жеңіл бас киімдері болу керек. Күн ванналарын күн сайын 5 минутқа
ұзартып отырады және мезгіл ортасында оны 7-10 жастағы балалар үшін 20-40
минутқа, 11-15 жастағы балалар үшін 50-60 минутқа ұзартуға болады.
Сумен шынығу – сүртіну, ақтарып құю және шомылу.
Сүртіну – күн сайын таңертеңгі жаттығудан кейін денені сулы қолмен сүртіну,
алдымен қолды, мойынды, кеудені, арқаны, ішті, аяқтарын, сосын денені құрғақ
орамалмен сүрту. Сүртіну ұзақтығы күнсайын 5 минут.
Ақтарып құю – денеге суды қолмен, шелекпен, құмықпен құйып отырады, су
құю ұзақтығы күн сайын 30 секундтан 2 минутқа дейін, су температурасы
бастапқыда 29-30 градус.
Шомылу – су таза, жаға құмды, жаға бойының ұзындығы 30 метр, ені 15 метр
болуы керек. Ағу жылдамдығы қатты емес (минутына 10 метр).
26
Су қоймасының ені 20 метрден, тереңдігі 120 см. көп болмауы керек. Түбі
қатты, тегіс, шұңқырсыз, ортасына қарай төменірек. Су қоймасының ауласы
қоршатылады. Шынығу орындарын құтқару және оқу құралдарымен жабдықтау
керек (құтқару орталары, жүзу тақтайшалары, доңалақтар, доптар, сонымен қатар
құтқару қайықтары).
Спартакиада
Спартакиада барлық мезгіл бойы 2 кезеңде өтеді:
1)
топтағы сайыстар;
2)
жалпы лагерлік сайыстар (топтық);
Спартакиада өткізу дайындықтарын және қорытынды өткізуді қосады.
Топтағы сайыстартарды 2-3 күн аралығында өткізеді, мәселен:
1 күн жүгіру 30-60метр, жүгіріп ұзындыққа секіру;
2 күн – жүгіріп жоғарыға секіру,
3 күн – винтовкадан ату, ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |