біздің басымызға бақ болып қонған тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ.
Ендеше, тәуелсіздіктің 20 жылдығына тұстас келіп, ақ түйенің қарны жарылған бұл
той — біздің ұланасыр ұлы тойымыз.
тойымыз тарқамасын, ардақты ағайын!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Алаштың айбыны, бар қазақтың ортақ Отаны — тәуелсіз қазақ елі мәңгі жа-
сасын!
283
Қосымшалар
VII Дүниежүзілік ислам экономикалық
форумында сөйлеген сөзі
Астана қаласы, 2011 жылдың 8 маусымы
Құрметті форумға қатысушылар!
Ханымдар мен мырзалар!
Әлемнің әр қиырынан келген мәртебелі меймандарды қазақ жерінде қарсы
алғаныма өте қуаныштымын.
Мұсылман әлемінің саяси және іскер жетекшілерінің Астанадағы алқалы басқосуы
еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңына орайлас өтуде.
VII форумды Астанада өткізуге шешім қабылдағаны үшін Дүниежүзілік ислам
экономикалық форумы қорына, оның төрағасы тун Муса Хитам мырзаға шын
жүректен алғысымызды айтамыз.
Міне, Еуразия төріндегі әсем Астана әлемдік қауымдастықтың іргелі орталығына
айналып келеді.
Өткен 1 айдың өзінде Астана 10 мыңнан астам қадірлі қонақты қабылдады.
Елордамызда IV Астана экономикалық форумы мен Еуропа қайта құру және
даму банкін басқарушылардың 20-шы жыл сайынғы мәжілісі өтті.
Құрметті қонақтар!
Қазақ халқының ислам әлемімен қарым-қатынасы қадым замандардан тамыр
тартады. Біздің байтақ даламызға ислам діні бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын
келді.
Жаратқан Иеміз Қазақстанға аса бір жомарттықпен тағылымды тарих, қолайлы
географиялық мекен берген. Осылайша, елімізге ислам мен батыс өркениеттері
арасында достық диалогқа дәнекер болудың тамаша мүмкіндігі берілген.
Баршаңыз білесіздер, ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығы мұсылман үмбеті үшін
ауыр сынақтармен басталуда.
Әлемдік қаржы дағдарысы, азық-түлік импортына тәуелділік, жастар мәселесі
және басқа да түйткілді жайттар Солтүстік Африка мен таяу Шығыс елдерінде
бұрын-соңды болып көрмеген дүрбелең туғызды.
тунис пен Мысырдағы саяси режимнің ауысуы, Ливия ұшыраған гуманитарлық
зауал жүздеген мың босқындардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Әлемнің өзге өңірлері қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдерінің
көштің соңында қалуы анық байқалды.
1,5 млрд. жуық адамды құрайтын ислам дүниесі бүгінде мызғымас тұтастық
құрай алмай отыр.
Ислам дінінің діңгегі біртұтас екені бәрімізге ақиқат.
Бірақ ислам әлемі даму үлгілерінің анағұрлым қайшылығы бар әр түрлі аймақты
қамтиды. Сол үшін ислам әлемі туралы пікір айтпас бұрын, мұсылман қоғамының
қазіргі даму жолдарын түсініп алу керек деп санаймыз.
Ислам дүниесіндегі 3 стратегиялық бағытты бөліп айтуға болады.
Бірінші стратегия — инерциялы даму стратегиясы. Өкінішке орай, соңғы кездегі
оқиғалар консервацияның ерте ме, кеш пе, апатқа ұрындыратынын көрсетті.
284
Қосымшалар
Екінші стратегия қазіргі қоғамның құрылымдарын жоққа шығарып, өткенге
түбегейлі қайта оралу үрдісіне негізделген. Бұл нұсқа тіпті кейде осы заманғы сая-
си және экономикалық ахуалдың нормаларын да толық жоққа шығарады.
Ал, үшінші стратегия — ислам әлемін модернизациялауға бағытталған. Бірақ
оны өзге үлгілерді талғамай көшіретін қарабайырлық тұрғысынан түсінуге бол-
майды.
Исламда «Кез-келген істің мұстақым — орта тұсы ең тәуірі болып саналады» де-
ген тағылымды қағида бар.
Қазіргі дүниедегі модернизацияланған ислам стратегиясы — міне, орта тұс
дегеніміз осы.
Исламның өзі дін ретінде ешқандай дағдарысқа түспейді. Бұл — қазіргі дүниедегі
ең қарқынды тарап келе жатқан дін.
Ислам дүниесінің бірнеше аймақтары дағдарысты бастан кешіруде.
Қоғамды модернизациялау исламның өзінің негіздерін бұрмалау деген сөз
емес.
Ислам қоғамын модернизациялау қажеттігі айқын байқалып отыр. Бұл алды-
мен технологиялық, ғылыми және экономикалық дамуға байланысты. Мұны тек
ақиқатқа көз жұма қарайтындар ғана жоққа шығара алады.
Әлем тұрғындарының бестен бір бөлігін құрайтын мұсылман әлемі өзінің эконо-
мика саласындағы әлеуетіне мүлдем сай келмейді.
Мысалы, G-8 ішінде мұсылман үмбетінен бірде-бір ел жоқ. Бұл — ислам
экономикасының әлемдік ауқымдағы нақты салмағының айқын көрінісі.
Үздік жоғары оқу орындарының алғашқы жүздігінде қанша ислам мемлекеттерінің
университеттері бар?
Ислам дүниесінің ішінен соңғы 20 жылда жаратылыстану және техника
ғылымдары саласы бойынша нобель сыйлығының қанша лауреаты шықты?
Ислам әлемінде қанша жаһандық технологиялық инновация өмірге жол ашты?
Біз бұл сауалдарды алдымен өзімізге қойып, таяу болашақта лайықты жауабын
беруіміз қажет деп санаймын.
Исламның кейбір сыншылары ислам дүниесінің көп бөлігінің басқа аймақтардан
артта қалуы діннің өзімен байланысты деп санайды.
Бұл — ақиқаттан мүлде алыс тұжырым.
Антикалық және осы заманғы батыс мәдениетінің арасындағы сабақтастықты
мұсылман дүниесінің қамтамасыз еткенін тарихтан ұмытпауымыз керек.
Исламның мәдени өрлеуінің арқасында орта ғасырларда әлемде математика,
химия, астрономия, медицина, архитектура, философия және поэзия салалары
бойынша ұлы жетістіктерге қол жеткізілді.
Ілім мен білімнің жаңа үлгілері ғасырлар бойы мұсылмандық Шығыстан
христиандық Батысқа қарай жылжыған.
нақ осы ислам сан ғасырлар бедерінде діни тұрғыдан төзімділік, толеранттық
көрсетіп келді. Оғаш ой-тұжырымдарға да асқан сабырлылық танытты.
Қазір ислам әлемі өз дамуындағы күрделі кезеңді бастан өткізіп отыр.
Ислам саяси шиеленістермен, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық
қиындықтармен бетпе-бет келуде.
Мысалы, 60–70 жыл ішінде әлемдегі мұсылмандар саны ауыр және тоқтаусыз
азық-түлік дағдарысы жағдайында 5 есе өсті.
285
Қосымшалар
Көптеген мұсылман мемлекеттері «шикізат елдерінің масылдығы» қамытын киіп
келеді.
Баршамызға ортақ тағы да бір күрделі мәселеге тоқтала кеткім келеді.
Жаһандық бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі исламды өздерінің
ұлттық қауіпсіздігіне, мәдени және діни ұстанымына қауіп төндіруші ретінде
көрсетіп жүр.
Осылайша исламды саяси күш қолдануға, экстремизм мен терроризмге жол
беретін дін деп ұқтырады.
Мұндай жағдаймен ешқашан келісуге болмайды.
Егер тарихқа жүгінсек, экстремизм мен терроризм ХХ ғасырда көптеген
индустриалды дамыған мемлекеттердің саяси өмірінің ажырамас бөлігі болғанына
көз жеткізе аламыз.
Ол үшін 1960-шы және 1970-ші жылдары Еуропада саяси терроризмнің бетімен
кеткенін еске алсақ та жетіп жатыр.
Біз терроризм мен экстремизмнің қаншалықты ашық бағыт ұстанғанына және
қандайда бір діни ұранды жамылғанына қарамастан, әлемнің іргелі діндерімен
ешқандай ортақтығы жоқ екені жөніндегі сенімге сүйенеміз.
Мен мына мәселе жөнінде ойлануға шақырамын.
Жаһандық терроризмнің көздеген басты нысанасы мұсылмандар әлемі болып
отырған жоқ па?
нақ осы ислам елдерінде жыл сайын мыңдаған жазықсыз жандар, соның ішінде
қарттар, әйелдер мен балалар қаза тауып жатыр.
Ислам мен терроризмді шендестіру әділетті ме?
Соңғы жылдардағы тәжірибелер терроризм — нақты мақсатты көздеген белгілі
бір күштердің әрекеті екенін дәлелдей түседі.
Қазіргі терроризмнің саяси және экономикалық себептерден туындайтынын
тарихтың өзі көрсетіп отыр.
Ол ұлтаралық қылмыспен ғана емес, есірткі айналымымен де, қару-жарақ кон-
трабандасымен де тығыз байланысты болып отыр.
Өкінішке орай, ол геосаяси бастауларға да ие болып отыр.
Исламның болмысын бейбітшілік пен мейірімділіктің, төзімділік пен әділеттіліктің
діні ретінде қалыптастыруға баршамыз бірге күш салуға тиіспіз.
Ислам елдерінің ұлы ілімнің беделін түсіруге жаһандық және аймақтық деңгейде
қарсы тұра алатын ортақ медиалық жобалар жөнінде ойланатын кез келді.
Көптеген сарапшылар ХХІ ғасырда ислам жер жүзі бойынша басымдығы бар
дінге айналады деп санайды.
тек болжамның мерзімінде ғана алшақтық бар.
Алайда, біз мәселенің сан мен мерзімде емес екенін, ХХІ ғасырда ислам елдерінің
қоғамы қандай болуы керек екендігі жөнінде сөз болып отырғанын түсінуге тиіспіз.
Сөз жоқ, қазіргі әлемнің экономикалық, саяси, қаржылық және ақпараттық
жүйесі өзгере беретін болады.
Алайда, оның бірқатар жүйелі сипаттары сақталып қана қоймайды, керісінше,
күшейе түседі.
Ең алдымен, бұл мәдени құндылықтың, «білім экономикасының», «ақыл-
ой күшінің» мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің нақты көрсеткіштері ретіндегі
маңызының арта түсуімен байланысты.
286
Қосымшалар
Бүгінде мына бір жайт айқын: таяу болашақтың қоғамы — ақпараттық қоғам.
Бұл технологияға, басқару тәсілдеріне, мәдени дамудың үлгілеріне де қатысты.
Біз бүгінгі әлемде уақыт талабына толықтай жауап бере алатын мұсылман
елдерін де көріп отырмыз.
Ақпараттық қоғамның, өнеркәсіптік және қаржылық саладағы технологияның
жетілген үлгілері баршылық.
Ислам әлемінде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отырған елдер
де бар.
Бұл ислам әлемінің өткен кезеңде ғана емес, болашақта да қарқынды және же-
дел дамумен тамаша үйлесім таныта алатындығының жарқын айғағы.
Мұсылман елдері айтарлықтай модернизациядан өтуге тиіс.
Мұны қолға алмасақ, тарихи тұрғыдан артта қалу тағы да 100 жылға созылып
кетуі мүмкін.
Осындай модернизацияның дәл әрі теңгермелі үлгісін таңдау — 1,5 млрд.
мұсылман үмбетінің дамуына қосқан ортақ үлесіміз болар еді.
Осыған орай Қазақстан бірлесіп жүзеге асыруды көздейтін бірқатар бастама-
ларды сіздерге ұсынады.
Бірінші. Ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде
жаңа бағыт қалыптастыру қажет.
Бұл үшін Дүниежүзілік ислам экономикалық қоры негізінде он жетекші
мұсылман қауымдастығы елдері экономикасы тобына арналған сұхбат алаңын жа-
сауды ұсынамыз.
Мұсылман үмбетінің ресурстары инвестициялық ынтымақтастық үшін қуатты
қаржы көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Екінші. Ислам әлемі елдерінің жетекші ғылыми-технологиялық үрдістерден
қалып келе жатқанын ескере отырып, Ислам конференциясы ұйымының мүдделі
елдері қатысуымен Халықаралық инновация орталығын құруды ұсынамын.
Үшінші. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік
ислам экономикалық форумының арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамын.
Бұл ретте, Ислам даму банкі жанынан шағын және орта бизнестің арнайы қорын
құру мәселесін осы форумда талқылаған жөн болар еді.
Біз исламдық қаржыландыру тетіктерін тарту тұрғысынан мұсылман елдерімен
ынтымақтастық жасауға мүдделіміз.
Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы ислам инвестициясының таяу
жылдардағы өсу мүмкіндігі ондаған миллиард долларға дейін жетеді.
төртінші. Біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің
маңызды шарты — көлік-коммуникациялық және логистикалық желінің болуы.
Бүгінде Қазақстан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізін
кеңейте отырып, өзінің геоэкономикалық жағдайын белсенді түрде пайдалануда.
Біз Қытай мен Парсы шығанағындағы жүк тасымалдау ағынын ұлғайту үшін
жаңа темір жолдар салудамыз.
Мен «Қазақстан-түрікменстан-Иран», Парсы шығанағы темір жол құрылысын
қаржыландыруға Ислам даму банкінің белсенді түрде қатысуын ұсынамын.
Жалпы құны 1,5 млрд. долларды құрайтын бұл ұзындығы 963 шақырым темір
жол біздің елдердің арасындағы қарым-қатынас, экономикалық саудаға өте әсерін
тигізетін болады деп есептейміз.
287
Қосымшалар
Бесінші. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Ислам конференциясы
ұйымы аясында азық-түлік көмегін көрсету жүйесін әзірлеуді ұсынамын.
Бұған Ислам даму банкі және ұйымға мүше елдердің азық-түлік қоры топтары
жүйесінде FАО үлгісіндегі аймақтық қордың құрылуы негіз болар еді.
Оның штаб-пәтерін азық-түліктің экспорттық әлеуетін белсенді дамытушы ел
ретінде Қазақстанда орналастыруды ұсынамын.
Құрметті қонақтар, форумға қатысушылар!
Сіздердің көпшілігіңіз Қазақстанға алғаш рет келіп отырсыздар.
Бүгінгі форумның негізгі мақсатының бірі — ислам бизнесі өкілдерін еліміздің
іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру.
Баршаңыз білесіздер, Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан
мемлекеттердің бірі.
Біздің тәуелсіз ел атанғанымызға бар болғаны 20 жыл толады. Осындай, та-
рих үшін тым қысқа мерзім ішінде біз бірқатар аймақтық және соңғы жылдардағы
жаһандық дағдарыстарды еңсердік.
Бүгінде әлемде дамудың бірегей және өнегелі үлгісі ретінде «қазақстандық жол»
туралы жиі айтылуда.
Бар-жоғы 10 жыл ішінде әсем елордамыз — Астана қаласын салдық. Бұл
Қазақстанның зор мүмкіншіліктерін әлемге танытты.
Біздің табыстарымыздың кепілі — ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім
және дұрыс таңдалған экономикалық стратегия.
Әлемдегі дін атаулы бір-бірімен ортақ тіл табыса алады және солай етуге
тиіс. 140 этнос пен 46 діни конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан
Қазақстанның тәжірибесі — осының айшықты айғағы.
Бұл — қазақ еліндегі мұсылман жамағатының орнықты ағартушылық ислам
үлгісін ұстануының мәуелі жемісі болып табылады.
Біз алдымызға биік мақсаттар қойдық және оған қысқа мерзімде қол жеткіздік.
Атап айтқанда, халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 12 есеге
өсіп, 9 мың доллардан асты. Келесі 5 жылдықта біз оны 15 мың доллардан асыру-
ды мақсат етіп отырмыз.
Өткен жылы біз үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың арнайы
мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. таяу жылдарда біз құны 55 млрд. дол-
лардан асатын 300-дей жобаны жүзеге асырамыз.
Елімізде адам капиталы деңгейін арттыру және экономика білімінің негізін
құру үшін біз Астанада Жаңа халықаралық университет аштық. Жыл сайын
3 мың студентті шетелге жіберіп, ең озық университеттерде оқытамыз. Әлемнің
белді университеттері Астанада ашылған бұл оқу орнының серіктестері болып са-
налады.
Инвестициялық салада да айтарлықтай табысқа жеттік. Қазақстан тәуелсіздік
жылдарында шетелдерден 120 млрд. доллардан астам тікелей инвестиция тартты.
Ішкі инвестиция бұдан да көп болды. Еліміз алдағы уақытта да инвестиция тарту
бағытындағы байланыстарын кеңейте түсетін болады.
Бұл Ресей және Беларусь елімен бірге Кедендік одақты құру, соның негізінде
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Осы
арқылы 170 млн. адамды қамтитын ірі нарыққа жол ашылды.
288
Қосымшалар
Дүниежүзілік банктің бизнеске жағдай туғызу жөніндегі рейтингінде Қазақстан
реформа жасаудың лидері болып танылды.
Қазақстанның аймақта интеллектуалдық және инновациялық кластер болуына
мүмкіндігі мол.
Біздің еліміз бұрынғы Кеңес елдері ішінде алғашқы болып ислам банк жүйесін
енгізуге қажетті заңнамаларды қабылдады. Осылайша елімізде былтыр тұңғыш ис-
лам банкі ашылды.
Қазақстан қауіпсіздік, экономикалық және мәдени ықпалдастық мәселелері
бойынша әлемдік қауымдастықтың күш біріктіруіне де белсенді түрде атсалысып
келеді.
Еліміздің тМД елдері арасынан тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі — соның айқын мысалы. Біздің бастама-
мызбен бұл ұйымның 11 жылдан бері үзіліп қалған ауқымды саммиті өтті. Орталық
Азия мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару біздің төрағалығымыз
кезіндегі басымдықтың бірі болды.
Қазақстан ислам өркениетінің ажырамас бөлігі саналатын Орталық Азияның
қарқынды әрі орнықты дамуындағы өзінің жауапкершілігін айқын сезінеді.
Бүгінгі Қазақстан әлемге мұсылманы басым елдің де әлеуметтік-экономикалық
жаңғыру мен демократиялық реформаларды табысты жүргізе алатынын дәлелдеуге
ұмтылып отыр.
Сөз соңында, Астанадағы VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы біздің
елдеріміз арасындағы ынтымақтастық пен диалогты кеңейтуге жаңа серпін береді
деген сенім білдіремін.
Құрметті қонақтар, форумға қатысушылар!
Сіздерге зор табыс тілеймін.
Елордамыздағы қадамдарыңыз құтты болсын!
назарларыңызға рахмет!
289
Қосымшалар
Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттер Басшылары кеңесінің
ұйымның 10 жылдығына арналған
отырысында сөйлеген сөзі
Астана қаласы, 2011 жылдың 15 маусымы
Құрметті мемлекеттер басшылары!
Қымбатты қонақтар!
Бүгін біз 10 жылдық бірлескен жұмысымыздың қорытындысын жасап отырмыз.
Шанхайдан Астанаға дейінгі үлкен жолды басып өткен ШЫҰ-ны біз халықаралық
қатынастарда бірегей институтқа айналдырдық.
Біріншіден, ШЫҰ түрлі өркениеттер мен мәдениеттерді алға тартатын
мемлекеттерді біріктірді.
Екіншіден, осыдан 10 жыл бұрын Шанхайда Ұйымға мүше мемлекеттер өз
халықтарының қауіпсіздігіне қарай тарихи қадам жасады.
Үшіншіден, ШЫҰ өзіне барынша перспективалы әлемдік экономиканы тартып отыр.
Өткен жылдарда Ұйымға қатысушы елдердің арасында экономикалық өзара
іс-қимылды жетілдірдік. ШЫҰ-ның ішкі тауар айналымы 7 есе өсті. ШЫҰ елдері
трансеуразиялық коммуникациялар — автокөлік және темір жол, тұрба құбыры
желілері жобаларын жүзеге асыруға шықты.
төртіншіден, біз экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны кеңейту үшін
стратегиялық негіз құрдық.
Іскерлік кеңес және Банкаралық бірлестік құрылды, Ұйымның экономикалық
форумы тұрақты өткізіліп келеді. 2020 жылға дейінгі көптарапты сауда-
экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бесіншіден, Ұйым жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға баға жетпес
үлес қосқанын атап өтті. терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен
күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды.
ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымы қазірдің өзінде жаһандық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары арасында лайықты орнын алды. Өңірлік
антитеррорлық құрылымның қатысуымен 500-ден астам террорлық актілердің ал-
дын алуға мүмкіндік туды.
Алтыншыдан, біздің Ұйымның саяси салмағы мен беделі тұрақты өсіп келеді.
Оның құрамына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2 тұрақты мүшесі кіреді. ШЫҰ БҰҰ
Бас Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесіне ие. Ұйымға мүше болғысы
келетіндердің, байқаушылар мен әріптестік үнқатысу бойынша мүше болатындардың
қатары өсе түсуде.
Жетіншіден, біз жаңа салалар — білім беру, денсаулық сақтау, экология және
басқа да салалар кіретін өзара ықпалдастықты кеңейтудеміз.
Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын біздердің тәуелсіздігіміздің және ұйымның
өзінің мерейтойлық жылымен аяқтағалы отыр.
Біздің төрағалығымыздың жылында «Қауіпсіздік және ынтымақтастық
жолындағы 10 жыл» ұраны астында 110-нан астам бірлескен шара өткізілді.
290
Қосымшалар
«Бейбітшілік миссиясы – 2010» бірлескен кең көлемдегі антитеррорлық
жаттығуы өтті.
Ұйымның Есірткіге қарсы стратегиясы қол қоюға әзірленді.
Өткен жылы Ұйым Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесіне айтарлықтай
қолдау көрсетті.
Біздің елдеріміз өткен жылы ішкі өткір саяси дағдарысты өткерген Қырғызстан
халқына шұғыл көмек көрсетті.
Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 50 млн. доллардан асады.
төрағалық кезегін Қытай Халық Республикасына бере отырып, біз алдағы жыл-
ды тату көршілік пен достық жылы деп жариялау туралы бастамасын толығымен
қолдаймыз.
Жалпы алғанда, 10 жыл ішінде ШЫҰ жаңа тұрпаттағы халықаралық өңірлік
Ұйымға айналды. Бұл бірінші мемлекетаралық қауіпсіздік құрылымы өзара сенім
мен бірлікке негізделген. ШЫҰ-ның күрделі XXI ғасырдағы дамуының зор әлеуеті
осында жатыр.
Қымбатты достар!
ШЫҰ-ның қалыптасу кезеңі табысты өтті. Енді ұйымның алдында тұрған жаңа
міндеттер мен заманның жаңа сынақтары үшін шешімдер іздестіру қажет.
Өткен он жылда Ұйымның базалық қызметі негізінен 3 қасірет — терроризм-
мен, экстремизммен және сепаратизммен күрес болды. Бүгінде есірткі синдикаты
жаһандық аз қатер туғызып отырған жоқ.
Соңғы 10 жылда Ауғанстанда героин мен есірткі трафигі өндірісі он есеге өскен.
Адамзатқа қарсы осы қылмыстың шығу көзі мен себебі Ауғанстаннан шалғайда
екені мәлім.
Ұйымға мүше мемлекеттер БҰҰ басшылығы мен Халықаралық Гаага трибуна-
лына осыған байланысты үйлестірілген ұсыныстармен шығуы қажет. Халықаралық
тергеулер жүргізіп, адамзатқа қарсы қылмысқа қатысушы барлық ұйымдар мен
тұлғаларды жауапқа тартуы керек.
Барлық осы төрт көрініс — терроризм, діни экстремизм, сепаратизм және
есірткі бизнесі біздің елдеріміз бен бүкіл әлемге оларды тарату үшін әлем бойынша
Интернет жүйелерін пайдаланады. Мұндай желілік орындату жалпы қатердің есебі
бойынша бестен бірі. Сондықтан да Ұйым елдері оған күшті тосқауыл қоюы қажет.
АҚШ-тың өзін-өзі қорғау тәжірибесі бар. АҚШ-та киберқауіпсіздік — киберқауіпке
және кибертерроризмге қарсы кешенді шаралар жүргізуге бағытталған қатал док-
трина қабылданған.
Халықаралық құқыққа «электрондық шекара», «электрондық тәуелсіздік» деген
жаңа ұғымдар енгізетін кез келді.
Біз ресейлік және қытайлық достарымыздың маңызды жұмысына қолдау
көрсетіп, ШЫҰ-ның осы бағыттағы біртұтас топтасқан ұстанымын тұжырымдауға
тиіспіз. Сонымен қатар бізге сындарлы ойлар, жаңа технологиялар әкелетін желілік
барлық жағымды жайларға кеңінен ашық болуға тиіспіз.
Интернет агрессиясына қарсы «Киберпол» функциясын орындайтын ШЫҰ-ның
арнайы органын құру мәселесін ойластыру қажет.
Біз ұйымның одан әрі даму негіздерін қалауға тиіспіз.
Бірінші. негізгі ғаламдық мәселелердің бірі — қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
291
Қосымшалар
Біз терроризммен, экстремизммен және есірткі қаупіне қарсы күресте өзара
іс-қимылды әрі қарай тереңдетуіміз қажет.
Ол үшін Өңірлік антитеррорлық құрылымның материалдық-техникалық
Достарыңызбен бөлісу: |