1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#10400
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

208
Жолдас болсаң асылға. 
Ханның болып баласы, 
Бірге жаттым ордада 
Ахмет, Тайшық қасында.
Əркімнің Алла панасы, 
Дарияның аққан саласы, 
Кешегі өткен Кенекем 
Дүрри-гауһар данасы! 
Арқадан ауып кеткені – 
Бұ жақтағы жұртының 
Ауызының аласы. 
Əуелгі мекен қонысы – 
Көкшетаудың даласы. 
Жазғы жайлау өрісі –
Ұлытаудың саласы. 
Өте залым болмаңдар, 
Мұсылманның баласы! 
Ақырында олардың 
Қырғыздан болды қазасы...
Кенесары – Наурызбай 
Атағы шықты аңқылдап. 
Жауды үркітіп, қашырды, 
Ақ алмастай жарқылдап. 
Зəресін алды дұшпанның, 
Нажағайдай шартылдап. 
Қасына ерген төлеңгіт 
Олжаға батты қарқылдап. 
Кенесары – Наурызбай 
Жанған оттай қаулапты. 
Бір күндері болғанда, 
Нысанбай  жырау

209
Топжарған атты ұрлатты. 
Бас себебі сол болып, 
Қырғызға қарай жол тартты.
Дулатқа қарай əрледі. 
Баса қонды хан Кене 
Қоқидың шалқар көліне. 
Баса қонған Кененің 
Базынасын көтермей, 
Қырғыздың ханы Қалша хан 
Жар салады еліне.
Көзімен көріп, бұл сөзді 
Нысанбай еді жырлаған. 
Ақылы дария Кенекем, 
Хан еді мойын сұнбаған. 
Ерегесіп қырғызға, 
Хан ойынды шындаған. 
Тас-талқан қып бұздырды 
Қанайдың тамын сырлаған. 
Күмісті садақ, алтын оқ 
Кенекем сойға жолықты. 
Ақ білегін сыбанған 
Балуанды тойға жолықты.
Алыстан тоят көздеген 
Ақ сұңқарға жолықты. 
Айшылықты бір басқан 
Қас тұлпарға жолықты. 
Кешегі жүрген Кенекем – 
Қас падиша, қас сұңқар, 
Қарсы найза салысқан 
Жауына көңілі толыпты.
Нысанбай  жырау

210
Ұсталар алар қолына 
Қысқашы мен балғаны. 
Қырғыздан ыза көрген соң, 
Көңіліне азар берген соң, 
Қырғызды таудан асырып, 
Күмбелден барып жай алмақ 
Кененің болды арманы. 
Іледен етіп жөнеді 
Өр Дулатқа барғалы. 
Сол Дулатпен қосылып, 
Қырғыздан кегін алғалы. 
Барып еді, ер Дулат 
Барғанын қабыл алмады.
Асаулар үзер шідерді, 
Сыйламай Дулат жіберді. 
Сеніп барған елінен 
Кенекең үзді күдерді. 
Дегені болмай қалған соң, 
Қабағы ханның түнерді. 
Күздігүні болғанда, 
Қатуланып, қаттанды, 
Ханқамаудан аттанды. 
Қол асты қалың шеңгелден... 
Қалшаны ұстап байлады, 
Хан болып халқын меңгерген. 
Қарадан шыққан хан еді 
Азды көпке теңгерген. 
Қалшаға қырғыз баласы 
Жалынып қана күн көрген. 
Салтанатты халқының 
Сатуына қырғыздар 
Нысанбай  жырау

211
Тоғыз түйе арттырып, 
Отаулатып қыз берген.
Қисайған жыға түзеліп, 
Кененің ісі жөнделген. 
Сол уақытта Құдайым 
Кенекеме жел берген. 
Қоқаннан ауған көп Дулат – 
Қара ағаштай ел көрген. 
Мəмбеттің ұлы Байұзақ, 
Белқожа, Медеу ер келген. 
“Жауың қайда? Мен – жолдас”  – 
деп Кенеге дем берген.
Соларменен күшейіп, 
Сұнқарлар жайды қанатты. 
Қара ағаштай Дулатты 
Хан аузына қаратты. 
Аттансын деп көп қосын, 
Жұртқа салды санатты. 
Сайлап алды ақ алмас – 
Тастан қайтпас болатты, 
Сегіз жүз кісі іріктеп – 
Ылғи батыр манапты. 
Бұ сапарда Наурызбай 
Төрт қамалды бір бұзып, 
Жұртты аузына қаратты.
Қырғыздан түскен олжаға 
Бір төлеңгіт бармады. 
Бұл сапарда қазақтан 
Біреу де олжа алмады. 
Көп Дулатты хан Кене 
Нысанбай  жырау

212
Ақылменен алдады. 
«Қызылтұмсық болсын» деп, 
Олжамен аузын қандады. 
Екіншілей аттанды, 
Естіген Дулат қалмады. 
«Олжаға мырза» дегеннен 
Жалғызы қалмай аңдады.
Тау суындай сарқырап 
Байұзақ келді төменнен. 
Көңілі бітті айқасып 
Кенесары еренмен, 
Телімдес болып олжаға 
Наурызбай – асыл беренмен. 
Он екі мың əскермен 
Тағы аттанды кемерден...
Абылай аспас асудан 
Асамын деп өрледі. 
Онайлықпен қазаққа 
Асуды қырғыз бермеді. 
Əр жерлерден құралып, 
Қырғыздың қолы кернеді. 
Бесінге дейін атысып, 
Қазақтың əлі келмеді. 
Қарабалта, Соқылық 
Аңғарынан шаң асты. 
Қырғыз, қазақ – екі жұрт 
Жалғыз жолға таласты. 
Қырғыздың көңілін баса алмай, 
Ерлер сонда бір састы.
Нысанбай  жырау

213
Үйінде еркек қалдырмай, 
Қырғыз да шыққан айдатып – 
Қылқұйрық қып бəрін де, 
Қару-жарақ сайлатып, 
Қызықсын деп асуға, 
Қазына төкті жайнатып. 
Қырғыздар жүрді жөңкіліп, 
Төскейде атын ойнатып.
Кенесары, Наурызбай 
Қырғыздың ісін көктеді. 
Абылай аспас асудан 
Асамын деп өктеді. 
Асуын тастап көп қырғыз 
Бас қамын қылып кетпеді. 
Ойдан атқан зеңбірек 
Тау басына жетпеді. 
Бұрын беті қайтпаған, 
Бұ қорлыққа күйеді – 
Қаһарланып хан Кене, 
Жад етті Жаппар Иені. 
Ашуланып сол жерде, 
Алдырды екі түйені. 
Шөгеріп салып, түйеге 
Зеңбірегін сүйеді. 
Тұрғызып қойып атса да, 
Күмпілдеп тауға тиеді.
Атасы өткен Абылай, 
Тілеуді берген бір Құдай. 
Былтырдан алған басшысы 
Шапырашты Бұғыбай. 
Нысанбай  жырау

214
«Бұғыбай басшы қайда?» деп, 
Шақырып алды Наурызбай. 
Сонда Науан сөйледі: 
– Ей, Бұғыбай, Бұғыбай, 
Қорлық болды бұл қалай? 
Жол таба алмай қамалдық, 
Амал тапшы бұған-ай!
Былтыр өзің келгеннен 
Ханның алдың жарлығын. 
Тар жол, тайғақ кешуде 
Қолдың алдың жабдығын. 
Бір ізіңнен жүргіздің 
Үш Алаштың барлығын. 
Алатаудан аса алмай, 
Тастың тарттым зарлығын. 
Тау басына жете алмай, 
Дүниенің көрдім қорлығын. 
Қысылғанда əрқашан 
Білінуші еді нарлығың. 
Осы сапар, Бұғыбай, 
Қырғыздың көрдім қарлығын!
Алатаудан аса алмай, 
Қазақтың жолы байланды. 
Бес күн ұдай атысып, 
Түгесіп келем айламды. 
Осындайда болмаса, 
Көремін қашан пайдаңды? 
Осы бүгін күн батпай 
Көрсетші қанат жайғанды. 
Тау басында қырғызға 
Нысанбай  жырау

215
Бір тигізші найзамды. 
Айналайын Бұғыбай, 
Аралатшы майданды!
Бұғыбай сонда сөйледі: 
– Олай десең, төреміз, 
Сіздің айтқан жарлыққа 
Төбемізден жүреміз. 
Ағаңнан жарлық алыңыз, 
«Қол бөлектеп, жол тап» деп, 
Берер ме жауап ханымыз? 
Жауап берсе ханымыз, 
Томағамды сыпырып, 
Қиын тасқа салыңыз. 
«Жол табу» деген сөзіңнен 
Төгіле қалмас арымыз. 
Жауыңды шаншып беруге 
Келмейді, Науан, əліміз.
Қате болмас, Науанжан, 
Бізге деген сөзіңіз. 
Көрсең де жақсы-жаманды, 
Тəуекел етіп көріңіз. 
Қысырақ үйірі жоғалып, 
Сол жылқыны іздеген 
Сегіз жасар кезіміз: 
Ана таудың бетінде 
Мына таудың шетінде, 
Қия тастың бетінде, 
Жалғыз аяқ жамбас жол 
Шалып еді көзіміз. 
Жаңылмасам, табармын, 
Тəуекел етіп жүріңіз.
Нысанбай  жырау

216
Бұғыбай мұны айтқан соң, 
Сонда тұрып Наурызбай
Алдына келді Кененің:
– Түсі суық тартқанда 
Төрт қырланған жебенің, 
Ажал оғы келгенде, 
Қорғаны болмас кебенің. 
Қолына толды қырғыздың 
Басы тау мен төбенің. 
Рұқсат етсең, Кенекем, 
Барайын соған деп едім.
Ертіп келген қасымда 
Бұғыбай басшы бар еді. 
Асусыз мына Алатау 
Бұ дағы қиын тар еді. 
Бүйтіп тұрып қамалмай, 
Бұзайын барып қамалды, 
Кенеке, жарлық бер, – деді. 
– Отыз жігіт сайланып, 
Қасыма менің ер, – деді. 
– Тау басына шыққан соң, 
Өнерімді көр! – деді.
Кене хан сонда сөйледі:
– Дұшпаннан бітсін хал, – деді,
– Алдыңа басшы ал,– деді. 
– Бұғыбай айтса бұл сөзді, 
Екі-үш жүздей кісімен 
Ойранды барып сал! – деді.
Наурызбай тағы сөйледі:
– Алладан жəрдем күтейін, 
Нысанбай  жырау

217
Ата-баба қолдаса,
Бір мұратқа жетейін. 
Кешегі қылған қорлығын 
Қырғыздың бүгін өтейін. 
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін. 
Əскерден отыз батырды 
Іріктеп алып кетейін. 
Тəңір қосса, қырғызға 
Бір керемет етейін. 
Қысылған жерде жолдасқа 
Белгілі еді қарасы. 
Көп кісі қаптай шабуға 
Арқаның бар ма даласы?
Аз кісіге жақсы ғой 
Алатаудың арасы.
– Мақұл, – деді хан Кене 
Наурызбайдың сөзіне. 
Сол уақытта Науанның 
Жан көрінбес көзіне. 
Інісі тілек қылған соң, 
Береді рұқсат өзіне.
Кайтармады меселін, 
Ұмтылып тұрған кезіне.
«Қауырсынды, қанатты, 
Таудай үлкен талапты, 
Ер көңілді, қалма!» деп, 
Жұртына салды санатты. 
Екі ұдайға келгенде, 
Тастан қайтпас болатты. 
Нысанбай  жырау

218
Тауға қарсы шүйлікті, 
Сұңқардай жайып қанатты. 
Отыз жігіт жөнелді – 
Тамам қолдың беглері, 
Бұғыбайды басшы қып, 
Қиын жолды көргелі, 
Тау басында қырғыздың 
Жазасын барып бергелі, 
Қамалын бұзып, жол ашып, 
Бетін аршып келгелі, 
Күнде қорлық көргенше, 
Я қырылып өлгелі.
Жаз жайладым сары дала, 
Қыс қыстадым Қарғалы. 
Наурызбай кетті бөлініп, 
Тау басына барғалы, 
Қамал соққан қырғыздың 
Қамалын бұзып алғалы. 
Кенесары бастығы 
Етекте тұрып қалғаны. 
Талап қылып ұрынды 
Тыңнан бір жол салғалы. 
Өлім, намыс емес пе 
Қосқа қайтып барғаны?!
Сонда тұрып хан Кене 
Көбін жиып сөйлейді, 
Сөйлегенде не дейді:
– Қол көрінбес шаң болды 
Алатаудың арасы.
Қара ағаштай көп қазақ 
Бұл сапар болдың, қарашы. 
Ойда Қоқан, қырда орыс, 
Нысанбай  жырау

219
Хақім болды қаласы. 
Кімнен таяқ жегендей 
Біздің қазақ баласы?! 
Алдырып жүрген дұшпанға 
Өзді-өзінің аласы!
Дін мұсылман баласы 
Бірге мінсе кемеге, 
Үш алаштың баласы 
Тізгін берсе Кенеге, 
Қайрат қосса жебеге, 
Ер басына аяқтай 
Тас көтерсек жебеге –
Тау басына шығарға 
Жол салмасқа немене?!
Байұзақ батыр түсініп 
Бұл жауаптың теңіне, 
Айтайын деп бір сөзді, 
Жетіп барды көбіне:
– Ханның көңілі соғып тұр 
Тыңнан бір жол саларға – 
Бірталайға бет қойды
Тау басына барарға, 
Бекініп жатқан қырғыздың 
Қамалын бұзып аларға. 
Ұят шығар төреден 
Бөлініп кейін қаларға. 
Назар қылды хан Кене 
Жаңадан жолды саларға, 
Күмбелді барып аларға. 
Жан аяма, жамағат, 
Бұйрықтан адам қалар ма!
Нысанбай  жырау

220
Осыны айтып Байұзақ, 
Қамшы басты бекерге.
«Кел, бір қайрат етелік, 
Жабыл!» деді нөкерге. 
Аллалап түсіп алдымен, 
Өзі бір тасты көтерді – 
Талап қылды Байұзақ 
Бір басшылық етерге. 
Соңына ерген көп Дулат 
Тілін алмай кетер ме?!
Байұзақ аттан түскен соң, 
Қасына түсті ханымыз. 
Ханымыз аттан түскен соң, 
Түспей аттан тұруға, 
Төгілер болды арымыз. 
Бұзбасақ та ол тауды, 
Түсе қалдық бəріміз. 
Жапыр-жұпыр қол қойдық 
Жасымыз бен кəріміз.
Сол уақытта қарасақ, 
Тау басынан шу шықты. 
Қаптаған қара тұмандай 
Мұнарланып бу шықты. 
Бу десек – мылтық түтіні, 
Қолында жасыл ту шықты. 
Отыз көкжал бөрімен 
Наурызбай төре сұм шықты. 
Екі жақтың батыры 
Дем ала алмай, тұншықты. 
Қырғыз, қазақ екі жақ 
Бір-біріне өшікті.
Нысанбай  жырау

221
Болжал-болжал көрінер, 
Жау жоғары, біз төмен. 
Жеткен екен қамалға 
Наурызбай атты сұр берен. 
Қарқарадай астында 
Байұзақ берген көк дөнен. 
Күншығыс жаудың шетінен 
Қамалға кірді көлденең. 
Ор қояндай бұлтиған 
Көк дөнен ат астында. 
Камзол ішік құнтиған, 
Ақ орамал басында.
Жанған өрттей бұлқылдап, 
Жаудың барды қасына. 
Сол уақытта Наурызбай 
Жиырма бес жасында.
Хан Кене мұны көрген соң, 
Қалмады сабыр, қарары. 
Қиын болды батырға 
Таудан асып барары. 
Наурызбайды көрген соң, 
Өлімнен кетті хабары. 
Түтеген мылтық ішінде 
Көзінің кірді жанары.
Наурызбай кірді қамалға 
Көрінген жаудың шетінен. 
Шыдай алмай хан Кене, 
Ат қойды таудың бетінен. 
Шөке атым жерге бармай-ақ, 
Айрылды ханың еркінен. 
Нысанбай  жырау

222
Сыпырылып қалып барады 
Көкбурыл аттың көтінен.
Хан Кененің арманы – 
Кұмбелден жатпақ жай алып. 
Наурызбай шықты қамалдан, 
Найзасы қанға боялып. 
Не жаны қалсын Кененің 
Наурызбайдан аянып! 
Тарта берді шылбырын, 
Қылышына таянып. 
Кене хан жөнеп берген соң, 
Казақ біткен оянып, 
Кенекең жауға барған соң, 
Артындағы көп қазақ 
Несіне қалсын аянып!
Кенекең кетті ат қойып, 
Шыққалы таудың басына. 
Өлімге белін байлады 
Əзелде жазған басына. 
Қатарласып жөнелді 
Кене ханның қасына, 
Екі мыңдай кісі боп, 
Шықты таудың басына.
Сол уақытта хан Кене 
Жад етті Жаббар Алланы. 
Қабат-қабат оратып, 
Қырық арқанды жалғады. 
Тартып алды ойдағы 
Зеңбіректі арбаны. 
Нысанбай  жырау

223
Бір-екі рет тартқанда, 
Күңіреніп кетті жан-жағы. 
Есіп-есіп қиратып, 
Қырғыздың шықты дал-далы.
Абылай аспас асудан 
Асамын деп өктеді. 
Наурызбайдың ерлігін 
Қырғыз, қазақ сөкпеді. 
Төренің алдын орады, 
Жаяу мерген төккелі, 
Бəлені бастан қайтарып, 
Айласын оңай еткелі.
Зеңбіректі туралап, 
Төте жерден бір атты. 
Адам мен малды қабаттап, 
Топырлатып құлатты. 
Жөңкіліп жүрген қырғыздың 
Жолшыбай көбін сұлатты. 
Зенбіректі тарс қойды, 
«Абылайлап» ат қойды. 
Он екі мың самғал
*
, жүз мылтық 
Жүзін қырды мергеннің, 
Қамалды бұзып хан кетті 
Наурызбайды көргелі. 
Мылтығын тастап тас-тасқа, 
Кайта қашты мергені. 
Алтын жатса – алмады, 
Олжаға көзін салмады.
*Самғал – винтовка
Нысанбай  жырау

224
Қызыққа тоймай батырлар, 
Тереді таудың шиесін. 
Бұл сапарда Наурызбай 
Жад етті Жаббар иесін!
Қамалын бұзды қырғыздың, 
Соғыстың тауып жүйесін. 
Алып шықты үш жүзден 
Айғыры мен биесін, 
Атан демей, нар демей, 
Жүз алпыстай түйесін. 
Бөліп берді бəріне 
Сыбағалы тиесін. 
Наурызбай гүл-гүл жайнады, 
Ақ білегін сыбанып. 
Жауды еркінше қырады, 
Қолына жасыл ту алып. 
Шын қаһарға мінеді, 
Ақша беті қуарып. 
Бозбалаға сөйлейді, 
Ағасын көріп қуанып:
– Абылай аспас асуға 
Кенекем дүкен құрғаны. 
Батырлардың келіспес 
Майданға кірмей тұрғаны. 
Кенекем келді біз үшін, 
Бар қазақтың қорғаны. 
Аянбай бүгін іс көрсет, 
Таманың батыр Құрманы! 
Денедегі шыбын жан 
Ар-намыстың құрбаны! 
Жар бола гөр біздерге, 
Нысанбай  жырау

225
Атамыз өткен Абылай! 
Осындай қиын жерлерде 
Тілеуді бергей бір Құдай! 
Сендер едің қанатым, 
Мендібай, Дулат, Ағыбай; 
Дабылың асқан үш жігіт 
– Шəкір, Жəуке, Төлебай! 
Ұмтылыңдар, ерлерім, 
Жан-жағыңа қарамай.
Мылтықтың оғы от болмас, 
Құлақта дəрі тұтанбай. 
Ақ кіреуке, берік сауыт, 
Таза жүрсе тот алмай – 
Мылтықтың оғын жібермес, 
Шығыршығы жұқармай. 
Жаман жігіт тұрады, 
Жауды көрсе, құтандай.
Атақты ердің бірі едің 
Иісің шыққан жұпардай. 
Аянбай бүгін іс көрсет, 
Табыннан, Қабан, Бұқарбай!
Наурызбай тасып сөйлейді: 
 Жара жоқ менің етімде
Ойын салар күн бүгін 
Алатаудың бетінде. 
Мұнда қылмай ерлікті, 
Қосқа барып өкінбе. 
Он екі самғал, жүз мылтық, 
Кенекем келіп қосылса, 
Кім тұрар оның бетінде?! 
Ыкпалың асып тұрғанда, 
Нысанбай  жырау

226
Қылыңдар жауға өкімді. 
Істерің жақсы, ерлерім, 
Бұл соғыстың ретінде, 
Ұстатармын қолыңа 
Қос-қосынан жетімді.
Жарасалық дегенде 
Бергендей қырғыз бар малын. 
Бетіне келер қырғыз жоқ, 
Алып жатып жан-жағын. 
Жəне бұзды сол күні 
Асуға салған қорғанын. 
Сонша мықты, берік еді 
Ақсудың салған қаласы. 
Екі жүз үйдің мекені – 
Ақсудың аяқ саласы. 
Сегіз мыңдай бар еді 
Сол күнгі қолдың шамасы. 
Қорғанды бұзып, мал алған 
Иман батыр ағасы.
Кенесары, Наурызбай 
Келтіріп жүр сертіне. 
Шауып, жаншып, талап жүр 
Қырғыздың қоймай еркіне. 
Бір бөлек қырғыз қамалды 
Қашып барып бекіне. 
Бақыты қаулап тұрғанда, 
Кене хан жетті сертіне.
Шауып алды тал түсте 
Аспара мен Меркені. 
Он екі мың əскердің 
Нысанбай  жырау

227
Көбі Дулат халқы еді. 
Егескенді мұқатпақ 
Кене ханның салты еді. 
Меркенің тұтқын ұлығы 
Мəделі деген сарт еді. 
Наурызбайдың Ақауыз 
Мəделі берген аты еді. 
Ауызға түсіп сөз болған, 
Тұлпардан артық заты еді.
Дұшпаны не деп кемітер 
Кене хан мен Науанды? 
Дабысы кетті күңірентіп 
Аспара мен Дуанды. 
Калың жатқан қырғызды 
Жеңгеніне қуанды. 
Қарақыстақ, Шеңгелге 
Ығысқан қырғыз қамалды. 
Қазақтың қолы сыймады 
Алатаудың бауырына. 
Дулатты хан айдады 
Өшіккен қырғыз жауына. 
Түсіп жатыр ен қырғыз 
Кене ханның ауына. 
Он мың кісі ат қойды 
Кекіліктің тауына. 
Мұнар басып, шаң болды 
Қызылсудың саласы. 
Бұл сапарда жар болды 
Хан Абылай бабасы. 
Қырғызға лықа толыпты 
Алатаудың арасы. 
Нысанбай  жырау

228
Қол алдында жүргенде 
Наурызбайға жолықты 
Кəрібоз деген бір қырғыз 
– Ер Қанайдың баласы.
Кəрібоз сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бұй дейді: 
– Ей, Наурызбай, ер төрем, 
Не жазығым бар еді 
Кенесары ханыңа?
Бітті деп көңілі тынбады 
Қырғызда қалған арына. 
Алмаған жерің қалды ма 
Қырғызда сенің тағы да? 
Қосшыны шаптың шулатып 
Қарақыстақ, Шеңгелден. 
Қалшаны ұстап байлаттың 
Хан болып халқын меңгерген. 
Абылайдың тұсында 
Қылған ісің жөн келген. 
Қырғыздың салған жолы бар ма еді 
Қалыңсыз саған қыз берген? 
Аса барып ел шаптың, 
Туыңды тігіп Құмбелден. 
Қыстай шаптың елімді, 
Малымды салдың телімге. 
Босатып қондың бостырып 
Ежелден бергі жерімді. 
Бұрын-соңды бар ма еді 
Елшіге бейнет өлімді? 
Жаманқарамды өлтіріп, 
Бір сындырдың белімді. 
Нысанбай  жырау

229
Тіріме қылсаң болмай ма, 
Өлгенім саған не қылды? 
Атанның ақы бар ма еді 
Есқожа, Қанай көрінде? 
Ашуын бұған бассын деп, 
Жерімді саған тастадым. 
Олжа қылып қайтсын деп, 
Малымды саған тастадым. 
Бұл алғаның емес пе 
Үстімді келіп басқаның, 
Жалғыз ат мініп қорғалап, 
Тауға менің қашқаным? 
Не себептен хан Кене 
Қырғызға мұнша өшікті? 
Ақ қалпақты қырғыздан 
Қазаққа берді несіпті. 
Ат мініп, қару асынған 
Бізді аямай кесіпті. 
Ескіркесең қайтеді 
Жолыңда жатқан бесікті?
Наурызбай сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде не дейді: 
– Жақсы айтасың, Кəрібоз, 
Тату едім сенімен. 
Қонысты орыс алған соң, 
Кенекем ауған жерінен. 
Бауыры суып ол жақта, 
Қарашы болған елінен. 
Он екі кісі жібердім 
Жекебатыр ерімен, 
Бізге қоныс берсін деп 
Қоқидың шалғын көлінен. 
Нысанбай  жырау

230
Екі ай жатты тұтқын боп 
Жанқараш, Жантай бегіңнен. 
Ауылымыз баса қонған соң, 
Азар шыққан өлімнен. 
Жаманқараңды өлтірдім 
Өзіңнің салған жолыңмен. 
Кім таласар Құдайдың 
Пендеге берген бағына? 
Қорған болып халқына, 
Əркім шықсын табында.
Қанайыңа мен қылдым
Кекті болған шағымда.
Əкеңнін ақы бар ма еді
Андасымның тамында?!
Сен білмейсің, Кəрібоз, 
Мойныңдағы жазаңды. 
Құл болмасаң Құдайға, 
Кене хан алар мазаңды. 
Бағынам деп орысқа 
Жанқараш пен Жантайың 
Салып отыр хабарды. 
Арақ пенен боза ішіп, 
Жеп отырсың параңды. 
Жазықсыздан тидің деп, 
Жаппа бекер жалаңды. 
Орысқа барып бағынсаң, 
Бұтына кіріп табынсаң, 
Кене хан алар мазаңды, 
Наурызбай берер сазаңды!
Кəрібоз тағы сөйлейді: 
– Келтіремін кезіңді, 
Нысанбай  жырау

231
Ықпалың асып тұрғанда, 
Айтарсың, төрем, сөзіңді. 
Асқар тауға, Наурызбай, 
Теңгере берме өзіңді. 
Алтын жығаң қисайса, 
Қырғыздар ояр көзіңді. 
Талап алып, Наурызбай, 
Малымды салдың телімге. 
Аямадың, Наурызбай, 
Басымды салдың өлімге. 
Қорғанда жатқан қорқытып 
Аттарын алдың бегімнің, 
Тастап көштің ол жақта 
Атаң қонған Абылай 
Қанды көйлек еліңді. 
Кіші жүзге сия алмай, 
Тастап көштің жеріңді. 
Төлеген ұлы Жанғабыл 
Ерлікке мықты, сенімді 
Тоқсан кісіңді өлтірген, 
Алып па едің көгіңді?!
Бітеу сойып басыңды, 
Қоқанға берген теріңді...
Көп тасыма, Наурызбай, 
Басың кетер панадан. 
Кереленбе, Наурызбай, 
Шығар жаның қанадан... 
Сенің атаң ер Қасым 
Туғаныңда анадан 
Қан шеңгелдеп түсіпті, 
Шараналы баладан. 
Нысанбай  жырау

232
Салтыма тарттым десейші. 
Солай да десең, нанамын. 
Титтей де үміт қылмаймын 
Сендегі қатын-баладан.
Ержан кеткен түн қатып, 
Хан қылған соң өкімді – 
Төрт жүз кісі бөлініп
Калың қолдың шетінде, 
Барлап қарап келгелі 
Жау бар ма деп бетінде. 
Түнде кеткен аз кісі 
Қапаланып, өкінді. 
Жасанған жауға жолығып, 
Ержан бір түскен секілді.
Ханға барды Наурызбай: 
– Ержан жауға барыпты, 
Көше мінген Бəйгекөк 
Бүгін мойны талыпты. 
Қапаланып ініңіз, 
Бармағын тістеп налыпты. 
Кенеке, айтпай қайтемін, 
Ініңіз қолды болыпты. 
Пенде болып қырғызға, 
Ержанның көңілі шөкпесін. 
«Ержан тұтқын болды», – деп, 
Қырғызға дабыс кетпесін. 
Бізді жоқтап Ержекем 
Көзінің жасын төкпесін. 
Тұтқынында дұшпанның 
Бейнет-азап шекпесін. 
Нысанбай  жырау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет