Шарына жоғары температуралы магнитті ағын жетеді


Жақында кино көрейін деп кинотеатрға



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата27.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#10445
1   2   3   4   5   6   7

Жақында кино көрейін деп кинотеатрға 

бардым. Ойым – заңға сай аударылған 

фильм көру. Біріне бардым, екіншісіне 

бардым – жоқ! Шетелдің киноларын 

орысша көрсетіп, қазақша дегенді 

бастамаған да сияқты. Бұл қалай болды? 

Заң күшіне еніп, енді оны тек орындау 

қалған жоқ па? Қазақшаға аударып 

көрсетпедің деп ескерткен де ешкім 

көрінбейді.  

Былтырдан бері кино көрсететін мекемелердің 

байбаламынан кейін «бәріміз пайдамыздан айы-

рыламыз, далада қаламыз» деп жылаған фильм 

таратушы орталықтардың ойбайынан кейін мұнысы не 

болғаны? Жарайды, мүмкін, заңды жүрдім-бардым 

оқып қойдым ба» деп, оны тағы бір қарадым. Қарасам, 

заңның мысықтан қашқан тышқандайын сытылып 

шығар саңылауы бар екен! Заңда шетелден әкелінген 

фильмнің дубляжы туралы сөз бар да, оны халыққа 

қазақ тілінде көр сету туралы сөз жоқ. Былтыр «Көліктер» 

мульт фильмі нің аудармасына бір үйдің ақшасын жұм-

сағандар, шынында да, шашылған екен дедім. Шетел 

киносын міңгірлетіп бір дауыспен аударып, оны 

«дубляж» деп атап, тексерушілер келгенде «Мінеки, 

аударылды. Көрсетпесек те болады» деп заңның 

талабын сол заңда жазылғандай «орындауға» болады 

екен.


Бұл сұрақтың жауабын заңды ұсынған ми нистрлік 

пен оны қабылдап, тарап кеткен Парла менттен күтеміз 

бе, әлде мемлекеттік тілімізді әлі де аяқасты ете береміз 

бе?


Т. АХМЕТОВ

Аударсаң да, 

аудармасаң да бәрібір

Жол сақшылары 

сайысқа түсті

Бүгінгі таңда Жол полициясы 

қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін 

дамытуға баса назар аударылып келеді. 

Осының айғағы ретінде шығысқазақ стан-

дық жол сақшылары ерекше сайыста бақ 

сынасты. Жарыс шарты бойынша Жол 

полициясы қызметкерлері автокөлікпен 

мұз үстінде бес шақырымды бағындыруы 

тиіс. 

Автожарысқа азаматтық және патрульдік көлік-

термен жиыны 21 қызметкер қатысты. ШҚО ІІД 

баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткізіліп отырған 

шараның басты мақсаты – жол сақшыларының кәсіби 

шеберліктерін арттыру және қысылтаяң жағдайларда 

автокөлік жүргізудің қыр-сырын одан әрі жетілдіру.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жа рыстың 

қызығына енген қатысушылар мен жан 

күйерлер 

шығыстың қатты аязын да елемеді. Алған әсерлерінің 

кереметтігін олардың жүзінен аңғаруға болады. Мұз 

үстінде темір тұлпарды сайлап мінген полиция 

қызметкерлері бұл күні өнерлерін ортаға салып, 

талайды таңғалдырды. Сайыс кезінде жол 

сақшыларының кәсіби шеберліктері мен көпжылғы 

тәжірибе нәтижесі де әсер етпей қойған жоқ. Табанды 

тартыста ШҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Петр 

Никифоров «Тойота» автокөлігімен жеңіс сызығын 

бірінші болып кесті. Екінші орынға ШҚО ІІД ЖПБ 

қызметкері Алексей Ларионов ие болды. Үшінші 

орынды Жол полициясы жеке батальонының командирі 

Талғат Нұриев иеленді. Чемпионат соңында ШҚО Жол 

полициясы басқармасының бастығы Сырым Абдуллаев 

жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңіске 

жеткендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.



Асыл ЖАН, 

Семей

Үш бұзау туған дөнежін 

пышаққа ілінбек

Ақтөбе облысының Ойыл ауданын дағы 

Кемер ауылының тұрғыны Андрей Мырза-

баевтың сиыры үшем бұзау лады. Әдетте 

қазақ ірі қараның жалқы төлде геніне ғана 

қуанады. Сондықтан мал иесі артық екі 

бұзауды ертеңінде үлестіріп жіберген.

Кемер ауылының тұрғыны Андрей Мырзабаев 

бұзауларының қозыдан сәл-пәл ғана үлкен болғанын 

айтады. Бірақ аяқтарынан тез тұрып кеткен. Қашарында 

бір бұзаулап, құнажынында қысыр қалған дөнежін 

Андрей ақсақалды қатты қорқытса керек. Мал иесі 

басы артық екі бұзауды ертеңіне жиендерінің еншісі 

деп атап, бере салыпты.

Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және 

ветеринария бөлімінің бас маманы Жоламан Ғапуов 

мұны «өте сирек кездесетін жайт» деп отыр. «Өндірісі 

дамымаған, 95 пайыз дотациямен күн көріп отырған 

Ойылдың бары да, нары да – мал шаруашылығы. Әр 

төлге қуанатынымыз рас. Бірақ соңғы жылдары 

Ойылдың мал шаруашылығы саласында осындай 

тосын жайттар қылаң беріп жүр. Мысалы, 2009 жылы 

Ойылда екібасты өлі бұзау туылды», – дейді Жоламан 

Ғапуов.


Ал сиырының үшем бұзаулағанын жақсылыққа 

жорымаған Андрей Мырзабаев кемерліктердің басын 

қосып, садақа берген. Мал иесінің айтуынша, «қайдағы 

жоқты шығарған» дөнежін күзге салым қоң жинағасын 

пышаққа ілінеді. 

Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе


№25 (707) 

14.02.2012 жыл, 

сейсенбі             



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Чемпиондар лигасының әнұраны



Мың бұралған спортшы жігіттер

ВОЛЕЙБОЛ


ФРИС

ТАЙЛ


ТЕННИС

КҮРЕС


Көшбасшылар 

жұп жазған жоқ

Қытайдан 

олжалы 

оралдық

Овьедода 

оңбадық...

Түрік кілемінен 

алғанымыз – 

екі қола

Оралда көш басындағы «Алматы» клу-

бы екі ұпай жоғалтты. Өкшесін басып келе 

жатқан Хромтаудың «ТНК Қазхром» деп 

ата латын клубынан 2:3 есебімен ұтылып 

қал ды. Бірақ қалған ойындарында 3:0 

және 3:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпай-

дан олжалады. Сөйтіп, бұл турда қор жы-

нына 13 ұпай салды.

«ТНК Қазхром» да бұл турда екі ұпай 

жо ғалтты. Ешкімнен ұтылмаса да, «Ал ма-

ты» және «Атырау» клубтарын 3:2 есебімен 

ұтып, екі ұпайдан қағылды. Хромтау жі гіт-

тері де «Алматы» клубынан қалыспай, 

қор жындарына 13 ұпай салды.

Бұл тур «Шығыс-СвинецСтрой» (Өс ке-

мен) клубы үшін өте сәтсіз болды. Олар 

бар лық ойында жеңілістің кермек дәмін 

татты. Әйтсе де ел чемпионатында да ұпай 

«италияндық  жүйемен»  есеп те лі не тін дік-

тен, екі ұпай еншілеп, үшінші орнын сақтап 

қалды. «Атырау» бұл турда алты ұпай ол-

жа лап, өскемендіктерді қуып жетуге ай-

нал ды.


Петропавлдың «Есілі» де ерледі. Олар 

жеті ұпай олжалап, соңғы орыннан бір 

саты жоғарылады. Ал жергілікті «Конден-

сат» екі кездесуде 3:2 есебімен жеңіске 

же тіп, төрт ұпай еншілесе де, бір саты 

төмен сырғыды.

Екі күнге созылған турнирде жер лес те-

ріміз бірден екінші күні, яғни финалдық 

бәсекелерде бақтарын сынады. Қыздардан 

Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова бақ-

та рын сынаса, жігіттерден Дмитрий Рей-

херд тен бөлек, Дима Бармашов және Ан-

дрей Соколов өнер көрсетті.

Қыздарымыздың нәтижелеріне келер 

бол сақ, 25,33 ұпай жинаған Юля Галышева 

қола жүлдеге қол жеткізді. Сөйтіп, аруымыз 

Әлем кубогынан өз қоржынына 600 ұпай 

салды. Екінші аруымыз Дарья Рыбалова 

24,15 ұпай жинап, 6-орыннан көрінді. Ал 

жарыс жеңімпазы — АҚШ аруы Ханна 

Керни. 

Рейхердтің көрсеткіші тіптен қуантты. 



Ұлы жібек елінде сөреден 11-ші болып 

шық қан Дима 25,34 ұпай жинады. Мұның 

алдында сөреден 9-шы болып шыққан 

канадалық Филипп Маркус те дәл осынша 

жинаған болатын. Сондықтан, екеуі де 

Әлем кубогының 800 ұпайын жинады. 

Өзге жігіттерімізден Дмитрий Бармашов 

19,36 ұпай жинап, 13-орыннан көрінсе, 

Андрей Соколов 31-орынға тұрақтады. Ал 

тағы бір канадалық саңлақ Микаэль 

Кингсбуриге тең келер ешкім болмады.

Асфендияр ЖАНАДІЛ

Яшар Догу атындағы халықаралық тур-

нир де биыл 15 мемлекеттің балуандары 

бел десті. Олардың арасында қазақ елінің 

де беткеұстар спортшылары болды. Алайда 

үздіктеріміздің бірде-біреуі жүлдеге іліккен 

жоқ. Бір ескере кетерлігі, әлем чем пио на-

тын да жүлдеге ілінген қазақтың қос талант-

ты балуаны, яғни Дәурен Жұмағазиев пен 

Дәулет Ниязбеков түрік кілемінде өз сал-

мақ тарында күрескен жоқ. Ұлттық құ ра-

маның бас бапкері Алтай Танабаев:

– Екеуіне де салмақ қуу өте қиын. Олар 

тек Олимпиада ойындарына дайындалады. 

Сол себепті оларды өз салмақтарынан жо-

ға ры салмақ дәрежесінде күрестіріп көрдік. 

Айта кетейін, биыл Белоруссияда өтетін 

әлем кубогы бәсекесінде ұлттық құрама 

үз діктерінің барлығы өз салмақтарында 

бақ сынайды, – деді.

Бас бапкер түрік боз кілемінде 55 келі 

сал мақ дәрежесінде бағын сынап, қола 

ме даль жеңіп алған да Қайыржан Бей се-

баев қа риза болғандығын білдірді. Бұл 

жас тар құрамасы сапынан келген өреннің 

ал ғашқы ірі турнирі екен. Тәжірибесінің 

аз дығы болмағанда, финалда белдесуге 

тиіс екендігін алға тартты. Әрі біздің елде 

дәл осы 55 келі салмақ дәрежесінде бә се-

келестіктің өте жоғары екендігін де тілге 

тиек етті.

Ал Анкарадағы белдесулер қорытын-

ды сына келер болсақ, Қайыржан алғашқы 

айналымда турнирдің болашақ жеңімпазы, 

әзірбайжан Махмуд Магомедовтан ұтыл-

ды. Қарсыласы финалға жолдама ал ған-

дық тан, үшінші орын үшін күресу мүм кін-

дігіне ие болды да, түріктің қос балуанын 

жергілікті жанкүйер алдында тізерлетіп, 

қола жүлдегер атанды.

Сол секілді 84 келі салмақ дәрежесінде 

белдескен Ермек Байдуашев та қола жүлде 

иеленді. Ермек алғашқы айналымда тәп-

тәуір күресіп, Ресей және Түркия ба луан-

да рын ұтты. Бірақ ширек финалда тур нир-

дің болашақ жеңімпазы, ирандық Жамал 

Миразиға есе жіберді. Қола медаль үшін 

болған белдесулердің алғашқысында 

Поль ша, одан соң түріктің тағы бір ба луа-

нын ұтып, үшінші орынға ие болды. 

Үш балуанымыз 5-орынмен шектелді. 

Яғ ни олар қола медаль үшін болған ше шу-

ші белдесулерде қарсыластарына есе жі-

бер ді. Атап айтқанда, 60 келіде Амандық 

Бақаев, 66 келі салмақта Самат Омаров 

пен Жасұлан Мұхтарбекұлы қола жүлдеге 

бір сүйем жетпей сүрінді.

Анкарада екі қызымыз белдесіп, екеуі 

де, яғни Ирина Кирилопова (48 келі) мен 

Ме руерт Дынбаева (55 келі) жүлдеге іліге 

ал мады.

Телжан КҮДЕРОВ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ



Өткен жылдың үздіктерін әспеттеу

Әуелі өткен жыл атүсті қоры тын ды ла-

нып, 2011 жылғы жоғары көрсеткіштеріміз 

бен тарихи жетістіктеріміз жіпке тізілді. Со-

дан соң рет-ретімен үздіктерге тиісті жүл-

де лері  тапсырылды.

2011 жылдың үздік спортшысы болып, 

ауыр атлет Илья Ильин танылды. Ел Тәуел-

сіз дігінің 20 жылдық мерейтойы қар са-

ңын да үшінші рет әлем чемпионы атанған 

талантты спортшымыздың осы жетістігі 

жоғары бағаланды.

Сондай-ақ үздік спортшылар но ми на-

циясы бойынша өткен жылы екінші рет 

әлем чемпионы атанған Зульфия Чин шан-

ло (ауыр атлетика), 2011 жылғы әлем 

чемпионаттарының күміс жүлдегерлері – 

Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі), Серік 

Сәпиев (бокс), Әділбек Ниязымбетов 

(бокс), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), 

Максим Раков (дзюдо), Светлана Подо бе-

дова (ауыр атлетика) сынды олимпиадалық 

спорт түрлерінен ел намысын асқақтатып 

жүрген саңлақтарымызға арнайы сый лық-

тар табыс етілді. Қазақ күресінен өткен жы-

лы тұңғыш рет ұйымдастырылған «Қазақ-

стан барысы» турнирінің жеңімпазы Ұлан 

Рысқұл да ұмыт қалған жоқ. Самбодан төр-

тінші рет әлем чемпионы атанған Ер бо лат 

Байбатыров та жоғарыда есімдері атал ған 

спортшыларымызбен бірге ұлық тал ды.

Есімі Гиннесс рекордтар кітабына жа-

зыл ған, шахматтан төрт дүркін әлем чем-

пио ны болған, 11 жасар Жансая Әбдімәлік 

«Жыл жарқылы» номинациясы бойынша 

тең дессіз танылды. Ал былтыр жет кін шек-

тер арасында әлем чемпионы атанған, 7 

Оралда волейболдан 

ерлер арасындағы ХХ ел 

чемпионатының төртінші 

туры аяқталып, көш 

басындағы командалар ұпай 

жоғалтса да, жұптарын 

жазған жоқ.

Қытайдың Бейда Лэйк 

қаласында фристайлдың 

могул бағдарламасы 

бойынша Әлем кубогының 

кезеңі өтті. Дүбірлі додаға 

қазақстандық спортшылар 

да қатысып, Рейхерд 

күміспен күптелсе, Галышева 

қолаға қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының 

теннисшілері Дэвис кубогы 

аясында Испания жігіттерімен 

кездесіп, Овьедо қаласында 0:5 

есебімен оңбай ұтылды.

Түркия астанасы Анкарада 

еркін және әйелдер күресінен 

«Гран-при» бәсекесінің екінші 

кезеңі өтті. 

Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасының спорт және дене 

тәрбиесі агенттігі 2011 жылдың үздіктерін жариялап, өткен жылы ерен 

жетістіктерге қол жеткізген спортшыларымыз, бапкерлерді және 

федерацияларды ресми түрде марапаттады.

жасар Бибісара Асаубаева «Жыл жа ңа лы-

ғы» номинациясында үздік танылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 

шәкірттерін жоғары жетістікке жеткізген 

жаттықтырушыларға да сый-құрмет көр-

се тіліп, жылдың үздік бапкерлері жария-

лан 


ды. Бұл номинацияда Алексей Ни 

(ауыр атлетика), Мұратбек Қасымханов 

(грек-рим күресі) және Мырзағали Айт-

жа нов (бокс) сынды көпшілікке кеңінен 

та 

ны 


мал бапкерлеріміз үздік танылған 

екен.


Жылдың үздік федерациялары но ми-

на циясы бойынша да үздіктер анық та лып-

ты. Бұл тұрғыда еліміздің ауыр атлетика, 

күрес,  бокс  және  шахмат  фе де ра ция ла ры-

ның былтырғы жетістіктері аса жоғары ба-

ғаға ие болып, еліміздің 2011 жылғы үздік 

федерациялары болып аталды.

Аймақтардың өткен жылғы жұмыстары 

да сараланып, Алматы, Қарағанды және 

Қызылорда облыстық дене тәрбиесі және 

спорт басқармаларының өткен жылы ерен 

жетістіктерге қол жеткізгендіктері айрықша 

аталып өтті. Әрі осы номинацияда осы үш 

об лыстың үздік шыққандығы жарияланып, 

аймақтық басқарма басшылары М.Тұр-

сын беков (Алматы облысы), Р.Қожабеков 

(Қарағанды облысы) және С.Мұстафаев 

(Қы зылорда облысы) – үшеуіне арнайы 

сыйлықтар табыс етілді.

Жоғарыдағы номинациялардың үшеуін-

де ұлттық ауыр атлетика, бокс және күрес 

түрлері федерациялары қатар атал ды. Өйт-

кені олардың өткен жылғы жетіс тіктері тым 

жо ғары болды. Мысалы, ауыр атлетикадағы 

қыз-ұлдарымыз соңғы жыл дары тұрақты 

түр де жеңіс тұғырынан кө рі ніп жүр. Мұның 

бәрі ескерусіз қалған жоқ. Қазылар алқасы 

осының бәріне мән бер гендей.

Марапаттау рәсімінен кейін ҚР ауыр 

атлетика федерациясының президенті 

Қай рат Тұрлыханов мырзаны тілге тарт қа-

ны мызда, «Қандай да табыс-жетістік бол-

ма сын, оның өздігінен келмейтіні баршаға 

мәлім. Бұл – біздің ұжымның, ұлттық құ-

ра ма бапкерлері мен әр өңірде шелектеп 

тер төгіп жүрген жаттықтырушылардың 

ерен еңбегі мен ізденімпаздығының 

жемісі. Былтырғы әлем чемпионатында екі 

алтын және екі күміс медаль иеленіп, ко-

мандалық есепте үшінші орынды еншіледік. 

Осындай халықаралық дүбірлі додаларда 

жанкештілік танытып жүрген спорт шы лар-

ға және оларға үнемі көмектесіп, ақыл-

кеңес беріп жүрген ел спортының 

басшыларына, сондай-ақ бас демеушіміз 

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты 

қорында шексіз алғысымызды білдіреміз», 

– деп өздерінің осындай ерен жетістіктерге 

жетуіне ықпал етіп, жағдай жасап отыр-

ған дарды атап өтті.

Ел спортының қайраткерлері бас 

қосқан осы салтанатты кеште спорт тақы-

ры бына қалам тартып жүрген журналис-

тер ге де құрмет көрсетілді. Қазақстан Рес-

публикасының спорт және дене тәрбиесі 

агенттігі жылда үш журналиске берілетін 

Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың 

иегерлерін де осы кеште марапаттады. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 

Сейд-ағаңның сыйлығы Дастан Кенжалин 

(«Егемен Қазақстан»), Жанар Өтешева 

(«Астана спорт» газеті) және Дина Ысқа-

қова («Қазақстан» ұлттық арнасы) секілді 

әріптестерімізге табыс етілді. Журналистерге 

тиісті сыйлықтарын табыс ету рәсімінде 

Қазақстан спорт баспасөзі қауым дас ты-

ғының президенті, ел спорты жур на лис ти-

касының көрнекті тұлғасы Несіп Жүнісбай 

спортшылардан «төртінші билік өкілдерін 

сыйлап, құрметтеп жүріңіздер, олар сіз-

дер дің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіздің 

жар шылары» деп өтінді. 



Нұрғазы САСАЕВ

Әзиз ЖҰМАДІЛ

КӘСІПҚОЙ БОК

С 

Нәтижесі белгілі – 0:5. Жігіттердің бар-



лы ғы да төрешілердің бірауызды ше ші мі-

мен жеңілді. Ешқайсысы да ең болмаса, 

бір төрешінің болсын, көңілінен шыға ал-

ған жоқ. Рас, тек өзбек легионері Рофикжон 

Сұл тонов қана қарсыласып бақты. Жеңіске 

лайықтысы сол ғана болды. Бірақ төре ші-

лер шаршы алаң иесі Владимир Никитиннің 

қо лын  көтерді.

– Бұл жігітті Астанада өткен жекпе-жек-

те көргенмін. Сол кезде Сұлтонов менің 

ко мандаласым Ануар Юнусовты жеңген 

бо латын. Бапкерлерім «бұл жекпе-жекке 

сен дайындал» дегенде Ануар үшін кек 

қай таруға өзіме уәде бергенмін. Қанша 

мықты болса да, төрешілер мені жеңімпаз 

танығанына қуаныштымын, – деп ағынан 

жарылыпты айқас соңында Владимир 

Никитин. Дегенмен қазақ клубының өкіл-

де рі төрешілердің бұл шешімімен келіс-

пей 


тінін білдірді. Командамыздың бас 

директоры Болат Манкеновке хабар лас қа-

ны мызда:

– Әлбетте, ресми түрде шағым бер-

мей міз. Бірақ, біздіңше, бұл жекпе-жекте 

Рофик жеңді. Өзін жақсы қырынан көр се-

тіп, жиі шабуылдаумен болды. Қарсыласын 

біраз титықтатты. Сондықтан төреші Ни ки-

тин нің қолын көтергенде, өзіміз де таң ғал-

дық. Ал басқа жігіттердің барлығы да мас-

қара болып жеңілді. Бұған еш алып 

қо 


сарым жоқ. Төрешілердің шешіміне 

дауы мыз болмауы керек, – деді Болат Тох-

тар ұлы.

Расымен де, басқа жігіттеріміздің мас-

қа ра болғанына ешкімнің де дауы жоқ шы-

ғар. Бір жағынан жігіттерімізден жігерсіздігі 



Мәскеуден масқара болып оралдық

де байқалды, бапкерлердің қателігі де 

көзге ұрып тұрды. Мәселен, Рамжон Ах ме-

дов пен Данил Шведтің айқасында қар сы-

лас тың бойшаң, қолының ұзын болғанына 

қара мастан, жаттықтырушыларымыз «жа-

қын дама, жақындама! Барма оған!» деп 

айқайлап, бұйрық беріп, Рамжонның өз 

қа лауынша жұдырықтасуына мүмкіндік 

бер меді. Бойшаң боксшыға қарсы қайта 

жақыннан жұдырықтасу керек емес пе?! 

Әлде «арландардың» жаттықтырушылары 

бойшаң боксшыны қашықтан жеңудің жа-

ңа тәсілін ойлап тапты ма?! Түсінбей дал-

мыз.

Ал Ержан Мусафировті бұл күні, шы-



ны мен де, танымай қалдық. Былтырғы Ер-

жан жоқ. Бұрын шабуылына сүйсініп, тан-

кі ге теңеуші едік, бұл жолы неге теңеп, неге 

ба 


ларымызды білмей дал болдық. Тек 

үшін ші раундты ғана өз пайдасына шешкен 

жерлесіміз, қалған кезеңдердің барлы-

ғын да қарсылас жұдырығының дәмін тату-

мен болды. Жекпе-жектен кейін даңқты 

бокс шымыз Серік Қонақбаев бұл айқас 

туралы ресейлік баспасөз құралдарының 

біріне «Ержанның жұдырықтасу мәнері 

тіптен бөлек болатын. Бүгін оны мүлдем 

таны май қалдым» деп Мусафировке өз 

бағасын беріпті.

Ал Мирас Байырханов ше? Бұған дейін 

Қанат Исламның басты ізбасарына балап 

жүр генбіз. Екеуінің жұдырықтасу мәнерінде 

де ұқсастықтар көп болатын. Оны ма ман-

дар да айтып жүрді. Бірақ бұл айқаста Ми-

рас соның бірін де көрсете алмады. Қар-

сы ласы Максим Газизовтің соққыларына 

тек алғашқы екі раундта ғана төтеп бере 

ал 


ған жерлесіміздің шаршы алаңдағы 

бұдан кейінгі әрекеттерін тәптіштеп жату-

дың өзі ұят. Құдды бір шоуда жүргендей, 

қарсыласын қолымен шақырып, «кел бері» 

деп, ишара білдіргені сол еді, Максимовтің 

сериялық соққыларының астында қалды. 

Тіпті нокаутқа түсіп те қала жаздады. Ал 

одан кейін түйеқұсша басын бұғып, ар ты-

мен еңкейіп тұра қалғанда, теледидар ал-

дын да отырған жанкүйерлер ұяттан жа-

рыла жаздадық. Абырой болғанда, 

но кауттан аман қалды.

Соңғы болып шаршы алаңға Иштван 

Бер нат шықты. Негізі, Мәскеуге аттанарда 

Болат Манкенов «Егер кездесу тағдыры 

соңғы айқасқа дейін-ақ шешіліп қойса, 

онда Бернат рингке шықпайды. Үндістерге 

қарсы сақтаймыз» деген болатын. Бірақ 

венгр легионері де шаршы алаңға шықты. 

Алғашында оның қарсыласы Виталий 

Кудуховтан бойы ұзын екенін көргенімізде, 

«жеңіс біздікі болады» деп үміттенгенбіз. 

Бірақ Иштван бұл артықшылығын пай да-

ла на алған жоқ. Қайта айқастың орта сын-

да-ақ өз аяғына сүрініп, қайта-қайта құ-

лау 


мен болды. «Одан гөрі шықпай-ақ 

қой 


ғаны дұрыс еді» деумен айқастың 

жыл дам аяқталуын тілеп отырдық.  

  

Болат МАНКЕНОВ, «Астана арландары» 

клубының директоры:

– Несін айтасыз, мойындау керек, 

масқара болып ұтылдық. Енді үндістерді 

же ңу керек. Ширек финалға былай да, бы-

лай шығып тұрмыз. Плэй-оффтағы қар-

сыласымыз Мексика командасы болмақ. 

Тап сырма сол баяғыдай. Жеңімпаз атану.

– Айқастың тағдыры соңғы раундқа 

дейін шешіліп қойса, Бернат шаршы 

алаң ға шықпайды деген едіңіз...

– Солай ойлағанбыз. Бірақ Иштван өзі 

қояр да қоймай, «жеңем» деп тұрып алды. 

Со дан нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. 

Есе сіне Шуайб Болодинатс жарақатынан 

то лық  айықты.



«Динамо» (Ресей) —

«Астана арландары» (Қазақстан) — 5:0

50-54 келі: Владимир Никитин (Ресей) 

— Рофикжон Сұлтонов (Өзбекстан) – 3:0



57-61 келі: Вазген Сафарянц (Бело-

рус сия) — Ержан Мусафиров (Қазақстан) 

– 3:0 


68-73 келі: Максим Газизов (Ресей) 

— Мирас Байырханов (Қазақстан) – 3:0



80-85 келі: Данил Швед (Ресей) — 

Рамжон Ахмедов (Өзбекстан) – 2:1 



91+ келі: Виталий Кудухов (Ресей) — 

Иштван Бернат (Венгрия) – 5:0



Мәскеуге қонаққа барған 

«Астана арландары» елге 

масқара болып оралды. 

Жігіттеріміздің бәрі де 

«динамолықтардың» 

алдында дәрменсіздік 

танытып, оңбай таяқ жеп 

қайтты.

ДОДА


Енді бірер күннен соң үзіліс алған Чемпиондар лигасы да қайта 

жалғасын табады. Еуропаның азуларын айға білеген ең үздік 

клубтары додаға түсер кезде орындалатын Чемпиондар лигасы 

әнұраны барша жанкүйердің жүрегін орнынан бір қозғайды емес 

пе?! Жер жүзіндегі әрбір футболшы аталған әуенді жасыл алаңда 

тұрып тыңдауды армандайды. Чемпиондар лигасының әнұраны 

қашан пайда болды? Оны жазып шыққан кім және орындайтын 

кімдер? Сол туралы кеңірек білгім келеді.

Жандос САҒЫНДЫҚОВ, Атырау облысы

Чемпиондар лигасының әнұраны 

алғаш рет 1992 жылы жасыл алаңда 

шырқала бастады. Себебі дәл осы 

жылы Еуропа чемпиондарының ку-

богы Чемпиондар Лигасы болып 

өз геріске  ұшыраған.  Ком по зи ция-

ның авторы – Тони Бреттон. Ол Ген-

дел есімді композитордың осыған 

ұқсас бір туындысын әрлеп шыққан. 

Батыс футболының хит шеруін бас-

тап тұрған бұл әуенді лондондық 

шір кеудің хоры орындайды. Ал әй-

гілі корольдық филармонияның ор-

кестрі спорт жанкүйерлерінің құлақ 

құрышын қандыратан әнді сүйе мел-

дейді екен. Чемпиондар лигасының 

әнұраны ағылшын, француз және 

неміс тілдерінде шырқалады. Әннің 

негізгі ұзақтығы – 3 минут. Ком мер-

ция лық өнім ретінде ешқашан саты-

лымға шықпайды. Ал әнұранды 

қазақ шалағанда мағынасы мынаған 

саяды: «Олар – ең үздік командалар» 

(үш рет), Чемпиондар! Күштілер! 

Ұлы командалар! Мықтылар! Үлкен 

кездесу! Үлкен спорттық оқиға! Бас-

ты оқиға!» Осылай екі рет қай та ла-

на ды.

Бұл күндері ерлерге ғана жарасатын бокс, күрес сынды спорт түрлерімен 

әйел дер де айналыса бастады. Тіпті шаңғымен тұғырдан секіру сынды жара қат 

алу қаупі өте жоғары спорт түріне де қыздар бой үйрете бастады. Осы рет  те 

менің мынадай бір сұрағым бар. Тек қыздар айналысатын спорт түр лері: көр  кем 

гимнастика мен суда мәнерлеп жүзуге қызығатын ерлер бар ма?! Жал  пы, 

спорттың осы түрлерінен ер жігіттердің ресми бәсекелері өткізіле ме?!

Мейіржан ҮРГЕНІШБАЕВ, Қарағанды облысы

Бүгінге дейін бәрімізде де көркем 

гимнастикамен қыздар ғана айналысады 

деген пікір қалыптасқан. Алайда қыз дар-

дан кем түспей, мың бұралатын ер жігіттер 

де арамызда жоқ емес. Көркем гим нас-

ти кадағы ерлер сайысы Жапониядан бас-

тау алды. 1985 жылдан бастап көркем 

қи мылдайтын жігіттер арасында әлем ку-

богы өткізіле бастаған. Үшінші рет өткен 

бө ріктілер арасындағы әлем чем пио на-

ты на дүниежүзінің 11 елінен гимнастар 

қатысыпты. Тіпті ресейлік көркем гим нас-

шы Александр Букловтың бес бірдей ал-

тын ды олжалап, көш бастағаны да рас. 

Қыз дар арасындағы жарыста жүлде біт-

кенді жиып әкететін ресейлік жігіттердің 

де көркем гимнастикадағы табысы жаман 

емес. Ресей көркем гимнастикасының 

бас шысы Ирина Винер ерлердің Олим-

пиа дада өнер көрсетуін қалайды. Алайда 

Халықаралық көркем гимнастика фе де-

ра циясы ерлердің бұл қадамын құп көр-

мей отыр. Әрине, отбасының қорғаны 

болатын ерлердің майысып жүргені көзге 

оғаш көрінеді. Мүмкін, бұл зілтемір кө те-

ріп, кілемде жан алысып, жан берісе кү-

рес 


кен қыздарға ерлердің қайтарған 

жауа бы  шығар... 

Айтпақшы, суда мәнерлеп жүзуде 

жүл 


де бөлісетін де тек қыздар емес. 

АҚШ-та спорттың бұл түрімен ай на лы са-

тын еркек тердің қарасы көп екен...

ТӨРТ ТУРДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ: 

ойын


ұпай

1. Алматы

20

53

2. ТНК 



Қазхром

20

46



3. Шығыс-

СвинецСтрой

20

27

4. Атырау



20

23

5. Есіл



20

17

6. Конденсат



20

14

Айқын ЖАППАР

Рас, бірінші күні біздің елдің намысын 

қор ғайтын Ресей жігіттері аянбай шай қас-

ты, шамаларының жеткенінше қарсыласып 

бақты. Әсіресе Михаил Кукушкин қай сар-

лық тың үлгісін көрсетті. Әйтсе де ол Хуан 

Карлос Ферреродан 1:6, 6:4, 6:7 (2:7), 

6:4, 4:6 есебімен (яғни бес сетте) ұтылып 

қал ды. Бұдан соң Андрей Голубев Николас 

Альмагроға 3:6, 6:4, 1:6, 1:6 есебімен есе 

жіберіп алды.

Екінші күнгі жұптасып өнер көрсету до-

дасында Евгений Королев пен Юрий 

Щукин жергілікті Марк Лопес және Мар-

сель Гранольерс дуэтінен 2:6, 3:6, 1:6 

есебімен жеңілді.

Испания жігіттері соңғы күнгі ойын-

дарда ұтылса да, жалпы есепте жеңіске 

жетер еді. Соған қарамастан, испан жігіт-

тері босаңсымай, жалпы есепте ірі жеңіске 

жетті. Бұл күні Е.Королев Николас Аль ма г-

ро дан – 3:6, 4:6 есебімен, ал Андрей 

Голубев Марсель Гранольерстен 3:6, 7:6 

(7:2), 3:6 есебімен ұтылды. Сөйтіп, тен-

нисшілеріміз де түзде 0:5 есебімен ой сы-

рай ұтылып қайтты.

Айқын ЖАППАР

www


.as

tanaarlans.c

om (фо

то)


№25 (707) 

14.02.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№25 (707) 



14.02.2012 жыл, 

сейсенбі             

8

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Фамилиясы күрделі адамдар 

табысты бола бермейді



Табысты болудың бір құпиясы – адамның фамилиясында. 

Мельбурн университеті жанындағы Психология мектебі 

ғалымдарының пікірінше, адамның тегін білдіретін атаудың 

оңай айтылуы оның қызмет пен кәсіби саладағы жетістіктеріне 

себепші болады.

News.com.au порталының ха-

барлауынша, Саймон Лэхам бас-

таған психологтер тобы ондаған 

адамның фамилиясы мен олардың 

кәсіби жетістіктерін саралаған. 

Зерттеудің нәтижесінде фамилия-

сының дыбысталуы қиын адам-

дардың қызметте көптеген кедер-

гілерге тап болатыны дәлелденген. 

Ал Дженкинсон, Бенсон сияқты 

оңай айтылатын «әдемі» фами-

лиясы бар адамдар еңбекте та-

бысты болып шыққан. «Мұндай 

сәйкестік әсіресе мұғалімдер ара-

сында байқалып отыр. Тіпті сирек 

кездесетін фамилияның өзі жеңіл 

айтылатын болса, мұның өзі оның 

иесіне зор табыс әкеледі», – дейді 

С.Лэхам. 

Идеал еркектің портреті 

белгілі болды



Ғалымдар әйелдерге қандай еркектердің 

көбірек ұнайтынын тағы бір мәрте 

анықтады. Ұлыбританияның Ноттингем 

университетінің дәрігерлері нәзік жандар 

бұлшықетті, шымыр ерлерді қалайды деген 

тұжырымды жоққа шығарды.

Ян Стефен бастаған зерттеушілер 

ондаған ер адамды суретке түсіріп, 

компьютерлік бағдарламаның кө-

мегімен олардың бет-әлпеттеріне 

талдау жасады. Сынаққа қатыс қан-

дардың арасында африкалықтар да, 

еуропалықтар да бар. Кейін ерлердің 

портреттері жас шамасы жөнінен 

олармен қарайлас әйелдердің 

бағалауына ұсынылды. Алынған 

жауаптар мұқият сарапқа салынған. 

Стефеннің айтуынша, нәзік жандар 

ер адам дар-

дың бұл шық-

 ет те ріне,  әде мі  көз деріне,  са қал-мұр-

 тына,  күл    кісіне,  тіпті,  киім  кию  стиліне 

де мән бермеген. Олардың жоғары 

бағалағаны – ерлер терісінің таза-

лығы. «Әйелдердің дені терісі таза 

ерлерді дені сау, көрікті деп есептейді. 

Демек, олардың жүрегін жаулау үшін 

ер адамдардың гигиенаға көңіл 

аударғаны дұрыс», – дейді Я.Сте-

фен.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Ақпанның 14-і

Алаштың атаулы күні

• 1483 жылы сұлтан Бабыр дүниеге келді. 

• 1994 жылы Қазақстан Халықаралық атом энергетика агенттігіне 

мүшелікке қабылданды.

• 1992 жылы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның шешімімен 

Гурьев облысы мен Гурьев қаласы тиісінше Атырау қаласы мен 

Атырау облысы деп қайта аталды. Павлодар облысындағы Ермак 

ауданының атауы Ақсу ауданы болып өзгертілді.

• Компьютершілер күні.

 

Туған күн иелері



Тимур Сүлейменов (1943) – Қазақстан Дизайнерлер одағының 

президенті; 



Еран Мағзұмов 

(1952) – ҚР Президент Әкімшілігі жалпы бөлім 

меңгерушісінің орынбасары;

Алқажан Еділхан 

(1952) – Маңғыстау облыстық Мұрағаттар 

және құжаттама басқармасының бастығы; 

Жолтай Әлмашұлы (1957) – жазушы-драматург;

Нұрлан Қарабеков (1956) – запастағы полковник, заң 

ғылымының кандидаты; 



Асылхан Сағанаев (1956) – полковник;

Әділ-Бек Қаба (1963) – ҚР Парламенті Сенаты аппаратының 

Баспасөз қызметі бастығының орынбасары;



Асқар Тұтыбаев (1964) – Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-

құрылыс бақылау басқармасының бастығы;



Болатбек Қуандықов (1969) – Қызылорда облысының әкімі.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ӘДІЛ-БЕК – арабтың «әділ» (шыншыл, турашыл) және 

қазақтың «бек» (ел басқарушы) сөздерінің бірігуінен 

құралған ныспы. Елін әділдікпен билеген басшы болсын, 

туғандарына турашылдығымен жақсын деген ниетпен 

қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі. Әділ – 

Алланың 99 сипатының бірі.

К

е

зекшi  ред



ак

тор – Қу


аныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1474

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №324

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Та

р



ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №24 (706) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Кокс. Нама. Тату. Қоқан. Дау. Нанизм. Қазы. Мақсым. Оно. Ару. Сыңар. Фетр. Тиек. Ыза. Не. Жуас. Ниет. 

  

    



  

ТІГІНЕН: Новокаин. Езу. Ост. Ұстаным. Ырыс. Ана. Аяң. Ант. Нұқ. Атан. «Ауди». Сари. Азғыр. Ене. Самум. Мушкет. 

Кіре 


көлік

Әскери 


одақ

Жыл бөлігі

Жер асты

патшасы 


(грек)

Саха


Астанадағы 

мұзайдын


Дұшпан

Ертедегі 

Рим 

шақасы


Мысыр.

күн 


құдайы

Астық


ХІХ ғ. 

басындағы 

сәулет 

стилі


Үшбу

сәлем


Еліміздегі

меценаттар

сыйлығы

Тек мате-



матиктер ге 

берілетін 

сыйлық

Қатар


Өлең, 

әннің 


сазы

Мейрам-


ханадағы 

би алаңы


Допты 

спорт


Мүйіз 

садақ


Су жолына 

қамыстан 

жасалған бөгет

Арғы ата


Сөзбе-сөз 

аудармаға 

келмейтін 

сөздер


Амал, 

шара


Перу 

қаласы


АҚШ

ғарыш кеме 

класы

Септік


Аттила

Үлкен


Клео патра-

ның нөкері

Кетпен түрі

Ауа райы

-11-19

о

 

 -23-24

о

-13-16

о

 

-16-18

о

-13-18

о

 

-19-21

о

 -11-13

о

 

-9-11

о

 -4-6

о

 

-10-11

о

 

-14-24



о

 

-24-28

о

 

-16-26



о

 

-27-29

о

-14-16

о

 

  -13-23

о

-8-11

о

 

-15-16

о

-4-9

о

 

 -10-13

о

-15-24

о

 

-19-21

о

-14-24

о

 

-22-24

о

 

-12-22

о

 

 -20-22

о

 

-6-13

О

 

-16-18

О

  

-7-10

о

 

-13-14

о

        


-4 -6

о

 

-7 -9

о

 

-5-15

О

 

-17-19

О

  

-10-25

о

 

-19-22

о

Қарындаш 

өзегі, минерал

Тай боксы



07,53

10,27

18,20

ТОҚТЫ 

Сүйіктіңізге көбірек кө-

ңіл бөлгеніңіз жөн. Бүгін 

осыған мән бер месеңіз, 

қатынастарыңызда қиындық 

туындауы ық 

тимал. Өмі-

ріңізге өзгерістер енгізіп, 

керітартпалықтан бас тар-

туға тырысыңыз. Сонда бәрі 

де ойдағыдай болады. 

ТОРПАҚ

Кәсіби мәселелер бүгін 

сізді көп әбігерге түсір-

мейді. Өзіңіз де маза сыз-

данып уайымдаудың ор-

нына кездескен кедергіні 

қалай тезірек жеңуге бола-

тынын ойланасыз. Бас-

шылар мен әріптестеріңіз 

сіздің осы ұстанымыңызды 

ұнатады.

ЕГІЗДЕР

Бүгінгі күніңіз қызықты 

өтеді. Ішкі сезіміңіздің 

өткірлігінің арқасында 

бүгін мүлде қателеспейсіз 

десе де болады. Ал ұсақ-

түйек қателіктеріңіз бай-

қаусыз қалады. Батыл 

идеяңызды жақындарыңыз 

қолдап, іске асыруға кө

-

мектеседі. 



ШАЯН

Сізге бүгін қаржы 

мәселелерін шешуге 

көбірек көңіл бөлу керек. 

А қ ш а ң ы зд ы   д ұ р ы с 

жұмсап басқара біліңіз, 

бүгінгі кез келген жағдайдың 

ары қарай дамуы тікелей 

осыған байланысты болмақ. 

Жұмыста міндетіңізді өз 

бетіңізше атқарыңыз.

АРЫСТАН

Бүгін көптен бері кейінге 

қалдырып келе жатқан 

істерге кірісіңіз. Бұл күні 

басшыларыңыз сізді 

кәсіби тұрғыда сынаққа 

алады. Сондықтан көптеген 

күрделі мәселенің шешімін 

тек қана табандылықпен 

таба аласыз. 



БИКЕШ

Іскерлік қарым-қаты-

настарды ретке келтіруге 

тырысыңыз. Қазіргі жағ-

дайды дұрыс бағамдап, 

өзіңізге керексіз бай-

ланыстардан  арыл ға ныңыз 

жөн. Зиянды әдет 

терді 

біржола тастаңыз. Әйтпесе 



алға жылжуға кедергі 

келтіреді. 



ТАРАЗЫ

Сізге іскерлік қарым-

қатынаста қатал ұстаным 

ұстану қажет. Өйткені бүгін 

жұмысқа деген өз көз-

қара сыңызды 

қорғауға 

дайын болуыңыз керек. Кез 

келген әріптесіңіз мінезіңіздің 

жұмсақтығын әлсіздігіңіз деп 

білуі де мүмкін. 

САРЫШАЯН

Күніңіз қаржы салымы-

на немесе қар 

жылан-


дыруға байланысты сәтті 

болады. Сіз ақшаны ақыл-

ды әрі қулықпен қолдана 

аласыз. Сондай-ақ достары-

ңызға да қаржыға қатысты 

жақсы кеңес бересіз. Жаңа 

бизнес-жобаға кіріскен жөн. 

МЕРГЕН

Осы күні табысқа 

жетудің құпиясы жұмы-

сыңызға жаңа адамдарды 

тартуда болады. Оларды 

сіз немен қызық 

тыра-

тыныңыз маңызды емес, 



маңыздысы оларды ойлан-

дыратын ой керек. Сонда 

өздері де көмектесуге дайын 

тұрады. 


ТАУЕШКІ 

Кәсіби істерге осы күні 

аса алаңдамағаныңыз 

абзал. Қалыптасқан 

жағдайлар қандай қиын 

болса да, жеңіске жете 

аласыз, тек табандылық 

танытып, төзімді бола білсеңіз 

болғаны. Қолында құзыры 

барлардан қолдау болып 

қалуы мүмкін.

СУҚҰЙҒЫШ

Қарым-қатынас үшін, 

яғни жаңа таныстықтар 

орнату үшін керемет 

күннің бірі. Кез келген 

іскерлік, достық немесе 

романтикалық қатынастарға 

бұл күн болашақта жақсы 

жол ашады. Алыс туыс-

қандарыңыздан жақсы хабар 

аласыз. 

БАЛЫҚТАР

Жұлдыздар бүгін сізді 

барлық істе қолдап 

отырады. Сізге тек қай-

сарлық пен табан дылық 

таныту қажет, сонда біраз істі 

тындырып тастауға мүм-

кіндігіңіз болады. Сондай-ақ 

осы күннің бүкіл мүмкіндігін 

толығымен қолдана аласыз. 

Ақпан 2012

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29

14

Алматтың әзілдері

Мұғалім оқушыларды құрылыс алаңына экскурсияға 

апарады. Бір кезде олардың көзінше бір құрылысшы 

сатыдан құлап, қатты жарақат алады.

Мектепке келген соң мұғалім оқушылардан сұрайды:

– Білесіңдер ме, балалар, әлгі құрылысшы ағай неге 

құлап қалды?

– Қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан...

Осы кезде бір бала орнынан тұрып:

– Апай, ол кісі маған ұрысты ғой.

– Не үшін?

– Әй, жүгермек, иттің баласы, сатыны сілкілеме, – 

деді.


***

Екі студент көшеден бір қайыршыны кездестіреді. 

Олардың біреуі қайыршыға 500 теңге бере салады.

– Оған неге ақша бересің? Бәрібір арақ алып ішеді...

– Біз де ішеміз ғой кейде...

***


Баласы анасына:

– Мама, әкеміздің басында неге шаш жоқ?

– Өте ақылдыларда шаш болмайды.

– Онда менің де шашымды алып тастаңызшы... 



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Табиғи 


суқойма

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера 

және балет театры (Алматы) www.gatob.kz

16 ақпан


18.30

«Трубадур»



(опера)

Дж.Верди


18 ақпан

18.30


«Риголетто»

(балет)

Дж.Верди


19 ақпан

17.00


«Ромео мен Джульетта»

(балет)

С.Прокофьев

23 ақпан

18.30


«Біржан – Сара»

(опера)

Қазақстанның Халық артисі, 

Мемлекеттік сыйлықтың 

иегері Байғали 

Досымжановтың 90 

жылдығына арналады

М.Төлебаев

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

 (Алматы) www.philharmonic.kz

15 ақпан


18.30

Ғ. Жұбанова атындағы 

Мемлекеттік шекті 

аспаптар квартетімен 

концерт

Бағдарламада



Й.Гайдн, Ф.Мендельсон,

Б.Барток шығармалары 

орындалады

18 ақпан


18.30

Мемлекеттік 

академиялық 

симфониялық 

оркестрмен концерт

Дирижері: Қ.Омаров 

19 ақпан

18.30


Фортепианолық музыка 

кеші


К.Дебюссидің 150 

жылдығына арналады

Жеке орындаушы:

Ж.Сүлейменова

23 ақпан

18.30


Н. Тілендиев атындағы 

Академиялық 

фольклорлық-

этнографиялық 

оркестрмен концерт

Дирижері: 

оркестрдің көркемдік 

жетекшісі және бас 

дирижері Д.Тілендиева 

Жеке орындаушы:

Д.Есімханов

Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыкалық 

драма театры (Астана) www.kazteatr.kz

15 ақпан


18.30

«Ғасырдан да 

ұзақ күн»

(драма)

авт. Ш.Айтматов

реж. Ә.Мәмбетов

16 ақпан


18.30

«Антивирус»



(комедия)

авт. Е.Жуасбек

реж. Б.Ұзақов

17 ақпан


18.30

«Дон Жуанның думаны»



(комедия)

авт.М.Фриш

реж. А.Әшімов

18 ақпан


18.30

«Сен үшін»



(комедия)

авт. Е.Жуасбек

реж. Н.Жұманиязов

19 ақпан


18.30

«Гамарджоба»



(музыкалық комедия)

авт. А.Цагарелли

реж. Е.Тәпенов

21 ақпан


18.30

«Ақ кеме»



(драма)

авт. Ш.Айтматов

реж. Н.Жұманиязов

22 ақпан


18.30

«Қарагөз»



(трагедия)

авт. М.Әуезов

реж. Ә.Мәмбетов

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық 

драма театры (Алматы) www.teatr-auezov.kz

15 ақпан


18.30

«Ескі үймен қоштасу»



(драма)

авт. Т.Нұрмағамбетов

реж. Е.Обаев

16 ақпан


18.30

«

Томирис



»

(трагедия)

авт. Шахимардан

реж. Т.әл-Тарази

17 ақпан


18.30

«

Жүрейік жүрек 



ауыртпай

»

(драма)

авт. Б.Жәкиев

ауд. Ә.Сығай

реж. Е.Обаев

18 ақпан


18.30

«

Қожанасыр тірі 



екен...

»

(комедия)

авт. Т.Нұрмағамбетов

реж. О.Кенебаев

19 ақпан

18.30


«

Тендерге түскен 

келіншек

»

(драма)

авт. М.Сәрсеке

реж. О.Кенебаев 

21 ақпан

18.30


«

Мәңгілік бала 

бейне

»

(қасіретнама)



авт. Р.Мұқанова

реж. Б.Атабаев

22 ақпан

18.30


«

Гамлет


»

(трагедия)

авт. У.Шекспир

ауд. Х.Ерғали

реж. Ю.Ханин га-Бекназар

15 ақпан

18.30


«Махаббат сазы»

реж. Б.Сейтмамытұлы

16 ақпан

18.30


«

Кішкентай үйдің 

үлкен құпиясы

»

(комедия)

авт. А. Вампилов 

ауд. және реж.Т.Теменов

17 ақпан

18.30


«

Қызыл орамалды 

шынарым

»

(екі бөлімді драма)



авт.Ш.Айтматов инсц. 

және


реж. Т.Теменов

18 ақпан


18.30

«

Адасқан жұлдыз



» 

(драма)

авт. Н. Ораз

реж. Б. Сейітмамытұлы 

19 ақпан


18.30

«

Ең әдемі келіншек



»

(лирикалық мұң)

авт. С. Балғабаев

реж. Р. Сейтметов

21 ақпан


18.30

«

Сүйе білсең...



»

(лирикалық комедия)

авт. Э. Хушвақтов

ауд. И. Сапарбай

реж. Б. Сейітмамытұлы

22 ақпан

18.30


«

Бөлтірік бөрік 

астында

»

(комедия)



авт. Қ. Мұхамеджанов

реж. Т. Теменов



Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

 (Алматы) www.teatr-musrepov.kz

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет 

театры (Астана) www.astana-anshlag.kz

17 ақпан


19.00

«Фигароның үйлену тойы»



(төрт бөлімді опера)

В.Моцарт


25 ақпан

17.00


Премьера!

«Гофманның ертегілері»



(екі қойылымды опера)

Ж.Оффенбах

www.lsm.com.ua 

www.liberty-rb.ru   

16 ақпан

12.00


«

Кірпінің досы

»

(сазды ертегі)

авт.А.Белозеров

ауд. А.Көлбаева

реж.Е.Әбдірешов

17 ақпан

12.00


«

Чиполлино және 

оның достары

»

( ертегі)

авт. Дж. Родари

реж. Ж. Айжол 



Балаларға арналған спектакль: 

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет