Қорытындылау
Кҥн 4.
Мақсаты: 1. Ашық, сенімді қарым-қатынасқа түсудің ерекшеліктерімен
таныстыру;
2. Ақпаратты қабылдау, кәсіби іс-әрекетте шығармашылық жағдайды
қалыптастыру;
3. Түрлі жағдайларға ӛзінің реакциясын саналы бақылауға мүмкіндік беру;
4. Қоршаған адамдарға қолдау кӛрсетуді үйретіп, оны қабылдау қабілетін
және бірігіп іс-әрекет ету икемділігін дамыту.
Қыздыру сәті: «Кӛздермен кездесу»
Барлық қатысушылар бастарын тӛмен түсіріп отырады. ТЖ нұсқауымен
бір уақытта бастарын кӛтереді. Олардың міндеті – бір-бірінің кӛздеріне қарау.
1.
Екі бір-бірімен түйіскен кӛздер ойыннан шығады.
2.
Енді бір-бірінің кӛздерімен түйіспеген қатысушылар ойыннан
шығады.
«Ӛмірдің тарихы» жаттығуы
Ереже: топ мүшелері бӛлмеде бірін-бірі танымайтындай еркін қозғалады.
Әр қатысушы ӛзіне жұп таңдап таныса бастайды.
Жаттығудың міндеті: жұбы туралы барынша кӛп ақпарат жинау. Кӛп
ақпарат жинаған адам жеңімпаз атанады.
«Менің реакцияларым» жаттығуы
122
ТЖ: «Жағдайды емес, біздің жағдайға қатынасымыз ӛміріміздің сапасын
анықтайды. Біздің ӛміріміз қоршаған ортамен немесе сәттілікпен байланысты
екенін мойындаған сәтте біз әлсіздікті сеземіз. Тұлғалық түйсінуден – сіз
жағдайды басқара алмайтыңызды білсеңіз де, оған қатынасынызды басқаруға
болатынын сезіну керектігін айтады. Біз әр конфликтілік жағдай сайын,
ӛзіміздің тәжірибемізге, темпераментімізге немесе күйімізге сәйкес іс-әрекет
жасаймыз».
Кейін топ мүшелеріне кесте сызу нұсқауы беріледі: Бірінші бағанға
стрестік реакция тудыратын жағдайларды, екіншіге – осы сәттегі күйді,
үшіншісіне – әдетте осындай жағдайдан қалай шығатынын» жазу
тапсырылады.
Топ пікір алмасады. Топтың әр мүшесі жауаптарын оқиды.
«Ҥйренгім келеді» жаттығуы
Жаттығу «Жұптағы интервью» бойынша жүргізіледі.
Нҧсқау: Жағымды және үйренуді қалайтын іс-әрекеттер, мінез-құлықтар
туралы ӛзара пікір алысу.
Тапсырма: «Сабақ барысында жұптағы серігіңіздің үйренуді қалайтын іс-
әрекеттері туралы айтып беріңіз!».
Тыңдап тұрған оқытушы жағымды бұл мінез-құлықты қалай, кімнен, қай
жерде үйренетіні туралы бірнеше нұсқаларды ұсынады.
Пікір алысу. «Біз қалайтын іс-әрекеттерді үйренуге кедергі болатын
жағдайлар ...»
«Санамақ» жаттығуы
ТЖ: Қазір әрқайсымыз 1-ден 100-ге дейін санаймыз. Санау барысында 3-ке
аяқталатын және 3-ке бӛлінетін сандардың орнына «Санамақ» деп айту қажет.
Қателік жіберген адам топтың ортасына шығып, топ мүшелерінің тапсырмасын
орындайды.
Пікір алысу:
А) Қателік жіберген адамның ортада сезінген кӛңіл-күйі?
Б) Тапсырма берген топ мүшелерінің сезімі?
«Қатысушылардың кӛзқарасымен менің бейнем...»
Қҧрал-жабдықтар: қалам, парақ және түрлі-түсті фломастерлер
ТЖ: «Ӛзінің психологиялық суретін қалайтын бір қатысушы ортаға
шықсын. Мұнда Сіздің жағымды немесе жағымсыз қасиеттеріңіз айтылмайды,
шынайы бейнеңіз қағаз бетіне түседі».
ТЖ тілек білдірген қатысушыны ортаға отырғызып, келесі нұсқауды
береді: «Қалған қатысушылар суретшілер. Барлығына қалам, парақ және түрлі –
түсті фломастерлер беріледі. Ортаған шыққан адамның бейнесін сурет бетіне
түсірейік».
Топ мүшелерімен кері байланыс орнатылады.
Кҥн 5.
Мақсаты: 1. Ӛзін-ӛзі дұрыс қабылдау қабілетін, сын тұрғысынан ӛзін-ӛзі
бағалауын, ӛзінің дамуына жағымды қатынасын қалыптастыру;
123
2. Оқыту үрдісіндегі ӛзара іс- әрекет пен мінез-құлықтың тиімсіз тәсілдерін
саналы түсіну.
Қыздыру сәті: «Кез-келген сан»
ТЖ кез-келген қатысушының есімін айтады. Есімі аталған қатысушы
топтағы қатысушылардың жалпы санынан 1-ді кемітіп, 1-ден бастап кез-келген
санды атайды. Жетекші санды қайталайды, сол кезде айтылған санға сәйкес
қатысушылар орындарынан тұруы керек. Мұндағы маңыздысы – «санды»
айтқан ТЖ орнынан тұруы да, тұрмауы да мүмкін. Аталған жаттығуды 2-3 рет
дұрыс орындалғаннан соң тоқтатқан дұрыс.
«Ӛзіндік кәсібилілік деңгейін бағалау» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелерінің кәсіби даму деңгейін анықтау.
Қҧрал-жабдықтар: фломастерлер, кӛлденеңнен екіге (тӛменгі жағы
кәсібиліліктің тӛменгі деңгейін, ал жоғары жағы – кәсібиліліктің жоғары
деңгейін білдіреді) бӛлінген А4 форматты парақ.
Нҧсқау: «Қазір әр қатысушы параққа ӛзінің кәсібилік деңгейін белгілеу
қажет. Плакатта ұзын кӛлденеңнен сызық сызылған. Әр қатысушы кезекпен
плакатқа нүкте түрінде ӛздерінің кәсібилігінің деңгейін белгілейді. Тӛменгі
жағы кәсібиліліктің тӛменгі, жоғары жағы – кәсібиліліктің жоғары деңгейін
білдіреді». Барлығы плакатқа белгілеп болған соң, ТЖ нүктеге байланысты әр
топтың мүшесіне келесісұрақ қояды: «Жоғары нүктеде орын алу үшін не
қажет?» немесе «Неліктен осыншама жоғары орында тұрсыз?».
Соңында ортақ пікір алысады...
«Менің ӛмірім» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: қалам, А4 форматты парақ.
Нҧсқау: «Менің ӛмірім» тақырыбында сурет салыңыздар.
Суретте ӛткен, осы және келер шақты белгілеңіз.
Пікір алысу:
1.
Суреттегі осы және келер шақ бір-біріне қандай деңгейде сәйкес
келеді?
2.
Олардың арасында қандай байланыс бар?
3.
Әркім ӛзінің суреті бойынша нені айтқысы келеді?
4.
Топ қатысушыларының суреттері қалай ерекшеленеді?
Ӛмірлік жолыныздан ӛткен шақтағы маңызды 2 жағдайды және болашақта
қалайтын 2 жағдайды елестетініз. Бұл қоғамдағы ӛзгерістерге немесе кәсіби іс-
әрекетке, жеке ӛміріңізге байланысты болуы мүмкін.
1.
Бұл жоспарларды жүзеге асыру кімге тәуелді деп ойлайсыз?
2.
Олар қандай уақытта, мезгілде жүзеге асырылуы мүмкін?
3.
Егер аталған ӛзгерістер жүзеге асырылмаса, Сіздің сезіміңіз?
4.
Жоспарларды жүзеге асыру үшін кедергі болатын жағдайлар?
Ӛмірдегі жағдайлар туралы әңгімені «Мен ... ... болатындығына сенемін!»,
«Мен үшін ... ... маңызды, ӛйткені, ... ...!», «Мен ... ... ӛте қатты қалаймын!»
деген сӛйлемдермен бастауға болады.
«Ӛз жҧмысым туралы не білімін» жаттығуы
124
Мақсаты: маңызды кәсіби сапаларға рефлексия, кәсіби ӛзіндік сана
деңгейін жоғарылату.
Қатысушылар еріксіз формада ӛзінің жұмысы туралы жазбаша әңгіме
құрайды. Әңгімеде келесі сұрақтарға жауаптар жазылуы керек.
-
Кәсіби іс-әрекетімнің мақсаттарын толық және нақты білемін бе?
-
Аталған жұмысты таңдаған себебім?
-
Кәсіби іс-әрекеттің маған ұнайтын жақтары?
-
Ұнамайтын, жағымсыз жақтары?
-
Осы жұмыста кӛңілімді түсіретін жағдайлар?
-
Ӛзімнің маңыздылығымды сезінуім үшін қандай жағдайлар болуы қажет?
-
Мен ӛз жұмысымнан нені күтемін?
-
Кәсіби іс-әрекетте нәтижелі жетістіктерге жету үшін не істеу керек?
-
Жұмысымның басқа ӛмірлік мақсаттарымды жүзеге асырудағы орны?
-
Менің алдағы мақсаттарым?
-
10 жылдан соң мен қалайтын мамандық?
-
Қазіргі уақытта кәсіби іс-әрекетіме жетекші түрткілер?
Жаттығу соңында қатысушылармен әңгімені құру барысында кездескен
қиыншылықтар туралы пікір алысады. Қатысушылардың қалауымен ортада
әңгімелері талқыланады.
Миға шабуыл: «Табысты оқытушы»
Қҧрал-жабдықтар: парақтар, қалам.
Нҧсқау: Қазір «табысты оқытушының» бейнесін жасаймыз. Ол үшін
ойларыңызға келген «табысты оқытушыны» сипаттайтын қасиеттер, сапаларды
атайсыздар.
«Орындалатын мақсаттар» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: парақтар, қалам немесе қарындаштар.
Қатысушылардың қалауымен мақсат туралы әңгімелерін диктофонға
жазуға болады.
Уақыты: дайындық - 5 минут, жаттығу – 10 минут, әр қатысушының
пікірін тыңдауға 5-7 мин.
Нҧсқау: «Қазір Сізге қуаныш сезімін әкелетін мақсаттар туралы
ойланайық. Келесі ассоциациялық қатарды қолдана отырып, тӛрт күйді
сипаттаныз:
-
«Қыстың мақсаты» – ешкімге кӛрінбейді, кейде жүзеге асырылады, себебі
жердің астында тереңде жатыр. Егер қамқорлық жасасақ әдемі, жүзеге асыруға
болатын мақсатты ӛсіруге болады.
-
«Кӛктемнің мақсаты» – жағдайларға, ортаға байланысты ӛскен, бірақ
гүлдері әлсіз, қорғаусыз, дұрыс қаралмаса жерге жеңіл тапталып қалуы мүмкін.
-
«Жаздың мақсаты» – жетілген, гүлдеп тұр, жемісін беруге даяр.
-
«Күзгі мақсат» – жемісін беруге дайын, бірақ күнделікті суды
қажетсінеді, қажет кезде гүлдеп, жемісін беруге дайын».
Аз уақыттық дайындықтан соң, қатысушы ӛзінің мақсаттарын параққа
түсіріп баяндайды. ТЖ ӛзінің мақсаты туралы айтудан бастағаны жӛн.
125
Пікір алысу: «Аталған мақсаттар сізге жағымды күй сыйлайды ма?»,
«Айтылған ойлар шынайы мақсат па немесе мақсатқа жетудің құралы ма?»
Ҥйге тапсырма: «Бірнеше рет мақсаттарды оқып, маңызды мақсаттардың
жазылғанына кӛз жеткізіңіз, мақсаттар тізіміне жүзеге асырылмайтын немесе
маңызсыз мақсаттарды қосқан жоқсыз ба?».
Қорытындылау
Кҥн 6. Тҧлғаның кәсіби деформациясы
Мақсаты: 1. Кәсіби деформация, кәсіби іс-әрекеттегі деформацияның
алатын орны туралы білім қалыптастыру;
2.Кәсіби деформацияның дамуына әсер ететін факторлар және даму
кезеңдері бойынша ақпарат беру.
Қыздыру сәті: «Жануарлар» ойыны
Қатысушылар шеңберге отырады.
Нҧсқау: «Қазір жануарлардың аттары жазылған карточка таратамын.
Мұнда бірдей 2 жануардың аттары жазылған карточкалар бар.
ТЖ карточкаларды таратады (ТЖ топтағы қатысушылардың саны тақ
болған жағдайда ӛзі де қатысады).
ТЖ: Ӛздеріне берілген карточкалардағы жазуды оқып, кӛрсетпеуге тырысу
қажет. Карточканы алып тастаңыз. Міндетіміз – жануарға тән дыбыс шығармай,
тек қимыл-қозғалыс арқылы ғана ӛзінің жұбын табу. |Барлығы ӛз жұптарын
тапқанша ӛздерінің кім екенін білдірмейді. Оны кейін анықтаймыз. Топ
мүшелері жұптарын тауып болған соң, ТЖ әр жұптан: «Сіз кімсіз?» - деп сұрақ
қояды. Алдымен жұптар тағы бір рет ӛздерінің қозғалыстарын бейнелейді,
қалғандары табуға тырысады. Таппаған жағдайда жұптың ӛзі дұрыс жауабын
айтады.
«Кәсіби деформацияға ӛзіндік диагностика жасау» жаттығуы
ТЖ алдын ала дайындалған тор кӛзді бланктарды топ мүшелеріне
ұсынады.
ТЖ: Алдымен бойымыздағы кӛңіл-күйдің деңгейін анықтап алайық.
Бағалау ішкі сезімдеріңізге байланысты субъективті бағаланады. Аталған күй
жоғары болған сайын тор кӛздер де соғұрлым қатты боялады. Ӛзіндік
диагностика жеке орындалады және ортада талқыланбайды.
Топтық пікір-талас: «Кәсіби деформацияға әсер ететін факторлар»
Мақсаты: кәсіби деформация туралы түсінік және адамдармен қарым-
қатынас барысына әсерін, психофизиологиялық шаршаудың салдарын саналы
түсінуге кӛмектесу.
Сабақ алдында оқытушыларға келесідей сҧрақтар қойылады:
-
«Деформация» сӛзін қалай түсінесіздер?
-
Қандай мамандықтар «Кәсіби деформацияға» бейім келеді?
-
Ӛздеріңізде немесе жақын адамдардан «Кәсіби деформацияны»
байқадыңыз ба және қалай күрестіңіздер?
-
Бұл синдромның қандай белгілерін білесіздер?
-
Синдромның симптомдары:
Әлсіздік,шаршау;
126
Тәбеттің қашуы; («ештеңе жегім келмейді»)
Жалғыз қалғысы келу; («ешкімді кӛргім келмейді»)
Ашуланшақтық ;(«жайыма қалдырыңдаршы»)
-Ішкі эмоционалды резервуардың босауы; («адамдарды жек кӛремін»)
Эмоционалды күю синдромы ӛзіне деген аса жауапкершіліктен болады
және ол эмоционалды сәтсіздікке, психосоматикалық бұзылысқа әкеледі.
Мини-дәріс: Кәсіби деформация. Эмоционалды күйіп-пісу синдромы.
Пайда болуы мен дамуын талқылау.
Пікір талас: « Кәсіби іс-әрекетімді ұнатуыма не әсер етеді?»
3-5 адамнан тұратын топтарға бӛліну. Кәсіби іс-әрекетті жағымды
қабылдау үшін кедергі болатын жағдайлар тізімін жазу:
Индивидуалды
Ұжымдық
...
...
Дәрістің қысқаша мазмҧны:
Деформация. Кәсіби деформация. Эмоционалды күйіп-пісу синдромы.
Ригидтілік. Агрессивтілік. Авторитарлық. Фрустрация. Деформацияның 3 даму
кезеңі: бірінші, екінші, үшінші.
Жоспар:
1.
Кәсіби деформация
2.
Кәсіби деформацияның түрлері
3.
Кәсіби деформацияның даму кезеңдері
Миға шабуыл: «Деформацияның салдары»
Нҧсқау: қазір «деформацияның салдары» атты сӛз тіркесіне барынша кӛп
ассоциациялық қатарды жалғастырамыз:
«Қармақ» жаттығуы
Топ мүшелері кӛздерін жұмып, ӛздеріне жайлы, ыңғайлы етіп отырады.
Нҧсқау: «Алдынызда барлығын жоятын, күшті селді, қатты толқынды,
дауылды теңізді елестетіңіз. Кенеттен алдынызда судың бетіне біресе шығып,
біресе толқынның әсерінен кӛрінбей кететін қармақты кӛресіз. Қармақ – Сіз, ал
ӛміріңіз – теңіз деп елестетіңіз. Сізді толқындар тӛмен түсіреді, батырады, бірақ
Сіз суға батпай келесіз. Сіз қайта-қайта судың бетіне қалғып шығасыз. Сіздегі
сенім мен қуаныш сезімі қармақты рухтандырып, соның күшімен қармағыңыз
суға батпай келеді. Сізді жеңе алмаған теңіз ақыры тынышталып, қара
бұлттардың арасынан күн шығады. Сіз – қармақсыз және күннің қуанышты
сәулелері Сізді баурап келеді. Сіз ӛміріңіздегі кезекті дауылды ӛткізіп бұл
күресті жеңіп шықтыңыз. Енді Сіз алдағы дауылды елестетіңіз, мұнда да
жеңіске жеттіңіз»
Ҥйге тапсырма: «Кәсіби деформацияны алдын алу» атты нұсқау
дайындау
Қорытындылау
Кҥн 7. Менің эмоцияларым
127
Сабақтың мақсаты: 1. Мамандыққа деген оқытушылардың қатынасын
анықтау, кәсіби іс-әрекетте кездесетін мәселелерді сана деңгейіне шығару;
2. Қалыптасқан жағымсыз эмоционалды күйлерді қайта жаңғыртып,
мазасызданудың, стрестің деңгейін тӛмендету;
3. Психологиялық қолдау кӛрсету;
4. Кәсіби деформацияны алдын алатын мінез-құлық дағдысын дамыту.
Қыздыру сәті: «От - мҧз»
Жаттығу барлық дененің алма-кезек босансуына және мазасыздануына
әкеледі. Қатысушылар жаттығуды тұрып орындайды. ТЖ бұйрығымен «От»
сӛзінде қатысушылар барлық дене мүшелерін қозғалтады. «Мұз» бұйрығы
берілгенде қозғалыс кейпіндегі күйін сақтап барлық денені барынша қатайтып,
қозғалыссыз бір орында тұрып қалады. ТЖ алма-кезек нұсқаулар береді.
«Шынайы және тілек балансы» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: қалам, А4 форматты парақ.
Топ мүшелері бір қағазда екі шеңбер салады.
Нұсқау: Бір шеңбер кӛрінетіндей парақты ортасынан бӛлу қажет. Осы
шеңберде қазіргі уақыттағы жұмысыңызбен (кәсіби ӛмір) жеке ӛміріңіздің
(демалыс, қызығушылықтар) қатынасын анықтап кӛріңіз. Ол үшін үйіңізде
және жұмысыңызда ӛткізетін уақытты санаудың қажеті жоқ. «Психологиялық
уақыт» - сіздің ішкі түйсігіңіздің бағытын қолдану қажет.
Кейін топ мүшелері парақты ауыстырып жаңа шеңберде ӛздері қалайтын
түрлі іс-әрекеттердің қатынасын салу ұсынылады.
ТЖ: «Енді парақта салғандарыныз туралы айтып беріңіз. Заттардың қазіргі
және ӛздерің қалайтын сурет арасында қандай алшақтық бар? Біреуін
екіншісіне жақындату үшін не істеу керек? Оны қалай жүзеге асыруға болады?
Ол кімге және неге тәуелді деп ойлайсыз?».
«Мен-ҥйде, мен-жҧмыста» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: қалам, А4 форматты парақ.
Парақты екіге бӛліңіз. 2 анықтама тізімін жасау (барынша кӛбірек): «Мен-
үйде, мен-жұмыста» Мысалы, «Мен үйде ешқашан ... ...», «Мен жұмыста
ешқашан ... ...». Бұл мінез-құлық пен ойлау үрдісіндегі таптауырындарды
анықтауға кӛмектеседі.
Аталған екі тізім тӛмендегі сұрақтар бойынша талқыланады:
-
ұқсас қасиеттер
-
қарама-қарсы қасиеттер
-
түрлі деңгейдегі бірдей қасиеттер
-
жалпы ортақ белгілердің болмауы
-
қандай тізімді жасау жеңіл болды және қайсысының кӛлемі кӛп?
-
тізімдегі ерекше қарама-қайшылықтарға сіздің қатынасыңыз?
Ескерту! аталған жаттығу топ түшелерінің мамандықтарын жан-жақтан
қарауға мүмкіндік береді. Біріншіден, қалыптасқан жағдайға ӛзінің қатынасын,
мүмкін болатын мәселелерді анықтайды.
Топтық пікір-талас: «Кәсіби іс-әрекетімнен қанағат алуыма маған не әсер
етеді?»
128
«Стрестік жағдайдағы менің іс-әрекетім» (Аквариум технологиясы)
«Ақ бҧлт» жаттығуы
Топ мүшелері кӛздерін жауып, ыңғайлы отыру қажет.
Нҧсқау: «Сіздер жердегі шӛптің үстінде шалқаңыздан жатқаныңызды
елестетіңіз. Ауа-райы керемет, жаздың бір күні... Сіз ерекше таза кӛкшіл
аспанға қарап жатырсыз... Оның әсемдігіне таң қаласыз... Сіз барынша
босансып, барлық дене мүшелеріңіз бос, еркіндікті сезудесіз... Енді алыстан
кӛкжиекте кішкентай ақ бұлттың пайда болып жатқанын кӛресіз... Сіз оның
сұлулығына, әдемілігіне таң қаласыз... Оның сізге жақындап келе жатқанын
байқадыңыз... шӛптің үстінде барлық дене-мүшелеріңіз босансып жатыр... Ақ
бұлт ақырын сізге жақындап келеді... Сіз керемет кӛкшіл аспанның және ақ
бұлттың сұлулығына, әдемілігіне таң қаласыз... Ол дәл қазір сіздің үстіңізде...
Сіз барынша босансып және осы кереметке сүйсіне қарайсыз... Ақырын тұрып
келесіз. Сіз кішкентай ақ бұлтқа жақындайсыз. Сіз жоғарылап келесіз...
Сонымен, кішкентай ақ бұлтқа жеттіңіз, енді оның үстінен бастыныз... Ақ
бұлттың үстінен басып ӛзіңіз де ақ бұлтқа айналып барасыз... Енді, сіз де ақ
бұлтсыз... Сіздің барлық дене мүшелеріңіз босансып, үйлесімділік тапты... Сіз
енді аспанда жоғарыда ақ бұлт секілді жүзіп келесіз».
Кейін топ мүшелері кӛздерін ашып, топқа қайта оралулары сұралады.
Жаттығу барысында сезінген күйлері туралы пікір алысады.
«Менің сҥйікті жҧмысым» жаттығуы
Уақыты: әр қатысушыға 5-7 минут беріледі.
Нҧсқау: 1. «Біз қазір қуаныш сезімі туралы ойланайық ...» Топқа қандай
жұмыс жасаған және қаншалықты ұнайды? Қандай лауазымды қалайсыз?
Мүмкін сіз ӛте аз жұмыс жасауды және аз жалақымен қанағаттанатын
шығарсыз? Үй жұмыстарымен айналысып, Сізді біреудің асырағанын қалайтын
шығарсыз? Жұмыс жасауды қаламайтын шығарсыз? 2. «Сіздің жұмысыңызда
не маңызды? Сізге жалақы мәселесінің маңызы болмас үшін нені ұсынуға
болады?
Пікір-талас: «Сіз жақсы кӛретін жұмыс үшін жалақы тӛлейтін кәсіп түрін
ойдан шығара аласыз ба? Мұндай жағдай ӛткен шағыңызда орын алды ма?
Болашақта осындай жағдайдың орын алуы туралы елестете аласыз ба?»
Қорытындылау
Кҥн 8. Агрессия және оны алдын алу
Мақсаты: 1. Агрессияның кӛрінуімен байланысты эмоционалды күрделі
конфликтілік жағдайларды алдын алу дағдысын қалыптастыру.
Қыздыру сәті: «Австралиялық жауын» жаттығуы
Мақсаты: оқытушылардың бойындағы жағымсыз сезімдерді, күйлерді
тӛмендету.
Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.
Нҧсқау: Сіздер Австралиялық жауынның не екенін білесіздер ме? Жоқ
болса, оның қандай болатынын кӛрейік. Қазір шеңбер бойымен, менің
қозғалысымды бір-бірлеріңізге бересіздер. Олар маған қайтып келген соң, мен
келесі қозғалысты беремін. Зейін қояйық!
129
-
Австралияда жел кӛтерілді ( шапалақтап ұру)
-
Жаңбыр тамшылады (саусақтарымен қозғалту)
-
Жаңбырдың күші жоғарылады (алма-кезек алақанмен кеудеге ұру)
-
Жаңбыр қатты жауды (жамбасты екі қолымен ұру)
-
Міне, енді бұршақ жауа бастады (аяқтарымен жерді басу)
-
Желдің күші басылды (жамбасты екі қолымен ұру)
-
Жаңбырдың күші әлсіреді (алма-кезек алақанмен кеудеге ұру)
-
жаңбырдың тамшылары сирек жерге түсті (саусақтарымен қозғалту)
-
Әлсіз желдің сыңғырғы естілді (шапалақтарымен уқалау)
-
Күн шықты (қолдарын жоғары кӛтеру)
«Халық даналығы» жаттығуы
Жаттығу жалпы психологиялық мәселені саналы түсініп, халық
даналығында айтылуын талдап, жанжалдарды конструктивті жеңуге
психологиялық белсенділікті туғызады.
Нҧсқау: ТЖ зұлымдық, жақсылық пен жамандық, ашу-ыза туралы халық
арасында әрдайым айтылады. Қандай мақал-мәтелді басты ұран етіп алуға
болады? Топ мүшелері аталған мақал-мәтелдерді ӛзара талқылайды.
Мақал-мәтелдер:
Жақсының аты ӛлмейді,
Ақынның хаты ӛлмейді
Ақылды кісіні аяла,.
Ақымақ кісіні аяма.
Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады,
Жақсы кӛргенін мақтап жүрер,
Жаман кӛргенін даттап жүрер.
Жақсы кісі текшіл
Жаман кісі кекшіл.
Жақсы қартайса да, ақылынан
танбас,
Жаман
ат
қартайса
да,
жүрісінен танбас.
Жақсыға
ерсең,
жетерсің
мұратқа
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа
Жақсы кісінің ашуы - шай
орамал кепкенше.
Жақсының суы тәтті кӛлмен
тең,
Жаманның желі қатты шӛлмен
тең.
Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен қариды.
Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң - азарсың.
Жақсы ӛзін қосып сӛйлейді,
Жаман босқа бӛсіп сӛйлейді.
130
«Эмоционалды кӛңіл-кҥй» жаттығуы
Жаттығу педагогикалық іс-әрекетке тән жағдайларды саналы түсінуге
кӛмектеседі. Жеке тәжірибелерді талдай отырып, эмоционалды күйлерді
түсінуге кӛмек береді.
Алдын ала топта талдау үшін педагогикалық іс-әрекет түрлеріне тән
эмоционалды күйлер жазылған карточкалар таратылады. ТЖ 3-5 адамнан
құралған топшаларды құруды ұсынады. Топ мүшелеріне карточка таратылған
соң аталған эмоционалды күйлер қай уақытта, қандай жағдайда орын алады
және оның дамуына әсер ететін факторлар туралы ӛзара пікір алысады.
Талқылауға 10-15 мин уақыт беріледі. Кейін, әр топ аталған эмоциялық күйді
түсіндіретін бір адамды таңдайды. Барлық күйлер айтылып болған соң, ТЖ
барлығына ризашылығын білдіріп, аталған мәселенің маңызы туралы ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |