1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ӘОЖ: 378.091.12
Қолжазба құқығында
КУАНЖАНОВА КУНДЫЗ ТУГЕЛБАЕВНА
Білім беру субъектілерінің тҧлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту
6D010300 – Педагогика және психология
Философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Отандық ғылыми жетекші:
Психология ғылымдарының докторы,
профессор Ж.Ы.Намазбаева
Шетелдік ғылыми кеңесші:
PhD доктор, профессор И.Кисач
(Түркия, Анкара)
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2015
2
МАЗМҦНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.................................................... 3
АНЫҚТАМАЛАР ............................................................................. 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ...................................... 5
КІРІСПЕ ............................................................................................. 6
1
БІЛІМ БЕРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҦЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ
ҚАСИЕТТЕРІ
ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .......................................................
13
1.1 Философия, психология және педагогика ғылымдарындағы
«тұлға» ұғымының мәні ....................................................................
13
1.2 Білім беру субъектілері тұрғысынан ЖОО оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби қасиеттеріне сипаттама .........................................
35
1.3 Білім беру субъектісі тұрғысынан ЖОО оқытушыларының ӛзін-
ӛзі белсендіруі – тұлғалық-кәсіби дамуының негізі ........................
58
2
БІЛІМ
БЕРУ
СУБЪЕКТІЛЕРІ
–
ЖОО
ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ
ТҦЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ
ҚАСИЕТТЕРІ ДАМУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ.....
83
2.1 Білім беру субъектілері – ЖОО оқытушыларының тұлғалық-
кәсіби қасиеттері дамуын эксперименттік зерттеу жұмысын
ұйымдастыру .......................................................................................
83
2.2 Білім беру субъектілері – ЖОО оқытушыларының тұлғалық-
кәсіби қасиеттері дамуын психологиялық қамтамасыздандыру ....
103
2.3 Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері ................................ 148
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................. 156
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................ 158
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................... 169
3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер
кӛрсетілген:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №
319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2015.21.07. берілген ӛзгерістер мен
толықтыруларымен)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға
міндетті
стандартын
бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 19
наурыздағы № 130 бұйрығы (наурыз, 2010ж)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасын
бекіту
туралы
(2014.12.08.
берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -
2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан
Халқына Жолдауы (желтоқсан, 2012ж).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына
Жолдауы (17 қаңтар, 2014ж).
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары
«100 нақты қадам» бағдарламасы (20 мамыр, 2015ж).
4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Білім беру – қоғамдағы әлеуметтік топтарды мәдениетке және ӛркениетке
қосатын, әлеуметтік тәжірибелерді зерттейтін әлеуметтік-педагогикалық үдеріс.
Тҧлға теориялары – тұлғаның мәні, даму заңдылықтары туралы
болжамдардың немесе кӛзқарастардың жиынтығы.
Тҧлғаны зерттеу – тұлғаның нақ қазіргі жағдайда кім екенін және осы
жағдайға қалай жеткендігін анықтау.
Тҧлға – әлеуметтік-мәдени ортада, біріккен іс-әрекет үдерісі мен қарым-
қатынаста пайда болатын адамның ерекше сапасы, саналы іс-әрекет субъектісі.
Субъект – ӛзін-ӛзі ӛзгертетін, ӛзін-ӛзі дамытатын, түрлендіретін, белсенді
әрекет ететін адам немесе ұжым.
Оқытушы – ӛскелең ұрпаққа білімді жеткізетін, адам бойында адамды
бекітетін, адамды жасау борышы міндеттелген жоғары санатты маман.
Оқытушылардың кәсіби әрекеті – бұл психологиялық, педагогикалық,
ӛндірістік-технологиялық қызметтерден тұратын кіріктірілген іс-әрекеттердің
жиынтығы
Қасиет – маңызды, қажетті заттарға тән, бұрынғы қалпына келмейтін ішкі
және сыртқы белгілер жүйесі, сапаны дамытудың алғышарты.
Тҧлғалық-кәсіби қасиеттер – іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға қажет
сапалардың алғышарты, әлеуетті мүмкіндігі, ӛзара әрекетке түсу барысында
орын алатын тұлғалық ерекшелік.
Педагогикалық әрекет – педагогикалық әсер ету құралдарының
кӛмегімен оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері шешілетін педагогтың кәсіби
белсенділігі.
Қҧзыреттілік – теориялық білімін ӛзінің кәсіби әрекетінде, мәселелерде
шешуде, ӛзінің жеке ӛмірінде тиімді, сапалы қолдана алу қабілеті.
Деформация (лат. deformation) – ішкі және сыртқы факторлардың ӛзара
әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған кез-келген ӛзгеріс.
Кәсіби
деструкциялар – қалыптасқан әрекеттер және тұлға
құрылымындағы еңбек табысына және осы үдеріске қатысушылардың
арабайланысына теріс әсер беретін ӛзгерістер.
Психотехнология – тұлғаның дамуына бағытталған психологиялық әсер
ету әдістерінің тұтас жүйесі.
Тҧлғалық ӛсу – ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге
бағдарланған қалыптастыру үдерісі.
Тҧлғалық-кәсіби ӛсу – кәсіби іс-әрекетінде жүзеге асатын тұлғаның
кәсібилігіне қарай бағытталған үдеріс.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар
қолданылған:
ҚР
Қазақстан Республикасы
ЖОО
Жоғары оқу орны
PhD
философия докторы
ҚР БҒСБК
Қазақстан республикасының білім
және ғылым саласындағы бақылау
комитеті
ҚазҰПУ
Қазақ
Ұлттық
педагогикалық
университеті
ҒЗИ
Ғылыми зерттеу институты
АӚМУ
т.б.
Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік
университеті
тағы басқалары
ЭТ
эксперименталды топ
БТ
ТЖ
бақылау тобы
топ жетекшісі
6
КІРІСПЕ
Зерттеудің кӛкейкестілігі. Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттің
әлемдік білім кеңістігіне енуі барысында болашақ мамандарды даярлаудың
сапасын жақсарту мәселесіне баса назар аударылып отыр [1-6]. Осы тұрғыдан
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Ұлт жоспары [6] «100
нақты қадам»
бағдарламасында «Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына
кіруі үшін адам капиталының сапасын кӛтеріп, кадрлардың бәсекелестік
қабілетін арттыруымыз қажет» – деп, нақты тапсырмаларды міндеттеген
болатын.
Осыған орай, ағымдағы заманауи білім беру әлемнің жетекші
мемлекеттерінің бәсекеге қабілетті талаптарына және инновациялық даму
моделінің стратегиялық дамыту бағытына сәйкес құрылуы қажет. Бұл жағдай
әлемдік білім беру кеңістігінде жан-жақты интеграциялық білімге құмар,
күнделікті ӛзгерістерге тез бейімделетін, ӛз бетімен шығармашылық іс-
әрекеттер жасай алатын, әлеуетті, зияткер ұлтты қалыптастыруды талап етіп
отыр.
Ал бұл болса, білім беру субъектілері бойында белсенділік,
бастамашылдық, ӛзін-ӛзі анықтау, ӛзін-ӛзі белсендіру, ӛзін-ӛзі жетілдіру,
ӛзбетімен шешім қабылдау сияқты тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту
қажеттілігін арттыра түседі.
Жоғары оқу орнындағы (ЖОО) білім беру субъектілерінің негізгілерінің
бірі болып оқытушы саналатыны белгілі. Ал заманауи педагогтың білім беруді
ізгілендіруде, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде олардың
әлеуметтік рӛлінің басымдығы маңызды болып табылады. Осыған байланысты
олардың құзыреттілігінен, шығармашылығынан және тұлғалық-кәсіби
қасиеттерінің дамуынан білім беру сапасын артуы мен нәтижелігі талап етеді.
Мұғалімнің тұлғасының дамуы мәселесі ерте замандарда ақ Шығыс
философы Кун Фу–цзыдан бастап, ежелгі антикалық философтар (Платон,
Аристотель, Сократ), орта ғасыр ойшылдары (Әл-Фараби, А.Иүгінеки,
Ж.Баласағұни,
Қ.Иассауи)
қазақтың
ағартушылары
(Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б)
еңбектерінде [7-16] кӛрініс тапқан. Бұдан басқа да, біздің зерттеу жұмысымыз
үшін «тұлға» мәнін қасиеттер тұрғысынан сипаттаған шет ел [18-20] және
Ресейлік ғалымдарының [21-24] еңбектері маңызды болып табылады.
Аталған мәселе ғылыми әдебиеттерде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық-практикалық негіздерін
Х.Д.Хмель,
М.Н.Сарыбеков,
А.А.Калюжный,
А.А.Бейсенбаева,
Р.К.Бекмағамбетова, Н.Н.Хан, К.М.Беркімбаев, С.Н.Жиенбаева және т.б.
зерделесе, болашақ пән мұғалімдерін даярлаудың ғылыми-педагогикалық
мәселелерін Г.З.Адильгазинов, Т.С.Сабыров, Г.Ж.Меңлібекова, С.М.Кенесбаев,
Т.М.Манкешова және т.б. [25-31] ғалымдар зерттеген.
Мұғалімдердің тұлғалық-кәсіби сапаларына қатысты мәселелер де
зерттеуден тыс қалмаған. Педагогтардың ӛзіндік санасы мен эмоционалдық
7
иілгіштігі (A.Де-Жуанс, E.Наварро, Э.Ф.Зеер, Л.М.Митина, А.К.Бейсенбаева,
З.Б.Мадалиева т.б), педагогикалық қабілеттері (В.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина,
В.А.Крутецкий т.б), кіріктірілген сапалары (А.К.Маркова, Б.С.Тлеубаева,
К.Т.Жансүгірова, Х.Санфей, E.Л.Ушер т.б), кәсіби құзыреттілігі (Л.Хьелл,
Д.Зиглер, И.Ф.Исаев, А.Р.Тұрғанбаева, М.А.Абсатова, Г.И.Мұратова т.б),
педагогикалық
шығармашылығы
(В.А.Кан-Калик,
Н.Д.Никандров,
Ұ.М.Әбдіғапбарова, Б.А.Тұрғынбаева т.б), ӛзін-ӛзі тәрбиелеуі, ӛзін-ӛзі
дамытуы (А.А.Жайтапова, Б.К.Альмурзаева, Г.С.Сагаутдинова, C.Холландс,
Д.B.Морисс т.б) және т.б сынды тұлғалық-кәсіби қасиеттері ғылыми тұрғыдан
зерделенген.
ЖОО
оқытушыларының
кіріктірілген
тұлғалық-кәсіби
сапалары
Ж.Ы.Намазбаева, Н.С.Ахтаева, Э.А.Орынбасарова, Г.С.Кусаметованың [32-35]
еңбектерінде талданып, негізделген.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Психология
ғылыми зерттеу институтының білім беру субъектілерінің тұлғасын зерттеу
нәтижелері бүгінгі таңда олардың жағымсыз қасиеттері кӛрсеткіштерінің
(агрессивтілігі, фрустрациясы, ригидтілігі, стреске тұрақтылық деңгейлерінің
тӛмендігі) басым екендігін кӛрсетті. Сондай-ақ, бұл зерттеулерде ЖОО
оқытушыларының жасы ұлғайған сайын пәнді оқыту барысында студенттердің
тұлғасын дамытуға емес, пәннің мазмұнын меңгертуге баса кӛңіл бӛлінетіндігі
айтылған.
Қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі үздіксіз туындап жатқан
кӛпжоспарлы ӛзгерістер, яғни кӛлемді жаңалықтарды қабылдап, шұғыл игеру
қажеттілігі, нақты бағыттардың болмауы, жұмыстың шамадан тыс жүктелуі
педагогикалық іс-әрекеттегі оқытушылардың сана-сезімінің, стереотиптерінің,
кәсіби іс-әрекетінде және ӛмір сүру салтында қондырғыларының түбегейлі
ӛзгерісіне, еңбек әрекетін жүзеге асыру үшін жаңа жағдайларға бейімделу т.б
сынды қиыншылықтарды тудырып отыр. Әсіресе, бүгінгі таңдағы білім берудің
мақсатты, мазмұнды, процессуалды қызметтерінің жаңаруына сәйкес
педагогикалық білім берудің технологиясы мен мазмұны, ұйымдастыру
бағытындағы инновациялар ЖОО оқытушыларының шығармашылық,
стандартты емес шешімдерді қабылдау, студенттермен тиімді ӛзара қарым-
қатынас жасауға тұлғалық және кәсіби дайындығын жеткілікті деңгейін
қамтамасыз етпейді.
Бұған қоса, бүгінгі күннің тәжірибесі педагогикалық әрекеттің объективті
жағы үнемі
білім
беру
субъектілерімен
жетілдіріліп, дамытылып
отырылғанымен, алайда осы үдерістің тиімділігінің маңызды шарты
субъективті, яғни тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту және түзету мәселесінің
маңыздылығы әлі де болса ӛз деңгейінде толыққанды зерттелмегенін бірқатар
зерттеу жұмыстарында байқадық.
Аталғандардың әсерінен маман бойында агрессия, агрессивті мінез-құлық,
мазасыздану, кәсіби стресс, фрустрация, ішкі терең дағдарыс қалыптасады, бұл
қасиеттер ЖОО оқытушыларының психоэмоционалды күйлеріне әсер етіп,
8
бейімделе алмаушылығын арандатып, әлеуметтік-психологиялық жайсыздық
сезімдерді тудыратын кәсіби деформациямен анықталып отыр [36-37].
Бұл ӛз кезегінде оқытушылардың интеллектуалды-шығармашылық
әлеуетін тежеп, маңыздысы - студенттік ортада үйлесімді психологиялық
жағдайды ұйымдастыруға кедергі келтіреді.
Кәсіби іс-әрекетпен байланысты жағымсыз үдерістер тұлғаның ӛзгерісінде
бейнеленетін кәсіби деформация мәселесі тұлғаның кәсіби тұрақтануында
үлкен мәнге ие. Болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру барысындағы
ЖОО оқытушының рӛлін жете бағаламауға болмайды, ӛйткені кәсіби іс-
әрекетте пайда болатын деформация патологиялық деформацияға ұласып,
тұлғаның жекелігін бұзатыны анықталған.
Зерттеу проблемасына қатысты ғылыми әдебиеттер мен практиканы
талдау барысы ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін тұтас
тұрғыдан зерттеудің маңыздылығын байқатты. Ӛйткені оқытушылардың
бойынан кӛрініс алып қалатын жағымсыз қасиеттерді болдырмау білім беру
үрдісін әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан кешенді қамтамасыздандыруға
арналған ғылыми-әдістемелік құралдарды талап етеді.
Осы айтылып ӛткендер, ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби
қасиеттерін дамытуда мынадай қарама-қайшылықтардың бар екендігін
кӛрсетті:
–
ЖОО-да педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынасты ізгілендіру
қажеттілігі мен оқытушылардың басым бӛлігінің оны жүзеге асыра алмауы
арасында;
–
ЖОО-ның педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынасты ізгілендіруде
оқытушылардың тұлғалық-кәсіби қасиеттерін тұтастық тұрғыдан зерттеу
қажеттілігі мен оның ғылыми-практикалық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелгендігі
арасында;
–
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін тұтастық тұрғыдан
қарастыруда ӛзін-ӛзі белсендірудің маңыздылығы мен оның ғылыми-
әдіснамалық негіздерінің жасалмауы арасында;
–
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған
психотехнологияны қолдану қажеттілігі мен олардың жеткілікті ӛңделмеуі,
сонымен қатар мақсатты, жүйелі жүзеге асырылмауы арасында.
Осы аталған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу тақырыбын
«
Білім беру субъектілерінің тҧлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту
»
- деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің
мақсаты.
ЖОО
оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби
қасиеттерін дамытудың ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу,
психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасын және әдістемесін
жасау, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің нысаны. ЖОО оқытушы тұлғасының даму үдерісі.
Зерттеудің пәні. Білім беру субъектісі – ЖОО оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту.
9
Зерттеудің негізгі болжамы. Егер ЖОО оқытушыларының тұлғалық-
кәсіби
қасиеттерін
дамытудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздері
анықталса;тұлғалық-кәсіби
қасиеттерін
дамытуға
арналған
психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарлама жасалса, онда маманның
үдемелі ӛзін-ӛзі белсендіруіне қажеттілігі қамтамасыз етіледі, ӛйткені бұл білім
беру үдерісін ізгілендіруде қажет.
Зерттеудің міндеттері:
1.
«Тұлға» ұғымының мәнін ашу арқылы зерттеудің әдіснамалық
тұғырларын анықтау.
2.
ЖОО оқытушыларының «тұлғалық-кәсіби қасиеттері» түсінігінің
мәнін, құрылымын анықтау және оларға сипаттама беру.
3.
ЖОО
оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби
қасиеттерінің
ерекшеліктерін ғылыми-эксперименттік тұрғыдан негіздеу.
4.
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамытуға
арналған психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасын, оны жүзеге
асырудың әдістемесін жасау және тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, синтездеу, топтастыру);
эмпирикалық
(сауалнама,
әңгімелесу,
бақылау,
тест,
тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар: анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент)
статистикалық
(зерттеу
нәтижелерінің
сенімділігін
математикалық-
статистикалық тұрғыдан ӛңдеу) әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық негіздері: мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері
(А.А.Бейсенбаева, Н.Д.Хмель, А.А.Калюжный, Н.С.Ахтаева, А.К.Маркова,
Л.М.Митина, Ұ.М.Әбдіғапбарова және т.б.), субъект-субъектілік амал
(Н.Н.Хан,
А.Р.Ерментаева,
И.А.Зимняя,
В.А.Демченко),
тұлғаның
психологиялық қорғанысы туралы тұжырымдама (З.Фрейд), тұлғалық ӛсуді
психологиялық
қамтамасыздандыру
(И.В.Вачков,
Ж.Ы.Намазбаева,
Т.А.Подольской, А.И.Шнейдер).
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: тұлғаны зерттейтін тұтастық амал
(Л.С.Выготский), жүйелік-іс-іс-әрекеттік амал (А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев),
кешендік амал (Ж.Ы.Намазбаева), ізгілендіру амалы (А.Маслоу, К.Роджерс,
А.А.Бейсенбаева).
Зерттеу жҧмысының жетекші идеясы: ЖОО оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби қасиеттері олардың ӛзін-ӛзі белсендіруге қажеттілігінің
деңгейлерін жоғарылату мен тұтас тұлғалық ӛсуге бағытталған ғылыми негізде
дайындалған психотехнологияларды мақсатты және жүйелі қолдану барысында
үдемелі дамиды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1.
ЖОО оқытушыларының «тұлғалық-кәсіби қасиеттері» түсінігінің
мәні мен құрылымы анықталды және оларға сипаттама берілді.
2.
ЖОО
оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби
қасиеттерінің
ерекшеліктері теориялық тұрғыдан негізделді.
10
3.
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамытуға
арналған психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасы және оны
жүзеге асыру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
1.
«Білім беру субъектілерін тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту»
атты психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасы жасалды.
2.
«Интеграцияланған пән мұғалімдерін дайындау» атты оқу-
әдістемелік құралы, «Модернизация жағдайында кәсіби-педагогикалық
кадрларды даярлау» атты оқу құралы, «Білім беру субъектілерін тұлғалық-
кәсіби дамыту» бойынша тренингтік жинақ жасалды.
3.
Автордың жасаған психотехнологиялық дамытушы-түзетуші
бағдарламасын және оны жүзеге асыру әдістемесін жоғары және арнаулы орта
оқу мекемелерінде, педагог мамандарын даярлауда және республикалық,
аймақтық мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру институттарында семинарлар,
тренингтер жүргізуде пайдалануға болады.
Қорғауға ҧсынылатын негізгі қағидалар:
1.
ЖОО оқытушылары білім беру субъектісі тұрғысынан тұлғалық-
кәсіби қасиеттерге ие. Оның құрамын ӛзін-ӛзі белсендіру контексіндегі
тұлғалық,
кәсіби-танымдық,
әлеуметтік–қатынас
және
эмоционалды
компоненттер құрайды.
2.
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің дамуы
субъект-субъектілік қатынастарда ӛзара бір-бірімен тығыз байланысты жүзеге
асырылады. Осы байланыстар ӛзін-ӛзі белсендіруінің тӛмен, орташа және
жоғары деңгейлерімен анықталады.
3.
ЖОО оқытушыларының білім беру субъектілері тұрғысынан
тұлғалық-кәсіби қасиеттері дамуының нәтижелі іске асуы тұлғалық ӛсуге
бағытталған психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламаны мақсатты
және жүйелі қолданудан талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |