ЗАМАНАУИ ДИДАКТИКАДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ
ОҚЫТУ ФОРМАСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
А.Ж. ӘБДіҒАППАРОВА,
магистрант
Р.Т. ИГЕНБАЕВА,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Кез келген ісәрекеттің тиімді болуы, оның нәтижесі сапалы болуы үшін тұлғаның бойында
айқын, күшті, терең мотивтердің болуы шарт. Тұлға қойылған мақсатқа кездескен қиындықтарды
жеңе оты рып, қолайсыз жағдайлардың болуына қарамастан алға ұмтылып, бүкіл қарқынды күшін
230
жұмсап белсенді түрде ісәрекетті жүзеге асырса, оның нәтижесі де жоғары болмақ. Ісәрекеттің моти
вациясымен оны стимулдау тығыз байланысты. Стимулдау – ойды, сезімді, әрекетті қоздыру, итер
мелеуші күш беру, оған әсер ету. Оқушылардың ісәрекетін стимулдау үшін қолданылатын әдістердің
ішінде көп тарағаны жарыс, танымдық ойын, мадақтау мен жазалау.
Жарыс педагогикалық процесте оқушылардың жетістікке, басымдылық танытуға, лидерлікке құл
шы нысын, сауатты түрдегі бәсекелестікке ұмтылысын дамыту үшін қолданылады. Оқушылардың
оқуда, еңбекте, қоғамдық ісәрекетте жақсы нәтижеге жету үшін күреске тарту олардың шығарма
шылық белсенділігін, бастамашылдығын, жаңашыл идеяларын дамытады, ұжымшылдық және
жауапкер шілік сезімдерін қалыптастырады. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей оқу процесінде жарыс
әдісін қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады. Жарыс ұжымдық және дара сипатта, ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімге есептелген болуы мүмкін. Оны ұйымдастыру және іске асыру барысында
жариялылық, көрсеткіштердің нақтылығы, нәтиженің салыстырмалылығы, озық тәжрибені практика
жүзінде қолдану мүмкіндігі секілді дәстүрлі қағидаларды ұстану қажет.
Ісәрекетті стимулдау әдістеріне танымдық ойындар және оқу пікірталастар жатады. Ойын арқылы
оқыту әдістері (шынайы кәсіптік әрекет жағдаяттарын имитациялық модельдеу принципіне негізделген
оқуіскерлік немесе әрекетті ойындар).
Ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұйымдастырушылық тұрғыдағы мәселелерді шешу
мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға оқу, имитациялық, ролдік, ұйымдастыруәрекеттік,
іскерлік, әскери, инновациялық, басқармалық, т.б. ойындар жатады. Оқу процесіндегі ойын оқытудың
формасы да, әдісі де болып табылады. Ойын оқытушы мен студенттің ісәрекетінің бірлескен, өзара
байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің
этимологиясына жүгінсек, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады. Ойлану арқылы ойын
ның мақсатына жетуге болады. Сондықтан ойынның адамның ойлау әрекетімен ұштасып жатқанды ғын
байқау қиын емес (Н. Ахметов, Ж. Хайдаров).
Оқу ойындары – студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әрекеті. Оқу ойын
дарының төмендегі сипаттарын атап өтуге болады: тікелей дидактикалық әсер ету, яғни студент пен
оқытушы бірлесіп, белгілі бір ролді «ойнайды»; жанамалай дидактикалық әсер ету, яғни оқытушы мен
студент бақылаушы немесе жанкүйер ретінде «ойыннан тыс» қалады; аралас дидактикалық әсер ету,
бұнда оқытушы мен студент жүргізуші, төреші, эксперт, кеңесшінің ролінде болады.
Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында,
Францияның, Германияның, Англияның инженерлік және гуманитарлық жоғары оқу орындарында
кең тараған. АҚШтың жоғары мектеп жүйесінде бұл әдістің барынша кең көлемде қолданылатынды
ғын атап өткен жөн. Әсіресе Гарвард, Калифорния, НьюЙорк, Стэнфорд университеттері, сондай
ақ Гоп кинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты, т.б. көптеген атышулы
университеттер мен колледждері ойындық әдістерді қолдануда ең алдыңғы қатардан орын алады.
Оқытуды ойын арқылы жүзеге асыру жаңалық емес, ол ежелден қалыптасқан әдіс. Дегенмен, Кеңес
тер дәуірінде жоғары оқу орындарында іскерлік ойын әдісі алғашқы рет ХХ ғасырдың 30шы жылдары
қолданылды.
Жоғары оқу орындарында ойынды ұйымдастыру кеңестік педагогтар мен психологтардың төмен
дегі тұжырымдамаларына негізделген: ойын субъектінің әлеуметтік дамуының мектебі (Л.С. Выгот
ский); ойынның қиял әрекетімен байланысы (С.Л. Рубинштейн); ойын әрекетінің жалпылама сипаты
(Б.Г. Ананьев); ойын мен оқыту еңбекпен ұшталатын әрекеттің дайындық формасы; ойын әрекетінің
мотивациясы (Р.И. Жуковская, Л.С. Славина); ойын практикалық танымдық әрекетінің құралы ретінде
(Р.И. Жуковская, А.Н. Люблинская).
Ойынның оқыту процесіндегі ролін зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдар оны жоғары
оқу орындарында қолданудың төмендегі мақсаттарын айқындайды: оқу пәнінің мақсаты мен тұ жы
рымдамасын безендіру (иллюстрациялау); оқыту процесіне студенттердің белсенді араласуын қам
тамасыз ету; әрбір ойынға қатысушының жеке өсуін жеңілдету; қабылдауды күшейту, яғни «не?»
деген сұрақ пен «қалай?», «қашан?» деген сұрақтардың арасындағы тоқырауды азайту; мотивацияны
көтеру, проблемалық сұрақты шешу үшін «жоспар» мен «құрылымды» дайындап алу; бірбірімен
қарымқатынасты белсенді түрде жүргізу (тұлғааралық және топаралық қарымқатынасты берік
қалыптастыру); жоғары оқу орындарында ойынды қолданудың жалпы мақсаты білімділік, тәрбиелік
және дамытушылық сипатта болуы тиіс.
Пікірталас (дискуссия) – ежелден белгілі әдіс, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікір
талас арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар дың
231
пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады. Дискуссияның міндетіне
таным процесін дамыту жатады.
Айтысу, ұстанымдардың қарамақайшылығы, талқыланып отырған материалдың мазмұнына ерекше
маңыз беру секілді пікірталас әлементтері оқытудың барлық формаларында тіпті лекцияларда да
қолданылуы мүмкін. Пікірталаслекцияларда әдетте көтерілген мәселеге қарамақайшы көзқарастары
бар екі оқытушы шығады немесе артистік дарыны бар бір оқушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты
өзгерту, бетперде пайдалану тәсілдері де қолданылады. Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес,
студенттерді қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді қалыптастыратын белгілі бір
топтар құрылғаны дұрыс. Олар ісәрекеттің жаңа әдістерін дамытады немесе жаңа тәсілдерді ойлап
табады.
Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын
ала білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау,
өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі
анық қою, оппоненттің ойтұжырымына құрметпен қарау т.с.с. жатады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген
пікір жаңсақ, өйткені бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия,
физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия ғылыми
танымдық пікір алысуға айналу керек. Соңғы кездері аралық және қорытынды бақылауды тест арқылы
өткізу студенттердің сөйлеу қабілетін, ойын жеткізе білу қабілетін төмендетті деген пікір айтылуда.
Сондықтан практикалық сабақтар барысында бұл әдісті пайдалану – жоғарыда көрсетілген мәселенің
тиімді шешімі.
Бұл әдістің тәрбиелік мәні де жоғары. Оның көмегімен білім алушылардың мінезқұлқы,
темпераменті, есте сақтау және ойлау қабілеті сияқты танымдық процестерін диагностикалаумен
қатар, олардың тәртібін, әрекетін, өзінөзі ұстай алу қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік туады.
Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері,
адамдар арасындағы қарымқатынас жөнінде пікірталастыруға болады.
Мадақтау – белгілі бір оқушының немесе ұжымның мінезқұлқын және ісәрекетін қоғамдық
оң бағалау тәсілі. Оның стимулдаушы ролі кезкелген ісәрекеттің нәтижесін жоғары бағалап,
ынталандыруда. Қанағаттандыру сезімін бойында ояту арқылы білімденушінің өзіне деген сенімі
дамиды, күшқуаты артады.
Қазіргі кезең дидактикасы дәстүрлі оқытудан интерактивті оқыту формасы мен әдістердің мынадай
негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді: оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді
ету; сабақта оқушының белсендігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру; оқушының проблемаларды
шешу барысында (өз бетімен және топпен) жоғары деңгейде күшжігер салуы; белсенді қызмет ету
үшін эмоционалдық еріктік жағдай танытуы; оқытушы мен оқушылар арасындағы қарымқатынаста
үздіксіз тура және кері байланыстың болуы; мұғалім қызметінің менеджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы,
кеңесші рөліне ауысуы.
Педагогика ғылымы оқу үдерісінде оқушылардың ісәрекетін белсендірудің саналуан әдістері
мен формаларын қарастырады. Соңғы кездері олардың жобалау әдісі секілді кейбіреулеріне ерекше
мән берілуде, ал эвристикалық әңгіме, зертханалық жұмыс т.б. сияқты кейбіреулері дәстүрлі оқыту
қатарында болғанымен оларға деген көзқарас жаңа сипат алуда.
Жалпы интерактивті оқыту дидактиканың теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеуді қажет
ететін міндеттерінің бірінен саналады. Ал интерактвті оқыту формаларын, әдістерін пайдалану
мұғалімнен аса шеберлік, білімділікті талап етіп, педагогикалық қарымқатынас барысында демок
ратиялық бағытта болуын қалайды. Педагогикалық үдерісте жаңа технологияларды енгізіп, интеративтік
оқытуды пайдалану мұғалімдерді кәсіби шындайтындығы ақиқат. Сондықтан интерактивті әдісті
қолдану кезінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытып, оқушы мен оқытушының біріккен
шығармашыл әрекетіне бағыттау қажет екенін басты назарда ұстау қажет.
Көптеген педагогғалымдардың пікірінше, оқытудың белсенді әдістері біріншіден, оқушылардың
ісәрекетін өнімді, шығармашылық, іздеушілік сипатқа бағыттайтын әдістер, екіншіден, бұл әдістер
оқушылардың танымдық ісәрекетін ынталандыратын, білім алу процесінде еркін пікір алысуға
мүмкіндік беретін тәсіл. Оқытудың интерактивті әдістері оқушыларды белсенді оқутанымдық іс
әрекетке қатыстыру арқылы жоғары деңгейде білімді, білікті және дағдыны меңгеруге жол ашады.
Оқытудың белсенді әдістері шебер қолданылғанда бірден үш оқуұйымдастырушылық міндеттерді
шешуге көмектеседі: оқыту процесін мұғалімнің басқару әсеріне бағындырады; жақсы және нашар
232
оқитын оқушыларды оқыту процесіне белсене қатысуды қамтамасыз етеді; оқу процесін үздіксіз
қадағалауға мүмкіндік береді.
Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі, оның оқыту барысында барлық оқушылардың таным
процесіне араласып, бұрыннан таныс және жаңадан қойылған мәселе туралы не ойлайтынын айтып,
талқылауға мүмкіндігінің болуында. Мұнда бір пікірге екінші пікірді ұқсатуға жол бермей, диалог
ты оң сипатта құруға мүмкіндік туады. Диалогтық білім алу кезінде білім алушы оқушы тек сәйкес
мәлімет тер мен жағдайға байланысты «сын тұрғысынан талқылау, ойлауды» үйреніп қана қоймай,
сонымен қатар күрделі мәселелерді шешуге, альтернативті пікір туғузуға, саналы шешім қабылдауға,
пікірталасқа қатысуға, басқа адамдармен қатынасқа түсуге үйренеді. Бұл үшін практикалық сабақтарда
жекелік топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу жобалары, рольдік ойындар жүргізіп, білім
алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық тапсырмалар беріледі.
Оларға нақты жағдайды талқылау, «ми шабуылы», проектіні орындау және жүзеге асыру (ақпараттық,
ойындық, зерттеу және шығармашылық), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады.
Фронталді әдістердің шартты түрде тренинг, рөлдік ойын, ақпараттық технологиялар деп бөлінуі
оның интерактивтік сипаттамасын дәлелдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз уақыт
ішінде көп көлемді материалды меңгеруге оқушы мен оқытушының сбірлескен әрекеттерін арнайы
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Рөлдік ойын немесе тренинг өзінің оқытудағы мақсатымен және
ерекшелігімен таңдалынады. Әдетте, тренинг ойынға қарағанда көп нәтижелі болып келеді. Себебі,
тренинг мазмұнды және уақыттық регламенті болғандықтан мақсатқа жету оңай, ал ойында дағдыларды
үйреніп, мәселені соңғы қалып, ойыншының жеңуі бірінші орында. Оқытудың белсенді әдістеріне
мыналар жатады: эвристикалық әңгіме; пікірсайыс әдісі; «миды шабуылдау» әдісі; «дөңгелек үстел»
әдісі; «іскерлік ойын» әдісі және т.б. Осы әдістерге жекежеке тоқтала кетсек.
Эвристикалық әңгіме әдісі өз атауын Сократтық «эвристика» (грек сөзінен – табамын, іздеймін,
ашамын) деген сөзінен алынған. Оның ежелгі грекиялық нұсқауында бұл әдіс сол кездегі білім жүйе
сінің бір түрі – оқушылардың өзіндік ізденісін талап ететін жетекші сұрақтармен ерекшеленген.
Эвристикалық әңгіме әдісін қолданғанда берілген тақырыптың мақсатының айқын белгіленуі,
мазмұны нақты фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, қарапайым тілмен
нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Эвристикалық әңгіме Сократ әңгімесінен бір жағынан бөлек болса, екінші жағынан қызғылықты
құрастырылған сұрақтарға деген оқушылардың қызығушылығын арттырумен, олардың ойлауын
белсендіруімен ұқсас келеді. Өзінің психологиялық табиғаты бойынша эвристикалық әңгіме қойылған
сауалға жауап іздеу немесе ұжымдық ойлау ретінде қарастырылады. Сондықтан педагогика ғылымы
проблемалықіздеу әдісі мен эвристикалық әңгімені бірбіріне ұқсатады. Педагогика бұл екі әдіс
арасында формальдысандық шек қояды: егер эвристикалық әңгіме тақырыпты ашуда тек қана бір
элементті есепке алса, проблемалықіздену әдісіне тұтас проблемалық жағдай арқау болады. Сонымен
эвристикалық әңгіме мұғалімнің айрықша шеберлігін талап ететін интерактивті оқытудың бір әдісі
болып табылады және оны қолдануда мына жағдайлар ескерілуі керек: әңгіме тақырыбы қызықты, әрі
проблемалық сипатта болуы; оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене араласуы; оған сын
көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауы, оқушылардың көңілкүйлері көтерінкі болуына жағдай
туғызу; өзара түсінушіліктің болуы; оқушылардың пікіріне, жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға
беру; белсенді оқушыларды және олардың дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру; кемшіліктері
болса, әдеппен түзету т.б. [1,2].
Келесі интерактивті әдіс – пікірталас. Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интелектуалды дамуын, оның
әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа
дайындық барысында оқушылар мен студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргі
зіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз
ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді.
Пікірталас жастардың жанжақты білімдерін жетілдіріп, мәдениетін деңгейлерін көтереді, басқа адам
ға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді әрі шешендік өнерге баулиды.
Пікірталас өте ежелден белгілі әдіс, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікірталас
арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың
пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады. Дискуссияның міндетіне
таным процесін дамыту жатады.
Айтысу, ұстанымдардың қарамақайшылығы, талқыланып отырған материалдың мазмұнына ерек
ше маңыз беру секілді пікірталас әлементтері оқытудың барлық формаларында тіпті лекцияларда да
233
қолданылуы мүмкін. Пікірталаслекцияларда әдетте көтерілген мәселеге қарамақайшы көзқарастары
бар екі оқытушы шығады немесе артистік дарыны бар бір оқушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты
өзгерту, бетперде пайдалану тәсілдері де қолданылады. Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес,
студенттерді қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді қалыптастыратын белгілі бір
топтар құрылғаны дұрыс. Олар ісәрекеттің жаңа әдістерін дамытады немесе жаңа тәсілдерді ойлап
табады.
Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын
ала білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау,
өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі
анық қою, оппоненттің ойтұжырымына құрметпен қарау, т.с.с. жатады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген
пікір жаңсақ, өйткені бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия,
физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия ғылыми
танымдық пікір алысуға айналу керек. Соңғы кездері аралық және қорытынды бақылауды тест арқылы
өткізу студенттердің сөйлеу қабілетін, ойын жеткізе білу қабілетін төмендетті деген пікір айтылуда.
Сондықтан практикалық сабақтар барысында бұл әдісті пайдалану – жоғарыда көрсетілген мәселенің
тиімді шешімі.
Бұл әдістің тәрбиелік мәні де жоғары. Оның көмегімен білім алушылардың мінезқұлқы, тем
пераменті, есте сақтау және ойлау қабілеті сияқты танымдық процестерін диагностикалаумен қатар,
олардың тәртібін, әрекетін, өзінөзі ұстай алу қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік туады.
Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері,
адамдар арасындағы қарымқатынас жөнінде пікірталастыруға болады.
Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді. Оқытудың басқа
әдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып
отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір
алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы, т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей білуге,
өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді.
Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады
өмірлік көзқарастары шыңдалады. Ол әдіс арнайы алдынала дайындалған оқу бағдарламасындағы
теориялық сұрақтарды еркін әңгіме ету, эвристикалық әңгімеден туындап, «жағалауға шыққан»
пікірталасқа айналады [28, 255 бет].
Пікірталас – пікір алмасу кезінде туындайтын әртүрлі ойлардың арасында қызу күрес жүретін сөз
әрекеттік диалогтық формасы. Мұнда әңгімелесу кезіндегідей ой алмасу қарқынды түрде емес, әр
түрлі қарқында өтілуі мүмкін. Бұл әдістің басты ерекшелігі – пікірталасқа түсіп жатқан адамдардың
пікірлері қайдан алынғаны белгісіз емес, нақты және дәлелденген болып келеді.
Интерактивті әдіске жататын ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұйымдастырушылық тұр
ғыдағы мәселелерді шешу мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға оқу, имитациялық, рол дік,
ұйымдастыруәрекеттік, іскерлік, әскери, инновациялық, басқармалық, т.б. ойындар жатады. Оқу
про цесіндегі ойын оқытудың формасы да, әдісі де болып табылады. Ойын оқытушы мен студенттің
ісәре кетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де
қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына жүгінсек, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып
шығады. Ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болады. Сондықтан ойынның адамның ойлау
әрекетімен ұштасып жатқандығын байқау қиын емес
Оқу ойындары – студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әрекеті. Оқу ойын
дарының төмендегі сипаттарын атап өтуге болады: тікелей дидактикалық әсер ету, яғни студент пен
оқытушы бірлесіп, белгілі бір ролді «ойнайды»; жанамалай дидактикалық әсер ету, яғни оқытушы мен
студент бақылаушы немесе жанкүйер ретінде «ойыннан тыс» қалады; аралас дидактикалық әсер ету,
бұнда оқытушы мен студент жүргізуші, төреші, эксперт, кеңесшінің ролінде болады.
Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында,
Францияның, Германияның, Англияның инженерлік және гуманитарлық жоғары оқу орындарында
кең тараған. АҚШтың жоғары мектеп жүйесінде бұл әдістің барынша кең көлемде қолданылатынды
ғын атап өткен жөн. Әсіресе Гарвард, Калифорния, НьюЙорк, Стэнфорд университеттері, сондайақ
Гоп кинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты, т.б. көптеген атышулы уни
верситеттер мен колледждері ойындық әдістерді қолдануда ең алдыңғы қатардан орын алады.
3056
234
Оқытуды ойын арқылы жүзеге асыру жаңалық емес, ол – ежелден қалыптасқан әдіс. Дегенмен
Кеңестер дәуірінде жоғары оқу орындарында іскерлік ойын әдісі алғашқы рет ХХ ғасырдың 30шы
жылдары қолданылды.
Жоғары оқу орындарында ойынды ұйымдастыру кеңестік педагогтар мен психологтардың төменде
гі тұжырымдамаларына негізделген: ойын субъектінің әлеуметтік дамуының мектебі (Л.С. Выгот
ский); ойынның қиял әрекетімен байланысы (С.Л. Рубинштейн); ойын әрекетінің жалпылама сипаты
(Б.Г. Ананьев); ойын мен оқыту еңбекпен ұшталатын әрекеттің дайындық формасы; ойын әрекетінің
мотивациясы (Р.И. Жуковская, Л.С. Славина); ойын практикалық танымдық әрекетінің құралы ретінде
(Р.И. Жуковская, А.Н. Люблинская).
Ойынның оқыту процесіндегі ролін зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдар оны жоғары
оқу орындарында қолданудың төмендегі мақсаттарын айқындайды: оқу пәнінің мақсаты мен
тұжырымдамасын безендіру (иллюстрациялау); оқыту процесіне студенттердің белсенді араласуын
қамтамасыз ету; әрбір ойынға қатысушының жеке өсуін жеңілдету; қабылдауды күшейту, яғни «не?»
деген сұрақ пен «қалай?», «қашан?» деген сұрақтардың арасындағы тоқырауды азайту; мотивацияны
көтеру, проблемалық сұрақты шешу үшін «жоспар» мен «құрылымды» дайындап алу; бірбірімен
қарымқатынасты белсенді түрде жүргізу (тұлғааралық және топаралық қарымқатынасты берік
қалыптастыру); жоғары оқу орындарында ойынды қолданудың жалпы мақсаты білімділік, тәрбиелік
және дамытушылық сипатта болуы тиіс.
«Дөңгелек үстел» әдісі саясат және ғылым жағынан педагогикаға келген әдіс. Әдетте, «дөңгелек
үстел» саясат пен ғылымның әр түрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу
үшін ұйымдастырылады. Бұл әдісте пікір алмасу белгілі бір пікірлердің сәйкес келуіне мүмкіндік
береді, ал ол болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызыметін атқарады, содан
келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.
«Дөңгелек үстел – өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды.
Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу».
Сонымен «дөңгелек үстел» әдісін мектеп оқушыларына да, студенттерге де қолдануға болады. Ол
әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте
жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін
сезіне білу, ұқсап бұғуға үйретеді [3, 4].
Әдебиеттер:
1. Пидкасистый П.И., Фридман Л.М., Гарунов М. Г. Психологодидактический справочник пре по
давателя высшей шко лы. – М.: Педагогическое общество России, 1999. – 354 с.
2. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Вве дение в педагогическую профессию: Учебное пособие. –
М.: Педагогическое общество России, 1999. – 287 с.
3. Подласый И.П. Педагогика. – М.: Просвещение, 1996.
4. Ступина С.Б. Технологии интерактивного обучения в высшей школе: Учебнометодическое по
собие. – Саратов: Издательский центр «Наука», 2009. – 52 с.
Резюме
В статье рассмотрена проблема стимулирования деятельности учащихся в педагогическом про
цессе путем использования интерактивных методов. Изучены особенности и способы активизации
познавательной деятельности учащихся в современном образовании, проанализировано, как ин терак
тивные формы и методы обучения (познавательные игры, дискуссия, кргулый стол и т.д.) способствуют
активизации познавательной деятельности учащихся на практике. Дана ха рактеристика методов мо
тивации и стимулирова ния обучающихся, таких как эмоциональный, познавательный, волевой и
социальный.
Summary
The article discusses тhe problem of stimulating the students in the educational process stimulating the
students in the educational process through the use of interactive methods we studied the characteristics and
ways to enhance the cognitive activity of students in modern education, analyzed as interactive forms and
methods of teaching (educational games, discussion, krguly table, etc.) contribute to enhanced cognitive
activity of students in practice. The author of the characteristic of the methods of motivation and stimulation ¬
of students, such as emotional, cognitive, volitional and social.
235
Достарыңызбен бөлісу: |