http://tonkosti.ru/Теннесси
165
7
Cramer C. H. et al. The Memphis, Shelby County, Tennessee, Seismic Hazard Maps //US
Geological Survey Open-File Report. – 2004. – Т. 1294.
8
kk.wikipedia.org/wiki/Техас.
9
Austin
and
Travis
County
Street
Name
Standards
–
AustinTexas.gov
https://www.austintexas.gov/sites/default/files/files/Information_Technology/911Addressing
/Street_Name_Standards.pdf
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются новые пути совершенствования нормативно-правовых принципов
казахской ономастики. В статье авторы акцентируют огромное внимание на значимость данной
проблемы и изучают опыт развитых стран мира. В связи с установлением прочных связей
Республики Казахстан со странами мира повышаются требования к качеству ономастических
явлений и увеличивается ряд вопросов, ожидающих определенных решений. С целью обмена
опытом, авторы особое внимание обращают на систему нормативных принципов штатов Техас,
Теннесси, Колорадо, Калифорния. Неизменность ономастических документов США на
протяжении долгих лет связаны с систематичностью и постоянством в других отраслях страны.
Учитывая эти особенности, авторы приходят к выводу, что не нужно ограничиваться только
применяемыми принципами в определении направлений перспективного развития казахской
ономастики, но и необходимо решать созревшие вопросы комплексно, объединяясь с системами
образования, науки, культуры, государственного языка, отраслями экономики, географии,
международных отношений и стандартизации.
RESUME
This article deals with new ways to improve the regulatory principles of the Kazakh onomastics.
The authors pay great attention to the importance of this issue and study the experience of developed
countries. In connection with the establishment of strong ties of the Republic of Kazakhstan with many
countries of the world, the requirements to the quality of onomastic phenomena are rising. For the
purpose of exchanging of experience, the authors draw attention to the special system of normative
principles of the state of Texas, Tennessee, Colorado and California. The constancy of the USA
onomastic documents has been associated with regularity and constancy for many years in different
sectors of the country. Taking into account these characteristics, the authors concluded not to limit the
applicable principles in determining the directions of perspective development of the Kazakh onomastics.
It is important to decide the mature issues comprehensively combining with the education system,
science, culture, state language, economic fields, geography, international relations and standardization.
166
ӘОЖ 811.512.1
Г. Сагидолда
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
филол. ғыл. д-ры, профессор
М.Қ. Ескеева
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
филол. ғыл. д-ры, профессор
Сары ұйғыр тілінің
сөзжасам жүйесі: зат
есім тудыратын
қосымшалардың
салыстырмалы
сипаттамасы
Аннотация
Қосымшалардың
эволюциялық
дамуы
олардың
тұлғалық
өзгерістері,
мағыналық
тұрақтылығы
немесе
өзгергіштігі,
көп
функционалдылығы немесе бір ғана қызметте
қолданылуы, тұлғалық және семантикалық
жағынан сараланып бірізге түсуі тәрізді күрделі
процестерді қамтиды. Демек, қазіргі жағдайда
жойылып, жоғалу алдында тұрған және ең көне
түркі тілдерінің бірі саналатын сарығ ұйғыр
тілінің
есім
сөзжасамы
жүйесіне
тән
қосымшалардықыпшақ тобы тілдеріне енетін
қазіргіқазақ тілінің, оғыз тобына жататын түрік
тілініңесім сөзжасамына ортақ қосымшалармен
салыстыра
отырып,
олардың
көне
түркі
ескерткіштері тілімен тарихи сабақтастығын
негіздеудің түркі тілдерінің тарихы үшін маңызы
зор. Мұндай салыстырмалы-тарихи талданым
барысында осы тілдерге ортақ есім тудырушы
қосымшалардың
ҮІ-Х
ғасырлардан
бергі
кезеңдердегі құрамдық, дыбыстық, тұлғалық және
мағыналық тұрғыдан сақталу деңгейін, өзгеру
бағытын, сөзжасам жүйесіндегі белсенділігін
және оның мағыналық кеңеюге тигізетін әсерін
айқындауға болады.
Түйін сөздер: генеалогиялық классифика-
ция, тарихи-хронологиялық классификация, түркі
тілдері, қыпшақ тобы тілдері, оғыз тобы тілдері,
ұйғыр-оғыз тобы тілдері, дыбыстық сәйкестік,
есім сөзжасам жүйесі, зат есім тудырушы
қосымшалар, қыпшақтық ықпал, қосымшалардың
варианттылығы, қосымшалардың консервация-
лануы, қосымшаның архаикалық тұрпаты
Қытай Халық Республикасындағы 56
ұлттың бірі – сары ұйғырлар, негізінен, Ганьсу
провинциясының Сунань уезі аумағындағы Жаң
Иэ ауданына қарасты 1954 жылы құрылған Уйгу
автономиялы ауданын мекендейді. Орталығы –
Сунань қаласы
.
Уйғу автономиялы ауданы
Ұлыстар комитетінің 2000 жылы жүргізген
бесінші мемлекеттік адам санағы бойынша сары
ұйғырлардың жалпы саны 13 719 адамды
құрайды. Сары ұйғыр этносының өз өкілдерінің
көрсетуі бойынша Уйғу автономиялы ауданында
9 000 йоғур мекендейді, басқалары Ганьсу
өлкесінің өзге аймақтарында, негізінен Хуаң Чың
167
(Патша қаласы), Қаңли (Қаңлы), Дахы (Дария) өңірлерінде тұрады. Мұның сыртында 2
мыңнан астам йоғурлар Цзюцюань (бұрынғы Сучжоу) тауларының шығысына қарай
орналасқан Миңхуа районы Лянхуа және Минхай болысында өмір сүреді (Йоғур Төмөр.
09.07.2012. Сунань қаласы).
Сары ұйғырлар өздерін joγur/ojγur «йоғур/ойғур» этнонимімен атаса, қытайлар
қытай тілінің фонетикалық-артикуляциялық ерекшеліктеріне сай оларды ujγu/juγu
«уйғу/йуғу» деп атайды. Этностың Қытай Халық Республикасындағы ресми атауы да
осылай қалыптасқан. Ежелгі қытай жылнамаларында қытай тілінің фонетикалық
ерекшеліктеріне байланысты оγuz «оғуз»этнонимінің оγu/uγu түрінде жазылғанына
сүйенген зерттеушілер сары ұйғырлар мен көне түркі заманындағы оғыздарды тікелей
байланыстырады. Бұл көзқарас бойынша сары ұйғырлар тоғыз оғыздардың ұрпақтары:
«қазіргі сарығ ұйғырлардың этникалық құрамындағы рулар көне түркі дәуірінде Орхон
бойын мекендеген тоғыз оғыздардың құрамындағы рулардың негізінде қалыптасқан» 1,
4 б..
Ғылымда sarïγ ujγur «сарығ ұйғыр»деген этнониммен танылған йоғурлардың тарихи-
генеалогиялық тегі ежелгі замандарда Монғолия территориясын мекендеген dinlin
«динлин» (б.з.д.IIIғ.), tele «теле» (б.з.IVғ.), joγur/ujγur «йоғур/ұйғұр», qojqu «хойху», toquz
оγuz «токуз оғуз» тайпаларымен сабақтастырылса, этникалық құрамының қалыптасу
тарихы олармен тығыз қарым-қатынасқа түскен qarluq «қарлұқ», qïrqïz/qïrqaz «қырқыз,
қырқ аз», qïjmaq «қимақ», türgeš «түргеш», qaŋlï «қаңлы», najman «найман», kerejt
«керейт» тәрізді түркітілдес тайпалар мен моңғол, таңғұт, тибет этностарының тарихымен
ұштастырылады. Мәселен, А.М. Решетов: «Сары ұйғырлар 840 жылдары Ұйғыр қағанаты
құлағаннан кейін қазіргі Моңғолия жерінен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай
кеткен ежелгі ұйғырлардың ұрпақтары. Өте тығыз қарым-қатынастың әсерінен олардың
құрамына тұрфан ұйғырлары, қырғыз, түргеш, моңғол, таңғұт және тибет халықтарының
белгілі бір топтары сіңісіп кетті» деп біледі 2, 4 б..
С.Е.Малов сары ұйғырлардың тарихи ата-қонысы ретінде Орхон, Селенгі
өзендерінің бойын көрсетеді: «Можно думать, что желтые уйгуры поселились в местах
своего теперешнего местожительства лет с тысячу с лишним тому назад, придя частью с
запада (Китайский Туркестан), а частично спустившись несколько южнее из Монголии, из
бассейна рек Орхона и Селенги (после войны с киргизами)» 3, 3-4 б..
Лингвогеографиялық ареал бойынша батыс және шығыс болып екіге бөлінетін йоғур
тілінің қара йоғурлар сөйлейтін батыс бөлігінің түркі тілдері жүйесіндегі орны туралы:
«Сарыг-югурский язык до VIII-IX вв., предположительно, был d- языком. Под
воздействием языка древних кыргызов он трансформировался в z- язык. В какой-то мере
его коснулось кыпчакское влияние (йотированное прозношение начальных широких
гласных, причастие и прошедшее время на -ɣan)» дей келіп, Э.Р.Тенишев сары ұйғырлар
Қытайға қоныс аударғаннан кейін (IX-X ғ.) олардың тілдері ұзақ жылдар бойы қытай
тілінің ықпалында болғанын айтады. Э.Р.Тенишев: «Қытай тілінің әсерінен қытай сөздері
сөздік құрамға молынан енді, морфологияда аналитизм дамыды, дыбыстық жүйеде қатаң
дауыссыздардың күшті және әлсіз жұптары қалыптасты. Қытай элементтерінің сыртында
сарығ-ұйғыр тілі моңғол, тибет, санскрит тілдерінен енген кірме сөздерді игерді.
Осылайша түркі тілдері жүйесіндегі дербес тілдердің бірі – аралас тіл ретінде қазіргі
сарығ ұйғыр тілі қалыптасты» - дейді 4, 40 б..
Батыс сары ұйғыр тілі А.Н. Самойловичтің жіктемесі бойынша d ұйғыр немесе
солтүстік-шығыс тілдерінің z топшасына (аzаq «аяқ»)5, 8-9б., Н.К.Баскаковтың
генеалогиялық классификациясы бойынша шығыс хун тілдерінің ұйғыр-оғыз тобының
хакас тілдері топшасына 6, 230-242б., С.Е.Маловтың тарихи-хронологиялық
классификациясы бойынша ең көне тілдер қатарына жатқызылады 7, 192 б..
Қазіргі жаһандану жағдайында жойылуға жақын түркі тілдерінің бірі саналатын
сары ұйғыр тілінің зат есім жүйесінде қазіргі қазақ және түрік тілдеріне ортақ есімнен
168
есім немесе етістіктен есім тудыратын қосымшалар көптеп кездеседі және олар көне түркі
жазба ескерткіштері тіліндегі сөзжасам жұрнақтарымен тығыз сабақтастықта болып
келеді. Мәселен, сары ұйғыр тілінде -čï/-či, -ǯï/-ǯi қосымшасы есімдер мен етістік негізді
сөздерге жалғанып, субъектінің кәсібін, тіршілік-күнкөріс көзін сипаттайтын зат есім
тудыру қызметін атқарады. Мысалы: qusčï ‘сиыршы’ (<qus/kus ‘өгіз’), oɣurčï ‘ұрлықшы’,
erepči ‘ерлі-зайыптылар’(<er+ep+ či),), bašči ‘басшы, бастық’ Мал. I. 164;jïrčï‘жыршы’,
tergenčï ‘арбакеш’ ЯЖУ 20; tikenǯi ‘тікенші (отын жинаушы)’, telmiǯi ‘тілмәш’ Мал. I. 146.
Бұл қосымшамен мағыналық-тұлғалық тұрғыдан сәйкес келіп жататын қазақ тіліндегі –
шы/-ші және түрік тіліндегі -cı/-ci, -cu/-cü; -çı/-çi, -çu/-çü жұрнақтарының көмегімен бұл
тілдерде де әртүрлі кәсіпке, мамандыққа, дағды-машыққа қатысты атаулар жасалады.
Қазақ тілінде жұрнақтың екі варианты болса, түрік тілінде дауысты және дауыссыз дыбыс
үндестігіне қарай сегіз варианты қолданылады. Мәселен, қазақ тілінде: аңшы, ойыншы,
күзетші, дүкенші, етікші, жолаушы т.б. түрік тілінде: avcı, oyuncu, bekçi, dükkancı,
çizmeci, yolcu т.б.
-čï /-či (-čij),- ču/-čü қосымшасы түркі тілдерінде -čï/-či/-čű/-ču/-šy/-ši/-su/-sy/-si/-žy/-
žu/-ziдыбыстық варианттарда кездеседі және есімдер мен етістіктерге бірдей жалғанып,
әлеуметтік-қоғамдық ортаның сипатына қарай қандай да бір кәсіп, атақ-дәреже, дағдылы
іс-әрекет, қылық-қимыл, әдет иесін, кей жағдайда адамның мекен-жайын білдіретін зат
есім тудырушы өнімді жұрнақ болып саналады. Мысалы: көне түрк. bitigči‘бітігші’, тат.
jazūčy, түрік. jazyžy ‘жазушы’, көне түрк. satyγčy, тат. satyčy, түрік. satyžy,чув. suduźә
‘сатушы, саудагер’,balïqčï ‘балықшы’, әзер. oγyčy ‘жоқтаушы’, алт. d`ylkyčy ‘жылқышы’,
башқ. balyksy ‘балықшы’, гаг. jol žu ‘жолаушы’, карайм. byrγčy ‘бұрғышы’, қкалп. etikši
‘етікші’, қбалқ. qojču ‘қойшы’, ноғ.anšy ‘аңшы’, қаз.balyqšy ‘балықшы’, тат. kűmerče
‘көмірші’, сал. malčy ‘малшы’, тоф. isši ‘із кесуші’, өзб. balikči ‘балықшы’, ұйғ. őtűk či
‘етікші’, қаз. ötirikši 'суайт, өтірікті көп айтатын адам' (с.е.), etikši 'аяқ киім тігетін адам'
(з.е.), түрік. demirči ‘ұста’, тув. kizilči ‘Қызыл тұрғыны’, кбалқ. byllymčy ‘Былдым
тұрғыны’ т.б.
-čï /-či (-čij),- ču/-čü көне түркі жазба ескерткіштері тілінде көптеп кездеседі және
негізінен кәсіп иесін, іс-әрекет иесін білдіреді: elčі→el+čі~еlšі→еl+šі «елші»: Atïm El
Toγan Tutuq. BenteŋrielimkeelčіsiertimЕ. І«Атым – Ел Тоған Тұтық. Мен тәңірі еліме елшісі
едім» Аманж.І,48; tamγаčï→tamγа+čï «таңбашы»: Onoqoγlїm, türgisqaγantaMaqrač tamγačї,
OγuzbilgeTamγačї kelti КТү,53 «Он оқ ұлы, түргеш қағаннан Мақраш таңбашы, Оғыз
тамғашы келді» Айд.І,182 ~ қаз. tаmγаšï→tаmγа+šï; joγučï→joγu+čï «жоқтаушы»,
sïγïtšï→sïγït+šï «сықтаушы, жылап-сықтаушы»: Joγučï sïγïtšï öŋreküntoγusïqdaBöküli
Čölügeltabγš
tüpütaparpurumqïrqïzüč
qurïqanotuz
tatar
qïtantatabï
bunča
budun
kelipensïγïtamïsjoγulamïs «Жоқтаушы, жылап сықтаушылар Күншығыстан Бөклі Шөлді
елінен (Корея түбегінен) Табғач-қытайдан, Аварлардан, Римнан, Қырғыздан, Үш
Құрықаннан, Отыз Татардан, Қытаннан, Татабылардан осыншама халықтан (өкілдері)
келіп жоқтауға, аза тұтуға қатысты; sabčï →sab+čï «сөз саптаушы/ хабаршы»: Alperoγlï
sükebarmïš sü jiriteerikligsabčï türtmiš tir ЫБ 55«Алып ер ұлы әскерге барды. Әскер жерінде
ерікті хабаршы сендірді, - дер» Айд.ІІІ 167; Sarïγatlïγsabčï jaγïzatlïγjalabaš edgü
sözsabeltikeliptirЫБ 11 «Сары атты хабаршы мінсіз атты елші игі сөз, хабар жеткізе келер
деген Айд. ІІІ, 160.
Түркі тілдеріндегі субъектілік мәнді білдіретін -čï/-či(-čij),-ču/-čü формантының
этимологиясы жайлы түрлі пікірлер қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі -čï/-či(-čij),-ču/-čü,-šï/-
ši қосымшаларын сын есім тудырушы -lï/-li, -dï/-di,-tï/-ti аффикстерімен сабақтастырған
Э.В.Севортян: «...существительные на –či приближаются к производным на -lï, означая,
как и последние, свойства лица или предмета. Действительно, образования типа ijnadčï
«упрямец» от ijnad «упрямство» по характеру значения весьма близки к прилагательным
типа abïrlï «стыдливый», «нравственный», «приличный», порядочный» от abïr (обру)
«стыд». Весьма приближаются они также к прилагательным на -čïl, означающим
169
постоянное или устойчивое свойство, присущие предмету. В азербайджанском языке
имеется, в частности, параллельная с ijnadčï форма ijnadčïl в том же значении» 8, 84 б.,-
деген ой айтады. А.Н. Кононов та аталған қосымшаны сын есім тудырушы -šïl/-šil
аффиксімен сабақтастырады 9, 103 б.. Н.А. Баскаков шартты райдың -šа/-šе,-čа/-čе
қосымшасымен байланыстырса 10, 60 б., Б.А. Серебренников еркелету мәнді -č/-čï/-čij
морфемасының субъектінің белгілі бір затқа бейімділігі семасын сақтағанын көрсетеді,
соған орай адамның белгілі бір кәсіпке, іс-әрекетке бейімділігін білдіретін -čï/-či(-čij),-šï/-
ši форманты мен еркелету мәнді-č/-čï/-čij формантымен генетикалық сабақтастықта
қарастырады 11, 4 б.. Ғалым пікірі бойынша, -čï/-čі(-čij),-šï/-ši қосымша морфемасының
кәсіпті білдіретін мәні архисема емес, ол қалыптасқан дағды мен бейімділікті де білдіреді,
бір құрамды -č морфемасы да аталған форманттың бір варианты болуы мүмкін.Демек көне
түркілік-čï/-či(-čij),-ču/-čü, қазақ тіліндегі -šï /-šiжәне түрік тіліндегі -čï/-či /-ču/-čü/-žï/-ži/-
žu/-žü қосымшаларының әр түрлі дыбыстық варианттарға жіктелуі тіл даму процесінің
нәтижесі болатын болса, мағыналық-тұлғалық жақтан олармен толық сәйкес келетін
сарыұйғыр тіліндегі-čï/-či жұрнағы және оның өнімсіз -ǯï/-ǯiварианты туралы: «тілдің
консервациялануы нәтижесінде жалпытүркілік тек тілге барып саятын ең көне тұрпатты
сақтап қалған қосымша» деуге болады.
Сары ұйғыр тілінде -q/-k, -γ/-g,-ïq/-ik,-ïγ/-ig, -ak/-ek қосымшасы негізінен етістіктерге
жалғанып, есім сөз жасайды және мағыналық-тұлғалық жақтанқазақ тіліндегі - q/-k, -ïq/-ik
-aq/ -ek, түрік тіліндегі -ak/-ek, -ïq/-ik, -k өнімді қосымшаларымен толық сәйкеседі.
Мәселен,сары ұйғыр тілінде:aɣrïq / aɣïrïq / aɣriq‘ауру’; issig aɣrïq ‘безгек (тиф)’, аzïq/аzuq
‘азық, жем-шөп; ас-тағам’, asïγ‘қалдық, сарқыншақ, жұрыншақ’ Мал. I. 12, 18; emïγ
‘емшек’,emïsïq ‘емізік (жас балаға, төлге арналған)’, etik ‘етек (көйлектің етегі)’ Мал. I. 25,
27.; qavaq ‘кеңсірік’ Мал. I. 48.;қазақ тілінде - q/-k, -ïq/-ik -aq/ -ek: аzïq (азық), bujïrïq
(бұйрық), turaq (тұрақ), žorïq (жорық), arïq (арық, су ағар), želek (желек), emizik (емізік),
etek (етек), buɣaq (бұғақ), bӧbek (бөбек), suraq (сұрақ), quraq (құрақ), keηsirik (кеңсірік)
т.б.түрік тілінде: -ak/-ek, -ïq/-ik, -k:bebek ‘бөбек’, jemek (yemek ‘азық, тамақ’), bujuruq
(buyruk ‘бұйрық’), gıdık ‘бұғақ’, bulak‘бұлақ’, sïïnak (sığınak ‘жабынтық; ықтасын;’),
učak(uçak ‘ұшақ’), aksïrïk (aksırık ‘түшкірік’).
Бұл қосымша көне түркі ескерткіштері тілінде -γ/-g,-q/-k, -uγ/-üg, -uq/-ük, -ïγ/-іg, ïq/-ik,
-aq/-ek, -aγ/-ägформасында кездеседі:azuq→ *az+uq «азық-түлік, тамақ» ДТС, 73; Орх; Е;
Т. Jinčü ügüzig keče, Temir qapїγqa tegi süledimiz. Anta kisre qaratürgis budunjaγї bolmїš.
Keŋeres tapa bardї. Biziŋ cü atїturuq, azuqї joq erti КТү. 39 «Йінчү (Сырдария) өзенін кешіп
өтіп, Темір қақпаға дейін соғыстық. Содан соң қара түргеш халқы жау болды. Кеңереске
қарсы барды. Біздің әскердің аты aрық, азығы жоқ еді. Азығы жоқ едi» Айд. I, 179.
М. Қашқари -q/-k жұрнағы бар сөздерді масдарлар тобына жатқызумен қатар, олардың
есім мәнінде де қолданылатындығын айтады 12, 54-55 б..
Зат есім тудырушы -γ/-g, uγ/-üg, -ïγ/-іg форманттарының А.Н. Кононов алты түрлі
мағынасын көрсетеді: «1) со значением названия акта процесса: bilig «знание»(bil
«знать»), ötüg «просьба, мольба» (*öt «молить, просить»); 2) со значением результата
действия: ülig~ ülüg «часть, доля» (*ül «делить»), ölig ~ölüg «мертвый, мертвец»
(öl«умирать»); 3) со значением объекта действия: qapïγ«ворота» (qap«закрывать»); 4) со
значением действующего лица, субъекта действия: körig~körüg«соглядатай» (kör
«видеть»); 5)со значением места действия: kečig «переправа, брод»(keč«проходить,
переходить»); erig jirtä «в том месте где пребывают», «место стоянки» (er «быть»); 6) со
значением орудия действия: süŋüg «копье» (süŋ «войско») 13, 88 б.. Н.А. Баскаков-γ/-g, -
q/-k-uγ/-üg, -uq/-ük, -ïγ/-іg, ïq/-ik морфемалары генетикалық жағынан -qаq/-γаq, -kеk/-gеk
және осы модельдің қысаң дауысты варианттары -γïq/-gіk, -vïқ/-vік формаларынан
қысқарғанын тіл фактілері негізінде көрсетеді. Ғалым осы жұрнақтың бәрі бір тұлғадан
өрбіген, бір аффикстің варианттары болып есептелінеді дей отырып, taqγaq«тарақ» сөзі
М. Қашқаридың сөздігінде taraq, orγaq «орақ» ұйғыр тілінде orjaq түрінде
170
қолданылатынын көрсетеді 14, 402 б.. Қазіргі түркі тілдеріндегі qajïq «қайық», qulaq«
құлақ» сияқты кейбір сөздердің де көне түркі тілінде qajγïq, qulqaq тұлғасында айтылғаны
белгілі. Мұндай құбылысты сары ұйғыр тілінен де кездестіруге болады: ǯïɣaq ‘жақ’,
urɣaq/orɣaq‘орақ’ Мал.І.131. Демек, көне түркі дәуірінде қимыл атауын, зат есімдер мен
сын есімдер жасауға қатысқан -q/-k, -γ/-g,- ïq/-ik, -ïγ/-ig жұрнағы қазіргі түркі тілдерінде,
атап айтқанда сары ұйғыр, қазақ және түрік тілдерінде әрі зат есім, әрі сын есім тудыруға
қабілетті қосымша морфема ретінде сақталып отыр.
Есімдер мен етістіктерге жалғанып есім сөздер жасайтын -luq/-lük, -luγ/-lüg, -lïγ/-lіg, -
lïq/-lіk жұрнағы сарыұйғыр тілінде -lïq/-lіk,-lïγ, -tïq, dïq,қазақ тілінде -lïq/-lіk, -dïq/-dіk, -tïq/-
tіk,түрік тілінде-lïk/-lik, -luk/-lük тұлғаларында қолданылады.
Түркі тілдерінде -lïq/-lik (дыбыстық варианттарымен) ертеден келе жатқан өнімді
есім тудырушы аффикс:орта түрк. otluq ‘малға жем-шөп салатын астау’, čečtklik ‘гүл
салғыш’, űgűrlűk ‘тарықап,тары сақтайтын орын’, өз. kűplik ‘көптік’, dašlik ‘жазық’, құм.
budajlïq ‘астық алабы’, қар. almalïx ‘алма ағашы’, ноғ. jamanlïq ‘жамандық, жауыздық’,
тат. sukïrlïk ‘соқырлық’, әзер. űzűmlűk ‘жүзімдік’, bašγalïγ ‘өзгешелік’,қаз. dostïq ‘достық’,
kisilik ‘кісілік’, қырғ. žaqšïlïq ‘жақсылық’, burunluk ‘мұрынтық’, ұйғ. balalik ‘балалық’, сал.
ašlïx ‘астық’, чув. čullăx ‘тастақ’ т.б.
-luq/-lük,-luγ/-lüg -lïγ/-lіg, -lïq/-lіk қосымшалары М.Қашқари тілінде, көне ұйғыр
ескерткіштері мен шағатай тілінде кеңінен қолданылғанымен, ҮІІ-ІХ ғасыр түркі
мұраларында сирек кездеседі 13, 402б.. Оның себебін аталған қосымшаның
субъстантивтену, адекъективтену үдерістеріне ықпал ететін көпфункционалды
табиғатымен түсіндіруге болады. Көне түркі тілінде: baslïγ→bas+lïγ «басшылық, бастық»
ДТД, 34; Орх, Е. Тон. 31; КТү. 41. Anta jerüki suq baslïγ Soγdaq budun köp kelti. Ol künte
tegti Türk budun Temir qapïγqa Тон. 46 «Сонда Суқ бастаған Соғда халқы түгел келді Сол
күндері Түркі халқы Темір қақпаға жетті» Айд. II, 112; jaŋluq→jaŋ+luq «жаңылыс,
қателік» МЧ. 44; Он. II, 3; КТк. 10; Тон. 26: On tünke jantïqï tuγ ebirü bardïmïz. Jirči jir
jaŋïlïq, boγualantï. Buŋadup qaγan jelü kör timis «Он түн дегенде тау баурына бардық.
Жершіл ер (жол көрсетуші) жаңылып, Бауыздалды. Мұңайып қаған Желе көр, - деді» Айд.
II, 109.
-lïγ/-lïq алтай тілдеріне ортақ қосымша саналады. Алтайтанушы және түркітанушы
ғалымдардың дені -lïq/-lik қосымшасын көптіктің -l көрсеткішінен және қосарлау
мәніндегі -ïq/-ik жұрнақтарынан тұратын құранды қосымша ( -lïq/-lik> (*-l+-*ïq) / -lik (*-l+
-*ik) деп санайды және оның ‘бір нәрсенің жинақталуын, мол екенін, көп шоғырлануын’
білдіретін мағынасын біріншілік, ал онан басқа да мағыналарын семантикалық дамудың
нәтижесінде пайда болған екіншілік мағыналар ретінде қарастырады 15, 203; 16, 89 б..
Зат есім тудыратын қосымша морфема -n(-an/-en/-ïn/-іn,-un/-ün) сарыұйғыр тілінде -
еn, -ïn/-іn, -un, қазақ тілінде -аn/-еn, ïn/-іn, түрік тілінде -аn/-еn, -ïn/-іn,-un/-ün, Орхон-
Енисей ескерткіштері тілінде (VІ–IX ғ.) аn/-еn, -ïn/-іn,-un тұлғаларында көрініс береді. Бұл
қосымшаның көмегімен негізінен қимыл иесін (субъектіні), қимылдың, іс-әрекеттің атын
білдіретін сөздер жасалады. Мысалы: көне түркі тілінде: kеlіn→*kеl+in «келін»: Ögim
qatun ulaju öglerim, ekelerim, kelinünim, qunčujlarїm, bunča jeme tirligi küŋ boltačїerti, ölügi
jurtda jolta jatu qaltačї,ertigiz КТү. 49 «Шешем қатын, оған iлескен аналарым, жеңгелерiм,
келiндерiм, бикештерiм мұнша және күң болар едiңдер, өлiктерiң жұртта, жолда жатар
едiңдер» Айд. I, 182; oγlan→oγ(u)l+an«ұл, ұлан»: Оtuz oγlan saγdїčlarї pičin elte jegirmi Т.2
«Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада /еді/» Аманж. І,44; Kuli Čur
sančїp öltürip oγulїn kisisin bodun qїltї «Кули Чур қылыштап өлтіріп ұлдарын, кісілерін
тұтқынға алды КЧ.
Сары ұйғыр тіліндегі -еn, -ïn/-іn, -un, қазақ тіліндегі -аn/-еn, ïn/-іn, түрік тіліндегі -
аn/-еn, -ïn/-іn,-un/-ün форманттары арқылы жасалған сөздердің мағынасы көнетүркілік -
an/-en/-ïn/-іn,-un/-ün қосымшалары арқылы жасалған лексемалардан көп ерекшеленбейді,
дейтұрғанмен қосымшаның сөзжасамдық белсенділігінің артуына байланысты мағыналық
171
жақтан кеңуі байқалады. Жалпы түркі тілдерінде, соның ішінде сары ұйғыр, қазақ және
түрік тілдерінде -аn/-еn,ïn/-іn формантының морфемалар жігі айқын еместігі және
олардың түбір морфеманың мағынасы күңгірт дисиллабтар құрамында да жиі кездесуі бұл
қосымшаның тарихы түркі тілдері дамуының ең ежелгі, түркілікке дейінгі кезеңінен
бастау алатынын көрсетеді.
Сары ұйғыр тілінде -γï/-gі, -ki, қазақ тілінде -ɣï/-gï, түрік тілінде -gi, gu/-gü, -kï/-ki
тұлғаларынегізінен есім сөздер мен үстеулер жасайтын қосымша морфема болса да, кей
жағдайда зат есім тудырады және көне түркілік –γu формантымен тұлғалық-мағыналық
сәйкестік түзеді. Мысалы: аjγu→аj+γu «ақылшы, кеңесші (айқайшы)» Орх. Qaγanï
alpermis. Ajγučïsï bilgeermis. Olekikisibarersersinitabγačïγ ölürtečitirmen. Öŋreqïtanïγ
ölürtečitirmen. Binioγuzuγ ölürteči öktirmen Тон. 10 «Қағаны алып еді. Ақылгері білге еді.
Ол екі кісі бар болса, Сен Табғашты қырар дермін. Шығыста – қытанды қырар дермін.
Мені – оғызды қырар дермін» Айд. II, 105 ~ қаз. аj→аj+qаj(šï) «айғай, қатты шыққан
дыбыс» “ақылшы, басу айтушы”.
-ɣï/-gï, -kï/-ki, -γu/-gü қосымшалары бір кездері етістіктің грамматикалық бірліктеріне
қатысты да, етістіктен зат есім тудыру амалдары ретінде де қолданылуы мүмкін.
М.Томанов қазіргі түркі тілдеріндегі-qï/-qïj (түрікмен: аtаqï «ата, әке», тува: аvаqï «ана»)
және -qа/-kе (қырғыз: аteke, šеšеkе, еrke т.б.), -qаj (өзбек, қазақ: balaqaj, татар:
quwanqaj«қоян») қосымшаларының семемдік құрамындағы еркелету, кішірейту мән
олардың барлығына ортақ екенін айтады 17, 282 б.. Сары ұйғыр, қазақ және түрік
тілдеріндегі -qu/-kü, -γу/-gü қосымшаларымен генетикалық байланысы бар қосымша
морфемалар қатарына “көне түркілік -q/-k, -γ/-g-нің фонетикалық варианты саналатын
қазіргі түркі тілдеріндегі қимыл есімін жасайтын -w(-аw/-еw) қосымшасын” 18, 162; 13,
97; 19, 191; 20, 196 б. да жатқызуға болады.
Сары ұйғыр тілінде -m /-ïm /-im, қазақ тілінде -m /-ïm /-im, түрік тілінде -m /-ïm /-im -
um /-üm тұлғаларында кездесетін зат есім тудыратын қосымша морфема негізінен іс-
әрекет қимылдың нәтижесін, сандық өлшем мен мөлшерді, қимылдың жекелеген актілерін
атау қызметінде жұмсалады және Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі (VІ–IX ғ.) -m /-
ïm/-іm қосымшасымен мағыналық-тұлғалық толық сәйкестік түзеді.
Жоғарыдағы қосымшалардың сыртында сары ұйғыр тілінде көне түркі жазба
ескерткіштері тіліндегі -іs/-ïs, -us/-üs, -mа/-mе,-č,-nč, -qïš/-kіš,-sïq/-sïγ, -suq/-sük, -šïγ/-šïγ,-
dаš/-dïš/-dіš/-dïč/-dіč тәрізді жұрнақтармен сәйкес түсіп жататын қосымшалар арқылы
жасалған сөздер молынан кездеседі. Зат есім жасайтын бұл қосымшалар – қыпшақ және
оғыз тобы тілдеріне, соның ішінде қазақ және түрік тілдеріне де ортақ жұрнақтар.
Олардың бойында варианттылық жіктелімге байланысты ерекшелік болуы мүмкін.
Мысалы: түркі тілдерінде етістік негіздеріне жалғанып, қимылдың амалын немесе іс-
әрекет мәнерін білдіретін -іs/-ïs -uš/-üš қосымшасы көне түркі тілінде -іs/-ïs -uš/-üš
(tеgіs→tеg+іs «ұрыс, шабуыл (тиіс)», uruš→ur+uš «ұрыс», süŋüš→süŋ+ üš «соғыс»), сары
ұйғыр тілінде -ïs (adžaqïs ‘ошақ’, aɣïs ‘кез (өлшем атауы)’, alqïs ‘алғыс, бата’,),
қазақ тілінде-ïs/-іs (alɣïs,qarɣïs, atïs, šabïs,kün kӧris, žüris, turïs), түрік тілінде-iş/-ïş, -uş/-
üş(bakış ‘көзқарас’, giriş ‘кіріс’, dönüş ‘оралу’, uçuş ‘ұшу’) тұлғаларында көрініс береді. Ал
етістіктің негізіне жалғанып, зат есім тудыратын -mа/-mе қосымшасы жалпы түркі тілдері
бойынша бірнеше мәнде жұмсалады: 1) қимыл, әрекет йесін білдіретін сөздер жасайды; 2)
заттың орнын және атауын білдіреді; 3) қару-жарақтың, құралдың атын білдіреді; 4) іс-
әрекеттің объектісін білдіреді; 5) іс-әрекет нәтижесін білдіреді. Көне түркі тіліндегі -mа/-
mе жұрнағы (jalma→jal+ma‘сауыт’, jatïγmа→jatïγ+ma ‘жатақ’, jelme→jel+me ‘шолғыншы,
шолғын (желме)’, körigme→körig+mе ‘құмар/құмартушы’), сары ұйғыр тілінде -mа, -bа, -
pа (turma ‘тұрма/шалқан’, somba ‘шүйке; шумақ’, soqpa ‘ботқа’, ), қазақ тілінде -mа/-mе,-
bа/-bе,-pа/-pе (baspa, bölmе, žаzbа, köрmе, qazba,tospa) түрік тілінде (doğma ‘туылу,
туылым’, görüşme ‘кездесу, жолығыс’) тұлғаларында кездеседі. Жұрнақтың сары ұйғыр
172
және қазақ тілдеріндегі қатаң варианттарытүркі тілдері дамуының көнетүркілікке дейінгі
кезеңінен қалған белгілер болуы да мүмкін.
Қорыта айтқанда, сары ұйғыр, қазақ және түрік тілдеріне ортақ зат есім тудыратын
жұрнақтар бойынан VІ-Х ғасырлардағы түркі тілінің 1400-1500 жыл көлеміндегі тарихи
даму барысына сәйкес қалыптасқан кейбір дыбыстық өзгерістер көрініс бергенімен,
аффикстердің мәні мен қызметі, морфологиялық ерекшеліктері негізінен ескерткіштер
тіліндегі есім сөз жасайтын қосымшаларға сәйкес келіп жатады деуге болады. Дей
тұрғанмен, көне түркі ескерткіштері тіліндегі зат есім тудырушы жұрнақтар бойындағы
ерін үндестігінің түрік тілінде толықтай, сары ұйғыр тілінде жарым-жартылай, ал қазақ
тілінде мүлдем сақталмауының өзіндік себептері де жоқ емес. Егер қазақ тілінде зат есім
жұрнақтары ғана емес, жалпы қосымшалар жүйесінде ерін үндестігіне сай келетін
форманттардың тарамдала, жете дамымауына орыс орфографиясының ізімен жасалып,
қалыптасқан емле-ережелер жүйесі мен орфографиялық норманың тікелей әсері болды
десек, сары ұйғыр тілінде езулік тұлғалы қосымшаларға қарағанда
еріндік тұлғалы
қосымшалардың
орнықпауын
сары
ұйғыр
тілінің
біртіндеп
«сіріленуге»
(консервациялану) ұшырауымен, соның салдарынан қосымшалар қатарының да жетілудің
орнына, керісінше, үнемделіп, ықшамдала түсуімен байланыстыруға болады. Демек,
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тіліндегі зат есім жұрнақтарының сарыұйғыр, қазақ
және түрік тілдерінде варианттық жіктелімге түсу-түспеуі IX ғ. кейінгі кезеңдерде әр
қайсысы дербес этностың тілі ретінде қалыптасып, дамыған осы тілдердің морфологиялық
құрылымы мен сөзжасам жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: