Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Циклдік жаттығулардың жіктелуі

Циклдік қозғалыстар тұтас қозғалыстың жеке фазаларының не-

месе  циклдердің  өздерінің  бірізділікпен  кезектесуімен  жəне  өзара 

байланысымен сипатталады. Əр циклдің алдыңғы жəне кейінгі цикл-

мен өзара байланысы осы циклдік жаттығулардың негізгі ерекшелігі 

болып  саналады.  Циклдік  қозғалыстардың  физиологиялық  негізі 

ырғақтық қимыл рефлексі болып табылады.

Организмнің  (жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің)  энергиялық 

сұранысы  екі  негізгі  анаэробтық  жəне  аэробтық  жолдар  арқылы 

қанағаттандырылатыны  баршамызға  белгілі.  Энергия  өнімділіктің 

бұл екі жолының қатынасы түрлі циклдік жаттығуларда бірдей емес 

(23-сурет).

Кез  келген  жаттығуды  орындау  кезінде  барлық  үш  энергиялық 

жүйелер іске қосылады: 

1. Анаэробтық  фосфагендік  (алактаттық)  жүйе – фосфагендік 

жүйелер – АТФ пен КрФ энергиялары есебінен жүзеге асырылады;

2. Лактацидтік  (гликолиздік) – гликолиз  энергиясы – 

көмірсулардың  сүт  қышқылының  түзілуіне  əкелетін  ыдырауы 

есебінен іске асады;

3. Аэробтық  (оттектік,  тотығу) – көмірсулар  мен  майлардың 

тотығуы энергиясы есебінен жүзеге асады. 

Аэробтық жəне анаэробтық энергия көздерінің қатынасы жұмыс 

ұзақтығына байланысты болып келеді (3-кесте).

Бұл 3 жүйенің  «аймақтары»  бір-бірімен  біраз  астасып  жатады 



(24-сурет).

Сондықтан  энергиялық  жүйелердің  əсіресе,  салыстырма-

лы  аз  шекті  ұзақтықты  жұмыстар  кезінде  əрқайсысының  «таза» 

үлесін бөліп көрсету қиындыққа əкеліп соғады. Осыған байланыс-



67

ты  көбінесе,  энергиялық  қуаттылығы  жағынан  (əсер  аймақтары) 

«көршілестерді», яғни фосфагендікті лактацидтікпен, лактацидтікті 

оттектікпен бірге жұптастырады. Мұнда энергиялық үлесі көп жүйе 

бірінші болып көрсетіледі. 

3-кесте

Түрлі ұзақтықты дене жаттығулары кезіндегі анаэробтық 

жəне аэробтық энергия көздерінің қатынасы (P. Astrandetal., 

1970; И. В. Аулик бойынша, 1979, 1990)

Энергия 

өнімділік 

жолдары

Жұмыс ұзақтығы

10 

сек.



мин. 2 мин.



мин.

10 

мин. 30 мин.

1 сағ. 2 сағ.

Анаэробты

85

70

50



30

10

5



2

1

Аэробты



15

30

50



70

90

95



98

99

 



 

 (

+

)

 

 

0

0

1

0

9

0

8

0

7

0

4

0

3

0

2

0

1

0

100

100

0

,

0

0

.

5

1

:

2

0

,

0

0

.

9

2

0

,

0

0

.

4

1

0

,

5

4

1

0

,

5

4

0

,

0

2

0

,

0

1

200

400

800

5000

10000 42200

0

0

1

0

2

0

3

0

6

0

7

0

8

0

9

 



 

 

 

23-суретЖеңіл атлетикалық жүгірудің əртүрлі арақашықтықтарында 

аэробтық жəне анаэробтық энергиялық көздердің үлгілік (пайызбен) үлесі 

(Я. М. Коц бойынша)

Анаэробтық жəне аэробтық энергиялық жүйелерге салыстырма-

лы жүктемесіне сəйкес барлық циклдік жаттығуларды анаэробтық 

жəне  аэробтық  деп  екіге  бөледі  (62, 63-беттегі  сызбанұсқаны 



қараңыз). 

Біріншісінде, 

энергия 

өнімділіктің 

анаэробтық, 

екіншісінде,  аэробтық  бөлімдері  басым  болып  келеді.  Анаэробтық 

жаттығуларды  орындау  кезінде  жетекші  сапа  қуат  (жылдамдық-

күштік  мүмкіндіктер),  ал  аэробтық  жаттығуларды  орындауда 

төзімділік болып табылады. 

Энергия өнімділіктің түрлі жолдарының (жүйелерінің) қатынасы 

сан  алуан  жаттығулардың  орындалуын  қамтамасыз  ететін  түрлі 


68

физиологиялық  жүйелер  қызметі  өзгерістерінің  сипаты  мен 

дəрежесін анықтайды.

0

20



40

60

80



100

120


0

20

38



60

80

100



120

 

 

, %

 



24-сурет. Шекті ұзақтығы əртүрлі жаттығуларды орындау кезіндегі үш 

энергиялық (І фосфагендік, ІІ лактацидтік, ІІІ оттектік) жүйелердің 

салыстырмалы (пайызбен) үлесі (Я. М. Коц бойынша)

Анаэробтық жаттығулар

Анаэробтық жаттығуларды:

1. Максималды 

анаэробтық 

қуаттылықты 

(анаэробтық 

қуаттылықты);

2. Максималдыға  жуық  анаэробтық  қуаттылықты  (аралас 

анаэробтық қуаттылықты);

3. Субмаксималды  анаэробтық  қуаттылықты  (анаэробтық-

аэробтық қуаттылықты) жаттығулар деп үш топқа бөледі.

Анаэробтық  жаттығулардың  энергиялық  жəне  эргометрлік  си-

паттамасы 4-кестеде көрсетілген. 

Максималды  анаэробтық  қуаттылықты  (анаэробтық  қуат-

тылықты)  жаттығуларға  жалпы  энергия  өнімділіктен  анаэробтық 

бөлімі 90-нан 100%-ға  дейін  болатын  жұмыс  атқарушы  бұлшық 

еттердің энергиялық қамтамасыз етілуі тек анаэробтық əдіс арқылы 

орындалатын  жаттығулар  жатады.  Ол  негізінен  фосфагендік 

энергиялық  жүйелердің  есебінен  (АТФ+КФ),  біраз  лактацидтік 


69

(гликолиздік)  жүйелердің  қатысуымен  қамтамасыз  етіледі.  Қысқа 

қашықтыққа  жүгіру  кезінде  дамыған  айтулы  спортшыларда 

рекордтық  максималды  анаэробтық  қуаттылықты 120 ккал/

минутқа жетеді (4-кестені қараңыз).

4-кесте

Анаэробтық циклдік жаттығулардың энергиялық жəне 

эргометрлік сипаттамасы

Топ

Энергия

 өнімділіктің

 

анаэробтық

 к

омпоненті



жа

лпы

 энергия

 өнімділіктен

 

%

Үш энергиялық 

жүйелердің қатынасы, %

Р

ек

ор

дтық

 қу

аттылық

,

 кк

ал

/мин

Жүгір

у 

кезінде

 шекті

 

рек

ор

дтық

 ұзақтық

, с

Анаэробтық фос

фаг

ен

-

дік

 + 

Лакт

ацидтік

 



лакт

аттық

)

Лакт

ацид

-

тік

 + 

Оттектік



л

и

кол

и

-

тик

алық

)

Оттектік (аэробтық

)

Максималды 

анаэробтық 

қуаттылық

90-100

95

5



- 120

10-ға 


дейін

Максималдыға 

жуық анаэробтық 

қуаттылық

75-85

70

20



10

100


20-50

Субмаксималды 

анаэробтық 

қуаттылық

60-70

25

60



15

40

60-



120

Мұндай жаттығулардың ұзақтылық шегі бірнеше секунд болады. 

Мысалы, 100 м-ге дейін арақашықтыққа жаяу жарыс, 50 м-ге дейін 

жүзу, сүңгу жəне тректе қысқа арақашықтықта (спринтерлік) вело-

жарыс (5-кесте).

Вегетативтік  жүйелер  қызметінің  күшеюі  жұмыс  үдерісінде 

біртіндеп жүреді. Анаэробтық жаттығулардың қысқа уақытта орын-

далуынан  оларды  орындау  кезінде  қан  айналу  жəне  тыныс  алу 

қызметтері  мүмкін  болатын  максимумға  жетіп  үлгермейді.  Макси-

малды анаэробтық жаттығу барысында спортшы мүлдем тыныста-

майды, əлде, тек бірнеше тыныс циклдерін орындауға ғана үлгереді. 

Сəйкесінше, «орташа»  өкпелік  вентиляция  (желдену)  максималды 

мөлшерден 20-30%-дан аспайды. Жүректің жиырылу жиілігі сөреге 


70

дейін де жоғарылайды (140-150 екп/мин) жəне жаттығу кезінде өсуін 

жалғастырады.  Мəреден  кейін  дереу  максималды  мөлшердің 80-

90%-на (160-180 екп/мин)  жетеді.  Бұл  жаттығулардың  энергиялық 

негізі  анаэробтық  үдерістер  болғандықтан  кардиореспираторлық 

(оттегі  тасымалдау)  жүйелер  қызметі  күшеюінің  сол  жаттығудың 

энергиялық қамтамасыз етілуі үшін аса маңызы жоқ. Жұмыс уақыты 

барысында қандағы лактат концентрациясы айтарлықтай өзгермейді.

Дегенмен,  ол  жұмысшы  бұлшық  еттерде  жұмыс  соңында 10 

ммоль/кг  жетуі  жəне  тіпті,  одан  да  асуы  мүмкін.  Қандағы  лактат 

концентрациясы жұмысты тоқтатқан соң, бірнеше минут барысында 

арта отырып, максималды 5-8 ммоль/л болады (25-сурет).

Анаэробтық  жаттығуларды  орындау  алдында  қандағы  глюко-

за концентрациясы біршама жоғарылайды (26-сурет). Жаттығудың 

басталуына  дейін  жəне  оның  орындалу  нəтижесінде  қанда  кате-

холаминдер  (адреналин  мен  норадреналин)  жəне  өсу  гормондары 

концентрациясы аса айтарлықтай жоғарылайды, бірақ инсулин кон-

центрациясы  біраз  төмендейді,  ал  глюкагон  мен  кортизол  концен-

трациялары айтарлықтай елеулі өзгермейді (25-суретті қараңыз).

 

1500

10000

25000

42,195 

100

0

 

 

+

+



=

25-сурет. Əртүрлі арақашықтықта жүгіру кезінде қан плазмасы 

гормондары, қан глюкозасы мен лактат концентрациясы өзгерістері (Я. М. 

Коц бойынша)


71

Бұл жаттығулардың спорттық нəтижесін анықтайтын жетекші 



физиологиялық жүйелер мен механизмдерге бұлшық ет қызметінің 

орталық-жүйкелік  реттелуі,  жүйке  бұлшық  еттік  аппараттың 

функциялық  қасиеті  (жылдамдықты-күштік)  жəне  жұмысшы 

бұлшық еттің фосфагендік энергиялық жүйелер сыйымдылығы мен 

қуаттылығы жатады. 

26-суретҚандағы глюкозаның қысқа қашықтыққа (спринттік) велосипед 

тебу кезінде жəне оның  60 сек-тан соң өзгерістері (A. Giovanelli 

мəліметтері бойынша)

Максималдыға  жуық  анаэробтық  қуаттылықты  жатты-

ғуларға  (аралас  анаэробтық  қуаттылықты)  –  жұмыс  атқарушы 

бұлшық  еттердің  анаэробтық  энергиялық  қамтамасыз  етілуі 

артық  болатын  жаттығулар  жатады.  Жалпы  энергия  өнімділіктің 

анаэробтық компоненті 75-85%-ға тең келеді. Ол фосфагендік жəне 

барынша  лактацидтік  (гликолиздік)  энергиялық  жүйелер  есебінен 

құралады.  Жүгіруде  рекордтық  максималдыға  жуық  анаэробтық 

қуаттылық  шамамен, 50-100 ккал/мин.  Мұндай  жаттығулардың 

шекті  ұзақтығы  айтулы  спортшыларда 20-50 секундқа  дейінгі 

аралықта  болады (4-кестені  қараңыз).  Жарыс  жаттығуларына 200-

400 м арақашықтыққа жүгіру, 100 м-ге дейін арақашықтықта жүзу, 

500 м-ге конькимен жүгіру жатады (5-кестені қараңыз).

Бұл  жаттығулардың  энергиялық  қамтамасыз  етілуі  үшін 

оттегі  тасымалдау  жүйесі  қызметінің  айтарлықтай  күшеюі  белгілі 


72

энергиялық рөл атқарады. Мұнда жаттығу ұзағырақ болған сайын, 

соғұрлым  бұл  жүйелердің  энергиялық  рөлі  көбірек  болады.  Сөре 

алдыңғы күйде жүректің жиырылу жиілігінің аса айтарлықтай (150-

160 екп/мин. дейін) жоғарылауы орын алады. Ол неғұрлым жоғары 

мəнге (максималдыдан 80-90%) 200 м мəреден жəне 400 м мəреден 

кейін  дереу  жетеді.  Жаттығуды  орындау  үдерісінде  өкпе  вентиля-

циясы тез өседі, сондықтан ұзақтығы 1 мин. жуық жаттығу соңына 

таман сол спортшы үшін максималды жұмыс вентиляциясының 50-

60%  жетуі (60-80 л/мин)  мүмкін.  Арақашықтықтарда  оттегіні  пай-

далану жылдамдығы да тез өседі жəне 400 м мəреде жеке ОМП-дың 

70-80% құрауы мүмкін.

Қандағы лактат концентрациясы жаттығудан кейін (білікті спорт-

шыларда 15 ммоль/л дейін) жоғары мəнді көрсетеді. Арақашықтық 

үлкен жəне спортшы біліктілігі жоғары болған сайын ол көп бола-

ды.  Қандағы  лактаттың  жинақталуы  оның  жұмысшы  бұлшық  ет-

терде  түзілу  жылдамдығының  өте  жоғары  болуымен  (қарқынды 

анаэробтық гликолиз нəтижесі ретінде) байланысты.

Қандағы  глюкоза  концентрациясы  тыныштық  жағдаймен 

салыстырғанда (100-120 мг%-ға  дейін)  жоғарылайды.  Қандағы 

гормондық  ығысулар  максималды  анаэробтық  қуаттылықты 

жаттығуларды орындау кезіндегі өзгерістермен ұқсас келеді.

Максималдыға  жуық  анаэробтық  қуаттылықты  жаттығулардың 

спорттық нəтижесін анықтайтын жетекші физиологиялық жүйелер 



мен механизмдері алдыңғы топ жаттығуларындағыдай болады. Со-

нымен  қатар  жұмысшы  бұлшық  еттің  лактацидтік  (гликолиздік) 

энергиялық жүйелер қуаттылығы жатады. 

Субмаксималды  анаэробтық  қуаттылықты  (анаэробтық-

аэробтық  қуаттылықты)  жаттығулар – бұл  жұмыс  атқаратын 

бұлшық  еттердің  энергиялық  қамтамасыз  етілуінің  анаэробтық 

компоненті басым келетін жаттығулар. Ол организмнің жалпы энер-

гия өнімділігінің 60-70%-ына жетеді жəне лактацидтік (гликолиздік) 

энергиялық жүйе есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл жаттығулардың 

энергиялық  қамтамасыз  етілуінде  оттектік  (тотығу,  аэробтық) 

энергиялық жүйенің айтарлықтай үлесі бар. Жүгіру жаттығуларында 

рекордтық  қуаттылық  шамамен, 40 ккал/мин.  құрайды  (4-кестені 



қараңыз). Жарыс жаттығуларындағы ұзақтық шегі айтулы спортшы-

ларда 1-ден 2 мин-қа дейін болуы мүмкін. Жарыс жаттығуларына: 

800  м-ге  жүгіру, 200 м-ге  жүзу, 1000 м-ге  жəне 1500 м-ге  коньки-

мен жүгіру, 1 км-ге велоспортта жүріп өту (трек) жатады (5-кестені 



қараңыз). 

73

5-

ке

сте

Анаэробтық

 цик

лдік

 ж

аттығу

лар

 түр

лері

 жəне

 ж

ет

екші

 физио

логиялық

 жүйе

лер

 мен

 ме

ханиз

мдері

Т

оп

Ж

аттығу

лар

түр

лері

Ж

аттығу

лар

ды

орында

у 

барысында

организ

мде

 жүретін

 өзерістер

 

Ж

етекші

 физио

логиялық

 

жүйелер

 мен

 ме

ханиз

мдер

Мак


сим

алды


 

анаэробтық

 

қу

аттылық



100 

м

-ге



 дейін

 

арақашықтыққа



 жаяу

 

жарыс



, 50 

м

-ге



 дейін

 

жүз



у, 

сүңгу


, т

рек


те

 

қысқа



 арақашықтықт

а 

(спринтер



лік

вело



жа

-

рыс



Оттегі

 

тасым



алда

у 

жүйелер



 

қыз


меті

 (

ма



кс

и-

м



алды

 мəндерг


е 

дейін


 еме

с), 


қандағы

 лак


та

т (10 


ммо

ль



), 

глюк


оза

 

концент



рациясы

адрена



лин

норадрена



лин

өс



у 

гор


мондары

 к

онцент



рациясы

 

ж



оғарылайды

ал



 

инс


улин

 

концент



рациясы

 

төмендейді



глюк


аг

он



кор

тиз


ол

 

концент



ра

 

циялары



 айт

ар

лықт



ай

 өзг


ер

мейді


Бұлшық

 

ет



 

қыз


метінің

 

ор



та

лық


-

жүйк


елік

 

реттелуі



жүйк


е 

бұлшық


 

еттік


 а

ппара


ттың

 ф

ункциялық



 қасиеті

 

(жылдамдықты



-күштік

), 


жұмысшы

 

бұлшық



 

еттің


 

фо

сфаг



ендік

 

энер



-

гиялық


 жүйелер

 сыйымдылығы

 мен

 

қу



аттылығы

Мак


сим

ал

-



дыға жуық анаэробтық

 

қу



аттылық

200-400 


м

 арақа


-

шықтыққа


 жүгір

у, 


100 

м

-ге



 дейін

 арақа


-

шықтықт


а 

жүз


у, 500 

м

-ге



 к

онькимен


 жүгір

у

Оттегі



 

тасым


алда

у 

жүйе



сі

 

қыз



меті

қандағы



 

лак


та

т (15 


ммо

ль



), 

глюк


оза

 

концент



рациясы

 

ж



оғарылайды

гор



мондар

 

өзг



ерісі

 

ж



оғары

 

то



п 

жа

ттығу



ларындай

 бо


лады

Бұлшық


 

ет

 



қыз

метінің


 

ор

та



лық

-

жүйк



елік

 

реттелуі



жүйк


е 

бұлшық


 

еттік


 а

ппара


ттың

 ф

ункциялық



 қасиеті

 

(жылдамдықты



-күштік

), 


жұмысшы

 

бұлшық



 

еттің


 

фо

сфаг



ендік

 

энер



-

гиялық


 

жүйелер


 

сыйымдылығы

 

мен


 

қу

аттылығы



бұлшық


 

еттің


 

лак


тацидтік

 (

глик



олиз

дік


энергия


-

лық


 жүйелер

 қу


аттылығы

С

уб



м

ак

си



-

м

алды



 

анаэробтық

 

қу

аттылық



800 

м

-ге



 

жүгір


у, 200 

м

-ге



 

жүз


у, 1000 

м

-ге



 

жəне


 1500 

м

-ге



 

конь


-

кимен


 жүгір

у, 1 


км

-ге


 

вело


спор

тт

а 



жүріп

 өт


у 

рек



)

Оттегі


 т

асым


алда

у 

жүйе



сі

 қыз


меті

 (

м



ак

сим


алды

 

мəндерг



е 

дейін


), 

лак


та

т 

концент



рациясы

 (20-25 


ммо

ль



), 

қанда


 г

люк


озаның

 к

онцент



рациясы

, қан


 

плаз


м

асындағы


 

адрена


лин

норадрена



лин

өс



у 

гор


мондары

 

ж



оғарылайды

қанның



 

рН

 



деңг

ейі


 

төмендейді

Жұмыс

 

атқар



ушы

 

бұлшық



 

еттің


 

лак


тацидтік

 (

глик



олиз

дік


энер


-

гиялық


 

жүйе


сінің

 

сыйымдылығы



 

мен


 

қу

аттылығы



жүйк


е-

бұлшық


 

ет

 



аппара

тының


 

ф

ункциялық



 

қасиеті


сонымен


 

қа

тар



 

организ


мнің

 

оттегі



 

тасым


алда

у (


əсіре

се



жүрек

амыр



 

жүйе


сінің

мүмкіндік



тері

 

жəне



 

жұмысшы


 бұлшық

 еттер


дің

 аэробтық

 



отығу



мүмкіндік

тер

і


74

Бұл  жаттығулардың  қуаттылығы  жəне  шекті  ұзақтылығы  сон-

дай,  оларды  орындау  үдерісінде  оттегі  тасымалдау  жүйесі  (ЖЖЖ, 

МҚК,  ӨВ,  О

2

  пайдалану  жылдамдығы)  қызметінің  көрсеткіштері 



сол спортшының максималды мəндеріне жуық болуы немесе тіпті, 

оған жетуі де мүмкін. Жаттығу ұзағырақ болған сайын, мəредегі бұл 

көрсеткіштер  мəні  жоғарырақ  жəне  жаттығуды  орындау  кезіндегі 

аэробтық  энергия  өнімділіктің  үлесі  де  неғұрлым  көбірек  болады. 

Бұл  жаттығулардан  кейін  жұмыс  атқарушы  бұлшық  ет  пен  қанда 

20-25  ммоль/л-ге  дейін  болатын  өте  жоғары  лактат  концентра-

цясы  тіркеледі.  Сəйкесінше,  қанның  рН 7,0-ге  дейін  төмендейді. 

Көбіне,  қанда  глюкозаның 150 мг %-ға  дейін  концентрациясының 

жоғарылауы, қан плазмасындағы катехоламиндер мен өсу гормонда-

ры мөлшерінің көптігі байқалады.



Жетекші  физиологиялық  жүйелер  мен  механизмдерге  жұмыс 

атқарушы  бұлшық  еттің  лактацидтік  (гликолиздік)  энергиялық 

жүйесінің  сыйымдылығы  мен  қуаттылығы,  жүйке-бұлшық  ет 

аппаратының  функциялық  қасиеті,  сонымен  қатар  организмнің 

оттегі тасымалдау (əсіресе, жүрек-тамыр жүйесінің) мүмкіндіктері 

жəне жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық (тотығу) мүмкіндіктері 

жатады.  Сайып  келгенде,  бұл  топ  жаттығулары  спортшылардың 

анаэробтық сияқты аэробтық мүмкіндіктеріне де аса жоғары талап-

тар қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет