«Қазпочта»
акционерлік
Қоғамының
2012 жылғы
Қызметі туралы
жылдыҚ есеп
Астана қ., 2013 жыл
мазмұны
4
1.
ЕсЕп турАлы
6
1.1.
Жалпы мәліметтер
6
1.2.
Есепті кезең және есеп шекарасы
7
1.3.
Әдістемесі мен мазмұны
7
1.4.
Қысқартылған атаулар мен сөздер
8
2.
КомпАния бАсшылығының үндЕуі
8
2.1.
Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі
9
2.2.
Басқарма төрағасының үндеуі
10 3.
КомпАния бүгіндЕ
12 3.1.
Тарихы мен негізгі мәліметтер
13 3.2.
2012 жылғы маңызды оқиғалар мен жетістіктер
13 3.3.
2012 жылғы маңызды көрсеткіштер
15 3.4.
Басқару жүйесі және атқарымдық құрылым
16 3.5.
Компания қызметтері
17 3.6.
Стратегиялық даму бағыты
18 3.7.
Меншік құрылымындағы елеулі өзгерістер
18 3.8.
Халықаралық ынтымақтастық
19 3.9.
Өңірлерге көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік-экономикалық
маңыздылығы
20 3.10.
Саланың реттеуіш ортасына шолу
20 3.11.
Лицензиялар туралы ақпарат
20 3.12.
Меншік сипаты және ұйымдық-құқықтық нысан
22 4.
КорпорАтивтіК бАсқАру
24 4.1.
Директорлар кеңесі
25 4.1.1.
Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік тізімі
26 4.1.2.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін іріктеу критерийі
26 4.1.3.
Директорлар кеңесінің 2012 жылғы мәжілістері
27 4.1.4.
Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есеп
27 4.1.5.
Директорлар кеңесінің комитеттері
31 4.1.6.
Жалғыз акционердің пікірін Директорлар кеңесінің есепке алуы бойынша
қабылданған шаралар
31 4.2.
Ішкі аудит қызметі
32 4.3.
Басқарма
32 4.3.1.
Басқарма мүшелерінің қызметтік тізімі
33 4.3.2.
Басқарма төрағасын іріктеу критерийі
33 4.3.3.
Басқарма жұмысы туралы есеп
34 4.4.
Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, Басқарманың, Ішкі аудит
қызметінің қызметін бағалау
35 4.5.
Жоғарғы басшылыққа сыйақы беру
35 4.6.
Жанжалдарды басқару
36 4.7.
Сапаны басқару
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
38 4.8.
Тәуекелді басқару
40 4.9.
Ішкі бақылау жүйесі
41 4.10.
Мүдделі тұлғалармен өзара іс-әрекет
44 4.11.
Ақпараттық саясатты іске асыру
46 5.
ЭКономиКАлық нәтижЕліліК
48 5.1.
Компания бизнесі мен нарыққа ықпал ететін макроэкономикалық факторлар
48 5.2.
Экономикалық мақсаттар мен міндеттер және қол жеткен нәтижелер
49 5.3.
Қаржылық-экономикалық жағдай
49 5.4.
Табыстар құрылымы
50 5.5.
Негізгі қаржылық көрсеткіштер
50 5.6.
Сегменттер бойынша негізгі өндірістік көрсеткіштер
51 5.7.
Еңбек өнімділігі
51 5.8.
Активтер құрылымы
53 5.9.
Бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтер, нарықтық капиталдандыру
54 5.10.
Қаржы активтері мен міндеттемелер бойынша пайыздар мөлшерлемесі
54 5.11.
Клиенттермен өзара әрекет, өткізім және маркетингтік саясат
55 5.12.
Бизнес-шолу
58 5.13.
Инвестициялық қызмет
58 5.14.
Инновациялық даму
59 5.15.
Тасымалдау
60 5.16.
Меншік және қарыз капиталы
60 5.17.
Сатып алуды ұйымдастыру
61 5.18.
Өнім берушілермен және мердігерлермен өзара іс-әрекет
61 5.19.
Тарифтік саясат
64 6.
әлЕумЕттіК жАуАпКЕршіліК жәнЕ КАдрлАрды дАмыту
67 6.1.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды жобалары
68 6.2.
Жалпы адам құқығы
68 6.3.
Ұжымдық-шарттық қарым-қатынас
69 6.4.
Таңдау және оқыту
70 6.5.
Кадрлық резерв
71 6.6.
Кадрлардың тұрақтамауы және оларды тарту
71 6.7.
Марапаттау
72 6.8.
Мемлекеттік тілді дамыту
72 6.9.
Мәдениет және спорт
72 6.10.
Халықтың өз аумағында жұмыспен қамтылуы
72 6.11.
Еңбекті қорғау
74 7.
ЭКологиялық жАуАпКЕршіліК
78 1-қосымша. Шоғырландырылма қаржылық есептілік
78 Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылма есеп
79 Біріккен табыс туралы шоғырландырылма есеп
80 Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылма есеп
81 Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылма есеп
82 2-қосымша. Есептің GRI нұсқауына сәйкестік кестесі
02/03
1.1. Жалпы мәліметтер
1.2. Есепті кезең және есеп шекарасы
1.3. Әдістемесі мен мазмұны
1.4. Қысқартылған атаулар мен сөздер
ЕсЕп турАлы
1
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
ЕСЕпТІң НЕгІзгІ МІНДЕТІ – «ҚАзпочТА» АКцИоНЕрЛІК
ҚоғАМы ӨзІНІң КүНДЕЛІКТІ ЖҰМыСыНДА БАСШыЛыҚҚА
АЛАТыН ҰСТАНыМДАр ТурАЛы, КоМпАНИяНың МүДДЕЛІ
ТҰЛғАЛАрМЕН ӨзАрА ӘрЕКЕТІНІң АйҚыН ТЕТІгІН
ҚАМТАМАСыз ЕТІп ҚАНА ҚойМАй, ҚызМЕТТІң ТҰрАҚТы
НӘТИЖЕЛЕрІНЕ ҚоЛ ЖЕТКІзЕТІН ӘДІСТЕр ТурАЛы
СЕрІКТЕСТЕрІ МЕН КЛИЕНТТЕрІН ХАБАрДАр ЕТу.
04/05
{
1.1. жАлпы мәлімЕттЕр
«Қазпочта» АҚ тұрақты даму саласындағы өз қызметін
ұлттық және халықаралық даму институттарының
үздік тәжірибесіне жақындатуға ұмтыла отырып,
оқырмандар назарына Компанияның 2012 жылғы
қызметі туралы жылдық есебін (бұдан әрі – есеп)
ұсынады.
Есеп Компанияға экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық жауапкершілік тұрғысынан қосымша
жауапкершілік жүктейді.
осы құжат – Компанияның тұрақты дамуына арналған
екінші есебі. Компанияның 2011 жылғы қызметі тура-
лы есебі 2012 жылы жарияланған болатын. Компания
жыл сайын барлық мүдделі тұлғаларға арнап тұрақты
дамуы туралы ақпараттан тұратын есепті дайындап,
оны оқырмандар назарына ұсынуды жоспарлап отыр.
осы есептегі ақпараттарға қатысты сұрақтармен келесі
мекенжай бойынша Компанияның орталық аппараты-
на хабарласуға болады: 010000, Қазақстан республи-
касы, Астана қ., Д. Қонаев көш., 10, Корпоративтік
басқару департаменті, байланыс телефондары:
+7(7172) 61-16-99, факс: +7(7172) 61-16-87, e-mail:
kazpost@kazpost.kz, Маркетинг департаменті, телефо-
ны: +7(7172) 58-02-96 (ішкі: 4037).
1.2. ЕсЕпті КЕзЕң жәнЕ ЕсЕп
шЕКАрАсы
Есепте 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 31
желтоқсан аралығындағы кезеңдегі қызмет
нәтижелері туралы деректер қарастырылған.
Компанияның даму беталысын талдау үшін 2010,
2011 және 2012 жылдардағы қызмет көрсеткіштері
мен ақпараттары берілген.
Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері
бойынша ақпарат 2012 жылғы 31 желтоқсандағы
жағдайы бойынша жинақталған қаржылық
есептілігінде, осы есептің 1-қосымшасында
көрсетіліп, сонымен қатар корпоративтік сайтта:
www.kazpost.kz. жарияланған.
Жинақталған қаржылық есептілік 2012 жылғы 31
желтоқсандағы жағдайы бойынша бас компания
мен оның еншілес компанияларының қаржылық
есептемесінен тұрады.
Еншілес компаниялар өзіне соңғы бақылау жасалған
күнді білдіретін сатып алынған күннен бастап бас
компаниямен толық шоғырланып, осындай
бақылау тоқтатылған күнге дейін шоғырлануын
жалғастырады.
Еншілес
компаниялардың
қаржылық есептілігі бас компанияның есептік сая-
сатты тізбекті түрде қолдану негізіндегі есептемесі
дайындалған есепті кезеңге дайындалған.
Есеп Компанияның қызметін тұтас қамтиды, еншілес
тәуелді ұйымдар Компания қызметіне елеулі ықпал
жасамайды, сондықтан олардың қызметі туралы
ақпараттың көлемі өте аз.
1.3. әдістЕмЕсі жәнЕ
мАзмұны
Есеп Тұрақты даму саласындағы есептілік жөнінде
нұсқау (GRI – Global reporting initiative) негізінде
3.1. болжамында жасалған, корпоративтік жылдық
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
06/07
есептерді дайындаудың үздік тәжірибесі талап
ететін стандартты көрсеткіштерден, сонымен қатар
Компанияның тұрақты дамуы туралы ақпараттардан
тұрады.
Экономикалық,
әлеуметтік,
экологиялық
көрсеткіштерді есептеу, жинау және жинақтау
осы нұсқау талаптарына сәйкес жүргізілді. Сандық
деректерін есептеуде өлшем бірлігі жүйесінің көпшілік
қабылдаған тәжірибесі қолданылды.
Есеп GRI «С» нұсқауын қолдану деңгейіне сәйкес
келеді.
1.4. қысқАртылғАн АтАулАр
мЕн сөздЕр
әК – Әкімшілік кеңес (Дүниежүзілік пошта
одағының)
дпо – Дүниежүзілік пошта одағы
қпбб – қалалық пошта байланысы бөлімшесі
Кс – күрделі салым
Кәж – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Хб – Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық
бюросы
ХАдқ – Халықаралық ауылшаруашылығын дамыту
қоры
пбб – пошта байланысы бөлімшесі
оФ – облыстық филиал
рАбқ – республикалық арнаулы байланыс қызметі
Апбт – аудандық пошта байланысы торабы
дК – Директорлар кеңесі
ппК – поштаны пайдалану кеңесі (Дүниежүзілік
пошта одағының)
Апбб – ауылдық пошта байланысы бөлімшесі
қор – «Самұрық-Қазына» АҚ
оА – орталық аппарат
GRI – Global reporting initiative (Тұрақты даму
саласындағы есептілік жөнінде нұсқау).
«Қазпочта» АҚ Қазақстан пошта әкімшілігінің
мүддесін Дүниежүзілік пошта одағында білдіреді және
Қазақстанның ең ірі он компаниясының қатарына жа-
тады.
Әлемдік экономикадағы қиын жағдайға және
компанияның дүниежүзілік пошта желісіне бірігуіне
қарамастан, 2012 жыл «Қазпочта» АҚ үшін табы-
сты жыл болды. Жоғарғы қаржы көрсеткіштері 2012
жылы есепті жылдағы жүйелі және дәйекті қызметтің
нәтижесі болды. Компания жоғары қаржылық
нәтижелерге қол жеткізіп, Дүниежүзілік пошта
одағындағы айқындамасын жақсартты.
Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапа-
лы көрсету үдерісі белсенді түрде жүргізілуде, бұл
қызмет көрсетудің жақсарғанын ғана емес, пошта
желісінің техникалық, операциялық, технологиялық,
ақпараттық жаңарғанын білдіреді. «Қазпочта»
АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ даму жобалары мен
үкіметтік бағдарламаларға өзінің қатысуын кеңейтуге
бағытталған бастамаларды қолдайды.
Есепті жылы жарғы капиталы 177 224 мың теңгеге
ұлғайды. «Халықтық IPO» бағдарламасы ойдағыдай
іске асырылып, Қазпочта ірі капиталдар мен өте көп
акционерлерді тарту арқылы ауқымды мемлекеттік
бағдарламаларға қатыса алатынын дәлелдеді.
Қазақстанның тәуелсіздік күніне «Қазпочта» АҚ Post-
24 тәуліктік қызмет көрсету аймағының заманауи
пошта бөлімшесін ашып, астаналық клиенттеріне
үлкен сыйлық жасады. пошта бөлімшелерін жүйелік
жаңғырту басқа да облыс орталықтарында күтіледі.
Компания бизнес-үдерістерді әртараптандыруды, жаңа
қызметтерді енгізуді, инвестициялық жобаларды іске
асыруды жалғастыруда. Қазақстан поштасы әлемдегі
190-нан аса мемлекетті біріктіретін Дүниежүзілік по-
шта одағы ұйымдастырған «ДоХА-2012» филателия
көрмесінің қорытындысы бойынша ең үздік бестік
қатарынан көрінді.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселесі де на-
зардан тыс қалып жатқан жоқ, тәуелсіз директорлар
институты нығайтылып, органдар арасында компания-
ны басқару өкілеттігін шектеу бойынша «Қазпочта» АҚ
Жарғысы көкейтесті етілді. «Қазпочта» АҚ-ның 2011
жылғы есебі Қазақстан бойынша «ең үздік ондықтың»
тізіміне еніп, алтыншы орынға ие болды, корпоративтік
басқару рейтингі 69,7%-ды құрады, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 6,3 рейтингтік тармаққа жоғары.
«Қазпочта» АҚ-ның ең жоғарғы деңгейдегі пошталық,
қаржылық, брокерлік қызметтерге еркін қолжетімділікті
қамтамасыз етуге қабілетті, дамыған және тиімді
ұлттық инфрақұрылымды құру жолында ойдағыдай
дамитындығына сенімдімін. осы есептен өздеріңізге
қажетті ақпаратты таба аласыздар және дәстүрлі
поштадан әлемнің жетекші пошта әкімшіліктерімен
бәсекелестікке қабілетті көпатқарымды заманауи
компанияға түрленген Қазпочтаның қызметімен жақын
таныса аласыздар.
2.1. дирЕКторлАр КЕңЕсі төрАғАсының үндЕуі
2. КомпАния бАсшылығының үндЕуі
құрмЕтті КлиЕнттЕр мЕн сЕріКтЕстЕр!
құрметпен,
қуандық бишімбаев
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Сіздердің назарларыңызға «Қазпочта» АҚ-ның
2012 жылғы жылдық есебін ұсынамын. Есепті жылы
ұлттық поштаның көп бейінді инфрақұрылымдық
компанияға айналуына мүмкіндік туғызған елеулі
өзгерістер болды. Ұлттық пошта операторы
үдерістерді оңтайландыруға, қызметтер сапасын
көтеруге және жаңа өнімдерді енгізуге бағытталған
жобалар қатарын іске асырды. Экономикалық
қайтарымды ұлғайтуға маңызды қадам жасалды.
Қызметтерді сапалы көрсетуге қажетті ресурстар
мен қамсыздандырулар айтарлықтай ұлғайды.
осы жылы Қр үкіметі мен парламент депутаттарының
пошта проблемаларына назарын аударып, біздің
қызметіміздегі көптеген маңызды мәселелер бой-
ынша «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының
қолдауына қол жеткіздік.
Біз 2012 жылды ойдағыдай аяқтадық, жоғары
коммерциялық нәтижелерге қол жеткізіп, «Халықтық
IPO» бағдарламасын жоғары деңгейде өткіздік.
Компанияның даму стратегиясының негізі болып
табылатын жаңғырту бағдарламасы кезеңмен және
жоспарлы түрде іске асырылуда. «Қазпочта» АҚ
дамуына, біздің қызметімізге мүддделілік бізді алға
қойған міндеттерге айрықша жауапкершілікпен
қарауға міндеттейтін аса жоғары мемлекеттік
деңгейде туындайды.
Бүгінде компания алдында маңызды стратегиялық
міндеттер тұр. Еліміздегі тиімді инфрақұрылым –
жеделдетілген жаңғыртудың қажетті шарты, зама-
науи инновациялық экономиканы құру. Ал ұлттық
пошта жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның
базалық элементтерінің бірі болып табылады. Ел-
басамыз Н. Назарбаевтың алға қойған міндеті
– Қазақстанның әлемнің экономикасы дамыған
отыз елінің қатарына енуі, инновациялық серпіліс,
өңірлердің озық дамуы, EXPO-2017 лайықты өткізу
– әрбір өңір, қала, ауыл басқалармен тығыз байла-
ныста болған жағдайда ғана қолжетімді. Бұл байла-
нысты қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.
Біздің болашаққа нық сеніммен қарауымызға барлық
негіз бар. Компанияда есепті кезеңде табысты
және уақтылы іске асырылған кезде сапалы жаңа
деңгейге көшуін қамтамасыз ететін бизнесті дамы-
ту жөнінде жаңа бастамалар қатары пайда болды,
2013 жыл – «Қазпочта» АҚ-ның 20 жылдығы – сапа
жылы болып жарияланды.
Біз соңғы жылдары қол жеткізген айрықша про-
гресс үшін мақтанамыз және республиканың
көшбасшы кәсіпорындарының бірі болуға барлық
күш-жігерімізді жұмсаймыз. «Қазпочта» АҚ
жұмыскерлеріне адал еңбектері үшін алғысымды
білдіремін және жыл сайын біздің жетістіктеріміз
бұдан да жоғары болады деп сенемін.
2.2. бАсқАрмА төрАғАсының үндЕуі
08/09
құрмЕтті оқырмАндАр! қымбАтты әріптЕстЕр!
құрметпен,
Аркен Арыстанов
3.1. Тарихы мен негізгі мәліметтер
3.2. 2012 жылғы маңызды оқиғалар мен жетістіктер
3.3. 2012 жылғы маңызды көрсеткіштер
3.4. Басқару жүйесі және атқарымдық құрылым
3.5. Компания қызметтері
3.6. Стратегиялық даму бағыты
3.7. Меншік құрылымындағы елеулі өзгерістер
3.8. Халықаралық ынтымақтастық
3.9. Өңірлерге көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік-экономикалық
маңыздылығы
3.10. Саланың реттеуіш ортасына шолу
3.11. Лицензиялар туралы ақпарат
3.12. Меншік сипаты және ұйымдық-құқықтық нысан
КомпАния
бүгіндЕ
3
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
КоМпАНИя ҚАзІргІ ТАңДА КүрДЕЛІ рЕфорМАЛАр КЕзЕңІНЕ
ҚАДАМ БАСТы. АҚпАрАТТыҚ ТЕХНоЛогИяЛАр, ғАЛАМТор
ЖӘНЕ БАСҚА ДА зАМАНАуИ КоММуНИКАцИя ҚҰрАЛДАры
ДӘСТүрЛІ поШТА ҚызМЕТТЕрІНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТуДыруДА.
поШТА ҚызМЕТТЕрІНІң ЖЕЛІСІ ЖАңА САпАЛы ДАМу
ДЕңгЕйІНЕ КӨТЕрІЛуДЕ, БҰЛ МЕМЛЕКЕТ үШІН МАңызДы
СТрАТЕгИяЛыҚ МӘНгЕ ИЕ.
{
10/11
Компанияда 22 мың адам жұмыс істейді, «Қазпочта» АҚ
қызметтерін халыққа көрсететін өндірістік объектілер
желісі 3487 бірлікті құрайды.
Қазақстан республикасында 6936 елді пункт,
оның ішінде 2584 бірлік (37,2 %) пошта байланы-
сы бөлімшелері мен пункттері ауылдық жерлерде
орналасқан.
Қалған 4352 елді пунктке (62,8%) жақын маңайдағы
жылжымалы пошта байланысы бөлімшелері, пошта
байланысы бөлімшелері мен тораптарының пошташы-
лары, штаттан тыс жұмыскерлер қызмет көрсетеді.
Компания иелігінде еліміздегі ең кеңейтілген
филиалдық желі бар. Бұл филиалдары республиканың
барлық аумағын қамтитын жалғыз мемлекеттік ұйым.
республиканың поселкелері мен елді мекендерінің
шамамен 90%-ы Компания бөлімшелерінің көрсететін
қызметтерінен басқа, өзге базалық қаржы қызметтеріне
қолжеткізе алмайды.
пошта желісі электрондық сауда-саттықты, көлік-
логистикалық сервисті, бизнес пен халық үшін қаржы
қызметтерін дамытудың таптырмайтын құралы болып
табылады.
«Қазпочта» АҚ жыл сайын көрсетілетін қызметтер
тізбесін кеңейтіп, Компания алдында әрі қарай
дамудың орасан зор мүмкіндігін ашатын жаңа техноло-
гиялармен салаға табысты түрде синтез жасау арқылы
қуатты әлеуетке ие.
Қазіргі таңда қазақстандық поштаны пошталық,
қаржылық, логистикалық және басқа да қызмет
түрлерінің бүкіл кешені ұсынылатын көпатқарымды
қаржы супермаркетіне айналдырудың қарқынды үдерісі
жүріп жатыр. Соңғы жылдары Компания ішкі және
халықаралық жөнелтімдерді автоматтандырылған
қадағалау жүйесін енгізу, автопаркті жаңарту, мобилді
постмендер сатып алу арқылы EMS халықаралық
қызметінің сапасын ойдағыдай дамытуда.
пошта, көлік және қаржы қызметтері нарығына өзінің
қатысуын кеңейту үшін жедел қарқынмен жаңғырту
қажет.
3.1. тАриХы мЕн нЕгізгі
мәлімЕттЕр
Қазақстан поштасының тарихы еліміз аумағындағы по-
шта байланысын дамытудың үш кезеңін – революцияға
дейінгі, кеңестік және тәуелсіз (1991 жылдан бастап)
кезеңдерді қамтиды.
пошта мемлекетті басқару мен ақпарат беру құралы
ретінде пайда болды, кейіннен халыққа қолжетімді
бола бастады. Соңғы уақытта белсенді түрде да-
мып келе жатқан телефония мен ғаламтордың
ығыстырғанына қарамастан, пошта еліміздің басқару
үдерісінің дамуына жағдай жасайтын байланыс және
ақпарат құралы болып қалады. Қазір, жүз жылдан
кейін де мемлекеттік басқару үдерісіне қызмет көрсету
мен ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету міндеті
«электрондық үкімет» алдында тұр.
ресей империясының құрамындағы Қазақстан
аумағында бірінші пошта байланысы бөлімшесі 1860
жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында ашы-
лып, 1883 жылы қарамағында 14 пошта байланысы
бөлімшесі бар пошта-телеграф кеңсесі болып қайта
құрылды.
Кеңес үкіметі кезінде 1924-1991 жылдар аралығында
Қазақ КСр поштасы бірыңғай кеңестік байланыс
жүйесінің ажырамас бөлігі болып, пошта алымдары
Кеңес одағының маркаларымен төленді.
Қазақстан 1991 жылғы желтоқсан айында өз
тәуелсіздігін алысымен тез арада өз поштасын
ұйымдастыруға кірісті. Компания үшін 1999-2000
жылдар өте қиын болды, өйткені осы жылдары по-
шта саласының барлық салалары өзгеріске ұшырады.
Мемлекеттік басқару нысанынан акционерлік қоғамға
ауысу саланың өзін-өзі қаржыландыруға, материалдық-
техникалық базаны жаңғырту үшін сырттан қарыз алу
саясатының пайда болуына, нарықтағы компания
жайғасымын нығайтуға бағытталған стратегиялық
даму бағыттарын әзірлеуге әкелді.
Қазақстан республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуында оның халықаралық сахнада танылуы-
на зор көңіл бөлінді және халықаралық одақтар мен
ұйымдарға кіріп, стратегиялық маңызды салалар-
да өзара ынтымақтастық үшін бірыңғай қағидалар
қабылданды.
2006 жылғы 7 маусымнан бастап Компанияның 100%
акциясы тиесілі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
қоры» АҚ «Қазпочта» АҚ-ның жалғыз акционері бо-
лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |