Клиентпен кері байланыс
Тұрақты негізде Ақпараттандыру және байланыс
министрінің, Қр премьер-министрінің, «Қазпочта»
АҚ Басқарма төрағасының блоктарына, «Самұрық-
Қазына» «қызу желісіне», колл-орталыққа, наразылық
бөліміне және т.б. түскен өтініштерді бақылау жүзеге
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
асырылады. Компанияның веб-сайтында көрсетілетін
қызметтер туралы ақпарат тұрақты негізде көкейтесті
етіліп, жаңартылып отырады.
Клиенттермен кері байланысты және қызметтер сапа-
сын жақсарту шеңберінде:
- клиенттермен және қызметтерді тұтынушылармен
онлайн-конференциялар,
сонымен
қатар
қызметтерді көрсету үдерісінде туындаған
мәселелерді талқылау үшін кездесулер өткізілді;
- Клиенттердің пошта жөнелтімдеріне және осыған
қажетті деректерге іздеу жүргізу қағидалары ту-
ралы, кеден органдарының жұмыс тәртібі тура-
лы, мемлекеттік шекараның жабылу кезеңдері
және т.б. туралы хабардар болуына қатысты
Қоғамның корпоративтік сайтының жұмысы
жақсарды;
- Call-center
жұмысын
ұйымдастыруды
оңтайландыру жөнінде іс-шаралар жүргізілді;
- клиенттерге қызмет көрсетумен айналыса-
тын жұмыскерлер оқытудан (біліктіліктерін
көтеруден) өтті;
- «Сұрыптау
орталығы»
модулі
пошта
жөнелтімдерін жеткізудің бақылау мерзімдерінің
мониторингі жүйесін жетілдіру үшін пайдалануға
енгізілді;
- «Сұрыптау орталығы» филиалында халықаралық
поштаны өңдеу жөніндегі учаскелерде тәуліктік
жұмыс тәртібі ұйымдастырылды;
- Қазақстан республикасының өңірлері бойынша
халықаралық пошта алмасу орындарынан по-
штаны уақтылы өңдеу және жөнелту қамтамасыз
етілді: поштаны өңдеу мен жөнелтуді күнделікті
бақылау; пошта жөнелтімдерін жіберу мен
жеткізудің бақылау мерзімдеріне мониторинг
жүргізу; қадағалау жүйесінде пошта жөнелтімдерін
өңдеу кезеңдерінің уақтылы көрсетілуін бақылау.
тұтынушы талаптарына сәйкестік
Қашықтан қызмет көрсетудің ұсынылған қызметтері
спектрін кеңейту арқылы көрсетілетін қызметтер
сапасын көтеру мақсатында «Электрондық марка»
ақпараттық жүйесі әзірленді.
пошта жөнелтімдерін (хаттарды, ұсақ пакеттерді,
бандерольдерді, сәлемдемелерді) жіберу үшін орам
материалдарын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
пошта жөнелтімдерінің ішіндегі салымның сақталуын
қамтамасыз ететін гофроыдысты жинау технология-
лары мен дизайны өзгерді.
пошта жөнелтімдерін қадағалау жүйесі жақсарды.
Есепті
кезеңде
Компания
қызметтеріне
қанағаттанушылық деңгейі тұтас алғанда салыстыр-
малы түрде жоғары (пошта және қаржы қызметтері
бойынша 81%). Алайда, келесі критерийлер бойынша
тұтынушылардың қанағаттану көрсеткіші салыстыр-
малы түрде төмен болып табылады:
заңды тұлғалар арасында: мерзімді баспа басылымда-
рын жеткізу мерзімдері (70,2%), шот-хабарламаларды
жеткізу қызметтері туралы ақпараттық материалдардың
болуы (67,2%) және Директ-мейл (60,5%).
жеке тұлғалар арасында: аралас электрондық поштаны
жеткізу сенімділігі (64%), сәлемдеме жөнелтімдеріне
арналған орам материалдарының түрлері және сапа-
сы (75%), депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі
(58%), ақша қаражатын аудару жылдамдығы (72%),
төлем карточкаларына қызмет көрсету және ва-
люта айырбастау жөнінде қызметтер клиенттеріне
персоналдың сапалы және кәсіби шеберлікпен қызмет
көрсетуі (76%).
Ауылдарда тұтынушылардың қанағаттану көрсеткішінің
жоғары екенін атап өтуге болады (4%-ға), республика
қалаларының тұрғындарына қарағанда талап ету шегі
төмен клиенттердің-ауыл тұрғындарының жылы шы-
райлы қарым-қатынасы байқалады. Қалада клиент-
терге қызмет көрсету үдерісінің сапасын көтеруге және
автоматтандыруға, клиенттерге қызмет көрсететін те-
резелер мен күту орындарын кеңейтуге ерекше көңіл
бөлу қажет.
34/35
пошта қызметтері бойынша тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі
Жеке тұлғалар заңды тұлғалар
Жазбаша
хат-хабарлар
Мерзімді
басылымдар
Ірі габаритті
сәлемдемелер
EMS
82%
82%
82%
78%
84%
84%
83%
85%
4.8. тәуЕКЕлді бАсқАру
Компанияда тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаты
оны іске асыру кезінде мүмкін болатын жоғалтуларды
азайту және қолайсыз жағдайлардың туындау
мүмкіндігін төмендету болып табылады.
Тәуекелді басқару компания басшылығына белгісіздік
және соған байланысты тәуекелдер жағдайларында
тиімді әрекет етуге, компания құнының өсуі үшін
әлеуетті ұлғайта отырып, мүмкіндікті пайдалануға
жағдай жасайды.
Компанияда тәуекелді басқарудың негізгі үдерісі
ұйымдастыру ерекшеліктерімен, қызметтің негізгі
ұстанымдарымен, бизнес-үдерістермен өзара байла-
ныс және әр жұмыскерді тәуекелді басқару үдерісіне
тарту болып табылады.
Тәуекелді басқару саласындағы компания қызметін
регламенттейтін ішкі құжаттарды Директорлар кеңесі
бекітеді.
Тәуекелді басқару саясаты тәуекелге тәбетті
тәуекелдер сыныптамасын, тәуекелді басқарудың
негізгі ұстанымдары мен ыңғайларын, тәуекелді
басқару мақсаттарын, тәуекелді басқару жүйесінің
құрылымын, оның ішінде тәуекелді басқару үдерісі
шеңберінде түрлі органдар мен бөлімшелердің
атқарымдары мен есептілігін, есептемені ұсыну
тәртібін, сонымен қатар бірыңғай терминологияны
белгілейді. Директорлар кеңесі компанияның жеке-
леген тәуекелдерін басқару жөнінде ішкі құжаттарды
бекітті.
Тәуекелді басқару құрылымына Директорлар кеңесі,
Басқарма, Тәуекелді басқару комитеті, тәуекелді
басқару жөніндегі бөлімше, ішкі аудит бөлімшесі
мен қалған құрылымдық бөлімшелер кіреді. Дирек-
торлар кеңесі мен тәуекелді басқару комитеттерінің
атқарымдары анық белгіленген және алдыңғы
қатарлы тәжірибеге сай келеді.
Директорлар кеңесі Компания қызметінің мақсаттарын
алға қоюды жүзеге асырады, сонымен қатар тәуекелге
қабілеті мен тәбетін ұстанатын, тәуекелді басқару
мен бағалау үдерісін реттейтін негізгі саясаттар мен
қағидаларды бекітеді.
Басқарма Компанияның тәуекел-менеджментінің
саясаты мен философиясын көрсететін «тәуекелді
сезіну» мәдениетін құруға жауапты. Басқарма сондай-
ақ, тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құруға жауап
береді, осылайша жұмыскерлер тәуекел-менеджмент
бойынша нақты белгіленген міндеттерге ие және
өз міндеттерін орындауға жауапкершілік тартады.
Басқарма тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелді
басқару саласында атқарымның бір бөлігін жүзеге
асыруға құқылы.
Тәуекелді басқару жөніндегі қызмет Компанияда
тәуекелді басқару жүйесін енгізуге, сүйемелдеуге
және жетілдіруге жауапты және тәуекелді басқару
жүйесін тұрақты түрде жетілдіруді, тәуелсіз бағалауды
және бақылауды қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді бағалау әдістемесі
мен тәуекелдерді басқару ресімдері аудитін жүргізеді,
сонымен қатар тәуекелді басқару ресімдерінің
тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Құрылымдық бөлімшелер әр жұмыскердің тұлғасында
күнделікті негізде тәуекелмен жұмыс істейді, оларды
басқарады және өз атқарымдық міндеттері шеңберінде
олардың әлеуетті ықпалына бақылау жүргізеді.
Тәуекелді тиімді басқару мақсатында Компания фили-
алдарында тәуекелдер жөнінде комитеттер құрылды.
Компанияның тәуекелдері келесі санаттар бойынша
топтастырылады:
Есепті кезеңде негізгі аса қиын тәуекелдер болып
төмендегілер анықталды:
- баға тәуекелі;
- несие тәуекелдері;
- персоналдың тәуекелі.
Баға тәуекелі – қаржы құралдарын қайта бағалаудан
шығындардың пайда болуына әкелуі мүмкін қаржы
нарығында қаржы құралдары бағасының құбылуы
салдарынан қаржы құралдары қоржыны құнының
өзгеруі ретінде белгіленген.
Тәуекелді басқару үшін:
- тоқсан сайын меншікті капиталды төмендетудің
мүмкін болатын шамасын анықтау мақсатында
бағалы қағаздар қоржынының стресс-тестингі
жүзеге асырылады;
- инвестицияны
түрлі
құралдарға
әртараптандырудың әдісі қолданылады.
Компания тұтастай тәуекелдерді басқарудың
консервативтік стратегиясын ұстанады.
Несие тәуекелі – контрагенттің өз міндеттемелерін
1.
Стратегиялық
2.
Қаржылық
3.
Құқықтық
4.
операциялық
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
36/37
мерзімінде және толық көлемде, не болмаса тиісті
түрде орындамау тәуекелі. осы тәуекелді басқару
келесі іс-шаралардан тұрады:
- жағдайы тұрақсыз немесе аса қиын деп жіктелетін
эмитенттер жөнінде шешім қабылдау үшін Ак-
тивтер мен пассивтер жөніндегі комитеттің
мәжілістерінде соңынан қарастырылатын Ком-
пания қоржынындағы қаржы құралдары, эми-
тенттер мен контрагенттердің қаржы жағдайын
толық талдау;
- эмитенттерге белгіленген лимиттер мен бан-
ктермен жүргізілген операциялар бойын-
ша белгіленген лимиттерді сақтау, тәуекел
құралдарын сатып алудан бас тарту;
- сақтандыру немесе сақтық қорда сақтау – мүмкін
болатын шығындар есебінен қорларды құру;
- есепті кезеңде облигациялар сатып алу жөнінде
мәміле жасалып, Компания қоржынындағы
мемлекеттік емес бағалы қағаздар резерві
құрылды.
персоналдың тәуекелі – персоналдың қанағаттануына
байланысты тәуекелдер. Кадрлардың тұрақтамауы
бағалау критерийі болып табылады.
Қызметтер көрсету үдерістеріне тартылған өндірістік
персоналдың тұрақтамауы беделіне, операциялық
тәуекелдерге ықпал етуі мүмкін. осыған байланы-
сты байланыс операторларының тұрақтамауы Негізгі
тәуекелдік көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Негізгі тәуекелдік көрсеткіштердің панелі тоқсан сай-
ын Компанияның тәуекелдер жөніндегі комитетінің
мәжілістерінде қарастырылады.
Есепті кезеңде филиалдарда еңбекақыны көтеру,
жұмыскерлерді біліктіліктерін көтеру курстарында
оқыту жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылды.
Несие, баға және персонал тәуекелдерін басқару
жөнінде іс-шаралар тұтас алғанда дәлме-дәл деп
бағаланды.
4.9. ішКі бАқылАу жүйЕсі
ішкі бақылау жүйесінің мақсаттары мен
анықтамасы
Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) Компанияның мақсаттарға
қолжеткізуіне қатысты елеулі тәуекелдерге тиісті
түрде көңіл бөлуіне мүмкіндік беретін тиімді және
оңтайлы қызметке жағдай жасайтын әрекеттер
мен мінез-құлық нормаларының, саясаттардың,
үдерістердің және рәсімдердің жиынтығы ретінде
белгіленеді. ІБҚ келесі өзара байланысты компо-
ненттерден тұрады:
рис. ібқ компоненттері
Ішкі бақылау жүйесі тәуекелдерге жедел түрде
көңіл бөледі, Компанияның күнделікті операция-
лары мен үдерістеріне қатысады, қолданылған не-
месе қолданылуы тиіс егжей-тегжейлі түзету іс-
шараларымен бірге анықталған бақылаудың әлсіз
жақтары мен кез-келген елеулі кемшіліктері туралы
тиісті басқару деңгейінде жедел хабардар ету үшін
рәсімдерді іске қосады.
Компанияда ішкі бақылау жүйесіне жататын органдар
құзыры ішкі бақылау жүйесін бағалау және әзірлеу,
бекіту, қолдану үдерістеріне олардың қатынасына
байланысты шектеледі.
Директорлар кеңесі мен Басқарма Компания персона-
лына ішкі бақылау жүйесінің маңыздылығын білдіретін
және көрсететін ішкі ортаны құруды және қызмет
бағыттары мен басқарудың барлық деңгейлерінде
этикалық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесі Компаниядағы ішкі бақылау
жүйесі туралы ережені бекітеді, оны жетілдіру жөнінде
шаралар қабылдайды және ішкі бақылау жүйесінің
Бакылау
рәсімдері
Ақпарат және
оны жіберу
Тәуекелдерді
бағалау
Бақылау
ортасы
Мониторинг
4.10. мүддЕлі тұлғАлАрмЕн
өзАрА әрЕКЕт
Компания өз қызметінде іскерлік этиканың
келесі ұстанымдарын: адалдықты, әділдікті, ақ
ниеттілікті, айқындылықты, құрметті, сенімді
және ынтымақтастықты басшылыққа алады. осы
құндылықтар жұмыскерлердің мемлекеттік ме-
кемелер мен онда жұмыс істейтін шенеуніктерді
қосқанда, әріптестермен, іскер серіктестермен өзара
әрекетіндегі мінез-құлқын белгілейді.
іскерлік этика кодексі
«Қазпочта» АҚ-да мүдделі тұлғалармен тиімді өзара
әрекет етуі үшін барлық жұмыскерлерге таратыла-
тын Іскерлік этика кодексі әзірленді.
Компанияда бағдарлама шеңберінде іскерлік этика
нормаларына оқыту жүргізіледі, жұмыскерлердің
Іскерлік этика кодексі ережелері бойынша білімдерін
тексеру тәжірибесі енгізілді.
Компанияның этикалық нормалары іскерлік өзара
қарым-қатынастардың келесі негізгі салаларын
реттейді: Компанияның лауазымды тұлғалармен
және жұмыскерлерімен, Жалғыз акционермен,
мемлекеттік органдарымен, еншілес ұйымдармен,
іскер
серіктестермен,
клиенттермен
және
жұртшылықпен қарым-қатынасы.
Клиенттермен және іскер серіктестермен жұмыста
корпоративтік этика нормалары сақталады, есепті
кезеңде корпоративтік этика саласында жөнсіздіктер
тіркелмеген.
мүдделі тұлғалармен өзара іс-әрекет сала-
сында қызмет стратегиясы және маңызды
көрсеткіштер
Мүдделі тұлғалармен өзара іс-әрекет корпоративтік
әлеуметтік жауапкершілікті жасақтаудың маңызды
тиімділігін тұрақты түрде бағалауды жүзеге асырады.
Директорлар кеңесі сенімді ішкі бақылау жүйесін
ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау үшін
тәуекелге бағдарланған ыңғайды қолданады.
Басқарма жобаны әзірлеуге, Директорлар кеңесі
бекіткен Ішкі бақылау жүйесі туралы ережені енгізуге,
ішкі бақылау жүйесіне мониторинг өткізуге және
сенімді түрде қолдануға жауапты.
Компания бөлімшелерінің басшылары өздерінің
лауазымдық міндеттеріне сәйкес өздеріне сеніп
тапсырылған Компания қызметінің бағыттарына ішкі
бақылау рәсімдерін әзірлеуге, құжаттауға, енгізуге,
мониторингке және жетілдіруге жауапкершілік тарта-
ды.
Компанияның үдерістері мен операцияларын ішкі
бақылаудың жеке атқарымдары Компанияның
мамандандырылған
бөлімшелері
мен
жеке
жұмыскерлеріне жүктеледі.
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау
Ішкі бақылау жүйесін бақылау есептілік мақсаттарына
және сенімділігіне қолжеткізуге ықпал ететін
қателердің туындау ықтималдығын анықтау, осы
қателердің маңыздылығын анықтау және ішкі
бақылау жүйесінің алдына қойған мақсаттары мен
міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету қабілетін
анықтау үшін жүргізіледі.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен дәлме-дәлдігін
анықтау кезінде бірінші кезекте Директорлар кеңесінің,
Басқарманың және Компания жұмыскерлерінің ішкі
бақылау жүйесінің барлық үдерістерге қатысуына,
тәуекелдерді уақтылы бағалауға және олардың әсерін
жеңілдету үшін қолданылатын бақылау шараларының
тиімділігіне бағытталған әрекеттері (әрекетсіздіктері)
ескерілуі тиіс.
Ішкі аудит қызметі Компанияның ішкі бақылау
жүйесінің тұрақты мониторингіне қатысады және
ішкі бақылау жүйесінің алға қойған мақсаттарға,
міндеттерге және тапсырылған критерийлерге сәйкес
келуін тікелей бағалайды және ішкі бақылау жүйесін
жетілдіру жөнінде ұсынымдар береді.
ІАҚ жүргізген бағалау қорытындылары бойынша
«Қазпочта» АҚ-дағы ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің
көрсеткіші 77,83%-ды құрайды. Ішкі бақылау
жүйесінің тиімділігін бағалау нәтижелері бес компо-
нент тұрғысында келесі түрде беріледі:
Компонент
бағалау, %
Бақылау ортасы
73,3
Тәуекелдерді бағалау
71,6
Бақылау рәсімдері
80,0
Ақпарат және оны жіберу
75,0
Мониторинг
90,0
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
38/39
факторы және тұрақты дамудың маңызды
талаптарының бірі ретінде қарастырылады.
Компания өзінің мүдделі тараптарымен қарым-
қатынасында тұрақты дамыту қағидаттарын ұстанады
және мүдделі тараптарды Компания қызметі тара-
пынан іс-қимыл жасайтын немесе қызметке ықпал
көрсететін ұйымдар немесе тұлғалар тобы ретінде
қарастырады.
Компанияның
тұтас
алғанда
және
оның
жұмыскерлерінің мүдделі тұлғаларға парасаттылығы,
сенімділігі мен кәсіби шеберлігі негізгі корпоративтік
құндылықтар болып табылады.
Компанияда мүдделі тараптар картасы мен бағалау
әдістемесі әзірленіп, бекітілді. осы әдістемеде Ком-
пания өзара іс-әрекет жасайтын барлық мүдделі та-
раптар талданған және өзара іс-әрекет дәрежесіне,
қолдау/қарсы әрекет күшіне баға берілген. Сондай-
ақ, «Қазпочта» АҚ 2015 жылға дейінгі корпоративтік
әлеуметтік стратегиясы әзірленді, осы құжатта
мүдделі тараптармен өзара әрекеттің барлық
жақтары мен ұстанымдары көрсетілген.
Компанияның мүдделі тараптарының негізгі топтары
ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
ішкі мүдделі тараптар
- Жалғыз акционер;
- Директорлар кеңесі;
- Басқарма;
- Компания персоналы – Компания орталық
аппаратының
басқарушы
директорлары,
құрылымдық бөлімшелер басшылары, Компания
дирекциялары, филиалдары мен өкілдіктерінің
директорлары, әкімшілік және өндірістік блоктар
персоналы, көмекші персонал;
- Компанияның қатысу үлесі бар ұйымдар: «Элек-
тронпост.КZ» БК» ЖШС (Қазақстан), Kazpost
GmbH (гамбург, германия).
сыртқы мүдделі тараптар
- мемлекеттік органдар – белгілі салада міндеттері
мен атқарымдарын жүзеге асыруға уәкілетті
және мемлекет белгілеген тәртіпке сәйкес өз
құзыреті шеңберінде әрекет ететін ұйымдар;
- қаржы мекемелері (несие берушілер) – несие
беру қызметін жүзеге асыратын халықаралық
және өңірлік қаржы институттары (ИБр, АБр, IFC,
Қазақстан республикасының екінші деңгейдегі
банктері және т.б.);
- серіктестер – өзара тиімді ынтымақтастыққа
қатысушы заңды тұлғалар, оның ішінде
стратегиялық серіктестер. Компанияның пошта-
қаржы қызметіндегі серіктестеріне ұлттық әуе
және теміржол тасымалдаушылары, байланыс
операторлары мен екінші деңгейдегі банктер,
сонымен қатар қаржы және өндірістік институт-
тар жатады;
- халықаралық ұйымдар – белгілі бір мақсаттарға
қол жеткізу үшін келісім негізінде құрылған
мемлекетаралық немесе мемлекеттік емес
сипаттағы бірлестік. Компаниямен ынтымақтас
ұйымдар: Дүниежүзілік пошта одағы (Дпо), Бай-
ланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД),
Экономикалық ынтымақтастық ұйым (ЭыҰ),
Еуропалық пошта кооперативі (ЕпК) және
басқалары;
- бәсекелестер – ұқсас мақсаттарға қолжеткізуге
ұмтылатын, сол ресурстарға, игіліктерге және
нарықта жетекші орынға ие болғысы келетін
кәсіпорындар: пошта қызметтерін көрсететін
ұйымдар мен екінші деңгейдегі банктер – қаржы,
агенттік қызметтер көрсетуге қатысты, сонымен
қатар баспа басылымдарын тарату ұйымдары;
- жеткізушілер – тапсырыс берушілерге тау-
арлар жеткізетін, компанияны немесе оның
бәсекелестерін өндіріс және өнімді өткізуді
ұйымдастыруға қажетті материалдық ресурстар-
мен қамтамасыз ететін ұйымдар немесе жеке
тұлғалар;
- қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар – қоғамдық
және коммерциялық емес сипаттағы түрлі
бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдар;
- бұқаралық ақпарат құралдары – күнделікті
жаңалық және талдамалы ақпарат көздері мен
бас жарнама таратушылардың бірі (газеттер мен
журналдар, ғаламтор-БАҚ, радио, теледидар);
- клиенттер – нормаларға және нормативтік-
құқықтық актілерге, Жарғыға және Компанияның
өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес по-
ішкі
сыртқы
• Жалғыз акционер
• Меморгандар
• Директорлар кеңесі
• Қаржы мекемелері
• Басқарма
• Серіктестер
• персонал
• Халықаралық ұйымдар
• филиалдар және ЕТҰ
• Бәсекелестер
• Жеткізушілер
• БАҚ
• Клиенттер
шта, қаржы және агенттік қызметтер көрсетілетін
кез-келген жеке немесе заңды тұлға;
- халық (әлеуетті клиенттер) – Компанияның
әлеуетті клиенттері болып табылатын азаматтығы
жоқ тұлғалар мен Қазақстан республикасында
тұратын азаматтар және шетелдік азаматтарды
қосқандағы адамдар жиынтығы;
- кәсіподақ – ынтымақтастығы әлеуметтік
серіктестік, өзара сенім мен құрмет, тараптардың
құқықтары мен міндеттерін шектеу, тараптардың
міндеттемелерін ерікті түрде қабылдауы, со-
нымен қатар Қазақстан респубикасының еңбек
заңнамасы ұстанымдарын ескере отырып
құрылады.
Мүдделі тараптардың назарына Компанияның
экономикалық және қаржы қызметінің нәтижелеріне
қатысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу
БАҚ-да жариялау және корпоративтік сайтта тиісті
ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мүдделі тараптармен әрі қарай әрекет жаса-
су мақсатымен оларды анықтау және іріктеу
үшін: Компанияның стратегиялық басымдығы,
ақпараттың айқындығы және оны ашу, салалық
даму бағдарламасы, әлеуметтік мәселелер, мүдделі
тараптардың бастамалары мен ұсыныстары және
басқалары негіздеме болып табылады.
Мүдделі тараптармен өзара әрекет нысандар мен
топтар бойынша өзара әрекеттің жиілігін қосқанда,
тікелей байланыс түрінде (жұмыс сапарлары,
іскерлік кездесулер, баспасөз конференциялары,
көрмелері, форумдар мен тұсаукесерлер, дөңгелек
үстелдер, саммиттер, семинарлар), қашықтан өзара
әрекет ету (хат алмасулар мен сұраулар), сонымен
қатар нормативтік-құқықтық актілерді, жобаларды
әзірлеуге, келісуге қатысу нысанында өтеді.
Негізгі тақырыптар мен мүдделер Компанияның
даму стратегиясының негізгі бағыттары шеңберінде
ұсынылады. Өзара іс-әрекеттің негізгі салалары
арасында 2012 жылы барынша жиі айтылғандар:
халықаралық өзара іс-әрекетті кеңейту; алдыңғы
қатарлы пошта операторларының логистикалық
тәжірибесі;
әлеуеттік
мүддені
білдіретін
инновациялық шешімдер; көрсетілетін қызметтер
сапасы мен өнімділігін көтеру; қаржы қызметтерін
дамыту; ауылдық пошта желісін ұстау.
Компания көрсетілген салаларды дамыту бойын-
ша жұмыстар шеңберінде жалпыға қолжетімді по-
шта байланысы қызметтерінің тарифтерін көтеру
жөнінде қоғамдық тыңдауларға, «Халықтық IPO»
бағдарламасын іске асыруға, халықаралық іс-
шараларға (Дпо сессияларына, Posteurop семинар-
ларына, рАБҚ кездесулеріне, Дпо 25-конгресіне)
қатысты. Қр «пошта туралы» заңына өзгерістер
енгізу мәселелері жөнінде депутаттармен кездесу-
лер, сонымен қатар Австралия, Канада, БАӘ, Жапо-
ния, Қытай пошта өкілдерімен; Lyngsoe system, IMP
Singapore, Loggistica Paggiola, Belgium Postal Institute
компанияларымен екі жақты кездесулер өткізді.
Есепті кезеңде Компания сыртқы тараптармен өзара
іс-әрекет жөнінде жұмыс шеңберінде өзіне міндеттеме
алмады және экономика, экология және әлеуметтік
саладағы бастаманы немесе хартияны қолдамады.
Қазіргі таңда Компания қаржы секторын реттейтін
қолданыстағы және әзірленген нормативтік құқықтық
актілерді зерттеу, қаржы қызметтерін жетілдіру
аспектілеріне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан
қаржыгерлері қауымдастығымен ынтымақтасады.
Компания тиісті нормативтік құқықтық актілерді, заң
жобаларын әзірлеуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |