Қарыз алушының ісі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата31.03.2017
өлшемі12,41 Mb.
#10788
1   2   3   4   5   6   7   8

оқытудың негізгі 

концепциялары

Балаға  ақшаны  қалай  ұстау  керек-

тігін  үйретпей  жатып,  алдымен  оған 

табыс,  шығын,  жинақ,  несие  сияқты 

ұғымдардың не екенін түсіндіру керек.   

Жалақы турасында

Балақайға  адамдардың  қалай  ақша 

табатынын  (жұмысқа  баратынын,  со-

сын айдың соңында жалақы алатынын) 

және  отбасылық  бюджеттің  қалай  қа-

лыптасатынын айтып түсіндіріңіз.  

Жалақының не екенін білген бала:  

– қаржылық тәуелсіздікке үйренеді;

– жалпы, жұмыстың не екендігі ту-

ралы білім алады;

– кім болып жұмыс істегісі келетіні 

туралы ойлануға үйренеді;

– ақшаға деген көзқарасын қалып-

тастырады,  өз  уақыты  пен  күш-қуа-

тын  пайдалануды  үйренеді,  жақсы 

нәтижеге қалай қол жеткізу керекті-

гін біледі. 

Жинақ турасында

Бала  егер  ақша  жинайтын  болса, 

күндердің күнінде өз арманын орын-

дай  алатынын  түсінуі  керек.  Оның 

үстіне,  ол  табыс  көзінен  айырылса 

да,  өзіне  бір  нәрсе  сатып  ала  алады. 

Мұндай білім мен дағдылар оған бо-

лашақта септігін тигізеді. 

Нәтижесінде бала:

–  ақша  жинау  –  қалаған  нәрсеңді 

алуға мүмкіндік беретін мүмкіншілік 

екенін біледі;

– жоспар жасай алады;

– жалақы пен шығын арасындағы 

байланысты көреді.

Балаға ақшаны аз уақыт жинауға да 

болатынын,  үлкен  жоспарларды  іске 

асыру  үшін  алдағы  болашаққа  да  жи-

науға болатынын түсіндіріп айтыңыз. 

FAMIly Money

Тәрбие


49

№3(05)  маусым 2014

Сарапшылардың  айтуынша,  мұн-

дай тәжірибенің пайдасы зор болуы 

мүмкін. Бұл баланы жақсы оқуға ын-

таландырып  қана  қоймай,  ақшаны 

жұмсауға,  бухгалтерияны  жүргізу-

ге, жеке және кейін отбасылық бюд-

жетін қалыптастыруға үйретеді. 

Не  десек те, мұның теріс жақтары 

болуы мүмкін: Егер күнделікті әдетте-

гі ісі үшін «жалақы» алып отыруға үй-

реніп қалған бала «төленбейтін» шару-

аларды жасағысы келмесе не болмақ? 

Егер  балаға  қоқыс  шығарғаны  үшін, 

ыдыс-аяқ жуып, бөлмені жинастырға-

ны  үшін  ақша  төлеп  отырсаң  –  түгің 

қалмайды ғой! Сол үшін де төленетін 

жетістіктер мен төленбейтін әлеумет-

тік  міндеттемелердің  ара-жігін  ажы-

ратып алу маңызды. Қаталдау болуға 

тура келеді. Ал бұл кейбір ана мен әке 

үшін оңай емес, ал әжелердің көпшілі-

гі үшін мүлдем мүмкін емес.  

  Егер  сіз  балаға  мектепте  алған 

жақсы бағасы үшін ақша төлеп тұруға 

бел бусаңыз, ақшаны құр бекер беру-

ді  тоқтатыңыз.  Достарыңыз  бен  туы-

старыңызға  да  ақша  бермеулерін 

өтініңіз. Ешуақытта да баланың шарт 

қоюына,  саудаласуына,  аванс  талап 

етуіне және кез келген жолмен қорқы-

тып ақша сұрауына жол бермеңіз. 

Ал  енді  жақсы  жақтарын  айтсақ. 

Біріншіден, ұсақ ақшаны беруге бола 

ма деп сұрамаңыз. Ұсақ ақшаны беру 

керек.  Әрине,  мұндайда  оқушыға 

таңертең  бутерброд  салып  жіберуді 

де  ұмытпаңыз.  Екіншіден,  «маматай 

сатып  әперші»  дегенді  ұмытыңыз. 

Енді,  баланың  өз  бетінше  жұмсай 

алатын  өз  ақшасы  бар.  Үшіншіден, 

үлгерім. Иә, бұл үшінші кезекте.  

Өмірде 


өсімдік 

жасушасының 

құрылысынан  гөрі,  өмірде  ақшаны 

жұмсай білу әлдеқайда пайдалырақ де-

генмен келісетін шығарсыздар. «Ақша 

табу» процессіне қызығып, ертеңгі бо-

лашақта емес «қазір және осында» жа-

саған ісінің нәтижесін көрген балалар 

сабақтарға  жақсырақ  дайындалып, 

сабақтардағы материалға көбірек зей-

ін қояды, жақсы бағалар алады. Ақша 

қай  кезде  де  жақсы  ынталандырушы 

күш болған. Айтпақшы, балаға жаман 

баға  алғаны  үшін  айыппұл  төлеттір-

геннен гөрі,  азырақ ақша беріп оты-

рған жөн. Өйткені егер айыппұл төле-

уге  мәжбүрлесеңіз,  баланы  алдауға 

итермелейсіз. 

Ұстаздар балаға ақшаны өз бетін-

ше  жұмсауына  мүмкіндік  беру-

ге  кеңес  береді.  Қысым  келтірудің, 

нандырудың,  сұраудың  қажеті  жоқ. 

Жасаған  қателіктері  өзіне  сабақ 

болады. 


Туған-туыстардың қолдауымен осы 

айтылғандардың іске қолданылуы ба-

лалардың  сабақ  үлгерімін  арттырып 

қана  қоймай,  оларға  ерте  жастан  ақ-

шаны  қалай  ұстау  керектігін  үйрету-

ге  болады.  Екеуінің  де  ересек  өмірде 

септігін тигізетіні анық.    

Kszn.ru


ынТАлАнДыРУ

Шығын турасында

Ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек-

тігі туралы әңгімелер балаға нені сатып 

алу керектігін, ал нені сатып алған мін-

детті емес екенін түсінуге көмектеседі. 

Шығын туралы білім балаға:

– нені қалайтындығың мен ненің ке-

ректігі  арасындағы  айырмашылықты 

біліп, саналы тұрғыдан таңдау жасауға;

–  шешім  қабылдап,  қабылданған 

шешім үшін жауапкершілік көтеруге 

көмектеседі.

Отбасы  ішіндегі  шығындарды 

талқылаған уақытта әңгімеге ең кіш-

кентай  отбасы  мүшелерін  де  тар-

тыңыз.  Отбасында  қандай  шығын-

дардың:  азық-түлік,  коммуналдық 

қызметтер,  киім,  қарыздар  (егер  бар 

болса)...  барын  айтып  түсіндіріңіз. 

Шығынның  қалай  пайда  болатынын 

саусақпен көрсетіп, арнайы мысалдар 

келтіріңіз.  Супермаркетке бару үшін 

ақшаны  азық-түліктерден  басқа,  так-

сиге немесе егер өз көлігіңізбен бар-

саңыз, жанармайға жұмсауға тура ке-

леді  делік.  Балаға  аралық  шығындар 

туралы да түсінік беріңіз.

Несие турасында

Балаға егер қарыз алсаң, оны мін-

детті  түрде,  кейде  пайыздарымен 

қоса қайтару керектігін түсіндіріңіз. 

Бұдан бала:

– қарызға алынған ақшаның құнын;

–  қарызды қайтару керек тігін;

–  қарызды  қай  кезде  алуға  бола-

тынын  және  қай  кезде  алмай-ақ  қою 

болатынын;

–  несиелендірудің  жалпы  ұста-

нымдары  мен  механизмдері  туралы 

білетін болады.

Балаға  сатып  алғысы  келетін  нәр-

сеге  ақша  жинауды  және  ақшаны 

үнемдеуді үйретіңіз. Өзіңізді мысалға 

алып, жұмыстағы түскі асты 

кафеден  ішіп,  ақша  жұмса-

май-ақ  үйден  алып  келуге 

болатынын  айтуға  болады. 

Бұдан  балақай  ұсақ  ақша-

сының құнын біледі. 

Есіңізде болсын, ақша ту-

ралы  әуел  баста  айтылған 

нәрсенің 

бәрі 


баланың 

қаржыға деген болашақтағы 

түсінігі  мен  көзқарасын-

да  қалыптасады.  Балалары-

ның  әл-ауқатты  болғанын 

қалап  қана  қоймай,  бұған 

жеке  атсалысқылары  ке-

летін  ата-аналар  баланың 

тәрбиесіне  ерте  кезден  мән 

беріп, қаржылық білімге де-

ген  алғашқы  қадамын  ба-

лалармен бірге жасаулары 

керек. 

ЖАҚСы БАғА АлғАны ҮШін БАғАғА АҚША БЕРгЕн ДұРыС ПА? 

FAMIly Money

Тәрбие


50

№3(05)  маусым 2014



Жыныс пен 

қаражат

Әйел  мен  Еркек.  Инь 

және Ян. Суық және Ыстық. 

Бір-біріне 

қарама-қар-

сылықтың  одағы  әр  нәрсе-

де  бірін-бірі  толықтырып 

отырады,  соның  ішінде 

ақша  мәселесінде  де.  Әй-

елдер мен еркектердің пси-

хологиясы  арасындағы  ай-

ырмашылықтар  қаржыға 

деген көзқараста да айқын 

байқалады.  Ер  азаматтар 

дәстүрлі түрде белсенді, әле-

уметтік-шығармашылық 

бастамалардың 

баста-


машысы  болса,  әйелдер 

керісінше,  пассивті-табиғи 

күш рөлін атқарады. 

Мұндай 


психологи-

ялық  заңдар  әйелдердің 

белсенді 

эмансипация-

лану  дәуірінде  де  қолда-

нылып  келеді.  Әйел  мен 

еркектің  құқықтары  тең-

дей  болғанымен  де,  қай 

жағынан  алып  қарасақ  та, 

ер  азаматтардың  әйел  за-

тынан  басымдығы  жоғары 

келеді  –  мейлі  билік  бол-

сын,  мейлі  тапқан  табысы 

болсын,  мейлі  инвестици-

ялар  болсын.  Мұның  бәрі 

әйелдер  мен  еркектердің 

екі  бөлек  психологиясына 

тепе-тең бөлінген 

қаражат

Қызықты дерек: бүкіл әлем бойынша өнімдердің 

70% әйелдің қолынан шығады, ал әлем бойынша 

ең бай адамдардың арасында нәзік жандылардың 

үлесі небәрі 4%. Мұндай жайт әйелдер мен ер 

азаматтардың ақшаға деген көзқарастары екі бөлек 

екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Ал мұндай 

айырмашылықтардың өмірдегі көрінісі қандай? 

Жанат Смирнова, 

психолог

lIFe Money

Гендер


–  ойлау  қабілетіне,  эмоциялық  дең-

гейіне  байланысты.  Кейде  осындай 

мүлдем әртүрлі адамдар бірін-бірі қа-

лай  сүйіп,  қалай  шаруашылық  жүр-

гізіп,  ортақ  мақсаттар  қойып,  діт-

тегендеріне  жетеді  екен  деп  қайран 

қаласың.  Бір-біріне  қарама-қарсы 

заттар  бірін-бірі  тартады  деп  бекер 

айтпаса  керек.  Мысалы,  көне  қытай 

мифологиясындағы  әйел  бастамасы  

«Инь» мен еркек бастамасы «Ян» бір-

бірімен  бірігуі  Жер  Жаһанның  мәң-

гілікті болуына жол ашатын полярлы 

ғарыштық  күш  деп  қарастырыла-

ды.  Әдетте,  бірінші  болып  атала-

тын  «Инь»  сөзі  түн  түнегін,  суықты, 

ылғалдылықты, жұмсақтықты, селқо-

стықты,  икемділікті  білдірсе,    «Ян» 

–  жарықты,  құрғақтылықты,  қат-

тылықты,  белсенділікті  білдіреді. 

Әйел  мен  еркектің  қосылуы  най-

зағай  ойнаған  уақытта  Аспан  мен 

Жердің  ғарыштық  некесін  елесте-

теді.  Көптеген  мифологияда  ай,  жер 

және  су  әйел  бастамасы,  ал  күн,  от 

және  жылу  еркек  бастамасы  ретінде 

қарастырылады.  

Спринтерлер мен 

стайерлер

Мінез-құлық  пен  қалайтын  жүк-

теменің  қарқындылығына  демек, 

қалайтын  жұмыс  пен  табысқа  да  

ықпалын  келтіретін  әйел  мен  еркек 

адамның физиологиясы әр басқа.  Ер 

азаматтардың  ағзасы  спринтер,  ал 

әйел  адамның  ағзасы  стайер  деуге 

болады. Әйел 

Әйел азырақ жүктемеге қабілетті, 

алайда  мұндай  жүктемені  ол  ұдайы 

көтере  алады.  Еркек  болса,  қарқын-

дырақ  жұмыс  істеп,  бірақ  тез  шал-

дығып қалады.  

Естеріңізге  салсақ,  спринтерлер  – 

бұл аз қашықтыққа жүгіретін спортшы-

лар. Оларға бүкіл энергияны сыртқа тү-

гін қалдырмай бірден шығару тән – аз 

уақыттың ішінде барынша күш. 


51

№3(05)  маусым 2014



lIFe Money

Гендер


Стайерлер 

болса, 


ұзақ 

қашықтыққа 

жү-

гіреді.  Олардың  басты  ар-



тықшылығы 

– 

шыдам-



дылық.  Олар  ұзақ  уақыт 

бойы бірқалыпты, біркелкі 

іс-әрекеттерді  жасауға  қа-

білетті.  Әйелдер  орташа, 

бірақ  тұрақты  табыс  тап- 

қанды  жөн  санайды.  Ор-

таша  табыс  ер  азаматтар-

ды 


қанағаттандырмай-

ды – олар мейлінше сирек, 

алайда  қомақты  табыс  та-

пқанды  қалайды.    Әйел-

дердің  көбісі  тапқан  та-

бысын  ұлғайтып,  өзіне 

немесе  балаларына  қым-

бат  бір  нәрсе  әперу  үшін 

ақшасын  үнемдейді.  Мұ-

нымен әйелдің жинаған ақ-

шасының  бәрі  жұмсалып 

бітеді. 


Мәртебе ме, әлде 

отбасы ма?

Әйелдердің  құндылығы 

–  отбасы,  балалар.  Әйел-

дер  негізінен,  отбасының 

қажеттілігіне,  ең  алдымен, 

балаларының,  күйеуінің, 

ата-анасының 

қамын 


ойлайды.  

Оларға 


балаларының 

дұрыс  тамақтанғаны,  үй 

ішіндегі  жайлылық  маңы-

зды.  Әйелдер  үшін  ақша  – 

мәні  отбасын  құрып,  оны 

сақтап  қалуда  болатын  та-

биғи мақсатқа қол жеткізу-

дегі құралы.  

Ерлер  қаражат  тауып, 

капиталын  ұлғайтып  оты-

руға  құштар.  Олар  үшін 

ақшаның  көмегімен  кө-

терілетін  мәртебенің  орны 

басты.  Еркектер  арасын-

да  бәсекелестік  пен  бақта-

ластық  қашан  да  болған. 

Даму  жолдарына  жаңалық 

қосқандар  қашан  да  көш 



52

№3(05)  маусым 2014

бастап келген. Егер олар сол қоғамда 

құндылық  болса,  көшбасшы  атану 

жолында  амалдардың  бәрі  жақсы. 

Бүгінгі  өмірде  ақшаның  құны  жоға-

ры.  Ерлер  үшін  ақша  –  табиғи  мақ-

сатқа қол жеткізудегі, көшбасшы ата-

нудағы құрал.  

 «Ақша» темпераменті

Ер  азаматтардың  әйелдердің  мі-

незінен  тағы  бір  ерекшелігі  –  тәуе-

келге  бас  тігу.  Тәуекелге  бару  әсіре-

се, ақшаға деген көзқарастан айқын 

байқалады. Ерлер авантюралық, қау- 

іпті  істерге  ақшасын  оңай  жұмсай-

ды.  Биржаларда  көбірек  ойнайтын 

ойыншылар  –  ерлер.  Мұндай  тәуе-

келге  бару  себептерінің  бірі  ағза-

дағы  тестостерон  деңгейі  болып 

табылады.  Мұндай  гормонның  дең-

гейі  неғұрлым  жоғары  болған  сай-

ын,  адам  соғұрлым  қауіпті  жағдай-

ларға,  басқыншылық  әрекеттер  пен 

бақталастыққа  жиірек  барады.  Сол 

себепті  де  көп  жағдайда  ер  азамат-

тар қол жеткізген мақсатын – белгілі 

бір  қаражат  сомасын  толықтай  қа-

нағат  тұтпайды.  Мұның  бәрі  еркек-

терді одан ары қыздыра түсіп, бойын-

дағы бәсекелесті оятады. Бұған қоса, 

еркектерге стратегиялық ойлау және 

болашаққа  жоспарлар  құру  қабілеті 

тән.  

Ерлер  әйелдерге  қарағанда  бала 



сияқты  көбірек  ойнайды,  шаттанып 

көңіл  көтереді,  олар  босаңсудың, 

білімқұмарлықтың  не  екенін  біледі. 

Әйелдер  болса,  «тіл  алғыш»  болған-

дықтан  ерте  есейіп,  ата-аналары 

үшін  «ыңғайлы»  және  «дұрыс»  ба-

лаға  айналады.  Дәл  осы  кезде  үлкен 

бизнеске  қажетті  батылдық,  көп  қи-

ялдау, шығармашылық, балалық пен 

асыр салу басылып, жоғалады.   



ысырапшылар 

Ақшаны  кімдер  көбірек  және 

жиірек  жұмсайды,  әйелдер  ме,  әлде 

еркектер  ме?  Көпшілігі,  әйелдер  ақ-

шаны  жиірек,  ал  еркектер  көбірек 

жұмсайды деген пікір бар. Бұл расын-

да да солай! 

Супермаркеттерде,  базарлар  мен 

бутиктерде  ерлерге  қарағанда  әйел-

дерді  жиірек  кездестіруге  болады. 

Әйелдер қызбалықпен көбірек сауда-

ласып, тауарды әбден тексеріп болған 

соң  сатып  алады.  Әйелдер  үшін  бір 

нәрсе  сатып  алу  –  «дүкендерді  ара-

лау» маркетингтік функциясы бар бір 

рәсім.  Ер  азаматтар  бол-

са, сирек, алайда қомақтау 

қаражат  жұмсап,  саудасын 

көп  жағдайда  кредиттік 

картамен төлейді. 



әйелдер 

жайындағы 

аңыздар 

•  Әйел  адам  кредиттік 

карточкамен 

төле-

ген уақытта «ақшаны 

шашып  жатқанын» 

түсінбейді.    Бұл  тек 

аңыз.  Шын  мәнісін-

де әйел не сатып алып 

жатқанын түсініп қана 

қоймай, ақшасын қан-

дай  заттарға  жұмсаға-

нын  жадында  ұстауға 

қабілетті. 



•  Әйелдердің  көпшілігі 

керексіз нәрселерді са-

тып алады. Бұл жалған. 

Шын  мәнісінде  әйел 

күнделікті өмірімізге қа-

жетті көзге көрінбейтін 

ұсақ  заттардың  қорын 

толтырып отырады. 



•  Әйелдердің  көбі  ер-

кектерінің  асырауын-

да.  Не  десек  те,  әйел-

дердің  көбісі  азырақ 

ақша  тауып,  айнала-

дағылары  бағалай  бер-

месе де, үйдегі күнделік-

ті  еңбегімен  отбасына 

көбірек үлесін қосады. 

•  Әйелдер  отбасылық 

бюджетті  қалай  жос- 

парлау  керектігін  біл-

мейді  де.  Бұл  билік  құ-

мар  еркектердің  әңгі- 

месі,  Әйелге  бостан-

дық  берсеңіз,  артынан 

жауапкершілік 

пайда 


болады. 

•  Әйелдер салық төлем-

дерінің 

мән-жай-

ын  түсіне  алмайды. 

Бұл  жалған.  Қазіргі 

lIFe Money

Гендер


53

№3(05)  маусым 2014

әйелдердің  еркектер-

ден  бір  ғана  кемшілігі 

– кеңістікте бағыт табу 

қабілеті. Мұны табиғат 

әйел  үйінен  алыс  кет-

пеуі үшін жасаса керек. 



•  Әйелдер  қаржы  опе- 

рацияларына 

бай-

ланысты  жауапкер-

шілікті  мойындары-

на  алғысы  келмейді. 

Бұл  жалған.  Қазіргі 

әйелдер  ақшаға  өте 

жоғары  жауапкершіл- 

ікпен  қарайды.  Ком-

паниялардағы  бухгал-

терлердің  көпшілігі  – 

нәзік жандылар. 



Тұрмыстық 

байланыс 

Сонымен  ерлер  мен  әй-

елдер  қаражатқа  қатысты 

мәселелерде  өзара  қалай 

әрекеттесіп,  ымыраға  қа-

лай  келеді?  Мұнда  бірін-

бірі өзара толықтыру прин-

ципі  жұмыс  істейді.  Үлгілі 

отбасыларда  әр  тараптың  

міндеті  нақты  айқында-

лып,  айтқызбай  ұғынатын 

ақшаға  деген  қағида-ере-

желер қойылған. Автор от-

басылық кеңес беру тәжіри-

бесі  кезінде  кездестірген 

қағида-ережелердің 

кей-

бірі мыналар:   



•  Жалақы  алғанша  еш- 

қандай  шығын  жұмса-

маймыз.  Қалған  «бос 

капиталдың» 50% әйел 

жұмсауға құқылы. Қал- 

ғаны – істің дамуына.

•  Балалар тек өздері жи-

наған  ақшасын  жұм-

сай 

алады. 


Ортақ 

ақшаға  бас  сұқсаң  – 

жазаңды аласың. 

•  Тіпті  егер  отбасылық 

бюджеттің 

жағдайы 


жетіп 

жатса 


да, 

баланың  «мынаны  әпер,  ананы 

әпер» деген сұрауын қанағаттан-

дыра  берудің  реті  жоқ.  Ақшаға 

деген  көзқарас  –  балалардың 

бойында  тәрбилеуге  болатын 

сома. 

•  Қосымша, жоспарда жоқ заттар-



ды  ерлі-зайыптылардың  ортақ 

мақсаттарының  игілігіне  жұм-

салса ғана сатып алуға болады. 

Осылайша,  «еркек  –әйел–ақша» 

байланысы  қарым-қатынастарды  да-

мытуға  мәжбүрлейді.  Мұндай  бай-

ланыс  «үшеу  болып  билеген  танго» 

қатысушыларының  үмітін  ақтай  бер-

мейді.  Ерлі-зайыптылар  арасындағы 

түсіністікте  материалдық  жетістікті 

субъективті  сезіну  жоғары  мәнге  ие 

екендігі  байқалған.  Отбасылық  жұп 

субъективті  түрде  «баршылық»  деп 

баға  беретін  қаражатты  дәліз  (яғни 

белгілі бір сома) бар. Егер отбасының 

бюджеті осы сомадан кем немесе ар-

тық болып жатса – ақша дауға, ұрысқа 

және жағдайды біліп алудың басқа да 

түрлеріне айналады. Бұл жерде ақша 

тәуекел  факторының  рөлін  атқара-

ды.  Ақша  субъективті  тапшы  болған 

кезде  ақшаның  кесірінен  ұрыс-керіс 

шығады.  Ал  ақша  көп  болған  кезде 

қырғи-қабақ  қарым-қатынас  пайда 

болып,  адамдар  бір-біріне  салқын-

дап, отбасы ортасында армандау про-

цессі  –  қаржылық  әл-ауқаттың  бас- 

ты қозғаушы күші тоқтайды. 



ҚАРыЗын КіМДЕР КӨБіРЕК ҚАйТАРАДы?

Несиелерді  қайтармау  себептері 

борышкердің  жынысына  байланы-

сты  болады.  Ер  азаматтардың  орта-

ша қарыз сомасы әдетте, әйелдердікі-

не қарағанда жоғары болады. Ерлер 

алған несиесін көп жағдайда қайтар-

май жатуымен қатар, олардың басқа 

төлемдер  (мысалы  тұрғын-комму-

налдық  төлемдер  мен  қалааралық 

байланыс  қызметтері)  бойынша  бе-

решектері болып жатады.

Жалпы,  статистикалық  есептер-

де біраз қызықты мәлімет табуға бо-

лады.  Айтар  болсақ,  көлік    несие-

лері  мен  тұтынушылық  қарыздарды 

көбінесе ер азаматтар қайтармайды, 

ал  кредиттік  карталар  бойынша  бо-

рыштардың көпшілігі әйелдердің ен-

шісінде.  Оның  үстіне,  ер  азаматтар 

несиесін  уақытылы  төлеуін  ертерек 

тоқтатады,  яғни  төлемін  кешіктір-

ген  клиенттердің  қатарына  тезірек 

қосылады.  

Қарызға 

белшесінен 

батуға 

мәжбүрлейтін  себептерге  келер  бол-



сақ,  ерлер  дерлік  әрдайым  қалауын 

нақты қаржылық мүмкіншіліктерімен 

салыстыра  алмағандықтарын  айта-

ды.  Мұндай жағдайда ер азаматтар-

дың  несиеден  көңілі  қалып,  жеңіліс 

тапқандарын  мойындап,  төлемнен 

мүлдем бас тартуды шешеді. 

Әйелдер қарыз алу мәселесіне бай-

ыппен қарап, көп жағдайда ықтимал 

тәуекелдерді парасаттылықпен баға-

лай  біледі.  Алайда  олардың  да  әлсіз 

жақтары бар. Мысалы, әйелдер егер 

жұмысынан айырылып қалса болма-

са тауып отырған табысы күрт азай-

ып кетсе, несие бойынша төлемдер-

ден  бірден  бас  тартады.  Бұған  қоса, 

кредиттік  карталар  бойынша  жұм-

саған  ақшасын  сауатты  бақылауға 

ала алмайды. 

Егер  ерлер  мен  әйелдердің  қарыз 

проблемасын  психология  тұрғы-

сынан қалай қабылдайтынына келер 

болсақ,  әйелдердің  қарыздан  көңілі 

сирек қалатынын және олардың тіпті 

егер бұрын алған несиесін қайтаруда 

қиындықтарға ұшыраса да, банктер-

ге  оңайлықпен  қайта  жүгінетіндік-

терін айту керек. 

Podzalog.com

 СТАТиСТиКА

lIFe Money

Гендер


54

№3(05)  маусым 2014



STyle Money

Керек-жарақтар



Ерлерге арналған 

қол сағаттар 

уақытты ғана 

көрсететін құрал 

емес. Сағат 

қожайынының 

әлеуметтік 

мәртебесі туралы 

мақтанышпен (әлде 

сатқындықпен 

бе?) айтып 

бере алады. Сол 

себепті де сағатты 

үлкен байыппен 

таңдаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет