Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#10841
1   2   3   4   5

Сабаққа қойылатын 

талаптар  

Дәстүрлі сабақ  

Қазіргі сабақ  

Мақсаты 


мен 

міндеттерді хабарлау 

Оқушылар  нені  үйрену  керек 

екенін мұғалім хабарлайды  

Білетіні  және  білмейтінін  анықтау 

арқылы 


оқушылар 

өздері 


анықтайды 

Сабақтың  тақырыбын 

хабарлау 

Мұғалім оқушыларға хабарлайды 

Оқушылар өздері қалыптастырады 

Жоспарлау 

Мақсатқа  жету  үшін  оқушылар 

қандай 


жұмыс 

істейтіндерін 

мұғалім хабарлайды 

Белгіленген 

мақсатқа 

жетудің 


жолдарын оқушылар жоспарлайды  

Оқушылардың 

практикалық 

әрекеттері 

Оқушылар 

практикалық 

жұмыстарды 

мұғалімнің 

басқаруымен орындайды (көбінесе 

іс-әрекетті 

ұйымдастырудың 

фронталдық түрі қолданылады) 

Оқушылар 

оқуды 


белгіленген 

жоспар  бойынша  жүзеге  асырады 

(жеке, топтық әдістер қолданылады) 

 

Бақылауды 



жүзеге 

асыру 


Мұғалім 

оқушылардың 

практикалық 

жұмысты 


орындауларына бақылау жасайды 

Бақылауды оқушылар өздері жүзеге 

асырады  (өзін-өзі  бақылау,  бірін-

бірі бақылау) 

Түзетулерді 

жүзеге 


асыру 

Мұғалім  жұмыстың  орындалу 

барысында 

түзетулер 

жасап 

отырады  



Оқушылар  қиындықтарды  өздері 

анықтайды  және  өздігінен  жүзеге 

асырады 

Оқушыларды бағалау 

Оқушылардың 

орындаған 

жұмыстарын 

мұғалім 


сабақ 

барысында бағалайды 

Оқушылар  жұмыстарын  нәтижесіне 

қарай  бағалайды  (өзін-өзі  бағалау, 

сыныптастарының 

жұмысын 


бағалау) 

Сабақтың 

қорытындысы 

Мұғалім  оқушылардың  естерінде 

нені сақтағандарын анықтайды 

Рефлексия жүргізіледі 

Үй тапсырмасы 

Мұғалім 


түсіндіріп 

айтады 


(көбінесе  барлық  оқушыларға  бір 

тапсырма беріледі) 

Жеке  мүмкіншіліктеріне  қарай 

мұғалім  ұсынған  тапсырмалардан 

оқушылар таңдап ала алады 

 

«



Қазіргі  сабақ  –  мұғалім  жаңа  материалды  түсінікті  де  қарапайым 

түсіндіретін сабақ».  

«Қазіргі  сабақ –  бұл  қызықты  жаңа  мағлұматтардан  тұратын  жеңіл  сабақ 

және бұл сабақта мұғалім мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлесіп, өзара қарым-

қатынас жасай алады».  

«Қазіргі  сабақ  –  бұл  бір  істелген  жұмыс  қайталана  бермейтін, 

түрлендірілген сабақ».  

«Қазіргі сабақ – оқушының айтқан кез келген ойы, ұсынысы тыңдалатын 

және адам адам болуға үйренетін сабақ».  

«Қазіргі  сабақ  –  өзіңді  еркін  сезінетін  сабақ»  -  деп  жауап  берері  сөзсіз. 

Білімнің  сапалы,  жоғары  деңгейде  болуы  сабаққа  байланысты,  сондықтан 

сабаққа қойылатын талаптар да заман талабына сай өзгеруде.  

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар дегеніміз оқытудың жалпы білім беру, 

тәрбиелеу және дамыту қызметтерін сапалы жүзеге асыруға қажетті қағидалар 

болып  табылады.  Бұл  қызметтер  әрбір  сабақта  белгілі  бір  дәрежеде  жүзеге 

асырылады.  Мұғалімнің  жұмысында  ең  бастысы  сабақтың  білім  беру, 

10 

 


тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шебер үйлестіре отырып осы қызметтерді 

басқару.  Сабақтың  тиімділігін  арттыруды  жүзеге  асыру  үшін  қазіргі  заманғы 

сабаққа  қойылатын  талаптарды  сақтау  керек.  Талаптарды  келесі  топтарға 

бөлуге болады:  

1.

 

Әрбір  сабақ  сабақтың  білім  беру,  дамыту  және  тәрбиелеу  мақсатының 



бірлігін сақтау және оқыту процесінің маңызды заңдылықтарын жүзеге асыруға 

ықпал етуі тиіс.  

Сабақта  белгілі  бір  тақырыпты  баяндай  отырып,  оқушылардың  ойлау, 

қорытынды шығару қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың қоршаған ортаға 

көзқарасын,  заман  талабына  сай  қатынасын,  сол  қатынастар  негізінде  мінез-

құлық  дағдысын  қалыптастыру,  тәрбиелеу  қажет.  Оқушылардың  қоршаған 

ортадағы  (көпшілік  орындардағы  мәдениеттілік,  жүктелген  тапсырманы 

орындаудағы  жауапкершілік,  оларды  орындау  барысындағы  қиындықтарды 

жеңе  білу)  тұлғалық  мінез-құлқының,  тұлғалық  қасиеттің  қалыптасуына, 

айқындалуына ұмтылу қажет.  

2.

 

Әр  пәндерден  өтілетін  сабақ  дидактиканың  барлық  принциптеріне  сай 



болуы, оқытудың ғылыммен және өмірмен байланысына жауап беруі тиіс.  

Кез-келген сабақ оқу процесінің бір бөлігі болғандықтан, сабақты өмірмен, 

өмірде  кездесетін  жағдайлармен  байланыстыра  білу,  оқушылардың  оқу 

процесіде  алған  теориялық  білімдерін  өмірлік  тәжірибеде  қолдана  білу 

дағдыларын қалыптастыруы тиіс.  

3.

 



Әрбір  сабақ,  ең  алдымен,  сабақтың  тақырыбымен  жиі  ауыстырылатын 

анық дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.  

Бір  тақырып  бірнеше  сабақ  өткізілуі  мүмкін,  осындай  жағдайда  бұл 

тақырыптың  әр  сабағының  нақты  дидактикалық  мақсаты  болуы  тиіс. 

Оқушыларды  ойлаудың  түрлерімен  (жіктеу,  оқулықтан  немесе  берілген 

мәтіннен  тапсырмаға  сәйкес  мағлұматты  көшіру,  іріктеу,  қорытындылау  және 

т.б.)  қаруландыру,  алған  білімін  өмірмен  байланыстыра,  өмірлік  тәжірибеде 

қолдана  білуге  дағдыландыру,  тақырыптағы  нақты  деректермен  таныстыру, 

өзбетінше қорытынды жасау, тұжырымдама шығару дағдыларын қалыптастыру 

және басқа да мақсаттар болуы тиіс.  

Мұғалім  күнделікті  сабаққа  дайындалу  барысында  қойылған  мақсатқа 

байланысты  сабақтың  құрылымын,  оқу  материалының  мазмұнын,  сабақта 

қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  құралдарды,  сабақтың  әр  кезеңін  анықтап, 

жоспарлауы  керек.  Әр  сабаққа  нақты  мақсат  қойылмаған  жағдайда,  олар  бір-

біріне  ұқсас,  біржақты  болуы  мүмкін,  ал  бұл  оқушылардың  тақырыпты  оқуға 

қызығушылығының жойылуына әсер етеді.  

4.

 

Оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында сабақтың әр 



кезеңінде әдіс-тәсіл түрлерін қолдану қажет.  

Сабақтың бір  кезеңіне  көп  тоқталу,  (мысалы,  жаңа  тақырыпты  түсіндіру) 

оқушылардың тыңдау ынтасының, қызығушылығының жойылуына әсер етеді. 

Сол  себепті  әр  сабақта  және  сабақтың  әр  кезеңінде  оқушылардың  сезім 

мүшелеріне  әсер  ететін,  танымдық  қызығушылығын  арттыратын  әдіс-

тәсілдерді, іс-әрекет түрлерін тиімді өзгертуге ұмтылу керек. Мұғалім сабаққа 

дайындалуы  кезінде  сабақтың  қай  кезеңінде  қандай  әдіс-тәсіл  және  құрал 

11 


 

түрлерін  пайдаланатынын  ойластыруы  қажет.  Іс-әрекет  түрлерін  ауыстыруда 

оқушылардың  жас ерекшеліктері,  сыныптың ерекшеліктері  ескерілуі  міндетті, 

сыныптағы  оқушылардың  барлығы  бірдей  сабақтағы  іс-әрекеттің  бір  түрінен 

екіншісіне бірден ауыса алмайтынын ескеру қажет.  

5.

 

Қазіргі  сабаққа  қойылатын  талаптардың  келесі  түрі  –  оның 



эмоционалдығы.  Ол  оқушыларды  сабақтағы  маңызды  қызмет  –  жаңа  білімнің 

меңгерулеріне ықпал етеді. Ол сырттай, яғни мұғалімнің дауыс ырғағынан, қол 

сілтеуінен, қозғалысынан байқалуы мүмкін.  

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы тиіс, бұл олардың 

белсенділігін,  қызығушылығын  арттыруға  көмектеседі.  Сабақта  әртүрлі 

проблемалық  жағдайларды  пайдалану  да  эмоционалды  жағдай  жасайды, 

оқушылардың танымдық қызметін арттырады.  

6.

 



Әр сабақта оқушылардың білімдерін есепке алу жүргізілуі керек.  

Сабақта  тұрақты  кері  байланыс  болған  жағдайда  оқыту  үдерісінің 

тиімділігі  артады.  Мұғалім  оқушының  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін 

сабақтың әрбір кезеңінде біліп отыруы тиіс, себебі осы деңгейдің үздіксіз өсіп 

отыруына жағдай  туғызуға  ұмтылуы  керек.  Сабақ  барысында  мұғалім барлық 

оқушылардан  сұрауға  мүмкіндігі  болмайтындықтан,  алынған  білімді 

бақылаудың  түрлерін  пайдалануға  болады.  Бақылаудың  түрлері:  жазбаша 

тапсырмалар, тесттер, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б., бұл мақсатты жүзеге 

асыру  үшін  (егер  мүмкіндік  болса)  әртүрлі  компьютерлік  бағдарламаларды 

пайдалануға  болады,  себебі  олар  білімді  тексерудің  нәтижесін  бірден  алуға, 

көруге мүмкіндік береді. Оқушының сабақта меңгерген білімін бағалау үшін, ең 

бастысы мұғалімнің байқағыштық қасиеті керек.  

7.

 

Кез  келген  пәннің  әрбір  сабағы  өзінің  ұйымдастырушылық 



заңдылықтарымен, жетістіктерімен ерекшеленуі керек.  

Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы, 

меңгерілген білім көлемінің өсуін және сапасын қамтамасыз етуі керек. Білім, 

білік  және  дағдының  өсуі  қанағаттану  сезімін  туғызады,  сонымен  бірге 

оқушының  оқуға  деген  белсенді  көзқарасына  ықпал  етеді.  Әрбір  сабақ  оқыту 

үдерісінің аяқталған бөлігі болуы тиіс.  

8.

 

Әр сабақта жүйелі қайталаудың элементтері болуы тиіс.  



Жаңа  тақырып  алдында  оқылған,  меңгерілген  материал,  яғни  қайталау 

тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда оны 

алдыңғы өткен тақырыппен байланыстырып, оған сүйенуі керек. Бірақ өтілген 

оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей тиімді бола бермейтінін де ескеру 

қажет және қайталау өткенді жаттап алып айтуға алып келмеуі тиіс.  

9.

 



Әрбір сабақ техникалық жағынан сәйкес, ыңғайлы жабдықтармен және 

дидактикалық қамтамасыз етілуі керек.  

Оқушының  танымдық  әрекеті  эмоционалдық  қабылдауынан  басталады. 

Сондықтан,  мұғалімнің  сабаққа  дайындалу  барысында  тақырыпқа  сәйкес 

көрнекі,  дидактикалық  құралдарды  ойластырып  және  дайындауы  тиіс,  ал 

олардың тиімділігі оқытудың нәтижесінен көрінеді. Көрнекілікті орынды және 

тиімді пайдалану қажет.  

10.


 

Кез келген пәннің әр сабағы өткен және алда өтетін оқу материалымен 

12 

 


байланысты болуы тиіс.  

Кез  келген  сабақ  бұрын  өткен  немесе  болашақта  өтілетін  сабақтардан 

ерекшелендіріліп  қарастырылмауы  керек,  ол  пән  сабақтарының  жалпы 

жүйесінің  бір  буыны  болуы  керек.  Мұғалім  өз  пәнінен  сабаққа  дайындалу 

барысында  өткен  сабақты  жақсы  елестетіп,  жаңа  материалды  мүмкіндігінше 

оқылған  материалмен  байланыстыруы,  сонымен  қатар  алдағы  сабақтың 

құрылымы мен мазмұнын ескеруге тырысуы тиіс. Бұл әсіресе еңбек жолын енді 

бастаған  жас  мамандар  үшін  маңызды.  Мұғалім  кез  келген  сабақта 

оқушылардың  білімін  қалыптастыра  отырып,  алдыңғы  (келесі)  сабаққа  негіз 

қалауға міндетті.  

11.

 

Сабақтың барлық уақытын барынша табысты, тиімді пайдалану керек.  



Мұғалім  сабаққа  дайындалғанда  45  минутта  істелетін  жұмыстарды 

ұйымдастыру  жолдарын  жоспарлауы  тиіс.  Сыныптың  бір  де  бір  оқушысы 

мұғалім  назарынан  тыс  қалмай,  оқу  материалына  сәйкес  тапсырмалармен 

жеткілікті  мөлшерде  қамтамасыз  етілуін  қарастыруы  тиіс.  Сабақта 

қолданылатын  техникалық  және  көрнекі  құралдарды  алдын-ала  дайындап, 

тексеруі тиіс.  

Сабақтың  дәстүрлік  құрылымын  (сұрау,  түсіндіру,  бекіту)  ұстанғанның 

өзінде де жұмыстың бір түрінен келесісіне ауысқанда уақытты жоғалтуға алып 

келеді.  Сондықтан  жұмыстың  бір  түрінен  екіншісіне  көшуді  оқушылар 

байқамай, елемей қалатындай етіп ойластыру керек.  

Сабақ  барысында  оқушылардың  тәртіп  бұзушылық,  сабаққа  кешігу, 

сабақты  босату  себептерін  анықтауға  уақыт  жібермеуге  тырысу  қажет,  бұл 

туралы  үзіліс  кезінде  немесе  сабақтан  кейін  әңгімелесуге  болады.  Ауызша 

жауап бергенде оқушыларды орындарынан тұрғызбауға да болады, себебі бұл 

сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.  

12.


 

Оқушылардың  бүкіл  сабақ  бойы  оқуын  –  еңбек  тәртібін  қамтамасыз 

ету.  

Алдыңғы айтылған талаптарды орындалған жағдайда сабақтағы тәртіп те 



белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіледі. Мұғалім сабақтағы оқу еңбегі кезіндегі 

тәртіпті  қамтамасыз  етуі  керек.  Сабақтағы  тәртіп  оқушының  оқу,  білімді 

меңгеру  ынтасына  ықпал  етеді,  сондықтан  сынып  ұжымында  тәртіп 

бұзушылыққа жол бермеу қажет.  

13.

 

Талаптардың келесі түрі сабақ құрылымының икемді болуы.  



Мұғалім  сабақтың  құрылымын,  нақты  мақсатын  ойластырды  делік,  бірақ 

сабақ жоспар бойынша өтпеген жағдай болса, оқытушы сабақтың құрылымын 

өзгерте, қосымша тәсілдер пайдалана, қажетті нақтылаулар енгізе білуі қажет. 

Тағы  бір  ескеретін  жағдай  сабаққа  дайындалғанмен,  бірақ  ол  ешқашан 

репетицияланбауы тиіс.  

14.


 

Қазіргі  сабақ  қойылатын  талаптардың  бірі  –  сабақтың  кәсіби 

бағыттылығы және алған білімін өмірде қолдана білу құзыреттілігі.  

Әрбір  сабақтың  кәсіби  бағыттылығы  болуы  керек,  бірақ  ол  оқу  пәніне 

тәуелді болмайды. Оқу материалының мазмұнын мамандықтардың бір түрімен 

және болашақтағы өмірмен байланыстыра білу маңызды.  

15.

 

Үй тапсырмасының орындалуы, оны тексеру және бағалау.  



13 

 


Үйге  берілетін  тапсырманы  сынып  оқушыларының  барлығы  орындай 

алатынына  мұғалім  сенімді  болуы  керек.  Үйде  орындауға  берілген  тапсырма 

өте  қиын  да  болуы  мүмкін,  бірақ  кез-келген  жағдайда  мұғалім  үй 

тапсырмасының  мәні  неде  екенін,  мақсатын,  оны  орындауда  қолданылатын 

негізгі  ережелерді  қайдан  оқуға  болатынын,  орындалу  тәртібін  түсіндіруге 

міндетті.  

Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, 

талдануы керек, бағалану жағдайы да қарастырылады. Үй тапсырмасына көңіл 

аударылмаса  оқушылардың  өзбетінше  білуге,  үйренуге  деген  танымдық 

қызығушылығы жойылады.  

16.

 

Сабақта  қолайлы  моральды-психологиялық  және  санитарлық-



гигиеналық жағдайлардың жасалуы.  

Бұл  жағдайлар  жоғарыда  аталған  сабаққа  қойылатын  талаптардың 

орындалуымен  айқындалады.  Кез  келген  пән  сабағында  мұғалім  мен 

оқушылардың,  сыныптас  оқушылардың  арасында  сыйластық,  түсінушілік 

қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін, 

сонымен  қатар  сынып  бөлмесінің,  жалпы  мектептің  санитарлық-гигиеналық 

жағдайын да ескеру міндетті.  

Қазіргі  сабаққа  қойылатын  талаптар  жоғарыда  аталған  талаптармен 

шектелмейді. Әрине, мұғалімнен әр сабақ сайын олардың барлығын орындауын 

талап етуге болмайды. Бірақ мұғалім бұл талаптарды білуге міндетті, өйткені ол 

сабақтың сапасына, тиімділігіне әсер етеді.  

Сабақтың сапалы, тиімді, табысты өтуі және қойылған мақсаттарға жетуі 

мұғалім  мен  оқушының  бірлесіп  орындаған  шығармашылықтарынан  көрінеді. 

Мұғалімнің  жұмысының  мақсаты  оқушылардың  белсенді,  саналы,  танымды 

қызметін  басқару  болып  саналады.  Мұғалім  оқушыларға  бірте-бірте  күрделі 

талаптар  қоя  отырып,  оқушының  танымдық  ойының  даму  қозғалысын 

қамтамасыз  етеді.  Мұғалім  оқытудың  табысты  өтуіне  жағдай  жасайды.  Яғни, 

қойылған  талаптарға  сәйкес  мазмұн  таңдайды,  оқытуды  ұйымдастырудың 

әртүрлі  түрлерін  қолданады;  соның  көмегімен  оқушының  қызметіне 

айналатындай әртүлі әдістерді пайдаланады.  

 

 

 



14 

 


2 Заманауи сабақты жобалаудың құрылымы  

 

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. 



Ол  педагогикалық  үдерістің  негізгі  даму  тенденцияларын  оның  біртұтастығы 

бағытында  бейнелей  отырып,  ұдайы  дамиды.  Бәрінен бұрын ол  оқытудың үш 

бірлік  (білім  беру,  тәрбие,  даму)  қызметін  тиімді  іске  асыруда  көрінеді,  олай 

болса,  оқушылардың  шығармашылығын  дамытуға  бағытталғандығымен 

көрінеді.  

Қазіргі  педагогика  ғылымында  заманның  талабына  сай  жаңартуды  қажет 

ететін  негізгі  мәселелерінің  бірі  –  сабақтың  түрлері.  Сабақтарды  негізгі 

дидактикалық  мақсаттарға  (жаңа  білімді  беру,  игерілген  білім  мен  дағдыны 

пысықтау, қайталау, білімді тексеру) немесе оқу үрдісінің негізгі деңгейлеріне 

қарай  топтаумен  қатар  сабақтар  оларды  өткізумен  және  ұйымдастыру 

әдістеріне қарай топталатыны белгілі.  

Сабақтардың  негізгі  міндетіне  сәйкес  сабақтардың  негізгі  түрлері  бар. 

Мысалы,  жаңа  материалды  оқып-үйрену  сабақтары,  тәжірибелік  шеберліктер 

мен  дағдыларды  қалыптастыру,  қайталау  және  қорыту  сабақтары, 

оқушылардың  білімдерін,  шеберліктері  мен  дағдыларын  тексеру  сабақтары 

және т.б.  

2-

кестеде  басты  дидактикалық  мақсаттар  мен  олардың  жалпы  жүйесінде 



сабақтың алатын орнының негізінде сабақтың бес типі көрсетілген [6].  

 

2-



кесте - Сабақтар классификациясы  

 

Сабақтың мазмұны  

Сабақтың құрылымы  



1. 

Жаңа білімді меңгеру сабағы  

Оқушыларға жаңа материалды 

беру 



ұйымдастыру кезеңі; 



білімді тиянақтау; 

жаңа білімді қалыптастыру; 



алғашқы түсінікті негіздеу; 

сабақты қорытындылау; 



үй жұмысын беру 

2. 

Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы  

Алынған білімді ұғыну, білік пен 

дағдыны  негіздеу,  игерілген 

білімді қолдану 

ұйымдастыру кезеңі; 



теориялық білімді еске түсіру; 

ауызша  және  жазбаша  тапсырмаларды,  практикалық 



жұмыстарды орындау; 

орындалған жұмыстарды тексеру; 



сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 

3. 

Құрамдастыру сабағы  

Жаңа  материал,  алынған  білімді 

алғашқы  ұғыну,  білік  пен 

дағдыны алғашқы қалыптастыру, 

оларды дәлелдеп түзету 

ұйымдастыру кезеңі; 



үй жұмысын тексеру; 

жаңа білімді қалыптастыру; 



білімді тиянақтау және тапсырмаларды орындау; 

игерілген білім, білік пен дағдыны негіздеу; 



сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 

 

15 


 

2-

кестенің жалғасы  



4. 



Жалпылау және жүйелеу сабағы 

Негізгі сұрақтар мен бағдарламаның 

тақырыптары 

бойынша 


оқу 

материалын  ірі  топтама  бойынша 

жүйелеу және қайталау, меңгерілген 

тақырыптардың 

(тақырыптың) 

немесе  курстың  маңызды  жақтарын 

ашу 



ұйымдастыру кезеңі; 



мұғалімнің кіріспе сөзі; 

ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау; 



сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 

5. 

Бақылау сабағы 

Оқушының 

білім 

жетістігін 



бағалау 

ұйымдастыру кезеңі; 



тапсырмаларды орындау; 

сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 



 

Сабақ  құрылымы  –  бұл  оқыту  барысында  пайда  болатын  сабақ 

элементтерінің арасындағы әртүрлі байланыстар жиынтығы және осы сабақтың 

қызметін қамтамасыз етеді.  

Ғылыми  ақпарат  көлемінің  зор  болуы  мен  оқыту  уақытының 

шектелгендігін қазіргі кезде сабаққа деген ең басты талаптардың бірі мазмұнды 

беру мен оқытудың әдістерін анықтау болып табылады. Бұл талап әрбір сабаққа 

қатысты.  

Сабақ құрылымының тиімділігін мыналар қамтамасыз етеді:  

-

 



оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін кешенді түрде жоспарлау;  

-

 



сабақ құрылымының негізгі мен маңыздысын ажырату;  

-

 



 

материалдың  реті  мен  көлемін  және  қайталауға,  жаңа  материалды 

игеруге, пысықтауға, үй жұмысына жіберілетін уақытты тиімді анықтау;  

-

 



оқытудың ең тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;  

-

 



саралау және жеке тұлғалық тәсіл;  

-

 



оқытудың қажетті оқу-материалды жағдайларын жасау.  

Қазіргі кездегі оқытудың моделінде сабақ құрылымы келесі функцияларды 

атқарады:  

-

 



жаңа материалды игеру сабағының құрылымы;  

-

 



білім, білік және дағдыны негіздеу мен дамыту сабағының құрылымы;  

-

 



қайталау сабағының құрылымы;  

-

 



оқушының оқу жетістігін анықтау сабағының құрылымы;  

-

 



білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы;  

-

 



қайталау және жалпылау сабағының құрылымы.  

Оқыту процесін жеделдету мен оңтайландыру сабақтың тиімді құрылымын 

практикаға  енгізуді  ұйғарады.  Сабақтың  құрылымын  талдаудан  қорытынды 

шығара отырып, аралас сабақты құрылымдауды келтірейік (3-кесте).  

 

3-

кесте - Аралас сабақты құрылымдау  



Білімдік мақсаттар 

Орындау әдістері мен тәсілдері 



Ұйымдастыру кезеңі 



Сәлемдесу,  сабаққа  дайындықты  тексеру, 

зейінді сабаққа бағыттау  

Кезекшінің 

есебі, 


сабаққа 

келмеген 

оқушыларды белгілеу 

16 


 

3-

кестенің жалғасы  



Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 



Үй  тапсырмасының  дұрыс  және  толық 

орындалуын, түсініктілігін анықтау; тексеру 

барысында анықталған кемшіліктерді жою  

Тест  тапсырмалары,  қосымша  сұрақтар, 

әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар 

Оқушыларды негізгі кезеңде жұмыс істеуге дайындау 

Уәждемені  қамтамасыз  ету,  баламен  жеке 

жұмыс атқару тәжірибесін маңыздандыру  

Ойлау  әрекетінің  технологиялық  картасын 

қолдану  арқылы  проблемалық  тапсырма 

және  жаңа  ой  тудыратын  сұрақ  ретінде 

сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 

Жаңа білім мен тәсілдерді меңгеру кезеңі 

-

 



игерілетін  материалды  қабылдауды,  ой 

желегінен  өткізуді  және  есте  сақтауды 

қамтамасыз ету; 

-

 



нақты  таңдауға  жетуге  жағдай  жасайтын 

тәсілдерді қабылдауға ықпал ету  

-

 

анықтамамен жұмыс; 



-

 

ұқсас жағдайларды қолдану; 



-

 

негізгі  материалды  бір  мезгілде  сөз  және 



белгілер 

түрінде 


ұсыну, 

игерілген 

материалды  салыстырмалы  және  жіктелген 

кестелер  түрінде  ұсыну,  оқытудың  әңгіме, 

баяндама,  хабарлама,  модульдық  оқыту, 

компьютерлік 

оқулықты 

қолдану, 

проблемалық  оқыту,  ұжымдық  оқыту, 

құрылымдық-логикалық  сызба  құрастыру 

түрлерін қолдану  

Жаңа материалды қабылдау бойынша алғашқы тексеру  

Жаңа  материалды  қабылдауын  анықтау, 

кемшіліктерді  көрсету  және  оларды  жою 

бойынша жұмысын жүргізу 

Тірек  мәтін,  жаңа  материал  бойынша 

оқушылардың өз сұрақтары мен мысалдарын 

дайындауы  

Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін пысықтау кезеңі 

Пысықтау  барысында  жаңа  материалды 

түсіну  мен  ой  елегінен  өткізу  деңгейін 

жоғарылатуды қамтамасыз ету  

Ұқсас  тапсырмаларды  қолдану,  сұрақ-жауап 

арқылы 


сөйлесу, 

оқушылардың 

өз 

тапсырмаларын құрастыруы 



Білімді және қызмет тәсілдерін қолдану 

Білімнің  және  іс-әрекет  тәсілдерінің 

меңгерілуін  олардың  әртүрлі  жағдаяттарда 

қолдануын қамтамасыз ету  

Әртүрлі  деңгейдегі  өздік  жұмыстары, 

іскерлік  ойындар,  оқу  жағдаяттары,  топтық 

жұмыс, пікір талас  

Қорытындылау және жүйеге келтіру 

Оқушылардың  негізгі  білімдерінің  біртұтас 

жүйесін  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету, 

пәнішілік  және  пәнаралық  байланысты 

қамтамасыз ету  

«жаңа  материалдың  сызбасы»,  «тақырып», 

«тақырыптың тапсырмаларын» құрастыру 

Білім мен қызмет тәсілдерін бақылау және өзін-өзі бақылау 

Білім мен қызмет тәсілдерін меңгеру деңгейі 

мен сапасын анықтау 

Әртүрлі  деңгейдегі  өздік  және  бақылау 

жұмыстары,  тест  тапсырмалары,  нақты 

ерекшеліктерді 

анықтауға 

арналған 

тапсырмалар,  бір  тапсырманы  орындаудың 

бірнеше  жолдары,  қарама-қайшы  деректері 

бар тапсырмалар (бағалау қабілеттері)  

Үй тапсырмасы туралы ақпарат 

Оқушылардың  жаңа  материалдың  мақсаты 

мен  мазмұнын  және  үй  тапсырмасын 

орындау тәсілдерін түсінуін қамтамасыз ету 

Үй  тапсырмасын  беруде  үш  деңгейді 

(стандартты 

минимум, 

жоғары, 


шығармашылық) ескеру 

17 


 

3-

кестенің жалғасы  



Сабақты қорытындылау 



Сыныптың  және  жекелеген  оқушылардың 

жұмысына баға беру  

Мұғалімнің сабақты қорытындылау бойынша 

хабарлауы,  қорытындыны  оқушылардың 

өздерінің жасауы 

Рефлексия  

Оқушылардың 

психологиялық-

эмоционалдық  жағдайларына  байланысты 

рефлексия  жасауы,  өздігінен  жұмысты 

орындауға, 

мұғаліммен 

және 


сыныптастарымен 

қарым-қатынасқа 

ынталандыру  

Жеделхат, аяқталмаған сөйлем, координаттар 

арқылы қорытынды шығару 

 

Сабаққа  шығармашылықпен  қарайтын  мұғалім  ең  алдымен  сабақтың 



дидактикалық  мақсаты  мен  оқу  материалының  мазмұнына  сәйкес  сабақтың 

алуан түрлерін алма-кезек ауыстырып өткізеді.  

Біртұтас  дидактикалық  жүйенің  оқыту  үдерісіндегі  сабақтың  мәні  мен 

мақсаты  мұғалім  мен  оқушының  ұжымдық-жекелей  өзара  қарым-қатынасына 

алып  келеді.  Осының  нәтижесінде  оқушылардың  білім,  білік  және  дағдысы 

қалыптасады,  олардың  қабілеттері  мен  қызмет  тәжірибесі,  көзқарастары 

дамиды, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.  

Сабақ,  бір  жағынан,  тұтастай  алғанда  оқытуды  қозғаушы  форма  түрінде, 

екінші  жағынан,  оқытудың  заңдылықтары  мен  принциптерінен  туындайтын, 

мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен 

анықталатын  оқытуды  ұйымдастыру  формасы  түрінде  анықталады.  Мұғалім 

осы  талаптарды  басшылыққа  ала  отырып,  сабақты  оқыту  үдерісінде 

оқушылардың  тұрақты  құрамымен  мектептің  күнделікті  нақты  жағдайында 

шешілуге  тиісті  дидактикалық  міндеттердің  (білім  беру,  тәрбие,  даму)  жүйесі 

ретінде дайындайды.  

Педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыру  формасы  ретіндегі  сабақтың 

артықшылықтары  оның  фронтальды,  топтық  және  жекелей  жұмыстарды 

сабақтастырудағы  мүмкіндігінің  молдығында;  мұғалімге  материалды  жүйелі 

және  ретімен  түсіндіруге,  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  дамуын 

басқаруға  және  ғылыми  көзқарастарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді, 

оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй 

тапсырмаларын  атқаруын  ынталандырады;  оқушылар  сабақта  тек  білім,  білік 

және  дағды  жүйесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  танымдық  қызмет  әдістерінің 

өзін  де  иемденеді;  сабақ  педагогикалық  қызметтің  мазмұны  мен  әдістері 

арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді [7].  

Мұғалім  сабақ  оқыту  кезінде  бірнеше  міндет  қояды.  Атап  айтқанда, 

оқушыларға жаңа білім беру, олардың ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту, 

ғылыми көзқарасын қалыптастыру, қызметіндегі шеберліктер мен дағдыларды 

қалыптастыру,  бұрын  өтілген  материалды  қайталау,  оқушылардың  үлгерімін 

анықтау  және  тәрбиелік  жұмыстардың  сипатын  байқау.  Сабақта  осылардың 

біреуі міндет болуы мүмкін.  

18 


 

Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұтымды үйлестіру мен ойлау қабілетін 

есепке  алу  бірімен-бірі  қатар  жүргізіліп  отыруы  тиіс.  Үйлестіру  мен  есепке 

алудың  бірізділігі  сабақтың  құрылымын  анықтайды.  Мектептерде  ұзақ  уақыт 

бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету 

және  оны  бекіту,  соңында  үйге  тапсырма  беру)  құрылымы  қалыптасқан. 

Мұндай  типтегі  сабақтардың  өзіндік  кемшіліктері  анықталған.  Шынында, 

мұндай сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі - 

мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін 

іс  жүзінде  қолданып  жаттығулар  орындауына  уақыт  аз  қалады.  Оның  үстіне 

оқушылардың  зейіні  мен  жұмыс  істеу  қабілетінің  ең  өнімді  кезеңі  сабақтың 

алғашқы  20-25  минут  мөлшерінде  өтеді.  Ал  нақ  осы  уақыт  үй  тапсырмасын 

сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген 

кезде  беріледі.  Сондықтан  сабақ  құрылымының  неғұрлым  тиімді  жолдарын 

қарастыру керек.  

Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  өзара  байланысқан  екі  кезеңнен 

қалыптасады:  тақырыптар  бойынша  сабақтар  жүйесін  жоспарлау  және  осы 

жоспарлауды әр сабақта жүзеге асыру.  

Тақырыптық  жоспарлау  сабақ  жүйесінде  оқу-тәрбие  үдерісін  және 

тақырып  бойынша  сабақтан  тыс  немесе  оқу  бағдарламасының  білім  беру, 

дамыту  және  тәрбиелеу  қызметінің  тиімді  жолдарын  анықтап  жүзеге  асыруға 

арналған.  

Тақырыптық  жоспарлаудың  табысты  болуы  мұғалімнің  оқушылар  нені 

дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне 

байланысты.  Сондықтан  тақырыпты  жоспарлау  мұғалімнің  пән  бойынша  оқу 

бағдарламасын,  оқу  стандарттарын,  оқушыларды  тәрбиелеу  және  дамыту 

мақсатында  тақырып  бойынша  дидактикалық  есептердің  шешімін  дұрыс 

тандауынан басталады.  

Тақырыптық  жоспарда  сабақтың  жүйелілігі,  негізгі  тараулары  және 

сабақта  орындалатын  жұмыс  түрлері,  пәнаралық  байланысы  мен  әр  сабақты 

көрнекіліктермен  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  көрсетіледі  және  тақырыптық 

жоспарлар үлгі ретінде беріледі.  

Жоспарлау  кезеңі  мұғалімнің  қызметінде  қандай  талаптарды  шешуі 

керектігіне  байланысты  стратегиялық,  тактикалық  және  күнтізбелік, 

тақырыптық  немесе  сабақ  жоспарларын  жасаумен  анықталады.  Жоспарлауды, 

конспект-жоспарларды  немесе  конспектілерді  жасау  педагогтің  тәжірибелігін 

және  шеберлік  деңгейін  анықтайды  және  ұзақ  жұмысты  талап  етеді.  Ол: 

оқушының  бастапқы  дайындық  деңгейін  талдауды,  оқыту  мүмкіндіктерін 

әдістемелік  қамтамасыз  ету  және  материалдық  базасының  жағдайын,  өзінің 

жеке кәсіби мүмкіндігін, сыныптың ұжым ретінде қалыптасуын және сабақтың 

дидактикалық  мақсатына  сәйкес  нақты  білім  беру,  тәрбие  және  дамыту 

талаптарын анықтауды, мазмұнды таңдау, сабақтағы нақты жұмыс түрін, өзінің 

және  оқушылардың  қызметін  жүргізу  әдістері  мен  түрлерін  ойластыру; 

нәтижелерге  жетудегі  кездесетін  қиындықтарды  болжау;  көрнекілік  пен 

техникалық  оқыту  жабдықтарын,  тарату  материалдарын  пайдалану  тәсілдері 

мен орнын анықтауды; өздігінен жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруды 

19 


 

ойластыруды;  оқушылардың  белсенділігін  арттыру  тәсілдерін,  үй 

тапсырмаларының түрлерін жинақтайды.  

Оқушылардың  қызметін  ұйымдастыру  оқушылардың  алдына  оқу 

міндеттерін  қоюдан  және  оны  орындауға  қолайлы  жағдай  туғызудан  тұрады. 

Бұл  ретте  нұсқаулық  қызметтерін  бөлу,  алгоритмдерді  ұсыну  және  басқа  да 

тәсілдер  қолданылады.  Қазіргі  дидактика  танымдық  міндеттердің  келесі 

ережелерін ұсынады:  

танымдық  міндет  білім  жүйесі  мен  мазмұн  логикасы  сақталуы  үшін 



мәндік мазмұннан шығуы керек;  

міндеттерді орындауға нақты жағдай жасалуы үшін оқушының даярлығы 



мен даму деңгейі ескерілуі қажет;  

талап  өзіне  ойды,  елестетуді,  шығармашыл  принциптерді  дамытуға 



қажетті ақпаратты жинақтауы керек;  

оқушының пәндік қызметін атқаруға оң мотивация жасауы қажет;  



оқушыларды  тапсырманы  орындауға  үйрету,  оларды  әуелі  мұғаліммен, 

сонан  соң  ұжымдық  жұмыста,  бірте-бірте  өздігінен  жеке  қызмет  жоспарына 

көшіре отырып, қажетті тәсілдермен қаруландыру керек.  

Сабақ  беру  оқыту  үдерісін  үздіксіз  ағымдағы  бақылау  негізінде  реттеуді 

және  тиянақтауды  көздейді,  яғни  оқушының  оқуы  жөнінде  және  жеке 

қызметінің әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөнінде ақпарат алу. Қарапайым 

бақылау,  жазбаша  және  ауызша  сұрақ,  сыныппен  және  өздігінен  үй 

жұмыстарын тексеру және басқа да әдістер мен тәсілдер түрінде атқарылатын 

ағымдағы  бақылаудың  нәтижесін  мұғалім  тікелей  сол  сабақта  да,  алдағы 

сабақтарда  да  ескереді.  Бұл  оқу  жұмысының  қарқынын  баяулатуы  немесе 

жеделдетуі,  ұсынылатын  жұмыс  түрлерінің  көлемін  азайтуы  немесе  көбейтуі, 

материалдарды  түсіндіру  тәртібіне  өзгеріс  енгізуі,  бағыттаушы  сұрақтар  мен 

қосымша  түсініктемелер,  қиыншылықтарды  ескерту  және  басқалар  болуы 

мүмкін.  Мұғалім  қызметінің  бұл  кезеңінде  оқушының  дербестігі  мен 

белсенділігін ынталандыру басты орын алады.  

Оқыту  үдерісін  ынталандыру  құралдарын  пайдаланып  реттеу  мен 

нақтылау  тек  қана  жігерлендіру,  оқу  мүмкіндіктеріне  сенімділік  ұялату, 

болашаққа  ұмтылыс  сияқты  бағалаудың  ойлап  табылған  жүйесі  арқылы  ғана 

емес, сонымен қатар, әсіресе, бастауыш және орта сыныптарда бағалар жүйесін 

қолдану  арқылы  да  қамтамасыз  етіледі.  Көптеген  ынталандыру  мүмкіндіктері 

педагогикалық  қызметтің  әдістері  мен  түрлерінде  орын  алады  (оқу 

пікірталастары,  конференциялар,  рефераттарды  талқылау,  оқытудың  жұптық-

топтық тәсілдері, өзара тексеру және тағы басқалар).  

Оқытудың  тұтастай  алғандағы  педагогикалық  үдеріс  сияқты  шарықтау 

кезеңі педагогикалық міндеттерді шешу нәтижесін талдау болып табылады. Ол 

білім беру, тәрбие және даму мақсаттарының бірлескен жетістіктер, сондай-ақ 

оларға жету шарттары мен тәсілдері тұрғысынан іске асады. Бұл ретте қажетті 

нәтижеге  оқушыны,  сондай-ақ  мұғалімді  де  шамадан  тыс  жүктеу  арқылы 

жетуге  мүмкін  екендігін  ескере  отырып,  оңтайлылық  принципі  талаптарынан 

шығу  керек.  Талдау  оқыту  кемшіліктерінің  себептерін,  жетістіктердің  негізін 

анықтау,  оқыту  шеңберіндегі  педагогикалық  өзара  ықпал  етудің  алдағы 

20 

 


жолдарын белгілеу керек.  

Оқу  қызметін  қалыптастырудың  соңғы  мақсаты  оқушының  оның 

субъектісі  ретінде  қалыптасуы,  оқушының  мақсат  қоя  алатын,  міндеттерді 

шешуге  қажетті  білім  мен  қызмет  тәсілдерін  өзекті  ететін;  өз  қызметін 

жоспарлай  алатын,  жоспарды  іске  асыруды  ықшамдауды,  қол  жеткізген 

нәтижені  қойылған  талаппен  салыстыру,  яғни  сабақтың  міндеттерін  өздігінен 

атқара алатын даму деңгейіне жетуі болып табылады.  

Орынды 


ұйымдастырылған 

сабақтың 

құндылық, 

оқытушылық, 

дамытушылық, тәрбиелік мәні болады. Мысалы, логикалық түрде байланысқан 

сабақтардың ойластырылған жүйесі оқушылардың өздігінен орындау жұмысын 

ұйымдастыруға,  интеллектуалды  еңбектің  білігі  мен  дағдысына,  оны  ғылыми 

ұйымдастыруға  үйретеді.  Сабақтағы  мазмұнды  байытылған  шығармашылық 

жұмыс  оқушының  санасы  мен  бойында  қалыпты  жұмыс  жағдайын 

қалыптастырады.  Сабақ  негізіндегі  осындай  психикалық  жағдай  үнемі 

қабылданады  және  барлық  психикалық  қасиеттердің  танымдық  қызметіне 

өнімді  енгізудің  басты  шарты  болып  табылады.  Сонымен  қатар  сабақтағы 

қауырт  қызмет  оқушыны  шыңдайды,  оларды  еңбек  сүйгіштікке, 

жауапкершілікке  және  басқа  да  жеке  тұлғаның  маңызды  адамгершілік 

қасиеттеріне тәрбиелейді.  

Тәжірибелі  ұстаздар  әрбір  сабақты,  міндетті  түрде  барлық  оқушылардың 

материалды  игеретіндей  етіп  жоспарлайды.  Бұл  мақсаттарда  мазмұнының 

ерекшеліктеріне,  әдістердің  өзгешелігіне  және  оқушылардың  даму  деңгейіне 

сәйкес  әртүрлі  сабақтар  қажет.  Оларда  құрама  сабақтың  орнына  жаңа  білімді 

білдіру,  білік,  дағдыларды  қалыптастыру,  қайталау,  бекіту,  шығармашылық 

жұмыстарды  орындау  бойынша  сабақтар  болады.  Әртүрлі  сабақтарда 

оқушылардың  табысты  ілгерілеуін  ескеріп  озық  педагогтар  ұжымдық  оқыту 

үдерісінде  оқушыларды  деңгейлік  тапсырмалармен  қамтиды.  Бұл  оқушыларға 

әртүрлі  деңгейдегі  материалды  игеруге,  мұғалімнің  басшылығымен  жұмыс 

істеуден өздігінен оқу және өздігінен білім алуға көшуге көмектеседі.  

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, сабақтың негізгі дидактикалық 

құрылымы  сабақтың  күнделікті  жоспар-конспектісінде  көрсетілетінін  айта 

кеткен  жөн.  Бірақ,  қазіргі  кезде  дүниежүзілік  тәжірибеде  күнделікті  сабақ 

жоспарынан  тақырыпты  жобалауға  ауысу  жүзеге  асуда.  Тақырыпты  жобалау 

сабақтың  технологиялық  картасын  әзірлеу  арқылы  жүргізіледі.  Сабақтың 

технологиялық картасы – бұл әдістемелік өнімнің жаңа түрі, ол мектептегі оқу 

курстарының  тиімді  және  сапалы  оқытылуын,  сонымен  қатар  мемлекеттік 

стандарттарға сәйкес білім бағдарламаларының жоспарланған нәтижесіне жету 

мүмкіншілігін  қамтамасыз  етеді.  Технологиялық  картаны  қолдана  отырып 

оқыту оқу процесін тиімді ұйымдастыруды, пәндік, метапәндік және тұлғалық 

біліктерді жүзеге  асыруды қамтамасыз етеді,  мұғалімнің сабаққа дайындалуға 

кететін уақытын қысқартады [8-9].  

Технологиялық  картаны  қолдану  жобалаудың  мәні  ақпаратпен  жұмыс 

жасаудың  инновациялық  технологияларын  пайдалану,  тақырыпты  меңгеруі 

бойынша оқушыға арналған тапсырмалардың сипаттамасын беру, білім берудің 

болжалды нәтижелерін жобалау болып табылады.  

21 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет