BLUETOOTH-ҒА ҚАТЫСТЫ ҚОРҒАЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРУ
С.Ш. ТІЛЕУБАЙ,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Х.Қ. БЕКМҰРАТОВА, С.К. ТОҚСАНОВА, А.Н. ЖАЛМҰРЗАЕВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Бүкіл елге танымал және әйгілі саналатын сымсыз байланыс технологиялары бүгінгі күні жергілік
ті желілер мен Интернетке ұялы кіруді жедел түрде орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай жолмен кіру
деректердің еркін орын ауыстыруын ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі байланыс – сымдарды тарту
мақсатындағы келеңсіздіктерді азайтады.
Сымсыз желі радио канал немесе инфрақызыл (лазерлі) байланыста жұмыс істейді. Cымсыз желінің
3 түрі белгілі: ашық желі; жабық желі (парольді/ қорғалған); осал қорғалған желі.
Сымсыз желінің клиенті ретінде радиожиілікті қабылдағыштаратқышты және PCI – плата (не USB
құрылғы), түрінде жасалған интерфейстік торапты ноутбуктер үшін – PC Card не ішіне орнатылған
құрылғы, ал ҚДК және смартфондар үшін – ішіне орнатылған құрылғы немесе SDIOқұрылғыларды
атауға болады.
Қазіргі күні бірінші жоспарда Интернетке сымсыз кіру мүмкіндігі тұр.
Сымсыз желілерге арналған өнім шығарудың ұлғаюы туралы айтқанда үш негізгі мәселені қарас
тырған жөн.
Біріншіден, мәліметтерді таратудың физикалық жылдамдығын көбейту үшін радиобайланыс тех
нологиясын жүзеге асыру қажет.
Екіншіден, физикалық деңгейде қалыптасудың жүзеге асырылған режимін әсерлі түрде басқаруды
қамтамасыз ету үшін жаңа механизмдер жасау қажет.
Үшіншіден, мәліметтерді тарату әсерлілігін жоғарылату қажет. Бұл физикалық деңгейдегі па
кет тер ағынының әсер етуін және радиоқабылдағыштардың таралу жылдамдығын арттыру сал
дарынан бола тын бөгелісті төмендету үшін қажет. Бұл әдіс арқылы мәліметтерді таратудың физи
калық жылдамдығының жоғарылағаны арқасында ақпараттың жоғалу не өзгеру қауіпі тууы мүмкін.
Сондықтан сымсыз желідегі ақпаратты қорғау мәселесі, оның сақталуын және пайдаланудың бел
гіленген мәртебесін сенімді қамтамасыз ету қазіргі кездегі ең маңызды мәселелерінің бірі болып
табылады.
100 метрге дейінгі қашықтықтағы құрылғылар арасындағы сымсыз байланысты ұйымдастыратын
SIG компаниясы жасаған Bluetooth байланысы 1994 жылы құрылды. Bluetooth қолжетімді радио
жиіліктегі дербес компьютерлер (үстелдегі, қалта, ноутбуктер), мобильды телефондар, принтерлер,
цифр лы фотоаппараттар, мышкалар, клавиатуралар, джойстиктер, құлақ қаптарда ақпарат алмасуды
ұйым дастырады.
Сымсыз (Wireless Networks) желідегі шабуылдардың түрлері:
1) Пассивті шабуыл (passive attacks).
2) Активті шабуыл (active attacks).
3) «Адам олардың ортасында» (man in the middle attacks).
4) «Секіретін» шабуыл. (қысатын) (jamming attacks).
2006 жылдың маусымында Авишай Вул және Янив Шакед bluetoothқұрылғыларға жасалған ша
буылдар туралы баяндама жасады. Материалда PIN код алу шабуылының активті, сонымен қатар,
пассивті түрлері де қарастырылды. Пассивті шабуыл жақын маңда орналасып «тыңшылылық» (snif
fing) процесімен тыңдауды, сонан соң (spoofing) процесімен қосылуды ұйымдастырады. Активті ша
буыл үшін құрылғыға ерекше оның қызығушылығын туғызатын хабарды жібереді де, сол арқылы
байланысты ұйымдастырады керек мәліметін алуға тырысады. Екі процедура да күрделі, сондықтан
185
олар бірнеше этаптан тұрады. Оның бірі мәліметтер пакетін жинау және талдау, т.б. Бұл шабуыл ауте н
тификацияның осал тұсын табуға және екі құрылғы арасына кілтшифр құруға арналған.
Bluetoothға қатысты қорғалған байланысты құру процесін үш топқа бөлуге болады:
•
Kinit кілтті генерациялау;
•
Байланыс кілтін генерациялау (ол link key деп аталады және Kab сияқты белгіленеді);
•
Аутентификация.
Алғашқы екі пункт паринг деп аталатын процедураға кіреді.
Паринг (PAIRING) – екі не онан көп құрылғылар байланысқанда қолдану мақсатында құрылған
бірдей ұзындықты Kinit құпия кілті. Келешекте пайдалану үшін алынған.
Алдымен екі адам өз телефондарымен байланысқысы келсе, алдын ала екеуінің келісімімен PIN код
енгізіледі. Олардың біреуі негізгі (Master), ал екіншісі бағыныңқы (Slave) құрылғылар болып келіседі.
Біріншісін А, ал екіншісін В деп белгілейік. Kinit кілтті құру PIN код енгізілісімен бірден жүргізіледі.
Ол үшін мына өлшемдер керек болады:
•
BD_ADDR;
•
128 битті LK_RAND (әр құрылғы өзінің және басқа құрылғыдан алған мәндерін сақтайды).
Pairing бұл этапта bluetooth — Mutual authentication немесе өзара аутентификация инициализациясы
ның соңғы этапымен аяқталады және басталады. Мұндағы негізгі схема – «сұрақжауап». Құрылғы лар
дың біреуі верификатор болады да, кездейсоқ AU_RAND(A) өлшемді генерациялайды және көрші құ
рылғыға (plain textке) жібереді, жіберуші құрылғыны алушы (claimant – құжаттың түпнұсқасын) көр
сетуші деп атайды. Бұл «сөзді» алысымен ол E1 алгоритмімен SRES өлшемді есептей бастайды, болған
соң верификаторға жібереді. Ал ол болса келген хабарды кері қарай есептеу жүргізіп, түпнұсқамен
сәйкестігін не сәйкес еместігін анықтайды да, жауабын жібереді. Енді құрылғылар рольдерін ауыс
тырады, осылай процесс қайталанып жүре береді.
E1 алгоритм, мынадай өлшемдерге сүйенеді:
•
Кездейсоқ құрылған AU_RAND;
•
link key Kab;
•
өзінің жеке BD_ADDR;
Базалық pairing шабуылы.
Хабар алмасу процесінде жүретін мәліметтерді талдайық:
№
Кімнен
Кімге
Дерек
Ұзындығы (бит)
Басқа ақпараттар
1
A
B
IN_RAND
128
plaintext
2
A
B
LK_RAND(A)
128
XORed with Kinit
3
B
A
LK_RAND(B)
128
XORed with Kinit
4
A
B
AU_RAND(A)
128
plaintext
5
B
A
SRES
32
plaintext
6
B
A
AU_RAND(B)
128
plaintext
7
A
B
SRES
32
plaintext
Қаскүнем барлық ақпаратты ұстап алды дейік. Алдымен IN_RANDты және BD_ADDR адресті,
E22 алгоритмін. Енді PIN кодты іздеуге кіріседі. Бізге Kinit мәні бар хабар келеді. Ол шамамен мына
дай болады:
Kinit = E22 [IN_RAND, BD_ADDR(B), PIN’], мұндағы PIN’ – біздің PIN код.
Келесі қадамда 2 және 3те XOR арқылы тексерілген ақпаратты LK_RAND(A) және LK_RAND(B)
аламыз. Kab мәнін іздейміз, ол үшін мына операциялар орындалады:
LK_K(A) = E21 [BD_ADDR(A), LK_RAND(A)], мұндағы LK_K(A|B) – аралық шамалар.
LK_K(B) = E21 [BD_ADDR(B), LK_RAND(B)].
Kab = LK_K(A) XOR LK_K(B)
PINді тексереміз. Kab және ұсталған AU_RAND(A) арқылы SRES(A)ны табамыз.
Сонан соң SRES(A)’ны 5ші қадамда сақталған хабармен салыстырамыз:
SRES(A) = E1[AU_RAND(A), Kab, BD_ADDR(B)].
186
Егер SRES(A) = SRES(A)’ болса, PINнің дұрыс табылғаны.
Бұл алгоритмнің осал тұсын 2004жылдың сәуірінде ағылшын Олли Вайтхауз (Ollie Whitehouse)
анықтады. Ол үшін хабарды толық есту керек, ал хабардың кемінде бір сөзі не бір символы дұрыс
естілмесе, оны шешу қиынға түседі.
Rohos Logon Key программасы компьютерді қорғау үшін Bluetoothбен жарақтанған құрылғыны
қолдана алады. Сіздің ұялы телефоныңыз компьютердің сымсыз кілт ролін атқара алады:
•
Сіз компютерге телефонмен жақындасаңыз болды, Windowsке қол жетімділік автоматты түрде
орындалады.
•
Компьютер парольмен қорғалған болады, оны қолмен енгізудің қажеті жоқ.
•
Компьютерден қашықтасаңыз – Rohos Logon автоматты түрде экраннан кетеді.
Ол үшін компьютер Bluetooth aдаптермен жабдықталған болуы керек. Rohos Logon программасы
радиобайланыс арқылы сіздің телефоныңыдың ID еске сақтайды. Егер телефон компьютердің әсер ете
алу радиусына енсе, оған қол жетімді болады да, автологин орындалады.
Жүйеге ену үшін телефонды баптау керек. Ол үшін:
•
Rohos Logon Key программасын жүктеу.
•
Программа терезесінде «Опции» бетін ашу.
•
Бұл терезеде құрылғыны кілт ретінде пайдалану үшін Bluetooth Phone/Pocket PC таңдау керек.
Сонан соң:
•
Windows пен үйлесімді болуы үшін Blueтooth адаптерін жүктеу керек, оны http://bloger.rohos.
net/?p=88) алуға болады.
•
Программа терезесінен «Настроить USB ключ» сілтемесін шерту, бұл терезеде BlueTooth ату
шығады. Ол басқа құрылғыдан көріну үшін керек.
•
Осы терезеде Windowsтің есептік жазбасына пароліңізді қоясыз.
•
Енді компьютерді қайта жүктеу қажет.
Ескеретін жағдай:
1. Rohos Logon программасы телефонда сақталмайды.
2. Пароль жөніндегі ақпарат компьютерде шифрланған түрде сақталады.
3. Программа телефонның өзгертілуі мүмкін емес жекешеленген идентификаторы (MAC адресс)
ті есте сақтайды. Программа басқа сымсыз құрылғыларды оқымайды.
4. Егер телефоныңызды үйде ұмыт қалдырсаңыз, онда пароль арқылы енуге болады.
BlueTooth байланысының әсер ету радиусы150 метр болғандықтан, компьютердің автоблокиров
касы біршама уақыт алады. Байланыстың әсер ету радиусын кішірейту үшін және компьютердің авто
бло кировкасын жылдамдату үшін BlueTooth адаптерді фольгамен орау керек.
187
Әдебиеттер:
1. Фред Халсалл. Передача данных, сети компьютеров и взаимосвязь открытых систем. – М.: Радио
и связь, 2000.
2. Столлингс В. Современные компьютерные сети. 2е изд. – СПб.: Питер, 2003.
3. Куроуз Дж., Росс К. Компьютерные сети. 4е изд. – СПб.: Питер, 2004.
4. Куин Л., Рассел P. Fast Ethernet. – BHV. – Киев, 1998.
5. «Компьютер пресс» журналы. – 2006. – №1220. – 3642 бб.
6. ru.wikipedia.org/wiki // Беспроводные технологии.
7. ru.wikipedia.org/wiki // Беспроводные компьютерные сети.
8. ru.wikipedia.org/wiki // Беспроводная точка доступа.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы защиты информации в Bluetooth связях. Защита инфор мации
является важным фактором любой технологии связи. Bluetooth способны удовлетворить любым
запросам и требованиям по беспроводному управлению. Технические требования Bluetooth определяют
также функции аутентификации и кодирования. Аутентификация предотвращает нежелательный
доступ к важным данным и функциям, и исключает доступ хакерам, которые попытаются выдавать
себя за зарегистрированных пользователей. Кодирование скремблирует данные в процессе передачи
для предотвращения подслушивания и для поддержки конфиденциальности связи.
Summary
Bluetooth is able to satisfy to any queries and requirements on an offwire management. Defence of
information is the important factor of any technology of connection. The technical requirements of Bluetooth
determine the functions of authentification and encryption also. Authentification prevents undesirable access
to important data and functions, and eliminates access to the hackers that will make an effort set up for the
authorized users. Encryption scrambles data in the process of transmission for prevention of eavesdropping
and for support of confidentiality
ӘОЖ 372.881,1: 001,895
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Р.К. ДИУАНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,ғылым мен білімнің өркендеуіне, жас ұрпақты
жанжақты дамытуға тікелей байланысты. Жаңа ақпараттық технологиялардың қоғам өмірінде ке
ңінен пайдаланылуы оқу үдерісінде білім алушылардың оларды жіті меңгеруін талап етеді. Осыған
орай Мемлекеттік бағдарламаларда, оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдалану білім беруді дамытудың басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген [1].
Осыған байланысты білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа
бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Оқыту
әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық білім беру жүйесін айтуымызға болады.
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үдерістерді
мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды.
188
Инновация ұғымы алғаш рет ХІХ ғ. мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болды, яғни белгілі
бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды білдіреді. Инновация білім
беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.
Инновациялық технологиялар оқыту үдерісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, білім алу
шыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді, осы орайда қашықтан оқытуда
жаңа технологиялық білім беру қолайлы оқыту әдісі деп қарастыруға болады.
Қоғамды жаппай ақпараттандыру кезеңінде білім беру жүйесінде қашықтан оқытуды жанданды ру
міндеті тұрды. Бұл заман талаптары мен қажеттілігінен туындап отырған мәселе. 2007 жылы 24 жел тоқсанда
қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі қа былданған,
яғни қашықтан білім берудің мазмұны айқындалған. Ережеде «Қашықтан білім беру технологияла
ры – білім алушының және педагог қызметкердің жанама немесе толық емес жанама өзара ісқимылы
кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолданумен жүзеге асырылатын оқыту»
деп көрсетілген. Сонымен қатар Ережеде қашықтан білім берудің негізгі технологиялар бойынша жү
зеге асатынын, олар желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуальды кафедралар,
Интернетті пайдаланатын университеттер, мектептер) кейстехнологиялар негізінде қашықтан оқыту;
ТВтехнологиялар негізінде қашықтықтан оқыту болып анықталған [2].
Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттықкоммуникациялық технологиялары:
– оқуәдістемелік материалдар жинақтарын құрастырып білім алушыларға өз бетінше оқыпүйрену
үшін тартуға негізделген кейстехнологиялар;
– эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВтехнология
лар;
– студенттерді оқуәдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен білім алу
шы арасындағы интерактивті қарымқатынас орнату үшін де Интернет желісін пайдалануға негіздел
ген же лілік технологиялар. Интернет арқылы қашықтан оқыту жүйесін Интернет желісі орнатылған
кез кел ген адам пайдалана алады.
Қазіргі таңда білім беруді ақпараттандырудың маңызды факторы Интернет желісін пайдалану
бо лып табылады. Интернет жүйесі білім алушының өз бетінше жұмыс жасай алу қабілеті мен
оқутаным дық белсенділігін арттыруға, ғылыми курсты терең, сапалы меңгерту мақсатын көздейді.
Интернет – кезкелген компьютермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие желілер
жүйесі. Интернетмиллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол
жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен жә
не ең танымал желі. «Интернет» сөзі тура мағынасында «халықаралық желі» деген ұғымды білдіреді
(INTER national NETwork). Интернет аз ғана уақыт аралығында электронды почта арқылы хабарлар
алмасуға,бейнеконференциялар өткізуге және тағы басқа да мүмкіндіктер ұсынады [3].
Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық көздерді пайдалана отырып,оларды оқу үдерісіне
енгізіп,дидактикалық түсініктеме беру арқылы мынадай дидактикалық мәселелерді тиімді шешуге
болады:
– интернеттен алынған материалдарды арқылы ауызша сөйлеу әрекетін жетілдіру;
– электронды почта арқылы хат жазу, баяндама, реферат, т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы
жазылым әрекетін арттыру;
– өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салтдәстүрлерін, экономикалық даму ерек
шеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.
Оқу үдерісінде интернетті қолданудың әдістемелік көздеріне тоқталсақ, шетел тілі сабағында
ин тернетті пайдалана отырып аудио мәтінді тыңдап, қарымқатынас жасау арқылы тілдік ортаны
қалыптастырады. Желідегі барлық ақпарат ағылшын тілінде. «Шет тілі» пәнін меңгеруде ең маңыз
дысы теориялық негіз емес, тәжірибелік, яғни тыңдаптүсіну, оқу, сөйлеу, жазу қабілеттері. Пәнді игеру,
жүзеге асыру, қарымқатынас, яғни коммуникация арқылы іске асады. Сондықтан сөз дағдыларын қа
лыптастыруда білім алушыларға өздері білетін үлгілер түрінде тапсырмалар беру керек.Шетел тілінде
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда негізгі қызметті тыңдаптүсіну атқарады.Сөйлеу әрекетін қарым
қатынас жасау арқылы жетілдіруге болады. Ол үшін серіктес қажет. Компьютерлік бағдарламалар, CD
ROM дискі, интерактивті тақта болса да, олар тек техникамен қарымқатынас жасайды. Бұл жерде тек
189
компьютерлік телекоммуникация ғана білім алушыға шетел азаматтарымен сөйлесуге диалог (ауызша,
жазбаша) құруға мүмкіндік береді.
Шетел тілін оқыту барысында білім алушыларға өздері оқып жатқан ел мен жақынырақ танысуға
яғни, география, тарих, елтану пәндері мен тығыз баланысты қажет етеді. Сондықтан оқытушы дидак
тикалық, әдістемелік тапсырмалардың ішінде қайсысы маңызды екенін сабаққа дайындық кезінде ше
шіп алуы керек. Интернетке келетін болсақ, оны қалай және қандай мақсатқа қолдану керек:
– желідегі материалдарды сабақ мазмұнына қосу;
– сабақ тақырыбына сай ақпараттарды іздестіруде білім алушылардың ізденіс жұмыстары;
– өзіндік оқу, шетел тілінің әр түрлі сатыларындағы іскерліктерді игерту, дамыту;
– оқытушының басқаруымен шетел тілінің белгілі бір тақырыбы бойынша білімдерін тек серу.
Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, оқытушы қазіргі кездегі
өзекті мәселерді интернеттен тауып білім алушыға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мәселе бо
йын ша білім алушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізілген материал бойынша
өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісетінін немесе келіспейтінін талқылай алады. Ин
тер неттегі аудиовидио бағдамаларды магнитофонға жазып алып, білім алушыларға тыңдауға, тал
қылауға болады. Шетел тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір
оқытушының шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Шетел тілін оқытушыларың басты
мақсаты білім алушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарымқатынас біліктілігін қалыптастыру,
тілді меңгеруге, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда шетел тілін оқытудың озық технологиясын
меңге ру – үлкен істің бастамасы. Соның бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технология –
ақпараттарды жи нақтау, сақ тау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер
мен өндірістік және бағдарлама лық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үдерісіне
ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол
жетімсіз көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға мүм
кіндік береді.
Білім алушылардың шетел тілі пәнінен білімін бағалау негізінен,екі түрлі шартқа байланысты. Оның
бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыра білу, жеке дыбыстарды, сөз тіркесте
рін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды
меңгермейінше, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Тіл жүйесі өзара тығыз байланысты лексика
мен грамматикадан тұрады.
Сөздер туралы семантикалық, грамматикалық және стилистикалық ақпараттық мәліметтер бар
лексиканың негізгі құрамы сөздікте беріледі. Сөздік тілдің барлық аспектілерін қамтиды, сондықтан
да ол компьютер арқылы оқытудың орталық өзегі бола алады. Оқу сөздігі керек сөздің мағынасын
тауып алуға арналған анықтама ғана емес, сондайақ білім алушылардың шығармашылық қабіле тін
шыңдайтын және лексикалық материалдарды меңгеруін жеңілдететін құрал. Электрондық сөздік –
ЭЕМның есінде сақтаулы тұрған жүйелендірілген лексикалық ақпарат және ол ақпаратты өңдеуге,
экранға шығаруға арналған бағдарламалар кешені. Электронды сөздікпен жұмыс білім алушы мен
компьютер арасындағы диалог ретінде жүзеге асады. Сонымен электронды сөздік шетел үйренуді же
ңілдетіп, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.
Инновациялық технологиялардың көптігіне,олардың түрі мен әдістерінің сансалалығына қара
мастан, әр технологияның элементтері өзара бірбірімен байланысып кірігеді.
Қорыта келгенде шетел тілін үйретуде оқытушының негізгі мақсаты инновациялық технологияларды
ұтымды пайдалана отырып білім алушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.
Әдебиеттер:
1. ҚР Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Алматы, 2002.
2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 ж. 24 желтоқсанда №590 бұйрығымен ҚР Әділет ми нистр
лігінен 2007 ж. 24 желтоқтоқсанда №5054 тіркеуден өткен Қашықтықтан Білім беру тех но логиялары
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі.
3. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауат ты лық
қа оқыту жөніндегі оқуәдістемелік құрал.
190
4. Рақымжанова С.Қ. Шетел тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін қолдану // Шетел тілін оқыту
әдістемесі. – 2007. – № 5.
Резюме
В статье рассматриваются инновационные технологии обучения на занятиях практического английс
кого языка. Наряду с этим освещены вопросы использования интернетресурсов, дистанционного
обу чения, описываются роли и методы взаимодействия групповой формы организации работы, дея
тельностного подхода и самоанализа в процессе обучения.
Summury
The article deals with role of innovative learning technologies at the practical English lessons: describes the
use of Internetresources; distance learning, the role and methods of interaction; group form of organization of
work; activity approach and selfanalysis in the education process.
ӘОЖ УДК 502/504
БОЛАШАҚ ХИМИЯ ОҚЫТУШЫЛАРЫН
ДАЙЫНДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕРДІҢ СӨЖ
ТАПСЫРМАЛАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ
О.Я. СУЛЕЙМЕНОВА,
химия ғылымдарының докторы, профессор
Г.В. АБРАМОВА,
химия ғылымдарының докторы, профессор,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үдерісін, ойлау мен қарымқатынасты түбегей
лі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондайақ адамның ойөрісіне, әлаукаттылығы
на, оның икемділігіне, жасампаздық ісәрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады. Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі өзгермелі әлеуметтік
жә не экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді
қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптасты
ру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орын
ға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ойөрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби
деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Елбасының «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, осы
Жол даудың он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында «Ақпараттық технологиялар мен ақпарат
ты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттырын құру міндеті де
алдымызда тұр» делінген, сондайақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «онлайн тәсілінде
оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей, бүгінгі
күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың
кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқутәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану заман талабынан туындап отыр. Бүгінгі таңда білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қөрініс табатын оң алғышарттары қалыптасып
келеді. Ақпараттықкоммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жанжақты білім алуына,
іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық
жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол [13].
191
Студенттерді оқыту дәріс, практикалық, зертханалық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Дәріс ақыл
ой әрекетінің тек 1деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз ететіні белгілі. Ал
СӨЖ ақылой әрекетінің 2деңгейін қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруіне
мүмкіндік туғызады. Сондықтан да СӨЖ тек білім беру үдерісінің маңызды бөлігі емес, оның негізін
қалаушыға айналуы тиіс.
Cтуденттердің өзіндік жұмысы барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның
тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдас
тыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Осы орайда, болашақ химия оқытушыларын да
йындау мақсатында типтік оқыту бағдарламасына сәйкес арнайы «Химия оқытушысын кәсіби да йын
дауды жобалау» пәні бойынша құрастырылған «Оқытудың ақпараттық технологиясы» тақырыбы бе
рілді.
СӨЖ орындауда студентке келесідей негізгі талаптар қойылуы тиіс [4]:
Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру – студент оқу тапсырмасын өз бетінше орын
дау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық тех
нологиясын меңгеруді жүзеге асырады.
Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу – шығармашылық белсенділігін
қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында
шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдістәсілдерін меңгеру, т.б.
Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату – білім беру процесінде тұлғаның позиция сын
белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы,
нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
Танымдық белсенділікті дамыту – өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы неме
се мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан
қалыптастыру, оқу процесіндегі оқутанымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің
белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
«Химия оқытушысын кәсіби дайындауды жобалау» пәндері бойынша құрастырылған СӨЖ тап
сырманың мазмұны мен маңыздылығын қарастырайық (1кесте).
«Химия оқытушысын кәсіби дайындауды жобалау» пәні бойынша бір СӨЖ тапсырмалары
Тақырыптың
аты
Тапсырманың мазмұны мен мақсаты
Тапсырмалар мен сұрақтар
Оқытудың
ақпараттық
технологиясы
Оқушыларды ақпараттық қоғам
жағдайында тұрмыстық, қоғамдық
және кәсіби салалардың ісәрекетіне
толық, тиімді араластыру
мүмкіндіктерін қарастыру
Оқытатын, бақылайтын және үйрететін
жүйелер;
Ақпарат іздеу жүйесі;
Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
Мақсаты – оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби сала
лардың ісәрекетіне толық, тиімді араластыру мүмкіндіктерін қарастыру. Осы мәселелер аясында
келесі сұрақтар айқындалады: оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер; ақпарат іздеу жүйе
сі; моделдеу бағдарламалары, микромирлер; танымдық сипаттағы инструменттік құралдар; әмбебап
сипаттағы инструменттік құралдар. СӨЖ орындау барысында студенттер келесі теориялық деректерге
сүйенеді. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер,
педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео
құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы –
білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық ісәрекетті өзгерту), білімді қабылдау,
білім сапасын бағалау, оқутәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жанжақты қалыптастыру үшін
ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақса ты
оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың ісәрекетіне
толық, тиімді араластыру болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі
болып саналады.
192
Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, гра
фикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі
арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компактдискілерге жазылады;
Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына
қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақтала
тын ақпараттарға толық жол аша бермейді. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар
және лабораториялар режимінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге, жаңа синхрондық мүмкіндік
пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі
оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және
артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты. Бүгінгі күні білім жүйесі жаңа құрылым беру
үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық
және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек. Көбінесе
қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына
аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы
міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады.
Осындай теориялық деректермен танысқаннан кейін студенттер ұсынылған СӨЖ тапсырмаларын
сапалы орындауға мүмкіндігі бар екеніне кәміл сенеді және орындайды, себебі бұл тапсырмаларды
сапалы түрде орындаған студент өзінің келешектегі кәсіби ісәрекеттерін жеңілдете түседі. Оның
айтарлықтай істәжірибесі болады, оның құзіреті арта түседі, іскерлік, ойлау қабілеті, шығармашылдық
қабілеті дамыған студент болашақта білімді, құзіреті мол маман болатыны сөзсіз деп есептейміз.
Әдебиеттер:
1. Садыбекова Ж. Оқутәрбие үрдісінде ақпараттықкоммуникациялық технологияны қолдану қа
жеттілігі // Информатика негіздері. – 2008. – № 4. – 115 с.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – М.: ИнтегралПресс, 2008. –
328 с.
3. Нағымжанова Қ.М. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсібипедагогикалық мә
дениеті. Аубакирова Ж.К. Педагогикалық қарымқатынастың психологиялықпедагогикалық негіз
дері // «С. Аманжолов оқулары – 2005» атты Халықаралық ғылымипрактикалық конференция мате
риалдары. – Өскемен, 2005. – 538 б.
4. Нигметжанова Г.К. Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру // Вестник КАСУ. – Ал
маты, 2008. – №1. – С. 5861.
Резюме
Приведены особенности составления заданий для самостоятельной работы студентов (СРС) и их
содержание при обучении будущих учителей химии. Показано, что качественное выполнение СРС
играет важную роль в формировании их компетенций. Даны методические указания по организации
и проведения самостоятельной работы студентов. При тщательно продуманной методике проведения
самостоятельных работ ускоряются темпы формирования у студентов умений и навыков практического
характера, что оказывает положительное влияние на формирование познавательных умений, навыков
и компетенций. У студента появится опыт, повысится компетентность, развивается мастерство, спо
собность к мышлению, и все это говорит о том, что такой студент в будущем станет образованным и
компетентным специалистом.
Summary
The peculiarities of tasks making for independent work of students (IWS) and their content during the
training of teachers of chemistry were described. It is shown that the qualitative performance of the IWS
plays an important role in the shaping of their skills. Provides guidelines on the Organization and conduct
of independent work of students. When carefully thoughtout methodology of the independent works of
students accelerating skills and practical measures had a positive impact on cognitive skills, or competencies.
Armed with the theory, the student will be confident in your knowledge, and will perform independent tasks
consciously, efficiently and accurately. The student will take experience, increase competence, develop skills,
ability to think, and all this talk about that a student will become educated and competent person.
193
ӘОЖ 004:004.414.2
Достарыңызбен бөлісу: |