ISSN 1607-2782
Республикалық
ғылыми-әдістемелік
журнал
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттiк университетiнiң
________________________________________
1999 жылғы наурыздан
бастап шығады
№7 (39) 2012
Арнайы басылым
______________________________________________________________________________________
ХАБАРШЫСЫ
Бас редактор
– БИСЕНОВ Қ.А.
техника ғылымдарының докторы,
профессор
Бас редактордың
орынбасары
– ШАЛБОЛОВА Ү.Ж.
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
Жауапты редактор
– ОМАРОВ Қ.Ә.
география ғылымдарының кандидаты,
профессор
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Аруова Л.Б.
Баканов Ғ.Б.
Досжанов М.Ж.
Ибадуллаева С.Ж.
Кәрібозұлы Б.
Қарлыханов Т.Қ.
Қожақұлы Ө.
Қошқаров С.И.
Майгелдиева Ш.М.
Сәдуақасұлы Ж.
Сәтбай Т.Я.
Сейсенов Б.
Тоқтамысов Ә.М.
Үдербаев С.С.
Шомантаев А.Ә.
Майгелдиева Ж.М.
Тұяқбаев Ғ.Ә.
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– биология ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының докторы, профессор
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– тарих ғылымдарының докторы, профессор
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– педагогика ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының докторы, профессор
– тарих ғылымдарының докторы, доцент
– философия ғылымдарының докторы, профессор
– ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының кандидаты, доцент
– филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Республиканский
научно-методический
журнал
2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің негізі қа
ланғанына 75 жыл толды.
Университет 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қызылордаға қоныс аударған Корей педагогикалық
институтының негізінде қалыптасты. Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті – ғылымипедагогикалық әлеуеті жоғары, заман талабына сай материалдық
техникалық базасы бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап келе жатқан Арал өңірінің же
текші білім, ғылым және мәдениет орталығы.
Университеттің мерейтойына арналған ісшаралар бағдарламасы аясында 2012 жылғы 18
19 қазанда Қызылорда қаласында «Жоғары кәсіптік білімнің инновациялық дамуы: тәжірибесі,
мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылымитәжірибелік конференция өткізілді.
Журналдың осы шығарылымы конференцияның «Ақпараттықкоммуникативтік технология
лар: қазіргі жағдайы және перспективті бағыттары» секциясы материалдары бойынша дайын
далып отыр.
В 2012 году Кызылординскому государственному университету имени Коркыт Ата испол
нилось 75 лет со дня основания.
Кызылординский педагогический институт, стоявший у истоков университета, был открыт
в 1937 году на базе переведенного в Кызылорду Дальневосточного Корейского педагогическо
го института. Сегодня Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата – ве
дущий центр образования, науки и культуры Приаральского региона со значительным научно
педагогическим потенциалом, располагающий современной материальнотехнической базой,
осуществляющий подготовку конкурентоспособных специалистов.
В рамках программы мероприятий, посвященных Юбилею университета, 1819 октября
2012 года в городе Кызылорде состоялась Международная научнопрактическая конференция
«Инновационное развитие высшего профессионального образования: опыт, проблемы и перс
пективы».
Данный выпуск журнала подготовлен по материалам секции «Информационнокоммуника
ционные технологии: современное состояние и перспективные направления».
3
ӘОЖ 371.307
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА
АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
К.М. БЕРКИМБАЕВ,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Г.П. МЕЙРБЕКОВА,
PhD докторант
Б.Т. КЕРИМБАЕВ,
PhD докторант,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын да
«Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалар
дың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек
игеруге шақырамын» деп атап өтті [1].
Білім беру саласының деңгейін жоғарылату және оны жетілдіру мәселелерін шешу мемлекеттік
құжаттар мен маңызды заң актілерінде де көрініс табуда. Атап айтқанда, олар Қазақстан Респуб
ликасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2011 ж.),
Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» Заңы (2008 ж.), «Білім туралы» Қазақстан Респуб
ликасының Заңы (2007 ж.). 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада дәстүрлі және
жаңа ақпараттықкомпьютерлік технологияларды интеграциялайтын, білім берудің қазіргі заманғы
талаптарын қанағаттандыратын оқытудың ақпараттықкомпьютерлік орталарын құрудың кешенді
тәсілдерін қарастырады. Сонымен қатар, білім беру саласын ақпараттандыру, бүкіләлемдік талаптарға
сай білім беретін оқу орындарын қалыптастыру мәселесі Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауларынан да
көрініс табуда [2, 3, 4].
Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі, ең алдымен, жоғары сапалы білім беру мен тәрбиелеуді
жаңаша ойлай білетін және аса жоғары деңгейдегі азаматтылығы бар жоғары кәсіптік маман кадрлар
ды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Отандық білім беру жүйесін реформалаудың жаңа
кезеңін анықтайтын бұл міндеттерді шешу қазіргі білім беру мен ақпараттық технологияларға, оқыту
және жастарды тәрбиелеу стандарттарына, оларды жаңа нарықтық жағдайға еңбек етуге дайындауға
сүйенуі тиіс.
Ұлттық білім беру жүйесінің ахуалын талдау нәтижелері әлемнің барлық елдері үшін білім беру
саласын дамытудың бірыңғай негізгі тенденциялары тән екенін аңғартты. Бірінші тенденция – оқытуда
ақпараттықкомпьютерлік технологияларды кеңінен пайдалану. Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі
ерекшелігі оқу үдерісінде компьютерлік техниканың қолданысын кеңейту болып табылады, бұл үдеріс
білім беру жүйесін дамытудың бірінші бағытына жатады. Бірінші бағытқа жатқызудың ең басты
себептерінің бірі дәстүрлі емес оқыту түрлеріне қарағанда дәстүрлі оқыту түрлерінде компьютердің
көбірек пайдаланылуы болса да (әзірге технология сирек қолданылады, ал компьютер, әдеттегідей,
дәстүрлі оқыту түрлерінің тиімділігін арттыру үшін қолданылады); бұл жерде себеп мүлдем басқа.
Оқыту үдерісінде компьютерді қолдану бірінші бағыттың, яғни білім беру жүйесін дамытудың түп
өзегі саналса; екінші бағыт үшін тек қана фон күйінде қалады.
Жоғары кәсіптік білім беру үдерісінде компьютерлік техниканы жиі қолдануда. Жоғары оқу
орындарында студенттерге әр түрлі пәндердің мазмұнын жеткізу, оқу қабілеттері мен дағдыларын
қалыптастыру, көптеген өндірістік және табиғи құбылыстарды өңдеу, оқыту материалын меңгеру
4
сапасын әділ тексеру және алынған білімдер мен қабілеттерді түзетуді жүзеге асыру секілді оқыту
міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін компьютерлік оқыту бағдарламалары әзірленген.
Компьютерді қолдану оқытушы үшін де кең мүмкіндіктер ашты. Баяндалатын мәліметті жоғары
көрнекілік деңгейінде сурет араластыра отырып көрсетуде, оқу қабілеттері мен дағдыларын
қалыптастыруда, оқыту материалын меңгеру сапасын әділ тексеруде компьютердің мүмкіндіктері
зор. Бұл мүмкіндіктердің барлығын немесе белгілі бір бөлігін қолдану арқылы білім беру үдерісінің
тиімділігін арттыруға болады. Бұдан басқа, барлық мамандар қазіргі заманғы кәсіби қызметінде
компьютерлік бағдарламаларды қолданатындықтан, кәсіптік білім беру мекемелері оқыту үдерісінде
оқушылардың компьютерді қолдану және кәсіби компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыруға тиіс [5].
Ақпараттық технологиялар аясында білім беру жүйесін дамытудың екінші тенденциясы –
оқытушының оқу үдерісіне араласуын талап етпейтін оқытатын компьютерлік бағдарламалардың
жаңа түрін жасау және біртебірте кең қолданысқа енгізу болып табылады. Материалды өз бетінше
үйренуге арналған компьютерлік бағдарламалар негізінде ұйымдастырылған осындай оқу үдерісін
оқыту технологиясы деп атауға болады.
Оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дамытудың бірінші кезеңінде негізінен әр түрлі
кәсіби қызметтің жекелеген кезеңдерін модельдеуге және оқу материалын көрнекі түрде жеткізуге
мүмкіндік беретін компьютерлік оқу бағдарламалары дайындалды. Мұндай бағдарламалардың негізгі
қызметі ақпарат ұсыну болды. Бүгінде көпшілікке танымал ақпарат құралына айналған сан қилы
анықтамалықтар мен энциклопедиялар аталмыш бағдарламаларға мысал бола алады.
Оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дамытудың екінші кезеңінде әзірлеушілер ақпарат
ұсынып қана қоймай, оқушылардың бойында қажетті қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға
да ұмтылды. Бұл үшін бір мезетте жауаптың дұрыстығын тексеруге болатын оқу тапсырмалары
мен жаттығуларының компьютерлік бағдарламалары жасалды. Оқытуға арналған бағдарламалық
құралдарды дамытудың бұл кезеңінде қажетті қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру үшін арнайы
тапсырмалары бар көрнекілік, графиктік және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану негізінде
оқу материалын ұсынатын компьютерлік бағдарламалар – электрондық оқулықтар әзірленді.
Электрондық оқулық құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және
берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы
болып табылады. Электрондық оқулықтар оқытудың бір емес, мынадай екі қызметін атқарады: бірін
шісі – жаңа оқу материалын ұсынады, екіншісі – қажетті қабілеттер мен дағдыларды қалыптастырады.
Қазіргі уақытта әр түрлі оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайда
ланылуда, олар оқуәдістемелік материалдар кешенін, сондайақ оқыту процесін басқаратын компью
терлік бағдарламаларды қамтиды. Жалпы білім беру мекемелерінің кейбір оқу пәндері бойынша қазір
осындай бағдарламалар дайындалып, оқу үдерісінде кеңінен қолданылуда. Жоғары оқу орындары үшін
де компьютерлік оқыту бағдарламалары жасалуда.
Оқу үдерісінде бірінші және екінші буынның бағдарламалық құралдарының қолданылуы оның
ұйымдық құрылымын елеулі өзгерістерге ұшыратпайды. Энциклопедиялар мен электронды оқулықтар
көбіне дәстүрлі оқыту процесінде қолданылып жатқан оқулықтар мен оқу құралдарына қосымша
элементтер ретінде қызмет атқарады. Расында, олар дәстүрлі ұйымдық құрылымның оқу үдерісі
тиімділігін арттыруға арналған техникалық құралдар болып табылады. Сондықтан, олар оқыту
үдерісінде компьютерді қолданумен қатар, білім беру жүйесін дамытудың бірінші бағытын сипаттайды.
Оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дамытудың үшінші кезеңінде әзірлеушілер оқу
үдерісінде оқытушының қосымша қатысуын талап етпейтін бағдарламалар жасауды өздеріне басты
мақсат етіп белгіледі. Бұл кезең оқыту үдерісінің технологиясын жасаумен ерекшеленеді.
Бүгінде үшінші буын бағдарламалары айтарлықтай көп дайындалған. Жоғары оқу орындарында
кейбір оқу пәндері бойынша осындай бағдарламалардың жасалғаны туралы деректер бар. Мұндай
бағдарламалық құралдарды қолдану дәстүрлі оқыту түрлері және әдістері арқылы оқу үдерісін жүргізу
ді қиындатады, нәтижеде білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістерді енгізуге қажеттілік туындайды.
Біріншіден, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытуды кеңінен әрі талап етілген сапада жүргізуге
мүмкіндік береді. Осы мәселе төңірегінде қазіргі педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақалалар
5
жариялануда және нақ осы оқыту түрін дамытуға бағытталған ғылымипедагогикалық жобалар мем
лекеттік және аймақтық деңгейлерде жүзеге асырылуда.
Кез келген буынның бағдарламалық құралдарын пайдалану оқу үдерісін ұйымдастыруға өзгерістер
енгізеді. Сондайақ, бірінші, екінші және үшінші буынның бағдарламалық құралдарының бірізділікпен
қолданылуы оқу үдерісінде біртебірте түбегейлі өзгерістердің туындауына алып келеді.
Бірінші және екінші буынның бағдарламалық құралдары ұйымдастыру сипатындағы келесі
өзгерістердің енгізілуін қажет етеді: компьютермен жеткілікті деңгейде жабдықталған компьютерлік
аудиториялар мен зертханаларды құру; оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды сатып алу немесе
дайындау; оқу кестесін құрастыру; білім меңгеру үдерісіндегі студенттердің дербестігін күшейту; оқы
тушылардың компьютерлік дайындығын арттыру.
Мұнда жүзеге асырылатын оқу үдерісін компьютерлендіру үдерісі студенттердің бұрын алған бар
лық білім тәжірибелерін өзгертуді және студенттер мен оқытушылардың рөлдерін қайта қарастыруда
талап етеді.
Технологиялық дамудың жетекші буыны ретінде білім беру жүйесін жоғары деңгейде ұстап тұру,
студенттердің білімдері мен қабілеттерін болашақ кәсіби қызметінде кездесетін жағдайларға барынша
жақындату, оқыту және білім беру тиімділігін көтеру, оқу үдерісіндегі студенттердің дербестігін
қамтамасыз ету қажеттігі осы даму кезеңінде компьютерді қолданудың басты мақсаты болып табылады.
Мұндай жағдайға көбіне студенттер дайын болмай шығады, себебі компьютермен жұмыс істеу
дағдысын қалыптастыру және оқу үдерісінде өз бетінше жұмыс істеу үшін қосымша күш керек. Оның
үстіне, білім беру саласындағы осындай жаңалықтар студенттерді кейде стрестік жағдайға жетелейді,
өйткені олардан бұрынғы стереотиптерін өзгертуді және болашақ кәсіби қызметіне қатысты құнды
бейімділіктерін ауыстыруды талап етеді. Бұл технологияның айқын артықшылықтарына қарамастан,
студенттерде стреске қарсы әрекеттің пайда болуына әкеп соқтыруы әбден ықтимал.
Білім беру үдерісін компьютерлендіруге білімгерлердің әр түрлі көзқараста болатынын кейбір
бақылаулар көрсетті. Мәселен, абстрактілі көріністерді қабылдауды жеңілдету үшін графиктер
мен ани мацияларды пайдалануға және лекция жазуға негізделген жаңа оқыту технологиясын
қолданғанда студенттердің реакциясы бірдей болмады, яғни фактіге негізделген оқу материалының
жеткіліксіздігі нен студенттердің кейбіреулері лекциялық материалды құптаса, кейбіреулері сынға ал
ды. Мұндай көзқарас стресс пен сенімсіздіктің пайда болғанын аңғартады. Тіпті, жаңа оқыту түрлерінің
артықшылықта рын студенттерге тек қана қисынды жолдармен дәлелдеуге тырысу, студенттерді оқуға
деген пікірін өзгертуге және келешекке басқаша көзбен қарауға мәжбүрлеу секілді кейбір факторлардың
стресті жә не өзгерістерге қарсы тұру қабілетін күшейтетіні мәлім [6].
Зерттеушілердің пайымдауынша, қисынды түсіндіруге мынадай әсерлі және сенімді компоненттерді
қосқанда ғана стресті әлсіретуге болады: басқа студенттермен бірге орындалған жұмыстардың
нәтижелерін көрсету; жаңа шарттарға бейімделген бұрынғы ағындар мен топтардағы студенттердің
түсіндірмелерін қолдана сөз сөйлеу; курстарды аяқтағаннан кейін студенттермен және оқытушылармен
тест нәтижелерін талқылау және өзінөзі бағалау мақсатында тест тапсыру.
Тестілеуге сәйкес оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Сендіру арқылы өзгерістер енгізу
студенттерге аталмыш жүйенің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптауға, бұрынғы
топтардың тәжірибелерін талқылауға және оқыту бағдарламасын әділ бағалауға мүмкіндік береді.
Оң көзқарастар мен өзгерістер жанжақты келтірілген дәлелдер арқылы жаңалықтарды мойын
даудың нәтижесі болып табылады. Студенттердің өзгеріс енгізу қажеттігін терең ұғынуы үшін ке
лесілер ұсынылады: оқытушылар мен басқа студенттердің тәжірибесіне сүйене отырып, басқа тұжы
рымдамаларды таңдау мүмкіндігі; оқыту мақсаттарына қол жеткізу, жұмысқа орналасу, ғылыми дәреже
алу, одан әрі оқу және т.б.
Компьютерлік оқытуды енгізу оқытушылар арасында да осындай мәселелерді туғызады. Біздің
болжауымызша, педагогикалық еңбек өтілі көбейген және жасы ұлғайған сайын оқытушылардың өзі
нің қалыптасқан оқыту жүйесіне компьютерді қосуы едәуір қиынға соғады. Осылайша, компьютер лік
оқыту оқытушылардан кәсібін де, ақпараттық құралды да теңдей игеруге, теориялық ойлау қабілетін
дамытуға және зияткерлік ұтқырлығын шыңдауға өзінөзі қайта даярлауын талап етеді.
Үшінші буыннның оқытуға арналған бағдарламалық құралдарын оқу үдерісінде пайдалану оқы
тушы мен оқушы рөлінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді. Бұл бағдарламаларды қолдану оқу үдерісін
6
тіпті педагогсыз жүзеге асыруға болатынын болжамдайды. Мұнда өзіне ыңғайлы кез келген уақытта
(күндіз немесе кешке) және мекенде (үйде немесе жұмыста, бірден немесе бөлекбөлек) қажетті оқу
материалын меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізген оқушының академиялық ұтқырлығы бірден артады.
Сондайақ, оқытушы оқушы мен оқыту құралы арасын байланыстырушы дәнекер рөлін атқарып қа на
қоймай, Интернет көмегімен оқушының өз бетінше істеген жұмысын басқару және түзету қызметте
рін орындайтын кеңесші міндетін де орындай бастайды.
Мұндай жағдайда оқытудың күндізгі және сыртқы түрлері арасындағы алшақтық мүлдем жойылады.
Бұл үшінші буынның бағдарламалық құралдарына негізделген оқыту үдерісін ұйымдастыруға қатысты
бірқатар маңызды мәселелердің түптөркінін ашып береді. Тым жаңа оқуәдістемелік бағдарламаларды
дайындаумен қатар нормативтіқұқұқтық сипаттағы мәселелер де туындайды. Мысалы, ЖООда оқыту
технологиясын қолдану оқытушы санының және оқу алаңының азаюына алып келеді.
Ақпараттық технологиялар аясында білім беру жүйесін дамытудың үшінші тенденциясы – оқыту
үдерісінде Интернет компьютерлік желісінің ресурстарын кеңінен қолдану болып табылады. Бұл
ақпараттық базаның ұлғаюына байланысты оқыту үдерісінің мүмкіндіктерін кеңейту және оқу
шылардың бойында Интернет желісінде жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру секілді екі негізгі
себептен туындайды.
Оқытуда Интернетті компьютерсіз қолданудың мүмкін еместігіне қарамастан, біз олардың әлеует
терінің арасындағы айырмашылықтарға қарай отырып, білім беру жүйесін техникалық дамытудың дер
бес тенденциясы ретінде Интернетке ерекше мән береміз.
Оқушыларда Интернетте жұмыс істеу мүмкіндіктерінің пайда болуы жаңа күтпеген құбылыс тың
туындауына алып келді, олар желідегі ақпаратқа қызығушылық таныта бастады. Тіпті бұл қызы
ғушылықтың артқаны соншалықты Интернетке деген бағыныштылық күшейіп, енді психологтар
Интер неттің қолданушылардың психикасына тигізетін кері зардаптары мен табиғатын зерттеуге
белсене кірісті.
Интернет желісін қолдану сияқты білім беру жүйесін дамытудың тенденциясын ұтымды пайда
ланудың жолдарын қарастырған жөн. Бұл үшін маман психологтар мен педагогтардың Интернетті
негізгі құрал ретінде қолданатын арнайы оқыту технологиясын жасап шығаруы әлемдік ғаламторға
деген бағыныштылықты бейтараптандыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
Дәстүрлі емес негізде білім беру жүйесін дамытудың төртінші тенденциясы – білім беру меке
мелерін ірі білім беру консорциумдарына біріктіру болып табылады. Бұл тенденция жалпы әлемдік
ком пьютерлік желілердің құрылуы мен қашықтықтан оқыту жүйелерінің дамуына тікелей байланыс
ты [6].
Еуропа елдерінде және АҚШта ақпараттық желіні дамытуда қол жеткізілген техникалық
жетіс тік тер білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерге жаңа толқыныс берді. Бүгін
әлемде болып жат қан өзгерістер кейбір білім беру бірлестіктерінің бірігуіне, нәтижеде дәстүрлі емес
университеттердің пайда болуына септігін тигізді.
Мысалы, АҚШтың алты штатында (Канзас, Оңтүстік Дакота, Айова, Миссури, Миннесота, Неб
раска) орналасқан тоғыз университеттің негізінде «МИДАмерика» консорциумы құрылды. Бұл
консорциум әр түрлі оқыту деңгейіндегі оқу курстарын ұсына отырып, бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы оқушыларды көптеп тартуда.
Францияда серіктес жеті университеттен тұратын Телеоқытудың университетаралық шығыс бір
лестігі жұмыс істейді. Бұл университеттердің қашықтықтан білім беру орталықтары басқа уни
верситеттерге қарағанда оқыту деңгейі едәуір жоғары саналатын жекелеген пәндер бойынша өзіндік
бағдарламаларын дайындайды. Студенттерге бірлестік құрамындағы жоғары оқу орындарының ре
сурстарын толық пайдалануға және олардың кеңес беру орталықтарымен байланысуға мүмкіндік
жасалған.
Бүгінгі таңда Қашықтықтан оқыту университеттерінің Еуропалық қауымдастығы Еуропадағы
жо ғары қашықтықтан білім беру жүйесін дамытуда да, білім беру саласына әр түрлі инновацияларды
енгізуде де маңызды рөл атқарады.
Жоғарыда аталған тенденциялар білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістердің болып жатқанын
аңғартады. Тәжірибе көрсеткендей, оқыту технологиясын қолдану арқылы оқытудың технологиялық
жаңа тәсілін қалыптастыруға болады.
7
Оқытудың жаңа компьютерлік немесе желілік әдісінің негізгі айқын белгілері мыналар: білім
алу дың қол жетімділігін кеңейту; оқушылардың оқыту үдерісіндегі ұтқырлығын күшейту; жаңа (қа
шықтықтан) оқыту түрлерін кеңінен қолдану; оқыту үдерісін компьютерлендіру; оқытуда жергілікті
және ғаламдық желілердің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалану; оқыту үдерісінің қарқынын
(технологиялар мен әдістемелердің өзгеру жылдамдығын) үдету; оқыту үдерісінің баламалылығын
арттыру; мұғалімдер мен оқушылардың рөлін азайту; оқыту үдерісінде басқаша құралдарды қолдану;
оқыту үдерісінде басқаша әдістемелерді пайдалану; оқу ақпаратын шектемеу, жедел жаңарту және
ғылыми емес, жалған, қарамақайшы мәліметтерге көптеп кездесу; оқытудың дербестілігін күшейту
[7].
Осы төрт негізгі тенденциядан бөлек бұрындары жетекші рөл ойнаған мынадай екі тенденцияны
да атап өтуге болады: бірінші буынның компьютерлік білім беру бағдарламаларын дамыту мен
кеңінен қолдану және екінші буынның компьютерлік білім беру бағдарламаларын, яғни электрон
дық оқулықтарды дамыту мен қолдану. Қазір үшінші түрдегі оқу бағдарламаларының пайда болуына
және дамуына байланысты бұл бағдарламалар маңызын жоғалтып, жаңа түрдегі кешенді оқу
бағдарламаларының жекелеген элементтеріне айнала бастады.
Қорыта келе, қазіргі өмірдің ақпараттық құраушысының маңыздылығын, жалпы әлемдік ақпарат
тық кеңістікте жақын арада кіру қажеттілігі мен оның кезек күттірмейтіндігін ұға отырып, бұл процесс
ақпараттық мәдениеттің деңгейін жәй ғана арттырып қоймай, жалпы мәдениеттің деңгейін белгілі бір
мақсатты көздей отырып, арттыратынын түсіну қажет. Әрбір студентке ақпараттық технологияларды
пайдалану дағдысы ғана емес, сонымен бірге, қарымқатынастың жалпы мәдени дағдыларын, өз іс
әркетін жоспарлай білу және т.с.с. меңгеру қажет.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеу
меттікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы // www.Akorda.kz. – Астана, 2012.
2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // www.edu.gov.kz. – Астана, 2010.
3. Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» Заңы (2007 ж.) // www.edu.gov.kz. – Астана,
2007.
4. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2007 ж.) // www.edu.gov.kz – Астана, 2007.
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика / Білім беруді ақпараттан
дыру. – Алматы, 2007. – 273 б.
6. Околелов О.П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обуче
ния // Педагогика. – М., 1999. – №6.
7. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. – М., 2006. – 506 c.
Резюме
В статье рассматриваются современные тенденции развития информационной технологии в про
фес сиональной подготовке будущих специалистов. Описаны широкие методы использования ин
фор мационнокомпьютерной технологии в обучении на современном этапе, что является главной
особенностью системы образования.
Summary
This article deals with trends in the development of information technologies in the professional training
of future specialists. As well as describes the broad use of informationalcomputer technologies in teaching at
the present stage. Today the expansion of the use of informationalcomputer technologies in the educational
process is the main feature of the education system.
8
ӘОЖ [51+004]:378.096
Достарыңызбен бөлісу: |