Жүсіп баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата31.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#10885
1   2   3   4   5   6   7
қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді 

дамуын  бекітетін  құралдардың  бірі.  Білім  берудегі 

мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  мақсатында 

ұйымдастырылған  жаңа  мазмұнды  бағдарламадан 

түсінгенім,  қазіргі  білім  беру  үрдісі  адамның  ішкі 

табиғи  мүмкіндіктерін  ашып,  әр  адамның  өзінің 

«менін»  сезінуге,  толықтыруға  көмектесетіндей, 

сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынаста болады 

екен.  Білім  –  тоқтаусыз,  толассыз  үрдіс.  Қарқынды 

дамып  жатқан  өмір  жағдайында  үздіксіз  білім  алу 

қажеттілігі  бізден  тәуелсіз  оқи  білу  қабілетін  талап 

етеді.  Жаңа  заманауи  талаптарға  сай  оқушылар 

тәуелсіз болғанды ұнатады. Ал тәуелсіз оқушыларда 

тәсілдер,  сапалар,  дағдылар  және  білім  кешені 

болады.  Есейіп дамыған сайын оқушы тәуелсіздікті 

көбірек  қажетсінеді  екен.  Ал  білім  беруде  біз  неге 


14

15

мұны  қолданбасқа?  Біз  болашақта  сыни  тұрғыдан 



ойлай  алатын,  өз  білімін  өмірде  қолдана  алатын, 

өзіне сенімді, білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Бұл  

модуль  – қазақ тілін  үйренуде, оқушылардың білім 

деңгейінің өсуіне көп ықпал ететін  тәсілдердің бірі  

деп ойлаймын.  

Ауызекі  сөйлесудің  ең  көп  тараған  және  тіл 

қатынасындағы  соғұрлым  табиғи  түрі  –  диалог.    

Диалог  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырады.Сыныпта  диалог  жүргізілген  жағдайда, 

білім  беру  жеңіл  болады  екен.  Меніңше  сұрақты 

дұрыс    қоя  білу  мұғалім  үшін  сабақ  берудің  тиімді 

құралы болу керек. Бірақ  сұрақты қандай аудиторияға 

қалай  қоясың,  бұл  үлкен  шеберлік  деп  ойлаймын.

Қазақ  аудиториясына  қойылған  сұрақ  пен  басқа 

ұлт  өкілдерінің  аудиториясына  қойылған  сұрақтың 

айырмашылығы  жер  мен  көктей.  Орыс  мектебінің 

балаларын  қазақ  тіліне  үйрететін  болғандықтан 

мұндай  кедергілер  маған  көп  кездесті.  Сонда  да 

болса  осы  балалар  үшін  қазақ  тілін  үйренудегі  ең 

қолайлы да, тиімді әдіс – білімді сұрақ қою арқылы   

немесе диалогтік оқу арқылы оқыту деп ойлаймын. 

Тек  сұрақты  оқушылардың  білім  алу  қабілеттеріне 

сәйкестендіріп  құру  керек.Сұрақ  қою  арқылы 

мұғалім оқушыларын сөйлей білуге, өзінің ойын айта 

білуге, сыни тұрғыдан ойлау, қабілеттерін дамытуға, 

басқа  оқушылармен  пікір  таластыра  алуына  ықпал 

етеді  және  осы  әрекеттерге  жетелейді.  Өзімнің 

сабақтарымда  оқушыларыма    әр  түрлі  сұрақтар 

қоюға тырыстым. Бұл сыныпта мені жақсы түсінетін 

де,  керісінше  мені  мүлде  түсінбейтін  де  оқушылар 

бар. Сондықтан да  сұрақты мұқият ойланып, бәріне 

түсінікті  болатындай  құруым  керек.  Оқушылардың 

ойлау  әрекетін  дамытуда  әңгіме  әдісінің  рөлі  зор 

екеніне көз жеткіздім. Диалог сабақта оқушылардың 

қызығушылығын  арттырады.  Сыныпта  диалог 

жүргізілген жағдайда білім беру жеңіл болады екен.



Диалог  –  тіл  дамыту  үшін,  тілдік  орта  туғызу   

үшін қолданылатын басты  әдістердің бірі. Диалог 

–  бұл  екі  немесе  бірнеше  адамның  арасындағы 

әңгімелесу.  Коммуникативтік  қызметі  бойынша 

диалогта 

төмендегідей 

әрекеттер 

жүзеге 

асырылатынына көзімді жеткіздім:

•  ақпарат алу және оны жинақтау;  

•  ақпаратқа өзінің көзқарасын білдіру;

•  бір  нәрсе  жайлы  мағлұмат  беру  және  жаңа 

қосымша мағлұмат алу.

Осы    сияқты  сөйлесулер  барлық  сабақтарда 

болды. Бірақ, оқушылардың сөздік қорының аздығы, 

қазақ  тіліндегі  сөздердің  байланысын,  сөздердің 

орын тәртібін білмеуі, т.б. себептерден өздері жауап 

іздеп,  тауып,  қорытындыға  келуге  немесе  бірнеше 

баламалы жауаптары бар болуы мүмкін проблемалық 

сұрақтарды қоя алмадым. Бұл қиындықтан шығу үшін 

үнемі  жаңа  сөздер  үйретіп,  тапсырмаларды  өзгерту 

арқылы  сұрақтарды  түрлендіріп,  алған  ақпаратты 

күнделікті  тиімді  қолдануға  жағымды  жағдайлар 

туғызу қажет екендігін жақсы түсіндім. 

Сабақтарда  оқушыларды  белгілі  бір    тақырып-

тарды  талқылауда    серіктестерімен  отырғызу  

пайдалы. Себебі әр оқушы өз пікірін білдіре отырып 

көршісінің  пікірімен  де  танысады,  бірлесе  ортақ 



16

17

шешім шығарады. Мұндай тәсілде оқушы жан-жақты 



ашылады,пікір білдіруде ең озық ойлылар суырылып 

алдыға шығады.Бірақ кемшілігі: егер нашар оқитын 

оқушылар бір топқа жиналып қалса олар мені мүлдем 

түсінбей қалады, өздерін аралдағыдай сезінеді.

Педагогиканың тиімді,  басты тәсілі – әр оқушыны 

жеке тұлға ретінде қарастыру, ал мұғалімнің міндеті  



– 

барлық  оқушылардың  білім  алу,  мақсатқа  жету, 

сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны 

тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл аудару. Демек, 

өзімізді  де,  оқушыларды  да  осы  бағытта  өзгертуге 

ұмтылатын уақыт келді.

   

   


 

Дария КӨПШІЛБАЕВА,

Алматы қаласындағы

№90  мектеп-лицейдің 

мұғалімі.                                                               

КУРСТАН АЛҒАН ӘСЕРІМ

   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» 

демекші,  жанын  салып,  баланы  оқытуда  жалықпай 

еңбек  ететін    ұстаздар    қауымы  –  әрқашан    ізденіс   

үстінде жүретін жандар. Мұғалім жаңалықты игере  

отырып,  оқушымен  санаса  алатын,  әр  шәкірттің 

жүрегіне  жол  табатын,  мейірімді  жан  болуы  керек.     

Курсқа  келіп,  жан-жақты  ресурстармен  танысып, 

жаңа  жүйенің  мазмұнына  үңілу  –  жаңа  қадам 

басуға  жетеледі.    Мен  қалай  өзгердім?  Курстан 

қандай  әсер  алдым?  Биылғы  оқу  жылында  мен  1, 

2,3,4-сыныптарға  қазақ  тілі  пәнін  жүргіземін.  Бұл 

сыныптарға  мен  алдымен  орта  мерзімді  жоспар 

жасадым. Содан кейін әр тақырыпқа күнделікті сабақ 

жоспарын  жазып  отырамын.  Сабақ,  ең  алдымен, 

жағымды психологиялық ахуал орнатудан басталады, 

кейін  оқушыларды  түрлі  тәсілдермен  топқа,  жұпқа 

бөлемін,  жас  ерекшеліктеріне    қарай  үлестірмелі 

материалдар  дайындаймын.  Сабақ  барысында  жеті 

модульдің  бірнеше  түрін  қолданып  отырамын, 

сондай-ақ, тақырыпқа байланысты сын тұрғысынан 

сұрақтар дайындаймын. Оқушылардың сабаққа деген 

қызығушылығын  ояту  үшін  түрлі  сөзжұмбақтар, 

ойын  түрлерін  пайдаланамын.  Мысалы,  «Отан» 

атты  сабағымда оқушылардың сөздік қорын тексеру 

үшін  үш  топқа  үш  түрлі  сөзжұмбақ  дайындадым. 

Оқушылар  берілген  сөздердің  қазақша  баламасын 

тауып,  болатын  сабақтың  тақырыбын  анықтады. 

Нәтижесінде  оқушылардың  жаңа  сабаққа  деген 

қызығушылығы  оянып,  барлығы  топпен  жұмыс  

істеп, өткен сөздерді еске түсірді.


18

19

Диалогтік оқыту әр сабақ сайын жүзеге асырылып 



отырды.  Мен    әр  сабағымда  оқушыларға  сұрақ-

жауап  жүргізуде,  көбінесе  ауызша  орындалатын 

тапсырмалар  дайындаймын.  Үлгерімі  төмен 

оқушыларға  белгілі  бір  уақыт  беремін.  Сондай-ақ, 

кейбір  сабақтарда  берілген  тақырып  бойынша  бір-

бірімен  сұхбат  құрастырады.  Сұхбат  құрастыру 

арқылы  ауызекі  сөйлеу  тілдері  дамиды.  Орыс 

сыныптары болғандықтан, олардың сөйлеу тілдерін 

дамыту – маңызды тәсіл болып табылады.

Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  баланың  ой-өрісінің 

дамуындағы  жетістік.  Алайда,  сыни  тұрғыдан 

ойлаудың  негіздерін  кішкентай  балалармен  жұмыс 

барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында 

білім  берудің  ерте  кезеңінен  дамытуға  болатынын 

түсіндім. Сабақ барысында еркін түрде ойыңдағыңды 

қағаз бетіне түсіру арқылы көрсету, ой бөлісу және 

оны қорытындылау күнделікті дағдымызға айналды.

  Бұдан  басқа  сыныптан  тыс  уақытта  дарынды 

балалармен    қосымша  сабақтар  өткізіп  тұрамын. 

Олардан  шығармашыл  болуды  талап  етемін.  Сабақ 

барысында  бағалауды  бағалау  парақтары  мен 

тиісті  бағалау  фишкалары  арқылы  жүргіземін. 

Топтық жұмыс кезінде әр топ өздерінің араларынан 

көшбасшысын  тағайындайды.  Сөздік  жұмысын 

жүргізгенде  бір-бірінің  тапсырмасын,  кейде  әркім 

өзінің  тапсырмасын  тексеріп,  бағалайды.  Мәтінмен 

жұмыс  жасалғаннан  кейін  міндетті  түрде  сергіту 

сәтін өткіземін. Жаңа тақырыпты түрлі ойындар, атап 

айтқанда,  «Кім  жылдам?»,  «Кім  тапқыр?»,  «Сөзден 

сөз  құрастыр»,  «Сөз  ойла,  тез  ойла»,  т.б.  ойындар 

арқылы бекітіп отырамын. Сабақ соңында рефлексия 

жүргізіледі,  яғни,  балалар  сабақтан  не  білгендерін, 

не ұнағандарын стикерлерге жазып, тиісті көңіл-күй 

смайликтеріне  жапсырып  кетеді.  Әр  сабақта  АКТ-

ны  қолданамын,  презентация  жасаймын.Сонымен 

қатар курстан алған іс-тәжірибемді әріптестеріммен 

де  бөлістім.  Қазақ  тілі  апталығында  4-сыныпта 

ашық  сабақ  өткіздім.  «Оқытудағы  жаңа  тәсілдер», 

соның  ішінде  «Диалогтік  оқыту»  туралы  мектеп 

жиналысында  баяндама  оқыдым,  презентация 

көрсеттім. Менің бұл баяндамамды тыңдаған мектеп 

директоры және көптеген әріптестерім көңілдерінен  

шыққанын  айтып,  маған  қолдау  көрсетті.  Сондай-

ақ, әдістеме бірлестігінің отырысында да «Жаңашыл 

ұстаз – болашақ кепілі!» деген тақырыпта баяндама 

оқыдым.  Әріптестерімді  топқа  бөліп,  оларға 

сын  тұрғысынан  жұмыс  істеуге  тапсырма  беріп, 

психологиялық  тест  жаздырттым.  Олар  да  менің 

тапсырмаларымды  қуана  орындап,  барлығы  өз 

ойларын  ортаға  салуға  тырысты.  Бұл  жаңа  әдістің 

өздеріне ұнайтындығын айтып, сабақтарына өзгеріс 

енгізгісі келетіндерін білдірді.



20

21

Жалпы алғанда,  үш айлық курстан кейінгі өткізген 



сабақтарымның  да,  оқыған  баяндамаларымның  да  

нәтижесі  жаман  емес  деп  ойлаймын.  Мен  өзімнің 

де  сабақ  беру  стилімнің  өзгергенін  байқадым. 

Соған сәйкес оқушыларымның да өзгергенін байқап 

жатырмын. Қазір оқушыларым еркін сөйлеуге, сыни 

тұрғыдан  ойлануға,  өзін-өзі  және  өзгені  бағалауға 

бетбұрыс  жасады.  Топпен  жұмыс  істеуге,  бір-

бірін  сыйлауға,  бір-бірінің  пікірін  тыңдауға  үйрене 

бастады.  Қорыта  келгенде,  алдағы  уақытта  сабақ-                                                                                                               

тарда  жеті  модульді  пайдаланудың  тиімді  екеніне 

көзім жетті. Осындай курстан мектептегі ұстаздары-

мыздың  барлығы  өтсе,  бізге  жұмыс  істеу  жеңіл               

болар еді деп ойлаймын.

Тиімді әдіс – баршаға ортақ

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,

№1 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы,

Щучинск қаласы.



ДИАЛОГТІК  ОҚЫТУДЫҢ  БІР  

ТҮРІ – ЗЕРТТЕУШІЛІК  ӘҢГІМЕ

Жалпы  


мақсаттар:

Диалогтік   оқыту  арқылы оқушылармен 

тіл  табыса отырып, сабаққа 

қызығушылығын  арттырады;

 Зерттеушілік   әңгіме  арқылы   сыни 

ойлауға үйренеді.

Оқыту   

нәтижесі: 

Сабақта   зерттеушілік   әңгіме  жүргізу  

үшін  қабілетті  болу.

Негізгі  

идеялар:


Бұрын  көптеген  мұғалімдердің    сабақ 

беру  үрдісінде  

оқушылардың  еркін  сөйлеуі  тәртіпсіздік  

болып саналатын,  ал қазіргі таңда   

диалогтік  оқыту  оқытудың ажырамас 

бөлігі  болып саналады.

Коучинг   

барысы:


Сергіту  сәті. «Шырша биі».

Мақсаты:   дене   жаттығуларын  жасап,  

бойларын  жазады;

Топқа   бөлу:  аңдардың,  үй  

жануарларының, құстардың суреттері   

бойынша 3 топқа бөлінді.

1-тапсырма: 

Екі  адам   бір- бірінен  сұхбат алады.  

Жұпта    талқылайды. 

Мақсаты:  сабаққа  қызығушылығын   

арттырады, бір-бірімен танысады.



22

23

Слайдтармен   



жұмыс:

Диалог   түрлері  туралы    түсіндіру. 

Мақсаты:  мұғалімдерді     коучингтің   

тақырыбын  түсінуге   жетелеу.

Топқа 

2-тапсырма:



«Әңгімелесу      факторы»   топпен  

талқылау, 6 ойлау   әдісі   арқылы   қорғап  

шығады.

Мақсаты:   сыни тұрғыдан   ойланып,  



оқудағы  қиындықтарды   жеңе   білу.

Әдіс-


тәсілдер:

Ақылдың    алты   қалпағы   туралы  слайд   

көрсетіп,  түсіндіремін. 

Топқа 


3-тапсырма:

Интерактивті    тақтада  тиіннің   сырнай  

тартып    тұрған   суреті.

Осы  сурет   бойынша    сұрақтар 

құрастыру.

Слайдпен 

жұмыс:

Сұрақтардың  түрлерін   айтып  кету.



Сұрақтардың төмен   дәрежелі,  жоғары   

дәрежелі,  ашық  және   жабық  сұрақтар  

болатыны   туралы  түсіндіру.

Келесі   

тапсырма:

Сұрақ  түрлеріне  ойындар   ойнату.

«Мен   кіммін?»,  «Быж-быж ету».

Мақсаты:  оқушыларға    бағыттаушы   

сұрақтар   беруге   үйрену.

Кері   


байланыс:

Мұғалімдер  бағалау   парақтарын   

толтырады.

Ұсыныстар,  тілек   жазып   береді.



2. Коучинг    

атауы.

Топтық    жұмысты  ұйымдастыру;

Жалпы  

мақсаты:


Мұғалімдерді   топтық    жұмысты   дұрыс  

ұйымдастыруға  жетелеу.

Коучинг   

барысы:


Мұғалімдерді   қызықтыру  мақсатымен   

өзім  шығарған   коучинг   туралы  

жүрек   жарды   өлеңімді  оқып  бердім.

Сергіту   сәті. «Егіздер биі».

Мақсаты:  көңілді    әуенмен   бойды  

сергітіп,   қызықты  тапсырмалар   

орындау;


Ұжымды     топқа  бөлу: қалпақтардың  

түстері  арқылы екі  топқа   бөлінді.

Мақсаты:  сыни  тұрғыдан    ойландыру   

арқылы   топпен    жұмыс   істеу    

дағдысын    қалыптастыру.

Интерактивті   

тақтадағы   

слайдтар  

бойынша  

түсіндіру.

Топтардың   көлемі,   топтық  жұмыстың   

маңызы,  оқушыларға  қандай  әсері,  

топтық  жұмыстың   ережесін   шығаруды    

түсіндірдім.

Топтарға 

1-тапсырма.

1-топқа  тапсырма.  «Топтық  жұмыстағы  

ішкі  және   сыртқы   кедергілерді жою».

2-топқа  тапсырма. «Мұғалімдердің топтық  

жұмыстағы  рөлі».

Мақсаты:   мұғалімдер   тапсырманы   

орындау   барысында  тиімді  әдіс-

тәсілдерді меңгереді,   қызықты   

тапсырмалар  орындайды.

Әдіс-

тәсілдер:



«Ыстық    орындық»  әдісі арқылы   өз  

тобының  тапсырмасын   қорғайды.

Мақсаты:  біреуге   алаңдаушылықты  

танытуды  ынталандыруға,   мазмұнды  

«түсінетіндігін» түсінуге  арналған   

драмалық   тапсырма. Сұрақтарды 

зерделеп,  ұстанымдарды   негіздеуге  

мүмкіндік   береді.

Топтарға  

2-тапсырма.

«Жаңа  формация  мұғалімінің    бейнесін   

сомдау».


Мақсаты:  мұғалімдерді   сыни  тұрғыдан  

ойландыру.

Топ жұмысын  

бағалау.


Топ  ішінде  талқылайды.

Әр топ  бірін- бірі   бағалайды.

Бағалау.

Мұғалімдер  бағалау  өлшемдері  бойынша 

бір-бірін  бағалайды.

Кері  


байланыс.

Ұсыныс, тілектерін  ашық  хат  түрінде 

жазып  береді.


24

25

Айгүл АБДУОВА,



Қарағанды қаласындағы

№32 жалпы орта білім 

беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 

КОМПьюТЕРЛІК 

ТЕХНОЛОГИяЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қазақ тілін орыс тілді аудиторияға үйрету кезінде 

ақпараттық  және  компьютерлік  технологияның 

қолданылуының маңыздылығы туралы көп айтылуда. 

Бұл  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  жаңа  саласы 

болып табылады. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы  Қазақстан 

халқына Жолдауында: «...ақпараттық технологиялар 

мен  ақпаратты  таратудың  да  жаңа  нысанына 

бағдарланған  мамандандырылған  білім  беру 

бағыттарын  құру  міндеті  де  алдымызда  тұр»,-  деп 

атап өткен болатын. [2]

Мектептердегі 

компьютерлік 

техниканың 

жетіспеушілігі,  оқушылардың  және  оқытушының 

компьютерлік технология  саласындағы білімдерінің 

төмендігі  –  бұл  мәселені  әлі  толығынан  шешпей 

отыр, әлі де даму барысында.

Біріншіден, 

мұғалімнің 

компьютерлік 

технологияларын  меңгерудегі  білімдері  мен 

дайындығы  оқушының  деңгейінен  озық  болу 

керектігін атап өту керек. Мысалы, қазіргі заманауи 

компьютерлік  техниканың  барлық  мүмкіндіктерін 

біліп  пайдалану,  компьютерлік  байланыс  жүйесінің 

негіздерін білу – мұғалім үшін ең басты талап.

Екіншіден,  әрине,  мұнда  кешенді  мультиме-

диялық  кабинеттің  негізінде  мұғалімнің  өз  саба-

ғының    әдістемесін  толық  біліп,  оны  үйлесімді  

өткізуі – ұстаздың шеберлігі болып саналады.

Қазіргі  таңда  электрондық  пошта  мен  Интернет 

жүйесіне шығу еш қиындық туғызбайды. Кейінгі кезде 

мұғалім  сабаққа материал жинау, жоспарлау кезінде 

интернет  жүйесін  кең  колданатыны  ешкімге  құпия 

емес.  Өз  тәжірибемде  педагогикалық  сайттардан 

керекті  ақпарат  іздеуде  және  мұғалімдердің 

электрондық  қауымдастығында  әріптестеріммен 

байланысып, кеңес алуда, пікір алмасуда интернетті 

жиі қолданамын. Ең ыңғайлы байланыс - электрондық 

пошта арқылы әріптестеріммен ақпараттар, құжаттар 

алмасуды үзбеймін. 

Бүгінгі таңда қазақ тілі сабақтарында компьютер 

жүйесін  қолдану  –  ұстаздың  да,  оқушының  да 

жұмысын  жеңілдетеді,  оқушылардың  сабаққа  деген  

ынтасы  артады.  Керекті  көрнекіліктер,  сызба-

таблицалар,  үлестірмелі  деңгейлі  дидактикалық 

тапсырмалардың  барлығын  компьютерді  қолдану 

арқылы  өткізу  оқушылардың  қабылдауын  жеңіл-

детеді.  Шағын  диктанттар  жазу,  керекті  сөздерді 

орнына  қою,  тест  жұмыстарын  өткізу,  граммати-

калық  тапсырмаларды  орындау,  ауызекі  сөйлесуді 

оқушылар аса  қызығушылықпен орындайды. 



26

27

Мектептегі 



компьютерлік 

кабинеттің 

жабдықталуына  байланысты  сабақтың  сапасы  да, 

мүмкіндігі  де  кеңее  түседі.  Әсіресе,  тақырыпқа 

байланысты  суреттер,  слайдтарды  пайдалансақ, 

сабақ  оқушының    есінде  сақталады.  Өйткені, 

психологтардың  айтуынша,    адамдар  ақпаратты 

қабылдайтынына  қарай  көбінесе,  аудиалдар, 

визуалдар  болып  бөлінеді.  Аудиалдар  ақпаратты 

есту мүшесі арқылы қабылдайды.Визуалдар айнала-

сында  жүзеге  асып  жатқан  құбылыстарға  терең 

үңіліп,  ақпарат  көздері  арқылы  қабылдайды.  Олар 

көз  алдына  суретті  елестетіп,  оны  сипаттап  бере 

алады  [1].  Осыған  байланысты,  оқушының    осы  

қасиеттерін  негізге  алып,  қазақ  тілі  сабақтарында  

компьютерлік  мүмкіндіктерді  кең  қолдану  өте  

қажетті деп санаймын.

Компьютерлік  технологияны  сабақта  қолдану 

барлық  буын    оқушыларының  қызығушылығын 

оятады.  Мұны  әр  сыныптың  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты  қолдана  білу  керек.  Бастауыш  сынып-

тарда  суреттер,  сызбалар  мен  бейнероликтерді 

қолданған  жөн.  Грамматикалық  тақырыптарды 

өткенде,  түбірге  қосымшаларды  дұрыс  жалғау 

үшін  Activ  Board  тақтасы  мен  қаламын  пайдалану 

–  оқушыны  жалықтырмай,  қызығушылығын  

арттырады.  Жоғары  сыныптарда  жұмыс  түрлерінің 

күрделенуіне  байланысты  ізденіс-зерттеу  жұмыс-

тарына көп көңіл бөлу – орынды. 

5-6-сыныптарда қазақ әдебиеті сабағында «Халық 

ауыз  әдебиеті»  бөлімінде    10  сабақтан  тұратын 

презентациялар  топтамасын  жасап,  сабағымда 

қолданған  кезде  оқушыларға  образдық  бейне 

арқылы  қабылдауы  оңайға  түсті.  Интербелсенді 

тақта  қызметінің  арқасында  кейбір  тапсырмаларды 

тез  орындап,  уақытты  үнемдедік.  Дыбысталған 

тапсырмалар оқушылардың есту қабілетін дамытып, 

қазақ  тілінің  дыбыстық  әуезін  дұрыс  қабылдауға 

ықпал етеді. 

Өткен  модульді  бекіту  мақсатында  «Дыбыссыз 

кино»  әдісін  қолданамын.  Бейнекөріністі  дыбыссыз 

көрсетіп, оқушыларға сондағы жағдайға тиісті диалог 

құрастыруын сұраймын. 

Орта  және  жоғары  буын  оқушылары  ізденіс 

жұмыстарын жүргізгенде, өздері әрқилы тақырыптар 

бойынша  оқулықпен  ғана  шектелмей,  өздігінен 

ақпараттарды 

таңдап-іріктеп, 

презентациялар, 

хабарламалар жасап, толығырақ білім алады.

Қазақ  тілін  оқытудағы  компьютерлік  техноло-

гияның 


ерекшеліктеріне 

тоқталып 

кетейік. 

Біріншіден,  оқушы  мен  компьютер  арасындағы 

диалогтің мәтіндік формасын белгілейік. Бұл шектеу 

оқушының  ауызекі  сөйлесу  қатынасының  дамуына 

жол  бермейді.  Дыбыстық  технологиялардың  да 

тез  дамуын  атап  кетейік.  Орта  және  жоғары  буын 

оқушыларына  «дыбысталған» мәтінді тыңдатып, оны 

жазып берулерін сұраймын. Тағы бір жұмыс түрі, ол 

диалогпен жұмыс жасау. «Дыбысталған» сұрақтарды 

тыңдап, жауабын оқушы өзі береді.

Мұғалім  мен  оқушы  үшін  ақпараттық  техноло-

гияны  пайдаланудың  ұтымды  жақтары  мен 

қызметтерін қарастырайық: 

- Тез арада қажетті ақпараттарды табуға болады.



28

29

-  Ақпаратты  образды  түрде  қабылдауға  мүм-  



кіндігі мол.

- Көрнекі құралдың қызметін  толық атқарады.

Оқушыны 


ізденіс-зерттеу 

жұмысына 

талпындырады. 

- Сабақтың уақытын үнемдейді. 

-  Оқушының  алған  білімін  тексеру  және 

бақылауына  ыңғайлы әдіс болып табылады.

Тәжірибе  көрсеткендей,  компьютер  қазақ  тілі 

пәнінің  мұғаліміне,  әсіресе,  білімдерін  тексеру  мен 

бақылау сабақтарында тамаша көмекші құрал болып 

табылады.  Мұндай    сабақтарды  мультимедиялық 

кабинетте өткізген жөн. 

Компьютерлік  және  ақпараттық    технологияны 

қолдану қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын қызықты 

және мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді, сонымен 

бірге  қазіргі  тілді  оқыту  әдістемесінің  алдында  

тұрған мәселелерді шешуге көмек жасайды:

-  оқыту  үрдісінде  жеке,  саралап  оқытудың 

идеяларын дұрыс іске асыру; 

-  жүйелі  бақылау  жұмыстарын  ұйымдастырған 

кезде  оқушылардың  білім,  білік  дағды  деңгейін 

тексеруде  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімін  өнімсіз           

жұмыстан босатып, көмек көрсетеді;

-  оқыту  үрдісінде  психологиялық  жағдай  жасау; 

–  мұғалім  мен  оқушы  арасында  жеке  байланыс        

орнату; 

- оқушылардың жұмысын объективті бағалау;

-  танымдық  қызметін  белсендету,  алған  білім- 

дерін қабылдау және  меңгерудің жоғары деңгейіне 

өту [3].  

Жаңа  технологиялар  –  оқушыны  дамытып, 

оқыту  мен  қазақ  тілі  пәні  мұғалімдерін  жаппай 

қайта даярлаудың  бірегей құралы болып саналады. 

Аталған  технологияның  пайда  болуынан  бастап 

мұғалім  зерттеушіге  айналады.  Зерттеуші  мұғалім 

әрқашан  ізденісте  болады,  ол  оқушысымен  бірге 

үйреніп  оқиды.  Ал  қазіргі  таңда  зерттеуші-педагог 

ақпараттық заман мектебінің басты кейіпкері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет