Жүсіп баласағҰНИ


 жылы Семей қамалы ретінде негізі қаланған. 1783



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата31.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#10885
1   2   3   4   5   6   7

1718 жылы Семей қамалы ретінде негізі қаланған.

1783 жылы Семей деп аталды.

1851 жылы қала елтаңбасы бекітілді.

Жер көлемі – 2781 га. 

Халқы: 324600 адам.

Қалада  –  20  жоғарғы  оқу  орны,  14  колледж,  5 

кәсіптік-техникалық мектеп, 83 жалпы білім беретін 

мектеп, 17 балабақша бар.



6 кітапхана, 2 театр, 3 кинотеатр жұмыс істейді.

Қала аумағында – 4 мұражай бар. 

Өйткені ол ескі қалалардың бірі. 

Мұғалім оқиды.

- Қай жылы, қашан болды?

-  Сандарды  сызу  тақтадан  көрсету.  Сандарды 

дұрыс айту. (Сан есімді қайталап кету)

5)  Мемлекеттік  тілді  игеру  әрбір  азаматтың 

борышы, сондықтан біз сөздік қорымызды байытып, 

толықтырып, молайтуымыз керек. 

Сөздік:

ұлт өкілдері  – представители национальностей;

жаңа  –  новый;

орталық  – центр;

оқу орны – учебное заведение;

атақты  – известный;

ескерткіш  –  памятник;

мұражай – музей;

туу – родиться.

Сөздік жұмысы.

Тақтадағы сөздердің дұрыс аудармасын табуымыз 

керек,  егер  аудармасы  дұрыс  болмаса  сөз  орынына 

тұрмайды. Сөздермен сөз тіркестерін  құрастырамыз.

6) Енді, балалар, біз шағын саяхатқа шығайық.

-  Саяхатымызды  қаламыздың  орталық  алаңынан 

бастаймыз.  Бұл  Абай  атындағы  алаң,  алаңда  біздің 

барлық мейрамдар өткізіледі.


50

51

-  Қала  тұрғындары  мен  қала  қонақтарының           



сүйікті жерлерінің бірі.

- Абай кім? 

- Абай қазақ халқының ұлы ақыны.

- Мынау – әкімшілік. 

-  Мұнда  қаланың  басқару  жүйесі    әкім  және 

көмекшілері отырады.

- Мынау – театр.

-  Кәне,  балалар,  театр  туралы  өздерің  не 

айтасыңдар? 

- Құрылған жылы. 



- Семей  музыкалық драма театры 1920 жылы 

құрылған.  Труппа  ұйымдастырушы    М.Әуезов, 

Қ.Сәтпаев  және  режиссер  Ғ.Төребаев  бастаған 

болды.  Өз  шымылдығын    І.Жансүгіровтің  «Кек» 

драмасымен  ашты.  Алғашқы  жылдары  театр 

құрамында Ә.Қашаубаев та болды. 1945 жылы  Абай 

Құнанбаев    есімі  берілді.  Бір  шатырдың  астында 

2  театр  бар.  Абай  атындағы  және  Достоевский 

атындағы. Міне, халықтар достығының айғағы. Абай 

кім? Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Семей орыс 

драма    театры  1935  жылы  құрылды.  1975  жылы  

Ф.М.Достоевскии  есімі  берілді.1937-1940  жылдары 

аралығында: А.Н.Афиногенов, В.М.Гузеев еңбек етті.

- Александр Песков – жас актер.



- Әміре Қашаубаев кім? 

-  Семейде  Абыралы  деген  жерде  туған.  Әміре 

бүкіл  қазақ  даласына,  бүкіл  дүние  жүзіне  әйгілі 

болған.  Әміре  1925  жылы  Парижде,  1927  жылы 

Майндегі Франкфуртте ән шырқады. 



- Қандай атақты өнер  адамдарын білесіңдер?

- Бибігүл Төлегенова – 1929 жылы дүниеге келген 

біздің  жерлесіміз,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген                                                                                                                 

әртісі,  еңбек  жолын  осы  қаламыздағы  ет  комбина-

тынан бастаған.



-  Роза  Рымбаева  –  қазақ  кеңес  эстрада  әншісі, 

Қазақстанның  халық  әртісі.  Ол  1957  жылы  28 

қазанда, Семей облысының Жарма ауданында туған. 

Бүгінгі күнде Р.Рымбаева – Қазақстан эстрадасының 

жұлдызы,  танымал  әншісі,  ардақты  ана,  қоғам 

қайраткері.



-  Әсем  Омарова  –  Семей  топырағынан  шыққан 

жас әнші. Әсем ел көлемінде ғана емес шет елдердегі 

байқауларда да жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол 

«Жас қанат – 2009»  байқауының бас жүлдегері. Әсем 

– біздің мектебіміздің түлегі.

-  Алаңнан  кішкене  былай  жүрсек  біз 

Достоевский мұражайына тірелеміз.

- Достоевский кім?

-  Орыс  жазушысы.  Ол  біздің  қалаға  жер  ауда-

рылып келген.1856 жылдың  қараша  айында  Шоқан 

Уәлиханов  Семейге  келіп  М.Ф.Достоевскиймен 

кездеседі.  Шоқан  Уәлиханов  пен  М.Ф.Достоевский 

арасында жылы достық қарым қатынас болды.     

- Басқа қандай мұражайлар бар?

ә) «Абай» мұражайы.

а) «Өлкетану».

б) «Невзоровтар отбасының».

в) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған 

«Музей боевой славы».

- Енді біз орталық саябаққа бет бұрамыз.


52

53

- Бұл жерде қала адамдары, қонақтар дем алады.



- Саябақта қандай ескерткіш бар? Кімге арналған?

- Шәкәрім Құдайбердіұлына.

- Ол кім?

- Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы ойшыл, ақын. 

- Оның атында даңғыл  бар.

- Жақында 150 жылдық мерейтойы өткізілді.

-  Енді,  біз  Бауыржан  Момышұлы  көшесімен 

қаладағы ең ескі оқу орнына қарай жүреміз.



- Бұл медицина академиясы.

- Халықаралық маңызы бар. 

-  Мұнда  көрші  елдер  мен  шет  елдерден  келген 

студенттер білім алады.

-  Қаламызда  басқа  қандай  жоғарғы  оқу  орындар 

бар?


-  Семей  педагогикалық  университеті,  Шәкәрім 

атындағы  университеті,  Заң  университеті,  Жаңа 

инновациялық университеті, т.б.

- Ал, енді, қарсы бұрылайық?

- Қандай ескерткіш?

-  Бұл  ауған  соғысында  қаза  болған  біздің 

жерлестерімізге арналған.

-  Енді,  балалар,  қазір  Абай,  кеңес  заманында 

Советская,  ал  одан  бұрын    Алаш  Орда  көшесімен 

саяхатымызды жалғастырамыз.



- Мынау – «ямышев» қақпасы.

-  1718  жылы    қамал  салынған.  Қамалдың 

үш      қақпасы  болған.  Ямыш  деп    көлдің  атына 

байланысты  аталған.  Бұл  көлден    тұз    өндірілген. 

Біздің  заманымызға    дейін  батыс  қақпасы  ғана 

сақталған.  Өлкетану  мұражайда  осы  қақпаның                                                                                

құлпы  сақталған, оның салмағы 7 кг 832 г.

- Осы қақпа арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. 

- Одан әрі қарай қозғалайық.

-  Алдымызда  аспалы  жаңа  көпір.  Осы  көпірде 

тұрып көз салайық, неше көпір бар? 

- 3 көпір бар.

- Дұрыс.


- Қай өзен арқылы?

- Ертіс өзені.

- Ертіс өзені қаланы 2-ге бөліп тұр, сол жағалауы 

Жаңа  Семей,  ал  оң  жағалауы  ескі  Семей  деп                

аталады.

- Көпірді кімдер салды?

-  Жапониядан  келген  «ІНІ»  компаниясы 

салған.2001 жылы қолдануға берілді.

- Дұрыс.

-  Бұл  көпір  өткен  мен  қазіргі  заманды  жалғас-

тырады.

- Ата-бабаларымыз айтқандай: «Өткен өмірсіз 

болашағымыз болмайды» деген.

- Енді, балалар, саяхатымызды аяқтаймыз.

-  Келесі  сабағымызға  сол  жағалауды  өздерің 

зерттеп, клип, презентация, шығармашылық жұмыс 

істеп  әкелесіңдер.

-  Ал,  енді,  біздің  өз  мектебімізге  Дастенов            

көшесі арқылы қайтып оралайық.

- Дастенов деген  кім? Зерттеңіздер.



Ал 

енді, 

балалар, 

сабағымызды 

жалғастырайық.


54

55

- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз 



не?

Бір сөйлем құрастырып дәптерлерге жазамыз.

Менің қалам әдемі, бірақ құрылысы жағынан ескі.

Тақтамен жұмыс: Аудармасын дұрыс табу.

Енді сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Сен қай қалада тұрасың?

- Ол қандай қала?

- Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Олар қалай тұрады?

- Ол бұрын қалай аталған?

- Бұл қала облыс орталығы ма?

- Қалада қандай оқу орындары бар?

- Бұл қалада қандай атақты адамдар тұрған?

- Оларға арналған ескерткіштер, мұражайлар бар 

ма?

- Қалада қандай өзен бар?



Қорытынды: 

Бүгін  біз  бірталай  жаңалық  аштық,  есімізге 

түсірдік. Қала туралы зерттеулерді келесі сабақтарда 

жалғастырамыз.



Бағалау.

Үйге тапсырма беру: 

1)  Сөздік,  жаңа  сөздерді  есте  сақтау,  диалог 

құрастыру, кесте толтыру.

                                                              Баян ЖАПАРОВА,

                                                                      Екібастұз қаласындағы

                                                                      №9 орта мектептің

                                                                      қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                      пәнінің мұғалімі.

ЕТІСТІКТЕН ӨТКЕНДІ          

ҚАЙТАЛАУ

(5-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Көктем 

туралы  мәлімет  беру.  Сурет  бойынша  әңгіме 

құрату дағдысын жалғастыру. Сөздік қорын байыту 

бағытында  жұмыстар  жасау.  Етістіктерді  қайталап, 

жаттығу барысында бекіту; тәрбиелік – табиғаттың 

көркемдігін сезіну,  қорғауға  тәрбиелеу. Сауатты оқу, 

жазу дағдыларын молайту; дамытушылық – қисынды 

ойлау қабілетін дамыту.



Түрі:  жаңа  білімді  игеру.  Әдісі:  сөйлесім 

әрекеттері: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, 

тілдесім, жұппен, топпен  жұмыс. Көрнекілік: жыл 

мезгілдерінің    суреттері.  Жабдығы:  интерактивті 

тақта, маркерлер, плакат.

Сабақтың  барысы:

1.  Ұйымдастыру    кезеңі.  Сыныпты    сабаққа  

әзірлеу.


Балалармен  сәлемдесу, оқушыларды  түгелдеу. 

Ауызекі  сөйлесу.  Оқушылар  бір-біріне  сұрақтар 

қояды.

- Қазір қандай жыл мезгілі?



56

57

- Қыс айларын атап шықшы?



- Бүгін аптаның қай күні?

- Апта күндерін білесің бе?

- Ауа райы қандай?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 

Диалогті досыңмен жатта.

Бағалау.

Мұғалім:  -  Балалар,  қазір  сендермен  қосымша 

дәптерімізге  фонетикалық  талдау  жасаймыз. 

Орнымызда  орындаймыз  (Бір  оқушы  әр  топтан 

тақтаға шығып талдайды, қалғандары орындарында).



Фонетикалық талдау.

1-топ - Боран.

2-топ - Қыс.

Бағалау.


ІІІ. Жаңа  тақырыпқа  шығу.

Қызығушылығын  ояту.

Интерактивті    тақтадан  көктем  суреттері 

көрсетіледі. (Флипчарттың 1-4 беттері).



СУРЕТТЕР.           

- Тақтада не бейнеленген?

- Бір сөзбен қалай атаймыз? (көктем)

-  Балалар,  сендер  қалай  ойлайсыңдар  бүгінгі 

сабақтың тақырыбы қандай?

- Бүгінгі сабаққа сендер қандай мақсат қоясыңдар?

(сөйлесу, жазамыз, талдаймыз)

-  Мақсатымызға  жету  үшін  қандай  жұмыс  

жүргізесіңдер?

(Диалог 


құрастырамыз, 

жаңа 


сөздермен 

танысамыз, сөйлемдер құрастырамыз).

-  Балалар,  айтыңдаршы  көктем  дегенде  қандай               

ой туды? (Топпен жұмыс).



«Кластер»  «Көктем»  сөзіне  байланысты

Сөздер, сөз тіркестерін жазу.)

                            Айлары                 

                         

      Ауа райы           Көктем    

                                                            

Оқушылар 

тақтаға 


шығып 

кезекпен 

ассоциацияларын қорғайды. 

Дәптерге жұмыс.

Күнді жазу.

Сабақтың  тақырыбы:  Лексикалық      тақырып: 

Көктем.

Грамматикалық    тақырып:  Етістіктен  өткенді 



қайталау.

1. Сөздік жұмысы.   (флипчарттың 6-беті)

Сөздік  жұмысы  жүргізілген  кезде  «нысанды 

өңдеу»  құралы қолданылды.

(шторка) 

Берілген сөздердің аудармасын тексеріп, оқиды.

Бұлбұл –                     соловей

Торғай –                      воробей  

Қарлығаш –                ласточка

Ұшып келді –             прилетели

 


58

59

-  Балалар,  сендерге  осы  сөздердің  ішінде  таныс 



сөздер бар ма? Қандай сөздер?

Сөздердің  мағыналарын  түсіндіру  дұрыс  айтуға 

дағдыландыру.

а) мұғалім мәнерлеп оқиды;

ә) оқушылар дауыстап қайталайды.

2. А)Оқылым. Жазылым. Жұптық жұмыс.

Құстың ұясы

Балалар  ойнап  жүріп,  ағаштың  арасынан  бір 

құстың  ұясын  көрді.  Бұл  ұяның  ішінде  екі  балапан 

отыр  екен.  Балалар  оларды  алып,  үйіне  әкелді. 

Әкесі баласына: «Бұл балапанды ұядан неге алдың? 

Шешесіз  балапандар  өліп  қалады,  әрі  шешесі  де 

қайғырады» деді.

Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.

Сөздік:

ұя – гнездо;

тұра алмайды – не смогут жить;

әкелді – принесли;

қайғырады – будут горевать;

шешесіз – без матери;

өліп қалады – погибнут.

І топ (қазақ тілінде)

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мазмұнын айтыңдар. 

І топ (қазақ тілінде)

2-тапсырма. Етістіктердің астын сызыңдар.

ІІ топ (орыс тілінде аударады)

1-тапсырма. Мәтінді оқы.Мазмұнын айтыңдар.

І топ (қазақ тілінде)

2-тапсырма. Етістіктердің астын сызыңдар.

3. Оқулық бойынша жұмыс. 161-бет.

Ә)  Айтылым.  1-тапсырма.  Сурет  бойынша 

сұрақтарға жауап бер

Сұрақты бір-біріне оқиды.

1. Бұл қай жыл мезгілі?

2. Көктем айлары қандай?

3. Жерде не жатыр?

Б)  Тыңдалым.  2-тапсырма.  Өлең  бойынша 

тыңдалым  әрекетін  іске  асыру.  Мұғалім  жазылған 

өлеңді (интербелсенді тақтадан) тыңдатқызады.

Мәнерлеп  оқу  дағдысын  қадағалау.  Кезек-кезек 

оқиды.

Мұғалім:  -  Балалар,  сендер  қандай  өлеңдер 

білесіңдер?  «Көктем,наурыз  туралы»  кім  айтады? 

(Оқушылар өлеңдерді айтады.)

В) 3-тапсырма.

СУРЕТТЕР. Көктемде қандай мерекелер бар?

Открыткаға  оқушылар  құттықтау  жазады  (Өлең, 

т.б.)

Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты» ойынын ойнату.



Музыкалық  сергіту сәті.

Мұғалім:  -  Ережені  қайталау.  Етістік  дегеніміз    

не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Мысалдар айтқызу.

Г)  Жазылым.  Берілген  сөздердің  етістіктерін 

анықтап, сәйкестендіріңдер.

Көктем                         ұшып келді

Қар                               келді

Күн                               еріді

Құстар                          келді

Г) Ізденіс жұмысы. Топтық жұмыс (5 мин).


60

61

К 



Н 

А 

У 



Р 

Ы 

З 



Ө 

Д 

Қ 



Ұ 

С 

Ь 



М 

К 

Р 



Ы 

Б 

Ң 



А 

Ж 

Т 



О 

Р 

Ғ 



А 

Й 

Ф 



Е 

К 

Р 



І 

У 

Ә 



С 

М 

А 



М 

Ы 

Р 



В 

Х 

Сөздерді дәптерлеріңе жазыңдар.



Рефлексия.  «Көктем»  сөзіне  5  шумақты  өлең 

құрастыру. 

ІV.  Қорытындылау.  Нені  білдік?  Көктемде 

қандай мерекелер бар екен?

3.2.  Ізденіс  жұмыс.  Топтық  жұмыс  (5  мин).  Неге 

қазақ халқы: «Жаз келді, көктем шықты, қыс келді, 

күз түсті»,– дейді?



(Флипчарттың 9-беті)

1).  Топта  зерттеп,  қорытындыларын  тақтаға 

жазады.

Оқушылардың жауаптары.



2)  Берілген  ақындардың  шығармаларынан  дәлел 

келтіріңдер.

Жаз. Атымды  ертте, балалар,        Күз. Күз түсті тағы да,

Күлімдеп, міне, жаз келді.              Жапырақтарды сарғайтып.

Түйе боздап, қой қоздап                  Бермеймін маза жаныма

Тізіліп қатар қаз келді.                    Жүректе жүрген әнді айтып.

Қыс. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.    Көктем. Сансыз көкек сұңқылдап,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.                Көктем шықты ертелеп.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,                           Нәзік үнмен сыңқылдап

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.                 Бұйра бұлақ еркелеп.

3) Берілген сөздердің антоним мен синонимдерін 

табыңдар. 

Жылы,  солтүстік,  басталып,    көктей  бастайды, 

уақыты, ыстық, серуендеуге, әдемі. (5 мин)



4. Бақылау.

1. Көктем басы – Наурыз,

   Той-мереке – сәніміз.

   Көктем келіп,

   Мал төлдеп,

   Уыз іштік бәріміз.

2. Келіп көктем құстары

   Бау-бақшаға ән салды.

   Оларды жас достары

   Ұя жасап қарсы алды.

3. Көктем қандай көңілді,

   Күміс жаңбыр төгілді.

   Мөлдір аспан ашылып,

   Күннің көзі көрінді.

4. Жыл мезгілі шуақты,

   Жердің беті нұрланған.

   Сайды қуып су ақты,

   Гүлдер өсті ырғалған.

 5. Ой, балалар, балалар,

    Жылы-жылы жел соқты,

    Жылғалардан су ақты.

    Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

    Жер қарайды, жаз кепті.


62

63

Назымгүл БАЙМАҒАМБЕТОВА,



«Павлодар қаласының 

№39 инновациялық үлгідегі 

гимназиялық сыныптары бар 

жалпы орта білім 

беретін мектебінің» 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

КҮЗГІ СЕРУЕН

(5-сынып)

Р/с Сабақ 

кезеңдері

Мазмұны 


1.

Мақсаты: 

1. Білімділік – «Дыбыс және 

әріп» тақырыбынан өткен 

материалды қорытындылау, 

оқушылардың талдау 

машықтарын қалыптастыру; 

2. Дамытушылық – 

оқушылардың логикалық 

ойлауын, сөйлеу мәдениетін 

жетілдіру;

3. Тәрбиелік – ана тілін 

ардақтап, бағалай білуге 

тәрбиелеу.

2.

Түрі:


Танымдық-қайталау сабағы.

3.

Әдіс-



тәсілдері:

Жұмбақ өлеңдер, талдау, 

мәтінмен жұмыс, мағынаны 

ашу, салыстыру, іздендіру.

4.

Көрне-


кілігі:

Үлестірмелі тапсырмалар, 

шығармашылық жұмыс.

Сабақ барысы:

1.

Ұйымдас-


тыру:

- Оқушылармен амандасу.

- Кезекшіні тыңдау.

- Үй жұмысын тексеру.

Жұмбақ.

Фонетикалық екі ұғым,



Бірі мен бірі туыстас;

Бірі – айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады да 

көрінеді.

Бұл не?

Жауабы: Әріп пен дыбыс.



Сұрақтар:

- Дыбыс пен әріптің 

өзгешелігі неде?

- Сөз неден тұрады?

- Ал мәтін неден тұрады?

Топтарға бөлу: шешендер, 

білімділер, полиглоттар.

1. Жұмбақ өлең.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?



64

65

2.



Сабақ 

тақырыбын 

ашу.

Шөп сарғайып,



Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады? 

(Күзде)


Ой қозғау.

- Күз мезгілін ойша қалай 

елестетесіңдер? (Топпен 

жұмыс – плакаттар арқылы 

жауап береді).

- Оқушылар өз ойларын 

жазып, бір-бірімен бөліседі.

3.

Мәтінмен 



жұмыс.

Күз – жылдың төрт мезгілінің 

бірі. Бұл мезгілде Жер 

шары өз орбитасының күн 

мен түннің күзгі теңелу 

нүктесінен Күннің қысқы 

тоқырау нүктесіне дейінгі 

аралығында болады. 

Қыркүйек, қазан, қараша – 

күз айлары болып есептеледі. 

Күзде күн суытып, көлдер 

мен өзендер тартылып, 

өсімдіктер қурап, ағаштардың 

жапырағы түседі. 

Күн қысқара бастайды. Егін 

піседі, мал семіреді. Жыл 

құстары тізбектеліп, жылы 

өлкелерге ұшып кетеді. 

Шаруашылықтың жиын-

теріні аяқталып, жұрт қыс 

қамына кіріседі. Жаздай 

демалған балалар мектебімен 

қауышады.

4.

Мәтінге 



мазмұндық 

талдау.


Түрі

Мазмұны


Берілетін баға

Мәтін Қыркүйек 

айының 

ерекшелігі



1. Қыркүйек – 

күздің қандай 

айы?

2. Қыркүйек 



айында 

адамдар не 

істейді?

Сергіту сәті.

5.

Фонети-


калық 

талдау.


Қыркүйек

•  Сөзде неше буын бар?

•  Буын түрлерін ата.

•  Қанша дауыссыз дыбыс 

бар?

•  Дауыссыз дыбыстарға 



мінездеме бер.

•  Дауысты дыбыстарға 

мінездеме бер.


66

67

Күз мезгілінің ортақ 



қасиеттері мен ашық және 

бұлтты күндегі аспанды 

салыстырайық.

Оқушылар өздерін тексереді.

Берілген сөздерде қанша 

әріп, қанша дыбыс бар? Асты 

сызылған сөздегі дыбыстарға 

мінездеме беріңіздер.



Күзде, суық, құстар.

Қорытын-


дылау.

«Ойлан, тап» ойыны.

Қыркүйек қоңырауы

Алтын ________ Қыркүйек.

________ қара. Күн жылы.

Жарқын ___________ , 

қыркүйек.

Жайнайды ________ күні.

Сырбай Мәуленов

Керекті сөздер: жер, күз, бұл, 

күз.

Парақтар таратып беру, өз 



ойларын жазғызу.

Бүгінгі сабақта

Нені еске 

түсірдім?

Нені 

үйрендім?



Үй 

жұмысы.


«Күз мезгілі» тақырыбына 

жазбаша мәтін құр және 

мазмұнда.

Бағалау.


Бағалау парағы арқылы 

бағалау.


 

Ашық 


күндер 

Ортақ 


қасиеттер 

Бұлтты 


күндер 

   


   

 

Лейла САДЕНОВА,



Қарағанды  қаласындағы

№74 жалпы орта білім беретін 

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет