Литература
1. Калъницкий Б.Д. Минеральные вещества в кормлении животных / Б.Д.
Кальницкий. - Агропромиздат, 1985. - 205 с.
2. Топорова Л.В. Сбалансированное кормление высокопродуктивных животных –
основа профилактики и лечения нарушений веществ / Топорова Л.В., Архипов А.В.,
Топорова И.B., Андреев В.В.//Организация кормопроизводства и сбалансированного
кормления крупного рогатого скота в хозяйствах Московской области по фактической
питательности кормов: Материалы научно-производственного семинара, Дубровицы,
ВИЖ-2010.-С. 51-62.
ƏОЖ 639.3
ТҰҚЫМ ӨСІРУГЕ БЕЙІМ ТОҒАНДАРДА БЕКІРЕ БАЛЫҚТАРЫН ӨСІРУДЕГІ
ӨНІМДІЛІК ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Барақбаев Т.Т., Мажибаева Ж.О., Жаркенов Д.К., Нұрғазы Қ.Ш.,
Қазақ ұлттық аграрлық университет, Алматы
Аннотация
В статье приведены результаты выращивания русского осетра в монокультуре и
поликультуре с растительноядными рыбами в прудах. Дана сравнительная оценках
рыбоводно-биологических показателей двухлеток русского осетра при выращивании в
моно- и поликультуре. Отражена динамика темпа роста русского осетра по весовым
группам. Показана принципиальная возможность выращивания русского осетра в
поликультуре с белым амуром и белым толстолобиком в приспособленных карповых
прудах в условиях рыбоводных хозяйств юга Казахстана.
Annotation
In this article are presented the database of productive potential of two- years-old russian
sturgeon according to the breeding in ponds in South of Kazakhstan. Shown the results of breeding
the russian sturgeon in monoculture and polyculture with grass carp and silver carp. Given the
comparative price of fish-breeding and biological database of two-year-old of russian sturgeon,
which bred in polyculture with grass carp and silver carp. Presented the dynamic of temp of growth
for every weight group of russian sturgeon. Shown the possibility of principle of breeding the
russian sturgeon in adapted ponds in polyculture together with grass carp and silver carp in
conditions offish-breeding farms in South of Kazakhstan.
Кілт сөздер:
бекірелер, орыс бекіресі, монокультура, поликультура, бейім тоғандар.
Қазақстанда тауарлы бекіре шаруашылығын дамыту үшін, бекірелерді тоғанда
өсірудің үлкен маңыздылығы бар. Бұл əдіс суқойманың табиғи қоректік қорын қолдану
191
арқылы, жасанды қоректің шығынын азайтуға алып келеді. Бекіре шаруашылығында тұқы
өсіру тоғандарын қосымша балық өсіру - мелиоративті іс-шараларын жүргізу арқылы
пайдалануға болады. Сонымен қатар тоғандарда əр түрлі балықтарды əр жастық топпен
топтастырып өсіру барысында, қоректік қоры тиімді пайдаланылып, тұқымдық
балықтардың жəне тауарлы балықтардың өзіндік құны айтарлықтай төмендейді.
Қазақстанда ең алғаш 2008 жылы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мемлекеттік
бағдарламасы аясында ЖШС «Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ» аквакультура
лабораториясымен Шелек тоған шаруашылығында (VI балық өсіру аймағы) тұқы өсіруге
бейім тоғандарда орыс бекіресін өсіру технологиясын жетілдіру жəне бейімдеу жұмыстары
жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде екі жастық орыс бекірелері пайдаланылды.
Бекіре балықтарын өсімдік қоректі балықтармен (ақ амур жəне ақ дөңмаңдай) моно
жəне поликультурада өсірілді. Поликультура əр түрлі қорекпен қоректенетін балықтарды
бірге өсіру негізі болып табылады. Бекіре балықтары насеком дернəсілдерімен азықтанатын
бентофаг болып табылады, ал ересектері балықтармен қоректенеді. Ақ амур өсімдік қоректі
балық, жас өсімдіктерді жейді, бірақ қорек тапшылығы барысында оң түстік аудандарда
қоға жəне қамысты да қорек ретінде пайдалана береді. Ақ дөңмаңдай негізінен
фитопланктон жəне детритпен қоректенеді.
Бекіре балықтарын басқа балық түрлерімен поликультурада өсіру, суқоймадағы
қоректік қорды толық пайдалануға болатын тоғандық қорды игеру тиімділігін арттырудың
бір жолы болып табылады.
Тоғанда орыс бекіресін өсіру барысында ресей ғалымдарының бекіре балықтарын
тоғанда өсіру технологиясына жасалған нормативті-техникалық əдебиеттер жəне
əдістемелік ұсыныстары пайдаланылды [1,2,3,4].
Зерттеуге тереңдігі 1,7 м дейін жететін, су жинаушы тоғаннан өз ағысымен келіп
түсетін тұқы өсіру тоғандары пайдаланылды. Тоғандағы судың жалпы гидрохимиялық
көрсеткіштері қажетті жағдайда бекіре балықтарын өсіруге мүмкіндік береді.
Вегетациялық кезең барысында гидрохимиялық көрсеткіштерге, яғни су
температурасына, оттегісіне, судың белсенді реакциясына (рН) жəне биогенді
элементтердің болуына мониториг жүргізілді. Температура көрсеткіштері 18,8-26,8
0
С
аралығында ауытқыды, оптимальді 22-26
0
С болды. судың белсенді реакциясына (рН) 7,5
жəне 8,5 аралығында өзгеріп отырды. Су құрамында еріген оттегі көрсеткіштері
тəжірибелік зерттеу барысында, күндізгі уақыттарда 6 мг/л төмендемеді. Биогенді
элементтер құрамы шектік нормасынан аспайды.
Көктемде бір жылдық орыс бекірелерін отырығызу барысында отырғызу тығыздығы
2000 мың дана/га болды. Бекіре балықтарын поликультурада өсіруге отырғызу тығыздығы
170 дана/га жəне 500 дана/га болатын біржастық ақ амур жəне ақ дөңмаңдай өсімдік қоректі
балықтары орналастырылды. Тəжірибелік тоғандарда балықтарды өсіру кезеңі 160 күнге
созылды.
Бекіре балықтарының өсіру нəтижесін бағалау тоғандық технологиясы жағдайларына
сəйкес 20 күнде 1 өткізілетін бақылаулық аулау арқылы жүзеге асты.
Бекіре балықтарын тоғандарда қарқынды өсіру барысында дене салмағының өсу
жылдамдығының кең ауқымдылығы байқалған. Бір жастағы дарақтардың өсіміндегі үлкен
артықшылықтар, яғни тез өсіп кетуі, дене көлемі кішірейіп қалған дарақтардың артта
қалуна сонымен қатар каннибализмге əкеліп соқтырады. Мұндай жағдайды болдырмас
үшін бекіре балықтарын дене салмақтарына байланысты екі немесе үш топқа бөлу
ұсынылады. Кейін балықтарыдың өсуі теңеледі, топтағы ауытқулар азаяды жəне өнім
жоғарылайды [3].
Зертеу барысында салмақтық топтары бойынша орыс бекіресінің өсу темпіне баға
берілді. Жалпы бір жастық орыс бекірелерінің ішінде (600 дана) кіші дарақтар салмағы 27-
74 г аралығында 40,0% құрады, орта салмақтағы дарақтар 75-тен 122 г аралығында 30,0%,
яғни 180 дана, ал ірілері 123 г жəне 169 г аралығында ауытқып 30,0%, құрады.
192
Тоғанда балықтарды өсіру барысынсында екі кезең айқындалды. Бірінші (І) кезең (50
күн) екі жасты бекірелердің белсенді өсуімен сипатталады, ал екінші (ІІ) кезеңде (110 күн)
өсімнің айтарлықтай бəсеңдегіне байқалады.
Орыс бекіресін монокультура жəне поликультурада өсімдік қоректі балықтармен
бірге өсіру барысындағы мəліметтер, яғни өсу қарқыны бойынша салмақтық топтармен
(граммен) бақылау ауларынан кейінгі көрсеткіштер 1 кестеде көрсетілген.
Көрсетілген мəліметтерді талдай келе, тоғандағы монокультурада өсірлген бекіре
балықтарының кіші, орташа жəне ірі дарақтарының салмақтық көрсеткіштеріның пайыздық
қатынасы бақылау ауларында барлық кезең бойынша ауытқып отырды. Бірінші (І) кезеңде
кіші дарақтардың басым болуы байқалды (61% жетті), қалған орта жəне ірі дарақтары 35%
жəне 4% құрады. Ал екінші (І) кезеңде орташа дарақтардың басымдылығымен сипатталып,
жалпы саны 50% жетті.
Кесте 1 – Өсімдік қоректі балықтармен монокультурада жəне поликультурада
өсірілген əр түрлі салмақтағы екі жастық орыс бекіресінің өсу қарқындылығы динамикасы
Салмақты
қ топтар
Бақылау аулары
Монокультура
28.05.08. 17.06.08. 08.07.08. 31.07.08. 19.08.08. 14.10.08.
Кіші 120,0 202,1 157,6 142,17
129,71
218,31
Орта 184,1 321,4 255,0 263,9
216,17
384,72
Ірі 244,4 535,0 377,4 383,3
359,33
595,25
орташа 161,4 254,19 240,52 243,22 193,74 276,74
Поликультура
Кіші 93,0 206,0 173,7 123,3
149,73
230,53
Орта 148,25 292,0 225,0 199,0 222,75
465,25
Ірі 194,75 380,0 274,0 273,08 315,0 688,5
орташа 145,4 264,2 203,74 203,72 179,38 346,67
Өсімдік қоректі балықтармен поликультурада өсірілген тоғандағы екі жастық
бекірелерде, керісінше І өсіру кезеңі барысында орта дарақтарының басым болғаны
анықталды, келесі ІІ кезеңде кіші салмақтағылар көп болды.
Жалпы екі жастық орыс бекіресінің топ аралық дарақтарында өсу қарқындылығында
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Монокультурада өсіру барысында жоғарғы өсім
негізінен ірі дарақтарында І кезеңде байқалды. Ал поликультурада ІІ өсіру кезеңінде
байқалды.
Екі жастық орыс бекіресінің кіші, орта жəне ірі дарақтарының пайыздық
қатынасының нормативтік мəліметтер жəне тоғандарда өсіру барысындағы өсу
қарқындылығы динамикасы əдебиет көздерінде кездеспейді, сондықтан мұндай
зерттеулерді жалғастыру қажет.
Бекіре балықтарын отандық өндірушілердің ингредиенттер негізінде ОТ-6 мəзірі
бойынша дайындалған, қолдан жасалған өнімділік қорегімен қоректендірдік.
Оған қатарлас табиғи қоректік базаны дамытуды белсендендіру іс-шаралары
қарқынды жүргізілді. Тоғандарға дафния, органикалық жəне минералды тыңайтқыштар,
қоректік ашытқылар жəне орылған қамыстар салынды. Жай жəне орташа ағыстық
жағдайлардағы бекіре тоғандарында табиғи қоректі байытудағы қарқынды іс шараларды
жүргізу – болашақта бекіре шаруашылықтарын зерттеудің бір міндеті болып табылады.
Бекіре
балықтарын
азықтандыру
барысындағы
күндік
рацион
тоған
шаруашылығында жалпы қабылданған əдістемелерге сүйеніп есептелінді. Бекірелерді
азықтандыру үшін əр тоғанда «астрахан» типті арнайы қоректендіру қондырылғылары
орнатылды, сонымен қатар екі жағынан ұзындығы 20 м жəне ені 3 м болатын полиэтиленді
қаптамадан жасалған, арнайы хирономидтерді қызықтыратын қоректік «ашытқылар»
193
орнатылды. Бекірелерді қоректендіру сағат таң ертенгі 8-де жəне кеште 17-де күніне 2
реттен жүзеге асты.
Бекірелерді өсімдік қоректі балықтармен поликультурада жəне монокультурада өсіру
нəтижелері 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – Екі жастық орыс бекірелерін өсімдік қоректі балықтармен поликультурада
жəне монокультурада өсіру балықтық-биологиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Өлшем
бірлік
Монокультура
Поликультура
Орыс бекіресі
Орыс
бекіресі
Ақ амур
Ақдөң
маңдай
Өсіру кезеңі
күн
160
160
160
160
Отырғызу тығыздығы
дана/га 2000 2000
170
500
Орташа бастапқы
салмағы
г
91,3
91,3
330,4
90,5
Өлім жетімділігі
%
70,6
69,7
100
96,7
Орташа ақырғы
салмағы
г
276,74
346,7
2776,5
577
Фультон бойынша
қоңдылық
коэффициенті
бірлік
0,76
0,76
2,34
1,66
Абсолютті өсім
г
185,44
255,4
2446,1
486,5
Салыстырмалы өсім
%
203,1
279,7
740,3
537,5
Балық өнімділігі
кг/га
257,8
339,3
415,8
246,77
Қоректік коэффициент
бірлік
7,53
5,62 -
-
Жоғарыдағы кестені талдай келе екі жастық орыс бекірелерін өсімдік қоректі
балықтармен поликультурада жəне монокультурада арнай тұқы балық тоғандарында өсіру
барысында көрсеткіштерінің жақсы болғанын атап айтуға болады.
Орыс бекірілерін ақ амур жəне ақ дөңмаңдаймен поликультурада өсіру барысында
келесідей нəтижелер алынды, яғни ақырғы орташа салмағы 346,7 г құраса, ал
монокультурада өсірілген бекірелер 1,3 есе төмен болды. Сонымен қатар осы дарақтардың
абсолюттік жəне салыстырмалық көрсеткіштеріде 255,4 жəне 279,7 % басымдылықпен,
185,4 жəне 203,1 % құрайтын монокультура дарақтарынан жоғары тұрды. Орыс бекірілерін
өсімдік қоректі балықтармен поликультурада өсіру барысында монокультурада өсірілген
балықтардан балық өнімділігі 1,3 есе жоғары болды. Екі нұсқадағы бекіре балықтарыда
қоңдылық бойынша көрсеткіштері жақсы болды (Фультон бойынша 0,76 бірлік).
Орыс бекіре балықтарының өлім жетімділік көрсеткіштері екі өсіру ортасына да
бірдей көрсеткішке ие болып, 70 % құрады. Осы көрсеткіш бестер жəне сібір бекіресіне
жасалған нормативті көрсеткіштерден 10 % төмен болды. Бірақ бұл нəтижені балық қоректі
құстардың көп болу себебімен түсіндіруге болады [5]. Біріншіден құстар майда дарақтарды
азық қылды. Əдебиет көздерінде кіші, орташа жəне ірі екі жастық бекіре балықтарының
пайыздық қатынастары бойынша нормативтік мəліметтер жоқ, сондықтан Қазақстан
жағдайында (басқа елдерде осы көрсеткіштердің барлығы ұжымдастырылған секілді)
бекірелерді өсіру барысында өлім-жетімділік көрстекіштерін анықтауды қажет етеді.
Алынған нəтижелерді талдау барысында екі тəжірибелік тоғандардағы, яғни
монокультурадағы жəне өсімдік қоректі балықтармен поликультурадағы бекіре
балықтарының балық өнімділік көрсеткіштері алынды:
- жалпы өсіру кезеңіндегі бекіре балықтары бойынша табиғи балық өнімділігі бірінші
кезде 83,8 кг/га жəне екінші кезде 128,76 кг/га құрады;
- қоладан жасалған азықтармен қоректендіру барысында бекіре балықтарының балық
өнімділігінің артуы байқалды - 178,0 кг/га жəне 210,54 кг/га болды;
194
- күзгі аулаудан кейінгі бекірее балықтарының жалпы өнімділігі 261,8 кг/га жəне 339,3
кг/га құрады;
- табиғи жəне жалпы балық өнімділігі кезең барысында салыстырмалы түрде – 32,0%
жəне 38,0% құрады.
Жоғарыда келтірілген мəліметтер бойынша бекіре балықтарын тоғанда өсіру
жағдайында ОТ-6 рецепті бойынша қолдан жасалған азықтармен қоректендіру барысында
табиғи қоректерді пайдаланудың маңызды екенін дəлелдейді.
Бекірелерді поликультурада өсіру барысында жалпы балық өнімілігі 1001,87 кг/га
құрады; қосымша өсімдік қоректі балықтар бойынша 662,57 кг/га; сонымен қатар ақ амур
бойынша – 415,8 кг/га, ақ дөңмаңдай бойынша 246,77 кг/га құрады. Өсімдк қоректі
балықтармен бірге поликультурада өсірілген бекіре балықтарын азықтандыруға 5,62 бірлік
жұмсалса, ал монокультурада өсірілген балықтарға 7,53 бірлік жұмсалды.
Екі жастық орыс бекіресін өсіру барысында, тоғандарда өсімдік қоректі балықтармен
оликультурад өсірілген бекіре балықтарының балық өнімділігі монокультураға қарағанда
30 % артты. Бұл дегеніміз мелиортивті тиімділік, яғни өсімдік қоректі балықтармен
поликултурада бекіреледі өсірубарысындағы тиімділікті анықтауға жəне негіздеме жасауға
мүмкіндік береді.
Екі жастық бекірелерді монокультура жəне поликультура жағдайларында арнайы
тұқы тоғандарында өсіру барысында алынған мəліметтер Қазақстан аквакультурасында
белгілі бір тəжірибелік қызығушылық тудырады.
Əдебиеттер
1. Васильева Л.М. Биологические и технологические особенности товарной
аквакультуры осетровых в условиях Нижнего Поволжья.- Астрахань: БИОС, 2000.-188 с.
2. Васильева Л.М., Пономарев С.В., Судакова Н.В. Кормление осетровых рыб в
индустриальной аквакультуре.-Астрахань: БИОС, 2000. - 86 с.
3. Мильштейн В.В. Осетроводство.-М.: Легкая и пищевая промышленность,
1982. -152 с.
4. Козлов В.И., Абрамович Л.С. Справочник рыбовода.-М.: Росагропромиздат,
1991.-237 с.
5. Козлов В.И., Абрамович А.С. Товарное осетроводство.-М: Россельиздат,
1986.-117 с.
ƏОЖ 639.312
БЕКІРЕ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ГИБРИДІН ҮШІНШІ БАЛЫҚШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ
АЙМАҒЫНДА ШАРБАҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ӨСІРУ ТƏЖІРИБЕСІ
Барақбаев Т.Т., Жаркенов Д.К., Исбеков К.Б., Кириченко О.И.
«Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Алматы
Аннотация
В
статье
представлены
анализы
рыбоводно-биологических
показателей
подращиваемой молоди гибридов при выращивании третей рыбоводной зоне. Дана
сравнительная оценка рыбоводно-биологических показателей. Отражены показатели
гибридов при выращивании в условиях садковых технологии.
Annotation
Analyses of fish-breeding and biological indicators bred are presented in article thresh
hybrids at cultivation of thirds to a fish-breeding zone. The comparative assessment of fish-
195
breeding and biological indicators is given. Indicators of hybrids at cultivation are reflected in the
conditions of cage technologies.
Кілт сөздер:
гибрид, сібір бекіресі, шарбақтық өсіру, суқойма.
Қазақстан көптеген балықшаруашылық су қорымен жəне қарқынды түрде балық өсіру
мен аулауға қажетті қолайлы жағдайлармен ерекшелінеді. Адам басына шаққанда балықты
тұтынудың ұсынылған жылдық нормасы 14 кг құрайтынын ескерсек, Қазақстанға азық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын 210 мың тонна балық өнімдерін өндіру қажет.
Табиғи суқоймалардан ауланатын балық мөлшерін арттыру жолымен бұл көрсеткішке қол
жеткізу мүмкін емес екені анық. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз шешімі – аквакультураны
дамыту. Өнім мөлшерін арттыру шараларын қолға алу жəне Қазақстан халқын сапалы
балық өнімімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетімен «2011-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы тауарлық
балықшаруашылығының дамуының мастер-жоспары» əзірленді.
Бекіре балықтары (сүйрік, бестер, орыс жəне сібір бекіресі) жоғары бейімделушілікпен
ерекшелінеді жəне шарбақта өсіру барысында жемді жақсы қабылдайды, сол себепті
жоғары экономикалық тиімділікке ие. Тауарлық бекіре балықтарын өсірудің өзектілігі
олардың табиғи суқоймаларда санының күрт азаюымен байланысты. Бекіре жəне басқа да
құнды балық түрлерін өсірудің жетілдірілген технологиясы кішігірім бейімделген
суқоймаларда орналасқан нақты бір шаруашылықтың мысалында құнды тауарлық өнімді
алу мүмкіндігін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл технология Шығыс-Қазақстан
облысының басқа да шаруашылықтарына ондағы өндірісті арттыру мақсатында сатылатын
болады.
Берілген зерттеудің мақсаты үшінші балықшаруашылық аймақ жағдайларында
кішігірім көлемді суқоймаларда (тоғандарда) орналастырылған шарбақтарда бекірелерді,
басқа да құнды балық түрлерін өсірудің инновациялық технологияларын енгізу жəне
өсірілетін балықтарда орын алатын бейімделушіліктерді зерттеу болып табылады.
Зерттеулердің объектісі ретінде Шелек балық питомнигінен əкелінген саны 300 дана,
орташа салмағы 56,6 грамды құраған орыс жəне сібір бекірелерінің гибриді алынды.
Отырғызу нормаларының бұзылуы салдарынан балықтарды транспорттау барысында 165
дарақ өлім-жітімге ұшырады. Кейінгі екі күн ішінде тағы да 62 дарақтың өлімі тіркелді.
Осыншама көп балықтың қырылуының себебіне нашар жолмен оларды ұзақ транспорттау
мен отырғызу нормаларының шектен тыс асуын жатқызуға болады. Бұған қоса сатып
алынған отырғызу материалының сапасы да біршама төмен болды. Морфопатологиялық
анализдің нəтижесі көрсеткендей гибридтердің арасында ең кең таралған патологияға
желбезек аппаратының дамуындағы дефектісі жатады (100%), бұл жағдай балықтардың
тыныс алу функциясында көрініс тапты. Сонымен қатар кеуде жүзбеқанатының түрлі
патологиялары кездесті: сəулелерінің қисаюы, бірігіп кетуі мен 90
0
бұрышта иірілуі, тіпті
кейбір жағдайларда мүлдем жоқ болуы секілді жағдайлар орын алды. Айтарлықтай
дефектілері болмаған бекірелердің үлесі барлық балық мөлшерінен 27 % шамасында болды.
Аман қалып, тəжірибеге пайдаланылған балықтардың көпшілігі əртүрлі деңгейдегі белгілі
бір патологиялармен сипатталғанымен, олардың балық өмірі мен қалыпты қоректенуіне
қаупі жоқ болып шықты.
Бекіренің шабақтарын өсіру жұмыстары «Тайынты» суқоймасында жүргізілді. Бұл
суқойма Тайынты тауішілік ойпатында рельефтің төмендеген жерінде Тайынты мен Бестау
өзендерін бөгеу жолымен жасалған, суқойма теңіз деңгейінен 844 м биікте жатыр.
Суқойманың қазаншұңқыры оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған таға
тəріздес ойыс, суқойманың орташа тереңдігі 4,5 - 5 м тең. Жаға маңындағы грунт тасты,
негізінен граниттен жəне құмдауықтан түзілген, ал ашық бөлігінде лайдан тұрады.
Суқойманың негізгі су көздеріне Тайынты мен Бестау өзендерінің салалары жатады,
сонымен қатар көктем айларында болатын жауын-шашын нəтижесінде су деңгейі біршама
196
жоғарылайды. Жаз уақытында суқойманың гидрологиялық деңгейі тұрақты қалпында
сақталады, бұл кезеңде оның су айдыны 87,5 га құрайды. Литоральді аймақ су ауданының
30% құрайтын жіңішке белдеуден тұрады. Суқойманың өсімдіктермен қаптап өсу деңгейі
төмен, шамамен 2-3%, құрайды, суүсті өсімдіктерінен қоға мен қияқ, ал суастыларынан
шалаң басым кездеседі.
Бекіре шабақтарын шарбақта өсіру кезеңі 106 күнді қамтыды. Таулы көл жағдайында
бекірелерді өсіру нəтижелерін бағалау 3 кезеңге бөлінген:
I кезең – алдын-ала адаптациялау мерзімі;
II кезең – отырғызу материаялын калибрлеуден кейінгі өсіру мерзімі;
III кезең – қысалды жəне қыстату мерзімі;
Зерттеу жұмыстары барысында суқойманың су режимінің күнделікті мониторингі
жүргізілді. Су режимінің температуралық динамикасы 1-ші суретте көрсетілген.
Сурет 1 - Тəжірибе барысында су температурасының өзгеру динамикасы
Индустриалды
жағдайларда
бекіренің
шабақтарын
өсірудің
оптималды
температуралық интервалы +20…+ 24
0
С құрайды. Тайынты суқоймасының
шұғылконтиненталды климаттық аймақта орналасуы себебінен жазда судың
температурасы +22
0
С аспайды. Ең төмен температуралар қараша-наурыз айларында
тіркелген, қыс мезгілінде су бетіндегі мұздың қалыңдығы 25-30 см жетеді. Зерттеу
жұмыстары барысында су температурасы шабақтарды өсіруге ұсынылғанынан төмен
болды, дегенмен де салқын суда [4] жəне су температурасы табиғи жағдайға сай өзгеретін
бассейндерде [2] бекірелерді тиімді өсірудің мысалдары келтірілген бірқатар жұмыстар
белгілі.
Жоғарыда суретте келтірілген деректердің талдауы бекіренің шабақтарын өсіру үшін
оптималды саналатын су температурасының режиміне ұқсас көрсеткіштер тəжірибенің
басталған шағынан қыркүйектің екінші онкүндігіне дейін тіркелгендігін көрсетті.
Су ортасының гидрохимиялық режимі тəжірибе ұзағына қолайлы жағдайда болды.
Мəселен, суда еріген оттегі мөлшері бекірелерді өсіруге оптималды интервалда ауытқыды
(8,43±0,65 мгО
2
/дм
3
; 72,80±3,80% қанығу), ортаның активті реакциясы 8,2 – 8,5 тең болды.
Органикалық заттың мөлшері (перманганатты тотығу бойынша) айтарлықтай төмен (1,7 –
3,6 мгО/дм
3
) болды.
Минералдану деңгейі бойынша суқойма əлсізминералданған, гидрокарбонатты-
кальцийлі класқа жатады. Судың жалпы кермектігі зерттеу жұмыстарының ұзағына төмен
деңгеймен (1,83 мг-экв/дм
3
) сипатталды жəне ең алдымен кальций мен магнийдің еритін
формаларына тəуелді болды. Бекірелердің шабақтары балық өмірінің алғашқы айларында,
яғни қарқынды өсу сатысында сүйек ұлпасының қалыптасуы процесінде ең маңызды
элемент болып саналатын кальцийдің судағы құрамына əсіресе сезімтал. Тайынты
суқоймасындағы судың ерекшелігі сол, құрамында кальцийдің мөлшері төмен келеді
(27,6±0,2 мг-экв/дм
3
). Тəжірибенің бастапқы кезеңінде бекірелердің жоғары өсу қарқыны
байқалған болатын, алайда судағы кальцийдің жетіспеушілігі салдарынан тəжірибенің
екінші кезеңінде шабақтардың өсуі күрт тежелді.
t,
0
С
месяцы
197
Биогенді қосылыстардың құрамы бшШРК көрсеткіштерінен асқан жоқ, аммоний азоты
– 0,39±0,35 мг/дм
3
, нитрит азоты – 0,07±0,007 мг/дм
3
; нитрат азоты – 1,09±0,18 мг/дм
3
;
фосфаттар – 0,09±0,02 мг/дм
3
интервалдарда ауытқыды.
Алынған мəліметтердің талдауы негізгі элементтер мен биогенді қосылыстардың
құрамы бекірелердің қалыпты өсуін қамтамасыз ететін деңгейге сай деп тұжырымдауға
негіз береді.
Бекірелерді азықтандыру дене салмағына байланысты нормаларға сəйкес жүргізілді.
Жұмыстарды орындау барысында № 1 шарбаққа отырғызылған бекірелерді азықтандыруға
даниялық «Аллер Аква» Performa жемдері пайдаланылды. № 2 шарбақтағы бекірелер
«ҚазБШҒЗИ» ЖШС мен «Адам мен жануар физиологиясы институты» РМК бірлесіп
шығарған жемдермен 60 күн мерзімде азықтандырылып, кейіннен «Аллер Аква» Performa
жемдеріне көшірілді. Белсенді түрде қоректену шарбақтарға отырғызылғаннан кейін 4
тəуліктен соң байқалды. Қоректің желінуі тəулігіне 7 мəрте бақыланып отырды. Күнделікті
қорек шығыны балық салмағының 5% құрады. Шығынның нормативтен асып кетуі оның
толқындармен шайылуымен байланысты болды.
Бұдан бөлек, қыркүйек айының екінші онкүндігінен бастап бекірелерді қатырылған
жануартекті азықтармен, атап айтқанда масақұртпен, каретрамен, дафниямен жəне
артемиямен қосымша азықтандыру жүргізілді. Ең жоғарғы қоректің желіну дəрежесі
масақұрт пен артемия шаянымен қосымша қоректендіру кезінде тіркелді. Каретрамен
азықтандыру барысында қоректену активті түрде жүріп отырды, алайда оның суда
қалқымалы консистенциясы салдарынан берілген қоректің 50 % жуығы сумен шайылып
кетіп отырды.
Тəжірибенің бастапқы кезеңінде температураның 20,5
0
С аспайтын жоғарғы
шекаралары жемнің қарқынды желінуіне кедергі келтірген жоқ, бұл жағдай шабақтардың
өсу жылдамдығына оң əсерін тигізді.
Бекіре шабақтарының тəжірибенің жүргізілуі кезеңіндегі негізгі балықшаруашылық-
биологиялық көрсеткіштері 1–ші кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Бекіре шабақтарын үшінші балықшаруашылық аймақта шарбақтарда өсіру
кезіндегі балықшаруашылық-биологиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштері
I
кезең
II
кезең
III
кезең
Өсіру мерзімі, тəулік
30
30
46
Өсіруге отырғызылғаны, дана
135
73
73
Бастапқы масса, г
56,82
83,4
95,31
Ақырғы масса, г
83,4
95,31
88,53
Ортатəуліктік өсім, мг
886
397
-
Фултон бойынша қоңдылық
коэффициенті
0,70
0,82
0,80
Аман қалу, %
54
100
76,7
Өсірілген шабақтардың балықшаруашылық-биологиялық көрсеткіштерінің талдауы
бекірелердің қыркүйектің соңында толықтай дерлік өсуін тоқтатқандығын көрсетті. Бұл
таулы көлдің күзгі-қысқы жағдайларында өсіру кезіндегі қалыпты физиологиялық процесс
болып табылады, бұл кезеңдерде балықтардың тіпті жеке массасының азаюы байқалады [1].
Жалпы алғанда вегетациялық кезеңнің ұзағына гибридтердің өсімінің орташа мəндері
бастапқы көрсеткіштерден массасы бойынша 35-тен 45 %-ға дейін жəне ұзындықтары
бойынша 10-15 % құрап, орташа алғанда балықтар 24 см дене ұзындығы мен 90 г дене
салмағына жетті. Гибридтердің қоңдылығы өсірудің барлық сатыларында қалыпты
жағдайда болды. Тəжірибенің кеш басталуы бекірелерді шарбақтарда өсіру барысындағы
өсім динамикасын толыққанды бақылауға мүмкіндік бермеді. Алайда кейде болып тұрған
198
жем берудегі іркілістер мен кеш жүргізілген отырғызуға қарамастан абсолютті
орташатəуліктік өсім көрсеткіштері жоғары өсу қарқынын көрсетті. Ол əсіресе 30 тəулік
ішінде 886 мг өсімді құраған бірінші өсіру кезеңінде анық байқалды. Шарбақ
технологиялары жағдайында өсірілген бекіре гибридтері II жəне III кезеңдерде жоғары
өміршеңдікті көрсетті, бұл олардың нормативтегі көрсеткіштерден асып түскен аман қалу
мəндерінде көрініс тапты. Адаптациядан кейін өсу барысында шабақтардың өміршеңдігі
арта берді, ал өсірудің II кезеңінде балықтардың өлімі тіпті мүлдем орын алған жоқ. Өлім-
жітімнің максималды деңгейі отырғызу нормаларды сақтамастан балықотырғызу
материалын транспорттау барысында байқалды.
Тəжірибенің нəтижелері үшінші балықөсіру аймағы жағдайларында шарбақтарда өсіру
объектісі ретінде ең лайықты үміткер-түр – сібір бекіресі болып табылатыны жайында
қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл түр қыста толықтай мұз астына батырылған
шарбақтарда қыстап шыға алады жəне ауаны жұтуға су бетіне мезгілді шығып тұруды
қажет етпейді [1,3]. Бекіре гибридінің осы жаздықтарының балықшаруашылық-
биологиялық көрсеткіштерін бағалай негізінде вегетативті кезең ұзағына тіпті таулы өзенде
орналасқан шарбақтарда өсіру жағдайларының өзінде де болашақта тауарлық
балықшаруашылыққа жарамды өміршең отырғызу материалын алуға болатындығын
пайымдауға болады. Жалпы алғанда, өсірудің салыстырмалы қысқа вегетациялық
мерзіміне қарамастан бекіре гибридтері орын алған жағдайларда өздерінің көңіл
толарлықтай өнім беру мүмкіндіктерін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |