Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата31.03.2017
өлшемі7,24 Mb.
#10893
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37

Əдебиеттер  
1. Егеубаев  А.Ə.    жəне  т.б.  Малды  нормалап  азықтандыру.  Алматы. 
«Агроуниверситет» баспасы, 1999 
2. Калашников  А.К.  и  др.  Нормы  и  рационы  кормления  сельскохозяйственных
животных. Москва. Агропромиздат, 1985. 
3. Егеубаев  А.Ə.,  Ахметов  Қ.А.  Мал  азығының  қоректілігін  бағалау  жəне  мал
азықтандыру. Алматы. Агроуниверситет баспасы, 2010. 

219
ƏОЖ 664.6.075 
ҚАМЫР ШИКІЗАТТАРЫН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУІ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 
Еркебаев М.Ж, Қожагулов О.К., Бупебаева Л.К., Бекбосынова Ж.Е. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы  
Аннотация 
Даны  рекомендации  по  технологическим  режимам  обработки  пряников  и  выбору 
параметров формирущих машин. Разработана методика инженерного расчета формующей 
машины. 
Annotation
  
Recommendations about technological modes of processing of spice-cakes and to a choice 
of parametres of forming cars are made. The technique of engineering calculation of the forming 
car is developed. 
Кілт сөздер:
 ұн, кондитерлік өнім, өндірістік база, пішін, қамыр, роторлық машина. 
Қазіргі таңда ұннан жасалған  кондитерлік  өнімдердің жүзден аса түрі шығарылады. 
Тағам  өнеркəсібінде  өндірістің  дамуы,  яғни  кондитерлік  өнімдердің  тағамдық 
құндылықтары,  сапасы  жəне  түрлерінің  жақсартылуы,  ғылыми-техникалық  жетістіктерді 
тездетіп  қолданылуы,  өндіріс  тиімділігінің  арттырылуы,  өндіріс  базасының  түбегейлі 
жанартылып жетілдірілуі жəне қолда бар негізгі өндірістік қуаттың əрі қарай дамытылуы 
қарастырылады. 
Халықты олардың сұранысына сəйкес жоғары сапалы, тағамдық құндылығы бар жəне 
кең ассортименттегі кондитерлік өнімдермен толыққанды қанағаттандыру үшін өндірістік 
базаға  түбегейлі  өзгеріс  енгізіп,  оны  мамандандыру  жəне  ғылым  мен  техниканың  жана 
жетістіктерін ендіру қажет. 
Тағам  өнеркəсібінде  əрі  қарай  дамытуды  қажет  ететін  құрылғыларға  қалыпқа 
келтіруші  машиналар  жатады,  олар  көп  жағдайда  сапасы  жағынан  қалыпқа  келтірудің 
қазіргі  уақыт  талаптарына  сай  емес,  қамырды  өңдеу  жəне  пайдалауға  шығару  жағынан 
сенімсіз жəне құрылымы жағынан күрделі [1]. 
Өнім  сапасына  əсер  етуші  механикалық  əсерлер  қалыпқа  келтіруші  органдардың 
конструктивті түрде жұмыс жасауына тікелей байланысты. 
Тамақ  массаларын  қалыпқа  келтіру  процесі  өнімдерге  белгілі  бір  қалып  пен  пішін 
беруге негізделген. Қамыр дайындамаларын өңдеу əдістерінде келесі негізгі бағыттырды 
бөліп көрсетуге болады: жаю, қаптап пішіндеу, роторлық қалыпқа келтіру, баспалау, ортаға 
қарай қалыпқа келтіру, сығымдап құю.  
Осыған  орай  қалыпқа  келтіруші  машиналарды  əрі  қарай  даиыту  көкейкесті  болып 
отыр. Сығымдап құюшы жəне роторлық машиналардың жұмыс процестерін оқу негізінде  
жұмыс  органдарының  рационалды  түрлері  мен  олардың  параметрлері,  қалыптарының 
сақталуы жəне өнім құрылымының қамтамасыз етілуі анықталады. 
Қазіргі кездегі жұмыс жасап тұрған машиналардың  құрылымдарын  талдай келе, біз 
прəнік қамырын қамырын қалыпқа келтіруге арналған жаңа құрылғыны  ұсынып отырмыз 
(1-сурет).  Қамыр  тиеуші  құйғыдан 1 бір-біріне  қарама-қарсы    айналып  тұратын  бұдыр  
біліктердің 3 арасына  жəне  қалыпқа  келтіруші  роторларға 6 жіберіледі.  Арасындағы 
қуыстарды  қамырдың  сорты  мен  құрамына  қарай  басқаруға  болады.  Бұл  қамырды 
нақыштап  дайындалған  ротор  қалыптарына  сығып  шығару  қысымын  басқарып  отыруға 
мүмкіндік  береді 6. Машинаның    негізгі    жұмыс  мүшелері  пышақ  пен  қабықша  (кожух) 
болып  табылады.  Кожух  пышақпен  бірге  басқарушы  винті  бар  пружина  арқылы  ротор 

220
қалыпының бетіне түйіседі. Пышақ ротор бетін қамырдан тазартады, ал кожух қамырдың 
тығыздығы мен қысым өлшемін қаматамасыз етеді [2]. 
Қалыпқа  келтірілген  дайындамаларды  қалыптардан  шығарып  алу 8 салмақ  пен 
тасымалдау  таспасы 7 арқылы  жүзеге  асырылып,  өнім  пісірілуге  жіберіледі.  Сонан  соң, 
ротор қалыптары тазаланады жəне майланады. 
Осылайша,  алынған  дайындамалардың  беттері    анағұрлым  тегіс,  бірдей  салмақта 
болады, бұл дайын өнімдердің  пайдаланушылық қасиеттерін арттыра түседі.  
Қалыпқа келтіру процесін қарастырайық. (2-сурет) 
Рифельдік  қалып  қамырда  қармағанда  ротор  прəнік  қалыпында  ойықтарды 
толтырады.  Тазалаушы  пышақ  ротордың  орта  сызығының  тұсында  орналасқан.  Жұмыс 
жасау  беті  саңылаулар  арасында  Н  жəне  h

(білік  жəне  ротор)  орнатылған,  мұндағы  Н-
құраушы  беттер  арасындағы  арақашықтық,ол  біліек  бетінен  жəне  ротордан  қармау 
бұрышында  қалып  қойып  отырады; h
0
–олардың  арасындағы  ең  кіші  саңылау.  Процесті 
сипаттау үшін өнім шығынын білік ұзындығының бірлігіне жұмсау теңдеуі алынды: 
Q

Ƞ

               
(1) 
Мұнда   – біліктің дөңгелеу жылдамдығы. 
Ƞ
 - қамыр тұтқырлығы,Па. 
 – қысым градиенті,
h- саңылаудың ағымдық мəні. 
Біліктік айдауыш Q үшін былай жазуға болады:       
Q=V·h0·K
(2) 
Мұнда h0 – ең кіші саңылау,м 
K- айдауыштың беру коэффициенті, ол мынаған тең:   
(3) 
Мұндағы: 
- айдауыштың практикалық өнімділігі, 
 – теориялық өнімділігі. 
1-сурет.  Прəніктің қамырын қалыпқа келтіруге арналған құрылғы 

221
P

≤ P

≤P

=P
2-сурет. Массаның деформациялану процесінің сызбасы. 
Келесі мəндерді енгізейік:  ε=  жəне ε’=
         (4) 
2.1 жəне 2.2 теңдеулерін салыстыра келе төмендегідей теңдеу аламыз: 

·k=V·h-
Ƞ
(5) 
V(
·k-v)=
Ƞ
(6) 
2.4 теңдеуді ескеретін болсақ: 
V·(k-ε)=
Ƞ
(7) 
Шешімін жасай келе мынаны аламыз:   
P= 6
Ƞ
·V·
(8) 
Енді  масса  ағынының  сызықты  каналдағы  (радиус  өсі R0)тік  бұрышты  ауданын 
қарастырайық, екіншісі қозғалмайтын қабырға (2-сурет). 
Ағынды  құрастыру  кезінде  канал  қисықтығын  есепке  алған  жөн.  Қарастыратын 
каналдағы қамыр қозғалысы  Р қысымның  əсер етуімен қоса, барабанның қозғаушы бетінің 
əсері арқылы да іске асырылады. 
Ақиқат  ағынды  екі  модельмен  алмастырайық:  тікбұрышты    аудан  каналы  өтетін 
тұтқырлы сұйықтың ағыны жəне екі параллельді пластиналар  арасындағы ағын, олардың 
бірі V жылдамдықта қозғалады. 
Прəнікті  қалыпқа  келтірудің  қажетті  жағдайларын  келесі  теңсіздік  арқылы 
анықтаймыз: 
δ+G  δ + δ                                                               (9) 
Мұндағы δ- тең əсер етуші əдгезиондық күш, ол прəнік беттеріне тəсер етеді. 
δ- тең əсер етуші əдгезиондық күш, ротор қалпына əсер ететін жұмыс, (H) 
Адгезиондық қысымның өлшемдері δ жəне δ əртүрлі мəндерге ие, өйткені ротор мен 
тасымалдаушы əртүрлі материалдардан жасалған. 
Қалыпқа келтірілген дайындамаларды қалыптардан тиімді алу үшін , тасымалдаушы 
лентаның  көмегіне  сүйенеміз,  ол  қалыптаушы  роторға  тасымалдаушының  жүргізуші 
барабаны арқылы жанасады.  
Мұндағы жанап өту сырғанау коэффициенттері қажетті мəн болып табылады: 

 
222
ƒ=
кон
сж
                                                                  (10) 
Мұнда 
кон
–контакт  аймағындағы  айналу  күші;  ол  жанап  өту,  сырғанауға    төтеп 
беру үшін қажет, Н. 
сж
- вертикальді күш, оны ротор жанасу жүйесі арқылы жасайды (2.9)жəне (2.10) 
теңдіктерін ескеретін болсақ  
 ·ƒ= 
                                                           (11) 
Осылайша, алынған теңдеулерге қарап отырсақ, ротор қалыпының бетіне қойылған 
тең əсер етуші күш массаның адгезиондық қысым мəні жанап өту сырғанау коэффициенті 
мен материалға тура пропорционал [3]. 
 
Əдебиеттер 
 
        1.  Мачихин Ю.А., Берман Ю.К., Клаповский Ю.В., Формование пищевых масс.- М.: 
Колос.1992.-272с. 
        2.  Берман.Ю.К., Максимов А.С., Мачихин Ю.А., Методические указания к выполнению 
лабораторных работ по курсу «Инженерная реология».- М.: МГАПП, 1995.-89с. 
        3.  Еркебаева  М.Ж.,  Мачихин  А.С.,  Медведков  Е.Б.,  Попелюшко  А.В.  Современные 
способы 
механической 
обработки 
пищевых 
масс.- 
Алматы: 
ИЦ 
ПКО 
«Казснабобразования», 1998.-140 с. 
 
 
ƏОК 636.084.085 
 
ЖШС «БАЙСЕРКЕ-АГРО» АЗЫҚТАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ 
ҚҰНАРЛЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 
 
Жазылбеков Н.Ə., Қалмағамбетов М.Б., Алматова Г.С. 
 
«Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС 
 
          Аннотация 
 
Показано влияние соотношении кормовых культур и сроков укоса на качество сенажа 
и слоса, влияние фаз спелости и размеров измельчения на химический, макроминеральный 
состав и питательность кормовых средств.  
 
          Annotation 
 
The influence of the ratio of forage crops and timing of mowing the quality of silage and 
slosa influence the phase of maturity and size of the chemical milling , makromineralny 
composition and nutritional fodder . 
 
Кілт  сөздер:
  сүтті  мал  шаруашылығы,  мал  азығы,  азықтың  химиялық  құрамы, 
құнарлылық, пішендеме жəне сүрлем.  
 
Кіріспе
  
Ауыл  шаруашылығында  мал  шаруашылығы  маңызды  сала  болып  есептеледі  жəне 
Алматы сияқты өндірісі дамыған үлкен қалада сүт өндірісі əлеуметтік маңызға ие. Сүтті 
бағыттағы  мал  шаруашылығын  ары  қарай  дамыту  үшін  қажетті  шаралардың  бірі 
құнарлылығы  бойынша  тұрақты  жəне  үйлестірілген  азықтық  қор  (база)  құру  болып 
табылады.  Берік  азықтық  қор  дегеніміз  азықтың  үлкен  қоры  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жоғары  құнарлылығы,  əсіресе  протеин  жəне  оның  қантпен  қатынасы.  Сондай-ақ,  нақты 
сүтті бағыттағы малдардың азықтық қорында ақуыз бен қанттың тапшылығы байқалуда, ал 

223
бұл сүт өнімділігіне əсер ететін негізгі азық элементтері екені белгілі. Малдардың өнімділігі 
негізгі  үш  шартпен  байланысты:  толыққұнды  азықтандыру  үшін  азық  өндіру  мен  азық 
даярлау;  малдардың  генетикасы;  бағып-күту.  Өндірістік  шығын  құрамында  бірінші 
компонент өте жоғары маңызға ие жəне барлық шығынның 60%-ін құрайды. Берік азықтық 
қорды 
Алматы 
қаласының 
маңайында 
орналасқан 
ЖШС 
«Байсерке-Агро» 
шаруашылығында құру жоспарланып отыр. 
Жүгері  сүрлемін  дайындау  барысында  біз  азықтарды  биотехнологиялық  əдіспен 
сүрлеуге  мүмкіндік  беретін  жаңа  препаратты  қолдандық.  Майлы-қышқылды  ашуды 
төмендетіп,  сүтті-қышқылды  ашуға  жəне  шикізаттағы  негізгі  қоректік  заттардың 
жойылуын  азайтатын  жəне  жоғарысапалы  жүгері  сүрлемін  алуға  мүмкіндік  беретін 
биотехнологиялық  əдістер  негізінде  дайындалған  жаңа  «Казбиосил»  биоқоспасын 
(биоконсервант) РММ Қазақ микробиология жəне вирусология ғылыми-зерттеу институты 
ҚР ҒжБМ жасап шығарған. Айта кететіні «Казбиосил» авторлары 2011 жылы ғылым жəне 
техника саласындағы ҚР Мемлекеттік Сыйлыққа лайықты деп табылды. 
Авторлардың деректері бойынша [1] «Казбиосил» биоқоспалары азықтардағы құрғақ 
затты  жəне  қоректік  заттардың  сақталу  деңгейін  жоғарылатады.  Агрохимиялық 
зертханалардың  деректері  бойынша  «Казбиосил»  қоспасымен  жасалған  жүгері  сүрлемі 
бақылаудағы сүрлеммен салыстырғанда протеин 1,4%, каротин 13,2 мкг/кг жəне қант 0,12% 
артық  болады.  Құрамында  В
12
  дəрумені 0,22-0,43 мкг/г  аралығында  болды.  Сүрленген 
азықтардың желінуі 25%, ал сүрленген сабан 90% жоғарылайды.  
Сауын сиырларға қоспа қосылған жүгері сүрлемін бергенде майлылығы (0,05%-ға), 
ақуыз (0,05%), сүт қанты (0,03%) жоғары болғанда орташатəуліктік сүт өнімділігі 15-20% 
артады.  Малды  бордақылауда  орташатəуліктік  тірілей  салмақ  қосу 10-25% артады. 
Анасының құрсағында жатып қоспа қосылған жүгері сүрлемін жеген қозы жақсы салмақ 
жинайды жəне 3 айлық мерзімінде бақылаудағы қозыларған қарағанда 20% артық нəтиже 
көрсетеді. «Казбиосил» - бұл  микроорганизмдердің  аборигенді  штаммдары  бар  отандық 
биопрепарат, «Казахсил» азықтық консервантының жаңартылған түрі жəне Қазақстанның 
шаруашылықтарында 2008 жылдан бері, соның ішінде КС «Зинченко и К» (СҚО), ЖШС 
«Камышенское» (ШҚО) жəне т.б. 
Жаңа  «Казбиосил»  биоқоспасын  біз  шаруашылықта  жүгері  сүрлемін  дайындау 
барысында 1 тонна шикізатқа 20-дан 30-граммға дейін қолдану арқылы сынадық. Негізгі 
сүрлем  жерүсті  траншеяларында  нұсқаулыққа  сəйкес 1 тонна  сүрлемдеуші  массаға 30 г 
биоқоспа  есебімен  дайындалды.  Сүрлемделген  массадан  қоректілік  құндылығын 
салыстырып  тексеру  үшін  сүрлем  жасағанға  дейін  жəне  салынғанына 90 күн  өткен  соң 
үлгілер  алынып,  азық  сапасы  тексерілді.  Ірі  азықтарды  дайындау  барысында  сүрленген 
пішеннен  жəне  сүрленген  пішендемеден  азық  үлгілері  алынып,  ҚМШжМАӨҒЗИ 
зоотехниялық талдау зертханасында химиялық талдау жүргізілді (1 кесте). 
Кесте 1 – Шабу уақытына қарай пішендемеген салынатын жоңышқа пішенінің жəне 
көк  шөптің  (жоңышқа+қамыс)  химиялық  жəне  макроминералды  құрамы  мен  қоректілігі 
(табиғи ылғалдылықта 1 кг-на г есебімен) 
Көрсеткіш-
те р  
Жоңышқа пішені 
Бірінші шабылымдағы 
жоңышқа пішендемесі 
Екінші 
шабылымдағы 
жоңышқа 
пішендемесі 
Шаруа-
шылықта 
өндіріл-
ген 
Балқаш 
ауд. 
Жоңыш-
қа 70%, 
қамыс 
30% 
Жоңыш-
қа 65% 
қамыс 
жəне т.б. 
35% 
Жоңыш-
қа 68% 
қамыс 
жəне т.б. 
32% 
Жоңыш
-қа 
67%+түр
лі 
шөптер 
33% 
жоңы
шқа 
65% 
түрлі 
шөптер 
35% 

 
224
Азық 
өлшемі 
0,51 0,45 0,38 0,31 0,33 0,29 
0,28 
Алмасатын 
қуат, МДж 
7,08 6,03 6,4  6,1  5,93 4,53 
3,98 
Құрғақ зат, г 878  854  550  500  476  444  521 
Шикі 
протеин, г 
126,4 91,3 121,0 107,0 110,8 83,6 76,2 
Қорытыла-
тын 
протеин, г 
89,7 74,4 69,7 58,3 62,4 56,7 
53,8 
Шикі май, г 23,2  22,0  35,0  42,0  36,1  31,6 29,6 
Шикі  өзек 
(клетчатка), 
г 
272,3 284,6  256  275  256  256,8 301 
Қант, г 281,0 
415 
60,0 
45,6 
48,7 
43,6 
44,6 
Шикі күл, г 20,28  23,76  58  51,0  58,0  44,8 49,8 
Белоксыз 
шырынды 
зат, г 
14,8 70,7 441  405  412  398 401 
Кальций, г 9,08 8,44 10,0  9,8  8,9  8,6 8,8 
Фосфор, г 4,53 3,30 3,1  4,0  3,4  3,2 
3,19 
Калий, г 4,74 
6,17 
5,74 
3,67 
4,71 
4,21 
3,91 
Магний, г 2,47 7,20 3,72 3,23 3,19 2,67 
2,81 
Күкірт, г 1,68 
3,75 
2,35 
2,21 
3,05 
3,0 
3,1 
Каротин, мг 33,2  29,5  38,2  36,3  35,6  32,6 31,8 
 
Ірі  азықтарды  зертханада 16-17 көрсеткіш  бойынша  қоректілігін  жəне  химиялық 
құрамын талдаудан белгілі болғаны шаруашылықта өндірілген жоңышқа пішенінің 1 кг-да 
азық  өлшемі 0,51; алмасатын  қуат 7,08 МДж;  құрғақ  зат 878 г;  шикі  протеин 126,4 г;  
қорытылатын  протеин 89,7 г;  фосфор 4,53 г  жəне  каротин 33,2 мг  болды,  ал  Балқаш 
ауданынан сатып алынғаны сəйкесінше: 0,45; 6,03; 854; 91,3; 74,4; 3,3 жəне 29,5 мг құрады. 
Зертханалық  талдаудың  нəтижесі  бойынша  шаруашылықта  өндірілген  жоңышқа  пішені 
Балқаш ауданынан сатып алынғанмен салыстырғанда барлық көрсеткіштері артық нəтиже 
көрсетті жəне «Ірі азықтардың көлеміне қойылатын талаптар»-ға сəйкес І санатқа жатады 
[2]. Сатып алынған жоңышқа пішені алынған зертханалық талдау нəтижелеріне сəйкес ІІ 
санатқа жатқызылады. Біздің ойымызша Балқаш ауданының пішенге арналған жоңышқасы 
вегетацияның соңғы кезеңінде (гүлденудің соңында) шабылған, сондықтан азықтың сапасы 
төмендеген [3].  
Пішенге  салынған  көк  шөптің  бастапқы  химиялық  құрамын  жəне  құнарлылығын 
зерттеу  нəтижелері 1-кестеде  келтірілген,  мұнда  бірінші  шабылымды  салу  барысында 
траншеяның  əр  жерінен (3 үлгі)  алынды  жəне  екінші  шабылымға (2 үлгі)  қарағанда 
құрамына əсері өте аз болды.  
Сонымен  қатар,  екінші  шабылымдағы  жасыл  жоңышқаның  химиялық, 
макроминералдық құрамы жəне құнарлылығы бірінші шабылыммен салыстырғанда 20-25% 
төмендейді.  Пішендемені  салу  кезеңінде  бірінші (2201,2 т)  жəне  екінші (975,7 т) 
шабылымда,  барлығы 3176,9 тонна  салынғанда  ҚМШжМАӨҒЗИ  ғалымдарының 
қатысуымен  жəне  пішендеме  дайындаудың  ғылыми-дəлелденген  талаптарына  сəйкес 
жүргізілді. Бірінші шабылымда салынған жоңышқа пішендемесінің негізгі құнарлы заттары 
(азық өлшемі, алмасатын энергия, құрғақ зат, протеин, май, кальций, фосфор, күкірт жəне 
каротин)  екінші  шабылымда  салынған  пішендемеден  аз  ғана  айырмашылығы  бар,  бұл 
бұршақтұқымдастыр  жəне  əртүрлі  азықтық  шөптердің  проценттік  арақатынасына 
байланысты.  

225
Ашанин  А.И.,  Төреханов  А.А.  жəне  Жазылбеков  Н.Ə. [4] зерттеулерінің  нəтижесі 
көрсеткендей  сүрлемдеуге  арналған  жүгерінің  ылғалдылығы 65-75% аралығында  болуы 
керек.  Өнімді  жоғалтып  алмау  үшін  сабағы  биік  дақылдар  кескенде 12 см  артық  емес, 
шөптік өсімдіктер 5-7 см болуы керек.  
Сүрлемнің  сапасына  жəне  құнарлылығына  əсер  ететін  шарттардың  бірі  дайындау 
мерзімі  болып  табылады.  Зертханада  жүргізілген  химиялық  талдаудың  нəтижесі 
көрсеткендей жүгері үшін негізгі қоректік заттар толығуы үшін сүрлемді ылғалдылығы 73-
75% жəне дəндері балауса кезең болуы керек. Сонымен қатар вегетациялық кезеңі қысқа 
кезеңдерде немесе екінші қайта себу кезінде вегитацияның ерте кезеңінде де орып алуға 
болады. Жүгеріні пісу деңгейі сүтті кезеңде ору 1 га-дан 45% дейін, ал толық піскенде 22% 
дейін азықтық мөлшерін жоғалтуға əкеледі.  
Сүрленетін  жүгерінің  сапасына  əсер  ететін  маңызды  технологиялық  əдістердің  бірі 
сүрленетін  массаны  оңтайлы  дəрежеде  ұсақтау  болып  табылады.  Өте  ұсақталған 
шикізаттың нығыздалу деңгейі жақсы болады жəне арасындағы ауа тез шығады. Ұсақталған 
массаны  тиеу,  түсіру  жəне  малдарға  тарату  оңай.  Егер  ұсақталу  толық  жүргізілмесе 
нығыздау дəрежесі төмендейді, дайындау үрдісі үшін қажет емес микроорганизмдер дамып 
сүрлемнің  қышқылдануы  ақырын  жүреді.  Сүрленетін  шикізаттың  ұсақталу  дəрежесі 
сүрлемнің сапасына ғана емес оның желінуіне де əсер етеді. Сүрлемнің 1-ден 3 см-ге дейін 
ұсақталғанда ең көп желіну байқалды. Сүрлемді 1 см-ға дейін ұсақтағанда желіну деңгейі 
95,2%, 1-ден 3 см-ге  дейін  ұсақталғанда – 98,6%, 3-тен 5 см-ге  дейін -  97,2% құрады. 
Ұсақталу көлемін 5-10 см көтергенде желіну деңгейі 91,7% төмендеді. Сонымен, туралу 1 
см-ден 5 см-ге  дейін  болғанда  желіну  көрсеткіштері  жақын  болды.  Өлшеу  нəтижесінен 
белгілі болғаны ЖШС «Байсерке-Агро» жағдайында сүрленетін жүгері массасының көлемі 
2,5-4,5 см аралығында болды. Шикізатты ұсақтау дəрежесі энергия шығынына жəне өзіндік 
құнына да əсер етеді. Турауды 30-дан 10 мм-ге төмендеткенде энергия шығыны 1,7 есеге 
артты, ал комбайн өнімділігі 46,3% төмендеді. Тегістеу жəне нығыздау жұмыстары Т-150, 
К-700  типті  тракторларымен  жəне  шынжыр  табанды  С-100,  Т-75,  Т-130  техникалармен 
жүргізілді.  
Траншеяға салынған жəне нығыздалған сүрленетін массаның қалыңдығы күніне 80-
120 см кем болмауы керек, бұл СО
2
 жоғары концентрацияда (45-50%) сақтауға мүмкіндік 
береді.  Егер  алғашқы 6 күнде  азықтық  масса 40
0
С  жетпесе,  содан  кейінгі  күндері  осы 
температура үстіңгі 0,5 м көлемінде ғана байқалса нығыздалу деңгейі жақсы деп есептеледі. 
Дайын  өнімді  алғашқы  шикізатпен  жəне  малдардың  жеу  дəрежесін  салыстыру  үшін 
ҚазМШжМАӨҒЗИ зоотехния жəне химиялық талдау зертханасына сүрленуші массадан 4 
үлгі əкелінді.  
Вегетация  фазалары  бойынша  жүгері  массасынан  алынған  үлгілердің  химиялық 
талдауының нəтижесі жоғары құнарлылық балауызданып пісу фазасында екенін көрсетті 
(кесте 2).  
Кесте 2 – Жүгерінің  пісу  фазалары  бойына  химиялық,  макроминералдық  құрамы  жəне 
құнарлылығы (табиғи ылғалдылықта 1 кг-на г есебімен) 
Көрсеткіштер  
Пісудің сүтті-балауызды 
фазасындағы жүгері 
Пісудің балауызды 
фазасындағы жүгері 
Азық өлшемі
0,18
0,21
Алмасатын қуат, МДж
1,67
2,45
Құрғақ зат, г
216,6
233,7
Шикі протеин, г
18,8
21,7
Қорытылатын протеин, г
16,4
17,5
Шикі май, г
4,4
4,9
Шикі өзек (клетчатка), г
54,6
62,7
Қант, г
36,2
37,1
Шикі күл, г
17,8
18,3

 
226
Белоксыз шырынды зат, г 92,6 
95,2 
Кальций, г 0,91 
1,06 
Фосфор, г 0,38 
0,43 
Калий, г 2,68 
3,11 
Магний, г 2,71 
3,18 
Күкірт, г 2,1 
3,0 
Каротин, мг 21 
19,6 
 
Табиғи ылғалдылықта, балауызданып пісу фазасында жүгерінің 1 кг азық өлшемі 0,21, 
алмасатын қуат 2,45 МДж, шикі протеин 21,7, шикің май 62,7 г, фосфор 0,43 г, күкірт 3,0 г, 
қант 37,1 г жəне т.б. көрсетті, бұл пісудің сүтті-балауызды фазасымен салыстырғанда 3-7% 
артық.  
17 көрсеткіш бойынша жүргізілген талдаудың нəтижесі Алматы облысының Талғар 
ауданындағы ЖШС «Байсерке-Агро» жағдайында жүгеріден сүрлем дайындаудың оңтайлы 
кезеңі,  негізгі  қоректік  заттарды  максималды  жинақтайтын  балауызданып  пісу  фазасы 
болып табылады.  
 
Əдебиеттер 
  
1.  Саданов  А.К.  и  др.  Свои  препараты  лучше.  Дата 15.07.2011, Категория:  Без 
категории интернет данные  
2.  Жазылбеков  Н.А., Тореханов  А.А., Кошен Б.М.  Справочник по пищеварению и 
сбалансированному кормлению крупного рогатого скота – 2013г. – С. 121.  
3.  Жазылбеков  Н.А.,  Кинеев  М.А.,  Тореханов  А.А.,  Ашанин  А.И.  и  др.  Кормление 
сельскохозяйственных  животных,  птицы  и технология  приготовления  кормов – 2008г. – 
С. 69 
4.  Ашанин  А.И.,  Тореханов  А.А.,  Жазылбеков  Н.А.  Консервирование  кормов  и 
подготовка их к скармливанию Алматы, – 2008г. – С. 340 
 
 
ƏОК: 636.32/386:77 
 
ҚАЗАҚТЫҢ АРҚАР  МЕРИНОС ҚОЙ ТҰҚЫМЫ ТОҚТЫЛАРЫНЫҢ ЕТ 
ӨНІМДІЛІГІ 
 
Жаманбаева А.А., Қадыкен Р., Құмғанбаева Р. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы
 
 
Аннотация
  
В  целях  исследования  мясной  продуктивности  ягненка  овцы  породы  казахского 
архарамериноса  разведенные  племенном  хозяйстве  Кумекей,  Райымбекского  района, 
Алматинской области, определены убойный вес и убойного выхода ягненков, кроме того 
проведена морфологическая и сорто-структурная экспертиза тушки.  
 
Annotation  
In order to study the efficiency of lamb, the breed of Kazakh arharamerinosa sheeps were 
breed in farms of Kumekei, Raiymbek district, Almaty region, the lamb’s slaughter weight and 
slaughter yield of lamb were defined, in addition the morphological and variety-structural 
examination of carcass carried out.  
From nowadays population of Kazakh breed Arkhar-Merino, 8-month-old lambs were taken. 
Their slaughter weight, slaughter yield, morphological and varietal structure of back part was 

227
determined. As a result, the young lambs of I group surpassed all the others according to all 
indicators of the meat productivity. The work of increasing of such groups will be carried out in 
future. 
Кілт  сөздер: 
сойыс  салмағы,  сойыс  шығымы,  ұшаның  морфологиялық  құрлымы, 
ұшаның сортталған құрлымы, еттілік коэффициенті. 
Кіріспе 
Нарықтық экономика кезеңінде қой шаруашылығы саласындағы қолданылатын өсіру 
технологиясымен қатар қой тұқымдарының жаңа тұқымдары жəне олардың кластарының 
түрлерін зоотехниялауға негізделуі тиіс. Əлемдік жəне отандық тəжірибеге сүйенсек, қой 
тұқымдары  ішінде  ең  тиімді  болып  саналатын  етті-жүнді  тез  жетілгіш  қой  тұқымдары 
жатады.  
Қой шаруашылығы қазақ халқының дəстүрлі ежелден жақсы дамыған саласы болып 
табылады. Нарықтық экономика кезеңінде қой шаруашылығы саласындағы қолданылатын 
өсіру  технологиясымен  қатар  қой  тұқымдарының  жаңа  тұқымдары  жəне  олардың 
кластарының  түрлерін  зоотехниялауға  негізделуі  тиіс.  Осыған  орай,  Қазақстандағы  қой 
тұқымдары  ішінде,  қазақтың  арқармеринос  қойларының  интенсивті  түрлерінен  алатын 
өнімнің  көлемімен  сапасы  жоғары  екені  дəлелденген  мəселе.  Əлемдік  жəне  отандық 
тəжірибеге  сүйенсек,  қой  тұқымдары  ішінде  ең  тиімді  болып  саналатын  етті-жүнді  тез 
жетілгіш қой тұқымдары жатады.  
Қазақтың  арқармеринос  қой  тұқымы  қазіргі  популяциясының, 8 айлық  жастағы 
еркек  тоқтылары  алынып,  олардың  сойыс  салмағы,  сойыс  шығымы,  ұшаларының 
морфологиялық  жəне  сорттық  құрылымдары  анықталды.  Нəтижесінде  барлық 
көрсеткіштері  бойынша I топтағы  тоқтылар  басқа  топтарға  қарағанда  ет  өнімділігі 
жағынан  басымдылық  көрсетті.  Болашақта  жұмыстар  осындай  топтарды  көбейту 
мақсатында жүргізіледі. 
Қазақстанда кроссбедтті қозылардың ет өнімдерін М.А. Ермеков [1], К.У. Медеубеков 
[2],  А.Б.  Байжуманов [3], Кройтер  М.К [4] жəне  тағы  басқалары  зерттеген.  Барлық 
зерттеулерде кроссбредтті қозылардың ет өнімдерінің жоғарылығы көрсетілген жəне олар 
туған жылы арзан қозы етін алу мақсатына мүмкіндік берілген. 
Қ.С.  Сабденов,  Е.И.  Исламов,  Т.С.  Садыкулов [5] Шу  сүлесіндегі  қазақтың  етті-
биязылау жүнді (ҚЕБЖ) II жəне III класына жататын саулықтарды биязылау жүнді дегересс 
× қазақтың биязы жүнді қошқарларымен будандастыру арқылы алынған үш тұқым негізінде 
будан қозылардың еттілік қасиеттері туралы байяндайды. Алынған будан қозылар жақсы 
еттілік жəне жетілгіштікпен сипатталады. 
Ш.Р. Əділханова, Е.Б. Баймəжі [6]  жүні 48 сападағы қошқар мен саулықты жұп таңдау 
типті əдісімен шағылыстыру жолында туған I топ қозыларының сою нəтижелері жоғары 
болады,  яғни  жүн  сапасы  жуандаған  сайын  ет-май  үлесі  жоғарлайтындығы  анық  болып 
отыр. 
Ж.Ə.  Пəржанов,  Ж.  Күзембайұлы,  Қ.Маханов  [7]  ет  өнімділігін  зерттеген  кезде 
ісектің  ет  жасақтау  өлшемі  сойыс  шығымының  мөлшеріне  қарай  анықталады.Тоқтылар 
етінің  морфологиялық құрамының  жасына қарай өзгеруі малдың тірідей салмағында  жəне 
ұшаның шығымына  байланысты екені анықталған. Сондай-ақ,  жұмсақ еттің  абсолюттік 
жəне салыстырмалы мөлшерінің ұшаға қатынасы  ұлғайып, сүйектердің ұшаға қатынасы 
азайғандығын   көруге болады. 
Материалдар мен əдістер 
Сойыс салмағы жəне сойыс шығымы. Н.М. Тоқтамысова, С.Ə. Қойшыбаев [8] қойдың 
ет  өнімділігін  дамыту  бірінші  кезекте  етке  деген  сұраныс  мол,  өйткені  қой  еті  өзінің 
дəмділігімен,  жұғымталдығымен  жəне  диеталық  қасиеттерімен  ерекшеленеді. Қой  басын 
көбейтуде ең алдымен жас малдардың үлесін арттыру қажет, өйткені жас малдардың өсуі, 
ересек қойларға қарағанда, тез əрі тиімді, сонымен қоса азықтың жұғымды заттарын көбірік 

 
228
пайдаланады.  Жас  малдың  еті  дəмді,  жоғары  жұғымды  əрі  тез  қортылады.  Қозылардың 
жоғары  энергиясы  жəне  қоректік  заттарды  аз  жұмсауы  дененің  дамуына  зор  ықпал 
еткендіктен,  шаруашылықтар  жас  малдарды  жəйіп  семірту  арқылы  арзан  ет  алады. 
Қозылардың  өсу  кезінде  бұлшық  ет  жəне  сүйек  ұлпалары  жылдам  дамиды,  ал  ересек 
қойларда  май  жиналады. 4,5 айлық  еркек  қозылардың  еттілік  өнімділігін  анықтау 
барысында,  еркек  қозылардың  көрсеткіштері  жоғары  болып  шықты,  оның  ішінде  сойыс 
алдындығы салмағы – 1,6 кг-ға, ұша салмағы – 3,4%, сойыс өнімдері – 2,52 кг жəне сойыс 
өнімдер шығымы 4,1% артық болғандығы анықталды. 
«Құмтекей»  асыл  тұқымды  шаруашылығында  өсірілетін  қазақтың  арқармеринос 
еркек қозыларының ет өнімдерін зерттеу мақсатында, үш түрлі топ бойынша   типтелген 8 
айлық, 60 күн бордақыланған 8 бас еркек тоқтылар сойылды. 
Зерттеу нəтижелері мен талдау
  
Барлық еркек қозыларға қоңдылығы жоғары деген эксперттік баға берілді, олардың 
ұшасы 1 категорияға енгізілді. Барлық ұшалар толықтай май қабатымен қапталған болды, 
тек шоқтықтарында біраз ашық жерлері бар ұшалар III топтағыларынан байқалды. 
Сояр  алдында  аштықта  ұстағаннан  соң  тірі  салмағы  жоғарылар I топтағы  еркек 
тоқтылар болды, олар басқа II жəне III топтағы тоқтылардың салмақ көрсеткішінен 7,2%-
9,9% артық болды (1-кесте). 
 
 1 

кесте – 8 айлық жастағы еркек тоқтылардың сойыс нəтижесі 
 
Көрсеткіштер 
Топтар 
 I 
 II 
III 
Сояр алдындағы салмағы, кг 48,5 
45,0  43,7 
Ұшаның салмағы, кг 22,0 
20,1 
19,2 
Ұшаның шығымы, % 
45,3 
44,6 
43,9 
Іш майының салмағы, кг 1,05 1,02 
0,88 
Іш майының шығымы, % 
2,16 
2,26 
2,01 
Сойыс салмағы, кг 23,05 
21,12 
20,08 
Сойыс шығымы, % 
49,7 
48,5 
47,8 
Қосалқы өнімдер салмағы, кг 6,28 
5,71  5,40 
Қосалқы өнімдер шығымы, % 
12,94 
12,68 
12,35 
Сойыстың жалпы өнімі, кг 29,33  26,83 25,48 
Сойыс өнімінің шығымы, % 
60,47 
59,62 
58,30 
 
 I 
тұқым  топтағы  еркек  тоқтылар II жəне III топтағы  тоқтылардан  ұша  салмағымен 
жəне сойыс салмағымен 1,0-2,8 кг асады, ұша шығымы мен сойыс шығымы 0,7% ден 1,4%. 
 
Іш  майының  аздығымен III топтағы  еркек  тоқтылар  сипатталады,  олар I жəне II 
топтағылардан 0,17 ден 0,14 кг қалып қойды. 
 I 
топтағы жануарлар ішкі мүшелерінің көп шығыуымен ерекшеленеді, 12,94% құрады. 
Басқа  еркек тоқтылардан өсуі 0,26%-0,59% құрады. 
 
Барлық  тұқымдық  топтағы  еркек  тоқтылар  сойыс  өнімінің  жоғарылығымен 
ерекшеленеді, 58,38%-60,47% көлемінде  ауытқыды. I топтағы  еркек  тоқтылардың  сойыс 
өнімі көп болды, олар басқа топтағылардан 0,85%-2,17% пен ерекшеленді. 
 
Ұшаның  морфологиялық  жəне  сортталған  құрлымы  бойынша. 8-айлық  еркек 
тоқтылардың  бөлшектеп  жару  сорты  (ГОСТ 7591-81) жəне  ұшалардың  (опыру) 
көрсеткендей,  ұшаларда 15,2-17,9 кг  лоқат  ет  бар,  ол  оның  жеке  салмағы 79,1%-81,4% 
құрайды. №00322 іздегі еркек тоқтыларда лоқат ет 1,8 жəне 3,7 кг немесе 10,0% жəне 15,1% 
-ға көп, басқа тармақтарға қарағанда. Сүйектер 18,6%-20,9% құрайды, еттілік коффициенті 
3,8-4,3. 

229
 I-сорттағы қой еті I топтағылардан 21,1 кг немесе 95,9% шыққан, ол 1,8 жəне 2,7 кг 
көп. I-сортты лоқот ет көп шыққан I топтағы еркек тоқтылар. Олар еттілігімен 1,8 кг жəне 
2,7 кг немесе 10,2% жəне 15,4% асқан. 
 2 

кесте  –  8 айлық жастағы еркек тоқтылар ұшасының сорттық жəне марфологиялық 
құрылымы 
Көрсеткіштер 
Топтар 
I
II
III
Х ± m
х
, кг  

Х ± m
х

кг   

Х ± m
х
, кг   % 
Ұшаның салмағы, кг
22,0±0,7 
100 
20,1±0,6 
100 
19,2±0,8 
100
Соның ішінде:       лоқат ет 17,9±0,5  81,4 16,1±0,5 80,1 15,2±0,6 
79,1
сүйектер
4,1±0,2 
18,6 
4,0±0,2 
19,9 
4,0±0,3 
20,9
Еттілік коэффициенті 
4,3  - 4,02 - 3,80 - 
I – сорт, барлығы
21,1±0,6 
95,9 
19,3±0,4 
96,0 
18,4±0,5 
95,8
Соның ішінде:       лоқат ет 17,5±0,3  79,5 15,7±0,3 78,1 14,8±0,4 
77,1
сүйектер
3,6±0,2 
16,4 
3,6±0,2 
17,9 
3,6±0,2 
18,7
Еттілік коэффициенті 
4,8  - 4,3 - 4,11 

II – сорт, барлығы
0,9±0,1 
4,1 
0,8±0,1 
3,9 
0,7±0,1 
3,6
Соның ішінде:       лоқат ет 0,3±0,1  1,3 0,3±0,1 1,5 0,2±0,1 1,0 
сүйектер
0,6±0,1 
2,8 
0,5±0,1 
2,9 
0,5±0,1 
2,6
Еттілік коэффициенті 
0,5  - 0,6 - 0,4 - 
II-сортты  қой  еті 3,6%-4,1% құрады,  еттілік  коэффициенті 0,4-0,6 құрады.  Еркек 
тоқтылардың еттілік сапасын зерттегенде топтар бойынша жануарлардың сойар алдындағы 
салмағына  жеке  органдарының  абсолютті  жəне  салыстырмалы  салмағы  жөнінде 
қызығушылық  танылады.  Ішкі  органдарының  жетілу  степені  ағзаның  тіршілік  əрекетіне 
байланысты,  яғни  жануардың  өнімділігі  Кулешов  П.Н. [9]  белгілі  өнімділігі  бар 
жануарларға  ағзасының  құрылуына  жəне  оның  органдарының  жеке  бағыттарына 
спецефикалық  ерекшеліктер  тəн.  Сонымен  етті  қойлардың  терісінің  жетілуі  сүйегінің 
жетілуімен келіседі жəне бұлшық еттерімен ішкі органдарын жетілуіне қысым жасайды (2-
кесте). 
 I 
тұқымдық  топтағы  еркек  тоқтылар  жоғары  ет  өнімдерімен  мінезделеді,  маңызды 
ішкі  органдарының,  жүрегінің,  өкпесінің,  бауыры  жəне  ұлтабарының  абсолютты  жəне 
салыстырмалы салмағы өте жоғары. Ал I жəне II топтағы тоқтылар жақсы жетілген жүн 
жабыны мен ауыр салмақты терісімен ерекшеленіп отыр. 
Қорытынды 
         
Жалпы  зерттеуге  қазақтың  арқармеринос  қой  тұқымы  қазіргі  популяциясының, 8 
айлық  жастағы  еркек  тоқтылары  алынып,  олардың  сойыс  салмағы,  сойыс  шығымы, 
ұшаларының  марфологиялық  жəне  сорттық  құрылымдары  анықталды.  Нəтижесінде 
барлық  көрсеткіштері  бойынша I топтағы  тоқтылар  басқа  топтарға  қарағанда  ет 
өнімділігі  жағынан  басымдылық  көрсетті.  Болашақта  жұмыстар  осындай  топтарды 
көбейту мақсатында жүргізіледі. 
Əдебиеттер 
1  Ермеков  М.А.  и  др.  Влияние  разного  уровня  кормления  в  зимний  период  на 
продуктивные качества мясо-шерстных полутонкорунных ярок: Новое в животноводстве 
Казахстана // Тр. ВазНИИЖ. -1971. -Т.9. –С. 171-180. 
2  Медеубеков  К.У.,  Касымов  Т.С.  О  методике  создания  кроссбредных  овец  и 
некоторых продуктивных особенностей  в условях юго-востока казахстана // селекционно-

 
230
генетические  методы  повышения  продуктивности  овец. –Алма-ата:  КазНИТИО,1980. –
С.70-77. 
3  Байжуманов  А.Б.  Корреляция  между  некоторыми  хозяйственно-полезными 
признаками у кроссбредных овец // Тр. АЗВИ и СемЗВИ. - Алматы, 1973. - Т. 26. – С. 91-
97. 
4  Кройтер  М.К.,  Кройтер  Л.И.  Наследование  морфологических  особенностей 
волосяных  фолликулов  и  шерстяных  волокон  приокрашивании  тонкорунных  овец  с 
линкольнами и ромни-маршами // Тр. Ин-та эксперим. Биологии АН КазССР. -1972. -Т.8. –
С. 134-143. 
5  Сабденов Қ.С., Исламов Е.И., Садыкулов Т.С. Мясная продуктивность помесных 
полутонкорунных ягнят // Қ.У. Медеубековтың 75-жылдығына арналған м/ш проблемалары 
жөніндегі практикалық конференция. -2004. – С. 260-261. 
6   Əділханова  Ш.Р.,  Баймəжі  Е.Б.  Биязылау  жүнді  дегерес  қозыларының  жүн 
сапасына байланысты ет-май өнімділіктері // Жаршы. -2005. - №9. –С. 11-12. 
7  Паржанов Ж.Ə., Күзембайұлы Ж., Маханов Қ. Етке дайындалған еркек тоқтылар 
етінің сапасы // Жаршы. -2004. -№11. -Б. 11-14. 
8  Тоқтамысова  Н.М.,  Қойшыбаев  С.Ə.  Қозы  еті  қой  шаруашылығының  табысын 
ұлғайту кепілі // Жаршы. -2005. -№9. –С. 9-10. 
9   Көкімова М.Ж. Шу типті қазақтың етті-жүнді қойы терісінің тауарлық қасиеттері 
// Жаршы. -2000. - №9. –С. 19-20. 
 
 
ƏОЖ 597 
 
ШАРБАҚТА ӨСІРІЛГЕН БЕСТЕРДІҢ МҰЗ АСТЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫСТАП 
ШЫҒУ НƏТИЖЕСІ 
 
Жаркенов Д.К., Исбеков К.Б., Садыкулов Т.С.,
 
Кириченко О.И.
 
 
    Балық шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу институты, ЖШС,  Алматы,  
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы,  
Балық шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу  институты, 
Алтай филиалы, ЖШС, Өскемен  
 
Аннотация 
 
Представлены результаты зимнего содержания бестера при садковом выращивании в 
климатических  условиях  третьей  рыбоводной  зоны.  Показаны  достигнутые  рыбоводно-
биологические  показатели,  динамика  темпа  роста,  жизнеспособность  объекта  и 
возможность  выращивания  рыбопосадочного  материала  гибрида  осетровых  рыб  при 
обеспечении определенных технологических условий. 
 
Annotation 
 
There are given the results of winter keeping of bester in cages in the climatic conditions 
of the third fish farming zone. It’s also shown the achieved fish breeding and biological features
the dynamics of the growth rate, the viability of the object and the possibility of 
growing hybrid sturgeon stocking material under the provided certain technological conditions.  
 
Кілт    сөздер:
  бестер;  шарбақтық  өсіру;  балық  өсіру  аймағы;  климаттық  жағдай; 
қыстау; мұз астында ұстау. 
 
Мақаланы  жазуға  Шығыс  Қазақстан  фермерлік  шаруашылығында  балықтарды 
шарбақта  өсіруге  инновациялық  тəжірбиені  енгізу  мүмкіндігін  зерттеуге  бағытталған, 

231
дернəсілдерді  тұтас  тұйық  сумен  жабдықталған  құрылғыда  өсіру  əдістерін  анықтап, 
қабылдау  жəне  де  бестерді  шарбақта  өсіру  технологиясын  жетілдіру  жұмыстарын  іске 
асыру кезінде алынған мəліметтер негіз болды. 
Берілген  зерттеулердің  мақсаты  үшінші  балық  өсіру  аймағындағы  климаттық 
жағдайда  қолданылатын  бекіре  балықтарын  (бестерді)  кішігірім  су  қоймаларындағы 
шарбақта  (тоғандарда)  өсірудегі  инновациялық  технологиясына  бейімделу  жəне  енгізуді 
зерттеу болып табылады. Соның ішінде, берілген тақырып бойынша бекіре балықтары мен 
олардың будандарын қыста асырау технологиясын жекелеп өңдеу, атап айтқанда олардың 
азықсыз мұз астында тіршілік етуі. 
Жұмыс 2013-2014 жж.  зерттеу  мəліметтерінен  тұрады.  Барлық  балық  өсіру 
жұмыстары  кезең  бойынша  екі  тəжірбиелік  базада  жүргізілді.  Дернəсілдерді  тіршілікке 
төзімді  кезеңіне  дейін  өсіру  балық  өсіру  аквариумында («мини-УЗВ»)  зертханалық 
жағдайда жəне Тайынты су қоймасында орналасқан фермерлік шаруашылығындағы жабық 
ғимаратта өтті. Қыста 2,15м х 1,0 м х 1 өлшемдегі мырышпен қапталған аумен жасалған 
шарбақта ұсталды. Бестердің шабақтарының қыстау кезіндегі атқарылған шаралар тек қана 
шарбақтарды  браконьерлерден  қорғау  ғана  болды,  балықтарды  қыста  азықтандыру  мен 
судың  гидрохимиялық  көрсеткіштеріне  бақылау  жұмыстары  жасалмады.  Балықтарды 
табиғи  азықпен  қамтамассыздандыру  үшін,  қыстың  алдында  органика  жəне  минералмен 
тыңайтылып,  балық  өсірудегі  кешенді  мелиоративті  шаралары  жүргізілді,  оның  ішінде 
жұмсақ су өсімдіктері тазарту жұмыстары жəне ізбестендіру (əк). 
Бекіре балық түрлері жоғары экологиялық төзімділігімен сипатталады, бұл олардың 
əр түрлі климаттық аймақта тіршілікке бейімделуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар мұз 
астында қыстауға да. Бұдан басқа, өсуіне байланысты қоршаған ортаның өзгерісіне бекіре 
балықтарының  тұрақтылығы  да  ұлғаяды.  Бірақта,  бекіре  балықтарының  бір  жаздық 
шабақтар, екі жылдық шабақтары мен үлкен жастық қатардағы балықтардың Қазақстанның 
солтүстік, орталық жəне шығыс аудандарындағы балық өсіру шаруашылықтарында қыстап 
шығу  ең  қиын  кезең  болып  табылады.  Тауарлы  бекірелерді  өсіретін  алдыңғы  қатарлы 
тəжірбиелердің  көрсетуінше,  əр  түрлі  балықтарды  судың  табиғи  температуралық 
жағдайында  асырау  барысында,  биотехникалық  процестердің  ең  қиыны  олардың  қыстау 
кезеңі.  Қыстау  кезеңіндегі  балық  отырғызу  материалының  толықтай  тіршілік  етуін 
қамтамассыздандыру  мақсатында,  бекіре  балықтары  мен  будандарының  бір  жаздық 
шабақтарын жабық ғимараттағы балық өсіру бассейндерінде орналастырған жөн. Сонымен 
қатар бір жаздық шабақтардың салмағы 70 г төмен болмауы қажет, орташа жəне ірі өлшемді 
дарақтар болуы тиіс. Бассейндердегі балықтарды қыс кезінде қоректендіреді [1]. 
Михеева В.П. мəліметі бойынша арнайы су алабтарындағы бекіре балықтары қыстан 
шыққанда  дене  салмағының 30 дан 50% дейін  жоғалтуы  мүмкін  екен.  Аталмыш  жағдай 
қолдан жасалған су қоймаға қатысты, өйткені бұл жерде табиғи қорек қоры жоқ.  
«Қазақ  балық  шаруашылығының  ҒЗИ»  ЖШС  зерттеу  нəтижиелері  де,  бекіре 
балықтарының бір жаздық шабақтары қыстау тоғандарындағы тіршілік етуі олардың жеке 
салмағы  мен  шабақтардың  ірі,  орташа  жəне  ұсақ  өлшемдік  топтарының  пайыздық 
қатынасына  тікелей  байланысты  болатынын  көрсетті.  Республикамыздың  солтүстігінде 
қыстағы  қатаң  жағдайында,  бекіре  балықтарының  əр  түрлі  сапалы  балық  отырғызу 
материалдарын асырап ұстау, тек балық өсіру бассейндерінде ғана мүмкін [2].  
Бірақ,  егер  бекіре  балықтарын  шарбақта  өсіру  кезінде  табиғи  қорек  қорымен 
қамтылған  жайлы  жағдай  жасалса,  онда  жасанды  қоректендірусіз  ақ  салмағын  өсіруге 
болады.  Балықтарды  қоректендіруге  үзіліс  жасалғанда,  омыртқасыздар  мен  шарбаққа 
кірген ұсақ балықтарды аулап алып отырады, бұл олардың екі ай немесе одан да көп уақыт 
тек  табиғи  қорекпен  азықтануына  жол  беріп, 20-25 % дене  салмақтарын  жоғалтады. 
Қолайсыз абиотикалық жағдайдағы ашығуға мəжбүрлігі дене салмағының жоғалуына, ол 
30% дейін жəне одан да жоғары болған жағдайда 20% өлімге əкеп соғады [3]. 
Сібір  бекіресінің  «үй  жағдайындағы»  шабақтардың  өндірушілерінен  алынған  бір 
жаздық  шабақтары  табиғи  сумен  қамтылатын  бассейндерінде  қыстағанда,  жəне  де  қыс 

 
232
кезіндегі  азықсыз  тіршілік  етуі 50% құрайды, «ҚазБШҒЗИ»  ЖШС  тəжірбиелерінде  қыс 
кезіндегі қоректендірілмеді.  
Ұсақ  өлшемді  топтағы  дарақтарды  қыс  кезінде  жабық  ғимаратта  ұстауға  ұсыныс 
беріледі. Бекіре балықтарының бір жаздық шабақтарының тіршілік етуі жоғарыда айтылған 
ұсыныстарды  сақтаған  уақытта,  норматив  бойынша 75-80 % құрайды. 50 г  жетпеген  бір 
жаздық  шабақтарды  ашық  су  қоймада  қыста  асырау – бекіре  балықтарының  отырғызу 
материалын өсірудегі ең осал жері. Сонымен қатар қыстағы шығын айтарлықтай өсіп, 60% 
құрауы мүмкін. Сібір бекіресінің «үй жағдайындағы» өндірушілерінен алынған бір жылдық 
шабақтарының табиғи сумен қамтылатын бассейндердегі қысқы азықсыз тірі қалуы 50% 
құрайды.  Бекіре  балықтарын  қыстауға  ауыстыру  жұмыстарын  балықтардың  күйзелісін 
жеңілдету  үшін  су  температурасы 10-17

С  төмендегенде  қазан-қараша  айларында 
жүргізген дұрыс. Қыстау кезіндегі міндетті шарт – қыстың барлық кезеңіндегі су ағынын 
қамтаммасыздандыру,  газ  бен  температуралық  режимдердің  қолайлы  жағдайын  ұстап 
тұруға. Балықтардың жақсы физиологиялық жағдайы мен газ режимінің қолайлылығында 
салмағы  50 г асатын бір жаздық шабақтардың қыстағы шығыны 30 % жуық құрады [4]. 
Бестерді  тау  суында  (Тайынты  су  қоймасы)  шарбақтық  өсіру  технологиясына 
бейімдеу кезінде, біз жоғарыда айтылған өсірудегі технологиялық процестердің бірқатар 
көрсеткіштерін, соның ішінде қыстатып шығарып алу. 
Өсірудің  басы  болып  фермерлік  шаруашылыққа  бестердің  үш  күндік  дернəсілдері 
жеткізілді,  алғашқы  ұзындық  жəне  салмақтық  көрсеткіштері  жалпы  дене  ұзындығы 
бойынша  орташа 1,5 см  құрады.  Балық  өсіру  процесі  барлық  негізгі  технологиялық 
кезеңдерден құралды: дернəсілдің өздігімен қоректенуіне дейінгі бағу; дернəсіл дамуының 
алғашқы  сатыларындағы  тəулік  бойы  қоректендіру;  тірі  жəне  жасанды  бастама  жəне 
өнімділік  жемдерді  пайдаланып  шабақтарды  өсіру,  табиғи  жағдайда  су  алабтарындағы 
қыстауды ұйымдастыру. 
Қазан айының соңында бестердің барлық өсірілген шабақтарын қыстауға арналған су 
қоймасына ауыстырылып жəне 3-5 метр тереңдіктегі арнайы шарбақтарға түсірілді. Бестер 
шабақтарының қыстап шығу нəтижесі 1 кестеде ұсынылған.  
Осылайша,  бір  жаздық  шабақтардың  вегетациялық  өсу  кезеңінде  неғұрлым  ірі 
өлшемге  жетіп  жəне  де  қоңдылығы  жоғарғы  көрсеткіштерді  көрсетсе,  қыстап  шығу 
кезеңіндегі  шығын  азайып,  тіршілік  ететіндері  көбейетін  еді.  Салмағы 70 г  асатын  жəне 
қоңдылығы  да  жоғарғы  бір  жылдықтардың  тіршілік  етуі 83 % құрады,  бұл  дегеніміз 
Қазақстанның солтүстігіндегі (50%) көрсеткіштерден жоғары. Салмағы 10 г төмен орташа 
жəне  ұсақ  категориялы  шабақтар,  тіршілікке  айтарлықтай  төмен  бейім  болып  шықты; 
берілген  категориялы  балықтардың  тіршілік  ету  көрсеткіштері 22% құрады.  Бестер 
шабақтары    қорексіз  жағдайда  қыстағандықтан  бақылау  өлшеудің  нəтижиесі  бойынша 
салмақ қоспаған. 
 
        Кесте 1 – Бестер  шабақтарының  қыстап  шығуынан  кейінгі  балық  өсірудегі 
биологиялық көрсеткіштері 
 
Көрсеткіштері 
Қыстың басы 
Қыстың аяғы 
Шабақтардың категориясы 
ірі шабақ 
ұсақ шабақ 
ірі шабақ 
ұсақ шабақ 
Салмақ, г 77,27 
9,6 
47,03 
8,45 
Қоңдылық коэффициенті  0,62 0,48 0,52 0,40 
Тірі қалуы, % 


83 
22 
Қыста ұстау ұзақтығы,  тəулік - 

210 
210 
 
Бекіре  балықтарының  бір  жаздық  шабақтарын  өсіру  жəне  қыстап  шығуы  бойынша 
биотехникалық  процестердің  жекеленген  кезеңдері  бойынша  алынған  нəтиже  келесідей 
түйінге əкелді: 

233
1. Бекіре  балықтарының  өсіру  тобындағы  ұзындық-жастық  көрсеткіштерін  ескере
отырып қыста ұстау биотехникасын дайындау жəне одан əрі дамыту қажет.  
2. Бекіре  балықтарын  шарбақта  өсіргенде  табиғи  қорек  қорын  көтеретін  жайлы
жағдаймен қамтамассыздандыру қажет. 
3. Əр  өлшемдік-салмақтық  категориядағы  балықтардың  қыстағы  ашығу  əсерінің
нəтижесі  негізінде,  жекеленген  өлшемдік  топтағы  балықтарды  қыс  алдында 
ерекшелендірілген қоректендіру режимін сақтау міндетті деп қорытынды жасалды.  
4. Аквaкyльтypа  объектілерін  қыстағы  балық  ағзасына  ашығудың  əсеріне  қатысты
сұрақтар  ең  маңызды  орынды  алады.  Бестердің  Тайынты  су  қоймасындағы 2013-
2014жылдары қыс кезеңіндегі шарбақтық жағдайда қыстап шығу нəтижиесі, «балықтардың 
бүкіл жаз бойы өсуінде қорек қорымен қамтылған жағдайда, қыстап шығу нəтижесіне əсер 
етеді» деген тезисті дəлелдеді. 
Əдебиеттер 
1. Михеев  В.П.  Рекомендации  по  культивированию  рыб  в  садках  в  водоемах  с
естественной температурой воды.- М.: ВНИИПРХ, 1988,-92 с. 
2. Абдиев Ж.А.,  Фефелов В.В., Коломин  Ю.М. Выращивание молоди осетровых рыб
в  бассейнах  в  условиях  Северного  Казахстана. //Рыбоводство  и  рыбное  хозяйство. -№7, 
2011. – С.24 – 27. 
3. Канаев А.И.  Новая  технология  зимовки  рыбы. М.: Колос, 1976, 126 с.
4. Рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в бассейнах и прудах в
условиях рыбоводных хозяйств юга Казахстана.  
5. АО  «КазАгроИнновация»,  ТОО  «Казахский  научно-исследовательский  институт
рыбного хозяйства»  Алматы 2008 г. - 51 с. 
УДК 597 
О НЕКОТОРЫХ ЧУЖЕРОДНЫХ ГИДРОБИОНТАХ В КАЗАХСТАНЕ 
Жаркенов Д.К., Исбеков К.Б., Дукравец Г.М., Баракбаев Т.Т. 
ТОО "Казахский научно-исследовательский институт рыбного хозяйства", 
г. Алматы 
Аңдатпа
  
Мақалада  Қазақстанда  соңғы  жылдары  балықшаруашылық  трансшекаралық 
суқоймаларда  пайда  бола  бастаған  бөгде  гидробионттар  жайлы  мəліметтер  берілген. 
Зерттеулер нəтижелері бойынша бірнеше ұсыныстар əзірленген.  
Annotation 
The paper presents materials on hydrobiont alien species that have appeared recently in 
transboundary waters of Kazakhstan. There are also given several recommendations based on 
research findings. 
Ключевые  слова:
  интродуценты;  сорные  виды  рыб;  рекомендации;  чужеродные 
гидробионты. 
Балхаш-Илийский  бассейн  является  рекордсменом  в  Казахстане  по  внедрению 
чужеродных видов рыб. Еще до обретения республикой независимости в бассейне обитали 
25  акклиматизированных  видов,  что  вдвое  больше,  чем  аборигенных [1]. В  новейшей 

 
234
истории  Казахстана  с 1992 по 2003 гг.  здесь  было  обнаружено  еще 4 новых  вида  рыб, 
идентифицированных  как  китайский  горчак  Rhodeus sinensis Gunther, 1848, черный 
амурский  лещ  Megalobrama terminalis (Richardson, 1846), китайский  вьюн  Misgurnus 
mohoity (Dybowsky, 1869) и  змееголов  Channa argus (Cantor, 1842). Эти  виды  быстро 
заселили свойственные им биотопы и уже достигли значительной численности [2-8]. 
Так,  представитель  рода  Rhodeus  был  впервые  обнаружен  в  р.  Иле  выше 
Капшагайского  водохранилища  в 1992 г.  и  в  последующем  распространился  по 
левобережью  последнего  до  его  низовья,  включая  нижнее  течение  его  притоков  р.р. 
Кутентай,  Алматинка,  Шилик,  Жарсу,  а  также  по  р.  Иле  и  её  пойменным  озерам  выше 
водохранилища вплоть до реки Шарын. 
Представитель рода Megalobrama был обнаружен на подпоре водохранилища в 1999 
г.  экспедицией  КазНИИРХ  и  с  тех  пор  периодически  встречается  там  и  выше  в  реке  в 
научных и браконьерских уловах. Морфо-биологический анализ его показал, что своими 
признаками он не отличается от черного амурского леща (рис. 1). Эти виды, также как и 
китайский (змеевидный?) вьюн попали в Казахстан вероятнее всего из верховьев бассейна 
на территории КНР, где они или близкие им виды отмечены в литературе. В связи с этим 
было высказано предположение о возможном проникновении с китайской стороны еще и 
других видов рыб [9, 10]. Это вскоре и подтвердилось попаданием в уловы в Капшагайском 
водохранилище  еще  двух  чужеродных  видов – пеляди  Coregonus  peled (Gmelin, 1789) и 
тиляпии (род Tilapia, до вида не определена).  
 
 
Рисунок 1 – Черный лещ (внизу) из р. Иле, 2013-2015гг. 
 
Пелядь личинками в количестве 1,6 млн. экз. из Петропавловского инкубационного 
цеха КазПАС вселялась в Капшагайское водохранилище еще в 1971 г. [1]. Результаты этой 
интродукции оказались отрицательными поскольку почти 40 лет с тех пор не было сведений 
о  поимках  здесь  пеляди.  Однако  в  сентябре 2009 г.  на  р.  Иле  рыбаки-промысловики 
поймали в сеть с ячеёй 60 мм. 2 экз. пеляди. Один из них – самец IV стадии зрелости был 
длиной тела 33 см и массой 606 г в возрасте 4+ (рис. 2). 
 

235
Рисунок 2 - Пелядь Капшагайского водохранилища, 2009г. 
В 2010 г.  там  же  были  отмечены  два  случая  поимки  рыбаками  двух  экземпляров 
тиляпии,  один  из  которых  имел  длину  тела 23,5 см  и  массу 458 г  (рис.3).  Оба  эти  вида 
являются  объектами  прудового  и  индустриального  рыбоводства  в  КНР,  откуда  по  всей 
вероятности они и проникли в Казахстан. Однако в водоемах Иле-Балхашского бассейна 
перспектив  создания  стабильных  популяций  у  них  нет  из-за  отсутствия 
удовлетворительных  условий  естественного  воспроизводства.  В  связи  с  этим  в  список 
ихтиофауны бассейна в пределах Казахстана они не попали [4]. 
Рисунок 3 – Тиляпия из Капшагайского водохранилища, 2010 г.  
Наряду с указанными чужеродными видами, наиболее многочисленными случайными 
вселенцами  прошлых  лет  в  бассейне  являются  непромысловые - сорные  виды  рыб 
китайского комплекса. Среди 12 видов сорных рыб, к этой категорий относятся большая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет