Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата31.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#10918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері: 
1)  сабақтастық  принципі  –  өткен  және  ағымдағы  қаржы  жылдың  бюджет  орындалуы 
нәтижелерін  ескере  отырып,  өткен  кезеңде  негіз  ретінде  бекітілген  орташа  мерзімді 
қазыналық саясатың бағыттарын сақтап, бюджетті жоспарлау;  
2)  басымдылық  принципі  –  бюджетті  алдағы  орташа  мерзімді  кезеңге  әлеуметтік-
экономикалық дамудың басымдылық бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; 
3) негізділік принципі - бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу 
қажеттігін  және  олардың  көлемдерінің  негізділігін  айқындайтын  нормативтік  құқықтық 
актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау.
   
 
Жергілікті  деңгейдегі  бюджет  комиссиясы  бюджет  өтінімдерін  тақырыптар  топтамасы 
бойынша  қарастырады.  Бюджеттік  комиссияның  бюджеттік  өтінімдерді  қарау  графигі 

13 
 
бюджет  комиссиясының  жұмыс  органымен  жасалынады.  Бюджеттік  бағдарламалар 
бойынша  бюджет  комиссиясы  соңғы  шешімді  қабылдаған  кезде  бюджеттік 
бағдарламалардың әкімшілері қосымша өтінім бере алмайды. Алайда жыл ішінде мәслихат 
сессияларында  бюджетке  қосымша  қаржыландыру  мақсатында  анықтаулар  енгізілуі 
мүмкін.   
 Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тиісті 
мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын 
құрады. Тұрақты  комиссиялар  жұмыс  топтарының  пікірлерін  ескере  отырып,  тиісті 
негіздемелермен  және  есептермен  қоса  жергілікті  бюджет  жобасына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген 
бас  тұрақты  комиссияға  жібереді. Бас  тұрақты  комиссия  тұрақты  комиссиялардан  түскен 
ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. 
 Жергілікті  бюджет  жобасы  тиісті  мәслихат  сессиясында  талқыланады.    Қаржы  жылына 
сәйкес  жергілікті  бюджетті  бекіту  мәслихаттың  шешімін  қабылдау  арқылы  жүзеге  асады. 
Алдағы  қаржы  жылына  қосымшалармен  бірге  жергілікті  бюджет  туралы  мәслихаттың 
шешімі БАҚ-та жарияланады. Мүдделі адамдар мен ұйымдар бюджеттік процестің бірінші 
кезеңіне,  шығындар  лимитін  анықтауға,  бюджеттік  бағдарламаларды  құруға,  сондай-ақ 
қатысудың  әртүрлі  механизмдерін  қолдана  отырып  республикалық  бюджет  (жергілікті 
бюджет  туралы  шешім)  туралы  заңды  қабылдауға  да  қатыса  алады.  Мысалы,  қоғамдық 
тыңдаулар, лоббилендіру, эдвокаси науқаны және т.б. 
 
Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  бюджет  жобасының  қарау  және  айқындау 
ағымдағы  қаржы  жылының  1  қазанынан  кешіктірмей  аяқталады.  Мемлекеттік  жоспарлау 
жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  орган  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджет  жобасын 
ағымдағы  қаржы  жылының  15  қазанынан  кешіктірмей  ауданның  (облыстық  маңызы  бар 
қаланың) жергілікті атқарушы органына қарауға береді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) 
бюджет  жобасын  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органы 
ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізіледі. 
 
Мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда 
тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  әкімі  кезекті  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына 
арналған  жергілікті  қаржы  жоспары  туралы  шешім  шығаруға  құқылы,  ол  жергілікті 
бюджетті  мәслихат  бекіткенге  дейін  қолданылады.  Кезекті  жылдың  бірінші  тоқсанына 
арналған  жергілікті  қаржы  жоспары  ағымдағы  жылдың  25  желтоқсанынан  кешіктірілмей 
кезекті  қаржы  жылына  арналған  жергілікті  бюджет  жобасының  төрттен  бір  бөлігі 
көлемінде  бекітіледі. Кезекті  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына  арналған  жергілікті 
қаржы  жоспары  бекітілген  жағдайда  осы  қаржы  жылына  арналған  жергілікті  бюджет  сол 
жылғы  1  наурыздан  кешіктірілмей  бекітілуге  тиіс. Жергілікті  атқарушы  органдардың 
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті жоспарымен қосымшалары 
туралы  шешімдері  тиісті  ресми  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланады. 
 
«Құқықтық  және  экономикалық  реформаларды  қолдау  орталығы»  Қоғамдық  Бірлестікпен 
Сорос-Қазақстан  қордың  «Мемлекеттік  қаржының  ашықтығы»  бағдарламасы  аясында  

14 
 
Бюджеттік  жолнұсқа  жасалды
1
,  мұнда  бюджеттік  құрылымның  негізі  туралы,  бюджеттік 
жүйенің  құрылымы,  бюджеттік  процеске  тартылған  мемлекеттік  органдар  мен  мүдделі 
топтардың  рөлдері  мен  құзыреттілігі,  жеке  бюджеттердің  көлемі,  кірістер  мен  шығыстар 
тізімі,  оларды  әртүрлі  деңгейдегі  бюджеттер  арасында  бөлу,  сонымен  қатар  бюджеттік 
процесс,  оның  негізгі  кезеңдері,  яғни  құру,  қарастыру,  бекіту,  бюджеттің  атқарылуы, 
олардың  атқарылуы  жөніндегі  есептілікті  құру  мен  бекіту  тәртібі  туралы  толық  ақпарат 
алуға болады.  
2.3. Бюджеттік процеске қоғамның қатысуы 
Азаматтар бюджеттік қаржыларды қалыптастыру, орындау және бақылау кезеңдері туралы, 
мемлекеттік  орган  жұмыстарымен  қанағаттанарлық  дәрежесі  туралы  кері  байланыс  пен 
пікірлерін айту арқылы әсер ете алады. Қоғамдық ұйымдарға біріккен азаматтар бюджеттік 
шығындарға ықпал ете алады. Бюджеттік жүйенің принциптері қоғамға және үкіметтік емес 
ұйымдарға  бюджеттік  процесстерге  тиімді  ат  салысуға  мүмкіндік  береді.  Ашықтық 
принципі қоғамға бюджет туралы ақпарат алуына мүмкіндік туғызады.  
Жергілікті бюджетті қарастыру кезінде мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобы 
құрылады.  Бюджеттік  процеске  қатысуға  ынта  білдірген  азаматтық  қоғамның  ұйымдары 
олармен  бірігіп  жұмыс  істей  алады,  және  жұмыс  істеуі  тиіс.  Жұмыс  тобының  пікірлерін 
ескере  отырып  тұрақты  комиссия  тиісті  дәйектемелер  мен  есептеулер  арқылы  жергілікті 
бюджет  жобасына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  жөнінде  ұсыныстарды  әзірлейді. 
Мүдделі  адамдар  мен  ұйымдар  бюджеттік  процестің  бірінші  кезеңіне,  шығындар  лимитін 
анықтауға,  бюджеттік  бағдарламаларды  құруға,  сондай-ақ  қатысудың  әртүрлі 
механизмдерін қолдана отырып республикалық бюджет (жергілікті бюджет туралы шешім) 
туралы  заңды  қабылдауға  да  қатыса  алады.  Мысалы,  қоғамдық  тыңдаулар,  лоббилендіру, 
эдвокаси науқаны (ұсыну/қорғау, қоғам мүддесін алға бастыру) және т.б. 
 
Мысал  ретінде  бюджеттік  талдау,  мониторинг  саласында  жұмыс  істейтін  үкіметтік  емес 
ұйымдардың Қазақстан ұлттық бюджет желісін (ҚҰБЖ)
2
 құруын және қоғамның бюджеттік 
процеске қатысуын алуға болады.  
Ашықтық,  есеп  беру  және  мемлекеттік  қаржы  ресурстарын  әділ  бөлуді  қамтамасыз  ету 
ҚҰБЖ және оның серіктестер қызметінің стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.  
Үкіметтік  емес  ұйымдар  мен  тәуелсіз  зерттеушілердің  басымды  бағыттарының  бірі  -
бюджеттік процесте ғылыми қосымша зерттеу жүргізу. ҚҰБЖ құрамындағы үкіметтік емес 
ұйымдар  «Жергілікті  бюджеттің  ашықтық  индексі»  атты  жұмысты  әзірлеуді  бастауға, 
зерттеу  жүргізуге  итермеледі,  осылардың  нәтижесінде  Қазақстан  Республикасы  бойынша 
барлық жергілікті бюджеттің ашықтығын бағалау жүргізілмек.  
ҚҰБЖ  қызметі  бюджеттік  процесте  азаматтық  сектордың  жұмысын  жүйелендіруге, 
шоғырландыруға және  институционализдауға  бағытталған.   Азаматтарды, қоғамдық  ұйым 
жұмысшыларын,  журналистерді,  түрлі  деңгейдегі  депутаттарды  жұмылдыра  отырып 
бюджеттік  ресурстарды  әділ  түрде  бөлу  арқылы  ҚР  азаматтарының  жағдайын  жақсартуға 
ҚҰБЖ дайын екендігін көрсетеді.    
                                                           
1
http://eval-net.org/conference/2012/Presentations2012/Budget_guide_rus_light.pdf
 
2
http://nbsk.kz/ 

15 
 
«Сандж  зерттеу  орталығы»  ҚҚ  2010-2012  жылдар  аралығында  бюджеттің  ашықтығы 
жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Бюджеттің ашықтық индексін» (Open Budget Index, 
OBI) анықтау үшін «Халықаралық Бюджеттік Серіктестік» (International Budget Partnership, 
IBP) атты халықаралық жоба шеңберінде зерттеу ұйымдастырылады. 2012 жылы бюджеттің 
ашықтығын  зерттеуі  100  баллдық  жүйе  бойынша  Қазақстан  өз  баллын  38-ден  48-ге 
көтергенін  анықтады,  яғни  Қазақстан  2010  жылмен  салыстырғанда  бюджеттік  ақпаратқа 
азаматтардың  қолжетімділігін  маңызды  түрде  жақсартты.  Қазақстан  тұрғындары 
мемлекеттік  қаражатты  басқаруға  араласып,  шешім  қабылдауға  қатысып,  үкіметтен  есеп 
беруді талап ете алатындығын көрсетеді.
3
  
Осындай зерттеулердің нәтижесінде қоғамдық сектор мемлекеттік органдармен қызметтес 
болып, еліміздегі бюджеттік процестің дамуына ықпал етеді.  
3.
 
Мектепті қаржыландыру көздері 
3.1. Білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру  
Мемлекеттiк  бiлiм  беру  ұйымдарын  қаржыландыру  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сәйкес  жиынтық  принципі  бойынша  республикалық  және  жергілікті  бюджет 
есебiнен жүзеге асырылады. 
Үкімет органдарының өкілеттіліктерін шектеу жүйесіне байланысты жергілікті бюджеттер 
білім  беру  саласының  шығындарын  қаржыландырады.  ҚР  Бюджеттік  кодексіне  сәйкес 
жергілікті бюджеттен мыналар қаржыландырылады:  

 
бастауыш,  орта  және  жалпы  орта  білім  беру,  оған  қоса  оқытудың  кешкі  (ауысымдық) 
түрін, интернат түріндегі ұйым арқылы ұсынатын жалпы орта білім беру;  

 
мектепке  дейінгі  даярлық,  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білімнің  оқу 
бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  білім  беру  мекемелеріне  оқулықтар  мен  оқу-
әдістемелік құралдарды сатып алу, жеткізіп беру; 

 
балалардың қосымша білім алуы; 

 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын 
мемлекеттік  білім  беру  мекемелерін  (қылмыстық-атқару  жүйесінің  түзету 
мекемелеріндегі  білім  беру  мекемелерін  қоспағанда)  материалдық-техникалық 
қамсыздандыру;  

 
жетім  балаларды,  ата-ананың  қамқорлығынан  айырылған  балаларды  мемлекеттік 
қамқорлыққа алу, оларды міндетті түрде жұмыспен, тұрғын үймен  қамту; 

 
мектеп  жасына  дейінгі  білім  беру  мекемелеріндегі  балалардан  басқа    білім  беру 
мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету; 

 
аудандық (қалалық) масштабта мектептік олимпиадаларды жүргізу; жеке оқушылар мен 
тәрбиеленушілер категориясын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру; мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту. 
(Аудан бюджетінің шығыстары (облыстық маңызы бар қалалар), ҚР Бюджеттік кодексінің 
56-бабы). 
                                                           
3
 http://internationalbudget.org/ 
 
 

16 
 
Республикалық бюджеттен мектепке бюджеттік ресурстар тек даму бағдарламасын жүзеге 
асырған жағдайда ғана бөлінеді. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім 
беру  деңгейлері  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарымен 
белгіленген  талаптар  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  айқындалатын 
нормалар  негізінде  бюджеттік  қаражаттар  есебінен  жүзеге  асырылады».  («Білім  туралы» 
ҚР заңы, 9-тарау, 62-бап). 
 
Республикалық деңгей қаржыны бөлудің үш бағытын қамтиды: 

 
Республикалық маңызы бар білім беру мекемелерін қаржыландыру; 

 
Республикалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; 

 
Мақсатты трансферттер аясында аймақтарға берілетін білім субвенциялары. 
Республикалық бюджет білім жүйесін дамытуға, сонымен қоса әдіснамалармен қамтамасыз 
етуге,  оқулықтарға,  оқытудың  жаңа  құралдарын  жасауға  және  басқа  шараларға 
жұмсалынады.  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекетік  білім  беруді  дамыту 
бағдарламасын  жүзеге  асыру  жөніндегі  шаралардың  жоспарына  сәйкес  көп  деңгейлі 
қаржыландыруды  енгізу  қарастырылып  отыр.  Егер    осыдан  3  жыл  бұрын  республикалық 
бюджетте білім беруде 9-10 трансферт атауы болса, 2013 жылы республикалық бюджеттен 
13 бағыт бойынша білім беруді дамыту үшін қаржы бөлінбек деп жоспарланып отыр.   
 
Бюджет  шығыстары  мемлекеттік  басқарма  органдарымен  атқарылатын  функцияларға 
байланысты  функционалды  топтарға  жіктеледі
4
.  Барлық  деңгейлердегі  бюджетте  білім 
беруге  жұмсалатын  шығындар  «04  Білім  беру»  функционалдық  топқа  жатады. 
Бағдарламалардың  әкімшілері  ретінде  түрлі  министрліктер  мен  ведомостволар  қатысады: 
түрлі  деңгейдегі  әкім  аппараттары,  ҚР  білім  және  ғылым  министрлігі,  Облыстық  қаржы 
басқармасы,  Облыстық  білім  басқармасы,  аудандық  білім  бөлімі    (облыстық  маңызы  бар 
қалалар),  ҚР  Қорғаныс  министрлігі  және  т.б.  Республикалық  бюджеттен  «Білім  беру» 
функционалдық тобына жұмсалатын шығындар әзірше 7,8% құрайды.
5
  
 
Ағымдағы және күрделі  шығыстардан тұратын барлық деңгейдегі бюджеттің шығыстарын 
«Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына» сәйкес экономикалық мазмұнына 
қарай  топтастырады
6
  (Нұсқаулықтың  6-қосымшасын  қараңыз).  Осының  негізінде 
бюджеттік мекемелердің сметалары құрылады. 
Өзгешеліктердің  толық  сипаты  «Қазақстан  Республикасы  бюджет  шығыстарының 
экономикалық 
шығыстарының 
өзгешелік 
құрылымы» 
құжатында 
келтірілген
7
 
(Нұсқаулықтың 7-қосымшасын қараңыз). 
Бюджеттік өтінімдерді жасау 
Бюджеттік өтінімнің негізгі  мақсаты  - республикалық  және жергілікті  бюджет жобаларын 
әзірлеу  кезінде  шығыстардың  көлемін  негіздеу.  Мемлекеттік  бюджеттен  келетін  кірістер 
                                                           
4
Қазақстан  Республикасының  «Бірыңғай  бюджеттік  сыныптамасының  кейбір  мәселелері»  Қазақстан 
Республикасы  Қаржы  министрінің  2013  жылғы  13  наурыздағы  №  71  бұйрығымен  бекітілген  бюджет 
шығыстарының функциналдық сыныптамасы
 
5
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР 2012 жылы 23 қарашадағы  № 54-V 
заңы 
6
Қазақстан  Республикасының  «Бірыңғай  бюджеттік  сыныптамасының  кейбір  мәселелері»  Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығы
 
7
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылы 13 наурызда №71 бұйрығымен бекітілген  

17 
 
бекітілген бюджетке сай бөлінеді. Әдетте бұл соммалар білім беру ұйымдарының талабын 
толық  жаппайды.  Кейбір  жағдайларда  бюджеттік  өтінімдерді  білім  беру  ұйымдарының 
өздері  жасайды,  басқа  жағдайда  орталықтандырылған  түрде  білім  беру  бөлімі  жасайды. 
Кез-келген  жағдайда  әрбір  мектептің  бюджеттік  өтінімді  өзі  жасағаны  маңызды,  өйткені 
сол  кезде  ғана  білім  беру  бөлімі  қаржының  қайда  жетпей  қалғандығын  бағалай  алады. 
Бағдарлама  әкімшілеріне,  негізінде  білім  беру  бөлімдеріне  арналған,  «Бюджеттік 
өтінімдерді  жасау  және  ұсыну  ережелеріне»  сәйкес  Бюджеттік  өтінімді  жасау  жөнінде 
материал  төменде  ұсынылып  отыр
8
.  Өз  шығыстарын  есептеу  үшін  берілген  Ережелерді 
басшылыққа алған жөн.  
Бюджеттік кодекстің 67-бабына сәйкес бюджеттік өтінімге келесілер кіреді:  
    1)  стратегиялық  жоспар  жобасына  енгізілген  әрбір  бюджеттік  бағдарлама  бойынша 
шығыстар түрлері бойынша есептер; 
   2)  бір  біріне  байланысты  гранттар  сомасын  жұмсалу  бағыттары  бойынша  мiндеттi  түрде 
бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша алынған және 
пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат
    3)  ағымдағы  қаржы  жылының  1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  алынған  және 
пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат; 
    4)  мемлекеттік  жоспарлау  жөнiндегi орталық  уәкiлеттi  орган белгiлеген  нысан  бойынша 
өз  билік  етулерінде  қалатын,  мемлекеттiк  мекемелердiң  тауарларды  (жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжау; 
    5) түсіндірме жазба; 
     6)  орталық  мемлекеттік  органдардың   мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  уәкілетті  орган 
сұрататын басқа да қажетті ақпарат (мысалы, мекеменің штатты кестесі). 
Бюджеттік  өтінім  шығыс  көлемдерін  негіздеуге  арналған  құжаттардың  жиынтығы. 
Бюджеттік  өтінімнің  түсіндірме  жазбасы  жоспарлау  кезеңге  қаражат  жұмсаудың  негізгі 
бағыттарын,  базалық  шығыстарды  ұлғайту  негізділігін;  нәтижелердің  қол  жеткізілген 
көрсеткіштерінің талдамасын қамтиды. 
Бюджеттік өтінім:  

 
стратегиялық жоспарлардың жобасының

 
бюджеттік бағдарламалар жобаларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, 

 
Қазақстан Республикасы бiрыңғай бюджет сыныптамасының

 
өткен қаржы жылындағы бюджеттiк өтiнiмiнiң, 

 
есептi қаржы жылы стратегиялық жоспардың iске асырылуы туралы есептiң, 

 
заттай нормалардың және 

 
мемлекеттiк қызметтiң стандарттардың негiзiнде жасалады. 
 
Бюджеттік бағдарламаға келісімнің әртүрлі жобалары, жобаның техникалық-экономикалық 
негіздемесі,  тиiстi  сараптамасының  қорытындысымен  инвестициялық  ұсыныстар  қоса 
беріледі.
  
Мемлекеттік  функцияларды,  өкілеттіктерді  жүзеге  асыруға  және  олардан  туындайтын 
мемлекеттік  қызметтерді  көрсетуге  бағытталған  бюджеттік  бағдарламалар  бойынша 
шығыстар  есептері  мемлекеттік  қызметтердің  бекітілген  заттай  нормалары  мен 
стандарттарының негізінде жасалады. 
Еңбек ақыларына арналған шығыстар. Шығыстарды жобалау кезінде келесі факторларға баса 
                                                           
8
ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің 2013 жылы 13 наурыздағы №73 бұйрығына 1-қосымша 

18 
 
назар аударған жөн: 

 
сыныптар мен оқушылардың оңтайлы санына; 

 
мұғалімдер арасында пәндерді ұтымды үлестіруге; 

 
сабақтан тыс жұмыстарды (үйірмелер т.б.) ұтымды үлестіруге; 

 
ұйымның штаттық кестесіне (мектеп жұмысшылардың саны заңмен реттеледі
9
);  

 
оқытушылардың құрамына енбейтін қызметкерлер арасында жұмысты үлестіруге; 

 
бюджеттік  өтінімдерді  әзірлеу  жөніндегі  ҚР  Қаржы  министрілігінің  барлық 
нұсқаулықтарына. 
Білім  беру  ұйымы  бюджетінің  көлемі  материалдық,  пайдалану  шығыны  мен  былтырғы 
жылғы  бюджет  негізінде  күрделі  қаржы  жұмсалымнан  тұрады.  Сондықтанда  осы 
шығындарға директордың ықпалы шектеулі.  
Алайда директордың құзыретінде: 

 
мектеп  ғимаратына  күрделі  жөндеу  жұмысын  жүргізу  үшін  жобалық-сметалық 
құжатты дайындау және 

 
сабақ беру процесін, оқыту тәсілдерін, қондырғыларды және мүліктерді жақсарту 
үшін, тренингтер және т.б. үшін грант алуға уақытында өтінімді дайындау.  
Энергиямен қамту, коммуналдық қызметтер мен қондырғыларды сатып алуға жұмсалатын 
шығындарды  жоспарлау  келісімдер  мен  аталған  қызметтерді  көрсеткен  үшін  берілген 
шоттарға негізделу керек.   
Комиссиялық  шығыс  ережесі  негізінде  басқа  да  материалдық,  пайдалану  шығындарын, 
қызмет бабы бойынша жеке және қызмет көлігін қолдану, жеке қызметкерлер мен көлікті 
сақтандыру  бойынша  шығындарды,  өткен  кезеңдегі,  ағымдағы  және  келешектегі  келісім 
шарттар  бойынша  қызметтерге  төлем  жасау,  сонымен  қатар  бюджеттік  өтінімді  жасау 
жөніндегі ҚР Қаржы министрлігінің нұсқаулықтарының негізінде жоспарлау керек. 
Мектептің  өз  табысы  және  бюджет  есебінен  тауарлармен,  қызметтер  және  жұмыстармен 
қамту мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң ережелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.  
Шығыстар түрлері бойынша есептер шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір 
ерекшелігі  бойынша  «Бюджеттік  өтінімдерді  жасау  және  ұсыну  ережелері»  2-66-
қосымшаларға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылына беріледі.  
2013  жылдың  20  наурызында  Астана  қаласының  Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау 
басқармасы басшылыққа жұмыста қолдану  үшін Қазақстан Республикасы Экономика және 
бюджеттік 
жоспарлау 
министрлігінің 
бюджет 
шығыстарының 
экономикалық  
сыныптамасының  131  «Техникалық  персоналдың  еңбегіне  ақы  төлеу»  және  159  «Өзге  де 
қызметтер  мен  жұмыстарға  ақы  төлеу»  ерекшеліктерін  қолдану  бойынша  түсініктемені 
ұсынды:
10
 
                                                           
9
«Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары  қызметкерлерінің  үлгі  штаттарын  және  педагог  қызметкерлер  мен  оларға 
теңестірілген  адамдар  лауазымдарының  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  30 
қаңтардағы №77 Қаулысы
 
10
http://www.economika.astana.kz/ru/node/42286
 

19 
 
131  «Техникалық  персонал  еңбекақысын  төлеу»  және  159  «Өзге  де  қызметтер  мен 
жұмыстар  төлемі»ерекшеліктері  бойынша  шығыстар  көрсетілген  жағдайда  еңбекақы 
төлеу бөлігінде келесі жағдайларды ескеру қажет: 
1)   егер  жұмыскер  (штаттан  тыс  лауазым)  еңбек  келісімшарты  негізінде  жұмысқа 
қабылданатын  болса,  осы  жұмыскерлердің  еңбекақы  төлемі 131  «Техникалық  персонал 
еңбек төлемі» ерекшелігі бойынша көрсетіледі
2)  егер  жұмыскермен  белгілі  бір  қызметтерді  көрсетуге  келісімшарт  жасалса  және 
олардың  төлемі  орындалған  жұмыстар  актісі  негізінде  іске  асырылатын  болса,  осы 
жұмыскерлер қызметін төлеу 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлемі» ерекшелігі 
бойынша іске асырылатын болады.  
Қоғамдық  жұмыстарды,  жастар  тәжірибесін  және  әлеуметтік  жұмыс  орындарына 
орналасқан  бағдарламаларға  қатысушылардың  еңбекақыларын  қаржыландыру  бөлігінде 
қолданыстағы заңнама нормаларын зерделей отыра, келесіні хабарлаймыз: 
1)  қоғамдық  жұмыстарды  қаржыландыру  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 
өкілетті  орган  және  жұмыс  берушілер  арасындағы  қоғамдық  жұмыстарды  орындауға 
үлгілік  шарт  негізінде  іске  асырылады.  Сондықтан,  қоғамдық  жұмыстарды 
қаржыландыру 159  «Өзге  де  қызметтер  мен  жұмыстар  төлемі» ерекшелігі  бойынша 
көрсетілуі керек. 
2) жастар  саясатын қаржыландыруды өкілетті  орган жасалған шарт негізінде жұмыс 
берушімен бірге іске асырады. Сонымен қатар, жастар тәжірибесінен өту  үшін жұмыс 
орындарына  орналасқан  түлектерге  еңбекақы  төлемін  өкілетті  орган  екінші  деңгейлі 
банктерде  ашылған  жастар  тәжірибесіне  қатысушылардың  жеке  есеп  –  шотына 
ақшалай  қаражатты  аудары  жолымен  іске  асырады.  Жастар  тәжірибесіне 
қатысушылар  жұмыспен  қамту  мәселесі  бойынша  өкілетті  органның  штаттан  тыс 
жұмыскерлері  болып  табылмайтындықтан,  жастар  тәжірибесін  қаржыландыру 
шығыстарын 159  «Өзге  де  қызметтер  мен  жұмыстар  төлемі» ерекшелігі  бойынша  іске 
асыру мүмкін деп есептейміз. 
3) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Үкіметтің  2011 жылғы 18 
шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарына 
жұмысқа  тұрған  Бағдарлама  қатысушыларының  еңбекақысын  субсидиялау  механизмі  
қоғамдық  жұмыстар  мен  жастар  тәжірибесін  қаржыландыру  механизмдеріне  ұқсас. 
Ерекшелігі  –  аталған  жағдайда  уәкілетті  орган  жұмыспен  қамту  Бағдарламасына 
қатысушыларға  еңбекақының  тек  бір  бөлігін  төлейтіндігінде.  Сол  себепті,  Бағдарлама 
қатысушыларының  еңбекақысын  субсидиялауға  кететін  шығындарды 159  «Өзге  де 
қызметтер  мен  жұмыстар  төлемі»  ерекшелігі  бойынша да  жүзеге  асыруға  болады  деп 
есептейміз. 
Экономикалық  сыныптамасының  белгілі  бір  ерекшелігін  қолдану  жөніндегі  кейбір 
сұрақтарға  ҚР  ҚМ  Қазынашылық  комитеті  жауап  берді.
11
  (Нұсқаулықтың  8-қосымшасын 
қараңыз). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет