Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі


 Қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды жүзеге асыру тәртібі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата31.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#10918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.5. Қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды жүзеге асыру тәртібі 
Қолма-қол ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер банктің чектері бойынша және (немесе) 
корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырады және тізілімі мен мөлшерін 
бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың экономикалық 
сыныптамасының ерекшеліктері бойынша рұқсат етіледі
20
 
Осы Ереженің 203-тармағында көзделген ақшаны банк кассасынан чектер бойынша қолма-
қол  ақша  алу  үшін  мемлекеттік  мекеме  банкті  өзі  дербес  таңдайды.  Мемлекеттік  мекеме, 
аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк кассалық қызмет көрсетуге осы Ереженің 83-
қосымшасына сәйкес нысан бойынша шарт жасасады.  
Қолма-қол  ақшамен  операцияларды  орындау  тәртіптері  Ереженің  29-тараудың 
тармақтарына сәйкес реттеледі.  
 
 
                                                           
20
  «Шығыстардың,  оның  ішінде  жасасқан  азаматтық-құқықтық  мәмілелерге  қатысты  тіркеу  міндетті  болып 
табылатын  шығыс  түрлерінің  экономикалық  сыныптамасы  ерекшеліктерінің  тізбесін  бекіту  туралы» 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығы 
 

29 
 
5.
 
Мемлекеттік сатып алу  
Мемлекеттiк  сатып  алу  –  мемлекеттiк  функцияларды  қамтамасыз  ету  үшiн  қажеттi 
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушілердiң ақылы негiзде 
сатып алуы. 
Мемлекеттік  сатып  алу  ҚР  21.07.2007ж.  №303-ІІІ  «Мемлекеттік  сатып  алу  туралы» 
заңымен, «Мемлекеттік сатып алуды орындау ережелерімен» (Одан әрі - Заң), 2007 жылдың 
27  желтоқсанда  №1301  ҚР  Үкіметімен  бекітілген  ережелермен  (одан  әрі  Ережелер 
бөлімінде),  2012  жылдың  15  мамырда  №623  «Электрондық  мемлекеттік  сатып  алу 
ережелерімен» реттеледі. 
5.1  «Мемлекеттік  сатып  алу»  нормаларын  қолданбай  жүзеге асырылатын 
мемлекеттік сатып алу 
Осы  Заңның  4-бабына  сәйкес  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  жасасуды 
регламенттейтін  нормалары  қолданылмай  мемлекеттік  сатып  алу  мынадай  жағдайларда 
жүзеге асырылады:  

 
егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома 
тиісті  қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы заңмен белгіленген  айлық 
есептік  көрсеткіштің  екі  мың  еселенген  мөлшерінен  аспайтын  болса,  тауарларды, 
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер,  алымдар 
және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді  сатып 
алу; 

 
өкілдік  ету  шығыстарына байланысты  тауарларды,  көрсетілетін  қызметтерді  сатып 
алу;  

 
көрмелердің,  семинарлардың,  конференциялардың,  кеңестердің,  форумдардың, 
симпозиумдардың,  тренингтердің  материалдарын  сатып  алу,  сондай-ақ  аталған  іс-
шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;  

 
қағаздағы  және  (немесе)  электрондық  тасушысы  периодикалық  баспасөз 
басылымдарын сатып алу (4-бап); 

 
біртекті  тауарлардың,  жұмыстардың,  көрсетілетiн  қызметтердің  құндық  мәндегі 
жылдық  көлемі  тиісті  қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы  заңмен 
белгіленген  жүз  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінен  аспаса,  біртекті 
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. 
 
Жалпы  жылдық  сома  дегеніміз  сәйкес  келетін  жылдың  жылдық  сатып  алу  жоспарында 
қарастырылған  қажет  тауарларды,  жұмыстарды,  қызметтерді  сатып  алуды  қарастырған 
сома. 
Бұл  жағдайларда  мемлекеттік  сатып  алулар  мемлекеттік  сатып  алуды  құқықтық  реттеу 
принциптерін  сақтай  отырып,  яғни  мемлекеттік  сатып  алу  үшін  қолданылатын  ақшаны 
оңтайлы және тиімді жұмсап, сондай-ақ отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
5.2 Мемлекеттік сатып алу процесі 

30 
 
 
Мемлекеттік сатып алу процесі: 
1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;  
2) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;   
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.   
 
Тиісті  бюджеттің  (бизнес-жоспардың,  кірістер  мен  шығыстар  сметасының)  негізінде 
тапсырыс  беруші  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру ережелерінде айқындалған 
тәртіппен  және  нысанда  мемлекеттік  сатып  алудың  жылдық  жоспарын  әзірлейді  және 
бекітеді (Нұсқаулықтың 16-қосымшасы).  
 
Мемлекеттік  сатып  алудың  жылдық  жоспарын  тапсырыс  беруші  тиісті  бюджет  (бизнес 
жоспар,  кірістер  мен  шығыстар  сметасы)  бекітілген  күннен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде 
бекітеді және онда мынадай мәліметтер:  
1)  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  үшін  бөлінген  соманы  қоса  алғанда, 
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; 
2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі; 
3)  әрбір  қаржы  жылына  бөлінген  және  көзделген  сома  шегінде  кестеге  және  жылдар 
бойынша  бөлуге  сәйкес  тауарларды  берудің,  жұмыстарды  орындаудың,  қызметтерді 
көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс. 
 
Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес 
жұмыс күнi iшiнде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті. 
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар  енгізу  туралы  шешім  қабылданған  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 
енгізілген  өзгерістерді  және  (немесе)  толықтыруларды  мемлекеттік  сатып  алу  веб-
порталында орналастыруға міндетті. 
5.3 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 
 
«Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»    Заңның  12-бабына  сәйкес  мемлекеттік  сатып  алу 
мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: 
1) конкурс тәсілімен; 
2) электрондық аукцион; 
3) баға ұсыныстарын сұрату; 
4) бір көзден алу; 
  
 
Конкурс екі  кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі  мүмкін.  Мемлекеттік сатып 
алу  2012  жылдың  15  мамырында  №623  «Электронды  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу 
ережелерінде» анықталған тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін
 
 (www.goszakup.gov.kz). 
 
 

31 
 
5.4  Тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  мемлекеттік  сатып 
алуды ұйымдастыру және өткізу 
 
Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастыру  және  өткізу  рәсімін  орындау  үшін  тапсырыс 
беруші  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушыны  өзі  айқындайды.  7-баптың  1,  2,  3 
тармақтарына сәйкес мектепте лауазым иесі – директор. 
а.
 
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
  
Біртекті  болып  табылмайтын  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  конкурс 
тәсілімен  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  кезінде  мемлекеттік  сатып  алуды 
ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле 
отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге 
құқылы.  
 
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік 
сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық 
құжаттамада  біртекті  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  беру  (орындау, 
көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.  
 
Конкурсқа  қатысуға  өтінімдерді  қарау  қорытындылары  бойынша  айқындалған  біліктілік 
талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық 
комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.  
 
 Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылады егер: 
     1)  конкурстық  комиссия  екіден  кем  әлеуетті  өнім  берушіні  конкурсқа  қатысушы  деп 
таныған; 
    2)  конкурсқа  қатысушылардың  конкурстық  баға  ұсыныстары  қабылданбағаннан  кейін 
конкурсқа  қатысушылардың  екіден  кем  конкурстық  баға  ұсыныстары  бағалануға  және 
салыстыруға жатқызылған; 
       3)  конкурс  жеңімпазы  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  жасасудан  жалтарған 
жағдайлардың бірі болғанда.   
 Конкурстық құжаттама  
 
Конкурстық  құжаттаманы  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  мемлекеттік  сатып 
алуды  жүзеге  асыру қағидаларында айқындалған  үлгілік  конкурстық  құжаттаманың 
негізінде  (Мемлекеттік  сатып  алуды  орындау  ережелерінің  3-қосымшасы)  немесе 
электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  өткізу қағидаларында айқындалған  конкурстық 
құжаттаманың  электрондық  нысаны  негізінде  қазақ  және  орыс  тілдерінде  әзірлейді 
(
www.goszakup.gov.kz
). 
 
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың 
шарттары  туралы  неғұрлым  толық  ақпарат  алуға  мүмкіндік  беретін  басқа  да  қосымша 
мәліметтер қамтылуы тиіс (Заңның 17-бабын қараңыз).  

32 
 
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткізгіште не 
бекiтiлген  конкурстық  құжаттаманы  тапсырыс  берушінiң  интернет-ресурсында  жариялау 
арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады. 
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі 
тұлғаларға  олар  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушыға  конкурстық  құжаттаманың 
көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.  
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама  
Мемлекеттiк  сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурстық  құжаттама  бекiтiлген  күннен 
бастап  үш  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей,  бiрақ  әлеуетті  өнім  берушілердің  конкурсқа 
қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын
21

       1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың 
мәтiнiн,  сондай-ақ  бекiтiлген  конкурстық  құжаттаманы  тапсырыс  берушінiң  интернет-
ресурсында жариялауға; 
       2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың 
мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға; 
       3)  тапсырыс  берушінің  интернет-ресурсында  хронологиялық  тәртіппен  конкурстық 
құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары 
туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген 
конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
Конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  кезінде 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 
үш  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  бірақ  әлеуетті  өнім  берушілердің  конкурсқа  қатысуға 
өтінімдер  табыс  етуінің  соңғы  күніне  дейін  кемінде  күнтізбелік  жиырма  күн  бұрын 
конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  туралы 
хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті
22

Конкурс  тәсiлiмен  мемлекеттiк  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге  асырған  жағдайда 
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап 
үш  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей,  бiрақ  конкурсқа  қатысуға  өтiнiмдер  табыс  етудің  соңғы 
күнiне  дейiн  кемiнде  күнтiзбелiк  он  бес  күн  бұрын  барлық  үш  талаптарды  орындауға 
мiндеттi. 
Конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге  асырған 
жағдайда  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурстық  құжаттама  бекітілген 
күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс 
етудің соңғы күніне дейін кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттік сатып алу веб-
порталында  конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге 
асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.
23
 
 
                                                           
21
 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңы 
22
  «Электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы 
23
«Электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы  

33 
 
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету  
Әлеуетті  өнім  беруші  конкурсқа  қатысуға  өтiнiмдi  табыс  етудің  конкурстық  құжаттамада 
көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға – 
мөр  басылған  конвертте,  ал  конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды 
жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат 
нысанында табыс етедi. 
Өтінімдегі  болуға  тиіс  мәліметтер  және  құжаттар  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге 
асырудың ережелерімен анықталады.   
Кепілдеме  ретінде  әлеуетті  жеткізуші  конкурсқа  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  ету  үшін 
ақшалай  соманы  шотқа  салады.  Конкурсқа  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  ету  мемлекеттік 
сатып  алуды  жүзеге  асырудың  ережелерінде айқындалған  тәртіппен  тауарларды, 
жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  сатып  алу  үшін  бөлінген  соманың  бір  проценті 
мөлшерінде енгізіледі. 
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу 
 
Конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысуға  өтінімдер  салынған  конверттерді  конкурстық 
комиссия мүшелерінің жалпы көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының 
уәкілетті  өкілінің  және  әулетті  жеткізушілердің  немесе  олардың  уәкілетті  өкілдерінің 
көзінше  конкурстық  құжаттамада  көрсетілген  мерзімде,  уақытта  және  орында 
ашады. Электрондық  мемлекеттік  сатып  алуға  конкурс  тәсілімен  қатысу  туралы 
өтінімдердің 
ашу 
протоколы  
конкурстық комиссияның хатшысымен өтінімдер ашылған күні мемлекеттік сатып алу веб-
порталында жарияланады.  
 
Конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысуға  өтінімдерді  қарайды  және  конкурсқа  қатысуға 
өтінімдер  салынған  конверттерді  ашқан  күннен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  (күрделі 
техникалық  сипаттамалары  мен  ерекшелігі  бар  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін 
қызметтерді  күрделі  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізген  жағдайда  осындай  өтінімдер 
конкурсқа  қатысуға  өтінімдер  салынған  конверттерді  ашқан  күннен  бастап  жиырма 
күнтізбелік  күн  ішінде  қаралады)  әлеуетті  өнім  берушілерді  конкурсқа  қатысуға  рұқсат 
беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).  
 
Конкурсқа  қатысуға  жіберілген  әлеуетті  өнім  беруші  (конкурсқа  қатысушы)  конкурсқа 
қатысуға  рұқсат  беру  туралы  хаттамада  көрсетілген  мерзімнен  кешіктірмей  мемлекеттік 
сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті беруге тиіс. 
Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін 
қызметтерді  мемлекеттік  сатып  алудың  қорытындылары  туралы  хаттаманың мәтінін  екі 
жұмыс  күні  ішінде  тапсырыс  берушінің  интернет-ресурсына,  мемлекеттік  сатып  алу  веб-
порталында конкурстың қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру керек.  
 
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші: 
  1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
қатысуға өткізу туралы; 

34 
 
     3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің 
бірін қабылдауға құқылы. 
b. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу 
Біртекті  тауарлардың,  жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің  құндық  мәндегі  жылдық 
көлемі  тиісті  қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы  заңмен  белгіленген  айлық 
есептік  көрсеткіштің  төрт  мың  еселенген  мөлшерінен  аспаса,  біртекті  тауарларға, 
жұмыстарға,  көрсетілетін  қызметтерге  баға  ұсыныстарын  сұрату  тәсiлiмен  мемлекеттiк 
сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады. 
Ең  төмен  баға  ұсынысын  берген  әлеуетті  өнім  беруші  жеңімпаз  деп  танылады.  Егер  ең 
төмен  баға  ұсынысын  бірнеше  әлеуетті  өнім  берушілер  берген  жағдайда,  өзінің  баға 
ұсынысы  басқа  әлеуетті  өнім  берушілердің  баға  ұсыныстарынан  бұрын  түскен  әлеуетті 
өнім беруші жеңімпаз деп танылады.  
Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға 
ұсынысы  табыс  етілген  болса,  мемлекеттік  сатып  алу  веб-порталы  мұндай  мемлекеттік 
сатып  алуды  өтпеді  деп  таниды  және  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  баға 
ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. 
c.
 
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу 
Бiр  көзден  алу  тәсiлiмен  мемлекеттiк  сатып  алуды  өткізу  келесі  жағдайда  болуы  мүмкін, 
егер (Заңның 32-бабы):  

 
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмсе; 

 
заңның  көзделген  шаралары  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  жасасуға  әкеп 
соқпаса; 

 
конкурс  тәсілімен  мемлекеттік  сатып  алу  қорытындысын  шығарғанға  және 
мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және 
(немесе)  апта  сайынғы  қажеттілікті  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыруға 
қажеттілік болса.  
 
Бір  көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден 
алу  тәсілімен  мемлекеттік  сатып  алуға  қатысу  үшін  мемлекеттік  сатып  алуды 
ұйымдастырушы  шақырған,  өтпеді  деп  танылған  конкурсқа  қатысушы  аталған  конкурсқа 
қатысушының  біліктілік  талаптарына  сәйкестігін  растайтын  құжаттарды  нақ  сол 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы. 
 
Тапсырыс  беруші  бір  көзден  алу  тәсілімен  мемлекеттік  сатып  алудың қорытындылары 
туралы  хаттамаға қол  қойылған  күннен  бастап  екі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  хаттама 
мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.  
5.5 Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу 
Тапсырыс беруші  мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған 
күннен бастап бес жұмыс күнi ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын  
айқындалған  үлгiлiк  шартқа  сәйкес  жасалған  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарттың 

35 
 
жобасына  қол  қояды  және  оны  әлеуетті  өнім  берушіге  жiбередi  (Ереженің  4  және  5 
қосымшалары). Шарт жобасының әр бір парағына тапсырыс беруші қол қоюы тиіс. 
 
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың 
жобасын  әлеуетті  өнім  берушіге  жiберген  күннен  бастап  күнтiзбелiк  отыз  күннен  аспауға 
тиiс.
 
 
Өнiм  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  жасасқан  күннен бастап  он  жұмыс  күнi 
iшiнде  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз  етудi  енгiзуге 
мiндеттi.  Өнім  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз 
етудi  өзімен  жасалған  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  өз  мiндеттемелерiн 
уақытылы, толық және тиiсті түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi. 
 
Келісім шарттың қамтамасыз ету көлемі келісім шарттың жалпы сомасының 3 % құрайды. 
Егер  алдын  ала  төлем  жасалынса,  онда  келісім  шарт  орындалуының  қамтамасыз  етулуі 
алдын ала төленген сомасына сай болуы тиіс, ал сол сома  мемлекеттік сатып алу туралы 
келісім шарттың жалпы сомасының 3 пайызынан кем болмау керек. 
 
Мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шартта  осы  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша 
міндеттемелердің  орындалмағаны  не  тиісінше  орындалмағаны  үшін  тұрақсыздық  төлемі, 
сондай-ақ  тапсырыс  берушінің  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарттың  толық  сомасынан 
тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті көзделуге тиіс. 
 
Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда 
белгіленген  мерзімде  тапсырыс  берушіге  бермесе  немесе  мемлекеттік  сатып  алу  туралы 
шартты  жасасып,  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз  етуді 
енгізбесе,  мұндай  әлеуетті  өнім  беруші  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шартты  жасасудан 
жалтарды деп танылады. 
 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу 
туралы  шартты  тапсырыс  беруші  оны  жасағаннан  кейiн  не  өнім  беруші  конкурстық 
құжаттамада  не  аукциондық  құжаттамада  көзделген  шарттың  орындалуын  қамтамасыз 
етудi  толық  енгiзгеннен  кейiн  бес  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей  мемлекеттiк  сатып  алу 
туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады. 
Өнім  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  қабылдаған  мiндеттемелерiн 
орындамаған  не  тиісті  түрде  орындамаған  жағдайда,  тапсырыс  беруші  он  жұмыс  күнінен 
кешіктірмей,  міндеттерді  жауапсыз  орындайтын  өнім  берушілерді  реестрге  тіркеу  үшін 
аумақтық сот органдарына шағым түсіреді. 
5.6. Мектеп директорларының тәжірибесінен  
Мемлекеттік  сатып  алу  процедурасы  бойынша  көптеген  сұрақтар  тәжірибелі  мектеп 
директорларында да қиындық туғызады. Мысалы: 

 
Міндеттерін  жауапсыз  атқаратын  (арам  пиғылды)  өнім  берушілермен  не  істеу 
керек; 

 
қаражат  үнемделген  жағдайда,  бұл  соманы  мектептің  басқа  мұқтаждарына 
пайдалануға бола ма; 

36 
 

 
бағдарлама әкімшілерімен жұмыс ісстеу барысында қиын жағдайларға тап болған 
кезде, өзін қалай ұстау керек; 

 
ыстық  тамақтануды,  мектеп  асханасының  жұмысын  қалай  ұйымдастыру  керек 
және басқалары.  
Төменде  кең  етек  алған  жағдайларды  мысалға  ала  отырып,  осындай  жағдай  туындаған 
кезде басшылыққа алынатын нұсқаулар келтіріліп отыр: 
1.
 
«Өнім  беруші  900  мың  теңгеге  тауар  ұсынуы  керек  еді,  мен  тек  600  мың  теңгенің 
тауарын  алдым.  Маған  айдың  соңына  дейін  бұл  ақшаларды  игеру  керек,  шотымда 
қаражат болмауы тиіс. Нәтижесінде – игерілмеген қаражат. Өнім беруші кепілдік хат 
негізінде  600  мың  теңгені  төлеп,  тауардың  қалған  бөлігін  кейін  әкеліп  беруге 
міндеттенеді.  Оған  осы  ақшаны  жіберуім  керек,  әйтпесе  менде  қаражат  игерілмей 
қалмақ. Маған әкімші ақша игерілмей қалмау керек деген». 
Ешқандай  кепілдік  хат  болмау  керек.  Тауар  жоқ  жерде  ақша  да  жоқ.  Сыбайлас 
жемқорлық  деп  айыптағанша,  қаражаттың  игерілмей  қалғаны  жақсы.  Ең  алдымен,  заң 
нормаларын басшылыққа алған жөн. Бұл жағдайда жауапкершілік бағдарлама әкімшісіне 
емес, мектеп директорына жүктеледі. 
2.
 
«Өнім беруші конкурсты ұтып алды, онымен шартқа отырдық, оны қазынашылықта 
тіркедік.  Ол  барлығын  есептеп  келгенде  қаржының  жетпейтіндігін  білді.  Жұмыс 
көлемінің 70% орындалған кезде бізден тек оған ақша аударғанын күтті. Содан сол ол 
жоғалып  кетті.  Онымен  жасалған  шартты  бұза  алмадық.  Қазынашылыққа  бардық, 
заңгерлерді  жалдадық,  оның  барлығы  біз  оны  таппайынша,  оның  өзі  ескертуге  қол 
қоймайынша  шарт  бұзылмайды  деді.  Жолымыз  болып,  біз  оны  тауып  алдық.  Оны 
іздеп  таппағанда  не  болар  еді?».  «Менде  мұндай  жағдайға  тап  болған  едім,  алайда 
біздің  шартты  бұзды,  себебі  шартта  мынадай  өзгешелік  бар  еді:  бұл  үйде  ол  адам 
тіркелмеген және т.с.с. Ал қажет адамның тіркелген жері болғанда, курьер бұл хатты 
қайтарып берді, осы жағдайды қабылдаған жоқ».  
Сот  мұндай  істерді  қызмет  көрсетуді  ұсынушылардың  тіркелген  орны  бойынша 
қарастырады. Ең алдымен, пошта арқылы өнім берушіге хабарлама жіберу керек. Егер 
өнім  берушіні  табу  мүмкін  болмаса,  онда  оны  арам  пиғылды  өнім  берушілер  тізіміне 
тіркеу керек. 
3.
 
«Табиғи  сары  майға  тапсырыс  бердік,  конкурсты  бағасы  төмен  өнім  беруші  ұтып 
алды.  Нәтижесінде  маргарин  әкеліп  «барлығы  алып  жатыр,  сіздер  де  алыңыздар» 
дейді. 
Егер  сіз  тауардың  сапасы  төмен  немесе  нормаға  сәйкес  келмейді  деп  санасаңыз, 
сараптама жасатып, акт құрып, тауарды қайтарып беруіңіз керек. 
4.
 
«Аз қамтылған балаларды тамақтандыру. Жалпы білім беру қорының қаржысынан аз 
қамтылған  балаларға  қызмет  көрсету  бойынша  конкурсқа  қатысамыз.  Асхананы 
жалдаушыға,  яғни    өнім  ұсынушыға  конкурс  жариялаймыз.  Жыл  сайын  мен  жалға 
алушыларды  ауыстырып  отырамын,  себебі  олар  бағасын  төмен  ұсынады.Айталық 
маған 3 миллион берді, олар 1,5 миллион теңгесін алып тастады. Бағдарлама әкімшісі 
мектептен  осы  бір  жарым  миллионды  алып  тастай  ала  ма?  Осы  қордан  ақшаны 

37 
 
шешіп,  оны  біздің  асханамыздың  жөндеу  жұмысына  жібере  ала  ма?  Әдетте  мен 
үнемдеуді қалдыруын өтініп, өтінім жазамын – олар оны алып тастайды». 
Жоқ,  алып  тастауға  құқығы  жоқ.  Қаржыны  үнемдеу  жөнінде  өтінім  жазбау  керек. 
Қалған  1,5  миллион  теңге  үшін  басқа  шарт  жасауға  болады  (киім-кешек,  кеңсе 
тауарлары). Егер бұл ақша мектепке қажет болса, оларды қорғау керек. 
5.
 
 «Аз  қамтылған  балаларға  тамақ  жалпы  білім  беру  қорының  қаржысынан  болған 
жағдайда  мемлекеттік  сатып  алу  процедурасын  жүргізу  керек  пе?  Тағамға  ма,  әлде 
жалға алушыға жүргізуім керек пе?» 
Сіз жалға алушыға да  және тамақтану өнімдеріне де мемлекеттік сатып алуды жүргізе 
аласыз,  яғни  мемлекеттік  сатып  алу  процедурасы  міндетті.  Жалпы  білім  беру  қоры 
бойынша тамақтану өнімдеріне мемлекеттік сатып алуды жүргізуге болады. Асхана үшін 
арнайы шот ашып, жүргізуге болады. Арнайы шот арқылы сіз аспазшыға ақша төлейсіз. 
Тамақтану өнімдеріне конкурс жарияланады.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет