қызмет атқаратындығына сендіре білу керек.
жарияламауға міндетті.
маңызды буын екендігіне талас жоқ.
қарау тұрақты бақылауға қойылды.
жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.
неплохим результатом.
«Жаркент өңірі»
№ 50 (8841)
9 желтоқсан 2016 жыл
4
Алаштың
ардақты
аза-
маты,
әнші-сазгер,
Қазақстан
Республикасының
Халық
әртісі
Дәнеш Рақышевтің 90 жылдық ме-
рейтойы туған топырағы-Жаркент
өңірінде мәдени шара ретінде атап
өтілді. Жыл басынан-ақ бастау алған
игілікті шаралардың Үлкенағаш
ауылдық округіндегі Әулиеағаш
орта мектебінде жарасты жалғасын
тапқаны-көзіқарақты жұртшылыққа
мәлім.
Ұлмекен
Базарханқызы
басшылық жасайтын мектеп ұжымы
әйгілі әнші-сазгердің мерейтойы-
Мәдени шара
Ән өнерінің Ақберені
на лайықты үлестерін қосты. «Ән
өнерінің ақберені» деген тақырып ая-
сында өткен ғылыми –практикалық
оқушылар конференциясының құрметті
қонақтары:
Алматы
облысының
«Құрметті азаматы», ҚР мәдениет
қызметкері, жазушы-сазгер Базар-
хан Жақыбай,Қазақстан Жазушыла-
ры Одағының мүшесі, «Қазақ тілі»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын
Ислам-Ғали Үркімбайұлы, Қазақстан
Журналистері Одағының мүшесі, «Жар-
кент өңірі» газеті бас редакторының
орынбасары, ақын Құдайберді Құсайын,
«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер
мұражайының директоры, ҚР мәдениет
қызметкері, Шәріпханқажы Тұрғанұлы,
ақын
Еркін
Исахан,
Д.Рақышев
атындағы Халық театрының режиссері
Қуаныш Изенаев, аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Мейрамбек Жанпейісов, Дәнештің
қызы-Гүлнәр және басқалары сөз
алып, Дәкең туралы жылы лебізге толы
естеліктерін әңгімелеп, ақындар арнау
өлеңдерін сыйға тартты.
Нұрлыбек, Ақерке, Шы-
нар Баймолда, Назар Тұрағалды,
Еркебұлан Байтаев сияқты ізденімпаз
оқушылар алаштың ардақты аза-
маты болған, Дәкеңнің ғұмырбаян
деректерінен сырлы сыр шертсе,
әншінің немере шәкірттерінің бірі
Еркебұлан Қонашев, Мұхтар Тұрдиев,
Гүлшат Найманбаева, Бәтіш Игенбай
сияқты жергілікті әншілер сәнді сахна
төрін әсем әндерімен өрнектеді.
Аспандағы
аққуға
үнін
қосқан әншіні еске алу кеші Үшарал
ауылындағы Мәдениет үйінде де
жарасымды жалғастығын тауып
көрермендерін көзайым етті. Мұндағы
сахналық қойылымдар мен жер-
лес әншілеріміздің орындауындағы
әндер мен ақындарымыздың оқыған
өрнекті өлеңдері жұртшылыққа өнер
жарасымдылығын сыйға тартты.
Дәкеңді әспеттеген шы-
райлы шараның нүктесі аудандық
Мәдениет үйінде өткен мерейлі той
дүбірімен тиянақталды. Тойға келген
қонақтарға кәделі шашу шашылып,
мектеп оқушылары сахналық көріністер
көрсетті, ән әуелеп, күй шалқыды.
Салтанатты сәт үстінде ау-
дан әкімі Бердәулет Абдулдаев сөз
алып, алыс-жақыннан келген қадірлі
қонақтарға құттықтау лебізін жеткізді.
Көптің көңілін толқытқан ізгі тілегінен
соң аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы
мерейтой иесі жөнінде әсерлі әңгіме
тиегін ағытты.
Мерейтой
жиынында
облыстық мәдениет, мұрағат және
құжаттама басқармасының бастығы
Ақан Әбдуәлиев, Алматы облысының
«Құрметті азаматы», белгілі жазушы
Бексұлтан Нұржекеев, Ақсу, Кербұлақ
және Панфилов аудандарының
«Құрметті азаматы» Ғалым Тұрғанбаев,
Панфилов ауданының «Құрметті азама-
ты», ҚР мәдениет қайраткері, ақын, жа-
зушы Әдепхан Төреханұлы, Қазақстан
халқы Ассамблеясының мүшесі, Пан-
филов ауданының «Құрметті азаматы»
Рехимжан Тохтахунов, еңбек ардагері,
Панфилов ауданының «Құрметті аза-
маты» Клара Сүлейменова сөз алып,
Дәнеш туралы әсерлі естеліктерімен
бөлісті.
Әсем
әнмен
әдіптеліп,
күмбірлі күймен астасқан бұл мәдени
шарада Дәнештің шәкірттері: Нұржан
Жанпейісов, Абылай Қармысов, Ара-
фат Ысқақов, Нұржан Батпақбаев,
Жаңагүл Молдахметова сияқты белгілі
жезтаңдай әншілер сахнаның сәнін
кіргізді.
Алматы
облыстық
мәдениет, мұрағат және құжаттама
басқармасының
бастығы
Ақан
Әбдуәлиев осы салтанатты шара-
да Дәкеңнің қызы-Гүлнәрға «Ән
қанатындағы жыр» атты республикалық
мүшәйраға қолдау мен демеушілік
көрсеткені үшін басқарманың Алғыс
хатын табыстады. Шара соңында
сөз алған Гүлнәр Дәнешқызы барша
жерлестері мен қадірлі қонақтарға шы-
найы алғыс сезімін жеткізді. Жаркент
қаласындағы «Lotus» мейрамхана-
сында көпшілікке ас берілді.
Қ.Оспанұлы.
суретте: (оңнан солға қарай) облыстық мәдениет, мұрағат және
құжаттама басқармасының бастығы а.әбдуәлиев дәнеш рақышевтың
қызы-Гүлнәрға «алғыс хатын» табыстау сәті.
КЕМЕЛДЕНГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ
Қазақстан
Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында
мемлекетіміздің білім беру саласын-
да «Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға
арналған»
мемлекеттік
бағдарламасы аясында іргелі іс –
шаралар атқарылуда. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында
атап көрсеткеніндей, бүгінгі күннің
басты талабы - білімді, зерделі, жан-
жақты дамыған елімізді алдыңғы
қатарлы алпауыт елдердің қатарына
қосатын
интеллектуалдық
тұлға
қалыптастыру.
Осындай мақсат жолында
нық қадам, айқын мақсатпен еңбектеніп
келе жатқан , аудан мақтанышына
айналған , бетке ұстар мектебіміз -
Ыбырай Алтынсарин есімімен атала-
тын киелі қарашаңырақ.
Бүгінде 85 жыл толып, ғасырға
жуық тарихы бар іргелі мектептердің
біріне айналған, оқытудың озық
инновациялық
технологияларын
меңгерген 106 мұғалім,1274 оқушыға
жаңа материалдық техникалық құрал
–
жабдықтармен
жабдықталған,
жаңа мектеп ғимаратында сапалы
білім және дәстүрлі тәрбие беруде.
Оқушылардың ХХІ ғасырға лайықты
білім алуына арналған оқу тәжірибелік
пән кабинеттері, 10 интерактивті тақта,
мультимедия- лингофонды кабинеті,
145 озық үлгідегі компьютерлер, қоры
мол кітапхана жұмыс істеуде. Ең ба-
стысы оқушыларымыздың әлемдік
деңгейде бәсекеге қабілетті адам
ретінде тәрбиеленуіне ерекше көңіл
бөлінуі. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің
жемісі. Бұл Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлының сындарлы саясатының
арқасы, дара көшбасшылығымен
атқарылып жатқан игі істердің жемісі.
1957 жылы мектебімізге
халқымыздың даңқты перзенті, тұңғыш
педагогі Ы.Алтынсарин есімі берілуі
мектеп тарихындағы айтулы оқиға бол-
ды. Мұның өзін мектептің оқу – тәрбие
қызметіне берілген абыройлы баға деу-
ге болады.
Мектеп басшыларының ішінде 1954
– 1987 жылға дейінгі 33 жыл бойы
мектебімізді басқарған, Қазақстан Ре-
спубликасына еңбегі сіңген мұғалім,
ҚР Білім беру ісінің үздігі, Панфи-
лов ауданының «Құрметті азама-
ты», ұстаздардың ұстазы Жақсыбай
Исаевтың еңбегі ерекше. Осы жылы
ұлағатты ұстаз есімін құрметтеп
қаламыздан
аудан
әкімшілігінің
демеуімен көше аты берілді. Бұл істі
ұстаз есіміне деген құрмет деп түсінеміз.
Мектеп оқушылары ең үздік үлгіде
салынған білім ошағында оқып,
тәрбиеленуде. Бүгінгідей мерекелі
күні жаңа мектеп ғимаратын салуға
ықпал еткен мектеп түлегі, мемлекет
қайраткері Қуаныш Сұлтанов ағамызға
алғысымыз шексіз!
«Шәкіртінің дарынды болуы –
ұстаздан» демекші, ұзақ жылдар осы
шаңырақта ұстаздық еңбек еткен
Еңбек Қызыл Ту Орденінің иегерлері
- Молдыраш Қоңырбаев пен Зинахан
Сембаева, Қазақ Республикасына
еңбек сіңірген мұғалім Шәмшия Жа-
парова, Қазақстан Республикасының
Білім беру ісінің үздіктері Батима
Иманқұлова, Әмина Валишанова,
Шайдилдинова
Нұрғайша,Гүлфия
Жамалдинова, Роза Мырзабекова,
Дәулет Қасенов, Қанымай Мапаева,
Роза Бекболатова, Венера Үстенова,
Бисара Сыдықова, Байтұрсын Кебеба-
ев, Роза Карбузова, Бақыт Балтекено-
ва, Ләйля Хамитова, Сарсен Сариков,
Садыбекова Тұрсынхан, Беделбекова
Күмісқан, Самсақов Тұрсын, Самсақова
Амина,Мұқашева Шолпан, Тұрлыбекова
Шолпан, Қарабала Батима, Қасымхан
Тумаев,Байболатова Мәкен, Дүйсенова
Тұрахан, Әсия Кәрібаева, Тынысба-
ла Туғанбаева, Рысжан Өмірзақова,
Нағима Оспанбекова, Күлшария Сма-
илова, Әлия Хамитова, Нұрсапа Сма-
илов, Сламғали Піскенбаев, Темірхан
Қастеев, Роза Сламбекова, Гүлнар
Копина, Исраилова Мира, Бақыт Яку-
бахунова, Дәлелхан Мухтаров, Әбіш
Қуандық, Алимжанов Әділғалым,Үміт
Таңатаровалар есімін үлкен құрметпен
атаймыз.
Қарашаңырақтан қанат
қаққан ауданымызда абыройлы
қызмет
атқарып
жүрген
азамат-
тарымыз – ауданымыздың меди-
цина
саласының
майталмандары
- Мұрат Мухаметжанов, Нарбеков Ай-
дархан, Отарбаева Асия, Омарбеков
Таңжарық,аудан әкімінің орынбасары –
Роза Азаматқызы Мағрупова, аудандық
экономика-
бюджеттік
жоспарлау
бөлім бастығы - Рамазанова Сауле
Қасымханқызы, аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлім бастығы - Жақыбай Азат
Жапарұлы,ауданымыздың
өрт
сөндіру
бөлімшесінің
басшылары
Жұмағұлов Азамат Еркінұлы, Аслан
Дүйсенұлы,облыстық білім бөлімінің
әдіскерлері - Орманбекова Ұлбала
Жұмағұлқызы,Сайрамбекова
Диль-
бар
Рысбайқызы,
Қарабалаева
Райгүл Ахметқалиқызы, аудандық
білім бөлімінің орынбасары Тоқтасын
Қуаныш Мажитұлы сынды азаматтары-
мызды мақтан тұтамыз.
Ауданымыздың
көркеюіне
өзіндік үлесін қосып келе жатқан
түлектеріміз,
жеке
кәсіпкерлер
-
Жапарқұлов
Тасқын,Серік
Ақсубаев,Сакиева Ризван,Диханбаева
Бахыт үнемі мектептің тыныс -
тіршілігімен тығыз байланыста деп ерек-
ше атап өткім келеді.
Кешегі түлек – бүгінгі ұстаз.
Олай дейтін себебім, осы алдыңғы
буын ардагер ұстаздарымыздың салған
сара жолын жалғастырып, мектеп
қабырғасынан түлеп ұшқан Байғонысова
Бибігүл, Халықов Асқар, Керімқұлова
Рыскүл, Сансызбаева Сауле, Аким-
бекова Гаухар, Садыков Алалдун,
Келдібекова Ғалия, Карбузова Гүлжан,
Жұмабаева Маржан, Қайранбекова
Эльмира, Бердіғұлова Тоты, Та-
забекова
Дильдара,
Сағымбекова
Майра,Омарбекова Зауре, Мейманбаев
Қуандық осы аталған ұстаздарымыз
– қазіргі таңда өзі білім алған мектеп
қабырғасында ұстаздық қызмет етіп, са-
палы білім, саналы тәрбие беру жолын-
да өлшеусіз еңбек етіп келеді.
Ұстаздардың міндеті ғылыми-
педагогикалық жаңалықтарды меңгертіп,
ұрпақ тәрбиесінде нәтижелі пайдалану.
Мұғалімдеріміз оқу – тәрбие процесінде
заманауи технологияларды пайдаланып
білім сапасын арттырып қана қоймай,
шәкірттердің дарынын шыңдаумен
қатар өздері де түрлі деңгейдегі
байқауларға белсене қатысып, сан-
салалы жарыстар мен конкурстарда өз
біліктіліктерімен, тәжірибесімен жеңіс
тұғырынан көрініп, табысты еңбек ету-
де.
Сол ұстаздарымыздың ат-
тарын мақтанышпен атап өтер болсақ;
Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері
- Тазабекова Раушан, Сламқұлова
Нейля , Мусаева Балжан. « Армия ге-
нералы С. Нұрмағамбетов» медалі,
«Авиация генерал майоры – Талғат Би-
гельдинов» медалінің иегері –Халықов
Асқар. «Қазақ елінің үздік ұстазы»
медалінің иегері –Мыңжанова Бағила,
«Білім шыңы» медалінің иегерлері
- Байғонысова Бибігүл , Исабекова
Бибігүл, Керимқұлова Рыскүл, Маяме-
рова Бақытгүл, Трусбекова Динара,
«Эрнест Геккель атындағы орден»
иегері Муратбаева Үкілім,«Ұлағатты
ұстаз» медалінің иегерлері Раймбе-
кова Нұржамал, Садыков Алалдун,
Бекенова Ұлдархан, Бикташева Аида,
Бердіғұлова Тоты. «Бейбітшілік әлемі»
медалінің иегері –Хайрудинова Фарида
. Ұзақ жылдар бойы мектебімізде абы-
ройлы қызмет етіп келе жатқан майтал-
ман ұстаздарымыз – Қалиева Нұрбосын,
Қараева Нұрлыхан,Даулетбақова Ай-
ман, Абдыкаримова Гүлнар, Идрисо-
ва Зәйтүнәм, Нұрымова Мейрамкүл,
Абдрахимова
Гүлмира,
Нартбае-
ва Гүлнар, Матенова Берен сынды
мұғалімдеріміздің еңбегін ерекше атап,
озық тәжірибелі ұстаздар дер едім.
Жыл сайын мектеп бітіруші
түлектеріміздің 80 пайызы жоғарғы
оқу орындарына грантпен түсуі -
ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің
нәтижесі.
Өткен оқу жылында Ұлттық
бірыңғай тестілеуде мектебіміздің орта-
ша балы 88 % болып, қала бойынша 1 –
орын, облыс бойынша үздік он мектептің
қатарында аталды. Жылдан-жылға
оқушылардың білім сапасы артып
келеді. Бұл мектебіміздің 85 жылдығы
мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
арналған оқушылардың мерекелік үлкен
тартуы болмақ.
Облыстық тамыз конфе-
ренциясында үлгілі он тірек мектептер
қатарында аталып,Жетісу мемлекеттік
университетінің демеушілігімен «Ро-
бототехника» кабинеті сыйға тартылды.
Бүгінгі күнде осы сала бойынша үйірме
жүргізіліп, бәсекеге қабілетті жан-жақты
оқушыларды даярлау мақсатында
ұстаздарымыз тынбай еңбектенуде.
Қазіргі уақыт - Елбасымыз
атап айтқандай , « ХХІ ғасыр - бой емес,
ой жарыстыратын заман» 85 жылдық
тарихы бар Ыбырай Алтынсарин
атындағы орта мектептің ұжымы осын-
дай заманға лайық ұрпақ тәрбиелеу жо-
лында алдағы уақытта да еселі еңбек
етіп, толағай табыстарға жете бермек.
н.Тұрғанбаева,
ы.алтынсарин атындағы
орта мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі
Достарыңызбен бөлісу: