Газет 1921 жылдың 1 маусымынан



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата31.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#10946
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚОҒАМДЫҚ  - САЯСИ,   ӘЛЕУМЕТТІК  - ЭКОНОМИКАЛЫҚ   ГАЗЕТ

ЖАРКЕНТ


   ӨҢІРІ

№  50  (8841)

    Жұма

    9 желтоқсан          

   2016  жыл

Газет  

1921  жылдың 

1  маусымынан

 шығады

 

Жуырда      Қазақстан    Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы 



қарсаңында Жаркент шекара отряды мерекелік шара өткізді. Аудандық Мәдениет 

үйінде  өткен  бұл  салтанатты  шараға  мектеп оқушылары,  колледж    студенттері, 

қала тұрғындары, ардагерлер, әскери қызметкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. 

 

Салтанатты  шараға  арнайы  қатысқан  аудан  әкімі  Б.Абдулдаев    пен 



Жаркент  қаласының  әкімі  Е.Шоқпаровты  көрмеге  қойылған  заманауи  қару-

жарақтармен  2091  Жаркент  шекарасы  отрядының  командирі,  подполковник 

Р.Рамазанов таныстырды.  Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Десанттық шабу-

ылдаушы мотоманеврлік  тобының әскери ойындары  көрсетілді.  Одан кейін Жар-

кент  шекара  отрядының  қызметтік  жауынгерлік    іс-әрекеттері  жөніндегі  көрнекі 

құралдармен  танысты. 

 

Салтанатты жиында Елбасы Н.Назарбаевтың көршілес мемлекеттер-



мен  шекараны белгілеп, бекіткені  жөнінде түсірілген  деректі фильмнен  үзінді  

көрсетілді. 

 

Қазақстан    Республикасының  14  мың  шақырымнан  астам 



шекарасының бір бөлігін көздің  қарашығындай қорғап тұрған Жаркент шекара-

шылар отрядының қырағылығы мен ерлікке толы  істері жөнінде  отряд командирі,  

подполковник Р.Рамазанов баяндама жасады. 

 

Мерекелік шарада аудан  әкімі Б.Абдулдаев Елбасының салиқалы сая-



саты туралы айта келіп, «Мәңгілік ел» болашағының     жарқын  екенін  баяндады.  

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық        қауіпсіздік    комитеті    шекара 



күзеті  қызметкерлерінің  мерекелік  шарасында  ардагер  В.Баряман  сөз  алып, 

шекарашыларға   ізгі  тілегін  білдірді. 

 

Аудан әкімі таңдаулы шекарашыларға «Алғыс хаттарын» табыс етті. 



Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орын-

басары Қ.Досмайлов та шекара қызметінің мақтаулыларына «Алғыс хаттарын» 

табыс етті.

 

Мерекелік  шара  соңында  аудан  көркемөнерпаздарының  концерттік 



бағдарламасы тамашаланды. 

Б.ЖҰМАҒАЗЫ.

ШЕКАРА    ШЕБІ     ЌАШАН     ДА   БЕРІК  



Суретте:  аудан   әкімі   Б.Абдулдаев (оң  жақта)  майор   Д.Абиевке   аудан   

әкімінің  «Алғыс   хатын»  табыс   етті  

 

Осы  тақырып  ая-



сында 

желтоқсанда 



еліміздің 

Көшбасшысы, 

тұңғыш 

Президентіміз-



Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың 

мерейлі 


туған күні ұлықталды. Аудан 

орталығындағы 

«Мәңгілік 

ел» атты сахна төрінде өткен 

бұл  шара    мемлекеттік  Гимн 

сазымен ашылды. 

 

С а л т а н а т т ы 



митингіде 

аудан 


әкімі 

Бердәулет  Абдулдаев  сөз 

алып,  елі  сүйген,  елін  сүйген 

Елбасы 


Н.Назарбаевтың 

бүгінгі  таңда  жүргізіп  келе 

жатқан 

сарабдал 



сая-

саты 


жөнінде, 

еліміздің 

Тұңғыш 

Президентінің 



халықаралық 

деңгейдегі 

тұғырлы 

тұлға 


екендігін 

дәріптеп,  оның    халықтың 

бірлігі  мен  тұтастығын,  ел  

Конституциясын,  адам  мен 

адамзаттың  құқықтары  мен 

бостандықтарын қамтамасыз 

еткен  тәуелсіз  мемлекеттің 

байсалды  басшысы  екендігі  

жөнінде 

әсерлі 


түрде 

әңгімелеп берді. 

 

Митингіде  аудандық 



мұрағат  бөлімінің  басшысы 

Галина  Борисова,  Еңбекші 

орта  мектебінің  директоры  

Адаләт    Ахтамова,  «Диа-

на»  колледжінің  оқытушысы 

Гүлнар  Қасенова  сөз  алып, 

осы 

шараға 


қатысқан 

көпшілікті  еліміздің    тұңғыш 

Президенті  күні мерекесімен 

құттықтады. 

 

Бұдан 


соң 

сахна 


төріне 

аудан 


к ө р к е м ө н е р п а з д а р ы 

көтеріліп,  бұл    атаулы 

шараның  шаттығын  еселей 

түсті. 


ӨЗ  ТІЛШІМІЗ. 

МӘҢГІЛІК   ЕЛ

«ЕЛІ  СҮЙГЕН, 

ЕЛІН  СҮЙГЕН  

   ЕЛБАСЫ»

 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы   қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан 



поезы» республикалық акциясы өткізілуде. Алтыншы желтоқсан күні «Тәуелсіз Қазақстан поезы» 

алғашқы сапарын Жаркент  өңірінен  бастады. 

 

Астанадан  Алтынкөл  стансасына  жеткен  поезды  аудан  тұрғындарымен  бірге  аудан 



басшылары және теміржолшылар жылы шыраймен қарсы алды. Ауданымыздағы танымал ақын 

Қанатбек  Шаяхметов қонақтарды жырдан  шашу шашып, қарсы алды. Нан-тұз ұсынылып, әжелер 

АЛТЫНКӨЛГЕ   «ТӘУЕЛСІЗ     

ҚАЗАҚСТАН  ПОЕЗЫ» КЕЛДІ



Суретте:   поез    штабының    басшысы    Ә.Әлпеисов    мектеп   

директоры   М. Жекебаевқа   жаңа   кітаптарды  тарту етті.

ТӘУЕЛСІЗДІК   ТАРТУЛАРЫ

шашу шашты. Одан кейін салтанатты митинг өткізіліп, аудан әкімі Бердәулет  Абдулдаев келген 

қонақтарға  ауданымыздың  экономикасы  мен  мәдениеті  туралы  қысқаша  баяндады.Сондай-ақ  

Алтынкөл  стансасына ат басын тіреген акцияға қатысушыларға шынайы  ризашылығын  білдіріп, 

олардың  сапарларына сәттілік  тіледі. 

 

Елбасының  сындарлы  саясатының  арқасында  өркендеп,  дамып  келе    жатқан 



Отанымыздың «шығыс қақпасы» атанған жазиралы Жаркент  жерінің азаматтары тату-тәтті еңбек 

етіп, ел экономикасын көтеруге өзіндік үлесін қосып жүргендігі жөнінде де айтты. 

 

«Тәуелсіз  Қазақстан  поезы»  республикалық  акциясын    басқарып  келген  тарих  



ғылымдарының  кандидаты,  Л.Гумилев  атындағы  ЕҰУ  Халықаралық  қатынастар  кафедрасының 

профессоры Әміржан Әлпеисов сөз алып, бұл акцияның мақсаты мен маңызы туралы айтты. 

 

2016 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында бұл поез Панфилов, Ақсу, Кербұлақ, Қаратал, 



Алакөл аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларында және 7 теміржол бекетінде болатыны 

жөнінде хабардар етті.  

 

Елбасы  Н.Назарбаевтың  тапсырмасымен  және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 



ұйғаруы бойынша елмен етене араласып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және алыс аймақтардағы 

тұрғындарға  медициналық  қызмет  көрсету  арқылы  Тәуелсіздіктің  25  жылдығын  қарсы  алмақ. 

Осындай 9 поезд Қазақстан аумағын аралай бастады-дейді поез штабының басшысы Ә.Әлпеисов. 

 

Салтанатты митингіде қоғам қайраткері, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы 



Оралбек    Жақиянов,  Социалистік    Еңбек    Ері      Күләш      Айтжанова,      Қазақстан                    халқы   

Ассамблеясының  мүшесі Р.Тохтахунов сөз алып, ізгі тілектерін  білдірді. Көркемөнерпаздардың  

өнерлері тамашаланды. 

 

Акцияға  қатысушылар  Нұркент  қалашығындағы  орта 



мектептің  акт  залында  көпшілікпен  кездесу  өткізді.  Тұрғындарды  

жеке  мәселелері  бойынша  қабылдау  өткізіп,  медицина  саласының 

қызметкерлері түрлі науқастарды  қабылдап, дәрігерлік көмектерін ая-

мады. 


 

Кездесу кезінде «Тәуелсіз Қазақстан поезы» республикалық 

акциясын басқарып келген поез штабының басшысы Ә.Әлпеисов «Ұлы 

дала елі» және «Мәңгілік ел» жөнінде тұщымды ойларын айтып, тарихи  

шындықтар   туралы баяндады. 

 

Кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық 



хатшылық  меңгерушісі  Ғабит  Тұрсынбай    ашып,    жүргізіп    отырды. 

Ұлттар достығы туралы  ой толғаған Ғ.Тұрсынбай ауданымызда ұлттар 

мен ұлыстардың татулығын жақсы білетіндігін айтып, бірлік бар жерде 

барлық жақсылық болатыны жөнінде ой түйді. 

 

Акт залында өткен кездесуде аудан тұрғындары атынан зей-



неткер Р.Надырова  сөз алып, еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан 

көрінуі үшін жастар алғыр, білімді, Отанымыздың патриоты болулары  

керектігін  алға  тартты. 

 

Штаб  басшысы  Ә.Әлпеисов  Нұркент    қалашығындағы 



орта  мектептің  директоры  Марат  Жекебаевқа  мектеп  кітапханасына 

қою  үшін  әкелген  кітаптарын  сыйлады.  Кездесу  соңында  аудан 

көркемөнерпаздарының  «Тәуелсіз  Қазақтан  поезы»        республикалық      

акциясы  кеш  батқанша    белгіленген                  жоспар    бойынша    жұмыс  

жүргізді. 

  

Акцияға  аудан  әкімідігі  мен  Мәслихат  депутаттары, 



қала,  ауылдық  округ  әкімдері,  зейнеткерлер  мен  жастар  ісі  жөніндегі 

нұсқаушылар,  мектеп  директорлары,  этномәдени  орталықтарының 

өкілдері мен тұрғындар қатысты. 

                                        



Ж. БЕЙСЕБЕК.

9 желтоқсан   2016   жыл 

    № 50 (8841)



2

Панфилов аудандық мәслихатының

2016 жылғы  №_________шешімімен

 бекітілген қосымша

Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру 

қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру 

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының, 

(бұдан әрі – Мәслихат аппараты) қызметтік куәліктерді беру тәртібін және оның 

сипаттамасын белгілейді.

2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі –куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Панфи-

лов аудандық мәслихатының аппаратында  атқаратын қызметін растайтын құжат 

болып табылады.

3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған 

куәлік жарамсыз болып саналады.



2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5. Куәлікке Панфилов аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

6. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған 

дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

 

Қызметкерлер алған куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісінше         



1-нысаны бойынша Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік 

куәліктерін беру және қайтару журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журна-

лы).

7. Куәліктер және куәліктерді есепке алу журналы кадр мәселесімен айналысатын 



мәслихат аппаратының маманында сақталады.

8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге куәлікті 

тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде 

бұрын берілген куәлікті кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының 

маманы қайтарып алады.

9. Кадр       мәселесімен   айналысатын   мәслихат аппаратының маманы  жыл 

сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне 

салыстырып тексеру жүргізеді.

10. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін 

жалпы бақылауды кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы 

жүзеге асырады.

11. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр мәселесімен 

айналысатын мәслихат аппаратының маманына жазбаша (еркін) нысанда хабар-

лайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12. Куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің 

немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр мәселесімен 

айналысатын мәслихат аппаратының маманы қызметтік тексеру туралы бұйрықтың 

шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның 

нәтижелері бойынша мәслихат аппаратының тәртіптік комиссиясы кінәлілерді 

тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарам-

сыз деп жарияланады, бұл туралы кадр мәселесімен айналысатын мәслихат 

аппаратының маманы хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік 

куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр мәселесімен айналысатын 

мәслихат аппаратының маманы береді.

14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр мәселесімен 

айналысатын Мәслихат аппаратының маманына тапсырады.

15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік 

куәліктер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы тиісті жою туралы акт жасала 

отырып, кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманымен жоюға 

жатады.


3. Қызметтік  куәліктің  сипаттамасы

1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), күрең 

қызыл түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы тиіс.

2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «МӘСЛИХАТ» деген 

типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында 

күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ 

бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы 

бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Панфилов аудандық мәслихаты», 

«Панфиловский районный маслихат» деген жазу басылады, төменгі жағында 

куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар 

болса), Панфилов аудандық мәслихатының құрылымдық бөлімшесінің атауы 

көрсетіледі. Сол жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні мен қолданыс мерзімі 

болады. Куәлік Панфилов аудандық мәслихаты хатшысының қолымен расталады 

және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.



ЖОБА

                            



 ПАНФИЛОВ     АУДАНДЫҚ     МӘСЛИХАТЫНЫҢ      ШЕШІМІ

«_____»___________2016 ж.                   №_________________

 

«Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік   қызметі  туралы»   2015 



жылғы  23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына 

сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік 

куәлікті беру қағидалары  және оның сипаттамасы бекітілсін.

2. Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сауранбаев Махыт-

бек Нүсіпбекұлына  осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай ақ Қазақстан 

Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және аудандық 

мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихаты 

аппаратының басшысы Сауранбаев Махытбек Нүсіпбекұлына  жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне 

енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.



Аудандық мәслихат                                         Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы                                   хатшысы

Панфилов    аудандық    мәслихаты 

аппаратының   қызметтік   куәлікті беру  қағидаларына 1-қосымша

нысан


Панфилов  аудандық  мәслихаты аппаратының қызметтік  куәліктерін  беру  және 

қайтару  журналы

Тегі, аты,  

 әкесінің аты    Атқаратын        Куәлік     Беру   Куәлік                            Куәлікті

(бар болса)      лауазымы         №            күні    берілген      Тапсыру   тапсырған               

                                                                            қызметкердің    күні     қызметкердің

                                                                                 қолы                              қолы

                                                                                             Ескертпе:

 Панфилов аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және 

қайтару журналы тігіліп, нөмірленіп және кадр мәселесімен айналысатын мәслихат 

аппаратының маманының қолымен және мөрімен расталады.

Панфилов аудандық мәслихаты

аппаратының қызметтік куәлікті

беру қағидаларына 2-қосымша

нысан

                                                   Ұйымның    атауы



АКТІ

________________ __________________ № ________________

                  жасалу орны                     күні 

Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар 

болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), Панфилов аудандық мәслихаты 

аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларының  15-тармағының негізінде 

жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты __________ 

қызметкерлердің практикалық маңызын жоғалтқан, есептен шығаруға және жоюға 

жиналған куәліктерін зерделеп:

Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:

Лауазымның атауы                                   Қолы

Лауазымның атауы                                   Қолы

Лауазымның атауы                                   Қолы



Приложение утвержденное решением

Панфиловского районного маслихата

от________________ 2016 года

№____________

 

Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Панфиловского район-



ного маслихата и его описание

1. Общие положения

1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Панфиловского 

районного маслихата (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного 

удостоверения аппарата Панфиловского районного маслихата (далее – Аппарат 

маслихата) и его описание.

2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее –удостоверение) 

является официальным документом подтверждающим занимаемую административ-

ным государственным служащим должность в аппарате Панфиловского районного 

маслихата.

3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком дей-

ствия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

5. Удостоверение выдается за подписью секретаря Панфиловского районного 

маслихата.

6. Удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении 

должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного удостовере-

ния.

За полученное удостоверение сотрудники расписываются в журнале выдачи и воз-



врата служебных удостоверений аппарата Панфиловского районного маслихата 

(далее – журнал учета) по форме согласно приложению-1 к настоящим Правилам.

7. Удостоверения и журнал учета хранятся у специалиста аппарата маслихата, за-

нимающегося кадровыми вопросами.

8. При вручении удостоверения государственному служащему, впервые принятому 

на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке 

его хранения.

При замене удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее 

выданное удостоверение изымается специалистом аппарата маслихата, занимаю-

щимся кадровыми вопросами.

9. Ежегодно, по состоянию на 1 января, специалистом аппарата маслихата, занима-

ющимся кадровыми вопросами проводится сверка соответствия удостоверений их 

учетным данным.

10. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения 

и уничтожения служебных удостоверений осуществляет, специалист аппарата мас-

лихата, занимающийся кадровыми вопросами.

11. В случае утраты или порчи удостоверения, его владелец незамедлительно 

извещает в письменной (произвольной) форме специалиста аппарата маслихата, 

занимающегося кадровыми вопросами и подает объявление в средства массовой 

информации.

12. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также переда-

чи его другим лицам или использования не по назначению, специалист аппарата 

маслихата, занимающийся кадровыми вопросами в течение десяти рабочих дней со 

дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служеб-

ное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия аппарата 

маслихата рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной от-

ветственности.

13. Утерянные удостоверения через средства массовой информации объявляются 

недействительными, о чем информируется специалист аппарата маслихата, занима-

ющийся кадровыми вопросами. Новое служебное удостоверение взамен утерянного 

выдается специалистом аппарата маслихата, занимающимся кадровыми вопросами 

после проведения служебного расследования.

14. При увольнении сотрудник сдает удостоверение специалисту аппарата маслиха-

та, занимающимся кадровыми вопросами.

15. Удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, подлежат 

уничтожению специалистом аппарата маслихата, занимающимся кадровыми во-

просами с составлением акта на списание и уничтожение удостоверений по форме, 

согласно приложению-2 к настоящим Правилам.

                          3. Описание   служебного  удостоверения

1. Обложка удостоверения изготавливается из кожи или кожзаменителя высокого 

качества бордового цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Госу-

дарственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским 

шрифтом выполнена надпись «МӘСЛИХАТ».

3. Левая и правая внутренняя часть выполнена в голубом цвете с изображением 

парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки установленного образца. Спра-

ва в левом углу место для фотографии. В верхней части с двух сторон печатается 

надпись «Панфилов аудандық мәслихаты», «Панфиловский районный маслихат» на 

государственном и русском языках, по ниспадающей указывается номер удостове-

рения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наимено-

вание структурного подразделения аппарата Панфиловского районного маслихата 

на государственном и русском языках. В левой нижней стороне дата выдачи и срок 

действия удостоверения. Удостоверение заверяется подписью секретаря Панфилов-

ского районного маслихата и скрепляются оттиском гербовой печати.



ПРОЕКТ

                



РЕШЕНИЕ     ПАНФИЛОВСКОГО     РАЙОННОГО    МАСЛИХАТА

«_____»___________2016 г.                   №_________________



Об   утверждении  правил выдачи  служебного  удостоверения  аппарата   Панфи-

ловского районного  маслихатаи его описания   

В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от              23 

ноября 2015 года «О государственной службе Республики Казахстан», Панфилов-

ский районный маслихат РЕШИЛ:

1. Утвердить прилагаемые правила выдачи служебного удостоверения аппарата 

Панфиловского районного маслихата и его описание.

2. Возложить на руководителя аппарата Панфиловского районного маслихата 

Сауранбаева Махытбека Нусипбековича опубликование настоящего решения после 

государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических 

печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством 

Республики Казахстан и на интернет-ресурсе районного маслихата.

3. Контроль за  исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппа-

рата Панфиловского районного маслихата Сауранбаева Махытбека Нусипбековича.

4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в ор-

ганах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после 

дня его первого официального опубликования.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет