Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
А 
 
Ә 
 
Б 
 
В 
 
 
 
14-тапсырма. 
Жұптық жұмыс. Берілген тақырыптың бірін таңдап, 
кейіпкерлер арасында сұхбат құрастырыңыздар. 
 
1. Ана мен бала 
2. Бастық пен Талғат 
3. Талғат пен жұбайы 
4. Әже мен немере 
 
1.4. ҚАМҚОРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
Тыңдалым. Айтылым
 
15-тапсырма. 
Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз. 
 
Жанашырлық, қамқорлық жасау, өркениетті, зардап шегу, жетім-жесір, 
отбасы дағдарысы, ақ сақалды ата, ақ жаулықты ана, тағдыр тәлкегі, «барар 
жер, басар тауы жоқ».
 


14 
16-тапсырма. 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1) Сіздің ойыңызша, отбасындағы әлеуметтік мәселелер неден туындайды? 
2) Қоғамда жетімдер және қарттар үйінің көп болуы неліктен деп ойлайсыз? 
3) Қамқорлық жасаудың маңызы қандай? 
4) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болмауы үшін не 
істеуге болады? 
 
Оқылым. Айтылым
 
17-тапсырма. 
Мәтіндерді оқыңыз.
 
«Жанашырлыққа - жан риза»
 
дегендей қамқорлық жасау, аялы 
алақанын тосып, сауабы мол іске 
жүрек жылуын ұсыну – әрбір 
адамның 
азаматтық 
парызы. 
Адамдар бір-біріне қайырымдылық, 
мейірімділік 
таныту 
арқылы 
жақсылық жасайды.
Балалар 
– 
әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздықтан ең 
көп 
дәрежеде 
зардап 
шегетін 
азаматтардың 
санаты. 
Отбасы 
дағдарысы, көп отбасылардың ауыр 
материалдық 
жағдайы, 
дәстүрлі 
отбасылық қатынастардың күйреуі, 
ажырасулар 
санының 
артуы 
балалардың 
жағдайының 
нашарлауына елеулі әсер етеді. 
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-
аналар 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балалар санының өсуі байқалады. 
Бұл балалардың аз бөлігі ата-
аналарының 
қайтыс 
болуына 
байланысты 
олардың 
қамқорлығынсыз 
қалғандар. 
Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» 
дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-
аналары бар тірі жетімдер.
Міне, сондықтан да әрқайсымыз 
күнделікті кездесіп жатқан түрлі 
жағдайлар үстінде жетімдерге, тек 
оларға ғана емес, бір-бірімізге 
Қазақ 
халқы 
– 
үлкенді 
сыйлауға, 
әсіресе 
қарттарды 
құрметтеуге ежелден ерекше көңіл 
бөлген 
халық. 
Жетім-жесірін 
жылатпаған, ата-анасын, қарттарын 
ренжітпеген 
ұлы 
халық 
қана 
болашаққа нық қадам басады. 
Қарттар үйінің көбеюі – 
қауіпті құбылыс. Қарттар үйіне өз 
әке-шешесі мен ата-әжелерін апару 
батыс 
елдерінде 
таңғаларлық 
құбылыс емес. Жетімін жылатпаған, 
жесірін қаңғытпаған қазақ қазір сол 
жаққа ақ сақалды аталары мен ақ 
жаулықты аналарын ойланбастан 
апарып өткізіп жатыр. Соңғы дерек 
бойынша, елімізде қарттар мен 
мүгедектерге арналған интернат-
үйлердің саны артып, отыз мыңдай 
адам амалсыздан осы үйлерде тұрып 
жатыр. Бұлай жалғаса берсе, әке-
шешені қартайған соң интернатқа 
апарып өткізе салу жалпылама сипат 
алып кетуі де мүмкін. Ал жауып 
тастауға тағы болмайды. Себебі 
тағдыр тәлкегіне түскендер үшін бұл 
интернаттан басқа барар жер, басар 
тау жоқ. Әке-шешені құрметтемеген 
адам, 
өзге 
адамдарды 
қалай 
құрметтесін? Сәби кезінен бастап 
тәрбие 
берген, 
тамақтандырған, 
өсірген адамды соңында қарттар 


15 
сыйластықпен қарап, жылы жүрек 
танытқанымыз абзал. 
https://surak.baribar.kz/216784 
үйіне 
апару 
адамгершілікке 
жатпайды. 
https://yvision.kz/post/420931


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет