(https://youtu.be/qRPrSTOZ3_o) Бейнефильмбойынша тапсырмаларды орындаңыз. 9-тапсырма. Сұрақтарды талқылаңыз. 1. Әмина әже не үшін қалаға келді?
2. Әмина әже кімді кездестірді?
3. Фильмдегі кейіпкерлер (Әмина әже, ұлы Талғат, оның жұбайы) туралы не
ойлайсыз?
4. Әмина әже не себепті тойға бармады?
Жазылым 10-тапсырма. Фильм мазмұнына сәйкес сөйлемді толықтырыңыз. Әмина әже ұлының тойына барғысы келді, алайда ... .
Талғаттың бастығы Әмина әжені таныды, себебі ... .
Талғат бастығына анасының ... айтты.
Немерелері әжесі әкелген ... қуанды.
11-тапсырма. Фильмде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің мағынасын тауып жазыңыз. 1.
1. несібе
2.
2. бір киер киім
3.
3. қызметі көтерілу
4.
4. әңгімесі жараспау
5.
5. кірпідей жиырылу
6.
6. майда-шүйде шаруа
7.
7. құшақ жая қарсы алу
8.
8. шаруасы басынан асу
а. қызметі өсу
ә. ырыс, бақ
б. жұмысы көп
в. сөздері келіспеу
г. ұсақ-түйек шаруа
ғ. жақтырмау, ұнатпау
д. той-думанға киетін киім
ж. шын көңілмен қабылдау
12-тапсырма. Фильм туралы ойыңызды жазыңыз. Фильм маған
ұнады/ұнамады. Не себепті?
Фильмнің мазмұны,
кейіпкерлері?
Басқаларға көруге кеңес бересіз
бе?
13
Айтылым 13-тапсырма. Суреттерді фильм мазмұнына сәйкес орналастырып, әңгімелеңіз.