Х-ұрпақ немесе Белгісіз ұрпақ (1963-1983 жылдары туғандар)
Бұлардың
құндылықтары
1993
жылға
дейін
қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына қырғиқабақ соғыс, қайта құру,
жариялылық, Ауғанстандағы соғыс, Чернобыль апаты, СПИД, есірткі сияқты
оқиғалар әсер еткен.
Басты құндылықтары: өзгерістерге дайындық, таңдау мүмкіндігі,
жаһандық ақпараттану, техникалық білім, индивидуализм, ғұмыр бойы оқуға
әзірлік, көзқарастардың бейресмилігі, жаңа эмоция іздеу, прагматизм, өзіне
ғана сену, гендерлік теңдік.
Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003
жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары әлі де қалыптасып жатыр. 2014-2015 жылдар
бұл ұрпақ үшін өтпелі кезең. Бұлардың құндылықтарының пайда болуына
КСРО-ның ыдырауы, террористік актілер мен аймақтық соғыстар, сандық
технологиялардың күрт дамуы, ғаламдық аурулар, ғаламдық мода мен өнер
әсер етті. Ұялы телефондар мен интернет бұл буын үшін күнделікті,
үйреншікті дүние.
Басты құндылықтары: парыз бен борыш, жауапкершілік, аңқаулық,
бағына білу. Бұл ұрпақ үшін маңызды дүние – бірден пайда көру, табысқа
бірден ие болу.
Z-ұрпақ (2003-2023 жылдар арасында дүниеге келгендер және дүниеге
келетіндер)
Бұлардың құндылықтары енді ғана қалыптасады және де бұған бәріміз
ықпал ете аламыз. Көп нәрсе осы ұрпақтың сапасы мен болмысына
байланысты болады. Бір анығы, бұл ұрпақ үшін дипломнан гөрі білім артық
болады. Бұл ұрпақ қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөліп, қалыптасқан
ережелерді, заңдарды сақтауға бейім болады. Техникалық даму, ғылымның
дамуы бұлар үшін үйреншікті дүние болатыны анық. Бұл ұрпақ –
жаңалықтарға бейім ұрпақ.
(
surak.baribar.kz ›)
14-тапсырма. Мәтінде айтылған түрлі буындардың құндылықтары