туралы пікірлермен келісесіз бе? Өз ойыңызды білдіріңіз.
35
2.4. МҮМКІНДІК ПЕН ҚАЖЕТТІЛІК АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ Тыңдалым. Айтылым 15-тапсырма. Сұрақтарға өз ойыңызды білдіріңіз. 1) Мүмкіндік деген не?
2) Сіздің өміріңізде қандай мүмкіндіктер болды? Оны пайдалана алдыңыз
ба?
3) Қажеттілік дегенді қалай түсінесіз?
4) Мүмкіндік пен қажеттілік арасында қандай қайшылық болуы мүмкін?
16-тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Айтылған ойға сіздің көзқарасыңыз қандай? Берілген пікірлер бойынша қандай қажеттіліктер болуы мүмкін? Өз ойыңызды білідіріңіз. Мемлекеттік тілді еліміздің әр азаматы өз бетімен үйренуге, таза
сөйлеп, жазуға, өмірде қолдануға құлықты болуы үшін алдымен қажеттілік
болуы керек. Сонда ғана қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге,
еліміздегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға мүмкіндік бар.
(Әділбек Қаба) Цифрландыру – объективті
қажеттілік. Бүгінде дамыған инфрақұрылым цифрлық сауаттылықты арттыруға
әсер етеді. Интернетке қолжетімділік біздің азаматтарымызға, соның ішінде
ауыл тұрғындарына цифрлық экономиканы, онлайн білім беруді дамытуға
және қашықтан жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
(А.Жұмағалиев) 17-тапсырма. Пікірлесіңіздер. Мен әрқашан кез келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.
( Джон Дэвисон Рокфеллер ) Қолайлы мүмкіндік қиындықтар мен мәселелердің арасында жасырынып
жатады.
(Альберт Эйнштейн ) Кез келген дағдарыс бір жаңа мүмкіндікті тудырады.
(Уинстон Черчилль) Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік.
(Ник Вуйчич) Сәтсіздік – бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік.
(Генри Форд) Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.
(Сократ) Өз мүмкіндігіңді ескеріп, оны үнемі дамытуға тырысу керек.
(Тим Кук)
36
Істегісі келетін адам – мүмкіндік, ал істегісі келмейтін – сылтау іздейді.
(Сергей Павлович Королёв) Пессимист – әр мүмкіндіктен қиындықты көреді, ал оптимист – әр
қиындықтан мүмкіндік көреді.
(Уинстон Черчилль)