52
Бәсекеге қабілеттілік.
Жоғары ақыл-парасатынан және
мүмкіндіктерді қалт жібермейтін қабілетінен өзге, Билл өзіне тең
адамдардың арасында мықты болғандығын достары да
айтады. Осылайша,
бәсекеге қабілеттілікті басқа адамдармен бірдей мүмкіндікте бола тұра
олардан суырылып шыға алғандығымен анықтауға болады. Дамығыңыз
келетін саланы таңдаңыз және сол салада жетістікке жетуге тырысыңыз.
Міндетті түрде алдыңызға мақсат қойыңыз, күнделікті нәтижені жақсартуға
тырысыңыз.
2. Табандылық.
Нақты
бір
тапсырманы
жауабы
табылғанша
табандылықпен іздену табысқа жетелейді және кез келген мәселені шешуге
көмектеседі. Мақсатқа жетер жолда міндетті түрде кедергілерге тап боласыз,
соларға дайын болу керек және жоспарлы түрде әрдайым алға жылжи беру
керек.
3. Кітап оқу.
Билл Гейтс қана емес, көптеген табысты адамдар кітап
оқуды дұрыс деп санайды. Олардың табысқа жетуінің бірден-бірі сыры
–
жаңа
білім алып отыруында, ақыл-парасатын дамытып отырғандығында.
4. Ең маңызды деген бір тапсырмаға ден қоя білу.
Бірнеше істі
бірдей алып жүру біреуін де толыққанды аяқтауға мүмкіндік бермейді. Егер
сіз нақты бір жұмыспен айналысып жүрген болсаңыз, онда бар көңіліңізді
соған бөліңіз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз.
5. Өз қабілетіңді дұрыс бағалау.
Біз бар жағынан мықты, табысты
бола алмаймыз, кейбір заттар қолымыздан келіп жатса, кейбір тұста әлсіздік
танытамыз. Бұдан өзге, бәрін қамту мүмкін емес. Нақты бір салаға қатысты
мүмкіндіктеріңізді, қабілетіңізді дұрыс бағалаңыз. Алдыңызға қандай мақсат
қоясыз, соңында неге жетпек ойыңыз бар және сол бағыт бойынша жүріп
отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: