Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
7- тапсырма.
Шағын мәтінді оқып, ой бөлісіңіз. 
 
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, 
Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары 
қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы 
Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп 
билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді
белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа 
жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды 
Орынборда ашылғалы жатқан орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып 
қояды.
 (https://bilimdiler.kz/akin_zhazushi/23026-ybyray-altynsarin-olenderi-omirbayany.html) 
 
8-тапсырма. 
Сұрақтар бойынша пікір алысыңыз. 
 
1) Не себепті атасы Балғожа Ыбырайды оқуға береді? 
2) Балғожаның «табысқа жетудің жолы – оқу» деген ойымен келісесіз 
бе? 
3) Табысқа жету үшін білімді болу қажет пе?
 


54 
9-тапсырма. 
Табысқа жету туралы атақты тұлғалардың айтқан 
ойларымен танысыңыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз. 
 
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат
табыс. 
(Мұхтар Әуезов
)
 
Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: 
маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және 
жасқаншақтық. 
 
(Джеки Чан)
 
Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, 
әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, 
дереу әрекет жасауға итермелейді. 
(Бауыржан Момышұлы
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет