65
сегіз сағаттың ішіндегі адамдардың тіршілік әрекетін былай сипаттауға
болады: қоғамдық-саяси әрекет, отбасы-тұрмыстық қызмет, мәдени білімін
көтеру, денсаулығын нығайту, демалу т.б.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, бос уақытын пайдалану кімнің қай
жерде тұратынына (қала, ауыл), қандай қызмет істейтініне (ой еңбегі, дене
еңбегі), жынысына (әйел, еркек), жасына (кәрі, жас), неге қызығатынына
(хобби), дүниетанымына, денсаулығына, рухани мәдениетіне және т.б.
байланысты болмақ. Мысалы, қалада тұратын жұмысшы мен ауылда тұратын
малшының бос уақыттары әртүрлі және олардың өмір салты да соған
байланысты қалыптасады. Қалай дегенмен де бос уақытты дұрыс пайдалану
әркімнің санасына, жігеріне және ниетіне байланысты. Егер де адамда осы
үш қасиет дұрыс дамыған болса, ол кездескен кедергілердің бәрін жеңіп,
салауатты өмір сүруіне әр уақытта шамасы келеді.
Біз адам өмірінде бір тәулік ішіндегі қоғамдық жұмыс пен табиғи
демалудан басқа сегіз сағат уақытты бос уақыт деп атағанмен, осы уақыттың
ішінде атқаруға тиіс міндеттер де көп екені белгілі. Яғни, адам еңбек етіп,
демалып, көңіл көтеруі керек. Кімде-кім осы үш керекті дұрыс ұйымдастыра
білсе, ол адам толыққанды өмір сүре алады. Олай болса, бос уақытты
жұмыстан кейін үйге келіп, диванда жатып газет оқу немесе теледидар қарау
деп түсінбеу керек. Бір адамдар істейтін шаруасына бос уақытын жеткізе
алмай жатса, енді біреулер бос уақытын бекерге өткізіп жүретіні белгілі.
Сондықтан бос уақытты дұрыс пайдалана білудің әлеуметтік, мәдени,
этикалық маңызы өте зор.
Адамға өмір бір-ақ рет беріледі және ол онша ұзақ та емес, сондықтан
адам ғұмырының қалай тез өткенін байқамай да қалады. Сағаттың әрбір
сыртылы уақыттың тоқтаусыз өтіп жатқанын білдіреді және уақытты
тоқтатып қою немесе кері қайтару мүмкін емес. Олай болса, әрбір саналы
адам өзінің өмірінде алдына үлкен мақсат қойып, соған жету үшін әрбір
минутты тиімді пайдалануға ұмтылу – оның адамгершілік парызы.
(Ермек Мұқанғалиев)
http://shalqar.kz/gazet/bos-waqytty-durys-oetkizw/
Достарыңызбен бөлісу: