Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз



Pdf көрінісі
бет61/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз. 
 
Көрікті жерлер, насихаттау, сапар, туристік орындар, қорған, 
жәдігерлер, сақ мәдениеті, саф алтын, тәж, мөр, сақ обалары, қазба 
жұмыстары, тұмса тұнған табиғат.
13-тапсырма. 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
 
1.
Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба? Қай жерлерде болдыңыз? 
2.
Есіңізде қалған саяхат туралы айтып беріңіз. 


68 
Оқылым. Айтылым 
 
14-тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз. 
 
Алтын адам Отанына саяхат 
 
Жазда бір топ қазақ журналисі Қазақ елінің көрікті жерлерін 
насихаттау мақсатында табиғаты әсем, әйгілі Көлсай, Қайыңды көліне барды. 
Жақында осы сапар Алтын адам табылған Еңбекшіқазақ ауданындағы 
тарихи-мәдени және туристік орындарға саяхатпен жалғасты.
Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан ең ірі ауданға жол 1,5 
сағаттық. Әріптестердің тамаша көңіл-күйі жолды тіптен қысқартты. Біз 
қорық-мұражай аумағындағы қорғандардың бірінде жүріп жатқан 
археологиялық жұмыстармен танысып, мұражайға қойылған бірегей 
жәдігерлерді тамашаладық. Мұражайдың алғашқы залы сақ мәдениетіне 
арналса, екінші залы «Алтын адамның» ашылу тарихына арналған. Бұдан 
өзге мұнда «Қазақстан археологиясы» залы, көрмелер өтетін зал бар. Біз бұл 
мұражайдың басты жәдігері – Алтын адамды көруге асықтық.
Алтын адам залдың дәл ортасында орналасқан. Мұражай 
қызметкерлері бізге қазақ мемлекетінің символына айналған ескерткіш 
хақында көптеген мәліметтер берді. Толықтай саф алтынмен көмкерілген 
Алтын адамның бойы 165 см. Оның бас киімі, яғни тәжі және мөр қызметін 
атқарған қолындағы сақинасы оның билеуші болғанын білдіреді. Қаңқа
сүйегін зерттей келе оның ер бала екені дәлелденген. Қорғандағы зерттеу 
жұмыстарының барысымен таныстырған қорық-мұражай директоры Тасқын 
Тойбаевтың айтуынша, ауданда 300-ден астам сақ обалары бар. Оның 82-сі 
қорғау аймағында. 
Биылғы жылы Рахат қалашығына археологиялық қазба жұмыстары 
жүргізіліп, көптеген жәдігерлер табылған. Айтуларынша, табылған құнды 
заттар бір-екі ай көлемінде арнайы көрмеге койылмақ. 2010 жылы ашылған 
мұражайға қазақстандықтармен қатар, бүгінде алыс-жақын шет елден 
келушілер де көп екен. Біз барғанда мұражай Америка мен Германиядан 
келген саяхатшыларға толы болды. Біз олардың бірін сөзге де тартып 
үлгердік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет