95
Ертеде Осман империясында шенеуніктер ана тілінен айнып, іс
қағаздарын жүргізуде, ауызша сөйлеуде тек шеттен келген үш тілді (араб,
грек, парсы) ғана пайдаланғаны тарихтан белгілі. Ал түрік тілі тек
түріктердің ғана отбасынан, ошақ қасынан аса алмай қалған. Бұл тіл Осман
империясындағы медреселер мен былайғы оқу орындарына да енгізілмеген
өгей тілге айналған.
Осман түркі мемлекеті неше ғасыр өмір сүрсе де, еңсесін көтере
алмаған түрік тілінің тазалығы үшін ол елде үздіксіз күресіп келген күштің
болғанын да айтумыз керек. Ол – әдебиетшілер күші еді.
Түркияда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы шамасында ұлт
тілінің тазалығы және оның елдегі үстемдігі үшін күресуші ұлтжанды
азаматтар да шыға бастайды. Олар әуелі өздерін «Жаңа османдықтар»,
соңынан «Жас османдықтар» деп атады. Бұлардың отаншылдық сезімінің
оянуына аталған уақытта ел мәдениеті төрінен орын алған Омар Сейфутдин,
Рафих Халид, Халид Зия, Махмет Рауеф шығармалары, халыққа аса түсінікті
прозашы-романшылар шығармалары да қатты ықпал еткен еді...
Түркиядағы тіл саясаты 1923 жылғы революциядан кейін ғана жолға
қойылды. Мұның басы түрік тілін араб, парсы тілдерінен кірген сөздерден
тазарту, олардың орнына орхон, ұйғыр жазбаларынан алынған көне түрік
сөздерін енгізуден, тіпті кей жағдайларда түбірі қолдан жасалған түрік
сөздерімен алмастырудан басталған. Бұрынғы араб әріптері латын
әріптерімен ауыстырылады. Бұл қозғалыстың басында Кемал Ататүріктің өзі
тұрып еді.
Ататүріктің тіл жөніндегі реформасы «Жер түрікше сөйлемейінше, ел
түрікше сөйлемейді» деп, атауларды да түгел түрікшелендіруге мұрындық
болған. Қалалардағы «Армян», «Грек», «Араб» деп аталатын қала
бөліктерінің атын жойып, түрікше ататқызған. Басқа халықтар тіліндегі
атаулар түрік тілі әуені бойынша аталып, заңдастырылған...
Түрік елінде бүгінде жер де, көк те, аспан да, атырап та, тау да, тас та,
қала да, көше де түрік тілінде ғана сөйлейді.
(http://89.218.153.154:280/cdo/books/Kaz/Kulmanov. Kazak-tili.pdf )
Достарыңызбен бөлісу: