Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет80/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз

 
1. Әлемде болып жатқан экономикалық жаңалықтардан құлағдарсыз ба? 
2. Еліміздің өндірістік саласындағы қандай жаңалық естідіңіз? 
3. Қоғамдық-саяси жаңалықтар деген не? 
Оқылым. Айтылым 
 
3-тапсырма
.
 
Мәтінді оқыңыз. 
 
Экономикалық үдерістегі қоғамның алып күші – кәсіби жұмысшы 
мамандар болса, елдігіміздің басты саясаты – сол кәсіби мамандарды даярлау 
ісі. Елімізде экономиканың кластерлік дамуына айтарлықтай көңіл бөлініп
жұмысшы мамандар даярлауда іргелі істер бастау алды. Шетелдерден 
арнайы, қосымша және жоғары жалақыға шақырылатын жұмысшы 
кадрлардың орнын өз мамандарымызбен алмастыру мәселесін шешу 
көзделген. 
Ел экономикасын дамытудың ең басты күші – ұлттық білікті жұмысшы 
кадрлар екені белгілі. Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесіне байланысты 
бірнеше маңызды бағыттар бар. Соның ішіндегі негізгісі – озық 
техникалармен жабдықталған орталықтар құру. Бүгінгі күні жұмыс атқарып 
отырған оқу орындарының базасын әлемдік деңгейге бейімдеу қажет. Ең 
алдымен әрине, бүгінгі экономикалық сұранысты қанағаттандыра алатындай 
техникалық базасын нығайту қажет. Бұл – ауыл балаларының белгілі 
деңгейде кәсіптік білім алуына жағдай жасау деген сөз. Кәсіптік мектептерде 
білім алатын жастардың дені тұрмысы ауыр немесе төмен отбасылардан 
шыққан. Олардың білім алуын, тамақтануын, жатақхана мәселелерін шешу 
арқылы аталған отбасыларға үлкен көмек тигізуге болады. Ең басты көмек – 
кәсіптік мектепте білім алған жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз 
ету. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырысқа болжам жасағанда қандай да бір 
мамандыққа сұраныстың артатынын немесе кеми түсетінін барлап-


93 
бақылаудың маңызы мол. Бұл әсіресе жергілікті жерлерге қажетті 
мамандықты анықтауға үлкен септігін тигізері күмәнсіз.
Кәсіптік мектеп оқушыларының нақты тәжірибеден өтуіне жергілікті 
әкімдіктер көмек көрсетуі тиіс. Жұмысшы кадрларды даярлайтын инженер-
педагогтардың біліктілігін арттыруды, олардың барлық жергілікті жерлерде 
жеткілікті болуына баса назар аудару механизмін жетілдіру қажет. Бұл ұрпақ 
үшін ауадай керек. Ұлттық кадр дайындауда атқарылар жұмыс мол. 
(Е.Әбдіхалықова) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет