реаниматология деп аталады.
Биологиялық өлім – организмнің әрекеті қайтымсыз өзгеріп, аутолиздік
үдерістер басталатын кез. Дегенмен, биологиялық өлім кезінде жасушалар мен
тіндер бір сәтте өлмейді. Ең алдымен ОЖЖ-нің тіндері өледі; тынысалу мен
қанайналымы тоқтағаннан кейін алғашқы 5—6 минутта ми мен жұлынның
паренхималық жасушаларының ультрақұрылымдары жойылады. Басқа мүшелер
мен тіндерде (тері, бүйрек, жүрек, өкпе, т.б.) бұл үдеріс бірнеше сағатқа тіпті
бірнеше тәулікке созылады. Көптеген мүшелер мен тіндердің сыртқы пішіні
мен жарық микроскопымен көрінетін бейнесі өлгеннен кейін біраз уақыт
өзгермей,
олардың
электрондық
микроскоппен
анықталатын
ультрақұрылымдары ғана қирайды (деструкция). Сондықтан патологанатомдар
мәйіттен алған материалды жарық микроскобымен зерттеп, мүше мен тін
өзгерістері жайлы тұжырым жасауына толық мүмкіндік бар.
Өлгеннен кейін органдар мен тіндерде қайтымсыз өзгерістер бірден дамымай,
ұзаққа созылады, сондықтан мәйіттен алған мүшелер мен тіндер трансплантант
ретінде пайдаланылады. Бүгінгі таңда мәйіттің қанын құю, тіндер (көздің қасаң
қабықшасы, тері, сүйек, қан тамырлары) мен мүшелерді (бүйрек) ұзақ сақтап
(консервация), клиникада қолдану кең орын алды.
Өлгеннен кейін мәйітте биологиялық өлімге тән бірқатар үдерістер
қалыптасады; олар мыналар: мәйіттің сууы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебірсуі,
мәйіттегі қанның орнын ауыстыруы, мәйіттік дақ, мәйіттің бұзылуы.
Мәйіттің сууы (
algor mortis ). Өлі дене жылу түзбейді, сондықтан оның
температурасы біртіндеп сыртқы ортаның температурасымен теңеледі. Аурудың
температурасы өлер кезде жоғары болса немесе жанталас кезеңінде құрыспа
байқалса, мәйіт баяу суиды. Бірқатар жағдайда (сіреспе, яғни делебе,
стрихнинмен улану) бірер сағат бойы мәйіт қызуы да мүмкін.