Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет114/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   832
Байланысты:
струков патан

геронтология
(грекше: 
geron
— қарт; 
logos
— ілім), кәрілік ауруларымен 
гериатрия
(грекше: 
geron
— қарт жәнe 
iatreia
— 
емдеу) айналысады. 
Зорлықтық өлімнің
себептері — қастықпен немесе жазатайым өлтіру, өзін-өзі 
өлтіру, түрлі жарақаттар (мысалы, көшеде, өндірісте немесе үйде) және 
жазатайым жағдайлар (мысалы, көлік апаты). Өлімнің бұл түрі әлеуметтік-
құқықтық категория болғандықтан, оны сот медицинасы мен әділеттік органдар 
зерттейді. 
Аурулық өлім
организмдегі патологиялық үдерістер тіршілікке мүмкіндік 
қалдырмағанда дамиды. Аурулық өлім, әдетте тіршілік әрекеттері біртіндеп 
бәсеңдеп барып, баяу дамиды. Кейде дені сау сияқты адам кенеттен қайтыс 
болады – 
кенет
, немесе 
тез
өлім
). Кенет өлім айқын білінбеген жасырын 
немесе жеткілікті дәрежеде компенсациялы ауру күрт дамыған үдерістермен 


Нуржігіт Алтынбеков 
104
асқынғанда байқалады (мысалы, қолқа жыртылып тым көп қан кету, 
артерияның тромбымен бітелуі, миокардта жедел ишемия дамуы, 
гипертониямен сырқаттың миына қан құйылу, т.б.). 
Организмдегі 
өзгерістердің 
қайтымды
немесе 
қайтымсыздығы
тұрғысынан, өлім клиникалық және биологиялық түрлерге бөлінеді. 
Клиникалық өлімде
тынысалу және қанайналымдық үдерістер тоқтайды, бірақ 
олар бірнеше минут бойы (мидың қыртыстық қабатының тіршілігі тоқтағанша) 
қайтымды. Клиникалық өлімнің мәні – ерекше гипоксиялық ахуал қалыптасып, 
қанайналымы мен оны реттейтін орталықтың (ОЖЖ) әрекеті тоқтайды. 
Клиникалық өлім 
агониялық
кезеңмен
(грекше: 
agon
– күрес, жанталас) 
басталады Ол – гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының 
терминал
(ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігінің бейнесі (аритмия, сфинктрлер параличі, 
құрыспа, өкпенің сулы ісінуі). Сондықтан, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа 
созылатын агониялық кезеңді – клиникалық өлімнің 
ақтық
кезеңі
деп түсінген 
жөн. Ақтық кезең мен клиникалық өлім жағдайында реанимациялық 
(жансақтау) шаралар кешені қолданылады (латынша: 
re
— қайта және 
animatio
– тірілту). Медицинаның организм тіршілік әрекетінің сөнуі мен қайта қалпына 
келу заңдылықтарын зерттейтін ерекше саласы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет