Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет139/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   832
Байланысты:
струков патан

қанның сапасы өзгеруінің
рөлі өте зор. Қан 
плазмасының құрамында белоктың ірі дисперсиялы фракциялары, әсіресе 
фибриноген, немесе липопротеидтер мен липидтер көбейсе, қанның 
тұтқырлығы мен басқа да реологиялық қасиеттері өзгерсе, тромбының түзілуіне 


Нуржігіт Алтынбеков 
124
қолайлы жағдай қалыптасады. Тромбоз қанның сапасы өзгеретін атеросклероз, 
аутоиммундық аурулар, гемобластоздар кезінде жиі байқалады. 
Тромбоздың 
гомеостаздық патологияның
 
басталуындағы рөлі бірқатар 
синдромдарда айқын байқалады. Олардың ішінде тамырдағы қанның 
диссеминациялы (шашыранды) ұю синдромы (ҚДҰ-синдром) мен тромбылы 
эмболия синдромының клиникалық маңызы ерекше. 
Тамырдағы қанның диссеминациялы ұю синдромы (ҚДҰ-синдромы, тромбылы 
геморрагиялық синдром, шығындық коагулопатия) кезінде микроциркуляциялық 
арнада шашыранды тромбылар (фибринді, эритроцитті, гиалинді) түзіліп, ол өзіне кері 
үдеріспен, яғни қанның ұйымау үдерісімен сабақтасып, ауқымды көлемде қан кетеді. 
Оның негізі – қанның гомеостазға жауапты ұю және ұюға қарсы жүйелері әрекетінің 
үйлеспеуі (дискординация). Сондықтан ҚДҰ-синдромы жүктілік немесе босану 
кезеңдерінде жатырдан қан тоқтаусыз кеткенде, жарақат ауқымды болғанда, анемия, 
гемобластоз, инфекциямен (әсіресе, сепсис) ауырғанда немесе уланғанда, аутиммундық 
аурулар мен шок дамығанда жиі байқалады. Тромбының, әсіресе өкпе, бүйрек, бауыр, 
бүйрекүсті безі, гипофиз, ми, асқазан-ішек жолы мен терінің микротамырларында көп 
түзілуімен қатар, мүшелер мен тіндерде қанды дақтар пайда болып, дистрофия мен 
некроздық үдерістер (бүйректің қыртыстық қабатының некрозы, өкпе, бүйрек, бауыр, 
ми, бүйрекүсті безі, гипофиздегі некроз бен геморрагиялы ошақтар) сабақтаса дамиды. 
Бірқатар мүшелер «шоктық» сипат алып, жеке- немесе көпмүшелік (моно- немесе 
полиоргандық) жедел жеткіліксіздік меңдейді. 
Тромбэмболиялық синдром кезінде тромб толық немесе оның бөлшектері үзіліп, 
тромбылық эмболға айналып («
Эмболияны
» қара), үлкен қанайналымы шеңберіндегі 
қанның ағысына араласып, артерияларды бітеп, көптеген инфаркт ошақтарын 
қалыптастырады. Көбіне тромбылы эмболия эмболды тромбозға ұласады, яғни 
тромбылық эмболдың үстіне тромб қатпарланады. Тромбылық эмбол көбінесе митрал 
немесе қолқалық қақпашадағы (бактериялық немесе ревматизмдік эндокардит (61-
сурет
) сол жақ қарынша мен жүрекшенің трабекулуларының арасындағы, жүрек 
(жүректің ишемиялық ауруы, кемістігі) және қолқа мен ірі артерия аневризмасындағы 
(атеросклероз) тромбыдан бастау алады. Тромбылық эмболдар көп болса, бүйрек, талақ, 
ми мен жүректе инфаркт және ішек, қол мен аяқта гангрена дамиды. Тромбылы 
эмболия синдромы әртүрлі операция жасалған жүрек-қан тамыры, онкологиялық, 
инфекциялық (сепсис) аурулардың оперциядан кейінгі кезеңінде де жиі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет