Нуржігіт Алтынбеков
123
байланысты.
Жергілікті
факторларға қан тамыры қабырғасындағы өзгерістер,
қан ағысы баяулап, бағытының өзгеруі, ал
жалпы
факторларға қан
тамырындағы қанның сұйық күйін реттейтін ұйыту және ұюға қарсы жүйелер
әрекеті мен қанның құрамындағы өзгерістер жатады.
Қан тамыры
қабырғасындағы өзгерістердің ішінде
маңыздысы – тамырдың
ішкі бетіндегі эндотелийдің зақымы. Өйткені ол жерге жабысқан кезде
тромбоцит зақымдалып, гранулаларынан тромбопластин бөлініп, тромбының
түзілу үдерісі – тромбоз басталады Артериялар мен веналар қабырғасындағы
тромбозға қолайлы өзгерістердің даму тегі әртүрлі. Тромбозға қан тамырлары
қабырғасында өрістеген инфекциялық, инфекциялық-аллергиялық
қабыну
үдерісі
–
васкулит
(артериит пен флебит) себеп болса,
тромбылы васкулит
(
тромбылы артериит
немесе
тромбылы флебит
) дамиды. Қабыну үдерісі
эндокардит тромбозбен асқынғандағы
тромбылы эндокардитке
де себеп.
Тромбоз
атеросклероздық өзгерістерден
зақымдалған, әсіресе ішкі беті
ойылған
артерияларда
жиі
дамиды.
Қан
тамырының
қабырғасын
ангионевроздық өзгерістер, яғни
артериолалар
мен
артериялар
спазмы да
зақымдайды. Спазм, әсіресе эндотелий мен оның мембранасын зақымдап,
плазмаррагия мен тромбозға қолайлы жағдай туғызады. Тромбоздың артерия
спазмы тән артериялық гипертензия кезінде неге жиі дамитыны да, осы
тұрғыдан түсінікті. Дегенмен, тромбоз қабынулық немесе атеросклероздық
өзгерістерге ұшыраған қан тамырларында үнемі дами бермейді; ол үшін басқа
да факторлардың әсері қажет.
Қанның
ағысы баяулап, бағыты өзгерсе
, қан табақшалары қанның ағысынан
бөлініп, эндотелийі зақымдалған жерге жабысуына қолайлы жағдай туады.
Міне сондықтан да, тромбылар артерияларға қарағанда, аяқтың, әсіресе
балтырдың варикозды веналарында, жүрек пен қан тамырының аневризмасында
әлде қайда (5 еседей) жиі қалыптасады. Қан ағысы баяулауының тромб
түзілудегі маңызын тромбының жүрек қызметі әлсіреп, жүрек-қан тамыры
қызметі декомпенсациялы жағдайда жиі қалыптасатыны да растайды. Қанның
ағысы баяулағанда қалыптасқан тромб –
іркілулік тромб
деп аталады. Қан
тамыры тармақтарының сағасында қ
ан
ағысының
бағыты
өзгереді, сондықтан
тромб сол жерлерде жиірек қалыптасады. Бұл да қан ағысы бағыты өгеруінің
тромб түзілу үдерісіндегі рөлін дәлелдейді. Дегенмен, бұл үдеріс басқа
факторлармен сабақтаспаса, тромб түзілмейді.
Тромбының түзулуінде қатынасатын жалпы факторлардың қанның
арнасындағы сұйық күйін реттейтін ұю және ұюға қарсы жүйелердің
әрекеттестігіндегі өзгерістер басты рөл атқарады. Ұю жүйесі жандануының мәні
қандай болса, ұюға қарсы жүйе әлсіреуінің орны да тап сондай. Ұюға қарсы
жүйе әлсірегенде тромбозалдылық ахуал қалыптастады. Дегенмен, тромбоздың
негізі – ұю жүйесінің жандануы да, ұюға қарсы жүйенің әлсіреуі де емес, осы
екі жүйе әрекетестігіндегі өзгерістер.
Тромб түзілу үдерісінде
Достарыңызбен бөлісу: