Нуржігіт Алтынбеков
156
көбейіп, олардың шеткі аймағын негізінен плазмабластылар мен плазмалы
жасушалар (77-сурет) құрайды. Қызыл пульпада плазмабластылармен қоса,
макрофагтар да көп.
76-сурет. Антигенмен жандандырған лимфалық түйін тінінің гиперплазиясы мен плазмациттік
трансформациясы.
77-сурет. Антигенмен жандандырылған талақ фолликулдарының гиперплазиясы мен плазмациттік
трансформациясы.
Егер антигенмен демдегенде жасушалық жауап басым дамыса, лимфалық
түйіндер мен талақта, плазмабластылар мен плазмалы жасушалар емес,
негізінен сенсибилизациялы лимфоциттер көбейеді. Сөйтіп, талақтың Т-тәуелді
аймағы кеңиді.
Тап осындай жасушалық гиперплазия және макрофаг пен плазмалы жасушаға
айналу үдерістерін, бірқатар жағдайда миелоидтық метаплазияны да,
сүйек
кемігінен
,
бауырдың
қақпалық жолы мен синусоидынан,
өкпенің
альвеолалық
пердесінен және қан тамырлары мен бронхыларының айналасынан,
бүйрек,
ұйқы безі, ішек, бұлшықет аралығы, май тіні,
т.б. мүшелер интерстицийінен
көруге болады.
Шеткі лимфоидтық тіннің
тұқымқуалайтын жеткіліксіздігі
кезінде талақ,
әсіресе лимфалық түйіндер өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: