Нуржігіт Алтынбеков
153
Иммунпатологиялық үдерістер
Иммунпатологиялық
үдерістер
деп иммункомпетентті (иммунитетке
жауапты — лимфоидтық) тіндердің қызметі бұзылуынан дамитын үдерістерді
атайды. Иммунопатологиялық үдерістер иммунологиялық конфликт (шиеленіс)
пен иммунологиялық гомеостаздың бұзылуы салдарынан дамитын аурулар мен
үдерістерді зерттейтін медицина ғылымының бір тарауы –
иммунпатология
ілімінің
негізін құрайды. Иммунпатология деген ұғымның осындай ауқымды
мағынасынан басқа, нақты салалық мәні де бар. Соған сәйкес,
иммунпатологиялық үдерістерге
аутоиммундану
мен
аутоаллергия
, яғни
аутоагрессия
да жатады.
Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесін
иммунморфология
зерттейді;
ол
морфологиялық
және
иммунологиялық
тәсілдермен
қоса,
иммунгистохимиялық тәсілді де кең қолданады. Бұл тәсілмен иммундық жауаптың
тіндердегі компоненттерін (антиген, антидене, комплемент) анықтауға және ол
жауаптың
морфологиялық
бейнесіне
сәйкестігін
айқындауға
болады.
Иммунгистологиялық тәсілдің әртүрлі модификациясы антиденелермен немесе
радиоактивті затпен белгіленген антигендермен, электрон-микроскоптық маркерлармен
(ферритин, сынап, йод) және гистохимиялық реакциялармен бірге жиі қолданылады.
Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесі иммунгенездік
өзгерістерді (антигенмен жандандыру немесе иммунитет тапшылығы) және
сенсибилизациялы
организмдегі
жергілікті
иммунды
жауап,
яғни
гиперсезімталдық жауапты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: