Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Жалпы факторларға жас шамасы, қоректену  ерекшеліктері, зат алмасу мен қанжасам жүйелерінің ахуалы, ал  жергілікті



Pdf көрінісі
бет189/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жалпы
факторларға жас шамасы, қоректену 
ерекшеліктері, зат алмасу мен қанжасам жүйелерінің ахуалы, ал 
жергілікті
факторларға тіннің инервациялануы мен қан- және лимфаайналымының 
жағдайы, жасушалардың көбею белсенділігі, патологиялық үдерістің сипаты 
жатқызылады. 
Классификациясы. 
Регенерацияның физиологиялық, репарациялық және 
патологиялық деп аталатын үш түрі бар. 
Физиологиялық регенерация
өмір бойы жүріп жатады, оның даму барысында 
жасушалар және дәнекер тіннің талшықты құрылымдары мен негізгі заты 
үздіксіз жаңғырып отырады. Организмде физиологиялық регенерация 
жүрмейтін құрылым мүлде жоқ. Регенерацияның жасушалық нысаны басым 
болса, жасушалар үнемі жаңарады. Мысалы, тері мен кілегейлі қабаттың 
жамылғылық эпителийі, сыртқы секреция бездерінің секрет түзетін 
жасушалары, сірі және синовийлік қабықшаларды астарлайтын жасушалар
дәнекер тіннің жасушалары, эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер, 
т.с.с. толассыз жаңарады. Ал, регенерацияның жасушалық нысанын жоғалтқан 
жүрек пен ми сияқты мүшелер мен тіндердің жасушаішілік құрылымдары ғана 
жаңарады. Жасушалар мен жасушаішілік құрылымдардың жаңаруымен қоса
биохимиялық регенерация 
үздіксіз жүріп жатады, яғни дененің барлық 
компоненттерінің молекулалық құрамы да жаңарып отырады.
Репарациялық

яғни
 
қалпына келтіру
 
деп аталатын 
регенерация
жасушалар 
мен тіндерді патологиялық үдеріс зақымдағанда орын алады. Репарациялық 
және физиологиялық регенерациялардың даму механизмдері ортақ. Осы 
тұрғыдан, репарациялық регенерация дегеніміз – қарқынды физиологиялық 
регенерация. Дегенмен, репарациялық регенерация патологиялық үдерістің 
әсерінен дамиды, сондықтан оның морфологиялық құрылымының сапасында 
физиологиялық регенерациядағыдан айырмашылық бар. Репарациялық 
регенерация толық және шала түрде дамуы мүмкін. 
Толық регенерация
, немесе 
реституция
, – ақаулы жердің жойылған тінге 
ұқсас тінмен қалпына келуі. Ол көбінесе 
жасушалық регенерация басым
тіндерде орын алады. Мысалы, дәнекер тіндегі, сүйектегі, терідегі және 
кілегейлі қабықшадағы көлемі айтарлықтай үлкен ақаулардың өзін жойылған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет