Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет196/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   832
Байланысты:
струков патан

Шеміршектің регенерациясы
, сүйектегідей емес, көбіне шала болады. Оның 
ұсақ ақаулары ғана шеміршекүстілік камбийлік элементтердің, яғни 
хондробластылардың 
көбеюі 
арқылы 
бұрынғы 
қалпына 
келеді. 
Хондробластылар
шеміршектің негізгі затын түзіп барып, шеміршектің 
жетілген жасушаларына айналады. Шеміршектегі ауқымды ақауларды 
тыртықтық тін басады. 
Бұлшықет тіні
регенерациясының даму мүмкіндіктері мен нысандары 
бұлшықет тінінің түріне байланысты. Жасушалары митоз бен амитоз арқылы 
көбейе алатын 
бірыңғай салалы
бұлшықеттегі ұсақ ақаулар толық қалпына келе 
алады; ірі зақымдарын тыртық басады. Зақымды жерде қалған бірыңғай салалы 


Нуржігіт Алтынбеков 
173
бұлшықет талшықтары ұлғаяды. Бірыңғай салалы бұлшықеттің жаңа 
талшықтары дәнекер тін элементтерінен де туындауы мүмкін (метаплазия). Осы 
жолмен біріңғай салалы бұлшықет талшықтыры плевра білікпелерінде, 
беріштенген тромбыда, тамырлар жетілген кезде қалыптасады. 
Көлденең жолақты
бұлшықетте регенерация оның сарколеммасы сақталғанда 
ғана өрбиді. Сарколеммалық түтіктегі органеллалар қалпына келіп, нәтижесінде 
миобластылар
деп аталатын жасушалар пайда болады. Олар ұзарып, ішіндегі 
ядросы 
көбейіп, 
саркоплазмасындағы 
миофибриллалар 
толысып, 
сарколемманың түтікшелері көлденең жолақты бұлшықет талшықтарына 
айналады. Қаңқалық бұлшықет сарколемманың астындағы, яғни бұлшықет 
талшығының ішіндегі камбийлік 
жасуша-сателлиттер
арқылы да жаңғыра 
алады. Жарақаттанған кезде жасуша-сателлиттер бөлшектеніп, толысып, 
бұлшықет талшықтарының қалпына келуін қамтамасыз етеді. Зақымдалған 
бұлшықет үзілсе, үзік ұштарында іші көпядролы колба пішінді, 
бұлшықет 
бүршігі
деп аталатын өскін пайда болады; бірақ талшықтар үзігі қалпына 
келмейді. Үзілген жерлерді грануляциялық тін жайлап, кейін тыртық басады 
(
бұлшықеттік
сүйел
). 
Адам жүрегінің
бұлшықеті жаңғырған кезде ақауды, 
көлденең жолақты бұлшықеттегідей, тыртық жайлайды. Дегенмен, зақымсыз 
бұлшықеттің талшықтық ультрақұрылымдары қарқынды көбейіп, ұлғайып, 
мүшенің қызметі қалпына келеді (81-суретті қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет