Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Сүйектің алғашқы жалғасуы



Pdf көрінісі
бет195/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   832
Байланысты:
струков патан

84-сурет. Сүйектің алғашқы жалғасуы. 
Жалғаса бастаған сүйек сынықтары арасындағы сүйектік сүйел 
көрсетілген
 
(Г.И. Лаврищевадан).
 
Остеогендік талшықты ретикулалық тінде шала ізбестенген сүйек тізбектері 
пайда болып, олар біртіндеп көбейіп, 
алғашқы сүйектік сүйел
қалыптасады. 
Кейін ол жетіліп, сүйек табақшаларына айналады. Нәтижесінде, қалыпты сүйек 
тінінен айырмашылығы сүйек табақшалары ретсіз жайғасқан 
ақырғы сүйек 
сүйелі
пайда болады. Сүйек өз қызметін атқара бастап, статикалық күш түсе 
келе, остеобластылар мен остеокластылардың қатынасумен жаңа түзілген сүйек 
құрылымын өзгертіп, онда сүйек кемігі, қан арнасы мен жүйкелік сабақтар 
қалпына келеді. Сүйектің жаңғыру барысында жергілікті жағдай қолайсыз 
болса, сүйектің сынықтары орнынан тайса немесе диафиздің сынықтары тым 
ауқымды болса, 
сүйек екіншілік
жолмен 
(85-сурет) бітеледі. Ондайда, сүйек 
сынықтарының арасын алдымен шеміршек жайлап, кейін ол сүйек тініне 
ауысады. Сүйек сынықтары екіншілік жолмен жалғасқанда түзілген 
алғашқы 
сүйек-шеміршекті сүйелден
, ақырында жетілген сүйек түзіледі. Сүйектің 
екіншілік жолмен жалғасуы, біріншілікке қарағанда, жиі байқалып, 
айтарлықтай ұзаққа созылады. 
85-сурет. Сүйектің екіншілік жалғасуы 
(Г.И. Лаврищевадан)
:
а —периостыдағы сүйек-шеміршекті сүйел; 
шеміршек арасындағы сүйек тіні (микробейнесі); б — периостыдағы сүйек-шеміршекті сүйел (операциядан 2 
айдан кейінгі гистотопограмма): 1 — сүйекті бөлігі; 2 — шеміршекті бөлігі; 3 — сүйектің сынықтары; в — 
сүйек сынықтарын жалғастырған периостылық сүйел.
 
Қолайсыз жағдайда
сүйек тіні регенерациясының даму барысы дұрыс 
болмайды. Жарақатқа инфекция түссе, регенерация тежеледі. Қалыпты 
жағдайда жаңа түзілетін сүйек тініне негіз болатын сүйек сынықтары іріңдеп, 
қабыну үдерісін үдетіп, регенерацияны бәсеңдетеді. Кейде шеміршек-сүйектік 
сүйелден сүйек тіні түзілмейді. Ондайда, сынықтың ұштары дұрыс жалғаспай, 
жалған буын
қалыптасады. Регенерацияның барысында сүйектік тін тым артық 
түзіліп сүйектік шор, яғни 
экзостоз
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет