Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет23/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   832
Байланысты:
струков патан

 
Ядро санының өзгерістері.
Ол көпядролы болып та, «ядролық серік» 
қалыптасып та немесе ядро жойылып та өзгереді. 
Көпядролы
жасуша кейде 
жасушалар қосылғанда пайда болады. Мысалы, эпителиоидтық жасушалар (72-
суретті қара) қосылып бөгде денелік көпядролы жасуша немесе 
Пирогов

Лангханс жасушасы түзіледі. Кейде сәулелік әсерден, цитостатиктерді 
қолданғанда немесе қатерлі ісіктер өскенде митоз бұзылып, ядро бөлінгенмен, 
цитоплазма бөлінбей, көпядролы жасуша түзіледі.
«Ядролық серік», яғни кариомерлер (ұсақ ядролар)
деп цитоплазмадағы 
қалыпты ядроның қасында орналасқан құрылысы мен қабықшасы ядродағыдай 
ядро тәрізді құрылым аталады. Ол хромосома мутацияға ұшырағанда пайда 
болуы мүмкін. Мысалы, кариомерлер патологиялық митозға тән нышандары 
көп қатерлі ісіктерден ұшырасады. 
Ядро жойылуының
әрекеттік мәні әлі онша айқын емес; эритроцит пен 
тромбоцит сияқты ядросы жоқ жасушалық құрылымдардың тіршілікке 
қабілеттілігі белгілі. Кейбір патологиялық жағдайда жасушадан бөлінген 
цитоплазма да өміршең болады. Дегенмен, ядро жоқ болса, ол жойылып, 
кариопикноз

кариорексис
(4-сурет) немесе 
кариолизис
орын алады («
Некрозды
» 
қара).


Нуржігіт Алтынбеков 
30
 4-сурет. Бөлшектенген пикнозды ядро (кариорексис).
Ядрошықтың құрылысы мен көлемі 
Жасушаның құрылым-әрекеттік ахуалын бағамдау үшін ядрошықта орын 
алған өзгерістердің едәуір маңызы бар

өйткені ядрошықтың рибосомалық РНҚ-
ның (
р
-РНҚ) транскрипциясы мен трасформациясының барысы ядрошықпен 
байланысты. Ядрошықтың көлемі мен құрылысы көбіне белоктардың жасушада 
түзілу мөлшеріне сәйкес

оны биохимиялық тәсілдермен анықтауға болады. 
Ядрошықтың көлемі жасушаның әрекеті мен типіне де байланысты.
Әрекет белсенділігі артқан ядрошық 
ұлғаяды
және 
көбейеді 
(5-сурет). 
Ядрошықта жаңа түзілген рибосомалық РНҚ цитоплазмаға ядроның ішкі 
мембранасындағы шұрықтар арқылы жеткізілетін сияқты. Ондайда белок 
синтезінің үдей түскендігінің бір дәлелі 

эндоплазмалық тордың рибосомалары 
көбейеді.
Фибриллалық субстанциядан түйіршіктер басым 
гипергранулалы ядрошық 
жасушаның да, ядрошықтың да әртүрлі әрекеттік ахуалының бейнесі болуы 
мүмкін. Лакуналы жүйесі айшықты өте базофильді цитоплазмадағы ядрошық 
р-
РНҚ көп түзілуіне немесе трансмиссияға тән. Бұндай «гиперфункциялы 
ядрошық» жас плазмациттерден, белсенді фибробластылардан, гепатоциттер 
мен ісік жасушаларының біразынан ұшырасады. Базофильділігі нашар 
цитоплазмадағы тап сондай гипергранулалы ядрошық 
р-
РНҚ-ның түзілу 
барысында трансмиссияның, яғни гранулалардың дұрыс тасымалданбауының 
да бейнесі бола алады. Кейде олар ядросы өте ірі, ал цитоплазмасының 
базофильділігі өте нашар ісік жасушаларынан да байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет