Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет26/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   832
Байланысты:
струков патан

Митоздық патология 
Жасушаның тіршілігінде митоздың орны ерекше. Жаңа жасуша митоз арқылы 
түзілсе (репродукция), ол арқылы тұқымқуалайтын қасиеттер де жалғасады. 
Митозға дайындық мынадай үдерістер ретінен құрылады: жаңа ДНҚ-ның 


Нуржігіт Алтынбеков 
32
түзілуі, жасуша массасының екі еселенуі, хромосома мен митоздық аппараттың 
құрамдас бөліктерінің түзілуі, жасуша орталығының екі еселенуі, 
цитотомиялық энергияның қордалануы. Митоздық бөліну үдерісі профаза, 
метафаза, анафаза және телофаза деп аталатын 4 фазадан өтеді. 
Митоздық патология бұл фазалардың қайсысына болса да қатысы болуы 
мүмкін. 
Митоздық патологияның классификациясын
жасағанда осыны 
ескере отырып [Алов И.А., 1972], оны мынадай типтерге жіктеген:
I.
Хромосоманың зақымдалуы:1) жасушаның профазада қалуы; 2) 
хромосоманың спираль түзуі (спирализация) мен спиралінің қайта жазылуының 
(деспирализация) өзгеруі; 3) хромосоманың бөлшектенуі (фрагментация); 4) 
анафазада хромосомалар арасында жалғам түзілуі; 5) өркен (сестринские) 
хроматидтердің ерте ажырауы; 6) кинетохордың зақымдалуы. 
II.
Митоздық аппараттың зақымдалуы: 1) метафазада митоз дамуының 
тежелуі; 2) метафазада хромосомалардың шашырай жайғасуы; 3) үштопты 
метафаза; 4) қуыс метафаза; 5) көпполюсті митоз; 6) асимметриялы митоз; 7) 
моноцентрлі митоз; 8) К-митоз. 
III.
Цитотомияның бұзылуы: 1) зақымдалған цитотомия; 2) цитотомияның 
зақымдалуы; 3) цитотомияның қалыптаспауы. 
Митоздық патология ультракүлгін немесе иондаушы сәуленің, жоғары 
температураның, канцерогендер мен митоздық улар сияқты химиялық 
заттардың және басқа да себептердің әсерінен дамуы мүмкін. Қатерлі ісікке 
айналған (малигнизация) тінде патологиялық митоз тым көп болады (8-сурет). 
8-сурет. Митоздық патология. Ісіктік тіннің жұқаншақ кесіндісі.
1000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет